Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#6396
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Мәнмәтін және сипаттамалар 
Ресурстар менеджменті үшін әлеует және ынталандырулар  
Мектептер  
Мектеп  басшыларының  кәсіби  даму  бойынша  шараларға  қатысуға  кейбір  мүмкіндіктері бар 
(4-бөлім).  Дегенмен,  мектеп  ресурстарын  басқару  үшін  дағдыларға,  атап  айтқанда,  мектеп 
бюджетін басқару дағдысына септік жасалады. Дәл сол уақытта мектеп басшыларының лауазымға 
тағайындалғанға  дейін  оқудан  өтуі  туралы  талап  жоқ.  Мектеп  басшыларын  әдетте  олардың 
мұғалім  лауазымында  жақсы  қызметі  негізінде  сайлайды  және  олар,  көбінесе  әкімшілік 
дағдыларды  басшы  функцияларын  орындау  барысында  иеленеді.  Мектеп  менеджменті  бойынша 
курстардың  болуы  шектелген  (4-бөлім).  Одан  басқа,  аталған  курстарға  қатысу  міндетті  болып 
табылмайды және еңбекақысына не бағалауға байланысты емес.   
Әдеттегідей,  мектеп  ішінде  ресурстарды  пайдалану  бойынша  нормативтік  талаптар  егжей-
тегжейлі. Кейбір жағдайларда талаптардың жақсы түсінілуін қамтамасыз ету үшін нұқсаулықтар 
әзірленеді,  бірақ  жиі  кезде  олар  заңнамалық  нысанда  қабылданады.  Мысалы,  «Жан  басына 
шаққанда  нормативтік  қаржыландыру  тетігін  енгізу  туралы  әдістемелік  нұсқаулық»  құжаты 
қаржыландырудың  жаңа  үлгісі  аясында  ресурстар  менеджменті  мәселелерінде  мектеп 
директорларын  хабардар  ету  мен  бағыттауға  арналған.  Құжат  көлемі  –  72  бет.  Ол  жан  басына 
шаққанда  қаржыландыруды  енгізу  себептерінің,  оның  анықтамасының,  қолданылу  және  жүзеге 
асыру  саласының  сипаттамасымен  жеті  кіріспе  бетін  қамтиды.  Құжаттың  негізгі  мәтіні  (47  бет) 
толық  нормативтік-құқықтық  ережелерді  қамтиды.  Сондай-ақ  ол  мектеп  мұғалімдері 
қаржыландырудың  жаңа  жүйесі  аясында  толтыруға  тиіс  есептіліктің  бес  нысанын  қамтиды. 
Қорытындыда  жиі  қойылатын  сұрақтарға  жауаптары  бар  қысқаша  бөлім  (5  бет)  беріледі.  Басқа, 
үкіметтік  емес  ұйымдар  да  ресурстар  менеджменті  саласында  мектеп  басшыларының  әлеуетін 
арттыру  үшін  шараларды  қабылдайды.  «Мектеп  директорларына  қаржы  құралы»  (2013)  мектеп 
директорларының бюджет салауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстанның Сорос қоры және 
«Сандж»  орталығы  арасындағы  ынтымақтастық  нәтижесінде  дайындалды.  Ол  бюджетті 
дайындауға және орындауға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді сатып алуға байланысты мектеп 
директорларының міндеттерін толық сипаттайды.  
Мемлекеттік басқару   
Білім  секторын  басқару  туралы  құжаттар  мен  нақты  мәлімет  өте  аз.  Қазақстандағы 
мемлекеттік басқарудың жалпы жүйесі туралы зерттеу көрсеткендей, соңғы жылдары анағұрлым 
білікті  және  ұтымды  етілген  жұмыс  күшінің  қалыптасуына  әкеп  соққан  үлкен  реформалардың 
жүргізілгеніне  қарамастан,  елге  әлі  мемлекеттік  қызметті  жаңғыртуға  байланысты  күрделі 
міндеттерді шешуге тура келеді (Ибраева және Нежина, 2013). Елде бұрынғыдай кейбір бейресми 
практикалар  қызмет  етеді:  бос  орындар  тиісінше  хабарланып,  көпшілікке  жарияланбайды  және 
халық  жұмысты  не  жоғарылауды  байланыстардың  көмегімен  алуды  ұят  көрмейді.  Кадрлардың 
ауысуы жоғары және оны жеке сектормен салыстырғанда, төмен еңбекақымен, кәсіби даму үшін 
мүмкіндіктердің  жетіспеушілігімен,  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  төмен  тиімділігіне 
байланыстырады.  Лауазымдық  жалақы  басқа  қаржылай  төлемдерін  қамтымайды,  мысалы, 
сыйлықақы орталық атқарушы органдардың деңгейінде жалпы сыйақыдан 57% дейін және өңірлік 
деңгейде  30%  дейін  болуы  мүмкін,  бірақ  олар  жиі  кезде  басшының  қалауынша  беріледі  және 
жұмыстың тиімділігін бағалаумен байланысты емес (Ибраева және Нежина, 2013). Ибраева және 
Нежина  (2013)  жазғандай,  қазақстандық  мемлекеттік  басқару  жүйесінде  жоғарыда 
орталықтандырылған  ұйымдастырушылық  иерархиясы  аясында  қатаң  бағыну,  қарамағындағы 

190 
адамдардың  тарапынан  сыни  пікірлер  мен  бастамалардың  болмауы  басым  мәдениет  болып 
табылады.  
Мемлекеттік қызметтің үлкен реформасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 
Жарлығы  қабылданғаннан  кейін  жүргізілді.  Реформа  басты  әкімшілік  құндылықтарды  және 
онымен байланысты мақсаттарды айқындады. Олар тиімділікті, айқындылықты, есеп берушілікті, 
клиент  үшін  қызмет  көрсету,  кәсіпқойлықты  қамтыды.  Реформа  қызмет  көрсету  сапасын, 
тиімділігін,  нәтижелілігін  арттыру  және  үйлестіру  құралы  сияқты  тиімділікті  басқарудың 
енгізілуін қамтитын еді. Осыған орай, тиімділікті басқару мемлекеттік қызмет мақсаттары туралы 
кәсіби  хабардарлықты  дамытуға,  қызметтер  стандарттарын  белгілеуге,  тиімділікті  бағалауға, 
тиімділік  аудитін  жүргізуге,  жылдық  есептілікті  ұсынуға,  халық  арасында  тұрақты 
сауалнамаларды жүргізу арқылы клиенттердің пікірін білуге бағытталған (Ибраева және Нежина, 
2013).  Мемлекет  автоматтандырылған  ақпараттық  жүйені  құру,  білікті  аудиторларды  даярлау, 
қызметшілерді  тиімділікті  басқару  саласындағы  оқумен  қамтамасыз  ету  бойынша  шараларды 
қабылдады.   
Ақпараттық деректер жүйесі   
Осы уақытта Қазақстан деректердің электрондық жиналуына негізделген Бірыңғай білім беру 
деректерінің  базасын  және  деректерге  ашық  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  үшін  білім  беру 
порталын  әзірлейді.  Осы  бастаманы  жүзеге  асырмас  бұрын  статистикалық  ақпарат  кейбір 
мектептерде ғана жиналатын еді, олар көптеген қағаз нысандарын толтырып (2013 жылы 467-ден 
162-ке  дейін  азайтылды),  кейін  біртіндеп  аудандарға,  облыстарға  және  Білім  және  ғылым 
министрлігіне (және оның ведомстволарына) жіберуші еді.  Бастауыш және орта мектептері 16 636 
көрсеткішті  қамтитын  82  нысанның  толтырылуына  жауап  береді.  Осы  жұмысты  Ұлттық  білім 
беру  статистикасы  және  бағалау  орталығы  (ҰБСБО)  үйлестіреді  және  жиналған  статистиканы 
білім жүйесінің жай-күйі туралы өз жылдық баяндамаларында пайдаланады.  
Қазіргі  уақытта  әзірленіп  жатқан  ұлттық  білім  беру  деректерінің  базасы  білім  туралы  сан 
алуан  түрлі  ақпарат  көздерін  біріктіруге,  мектептерде  ақпаратты  жинау  сенімділігін  арттыруға 
және жеңілдетуге, деректерді жариялау арқылы білім беру жүйесінің айқындылығын қамтамасыз 
етуге  бағытталған.  Болжамдар  бойынша,  2015  жылға  қарай  мектептерде  деректерді  жинау 
электрондық  нысанда  іске  асырылады  және  білім  беру  статистикасы  бірыңғай  платформаға 
біріктірілмек.  Мұндай  платформа  білім  алушылар,  мұғалімдер,  мектептер  және  білім  берудің 
барлық деңгейлері бойынша білім беру қызметтерінің сапасы туралы ақпаратты беруге тиіс. Жеке 
сәйкестендіру  нөмірлерінің  болуын  ескере  отырып,  деректер  жекелеген  білім  алушылар  мен 
мұғалімдер 
деңгейінде 
жиналады 
деп 
болжанады. 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялармен  айналысатын  ұйым  –  «ҰАТ»  АҚ-ы  Ұлттық  білім  беру  деректерінің  базасын 
әзірлеуші  болып  табылады,  ал  ҚР  БҒМ  және  ҰБСБО  тұжырымдама  деңгейінде  қатыстырылады 
және олардың деректерге қолжетімділігі бар.  
Ресурстардың тиімді менеджменті үшін ынталандырулар  
Қазақстанда ресурстардың анағұрлым тиімді менеджментін көтермелеу үшін ынталандырулар 
аз.  Кең  жоспарлау  және  реттеу  жүйесінің  талаптарын  қатаң  сақтау  қазіргі  өзінде  жақсы  нәтиже 
беріп  жатыр.  Бұдан  басқа,  білім  беру  жүйесінде  –  жақсы  жұмысты  көтермелеу  не  мамандарды 
ауылдық  жерге  тарту  бойынша  мүмкіндіктер  сияқты  қолданыстағы  стимулдарды  пайдалануда 
икемділік аз. Мұндай мектептер аталған жылдың бюджетін тарата алмайды не оны келесі жылға 
ауыстыра алмайды, оларға үнемділік пен нәтижелелік үшін шағын сыйақы береді.  
Мониторинг және есептілік  
Ең  бастысы,  мониторинг  мақсаты  қысқа  мерзімді  перспективада  (2011-2015  жылдарға 
арналған  әрекеттер  жоспары),  қысқа  мерзімде  (2011-2020  жылдарға  БДМБ  )  және  ұзақ  мерзімді 
перспективада  («Қазақстан-2050»  стратегиясы)  білім  беру  мақсаттарын  жүзеге  асыру  барысын 
өлшеу  болып  табылады.  Есеп  мониторингі  және  бағалау  бүкіл  жүйе  жөнінде,  мемлекеттік 
басқарудың ең жоғарғы деңгейіне дейін ұлттық мақсаттарды жүзеге асыруға қатысты толық және 

191 
егжей-тегжейлі  ақпаратты  береді.  Ресурстарды  пайдалану  бойынша  мониторинг  және  ішкі 
есептілік білім жүйесін басқару құрылымының бірнеше деңгейлерінде іске асырылады. Бұл жұмыс 
«төменнен-жоғарыға  қарай»  жүргізіледі,  яғни  әрбір  бірлік  және  деңгей  ұйымдастырушылық 
иерархияда анағұрлым жоғары деңгейдің алдында өзі және төменгі тұрған деңгейлер туралы үнемі 
есеп береді. Мектеп өзінің  жылдық есебін аудандық білім бөліміне, одан кейін – облыстық білім 
басқармасына  жолдайды,  онда  ақпарат  жинақталады  және  ең  соңында  –  Білім  және  ғылым 
министрлігіне  жіберіледі.  Жоспарлау  мақсаттарын  жүзеге  асыру  туралы  үлгі  есептерден  басқа, 
қызығушылық  тудыратын  нақты  мәселелер  бойынша  (мысалы,  оқулықтармен  қамтамасыз 
етілгендік,  келесі  оқу  жылына  дайындық,  мектеп  олимпиадаларын  ұйымдастыру)  тақырыптық 
есептер бар (АБР, 2004).  
Орталық деңгей 
Стратегиялық  жоспарлау  және  ақпараттық  технологиялар  департаменті  Білім  және  ғылым 
министрлігінде  білім  беру  саясатының  мониторингі  үшін  жауап  береді.  Мониторинг  процесіне 
сондай-ақ  Министрлік  құрылымында  қызмет  ететін  не  оған  бағынатын  көптеген  басқа 
департаменттер мен мекемелер қатысады. Одан басқа, мониторинг жөніндегі есептерде аудандар 
мен мектептердің біріктірілген есептерін қамтитын, облыстардың ұсынған ақпараты қолданылады. 
Министрлік 2011-2020 жылдарға БДМБ  бойынша және 2011-2015 жылдарға Іс-әрекеттер жоспары 
бойынша, сондай-ақ жылдық операциялық жоспар бойынша мониторинг есептерін жасайды.  
Кез  келген  стратегиялық  бағдарламалық  құжат  бойынша  мониторингтік  есеп  мыналарды 
қамтуға  тиіс  (Помфрет,  2014):  1)  сан  көрсеткіштерін  орындау  деңгейі;  2)  егер  қандай  да  бір 
көрсеткіштерге  қол  жеткізілмеген  болса,  орындамау  себептерін  талдау;  3)  жоспарланған, 
орындалған  не  орындалмаған  іс-әрекеттерді  талдау;  4)  шығыстарды  талдау;  5)  жүзеге  асыру 
процесінде үйлестіруді және өзара іс-қимылды талдау; 6) нәтижеге ықпал еткен ішкі және сыртқы 
факторлар; 7) жүзеге асырудың жалпы тиімділігін және оның әлеуметтік-экономикалық жағдайға 
ықпалын  талдау;  8)  азаматтардың  мемлекеттік  қызметтерді  қанағаттанушылығының  деңгейі;  9) 
қаржы аудитін қоса алғанда, басқа мемлекеттік органдардың жүргізген аудиті бойынша шаралар 
нәтижелері; 10) қорытынды және ұсыныстар. Ұлттық жоспарлар бойынша есептіліктің қызметтегі 
талаптары 5.1-кестеде сипатталған.  
 
 

192 
Жергілікті және өңірлік деңгейлер 
Облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалаларының  білім  басқармалары  және  аудандық  білім 
бөлімдері  өз  аумағында  қаржы  талаптарының  және  нормативтік  білім  құжаттарының  сақталуын 
бақылайды. Аудандық деңгейдегі білім бөлімдері мектептердің берген деректерін даярлайды және 
әрі қарай біріктіру және Білім және ғылым министрлігіне және жоғары тұрған деңгейге (облысқа) 
ұсыну  үшін  біріктірілген  есепті  ұсынады,  ол  өз  кезегінде  2011-2020  жылдарға  арналған  ББДМБ  
сәйкес белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру барысы туралы ұлттық біріктірілген есепті жасайды.  
Мектептер   
Мектеп директорлары және қамқоршылық кеңестері мектеп деңгейінде мониторингті жүзеге 
асыратын басты тұлғалар болып табылады. Мектептер есептер нысанында мониторинг жөнінде өз 
жұмысының  нәтижелерін  аудандық/қалалық  органдарға  береді.  Жыл  сайын  мектептер  көптеген 
мәселелер бойынша (мысалы, білім алушылар, адами ресурстар, қаржы ресурстары, материалдық-
техникалық  база)  есептілік  үшін  82  жуық  нысан  толтырады  (АТО,  2014).  Жуырда  нысандардың 
саны есептілік бойынша мектептердің жүктемесін азайту үшін 467-ден қысқартылды. Мектептер 
жыл  сайын  адами  ресурстар  туралы  ақпаратты  ұсынады  (мысалы,  туған  күні,  жасы,  ұлты, 
біліктілік  санаты,  лауазымы,  оқу  мәні,  білімі,  жұмыс  өтілі,  педагогикалық  жүктемесі,  соңғы 
бағалауды  өткізу  жылы,  кәсіби  даму  бойынша  шараларға  соңғы  қатысу  күні).  Ай  сайын,  тоқсан 
сайын  және  жыл  сайын  мектептер  еңбекақыны,  трансферттерді,  кредиторлық/дебиторлық 
берешекті,  мемлекеттік  сатып  алуды  және  есептік  айдың  соңында  қалдықты  бақылау  қаржы 
есептерін  ұсынады.  Инфрақұрылым  мен  материалдарға  қатысты,  негізгі  құралдар  жыл  сайынғы 
түгендеуде  ескеріледі  (материалдық  құралдар  –  тоқсан  сайын,  ақшалай  қаражат  –  ай  сайын, 
кітапхана  қоры  –  бес  жылда  бір  рет).  Амортизация  туралы  есептер  ай  сайын  ұсынылады, 
жетіспейтін  материалдық-техникалық  база  тексерілуі  және  жергілікті  атқарушы  органдардың 
мектеп балансынан алып тасталуы тиіс (АТО, 2014).  
Тексеру және аудит 
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мектептерді сыртқы бағалау жүйесін жүзеге 
асыру  мақсатында  2011  жылы  құрылды  (4-тарауды  көріңіздер).  Комитет,  ең  бастысы,  жүйені 
бақылау,  яғни  қолданыстағы  нормативтік  талаптарды  сақтау  мәселелерімен  айналысады.  Оның 
негізгі  қызмет  түрлері  мыналарды  қамтиды:  мектептерге  лицензия  беру  және  кері  қайтару, 
мұғалімдер  мен  мектептерді  бағалауды  жүргізу,  заңдар  мен  қағидаларды  тарату  және  олардың 
орындалуын  қадағалау,  білім  беру  ұйымының  аудит  жоспарын  әзірлеу  мен  бекітуді  бұзу  үшін 
әкімшілік  жаза  қолдану,  тексерілген  субъектілердің  есебін  жүргізу,  аумақтық  органдардың 
қызметін үйлестіру және қадағадау және аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсету.   
Экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  министрлігі  орталық  атқарушы  органдардың  және 
жергілікті  атқарушы  органдардың  жылдық  бағалау  жүйесіне  сәйкес  мониторингтік  есептерді 
бағалайды.  Бұл  бағалау  бірнеше  өлшемдерді  қамтиды  (Помфрет,  2014):  мемлекеттік  талаптарды 
және  тапсырмаларды  жүзеге  асыру  тиімділігі,  бюджетті  тарату  және  басқару  тиімділігі, 
көрсетілетін  қызметтердің  сапасы,  АКТ  енгізу  тиімділігі.  Бағалау  жөніндегі  есеп  мыналарды 
қамтуға тиіс (Помфрет, 2014): 1) жүзеге асыру нәтижелері, қол жеткізілген мақсаттар (нысаналы 
көрсеткіштерге  қол  жеткізбеу  себептері);  2)  әрбір  орындамау  жағдайының  себептерін  көрсете 
отырып,  көзделген  және  жүзеге  асырылмаған  шаралар  тізілімі;  3)  жүзеге  асыруға  ықпал  еткен 
факторларды  талдау;  4)  жүзеге  асыру  кезеңінде  бөлінген  және  қолданылмаған  бюджет 
ресурстарын  талдау;  5)  бақылау  шаралары  туралы  ақпарат;  6)  бағалау  жөніндегі  алдынғы  есеп 
негізінде  стратегиялық  не  жоспарлы  құжатқа  енгізілген  түзетулер  тізілімі;  7)  жүзеге  асыру 
тиімділігі туралы қорытынды; 8) жүзеге асыру процесінде үйлестіру сапасы туралы қорытынды; 9) 
әлеуметтік-экономикалық  даму  процесінде  жүзеге  асыру  нәтижелері  туралы  қорытынды;  10) 
ұсыныстар.  
Бюджетті  тарату  тиімділігін  бағалау  мемлекеттік  басқарудың  барлық  деңгейінде  жалпы 
тиімділікті  талдау  бөлігі  болып  табылатын  жеке  салааралық  бағалау  аясында  жүзеге  асырылады 
(Помфрет,  2014).  Шығыстар  талдауында  тиімділік  жалпы  экономикалық  тиімділікпен  не 

193 
ұтымдылықпен  байланыстырылмай,  білім  берудің  көптеген  стратегиялық  құжаттарында 
орнатылған  мақсаттардың  орындалуына  теңеледі.    Орталық  бюджетті  бақылау  саласында 
барынша  көп  өкілеттіктері  бар  орган  болып  табылатын  Есеп  комитеті
18
  бағдарламаны  жүзеге 
асыруға  не  әрбір  мемлекеттік  органның  тиімділігіне  жекелеген  тәуелсіз  бағалауды  жүргізуі 
мүмкін. Жан-жағынан алып қарағанда, ішкі және сыртқы аудит нәтижелер аудитінің функциялары 
тән,  халықаралық  талаптармен  салыстыруға  қарағанда,  өзін-өзі  бағалау  процесіне  жақынырақ. 
Есеп комитеті ҚР Президентіне бағынады.   
Қаржы  талаптарының  сақталуын  қамтамасыз  ету  және  аудиторлық  есептерді  даярлау  үшін 
жауап  беретін  Қаржы  министрлігі  мемлекеттік  органдардың  есебі  негізінде  бюджет 
шығыстарының  тиімділігіне  жыл  сайынғы  бағалауды  жүргізеді  (Помфрет,  2014).  Облыстарда, 
Алматы  және  Астана  қалаларында  қызмет  ететін  қаржы  инспекциялары  Қаржы  министрлігінің 
Қаржылық  бақылау  комитетінің  өкірлік  бөлімшелерінің  рөлін  орындайды  (АТО,  2014).  Қаржы 
инспекциялары:  1)  ұлттық  және  жергілікті  ресурстарды  пайдаланудың  заңнамалық  талаптарға 
сәйкестігін бақылау; 2) бухгалтерлік есеп және есептілік шынайылығы мен дұрыстығын тексеру; 
3)  мемлекеттік  қаржылық  бақылау  стандарттарының  сақталуын  қамтамасыз  ету;  4)  өтеуді 
қамтамасыз ету және келісімшарттардың күшін жою үшін мемлекеттік сатып алумен байланысты 
бұзушылықтар  үшін  сот  жауапкершілігіне  тарту;  5)  бюджет  және  мемлекеттік  сатып  алу 
саласындағы  заңнаманың  сақталуын  қамтамасыз  ету  үшін  басқа  органдармен  үйлестіру;  6) 
мемлекеттік сатып алу процесінің аудиті; 7) есептерді жасау, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік 
есеп  және  қаржы  есептілігі,  аудиторлық  қызмет,  бюджет  заңнамасы  саласындағы  әкімшілік 
бұзушылықтар жағдайларын қарау және әкімшілік шара қолдану; 8) бухгалтерлік есеп және қаржы 
есептілігі  саласында  мемлекеттік  бақылауды  жүзеге  асыру;  9)  аудиторлық  қызмет  және  кәсіби 
аудиторлық ұйымдардың қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру (АТО, 2014).   
Экономикалық  қылмысқа  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  агенттігі  (Қаржы 
полициясы)  экономикалық  және  қаржы  қылмыстарына  қатысты  қылмыстық  бұзушылықтардың 
жолын  кесуге  және  анықтауға  бағытталған  құқық  қорғау  қызметін  жүзеге  асырады.  Сыбайлас 
жемқорлық  қылмыстары  бойынша  агенттіктің  тергеу  әрекеттері  білім  жүйесін  қоса  алғанда, 
барлық  салаларды  қамтиды.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  қаржы  полициясы  туралы 
хабарламалары  білім  беру  жүйесінде  сыбайлас  жемқорлықтың  таралып  жатқанын,  сондай-ақ 
ресурстарды  теріс  пайдалану  бойынша  қылмыстық  істердің  саны  көбейіп  жатқанын  көрсетеді 
(TengriNews,  2014a).  Агенттік  хабарлағандай,  2013  жылы  білім  беру  жүйесінде  221  қылмыс 
тіркелді,  ал  2014  жылдың  бірінші  тоқсанында  121  қылмыс  тіркелді.  Дегенмен  Қаржы 
полициясының  басты  функциялары  мен  міндеттері  –  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарын  тергеу 
жуырда  Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігіне 
берілді,  ал  экономикалық  және  қаржы  қылмыстарымен  байланысты  функциялар  Қаржы 
министрлігіне берілді  (TengriNews, 2014b). 
Айқындылық және сыртқы есеп берушілік  
Білім  және  ғылым  министрлігі  білім  беру  жүйесі  туралы  біріктірілген  ақпаратты  қамтитын 
жылдық  есепті  жариялайды.  Бұл  есептегі  ақпарат  шектелген  және  нәтижелердің  тереңдетілген 
талдауын жүргізуге мүмкіндік бермейтін тек жалпы деректерді ғана қамтиды (Дүниежүзілік банк, 
2013a).  Есеп  білім  беру  ұйымдарын  лицензиялау,  мектептердің  педагог  кадрларын  және  басшы 
кадрларын  даярлау  және  бағалау,  мектепті  бітірген  білім  алушылар  үлесінің  көрсеткіштері, 
мектептер рейтингі, талдау  және әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратты 
қамтиды.  Алайда  ол  білім  алушыларды  оқыту  нәтижелері  туралы  ақпаратты  ұсынбайды. 
Статистика  агенттігі  тоқсан  сайынғы  есептілік  рәсімдеріне  қадағалауды  жүзеге  асырып  және 
индикаторларды  келісе  отырып,  аралық  органның  рөлін  орындайды.  Есепті  Министрліктің  веб-
сайтында  электрондық  нысанда  алуға  болады,  бірақ  деректер  оқуға  болатындай  нысанда 
жүктелмейді. Есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейін есеп жарияланғанша 1 наурызға 
ұлттық жинақ нысанында қысқаша мазмұн жасалады.    
                                                      
18
 Қаржы ресурстарын пайдалану мониторингі және онымен байланысты айқындылық рәсімдері үшін жауап 
беретін  басты орган  –  Есеп комитеті сарапшылар Шолуды  даярлау үшін барған кезінде олармен 
кездесе алмады.  

194 
Кіріспе ресурстарына, процестерге, мектептердің аралық және ақырғы нәтижелеріне қатысты 
айқындылық  енді  ғана  дами  бастады.  Сарапшылар  аралас  мәліметтерді  алуда.  Бүкіл  жағдайға 
қарағанда,  мектепті  бағалау  нәтижелері  туралы  ата-аналарға  өте  аз  мектептер  хабарлайды, 
басқалары  ата-аналарына  мектеп  аумағында  есеппен  танысуға  мүмкіндік  береді.  Қаладағы 
мектептердің  көбісінде  Интернет-ресурстары  бар,  бұл  сайта  мектеп  әртүрлі  халықаралық  не 
республикалық олимпиадаларға қатысқан не жеңімпаз болған  оқушылар саны туралы ақпаратты 
жариялады. Одан басқа, қалалық веб-сайттар халықаралық не республикалық наградаларды алған 
мектептер  туралы  ақпаратты  қамтиды.  Сондай-ақ  олар  «Ең  үздік  100  мектеп»,  «Үздік  мұғалім», 
«Ең  үздік  орта  білім  беру  ұйымы»  республикалық  конкурстары  туралы  ақпаратты  қамтиды. 
Алайда  бірде-бір  мектеп  өз  қызметінің  нәтижелері  туралы  толық  ақпаратты  ашпайды  және  бұл 
ақпаратты өзінің веб-сайтында не мектеп ғимаратында көзге түсетін жерде жарияламайды.   
Қазақстан парақорлықтың және өз қызмет бабын теріс пайдаланудың кез келген түрлері үшін 
қылмыстық жауапкершілікті көздеу үшін кешенді нормативтік-құқықтық және институционалдық 
шеңберді қоса  алғанда,  мемлекеттік  секторда сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрес  үшін бірқатар 
шараларды  қабылдауда,  электрондық  үкімет  бағдарламасын  жүзеге  асыруда,  халықтың 
хабардарлығын  арттыру  бойынша  компанияны  бастады,  жеке  компаниялардағы  айлықтармен 
бірдей  болу  үшін  мемлекеттік  секторда  еңбекақыны  көтерді  (Ибраева  және  Нежина,  2013). 
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңдардың  сақталуын  министрліктер  және  ведомстволар, 
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік 
комитеті, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қамтамасыз етеді. Соңғы он 
жыл  ішінде  Қазақстанда  білім  беру  жүйесінің  ең  басты  мүдделі  жақтарын  жариялау  және 
насихаттау  бойынша  көптеген  шаралар  жүзеге  асырылды.  2007  жылға  дейін  жүзеге  асырылған 
кейбір  негізгі  шаралар  ашық  дебаттарды,  білім  беру  форумдарын  өткізуді  және  мектептердің 
қаржылық  айқындылығын  бақылау  бойынша  мониторингтік  аудитті  қамтиды.  Басқа  да  шаралар 
өткізілді,  мысалы,  сыбайлас  жемқорлық  мәселелері  бойынша  зерттеулер;  мемлекеттік  органдар 
мемлекет  көмегімен  2008-2011  жылдарда  сыбайлас  жемқорлық  беталыстары  бойынша  11 
социологиялық  зерттеуді  жүргізді  (ЭЫДҰ,  2013).  2012  жылмен  салыстырғанда,  2013  жылы 
сыбайлас  жемқорлықты  қабылдаудың  халықаралық  индексі  нашарлады.  Қазақстан  177  елдің 
ішінде  140  орынды  алып,  өз  орнын  2013  жылдың  индексінде  7  тармаққа  төмендетті 
(TransparencyInternational, 2013), бұл мемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың 
нашарлағаны туралы куәландырады.  
Қамқоршылық  кеңестері  мектеп  деңгейінде  шешімдерді  қабылдау  процесін  жетілдіру 
бойынша  жаңа  бастама  аясында  құрылды.  2011-2020  жылдарға  арналған  ББДМБ    көзделген 
пилоттық  бағдарлама  төңірегінде  енгізілген  қамқоршылық  кеңестері  2012  жылы  36%  мектепте 
қызмет  етті  және  2015  және  2020  жылға  дейін  тиісінше    45%  және  60%  мектепке  дейін  көбеюі 
тиіс.  Осы  органдардың  рөлі  мектеп  қызметіне  қоғамдық  бақылауды  ұйымдастыруда  және 
мектептің  басқарылуын  орталықсыздандыруды  арттыруда  жатыр  (АТО,  2014).    Қамқоршылық 
кеңестерінің  тұрақтылығы  пилоттық  жобаны  орындау  нәтижелеріне  тәуелді  болады.  Ағымдағы 
ББДМБ  -да  қамқоршылық  кеңестердің  бүкіл  ел  бойынша  енгізілетініне  кепілдік  ережелері  жоқ. 
Осы кеңестердің болашағына қатысты ББДМБ -да кепілдік беретін ережелердің болмауын ескере 
отырып,  мектептерді  басқаруда  қамқоршылық  кеңестерінің  алдын  қызмет  еткен  және  олармен 
бірге әрекет етіп жатқан ата-аналар комитеттерінің рөлі бұлыңғыр болып қалуда.  
Осы уақытқа дейін айқындылық және есептілік мәселелерінде ата-аналар комитеттерінің рөлі
сондай-ақ мектеп деңгейінде шешім қабылдауға олардың қатысуы мектеп ресурстарын сатып алу 
мен  пайдалану  мәселелерінде  олардың  тар  функциясына  байланысты  шектелген  болған. 
Комитеттердің сыныптың оқу кіріспе  ресурстарына қатысты заңдық мәртебесі не өкілеттігі жоқ, 
сондай-ақ олардың мүшелерін ашық сайлауды өткізу туралы ережелер де көзделмеген. Дегенмен 
ата-аналар  комитеттерінің  заңнамалық  бекітілген  дауыс  беру  құқыңы  бар,  бірақ  бюджетке 
қатысты  қадағалау  жөнінде  заңды  өкілеттіктері  жоқ  (Дүниежүзілік  банк,  2013).  Тіпті  бүкіл  ел 
бойынша  жұмыс жасап жатқан  ата-аналар комитеттерінің  саны  өскен кезінде  шешімді  қабылдау 
жөнінде өкілеттіктер мектеп директорларының қолдарында қалды.  

195 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет