Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#6396
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Күшті жақтар 
Білім берудің ақпараттық деректер жүйесін құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде 
Деректерді  жасауға,  жинауға  және  ұсынуға  көп  назар  аударылады.  Деректерді  жинау 
бойынша  көптеген  шаралар  жүзеге  асырылуда  (әкімшілік,  тиімділігі  бойынша,  мүдделі 
тұлғалардан жауап алу, индикаторлар). Білім секторының көптеген мүдделі тұлғалары деректерді 
және  есептілікті жинауға  қатысады.  Одан басқа,  деректер ұлттық көрсеткіштермен шектелмейді, 
ал  өңірлер  бойынша  бөлінеді  және  басқа  елдермен  салыстыруды  жеңілдету  үшін  халықаралық 
индикаторларды қамтиды (АТО, 2014).   
Осы  уақытта  ұлттық  білім  беру  деректерінің  базасы  әзірленуде.  Сонымен  қатар  деректерді 
енгізуге  компьютерлендірілген  әдістерді  қоса  алғанда,  деректерді  жинау  процестерін  жетілдіру 
бойынша  шаралар  қабылдануда.  Сондай-ақ  деректерді  жинау  бойынша  мектептердің  әкімшілік 
жүктемесінің  қысқарғанын  белгілеу  қажет  –  толтырылатын  нысандардың  саны  467-ден  162-ге 
дейін  азайды.  Сондай-ақ  жұртшылық  үшін  білім  беру  деректерін  жариялауға  арналған  білім 
порталын  дамыту  маңызды  мақсат  болып  табылады.  Бұл  неше  түрлі  жақтардың  (практиктер, 
әзірлеушілер, саясаткерлер, жұмыс берушілер, жалпы жүртшылық) әр түрлі деңгейлерде (орталық, 
өңірлік,  жергілікті  және  мектептер  деңгейінде)  талдауды  жүргізуде  білім  беру  деректерінің 
пайдаланылуын қамтамасыз етуде маңызды қадам.  
Бақылау шараларының кең жиынтығы ресурстарды пайдалану мониторингіне ықпал етеді  
Толық  нормативтік  талаптардың  болуы  ресурстарды  басқару  туралы  нақты  болжалжы 
айқындайды  және  олардың  мониторингіне  ықпал  етеді.  Мониторинг  талаптардың  сақталуын 
тексеруге  және  ұлттық  мақсаттарды,  ең  алдымен,  2011-2020  жылдарға  арналған  ББДМБ  жүзеге 
асыру  барысын  өлшеуге  бағытталған.  Үкіметтің  мониторинг  пен  бағалаудың  маңыздылығын 
түсінуі Ақпараттық-талдау орталығы және Ұлттық білім беру статистикасы мен бағалау орталығы 
сияқты мемлекеттік саясат шараларының ықпалын талдаумен айналысатын бірнеше органдардың 
болуында  байқалады.  Бірнеше  деңгейде  ресурстарресурстардың  қолданылуын  бақылау 
құралдарының  мол  жиынтығы  қызмет  етуде.  Қаржы  полициясы  және  Білім  және  ғылым 
саласындағы бақылау комитеті жүзеге асыратын, инспекциялардың білім және қаржылық болып 
бөлінуі  қажетті  міндеттерде  мамандандыруды  қамтамасыз  етеді.  Бақылау  комитетінің  жылдық 
статистикасы  көрсеткендей,  осы  орган  мемлекеттік  талаптардың  орындалуын  тым  белсенді 
қамтамасыз етеді.  
Мектептер  деңгейінде  пилоттық  негізде  іске  асырылатын,  жаңа  Қамқоршылық  кеңестерінің 
бір  функциясы  –  басқарушылық  шешімдерді  қабылдауға  қатысу  болып  табылады.  Бұрын  бұл 
мәселелер  директор  құзыретіне  кіретін  еді.  Енді  ғана  дамып  келе  жатқанына  қарамастан, 
қамқоршылық  кеңестерінің  болуы  мектеп  деңгейіндегі  жүйеде  қосымша  бақылау  деңгейін 
қамтамасыз  етеді.  Қамқоршылық  кеңестері  мониторинг  шараларының  нәтижелерін  жергілікті 
атқарушы органдарға дейін иерархия бойынша жоғарыға жеткізуге оң әсер етуі мүмкін.   
Мектептердің  айқындылығын  арттыру  және  мүдделі  тараптардың  мектеп  өміріне 
қатысуы бойынша жақында қабылданған шаралар үміт береді  
Құрамына  мүдделі  тұлғалар,  мысалы,  ата-аналар  мен  жергілікті  кәсіпкерлер  кіретін 
қамқоршылық  кеңестерінің  жуырда  құрылуы  мектеп  ресурстарын  басқаруға  жұртшылықтың 
қатысуын  қамтамасыз  етуде  маңызды  қадам  болып  табылады.  Бұл,  бәрінен  бұрын, 
қауымдастықтардың  мұқтаждығына  мектептердің  ден  қоюын  арттырады,  мектептердің  сыртқы 
есеп  берушілігін  күшейтеді  және  мектептің  айналадағы  қауымдастықтармен  ынтымақтастығын 
нығайтуға  ықпал  етеді.  Дәл  сол  уақытта  бұл  мектеп  оқуы  жергілікті  мұқтаждыққа  барынша  сай 
келуі  үшін  білім  жүйесінде  шешімдерді  қабылдау  процесін  орталықсыздандыру  бойынша 
мемлекеттік саясаттың бөлігі болып табылады.  
Қамқоршылық  кеңестерінің  заңдық  мәртебесі  ата-аналар  комитеттерінің  мәртебесіне 
қарағанда,  жақсы  айқындалған  және  олар  2011-2020  жылдарға  арналған  ББДМБ  сияқты 
стратегиялық  құжаттарда  жақсы  танылған.  Ал  іс  жүзінде  қамқоршылық  кеңестерінің  шешімдері 

196 
міндетті  болып  табылады,  ал  ата-аналар  комитеттері  тек  ұсыныстарды  ғана  беруі  мүмкін. 
Мәселен, қазір мектеп директоры мұғалімдерге сыйлықақы төлеу жөнінде ұсыныс жасағанымен, 
шешімді қамқоршылық кеңесі қабылдайды.  
Шешімін талап ететін күрделі міндеттер 
Шектелген  оқу,  құралдар  мен  ынталандырулар  ресурстар  менеджментінің  әлеуетін 
төмендетеді 
Жергілікті деңгейде ресурстар менеджменті саласында шектелген оқу және әлеует 
Мектеп  басшылары  ресурстарды  басқаруға  жеткіліксіз  дайын  болуы  мүмкін,  себебі  бұл 
функциямен  байланысты  қабілеттер  оларды  тағайындау  кезінде  ескерілмейді,  кадрларды 
даярлаудың тиісті бағдарламасы жоқ, ал бұл салада кәсіби даму мүмкіндіктері тым шектелген (4-
тарауды көріңіздер).  Олардың ресурстар менеджменті туралы жалпы түсінігі болуы мүмкін және 
өз  жұмысы  барысында  іс  жүзінде  өз  білімдерін  кеңейте  алады,  себебі  оларға  бюджет  жасауға, 
персоналды  жұмысқа  қабылдауға  және  оны  басқаруға  тура  келеді.  Олардың  ресурстарды  тиімді 
тарату қабілеті белгісіз болып қалуда.   
Сондай-ақ нормативтік талаптардың кең жүйесінен пайда болған автономияның шамалы ғана 
дәрежесі анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуде жергілікті тараптардың әлеуетін шектейді 
және әлеуетті дамыту пайдалылығын төмендетеді. Мүмкін, мектеп басшыларының – ресурстарды 
басқаруда өз машығын, білімі мен қабілетін жақсарту үшін стимулдары аз, себебі оларға ресурстар 
менеджменті  бойынша  елеулі  міндеттер  жүктелмейді.  Мәселен,  мектеп  бюджеттерін  жоспарлау 
және орындау бойынша болмашы жауаптылық бюджеттеу саласында жаңа машықтарды иелену не 
бюджеттік  болжамдау  саласында  тәжірибесін  кеңейту  өздері  орындайтын  жұмыс  үшін  шамалы 
ғана пайда әкелетіндігін білдіреді.   
Одан  басқа,  ресурстардың  жекелеген  әкімгерлерінің  тиімділігін  бағалау  жүйесі  жетілмеген. 
Нәтижесінде,  бюджеттік  ресурстарды  басқаруда  мектеп  басшыларының  және  аудандық  және 
облыстық  деңгейдегі  жергілікті  әкімгерлердің  тиімділігі  туралы  деректер  шешімдерді  қабылдау 
кезінде  тұрақты  қолданылмайды.  Мектептерде  ресурстар  әкімгерлерінің  тиімділігі  туралы 
деректердің  болмауы  жүйелердің  теорияда  бар  екендігін  білдіреді,  бірақ  олардың  қолданылуы 
шектелген, себебі олар осы ресурстарды басқару үшін жауапты болатын тұлғалардың тиімділігін 
емес, ал тек қаржы ресурстарын ғана қамтиды (АТО, 2014).  
Ақпараттық деректер жүйесінде сапаны қамтамасыз етуге байланысты қиындықтар бар 
Білім  секторында  білім  беру  статистикасының  бірыңғай  деректер  базасы  жоқ,  алайда 
Министрлік  ұлттық  деректер  базасын құру  үшін кейбір  шараларды қабылдады,  оны Министрлік 
басқарады,  ал  қызметін  2015  жылы  бастайды.  Білім  беру  статистикасының  бар  нысандары 
шашыраңқылығымен  сипатталады,  бұл  деректердің  тереңдетілген  талдауы  жүргізілмейді  және 
олар  жұртшылық  үшін  жарияланбайды  (ББДМБ,  2010).  Одан  басқа,  ұлттық  білім  беру 
статистикасының  индикаторлары  халықаралық  статистиканың  талаптарына  сәйкес  келмейді 
(ББДМБ, 2010).  
Қазақстанда білім беру деректерінің қайталанатын мәселесі олардың сапасы мен дұрыстығын 
қамтамасыз  ету  процестерінің  болмауы  болып  табылады.  Сарапшылар  өздері  барған  кейбір 
мектептер  бойынша  алынған  деректердің  және  барған  кезде  өздері  байқаған  жағдайдың 
арасындағы қайшылықтарды белгіледі. Бұл проблеманы Білім және ғылым министрлігі де, Ұлттық 
білім  беру  статистикасы  мен  бағалау  орталығы  да  мойындайды  және  ол,  белгілі  дәрежеде, 
мектепте  деректерді  жинау  бойынша  әкімшілік  рәсімнің  қолмен  жүзеге  асырылғанына 
байланысты. Деректерді жинаудың бұрынғы рәсімі сапаның тексерілуін көздемейтін еді, бұл білім 
беру  деректерінің  сапасына  қатты  зиян  тигізді.  Ұлттық  білім  беру  деректерінің  базасын  әзірлеу 
бойынша  ағымдағы  жұмыс  осы  мәселені  шешу  және  дұрыс  әрі  сенімді  деректерді  ұсыну  үшін 
сапаны қамтамасыз ету процестерін әзірлеуді көздейді.  

197 
Қазақстанда жиналатын деректердің үлкен көлеміне қарамастан, сенімді деректердің болмауы 
білім  саясатын  қалыптастыруға  және  бағалауға  дәлелді  әдіс-тәсілді  қабылдауға  мүмкіндік 
бермейді.  Жан  басына  шаққандағы  формула  негізінде  мектептердің  ресурстарын  тарату  үшін 
қажетті нақты деректердің үлкен көлемі сапа тетіктерінің және деректерді тексеру маңыздылығын 
айқын  көрсетеді.  Мәселен,  мектеп  директорларының  қосымша  қаржыландыру  алу  үшін 
есептілікте  оқушылардың  санын  асыра  көрсету  үшін  стимулдары  болуы  мүмкін  және  растау 
тетіктерінің болмауына байланысты бұл ресурстардың оңтайлы емес таратылуына әкелуі мүмкін, 
себебі  кейбір  мектептер  басқа  мектептерге  қарағанда,  көбірек  ресурстарды  алуы  мүмкін.  Егер 
кейіннен  формуланы  түзету  үшін  экономикалық  тиімділікке  талдау  жүргізілсе,  нәтижелер  қате 
болып, білім жүйесіндегі тиімсіздік пен теңсіздікті арттыруға әкелуші еді.  
Ресурстардың анағұрлым тиімді менеджменті үшін ынталандырулар шектелген 
Қазақстанда ресурстарды пайдалану тиімділігін ынталандыратын және көтермелейтін, жақсы 
әзірленген  жүйе  жоқ.  Нормативтік  талаптар  жүйесінің  икемділігі  жоқ  және  Қазақстанның  бүкіл 
білім  беру  жүйесінде  бірыңғай  тәсілдерді  белгілейді,  бұл  ресурстардың  тиімсіз  қолданылуына 
әкеледі. Автономияның төмен деңгейі білім беру жүйесіне қатысушыларға тиімділікті арттыруға 
әкелуі мүмкін шешімдерді қабылдауға кедергі жасайды. Мәселен, нормативтік талаптарға сәйкес 
«Ең үздік мектеп» атағын алған мектептерге бөлінетін қосымша қаражат материалдық-техникалық 
базаны жақсартуға бағытталуы тиіс, алайда оларды ресурстардың басқа түрлеріне салғаны дұрыс 
болушы еді.   
Мектеп басшыларының қаражатты үнемдеу үшін стимулдары жоқ, өйткені бюджет мөлшері 
алдынғы жылы бюджетті орындау нәтижелері негізінде айқындалады және бюджеттің жекелеген 
баптары  бойынша  бүкіл  үнемделген  не  игерілмеген  қаражат  қаражаттың  тым  көп  бөлінуінің 
салдары  сияқты  қаралуы  мүмкін.  Үнемделген  қаражат  келесі  жылдың  бюджетіне  ауыстырылуы 
мүмкін  емес  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  қаржыландыруды  қысқартуы  үшін  негіз 
болуы мүмкін. Бұл тиімсіздікке әкелуі мүмкін, себебі мектеп басшыларының дербестігі шектеулі 
болғанымен олардың үнемдеу үшін кейбір мүмкіндіктері бар, мысалы, коммуналдық қызметтерді 
тұтынуда (электр энергиясы, жылу). Дегенмен мектептен түскен кез келген үнемдеудің мектептен 
гөрі, ауданға пайдасы молырақ.   
Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың да мектептер желісін тиімді басқару үшін, атап 
айтқанда,  мектептерді  біріктіру  үшін  стимулдары  жоқ,  себебі  олардың  бюджетінің  мөлшерін 
облыс  алдынғы  жылдағы  бюджетті  орындау  нәтижелерінің  негізінде  айқындайды.  Демек, 
мектептерді  біріктіру  не  қысқарту  халықтың  наразылығына  әкеледі  жнее  ауданға  тиімді  емес. 
Мысалы, сыныптардың мөлшерін көбейтуден үнемделген қаражатты мұғалімдердің еңбекақысын 
арттыру, оқу уақытын көбейту не мектеп объектілерін жақсарту үшін қолданыла алмайды. Себебі 
жергілікті  атқарушы  органдардың  бюджеттері  оқушылардың  санына  емес,  ал  салыстырмалы 
қажеттілікке  негізделеді,  ресурстарды  ұтымды  қолдану  келешектегі  қаржыландырудың  азаюына 
әкеп  соғады.  Өңірлік  органдар  ұқсас  проблемаларға  тап  болады,  себебі  олардың  жергілікті 
атқарушы органдарды тиімділікті арттыруға көтермелеуі өңірлік бюджеттің азайтылуына әкеледі.   
Қаржы ресурстарының мониторингі жетілмеген  
Бюджеттің  орындалуын  бақылаудың  бірнеше  шектеулері  бар.  Рұқсат  етілген  бюджеттен 
артық жұмсалған қаражаттың қайтарылуыын қамтамасыз ететін тетіктер жоқ, тек егер қылмыстық 
іс  қозғалмаса.  Сапа  мен  бағаның  арақатынасы  ескерілмейді,  себебі  егер  де  жеткілікті  бюджет 
бөлініп,  алайда  нашар  орындалса,  бұл  болжамды  бенефициарларды  ыңғайсыз  жағдайға  қоюы 
мүмкін.  Негізі,  бюджеттің  орындалуын  тиісінше  емес  бақылау  қағидалардың  сақталуына 
негізделген  мониторингке  әдістің  белгісі  болып  табылады  және  сапа  мен бағаның  арақатынасын 
ескермейді.  
Қаржылық  бақылау  инспекциясы  қаржы  талаптарының  сақталуын  ішкі  бақылау  және  аудит 
үшін жауапты (АТО,  2014).  Оның рөлі  алаяқтық пен  сыбайлас жемқорлықтың  жолын кесу  үшін 
қадағалау дәрежесін қамтамасыз ете отырып, сатып алу саласына таратылады, бірақ ол бюджетпен 
байланысты  сәйкестік  бұзушылықтарына  ғана  қатысты  (АТО,  2014).  Мысалы,  бюджет  аясына 

198 
кіретін сатып алу бойынша мектептердің шаралары сәйкестік қағидаларын бұзбайды. Нормативтік 
құжаттармен  реттелмейтін  шаралар  мониторингке  жатпайды.  Реттелетін  шаралардың  қатаң 
мониторингі  жүргізіледі,  ал  реттелмейтін  шаралар  тексерілмейді.  Мысалы,  бір  жерде 
сыйлықақыларды  төлеу  кестесі  бүкіл  ел  бойынша  мұғалімдер  үшін  қолданылатын  еңбекақының 
қатаң бірыңғай шәкілін айналып өтуде жақсы мұғалімдерді ұстап қалу үшін белсенді қолданылған. 
Ал нормативтік талаптар еңбекақы жөнінде нұсқаулықтарды қамтиды және, тиісінше, мониторинг 
жүйесіне жатады, сыйлықақы жүйесіне ашық түрде тыйым салынбаған және бұл жайт жергілікті 
атқарушы  органдарға  мониторингті  аттап  өтуге  мүмкіндік  берді.  Шаралардың  барлық  түрлерін 
қамтитын кешенді заңдарды әзірлеу қиын болғандықтан, мұндай олқылықтар жергілікті атқарушы 
органдардың  мониторингі  бойынша  нормативтік  талаптардың  тиімділігін  әлсіретеді.  Жергілікті 
атқарушы  органдар  жақсы  мұғалімдерді  ұстап  қалу  үшін  білім  жүйесінің  пайдасына  қарай 
сыйлықақылар  кестесін  пайдаланатын  еді.  Сыйлықақы  берудің  осы  жүйесі  төңірегінде  мыңға 
тарта мұғалім 300 000 теңге мөлшерінде біржолғы сыйлықақы алды. Дегенмен сыйлықақы алған 
мұғалімдердің  барлығы  расында  да  тиімді  болғаны  түсініксіз.  Егер  мониторинг  жүйесін  сипаты 
бойынша  біртұтас  қылып,  оны  қайта  қарау,  оның  пайдалылығы  нормативтік  талаптардың 
бұзушылықтарын  жай  тексерумен  шектелмей,  ол  тиімділік  жүйесінің  анағұрлым  кең  бағалауын 
қамтамасыз етеді.       
Нормативтік  талаптардың  сақтауға  негізделген  мониторингке  деген  әдісін  айқындағанымен, 
бюджеттер  барлық  кезде  емес  бірдей.  Қазақстанда  жыл  бойы  бюджетті  тоқсан  сайын  түзетуге 
рұқсат берілген және игерудің түпкілікті сомасы бюджеттен аспайды. Ұйымдардың бүкіл бөлінген 
бюджетін  көрсетілген  жылы  пайдалану  және  ортажылдық  түзетулерді  сұрау  (арттыру  жағына 
қарай)  үшін  мүмкіндіктері  бар.  Мониторинг  жүйесі  және  бюджетті  түзетуге  қатысты  оның  іске 
асырылуы  арасында  олқылық  туындайды.  Бұл  олқылық  мониторинг  жүйесі  үйлесімді  бюджетті 
қамтамасыз  ету  үшін  белгілі  бір  шарамен  байланысты  жай  шығыстардың  емес,  ал  шаралардың 
тексерілуін қамтиды ма деген сұрақтарды тудырады.   
Қолданыстағы жүйе сақтауды қамтамасыз етуге негізделген және оның тиімділікті, әділдікті, 
баға  мен  сапаның  арақатынасын  толық  бағалау  үшін  жеткілікті  әлеуеті  жоқ.  Мемлекеттік 
органдардың  тиімділігін  сақтауды  қамтамасыз  етуге  негізделген  бағасы  жыл  сайын  жүргізіледі. 
Ұлттық және субұлттық органдар  әділдік  мәселелері  үшін салдарды жақсы  түсінеді,  бірақ  тиісті 
мониторинг  тетіктерінің  болмауы  гендерлік  айырмашылықта  және  өңірлердің  арасында 
айырмашылықтарда  байқалатын  әділдік  проблемаларын  азайту  үшін  талдау  жүргізуге  мүмкіндік 
бермейді.  Саясат  пен  бағдарламаларды  мектептердің  тиімсіздігін  қысқарту  үшін  ресурстармен 
тиісінше қамтамасыз ету үшін қаржылай да, адами ресурстарының айтарлықтай көлемдері қажет. 
Бастамаларды  жүзеге  асыру  қажетті  ресурстардың  құнын  айқындаудың  және  күтілетін 
нәтижелермен  және  ықпалмен  салыстырғанда,  әсіресе  ресурстар  тапшы  болған  жағдайда 
шығыстарды  бағалаудың  мағызы  зор.  Алайда  шығыстардың  айқын,  толық  және  нақты 
есептемелері  –  бұл  өте  сирек  құбылыс  және  ресурстар  барлық  кезде  емес  жақсы  қолданылады. 
Жалпы  алғанда,  мектеп  және  білім  органдары  деңгейінде  білім  беру  бағдарламалары  мен 
саясатының  әртүрлі  шараларының  шығыстары  мен  артықшылықтарын  талдаудың  сапалы 
құралдары  жоқ  деп  айтуға  болады,  сондықтан  мектептер  мен  мемлекеттік  органдар  жиі  кезде 
білімнің  ықтимал  нәтижелерінің  тиімділігі  мен  ұтымдылығы  мәселелеріне  тиісінше  назар 
аудармай, шешімдерді қабылдайды (ЭЫДҰ, 2012).  
Есептілік  жөнінде  көптеген  талаптар  ұлттық  және  жергілікті  атқарушы  органдарға  жүктеме 
туралы, ұсынылатын ақпараттың сапасы туралы, деректердегі олқылықтар және олардың негізінде 
алынатын талдау туралы, ақпараттың өзектілігі туралы мәселені көтереді. Сірә, есептілік рәсімдері 
стратегиялармен  айқындалған  индикаторларды  жүзеге  асыру  қажеттілігімен  айқындалған.  Орта 
және  ұзақ  мерзімді  болашақта,  яғни  білім  стратегияларының  әртүрлі  міндеттері  орындалған 
уақытта  есептілік  рәсімдерінің  тұрақтылығы  да  алаңдаушылық  тудырады.  Стратегиялық 
мақсаттарды  орындау  мерзімінің  жақындап  келуіне  байланысты  есептілік  процесіне  тартылған 
құрылымдар мен персоналдың тағдыры қандай болатыны түсініксіз.  

199 
Мектептер және басқару органдарының деңгейінде аз ақпарат белсенді таратылады 
Мектеп  бюджеті  туралы  ақпараттың  ашықтығын  жақсарту  үшін  мүмкіндік  бар.  Мектептер 
мен жергілікті білім органдарының бюджеттері сұрауы бойынша ұсынылуы мүмкін, бірақ бюджет 
баптары  бойынша  шағын  ғана  түсініктемені  қамтитын  қолданылатын  форматты  ата-аналар  мен 
азаматтарға түсіну және мектептердің есеп берушілігін қамтамасыз ету қиын. Мектеп бюджетінде 
кейбір баптар ескерілмейді, мысалы, заттай нысанда сыйлықтар және қайырмалдықтар. Аудандық 
деңгейде  мектептердің  жекелеген  бюджет  есептерін  біріктіру  облыстық  және  республикалық 
органдарға мектеп деңгейінде талдау жүргізуге кедергі жасайды.   
Мектеп  бюджетінде  ескерілмейтін  ата-аналардың  жарналарына  қатысты  айқындылықты 
арттыру  төрт  себеп  бойынша  пайдалы  болушы  еді.  Біріншіден,  бұл  барлық  шығыстардағы 
мұқтаждықты жақсырақ бағалауға, сондай-ақ отбасыларға қандай жақсы өзгерістердің жасалғанын 
түсінуге  және  мектеп  деңгейінде  болашақ  қажеттілігін  айқындауға  мүмкіндік  берер  еді. 
Екіншіден, білім беру органдарына стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде осы жарналарды 
ескеруге мүмкіндік беруші еді. Үшіншіден, осы ақпараттық жарияланғаны есеп берушілікке әсерін 
тигізеді  алады:  ата-аналар  бірлестіктерінің  қаржы  есептерін  және  қаржылық  басқару  туралы 
есептерді  нақты,  уақытылы  және  кеңінен  тарату  білім  беру  органдарына  және  ата-аналарға  бұл 
бірлестіктердің  есеп  берушілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  берер  еді.  Ең  ақырында, 
айқындылықты  арттыру  осы  кеңінен  таралған  құбылысты  қалпына  келтіріп,  осылайша,  оның 
әлеуетті келеңсіз салдарын шешу үшін саясат шараларын жүзеге асыруға ықпал етуші еді.      
Ресурстарды  пайдалану  мониторингінде  қамқоршылық  кеңестерінің  рөлі  әлі  даму  үстінде, 
алайда  олардың  болуы  мектеп  деңгейінде  айқындылық  пен  есептілік  рәсімдерін  жақсарту  үшін 
мүмкіндіктерді  ашады.  Қамқоршылық  кеңестерінің  жұмысы  туралы  жуырдағы  есепте 
белгіленгендей, олардың өз функциясының және қалай әрекет жасау керектігі туралы нақты және 
жалпы түсінігі жоқ болса керек (Сандж-ФСК, 2013).  
Ұлттық,  өңірлік  және  жергілікті  деңгейлерде  ресурстардың  таратылуы  одан  да  бетер  айқын 
болуы мүмкін 
Жергілікті атқарушы органдардың мектептер арасында  ресурстарды тарату кезінде шешімді 
өз  қалауынша  қабылдау  құқығы  бар,  тіпті,  егер,  теориялық  тұрғыдан,  олар  нормативтік 
талаптарды  сақтауға  тиісті  болса  да.  Жергілікті  деңгейде  бюджет  айқындылығы  жоқ,  себебі 
көптеген  мектептердің  орталықтандырылған  есепке  байланысты  жеке  өздерінің  бюджеті  жоқ; 
және  бюджет  туралы  ақпарат  әдетте  ата-аналарға  және  мектеп  директорына  ашылмайды. 
Облыстық  және  аудандық  деңгейлерде  жылдық  бюджеттік  процесс  төңірегінде  қоғамдық 
консультациялар өткізіледі. Жалпы алғанда, Қазақстанда халық ұлттық органдардың бюджеті мен 
қаржы қызметі туралы ақпараттың тек бір бөлігін ғана алады (Халықаралық бюджеттік әріптестік, 
2012).  «Сандж»  зерттеулер  орталығы  Қазақстанда  2005  және  2010  жылдар  жүргізген  екі  зерттеу 
көрсеткендей,  Қазақстанда  Бюджеттің  ашықтық  индексіне  сәйкес  бюджет  құжаттарын  жариялау 
саласын  жақсарту  үшін  айтарлықтай  мүмкіндіктер  бар.  Қазақстан  100-ден  38  ұпай  жинады,  бұл 
нәтиже  мемлекеттік  бюджеті  және  мемлекеттік  қаржы  әрекеттері  туралы  ақпараттың  өте  аз 
екендігі  туралы  куәландырады  (Халықаралық  бюджеттік  әріптестік,  2010).  Бюджеттегі 
айқындылықтың  тежемелігі  мен  тепе-теңдігісіз,  кейбір  мектептер  тиісінше  негіздемесі  болмай, 
басқа  мектептерге  қарағанда,  көбірек  қаражатты  алуы  мүмкін,  бұл  бір  аудан  не  облыс  ішінде 
қаражаттың әділ емес таратылуына әкеледі (Дүниежүзілік банк, 2013а). Осы біржақты өкілеттіктер 
бюджеттің  қайта  таратылуы  жергілікті  деңгейде  шешімдерді  қабылдау  бойынша  қаржы 
департаменттерінің өкілеттіктеріне байланысты қажеттілікті дұрыс бейнелемейтініне әкеп соғады. 
Көптеген  елдерде  шектелген  ресурстардың  тиімді  және  мақсатты  қолданылуын  қамтамасыз  ету 
үшін айқындылықты арттыру бойынша шаралар қабылдануда.   
Бүкіл жүйеде ресурстарды дұрыс бөлмеу үшін мүмкіндіктер бар 
Айқындылық  пен  есеп  берушіліктің  осал  тетіктері  білім  жүйесінің  әртүрлі  деңгейлерінде, 
сондай-ақ  басқа  салаларда  ресурстарды  теріс  пайдалану  үшін  мүмкіндіктерді  ашады. 
Экономикалық  қылмысқа  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  агенттігінің  (қаржы 

200 
полициясы) деректеріне сәйкес, 2013 жылдан бастап Қазақстанда 1,5 млрд. астам АҚШ доллары 
жұмсалды. Бүкіл білім беру жүйесінде ресурстарды дұрыс емес пайдалану үшін мүмкіндіктер бар. 
Сондай-ақ  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстардың  саны  мектепке  дейінгі  мекемелерде  орындарды 
беруге,  тамақтандыру  жүйесіне,  директорларды  тағайындауға  байланысты  төменгі  деңгейлерде 
өсіп  кетті    (TengriNews,  2014).  2013  жылы  Қазақстан  алғаш  рет  «TransparencyInternational» 
дүниежүзілік  сыбайлас  жемқорлық  барометріне  енгізілді.  Шамамен  респонденттердің  55%  білім 
беру жүйесінде «сыбайлас жемқорлықтың таралғанын» немесе «қатты таралғанын» белгіледі. Бұл 
полициядағы    (66%)  немесе  сот  жүйесіндегі  (63%)  көрсеткіштермен  салыстырғанда,  төмендеу, 
бірақ  қызметтердің  басқа  секторларына  (мысалы, денсаулық  сақтау)  немесе  топтарына (мысалы, 
парламент,  шенеуніктер,  бұқаралық  ақпарат  құралдары)  қарағанда,  айтарлықтай  жоғары.  31% 
респондент өздерінің не олардың отбасындағы мүшелердің алдынғы 12 айдың ішінде білім беру 
қызметтері үшін параны бергенін айтты. Бұл көрсеткіш, тек полиция мен жер қызметтерінен ғана, 
төменірек.  Пара  беру  себептері  мынадай:  тарту  не  алғысын  білдіру  (39%),  қызметтің  алынуын 
тездету (33%), қызметті алу (19%), төмендеу бағаны алу  (8%). 
Сыбайлас жемқорлық мәселелері өте маңызды, себебі халықтың қауқарсыз топтарына ерекше 
зиян тигізіп және біреуді үнемі сүйемелдеу, парақорлық және алдау сияқты құндылықтардың және 
қатынастардың дамуына ықпал етіп, тиімділік пен өнімділікке қатер төндіруі мүмкін. Әдеттегідей, 
елдің  сыбайлас  жемқорлық  деңгейі  халықаралық  бағалау  бағдарламалары  бойынша  нәтижелерге 
тура  пропорционалдық  болып  табылады.  Одан  басқа,  білімге  мемлекеттік  шығыстарды  көбейту 
сыбайлас жемқорлыққа ең аз шалдыққан және өте сапалы мемлекеттік аппараты бар елдерде ғана 
бастауыш білімін аяқтау деңгейінің айтарлықтай артуына алып келеді.  
Заңнамадағы  олқылықтар  ресурстарды  дұрыс  емес  пайдалану  және  теріс  пайдалану  үшін 
мүмкіндіктерді  жасайды.  Олқылықтар  мониторинг  тетіктерінің  және  айқындылықтың  қорғау 
шараларының  айналасында  айналма  жолы  болғанымен,  сарапшылар  кездескен  мүдделі  тараптар 
мұндай  жағдайларды  сыбайлас  жемқорлық  әрекеті  ретінде  санамайтын  еді.  Ресурстарды  дұрыс 
емес  пайдалану  үшін  мүмкіндіктер  орталықсыздандырылған  және  көптеген  мүдделі  тараптарға 
қолжетімді болды, бұл жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлық үшін жаңа мүмкіндіктердің пайда 
болуына әкелді (ЮНЕСКО / IIEP, 2007).  
Сапасыз қызметтер артықшылықтарды алудың ресми емес әдістерінің пайда болуына әкеледі. 
Білімді  не  дипломды  алу  үшін  төленетін  заңсыз  төлемдер  барлық  деңгейлерде  білім  процесін 
бұрмалайды  (ЮНЕСКО  /  IIEP,  2007).  Мұндай  төлемдер  кедейлерге  қатты  ауыртпалық  болып 
табылады және оқуды тәмәмдаған соң болашақта жұмысқа орналастыру үшін салдары бар. Ал ең 
маңыздысы,  халық,  сыбайлас  жемқорлықтың  жоғары  деңгейіне  шағымданғанымен,  пара  беру 
арқылы  қандай да бір  мәселелерді  шешудің  не қызметтерді алудың  бейресми  және  тез  әдістерін 
артық көреді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет