БІЛІМДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
№1 (53), 2016
Республикалық ақпаратты-әдістемелік журнал
2003 жылдан бастап шығарылады
Меншік иесі
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының филиалы Астана қаласы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты
Бас редакторы:
Л.А. Саинова, ПҚ БАИ директоры
Редакция алқасының мүшелері:
А.И. Чокушева, ПҚ БАИ
М.Ж. Асамбаев, ПҚ БАИ
Қ.Қ. Ахметова, ПҚ БАИ
Ә.Ә. Сайлыбаев, ПҚ БАИ
И.И. Ковтун, ПҚ БАИ
Г.Т. Дюсембаева, ПҚ БАИ
Б.Ғ. Ғалымжанов, ПҚ БАИ
Л.К. Боранбаева, ПҚ БАИ
М.Ж. Дюсебаева, ПҚ БАИ
Дайындаған редакторлар:
О.А. Бегалина
А.А. Евдошенко
Әрлендірген және қалыптаған:
Н.Ж. Исенов
Жазылым бойынша таратылады:
«Қазпошта» каталогы, индексі 75584
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігінде тіркелген. Лицен-
зия № 3463 - Ж, 2002 ж., 21 желтоқсан
Журнал зарегистрирован Министерством культуры,
информации и общественного согласия Республики
Казахстан Лицензия № 3463 - Ж от 21 декабря 2002 г.
Редакцияның мекен-жайы:
Астана қаласы, Орынбор көшесі 18
Телефон/факс: 8 (7172) 48-76-85
Жарияланған материалдар редакцияның пікірін
білдірмейді. Қолжазбалар және суреттер
рецензияланбайды және қайтарылмайды
Позиция редакции не обязательно совпадает
с мнением авторов. Рукописи и фотоснимки не
рецензируются и не возвращаются
Дана / Тираж:
500
МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ /
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПОЛИТИКА
Жұматаева Е, Зәуреш Махадил. Білім берудің стратегиялық
негізі.............................................................................................................2
Аубакирова Г. А. Формирование вторичной языковой личности как
результат полиязычного образования.....................................................8
Темкина О. М. Дополнительное обучение английскому языку: анализ
педагогического опыта............................................................................10
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР /
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ИННОВАЦИИ
Кертаева Г. М. Деонтологический аспект тьюторской
деятельности...........................................................................................14
Садыкова З. Ж. Источники и инструменты работы с
одаренными учащимися...........................................................................17
БІЛІМ БЕРУ: МОДЕЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ /
ОБРАЗОВАНИЕ: МОДЕЛИ И МЕТОДЫ
Мухамадиева С.Т. Өзгеріс не үшін керек?..............................................22
Туребекова Б.Т. Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың
қатысымдық құзыреттілігін арттыру..................................................25
Ковтун И. И. Что необходимо знать, обучая взрослых........................28
Руколеева Л. В. Обучение чтению с пониманием значения и смысла
текста на уроках русского языка и литературы.................................33
МЕКТЕПКЕ ҚАДАМ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕН ТӘРБИЕ
СТУПЕНЬКИ К ШКОЛЕ: ДОШКОЛЬНОЕ ОБУЧЕНИЕ И ВОСПИТАНИЕ
Алдабергенова Т. Қ. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен
тәрбиелеуде өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясын
пайдалану..................................................................................................39
Власова Н. В. Роль инновационных технологий в интеллектуальном
развитии дошкольников...........................................................................42
Кнопп Л. С. Формирование нравственных ценностей дошкольников
через самопознание..................................................................................46
Маляревич Т. Г. Развитие самопознания дошкольника через
театрализованную деятельность.........................................................49
Титоренко Н. Ю. Развитие самопознания дошкольников через
познание природы родного края..............................................................52
ӨЗЕКТІ АҚПАРАТ /
АКТУАЛЬНАЯ ИНФОРМАЦИЯ
Нұрбекова Р. Қазақ хандығының жалғасы - тұғыры биік тәуелсіз
Қазақстан..................................................................................................55
Клименко Н. А. Система профессионального образования
Австрии......................................................................................................59
ӨНЕГЕЛІ ТӘРБИЕ /
ИСКУССТВО ВОСПИТАНИЯ
Дуйсебаева М. Ж. Оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарға тәрбиелеуде технология, сызу және бейнелеу өнері
пәндерінің рөлі...........................................................................................63
Әлмағамбетов Қ. С. Ұлттық құндылықтар — мемлекетіміздің одан
әрі нығаюының сенімді іргетасы.............................................................66
Шайхина А. С. Арнайы аспаптар сыныбында оқитын оқушылардың
музыкалық қабілеттерін дамыту...........................................................70
Баимбетов М. М. Өнерлі бала - өрелі бала............................................77
Ембергенов Б. Театр ойындары – балалар шығармашылығын
дамыту құралы.........................................................................................79
Білімдегі жаңалықтар
2
Б
ілім
Берудегі
мемлекеттік
саясат
БІЛІМ БЕРУДІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Жұматаева Е,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінің Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика
және білімденудің инновациялық технологиялары
ғылыми-практикалық орталығының директоры
Зәуреш Махадил,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша
ПҚ БАИ инновациялық технологиялар және
ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді
оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, тренер
Адамзаттың өмір сүру дәстүрі үш
мыңыншы ғасырда түбірімен өзгеріске
түскені анық. Бүкіләлемдік кеңістікте
ғылыми техникалық және ақпараттық
революция
әлеуметтік-экономикалық
өркендеудің жаңа үлгілерін ұсынуға
мәжбүрлеп отыр. Осының салда-
рынан білім берудің стратегиясын
реинжинирингтік ғылыми тұрғыда іске
асыру көзделуде. Бұл мәселесінің өткірлігі
айтпаса да айқын екені белгілі. «Реинжи-
ниринг» ұғымы – информациялық жүйеде
туған нысан. Оқырмандардан педагогика
іліміне реинжинирингтің қандай қатысы
бар? – деген заңды сұрақ туады? Жауап:
«Тікелей қатысы бар» – демекпіз.
Педагогтардың корпоративтік жүйеге
көшуінің теориялық негізі жайлы тірек,
ол – аталған реинжиниринг «таза қағаз
бетінен бастауын» қажет етуі.
Барлық саланы ғылыммен қамту,
соның ішінде, педагогтардың кәсіби
құзыретінің негізі ретінде біздер әр
оқушының болашақта өзінің экономикалық
дүниетанымын заманауи талабына унифи-
кациялау дегенге саяды.
«Корпоратив» ұғымы – интернет –
коммерциялық аббревиатуралық (B2B
Business – to - Business) мекемелердің
электрондық бейнеге түсіретін белгі.
Құрылған белгілі бір мәмлемен өндірілген
өнімнің тұтас жүйесі дегенді аңғартады.
Олай болса, педагогтардың корпоративтік
оқытуы бүкіл ұжымның бір мәмлеге
келгендегі ғылыми-тезаурустық негіздегі
өнімінен қаражат табуды қарастыруы
көзделеді.
Реинжинирингтің
құрылымын
шешетін жүйе – үдерістілік тұрғыдағы
бағдар. Экономикадағы кіріс пен шығысты
реттеуші қызмет оны іске асыруға қатысты
басқару үдерісін стратегиялық қалыпқа
келтіру және оның ұйымдасу үдерісін ал-
дын-ала болжау болып табылады. Болжау
іс-әрекеті нақтылы экономикаға қатысты
нысанның өркендеу қарқынын жобалау
(проектілеу) және оның өтілімін алдын-
ала есептеу дегенді аңғартады. Бұл іс-
әрекетті ұтымды етіп жүзеге асыру үшін
төмендегілерді ескеру көзделеді:
1) интенсификация – үдерісті бірден-
бірге дамыту және оның жетістігінің
ұтымды тұстарын анықтау, үдерістің сапа-
лы деңгейді қамтамасыз етудегі қарқынын
жеделдету;
2) ауқымын кеңейту – нарыққа өнімді
жаңа сипатта ұсыну және оның қолданылу
аясының кең көлемді қамтитынын күні
бұрын зерттеу;
3) конверсия – басқа экономикалық
3
№ 1 (53) - 2016
г
осударственная
оБразовательная
политика
тұлғаларға ұтымды қызмет көрсету, оның
үдерісіндегі тиімділікті қолдану;
4) инновация – жаңа өнім мен қызмет
көрсетудің бұрынғыға ұқсамайтын мүлдем
басқаша ұтымды түрі;
5) диверсификация – жаңа өнім мен
жаңа қызметті көрсету үшін ең тиімді
үдерісті қолдану.
Реинжиниринг – басқаруға бағдар жа-
сайтын үдеріс, «дәл уақытында» әдісін іске
асыратын іс-әрекет, жалпы басқарудың
сапасын көтеретін қызмет. Реинжиниринг
– тұжырымдардың траснформацияланған
қалпын ұсыну. Әдіснамалық негізі мына-
дай құрамдардан тұрады:
1) үдерістерді талдау әдісі;
2) өндірісішілік мекеменің қызметін
рейтингі жүйесімен мониторингіге түсіріп
бағалау;
3) қабылдану деңгейін талдау.
Реинжиниринг дегеніміз - өте ауқымды
тұрғыда нысананың өзгеруі, ішкі сапаның
күрт жоғарыға көтерілуі. Бұрынғы таптау-
рын болған жүйеден реинжинирингтің
ерекшелігі – үзіліссіз сапаны артты-
ру тұжырымы еместігі, болашақ өнім
жасаушының мүмкіндігін ескеру, оның
нұсқасын есеппен жобалау. Тұлғаның
шаруашылық құрылымына ешбір нұқсан
келмейді, тек оның мақсаты мекемелер
мен өндірістер арасындағы байланыс-
тар қайтадан қарастырылады. Үдерістік
қатынастар сырттан міндеттелмей, олардың
ішкі құрылымдарының мүмкіндігінен ту-
ындайды. Міне, бұл қызметтің өзін эко-
номиканы ізгілендіру, әлеуметтендіру,
руханиландыру тұрғысында құрудың
әдіснамалық
негізі
деуге
болады.
Реинжинирингтік
тұрғыда
қызмет
көрсетудің басқадай ерекшелігі оның
әмбебаптығында. Бұл – шаруашылықтың
дағдарысқа ұшыраған тұсында көмекке ке-
лер теориялық-әдіснамалық негізі. Барлық
жаңалықтарды салыстыру, оны шектеу
секілді іс-әрекетке қарамай, реинжини-
ринг – отандық жағдайларда қолдануға
лайықты қызмет. Бірақ, талдау, бақылау,
бағалау, сараптау, саралау, сыннан өту
секілді реинжинирингтің құрамдық бөлік
іс-әрекеттерін ұтымды қолдану үшін
экономикалық негізді тек тәжірибеде
қолданбай білгеннен шаруашылықты
дағдарыстан алып қалу мүмкін еместігін
түсінгеніміз жөн. Өкінішке орай, бір
шығарып
берген
теориялық
негіз
реинжинирингтің әдіснамасы бола алмай-
ды. Оның басты себебі теориялық және
эмпирикалық зерттелімі жүйелі құрылым
нұсқасын іс-әрекет сапасына шығара ал-
майды. Сол шаруашылықтың ішкі си-
патын білмей, оған теориялық негіздің
әдіснамасын құрып беру мүмкін емес.
Әр мекемеде әртүрлі теориялық негіздің
әдіснамасы бар дегенді білдіреді. Бір
сөзбен айтсақ, реинжиниринг «айрықша
философиялық
тұрғыда
іс-әрекетті
ұйымдастыруды» меңзейді. Нәтижесінде
басқару өнеріне апелляция жасайды, оның
дұрыс ұйымдастырылмағанын дәлелдейтін
теориялық негізді айқындап береді. Ол
реинжинирингтің дұрыс құрылмауын
жобаның іске асырылып болғаннан кейін
ғана байқауға болады. Оның себебі –
теориялық негіздің дұрыс құрылмауы.
Реинжиниринг – ішкі құрылым
жүйесінен туған ақпарат. Инновациялық
жүйе 2 түрлі тұрғыдағы іс-әрекеттен туа-
ды. 1) жүйелі тұрғыда реинжиниринг; 2)
реинжинирингтік үдеріс. Жүйелі тұрғыда
реинжиниринг бүгінгі күнге дейін ин-
струмент ретінде қолданылып келді.
Бұның өзі ақпараттық жүйеге барлық
жүйелердің сапасын арттыру мақсатында
қолданылады. Жүйелі реинжинирингтің
қорлану үдерісі ақпараттық мінездеме
беруімен оқшауланады. «Орталықтану»
деген ұғымнан керісінше «жекешелену»
сипатқа бағдар жасайтын нысан – жүйелі
реинжиниринг. Жүйелі реинжинирингтің
теориялық негізін қабылдамау кез-келген
тұлғаның басқару іс-әрекетін дағдарысқа
ұрындырады. Мекемелерді басқару ісіне
жүйелі реинжиниринг пен үдерістік
реинжинирингті ұтымды қолдану тиімді.
4
Білімдегі жаңалықтар
Б
ілім
Берудегі
мемлекеттік
саясат
Жеке өнім бүкіл компанияның нәтижесі
болып есептеледі.
Жүйелі реинжиниринг кез-келген эко-
номика саласындағы қызмет атқаратын
тұлғаның «таза қағаз бетінен бастауын»
қажет етеді.
Кеңестік дәуірдегі жоспарлардың
ақиқатқа сәйкес келмеуінің бір себебі
аталған екі жүйені қолдана алмаулары
екенін енді түсіндік. «Ақ қағаз бетінен
бастау» дегеніміз түбірімен жаңа жүйе,
неше түрлі басқару тұрғысындағы әртүрлі
кіріккен жүйелерді трансформациялау
күрделі ұйымдастыру мен математикалық
нұсқалы есептеуді модельдеу ішкі
құрылымды анықтауға және оның басқа
ортамен қарым-қатынастағы жағдайларын
толықтай ескеруді іске асырады дегенді
аңғартады. Көбінесе модельдеуде үдерістік
тұрғыдағы инструмент – логикалық пай-
ымдау, тұжырым жасау.
Экономикалық
дәреженің
жоға-
ры
деңгейге
көтерілмеу
себебінің
бірі – адамдардың рухани-ізгілікті
ұстанымдарының дәрменсіздігі. Еңбекке
деген немқұрайлықтың өзі адамның ру-
хын көтерудің орнына керісінше ішкі
күйзеліске,
торығушылыққа
өз-өзін
кемсітушілігіне ұрындырып, 6 түрлі күй
кешуіне мәжбүр етеді:
1) дағдарыс пен күйзеліске ұрынған
адамның еңбегінде берекесі болмай, ісі
алға жылжымайды, оның себеп-салда-
рын іздемейді. Бірақ әлі жүйке жүйесі
шыдамдық көрсетер деңгейде болып
келеді;
2) кез-келген нәрсеге, іс-әрекетке
қызғанып, жалған намысқа ұрынатын
адам;
3) іштей үміт ету деңгейіндегі
күйзеліске ұрынған адам өзінің еңбегіндегі
келеңсіз істі бастықтан көруге бағдар
жасайды. Еңбегінің өнімі бар екенін
дәлелдеуге ынталанады. Бірақ келтірген
дәйектемесі ешбір қағида негізінде
дәлелденбейді;
4) өзіне-өзі күйінішпен қарайтын
адам әлі де болсын үмітін үзбеген. Өзінің
көлеңкелі мінез-құлқымен бастықтың
көңілін аударады,
5) ынтымақтаса қауымдық жұмыстан
бас тартатын адамның қызметтегі өзінің
міндетін шеше алмауы айқын көрініп
тұрады. Оның іс-әрекеті тек жұмысына
қызығушылығын және өзін-өзі сыйлауын
сақтап қалу;
6) қорытынды кезеңі – бұл сәтте адам ол
жұмыстан өз еркімен кетіп, басқа жұмысқа
ауысады. Мұндай адам экономикалық
сауатсыздығына қарамай, барлық ұжымды
бастыққа қарсы қоюға, немесе жалпы
жұмыстың алға жылжуына іріткі туғызуы
мүмкін. Өзінің жолы болмағанын біреуден
көретін адамдар осындай деңгейге
түседі. Жоғарыдағы рухы жоқ адамның
қолынан не келеді? – десек, алдымен эко-
номиканы құрудағы теориялық білімі
болмағандықтан, оның рухы жоғары
деңгейге көтерілмейді, осының салдары-
нан ол ізгілік ұстанымынан таяды. Себебі
өзінің күйректік қалпын сезінгендіктен,
алға ұмтылуға оптимистік күші жанбай
жатып сөніп қалады.
Реинжинирингілік жүйеге аталған
адамдар тұлға ретінде келе алмайды, олар-
дан педагогтың корпоративтік оқыту өнімі
шықпайды.
Бүгінгі
модернизм
кеңістігінде
экономикалық теорияны меңгеруге түрткі
болар ішкі көлеңкелі мінез-құлық қандай?
– деген сауал туады. Бұған шетел фило-
софтары «күн астынан сәулелі орын табу»
бағытын зерттеген Н. Хилл 16 жетістікке
жетудің Заңдылығын ұсынады. 1) заңның
төбесінде тұратыны – нұсқалы тұрғыда ба-
сты мақсат құра білу. Реинжинирингтің кез-
келген жағдайда нұсқалы мақсатының ең
басымдығын таба білу дегенді аңғартады;
2) экономикалық саладағы тұлғаның өз-
өзіне мол сеніммен қарау іс-әрекеті.
Адам баласының құтын, өз-өзіне
сенімін сейілтіп қашыратын 6 түрлі негізгі
үрей-қорқынышы бар. Олар: 1) кедейліктен
қорқу, 2) аурудан қорқу; 3) кәріліктен қорқу;
5
№ 1 (53) - 2016
г
осударственная
оБразовательная
политика
4) жұрттың сынынан қорқу; 5) біреулердің
өзіне деген қызмет-сүйіспеншілігінен
айрылып қалам деушіліктен қорқу; 6)
өлімнен қорқу. Егер адам экономикалық
салада ақиқатты тұрғыда құзыреті мол
болса, оның өз-өзіне сенімі де нық. Міне,
мұндай маманда кежегені кейін тартар 6
қорқыныш өз-өзінен болмайды. Бұл екінші
заңға жатады.
Экономикалық саладағы тұлға өзінің
және мекеменің кірісін жүйелі тұрғыда
ұстауына маңыз беріп, оны үнемдеуді
дағдыға айналдырады. Үнемдеу үшін
айналымда күнделікті адам тұрмыстық
қазынасына жұмсалатын, киім-кешегін
жаңартуға кететін қаржыдан басқа да
кірістердің қорлануын қамтамасыз ету.
Бұл үшінші Заңға жатады.
Ыждаһаттылық, лидерлік көрсету, бұл
қасиет – экономикалық саладағы тұлғаның
қызметінен нышан берер қылықтар.
Аталған қызметке жету үшін экономиканың
теориясын жүйелі реинжинирлік және
жүйелі үдерістік тұрғыдағы іскерлік пен
құзыреттілікті өркендету болып табылады.
Бұл төртінші Заңға жатады.
Экономикалық
саладағы
тұлға
қызметінің ілгері жылжуына ойша
нұсқалы қиял құра білу іскерлігін ұштай
алуы көзделеді. Тұлға өзінің қызметінің
мекемеге түсім әкелетініне кәміл сеніп,
оны ойша жаңа мұраттармен толықтырып,
іштей жоспар нұсқасын құрып, өзінің
нұсқалы мақсатының не екенін алдын-ала
бөліп қарастырып, сол жоспарының толық
жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бұл
бесінші Заңға жатады.
Энтузиазм – мінез-құлықтың ең
сүйкімдісінің фундаменті. Бұндай тұлға
жеке даралық кемелдік бағдарға ие болып,
басқалармен ынталана қауымдық жұмыс
істейді. Бұл алтыншы Заңға жатады.
Өзін-өзі бақылау – экономика сала-
сында қызмет ететін тұлғаға ең қажетті
іс-әрекет. Өзінің энтузиазмын күтілетін
нәтижеге мақсатты-нұсқалы тұрғыда
құрып жетеді. Бұл жетінші Заңға жатады.
Төменнен жоғары жұмыс жүргізуге
дағдылану. Экономика саласындағы тұлға
өзінің алатын жалақысынан жоғары іс-
әрекет жүргізіп, өнімнің айналымдық
дәрежесін арттыруды мақсат тұтады. Бұл
сегізінші Заңға жатады.
Тұлғаның сүйкімділігі «тірек нүктесі»
қызметін атқаруымен көрінеді. Сүйкімді
тұлғалар экономика саласында келесі күні
лидерлік қуатқа, мәртебеге лайықты іс-
әрекет көрсетеді. Бұл тоғызыншы Заңға
жатады.
Ой-тұжырымның
нақтылығы,
ақиқаттығы
экономика
саласындағы
тұлғаның алға жылжу траекториясын
шапшаңдыққа бағдарлайды. Бұл оныншы
Заңға жатады.
Ұшқырлылық – бір нысанның
мәселесін жан-жақты қарастыруға, оның
қайшылығын дұрыс табуға, оны шешетін
инновациялық жолды анықтауына бірден-
бір қажетті қасиет. Теориялық білімін
бизнес – жоспар құрғанда дұрыс өтілімді
сыңайда құрай алатын іскерлікке ие бола-
ды. Бұл он бірінші Заңға жатады.
Өзара
ықпалдастық-экономикалық
саладағы тұлғаның кез-келген жұмысты,
кез-келген ұжымды бағалай алуға бағдар
беретін қасиет. Бұл қасиет «Ой – бағамның
нұсқасы» болу Заңын қолдануға қолайлы
жағдай туғызады. Тұлға өзінің күш-
қуат, білім-құзыретімен басқалардың іс-
әрекетіне әсер етіп, олардың және өзінің
жұмысын сәйкестендіретін, үйлестіретін
шеберлікке ие болады. Бұл аталған қасиетті
меңгерген тұлға қызғаныш, кикілжің,
ұрыс, көреалмаушылық, надандық және
т.б. соқыр сезімдерге жол бермейді. Бұл он
екінші Заңға жатады.
Экономикалық саладағы тұлғаның
сәтсіздікке ұшырауы – оның бұрынғы
қызметтегі таптаурын болған іс-әрекетінен
белгі беруі. «Сәтсіздік» пен «уақытша
кейін шегіну» дегеннің не екенін аракідік
сезіну болып табылады. Қатесін тапқан
тұлға оны жөндеудің амалын да зерделейді.
Алдыңғы күндері ондай қателіктерді
Достарыңызбен бөлісу: |