Білімдегі жаңалықтар №1 (53), 2016 Республикалық ақпаратты-әдістемелік журнал



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,35 Mb.
#6379
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

69

№ 1 (53) - 2016

   и

скусство

 

воспитания

1000  әні»  еңбектерін,  Ерзаковичтың, 

Брусиловскийдің шығармашылығын айтсақ 

та  жеткілікті.  Қазақтың    этномәдениеті 

құндылықтарының  бір  саласы  -  халықтың 

кәсіби және тұрмыстық фольклоры. 

Халқымыздың 

тарихи-шаруашылық, 

тұрмыс-тіршілік  болмысына  байланыс-ты 

аңшылығы,  саятшылығы,  ағаш,  тері,  жүн 

өңдеуге қатысты қолөнері, зергерлік өнері, 

басқа  да  сан-алуан  өнерлері  бар.  Әсіресе, 

халық  данышпандығының  бар  асы-

лын  бойына  жинаған  сәндік-қолданбалы 

өнері  –  халқымыздың  қоршаған  өмір 

шындығын 

музыкалық, 

поэтикалық 

және 

басқа 


эстетикалық 

дәстүрлер 

аясындағы  эмоциялық  сезімдері  мен 

эстетикалық  талғамдарын  қалыптастырған 

этномәдениетінің қайнар көзі. Бұл саладағы 

байырғы және қазіргі қолөнер бұйымдары, 

халқымыздың 

көркем-шығармашылық 

дәстүрлері 

мен 


рухани-материалдық 

мәдениетінің құндылықтарын сақтауға, иге-

ре отырып байыта түсуге жетелейді.

Халқымыздың  кәсіби  және  тұрмыстық 

фольклорын  жан-жақты  зерттеген:  Ә. 

Марғұлан,  К.  Ақышев,  Х.  Арғынбаев,  Т. 

Басенов,  Б.  Байжігітов,  Ө.  Жәнібеков,  С. 

Қасиманов,  Э.  Масанов,  т.б.  еңбектерінде, 

ұлттық 

қолөнер 


түрлерінің 

дамуы, 


философиялық,  тарихи,  этнографиялық, 

мәдениеттанымдық  аспектілері,  рухани-

материалдық  құндылық  ретіндегі  әлемдік 

мәдениет  аясындағы  алатын  орны  және 

тәлімдік  маңызы  бағаланған.  Міне,  сол 

құндылықтарды  туған  жерімізде  өмір  сүре 

отырып игеруге, кезіндегі кеңестік ұлт сая-

саты  кедергі  жасап  келді.  «Тұтас  кеңестік 

бір  ұлттық»  саясат  пен  оның  негізгі  тірегі 

кеңес  үкіметінің  тоқырауы,  біртіндеп  кел-

меске  кетуі,  қазақ  жастарының  азаматтық 

санасына ықпал еткен, олардың ұлттық на-

мысын  көтерген  -  1986  жылғы  Желтоқсан 

көтерілісінен  басталды.  Міне  бұл,  қоғам 

азаматының  патриоттық  сана-сезімінің 

оянғаны. Бүгінгі еліміздің егемендігі, оның 

саяси-әлеуметтік,  экономикалық,  рухани-

мәдениет саласында, әлемдік іргелі елдердің 

қатарынан  орын  алуы,  сол  азаматтық 

сананың жемісі. 

Ата  Заңымыздың  мазмұнындағы  мем-

лекет  ретіндегі  белгіленген  басты  идеал 

«Еркіндік, теңдік, татулық» - халқымыздың 

ғасырлар  бойы  аңсаған,  ерлікпен  қол 

жеткізген  және  қорғаған  асылы.  Бұл  үш 

түсініктің  аясында,  мемлекетіміздің  бас-

ты  мұраты,  Қазақстан  Республикасы 

этномәдени білім беру тұжырымдамасының 

мазмұнында: «Бізге қажетті - жаны да, қаны 

да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы 

мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге 

сіңірген,  егеменді  елінің  еңсесін  көтеруді 

азаматтық  парызым  деп  ұғатын  ұрпақ 

тәрбиелеу»  -  деп  көрсеткендей,  еліміздің 

елдігі мен бірлігін сақтайтын, Отаны, халқы 

алдындағы  парызын  жауапкершілікпен 

өтейтін, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу міндеті 

тұр. [3].

Ел  Президентiнiң  сөйлеген  сөзінде: 

«...Барлық  дүние  мектептен  бастала-

ды.  Сондықтан  әлемдік  стандартқа  сай 

жалпы  орта  білім  беретін  жүйеге  көшіп, 

педагогтардың  кәсіби  деңгейі  мен  жаңа 

оқулықтар  мен  біліми  технологиялардың 

сапасын  арттыруымыз  қажет»,  –  деп,  атай 

келе «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: 

«Бiздiң  жас  мемлекетiмiз  өсiп-жетiлiп 

кемелденедi.  Бiздiң  балаларымыз  бен 

немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар 

өз  заманының  жауапты  да  жiгерлi,  бiлiм 

өресi  биiк,  денсаулығы  мықты  өкiлдерi 

болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн 

сақтай  отырып,  қазiргi  заманғы  нарықтық 

экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр 

болады»,–делінген.

Қоғамның  белгілі  қайраткері,  ақын  М. 

Шахановтың:  «Халықта  ең  бірінші  ұлттық 

рух  болуы  керек»,  –  дегенін  әр  кез  есте 

сақтап,  еліміздің  жарқын  болашағы  үшін 

атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар 

қауымы,  оқушыларға  салт-дәстүрлерді 

жай  ғана  үйретіп  қана  қоймай,  олардың 

тәрбиелік  түп-тамырын,  мәнін,  алтын 

діңгегін  түсіндіре  білуіміз  керек.  Ұлттық 

тәлім-тәрбиенің  іргетасын  дұрыс  қалай 

білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып 

жүргізген шараларына байланысты болмақ. 

Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – 

отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, 


70

Білімдегі жаңалықтар

Ө

негелі

 

тәрБие

ата-ана  мен  мектеп,  яғни  мұғалімдер  мен 

жұртшылық тығыз байланыста болуы шарт-

ты  нәрсе  екені  баршамызға  аян.  Қазақтың 

айтулы  қоғам  қайраткері  Мұстафа  Шоқай 

былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай 

рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың 

қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы аза-

мат шықпайды».  Яғни елдің  туын көтеріп, 

тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл 

бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық 

игіліктерді,  халқымыздың  ғасырлар  бойы 

армандаған  мәдени-рухани  мұрағаттары 

мен  ұлттық  тәлім-тәрбие  саласындағы, 

білім   жүйесіндегі    ізденістерін  көрсету – 

басты міндетіміз [5].

Қорыта  келгенде,  Елбасының  «Нұрлы 

жол  -  болашаққа  бастар  жол»  атты  жол-

дауында  «Жаңа  экономикалық  Саясаты  – 

әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару 

жолындағы  біздің  ауқымды  қадамымыз», 

-  деп  бір  тоқталып  өтсе,  келесі  тұсында 

«Мәңгілік  Ел  идеясының  бастауы  тым 

тереңде  жатыр.  Осыдан  13  ғасыр  бұрын 

Тоныкөк  абыз  «Түркі  жұртының  мұраты 

–  Мәңгілік  Ел»  деп  өсиет  қалдырған. 

Бұдан  біздің  жалпыұлттық  идеямыз 

мемлекетіміздің  тамыры  сияқты  көне  та-

рихтан бастау алатынын көрсетеді. 

Жалпыұлттық  идеяны  өміршең  ететін 

-  Елдің  бірлігі.  Ауызбіршілік  қашқан, 

алауыздық  тасқан  жерде  ешқашанда 

жалпыұлттық  идеялар  жүзеге  асқан 

емес.  Қазақстанның  шыққан  шыңымен 

бағындырған 

биіктерінің 

ең 

басты 


алғышарты  –  бірлік  берекесі.  Бұл  біздің 

кейінгі  ұрпаққа  аманат  етер  ең  басты 

байлығымыз бен құндылығымыздың бірі. 

Осы  жалпыұлттық  құндылықты  біз 

әрбір  жастың  бойына  бабалар  қалдырған 

ұлттық мұра арқылы сіңіре білуге тиіспіз.



Әдебиеттер:

1. Билер сөзі. - Алматы: Қазақстан, 1996 ж. - 237 б. 

2. М. Х. Дулати. Тарих-и-Рашиди. - Алматы.1999 ж. 

3. С. Ш. Әбенбаева, А. М. Құдиярова, Ж. Ә .Әбиев. Педагогика. 2003 ж. 

4. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. - Алматы. 2001ж. 3 том. 398 б. 

5. С. Е. Нұрмұратов, А. Сағиқызы. Ұлттық рух мәселесі хақында // Халықаралық конфе-

ренция материалдары. - Алматы 2006ж. 176 б.

6. Қ. Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайын-

дау». - Алматы, 2004 ж.

АРНАЙЫ АСПАПТАР СЫНЫБЫНДА ОҚИТЫН 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 

ДАМЫТУ

Шайхина А. С.,

№1 Өнер мектебінің домбыра сыныбының 

оқытушысы, Астана қаласы

Елімізде  музыка  өнері  кең  дамып, 

халық  аспаптарының  орындаушылық 

мүмкіндіктері  артуда.  Бұл  істе  рес-

публикамыздың  музыка  мектептерінде 

арнайы  өтілетін  халық  аспаптар  сынып-

тарының маңызы зор. 

Белгілі  бір  аспапта  мұғалімнің  бақы-

лауымен  жүргізілетін  сабақ  жүйесі  - 

оқу-тәрбие  жұмысының  негізгі  көзі  бо-

лып  саналады.  Оқушыларға  музыкалық 

білім  беруде  және    олардың  өмірге 

көзқарастарын 

қалыптастыру 

ісінде 

жетекші  пән  мұғалімі  ғана  емес,  бүкіл 



ұстаздар  ұжымының  да  атқарар  жұмысы 

айрықша.  Музыкалық  білімге  баулып 

оқыту  жүйесі  балаларға  тәрбие  берумен 


71

№ 1 (53) - 2016

и

скусство

 

воспитания

ұштастыра жүргізілетін, бір-бірімен  ажы-

рамайтын   үлкен    мақсатты іс.

Арнайы 


аспаптар 

сыныбында 

мұғалімнің басты мақсаты домбыра тарту 

шеберлігін  дұрыс  меңгеруге,  оқушының 

өнерге  деген  ынта-ықыласын  өсіріп, 

эстетикалық  талғамын  арттыруға,  музы-

каны  дұрыс  тыңдап,  терең  түсіне  білуге 

тәрбиелеу  болып  табылады.  Сол  себепті 

оқытып,  үйрету  сабақтары  домбыра 

репертуарының  озық  үлгілері  негізінде, 

біртіндеп  бір    жүйемен      жүргізілгені 

орынды.


Қолдарының  буыны  қатып  кетіп, 

домбыра  ойнауға  бейімделе  алмай 

жүрген  оқушылар  оқыту  тәжірибесінде 

жиі  кездеседі.  Қол  саусақтарының 

икемділік  сапасы  оқушының  табиғи 

қабілетіне  байланысты  деген  ұғым  екі 

ұшты  пікір.  Өйткені,  тәжірибеде  талант-

ты  оқушылардың  қолдарының  дұрыс 

қойылмай  қатып  қалуы,  ал  қабілеті  ор-

таша  оқушылардың  қолдарының  дұрыс 

қойылуы жиі кездеседі. 

Әрбір  оқушының  музыкалық  қабіле-

тіне  қарамастан,  оның  қолдарын  дұрыс 

қойып,  саусақтарының  табиғи,  еркін 

қимылмен  ойнауына  дағдыландыруға 

әбден  болады.  Тек  мұның  бәрі  алғашқы 

сабақтан басталуға тиіс.

Домбыра  тартудан  бұрын  оқушының 

аспапты  ыңғайлы  ұстап,  дұрыс  отырып 

үйренуінің  мәні  өте  зор.  Оқытушы  мұны 

жетік қадағалап, әркез назар аударып оты-

руы тиіс. Домбырашының жалпы музыка 

танымы аспапты игеру тәсілдерімен тығыз 

байланыста қатар дамып отыруы керек. 

Мұғалім  сабақ  кезінде  өзінің  на-

зарын 


домбыра 

тартудағы 

негізгі 

элементтердің  бірі  -  аппликатураға  (сол 

қол  саусақтарының  орналасуына)  ауда-

румен  қатар,  қағыстарға  баса  ден  қояды. 

Әрине, аппликатура оқушының дене бол-

мысына,  саусақтарының  салалығына  қа-

рай  орынды  әрі  ыңғайлы  болуы  қажет. 

Аспапты дұрыс та еркін ұстап отыру қол 

мен саусақтардың дұрыс орналасып, аспап 

мойнында  еркін  жүрудің  орындаушылық 

тәжірибеде үлкен маңызы бар. 

Алғашқы  сабақ  процесінде  мұғалім 

оқушымен  бірнеше  маңызды  мәселе 

шешеді: 


а) оң мен сол қолдардың дұрыс орна-

ласуын қалыптастыру;

ә) есту қабілетін жетілдіру;

б) нота сауатына үйрету.

Бастапқы кезде бұлардың әрқайсысына 

5  минуттай  уақыт  бөліп,  сабақ  20-25  ми-

нуттан артық созылмауы керек.

Оқытудың  алғашқы  сатысында  басты 

назарды сынып жұмысына аударған абзал. 

Осы  тұста  оқушының  өз  бетінше  аспап-

та  ойнамағаны  жөн,  себебі  мұғалімнің 

қадағалауынсыз ол аспапты қате меңгеруі 

мүмкін.

Мұғалім  оқушы  қолдарының  қимылы 



еркін  болуына,  ойнау  техникасының 

өсуіне  және  екі  қолдың  қимылдарының 

бір-бірімен өзара келісімділігіне мән беруі 

тиіс.  Бастапқы  кезде  домбыра  алмаған 

оқушыға  кейін  бұл  кемшіліктерді  түзету 

қиынға соғады.

Оқу жұмысын дұрыс жоспарлау, терең 

талғампаздықпен  таңдап  алынған  оқулық 

материалдары  сабақ  процесін  жүйелі 

түрде ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. 

Мұғалім  өз  сыныбындағы  әр  оқушыға 

арнаған жеке оқу жоспарын бірінші және 

екінші  жарты  жылдықтың    басында  жас-

ап  қоюға  міндетті.  Шәкірт  үшін  жеке 

оқу  жоспарын  жасарда  әр  оқушының 

өзіндік  мүмкіншілігі  мен  ерекшелігін, 

орындаушылық  шеберлігін,  музыкалық 

ой-өрісін,  жалпы үлгерімін ескерген жөн.



Әдістемелік  нұсқаулар.  Сабақтың 

алғашқы 


сатысында 

мұғалімнің 

оқушыға  түсінікті  түрде  қазақтың  халық 

аспаптарының,  оның  ішінде  домбыраның 

шығу  тарихын  айтып  қана  қоймай,  со-

нымен  қатар  күйлер  мен  фортепиано 

сүйемелдеуіндегі пьесаларды және халық 

аспаптар  оркестрлерінің  орындауындағы 



72

Білімдегі жаңалықтар

Ө

негелі

 

тәрБие

үнтаспаларды тыңдатқаны абзал.

Бастапқы  кезде  оқушыға  әр  шығар-

маны  ойнап  көрсетудің  ерекше  маңызы 

бар. Бұл жағдайда белгілі бір шығарманы 

мұғалімнің  өзі  немесе  жоғары  сынып 

оқушыларының орындап бергені пайдалы.

Отыру,  орналасу  қалпы.  Оқушының 

музыкалық  ой-өрісінің  дамуы,  орын-

даушылық  шеберлігінің  артуы,  көбінесе, 

оның  ізденуіне,  аспапты  дұрыс  ұстап, 

еркін меңгеруіне байланысты. Сондықтан 

мұғалім  осы  қағиданы  алғашқы  сабақтан 

бастап оқу жылының  аяғына  дейін  есте 

сақтаған жөн.

Оқушының 

орындыққа 

дұрыс 

та  ыңғайлы  қалыпта  орналасуы  - 



орындаушының  музыкалық  аспапты  өз 

ыңғайына дайындау кезеңі болып санала-

ды. Ойнау барысында оқушы іштей дайын, 

сырттай жинақы, аспаппен бірге біртұтас 

болып көрінуге тиіс. 

Мұғалім  оқушының  сабақ  үстінде 

дұрыс әрі ыңғайлы отырып ойнауын және 

де тез шаршап қалмауын үнемі қадағалап 

отырады.  Оқушыны  орындықтың  жар-

тысына  ғана,  шалқаймай  түзу  отыруға, 

сол  сияқты,  денені  тік  ұстап,  оң  аяқты 

сол  тізенің  үстіне  салып  отыруға 

дағдыландырады. Дұрыс отырып, ыңғайлы 

орналасу оқушының бой ерекшелегіне де 

байланысты.  Егер  оның  бойы  тым  аласа 

болса, онда ол кішкене көлемді домбырада 

ойнағаны  дұрыс.  Орындыққа  отырғанда, 

оның  сол  аяғының  астына  кішкентай 

орындықша  қойылады.  Ұстаз  оның  екі 

иығының  қисаймай,  бір  деңгейде  тұруын 

талап етуі қажет.

Аспаптың  орналасуы.  Оқушы  аспап-

ты қолына алғанда, домбыраның басын өз 

иығының  деңгей  шамасында  ұстай  білуі 

шарт. Аспап орнықты болып, домбыраның 

мойны  (басы)  төмен  түсіп  кетпес  үшін, 

оның  астыңғы  шанағын  оң  аяқ  саны-

на  тіреп,  үстіңгі  жағынан  оң  қолтықпен 

төмен басып отыру керек. Оң қолдың ішкі 

жақ  шынтағы  тиектен  сәл  жоғары  жерде 

тұрғаны жақсы. 



Сол  қолдың  ұстануы.  Сол  қолды 

орналастырғанда 

иықты 

көтермей, 



шынтақты  денеден  алыстатпай  және  де-

неге  тигізбей  бос,  еркін  бүгіп  отырады. 

Сол  қолдың  алақанын  домбыраның  мой-

нына тигізбеу керек. Егер қолдың алақаны 

аспаптың  мойнына  тиіп  тұрса,  онда 

саусақтар еркін қозғала алмай, пернелерді 

қисық  басып,  оқушы  саусақтарының  тез 

шаршап қалуына әкеліп соқтырады. Дом-

бырада  сол  қол  саусақтарының  барлығы 

да ойнау процесіне қатыстырылады.

Кесте бойынша саусақтар бірінші по-

зицияда былай орналасады: бірінші саусақ 

-  2  пернеде,  екінші  саусақ  -  3  пернеде, 

үшінші саусақ - 4 пернеде, төртінші саусақ 

-  5  пернеде,  ал  бармақ  екінші  саусаққа 

қарама-қарсы тұруы керек. Саусақтар еркін 

бүгілген күйі бытырамай, жинақы орнала-

сып, пернелерді дөп басып қалыптасады.

Сабақ  үстінде  мұғалім  шәкірттің  сол 

саусақтарының домбыра мойнының асты-

на  жібермеуін  үнемі  қадағалап  отыру  ке-

рек. 


Сонымен  қатар  жаңа    шығармалар-

ды үйрену кезінде оқушының саусақтары 

дұрыс  та  ыңғайлы  орналасуын  естен 

шығармауға тиіс.



Оң  қолдың  ұстануы.  Оқушының 

орындаушылық  өнерін  өсіріп,  шеберлігін 

арттырудағы ең негізгі шарттың бірі - оң 

қолдың қағыс техникасын меңгеру болып 

табылады.

Оң қолдың шынтағы шамамен тиектен 

жоғары жерде орналасады. Бірақ, шынтақ 

тым жоғары көтерілмесін. Осыдан соң ба-

рып  оң  қолдың  басын  бүгу  керек.  Бірақ, 

оны да тым қатты бүгуге болмайды, себебі 

қолдың  буыны  қатып  қалады.  Қолдың 

басы  төмен-жоғары  қозғалған  кезде, 

шынтақ  оның  қимылын  қайталамайды. 

Қос ішекті бірінші сұқ саусақпен төмен, ал 

бармақпен жоғары қағып ойнау керек. Оң 


73

№ 1 (53) - 2016

и

скусство

 

воспитания

қолдың  осы  екі  саусақтарының  еркін  әрі 

тез қимылдары домбырада күшті, жұмсақ 

әрі сазды дыбыс шығаруда негізгі қызмет 

атқарады.

Ойнау  тәсілдері.  Домбыра  аспабын-

да  ойнаудың  түрлі  тәсілдерін  (қағыстар 

мен  штрихтарды)  меңгеру  -  көркемдеп, 

мәнерлеп  ойнаудың  көзі  болып  табыла-

ды.  Домбыра  тартуда  дыбыс  шығарудың 

негізгі төрт түрлі тәсілдері бар.



1. Бармақпен ойнау тәсілі (пиццика-

то). 

Бұл  тәсіл  тек  төменгі  бағытта  ғана 

жалғыз немесе қос ішекте ойналады. Но-

таларда мынадай белгілермен белгіленеді: 

Б. Б

2. Қос ішекте қағып ойнау тәсілі.

Қос ішекте оң қолдың сұқ саусағымен 

(бірінші)  төмен,  ал  бармақпен  жоғары 

қағып  ойнайды.  Бұл  -  негізгі  тәсілдердің 

бірі.  Ол  көбіне  төкпе  күйлерде,  орта 

және  тез  екпінде  фортепианоның  сүйе-

мелдеуімен 

орындалатын 

шығарма-

ларда  қолданылады.  Нотада  мынадай 

белгілермен белгіленеді: П - төмен қағыс, 

Ү - жоғары қағыс.



3. Шертіп ойнау тәсілі.

Оң  қолдың  бірінші  сұқ  саусағымен 

жалғыз немесе қос ішекте ойналатын бұл 

тәсіл де негізгі тәсілдердің бірі болып са-

налады. Ол күйлерде (тек шертпе күйлерде 

ғана),  пьесаларда,  көбінесе,  вариациялық 

өрнегі  бар  орта  немесе  тез  екпінде  фор-

тепиано  сүйемелдеуімен  орындалатын 

шығармаларда қолданылады.

Шертпе  күйлердің  әр  тактілерінің 

екпінді үлесіне оң қолдың 4 - саусағынан 

(шынашақтан) бастап,  

бірінші  (сұқ) 

саусаққа дейін бірінен соң бірін тізбектеп

қос  ішекте  тек  төмен  ғана  шерту  ке-

рек.  Осындай  ойнау  тәсілі  Тәттімбеттің, 

Сүгірдің,  т.б.  халық  композиторларының 

күйлерінде қолданылады.



4. Тремоло тәсілі.

Тремоло  деп  оң  қолдың  тез,  біркелкі 

төмен-жоғары  қағыстарымен  қайталана 

беретін    (өшіп  қалмайтын)    дыбысты  ай-

тады.

Тек тремоло тәсілімен ғана домбырада 



екпіні жай, сазды (контиленді) музыкалық 

шығармаларды  орындауға  болады.  Бұл 

тәсілмен  жалғыз  ішекте,  сондай-ақ,  қос 

ішекте ойнауға болады.

Нота  жазуында  бұл  ойнау  тәсілі  нота 

сызығына  немесе  екі  нота  сызығының 

арасына екі көлденең сызық сызу арқылы 

белгіленеді.



Ырғақтық    суреттерді  меңгеру 

тәсілдері.  Ырғақтың  музыкада  алатын 

орны өте ерекше. Домбырадан сабақ беру 

барысында  ырғақты  түсіндіруге  өте  көп 

көңіл бөлінуі қажет.

Оқушыны  ырғаққа  тәрбиелеу  –  жал-

пы  шығарма  екпінін  сезінуді  жетілдіру, 

тактідегі  ұзақтықты  тез  қабылдауды 

қамтиды.  Оқушы  сабақ  кезінде  біртіндеп 

жаңа  ырғақтық  суреттерді  меңгере  беруі 

керек.  Мысалы,  бірінен  кейін  бірі  келіп 

отыратын  ширектік,  сегіздік,  оналтылық 

ноталарды,  затакт,  пунктирлі  ырғақ, 

синкопалық  ырғақ  т.с.с.  түсініп  ой-

нау  қажет.  Осымен  оқушы  өзінің  ырғақ 

жөніндегі түсінігін қалыптастырады. Оқу 

жоспарын  жасау  барысында  оқытушы 

бұл жұмысқа сабақтың көпшілік уақытын 

бөлуі керек. 

Бастапқы оқыту барысында оқушының 

дәлме-дәл  санап  ойнауын  қадағалап 

отырған  жөн.  Ырғақты  қалыптастыру 

кезеңінде  оқытушы  оқушының  қандай 

кезде  дұрыс  санамай  отырғанын  ескеріп, 

оны  тез  түзетуге  шара  қолдануы  керек. 

Оқушының  әсіресе  пауза  санамауы,  нота 

ұзақтығын  қысқартып  ойнауы,  дуоль, 

триоль т.с.с. динамикалық тәсілдерді пай-

даланбауы,  шығарманы  ойнау  кезінде 

жылдамдатып  немесе  жайлатып  қалуы, 

синкопада  немесе  шығарманың  қиындау 

жерлерінде  мүдіріп  қалуы,  шығарманың 

әрбір  фразаларын  аяқтауды  жылдамда-



Білімдегі жаңалықтар

Ө

негелі

 

тәрБие

74

тып  кетуі  –  міне  осылардың  барлығы 

оқушының ырғақты дұрыс меңгере алма-

уынан болады. Сондықтан ән-күйді алғаш 

талдағанда өте жай екпінде, бір қалыпты 

санатып үйреткен жөн.

Сондай-ақ,  оқушының  түрлі  орын-

даушылық  тәсілдерді  меңгеру  барысында 

сан түрлі ырғақпен жаттыққаны жөн. Мы-

салы, тремоло, пицикато т.с.с. штрихтары 

бар  шығармалар  екпіні  жағынан  да  жай, 

жылдам  немесе  орташа  болып  та  дамуы 

керек.  Қорыта  айтқанда,  домбырашының 

техникалық өсуі дегенді - әртүрлі штрих, 

ырғақ,  екпінді  еркін  меңгерген  шеберлік 

жиынтығы деп түсіну керек. 



Музыкалық  шығармамен  жұмыс

Музыкалық  шығарманы  талдау,  ком-

позитордың  ойын,  тілін  түсіндіру 

оқытушы  үшін  үлкен  міндет.  Оқытушы 

ең  алғаш  шығарманы  талдағанда  компо-

зитор жөнінде, не халық ән-күйлерін жеке 

аспаптарға  лайықтап  өңдегендер  жөнінде 

оқушыға түсіндіріп беріп, оны өзі аспапта 

ойнап  көрсетіп  берсе,  ол  үлкен  ұстаздық 

жетістік болып саналады.

Оқушысын  аспапты  дұрыс  мең-

герумен  қатар  өз  бетімен  дайындалуға 

үйретіп,  музыкалық  қабілетін  үнемі  арт-

тырып,  орындаушылық  өнерге  ынталан-

дыру оқытушы үшін нәтиженің көзі болып 

есептелінеді. Оқушыға өзіндік дайындалу 

кезінде  ең  алдымен  нота  текстін  дұрыс 

игеру  жүктелуі  керек.  Ол  үшін  оқушыға 

жәй  екпінде,  ырғақ  жағынан  дәл  ұстап, 

шығарманың  қиын  жерлерін  бөліп  алып 

дайындау  т.с.с.  тапсырмалар  жүктеледі. 

Міне осы тапсырмалар игерілген мезгілде 

ғана  шығармамен  жұмыс  істеу  бастала-

ды.  Бұл:  оқытушының  түсіндіруі,  ком-

позитор  жөніндегі  түсінік,  динамикалық 

теңеулер,  музыкалық  шығарманың  фор-

масы,  құрылысы,  тональдік  өзгерістері 

т.с.с.  көптеген  факторлардан  тұрады. 

Оқытушы  бұл  факторларды  музыкалық 

шығармаларда  талдау,  музыкалық  форма, 

гармония,  методика  т.б.  сабақтарға  үлкен 

көңіл бөлу арқылы оқушыға дұрыс жеткізе 

білуі  керек.  Музыкалық  шығарманы 

үйрету барысында бірден орындауға қиын 

тиетін  жерлерін  меңгеру  үшін  оқытушы 

тарапынан 

нақтылы 

әдіс-амалдар 

көрсетілгені  жөн.  Сондай-ақ,  шығарманы 

құрылымдық  фразалық  құрамына  сәйкес 

әуелі  жеке-жеке  дайындап,  сосын  ғана 

толық орындағаны өте тиімді. Тіпті кейбір 

қиын  тұстарына  арнайы  жаттығулар 

берілгені  дұрыс.  Міне,  осы  жұмыстар 

орындалғаннан 

кейін, 


шығарманың 

негізгі  желісін  түсініп,  шарықтау  шегі 

мен  көркемдік  мәнін  ашуға  кірісу  керек. 

Бұл  жерде  оқытушының  өзіндік  орындау 

шеберлігі іске асуға тиіс. Оқушыға шебер 

орындаушылардың  таспадағы  жазбасын 

тыңдатудың да мәні зор.

Әр  дәуірдегі,  әр  стильдегі  шығар-

маларды  үйретудің  оқушының  жан-

жақты  өсуіне  әсері  мол.  Бұл  тұрғыда 

оқушыға  шығармалар  таңдауға  мұқият 

қараған  жөн.  Оқушының  табиғи  дарыны, 

дайындық  және  білім  деңгейі  орындай-

тын  шығармаларына  сәйкес  келуі  керек. 

Оқушыны шығармамен өз бетінше жұмыс 

жасауға дағдыландыру, оқушының музыка 

аспабына  қызығып,  ойнауға  құмарлығын 

арттыру оқытушының басты міндеттерінің 

бірі.  Осы  қызығушылықты  жеке  сабақта 

да, оқушының үй жұмысында да ең негізгі 

әдіс  деп  қараған  жөн.  Міне,  сонда  ғана 

белгілі табысқа жетуге сенім мол. 



Оқушының үй жұмысы. Оқытушының 

басты  міндеттерінің  бірі  –  оқушының 

үйдегі дайындығын ұйымдастыру. Үйдегі 

дайындық күнбе-күн болуы шарт. Бір күн 

демалыс  жіберуге  болмайды.  Алғашқы 

кезде  күнбе-күнгі  дайындық  оқушы  үшін 

өте  қиын  тиеді.  Сондықтан,  оқушының 

 

    Балалық  шақтың  өзінде  адамның 

сүйіп 

тыңдайтын 

ән-күйлерінсіз 

тәрбие беру менің басыма қонбайтын 

нәрсе. 

           В. А. Сухомлинский


№ 1 (53) - 2016



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет