Ұзақ мерзімді перспективаға: 2012 жылы қабылданған «Қазақстан-2050: бір ел, бір
халық, бір тағдыр» стратегиясы 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясын
алмастырады және алдағы жылдары елдің көрінісін қамтиды.
Орташа мерзімді перспективаға: бірнеше стратегиялық құжаттар, атап айтқанда БДМБ
(2010 жылы қабылданған) және Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 және 2014-
2018 (2014 жылғы) жылдарға арналған Стратегиялық жоспары қабылданды. Сонымен
қатар, Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі іс-қимылдың
2012-2016 жылдарға ұлттық жоспары (2012 жылғы), Орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты (2012 жылғы) қабылданды.
Қысқа мерзімді перспективаға: Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы
жолдауы жаңа бастамалар мен жаңа стратегияларды қабылдауға мүкіндік береді, содан
кейін олар, әдетте, стратегиялық салалық құжаттар мен заңдар шеңберінде әзірленеді.
Министрліктер, ҚР БҒМ қоса алғанда, әр жылға арналған ағымдағы жеке жоспарларын
әзірлейді.
Стратегиялар тиісті мемлекеттік органдарға арналған есептілікте тұрақты түрде
қадағаланатын және көрсетілетін, іске асыру барысын өлшеуге арналған белгілі бір нысаналы
индикаторлар мен көрсеткіштерді қамтиды. Жоспарлау жүйесі ұйымдастырушылық иерархия
негізінде жұмыс істейді. Облыстар және, сәйкесінше, аудандар да ұлттық стратегиялық
мақсаттарды нақты өңірлік және жергілікті іске асыру жоспарларына өзгертіп және нысаналы
мәндерді қызмет саласындағы мониторинг индикаторларына тұжырымдай отырып, білім беру
жөніндегі өз стратегиялары мен жоспарлық құжаттарын әзірлейді. Стратегиялық жоспарлаудың
мұндай тәсілі алысқа бағытталған стратегиялық мақсаттардың көрсеткіштер қатарына барабар
бөліне алады және жергілікті және өңірлік органдар олардың басты құралы ретінде осы
көрсеткіштер арқылы нәтижелерді бақылай алады деген болжамға негізделген.
Мектептегі білім беру жүйесінің құрылымы мен негізгі сипаттамалары
Қазақстандағы білім беру мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және
орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімді қоса алғанда), орта білімнен кейінгі, жоғары
білімге (1.А2 қосымшасындағы білім беру жүйесінің құрылымын қараңыз) бөлінеді. Осы есептегі
«мектептегі білім беру» термині бастауыш білімді (1-4 сыныптар), негізгі орта білімді
(5-9 сыныптар) және жалпы орта білімді (10-11 және 12
3
сыныптар) білдіреді. Конституцияға
сәйкес, білім берудің осы деңгейлері ммлекеттік білім беру ұйымдарында міндетті және тегін
болып табылады.
Бұл баяндамадағы талдау аймағы мектептегі білім беру ресурстарын пайдаланумен шектелгенін атап өту
қажет (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім).
33
Білім беру жүйесінің құрылымы
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
Мемлекеттік бөбекжайлар мен балабақшалар желісі 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларды
мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарымен қамту мектептегі білім беруде байқалатын қамтудың жоғары деңгейлерінен артта
қалған. 1990-жылдардың басында, әсіресе ауылды жерлерде, мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарының 70%-ы жабылып қалғн, осының нәтижесінде балалардың көпшілігінде мектепке
дейінгі білімге қол жетімділігі болмады. Қазақстанда 2005-2010 жылдар аралығындағы кезеңде ел
бойынша мектепке дейінгі біліммен қамту коэффиценттері еке есе артқан (2005 жылғы 23%-дан
2010 жылғы 42%-ға дейін), осы ретте ауылды жерлердегі бұл өсу алты есе болған (6,7%-дан 35%-
ға дейін) (ЭЫДҰ, 2014a). Мектепке дейінгі білім беру Қазақстан мектептерінде ресурстарды
пайдалану тиімділігін жақсарту жөніндегі саясатты шолудың мазмұнына қосылмаған, бірақ
ЭЫДҰ-ның жеке шолуының мәні болып табылады (Литенс және басқаларын қараңыз, жариялауға
дайындалуда).
Мектептегі білім беру
Бастауыш білім алты-жеті жастан басталады және төрт жылға созылады. Негізгі орта білімнің
ұзақтығы бес жылды құрайды, содан кейін жалпы орта білімнің екі жылы немесе техникалық және
кәсіптік орта білімнің екі-төрт жылы бар. 2011 жылы тоғызыншы сынып түлектерінің үштен екі
бөлігіне жуығы орта мектептің жоғары сыныптарына өтсе, үштен бір бөлігі техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарына түскен (АТО, 2014). Жалпы орта білімді сәтті аяқтаған оқушылар
техникалық және кәсіптік білімнің (ТжКБ) қысқартылған (екі-үш жыл) бағдарламаларына түсе
алады немесе оқуды жоғарғы оқу орындарында жалғастыра алады (ЭЫДҰ, 2014a).
Техникалық және кәсіптік орта білім колледждерде (бұрын «кәсіптік лицейлер» деп аталатын)
және жоғарғы техникалық мектептерде беріледі. Техникалық және орта кәсіптік білім беру
Қазақстан мектептерінде ресурстарды пайдалану тиімділігін жақсарту жөніндегі саясатты
шолудың мазмұнына енгізілмеген, бірақ ЭЫДҰ-ның басқа шолуының мәні болды (Алварез-
Галван, 2014 қараңыз). Сондай-ақ, орта білімді аяқтамай, мектепті тастап кеткен жастарға
арналған кешкі мектептер саны да өсіп келе жатыр.
Орта білімнен кейінгі және үшінші білім
2011 жылы барлығы 146 университет, академия, институт, консерватория, жоғары мектептер
мен жоғары колледждер орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын ұсынды.
Түлектер кем дегенде төрт жыл оқығаннан кейін Бакалавр академиялық дәрежесін ала алады.
Қабылдау жалпы орта білімді бітіру емтиханы мен жоғары оқу орнына түсу тестін біріктіретін,
11-сыныпты (немесе 12-сыныпты) бітіргеннен кейін өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан
әрі – ҰБТ) нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Болонск процесіне 2010 жылы
қосылды. Орта білімнен кейінгі білім академиялық (ұзақтығы - екі жыл) немесе техникалық және
кәсіптік мамандықтар (ұзақтығы - бір жылдан кем емес) бойынша беріледі (ЭЫДҰ, 2014a).
Негізгі сипаттамалар
Қазақстанда орта білім міндетті болып табылады және оқушылар мемлекеттік мектепке тегін
баруға құқылы. Оқушылар барғысы келетін мектептерін таңдай алады, осы ретте мектепке
бекітілген ауданда тұратын өтініш берушілерге басымдық беріледі. Қазақстанда 2013-2014 оқу
жылдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріндегі бағдарламаларды
жүзеге асыратын 7 648 мектеп 2 571 989 оқушыға білім берді. Білім беру ұйымдарының жүйесі
мектептердің әр түрлі типтері мен түрлерін қамтиды, олардың көпшілігі (95,5%) мемлекеттік
болып табылады және ҚР БҒМ ведомствосына қарайды (1.1-кестені қараңыз). Соңғы он жылда
мемлекеттік емес мектептер саны өсті, бірақ олар елдегі барлық мектептердің 1,4%-ын ғана
құрайды, оларда оқушылардың 0,8%-ы оқиды. 2013-2014 оқу жылдарында елде жұмыс істеген
107 мемлекеттік емес мектептің жартысына жуығы Алматы және Астана қалаларында болған
(АТО , 2014). Мемлекеттік емес мектептер, әдетте, халықаралық тәжірибені ескере отырып
34
әзірленген оқу бағдарламаларын ұсынады, оқу үшін төлемді өздері белгілейді және қандай да бір
мемлекеттік қаржыланыру алмайды.
Мектептердің көлемі мен орналасқан орны қазақстандық мектептер желісінің ерекшеленетін
маңызды сипаттамалары болып табылады. Қала мектептерінде, әдетте, оқушы орындарының
жетіспеушілігі байқалады және оларға бірнеше ауысымда жұмыс істеуге тура келеді.
2009-2010 оқу жылында мектептердің 66%-ында оқыту екі-үш ауысымда жүзеге асырылған.
Алайда, халықтың тығыздығының төмендігі және жалпыға бірдей қол жетімділікке әсер ететін
саясат оқушылар санының аздығымен және оқушы-мұғалім қатынасының төмендігімен
сипатталатын шағын жинақталған мектептер санының өсуіне әкелді. Шағын жинақталған
мектептер қазақстандық заңнамада мектептердің ерекше тобы болып танылды, осы мектептерде
сабақты аралас сыныптарда жүргізуге рұқсат етіледі. Қазақстандағы ең кішкентай елді
мекендердің өзінде, міндетті мектеп жасындағы балалардың кемінде бесеуі тұрған жағдайда,
мектептің болуына құқығы бар. Мектептердің шамамен 50%-ға жуығы шағын жинақталған болып
саналады, бірақ оларда оқушылардың 11%-ы ғана оқытылады (1.1-кестені қараңыз). Кейбір
өңірлерде, әсіресе Солтүстік Қазақстан (86%), Ақмола (81%), Қостанай (76%) және Батыс
Қазақстан (74%) облыстарында мектептердің басым көпшілігі шағын жинақталған мектептер
болып табылады. 2010 жылы бастауыш мектептерде оқушылардың орташа саны бір мектепке
12 оқушыны, негізгі мектепте - 45 оқушыны, жоғары мектепте - 146 оқушыны құрады. Шағын
жинақталған мектептер сыныптар көлемінің кішкентай болуы, дамымаған инфрақұрылым,
кадрлардың жетіспеушілігі және жиі білім берудің төмен сапасы сияқты ерекше проблемаларға
кездеседі. Қабылданатын мемлекеттік саясат шаралары осы мектептердің әлеуетін арттыру үшін
ресурстық орталықтар құруға және баламалы мектеп- интернаттар мен көлікпен қамтамасыз етуді
қолдауға бағытталған.
1.1-
кесте
Қазақстан және ЭЫДҰ
-
ның негізгі білім беру статистикасы, 2012
-2013
Қазақстан (2013)
Мектеп
-
тер саны
%
Оқушылар
саны
%
Жалпы білім беретін орта мектептер
7648
100.0
2571989
100.0
олардың ішінде
:
Мемлекеттік мектептер
7307
95.5
2525047
98.2
Жекеменшік мектептер
107
1.4
19579
0.8
Кешкі мектептер
81
1.1
12661
0.5
Назарбаев зияткерлік мектептері (НЗМ)
15
0.2
9700
0.4
Басқа мектептер
1
138
1.8
5002
0.2
Жалпы білім беретін орта мектептер
7307
100.0
2525047
100.0
олардың ішінде
:
Қазақ тілінде оқитын
2
3796
52.0
1607509
61.9
Орыс тілінде оқитын
1349
18.5
894658
34.4
Басқа тілде оқитын
76
1.0
95339
3.7
Оқыту
бір
тілден
артық
тілде
жүргізілетін
мектептер
2086
28.5
n/a
n/a
Қала мектептері
1605
22.0
1403377
55.6
Ауыл мектептері
5702
78.0
1121670
44.4
Шағын жинақталған мектептер
3639
49.8
284267
11.3
Қазақстан (2013) орташа ЭЫДҰ
-
мен салыстырғанда
(2012)
Қазақстан
(2013)
Орташа ЭЫДҰ
(2012)
35
Мемлекеттік
шығындар
ЖІӨ
3
-
ден
%-
бен
Білім берудің барлық шығындары
3.8
5.6
Бастауыш және орта білім
2.1
3.6
Қамтудың таза коэффициенті
Бастауыш
және
негізгі
орта
білім
(6-14
жас
)
99
98
Жалпы орта білім
(15-19
жас
)
86
83
Сыныптың орташа көлемі
Бастауыш
және
негізгі
орта
білім
23
21
Орта білім
18
24
Оқушы
-
мұғалім қатынасы
5
Бастауыш
және
негізгі
орта
білім
17
15
Орта білім
6
13
Оқыту нәтижелері
PISA 2012
математика
,
орташа балл
432
494
PISA
2012 математика, %
2-
деңгейден төмен
45
23
Ескерту
:
1:
Арнайы
түзету
мектептерін
,
республикалық
мектептері
және
басқа
мектептерді
қамтиды
.
2:
Оқушылар саны 2012 жылғы деректерге негізделген.
3: ЭЫДҰ үшін
2011 жылғы деректерге
негізделген .
4: Қазақстан
үшін
2012 жылғы деректерге
негізделеген.
5: Есептерде Қазақстан үшін мұғалімдердің нақты саны
,
ЭЫДҰ
үшін
мұғалімдер санының толық штаттық бірлігінің баламасы
пайдаланылған .
Дереккөздер
:
ҰББСБО
(2014) және ЭЫДҰ (2014
b).
Әр мектепте берілетін білім деңгейі мен оқыту тілі ерекшеленеді. Көптеген мектептер
балалар 1-ден 11-сыныпқа немесе 12-сыныпқа дейін оқитын жалпы білім беретін күндізгі
мектептерге жатады; күндізгі мектептердің 13%-ы оқытуды бастауыш сыныптарда ғана, 1-ден
4-ші сыныпқа дейін жүзеге асырады; мектептердің 15%-ы оқытуды тек 5-9 сыныптарда ғана
жүзеге асырады. Жалпы білім беретін күндізгі мектептердің жартысынан көбі (52%) оқуды қазақ
тілінде, 19%-ы орыс тілінде ұсынады, мектептердің 29%-ы «аралас тілде» білім беретін
мектептерге жатады; бұдан басқа, тәжік тілінде оқытатын екі мектеп, ұйғыр тілінде оқытатын 14
мектеп, өзбек тілінде оқытатын 60 мектеп бар (АТО , 2014).
Дарынды балаларға арналған мектептерде және пәндерді тереңдете оқытатын мектептерде
(мысалы, математика, жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, гуманитарлық пәндер,
музыка, өнер) оқитын оқушылар құрамы өсіп келеді. Гимназиялар мен лицейлер пәндерді
тереңдетіп оқытатын мектептердің ең көп таралған мысалы болып табылады. Алайда, жаңа білім
беру практикаларын дамыту үшін Президенттің бастамасы бойынша құрылған Назарбаев
зияткерлік мектептері (НЗМ) ең беделді мектеп болып саналады (3-бөлімдегі 3.1-ендірмені
қараңыз).
Ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі оқушылар жеке «түзету»
мектептерінде, кәдімгі мектептердің жеке сыныптарында, немесе үйінде оқытылады. Кәдімгі
мектептерде оқитын, ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі оқушылар құрамын
арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат шаралары қабылдануда (3-бөлімді қараңыз).
Қамту, тиімділік және жетістіктер
Қазақстанда бастауыш және орта білімге қол жетімділік жүз пайыз деуге болады. 2013 жылы
қамтудың таза коэффициенті (ресми белгіленген мектеп жасына сәйкес келетін халық үлесінде
көрінетін ресми белгіленген мектеп жасындағы балаларды қамту) бастауыш білімде 99%-ды және
негізгі орта білімде 86%-ды құрады (1.1-кестені қараңыз). Қазақстан баршаға арналған бастауыш
және орта біліммен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізе алды, бірақ географиялық орналасуы,
әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары және жыныстық тиесілілігі бойынша қамтуда аздаған
36
өзгешеліктер бар. Қыз балалар мен ер балалар, ауылдық жерлер мен қалалар, жоғары және төмен
табыс деңгейі бар отбасылар арасындағы қамтудағы айырмашылық бастауыш білімдегі бір
пайыздық тармақтан кем (ЮНИСЕФ, 2012). Бұл айырмашылықтар табыс деңгейі ең төмен халық
санатына жататын балаларды қоспағанда, орта білімде де байқалады. Мектепті тастап кеткен
балалардың шамамен 90%-ға жуығы – бұл аз қамтамасыз етілген және төмен отбасылардан
шыққан балалар (Сингх, 2012). Білім алуға тең қол жетімділікке қарамастан, мектептер бір-бірінен
ресурстарының саны және сапасы бойынша едәуір ерекшеленеді (3-бөлімді қараңыз). Бұдан басқа,
әсіресе ауылды жерлерде мектепке дейінгі біліммен қамтудың төмен деңгейі оқушылардың
мектепке түсу кезінде әр түрлі бастауыш мүмкіндіктеріне әкеледі. Қазақстанда мектепке дейінгі
білім беру ұйымына бір жылдан артық уақыт барған балалардың пайыздық үлесі (24%) PISA
бағдарламасына қатысқан елдерде ең төмендерінің бірі болып табылады (ЭЫДҰ, 2013b).
Халықтың білім деңгейі өте жоғары: 25 жастан жоғары ересек адамдардың төрттен бір
бөлігінің жоғары білімі бар, 30% - орта білімнен кейінгі білімі бар, 40% жалпы орта білім алған
(АТО, 2014). Әйелдер арасында білім деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: әйелдердің 28%-ы ерлер
арасындағы 23%-бен салыстырғанда жоғары білім алған және әйелдердің 33%-ы ерлер
арасындағы 29%-бен салыстырғанда орта білімнен кейінгі білім алған (АТО, 2014). Ресми емес
деректер оқушылардың сұрыпталғаннан қалған пайызының өсу қарқынын көрсетіп отыр, себебі
мемлекеттік оқу бағдарламасы қазіргі заманғы еңбек нарығына сәйкес келмейді деп қабылданады,
алайда, осы мәселе бойынша ресми деректер жоқ (ЮНИСЕФ, 2012).
Қазақстанда соңғы жылдар ішінде оқушылардың үлгерімі туралы ақпаратты бағалаудың
халықаралық бағдарламаларының нәтижелері береді. 2007 жылдан бастап Қазақстан Оқу
жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық өткізетін (IEA) Математикалық және
жаратылыстану-ғылыми білім сапасын халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеуге
(TIMSS) және 2009 жылдан бастап Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық
бағдарламасына қатысады (PISA). TIMSS 4 және 8-сынып оқушылары арасындағы математикалық
және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша оқу жетістіктері туралы ақпарат береді және әр
төрт жыл сайын өткізіледі. PISA 15 жастағы арасында оқу, математика мен жаратлыстану-ғылыми
пәндер бойынша оқу жетістіктерін халықаралық салыстырмалы зерттеу болып табылады және үш
жылда бір рет өткізіледі.
TIMSS зерттеуінде 2007 жылы 4-сынып оқушылары математикадан 549 балл және
жаратылыстанудан 533 балл жинады, бұл Қазақстанға 36 елдің ішінде 5-ші және 11-ші орынды
иеленуге мүмкіндік берді (Муллис және басқалары 2008, Мартин және басқалары 2008). Жүйенің
нәтижелері TIMSS-2011 келесі кезеңінде шамамен орташа деңгейге дейін төмендеді. 2011 жылы
4-сынып оқушылары математикадан 501 балл және жаратылыстанудан 495 балл жинады, бұл
Қазақстанды Жаңа Зеландия, Норвегия және Швециямен қатар рейтингтің ортасына
орналастырды. Ел 50 елдің ішінде 4-сынып оқушылары арасында математикадан 27-орынды,
4-сынып оқушылары арасында жарытылыстанудан 32-орынды алды (Мартин және басқалары,
Муллис және басқалары). Оған қоса, 2011 жылы 8-сынып оқушыларын бағалау нәтижелері де
4 жыл бұрын 4-сынып оқушылары бола отырып тест тапсырған балалардың нәтижелерінен төмен
болды (математикадан 487 балл және жаратылыстанудан 490 балл). 2011 жылы TIMSS-2011
нәтижелері төртінші сынып және сегізінші сынып оқушыларының жартысынан астамы
математикадан да (62% және 57%) және жаратылыстанудан да (58% және 58%) «орташа
көрсеткіш» деңгейіне жеткенін көрсетті, бұл ЭЫДҰ елдерінің нәтижелеріне балама және осы
тестілер бойынша орташа халықаралық деңгейден жоғары болды.
PISA 2012 жылы қазақстандық оқушылар орта есеппен математикадан 432 балл (бағалаудың
басты аясы), оқудан 393 балл және жаратылыстанудан 425 балл алған, ал ЭЫДҰ елдерінің
оқушылары орта есеппен сәйкесінше 494, 496 және 501 балл алған (ЭЫДҰ, 2014с) (1.3-суретті
қараңыз). Математика бойынша нәтижелердің орташа деңгейіндегі айырмашылық қазақстандық
15 жастағы оқушылардың орта есеппен ЭЫДҰ елдеріндегі өздерінің жастастарынан екі жылға
артта қалып отырғанан көрсетеді. Шамамен қазақстандық 15 жасар оқушылардың 45%-ы
математикадан төмен нәтижелер көрсетеді, олар бір дереккөзден тиісті ақпаратты шығара алады
және тұтастай салдармен міндеттерді шешу үшін негізгі алгоритмдерді, формулаларды, рәсімдерді
немесе ережелерді қолдана алады. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен біршама
37
жоғары (23%). Оқушылардың шамамен 0,9%-ға жуығы математикадан ең жоғары нәтижелерді
көрсетеді, олар күрделі жағдайлар бойынша модельдер әзірлеп, олармен жұмыс істей алады,
ойлау мен пайымдаудың ауқымды, жақсы дамыған дағдыларын қолдана отырып, стратегиялық
жұмыс істей алады. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдеріне қарағанда орта есеппен төменірек (13%).
Балдардың таралуы үлкен емес және жоғарғы және төменгілер арасында математикадан
балдардағы айырмашылық 10% пайыз оқушыларда PISA қатысқан елдер арасында шағын болып
келеді.
1.3-
сурет
PISA-
2012 оқу
бойынша оқушылардың жетістік деңгейлері
Дереккөз: ЭЫДҰ (2014с), PISA 2012 нәтижелері: оқушылар
нені жасай
алады
және
біледі (
1-
том, қайта
қаралған
редакция
,
2014 жылғы ақпан
):
Оқушылардың математика, оқу
және ғылымдар
бойынша нәтижелері
, PISA, OECD,
Publishing, Париж,
http://dx.doi.org/10.1787/9789264208780-en
.
Қазақстанда, PISA зерттеу нәтижелеріне сәйкес, мектептерді оқыту тілі, мектептердің
орналасуы, оқушылар мен мектептердің әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары оқушылардың
нәтижелеріне әсер етеді. Алайда, елеулі гендерлік айырмашылық байқалмайды. Қазақ тілінде
оқитын мектеп оқушылары орыс тілді мектеп оқушыларына қарағанда анағұрлым төмен
нәтижелер көрсетті, PISA-2012, осы ретте оқу мен математика бойынша нәтижелердегі
айырмашылық оқудың шамамен бір жылына тең (Дүниежүзілік банк, 2014). Бұл вариациялар әр
түрлі
мектептерге
баратын
оқушылардың
әлеуметтік-экономикалық
мәртебесіндегі
айырмашылықты немесе осы мектептердің оқушыларында бар ресурстарындағы айырмашылықты
көрсетуі мүмкін. Дүниежүзілік банк жүргізген талдау мектеп ресурстарының 2009 және 2012
жылдар арасындағы PISA орта балдарын жақсартуға оқушылардың әлеуметтік жағдайы сияқты
әсер еткенін көрсетті. Математика бойынша мектеп ресурстары үлгерімі жақсы оқушылардың
нәтижелерін жақсартуға көбірек әсер етсе, оқу сауаты бойынша олар үлгерімі орташа және төмен
балаларға көбірек әсер етеді (Дүниежүзілік банк, 2014). Ауылды жерлерде (халқы 3000 адамнан
кем) немесе кенттер мен шағын қалаларда (халқы 3000-нан 100 000 адамға дейін) орналасқан
мектептердің оқушылары арасындағы айырмашылық елеулі болған жоқ, бірақ қалалардағы (халқы
100 000 мыңнан астам) мектептердің оқушылары PISA-2012 анағұрлым жоғары нәтижелерді
көрсетті (ЭЫДҰ, 2013b). Алайда, ауылды жердің мектептеріндегі оқушылардың нәтижелері PISA
2009 салыстырғанда бір оқу жылына жақсарса, қала мектептеріндегі олардың жастастарының
нәтижелері оқудың жарты жылына жақсарған. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени мәртебе
көрсеткіштері бойынша төмен ширекке жататын оқушылар жоғарғы ширек оқушыларына
қарағанда анағұрлым төмен нәтижелер көрсетті, осы ретте математика бойынша айырмашылық
оқытудың бір жылдан астам уақытына баламалы (ЭЫДҰ, 2013b). Қазақстанда оқушылардың
математикадан нәтижелеріндегі айырмашылықтардың 8%-ы оқушылардың әлеуметтік-
экономикалық мәртебесіндегі айырмашылықтар есебіне жатады (ЭЫДҰ елдеріндегі 15%-бен
100
80
60
40
20
0
20
40
60
80
100
Қ
АЗА
Қ
СТ
АН
М
ек
си
ка
Чи
ли
Сло
ва
ки
я
Из
ра
иль
Ш
ве
ци
я
Гр
ец
ия
Люк
се
мб
ур
г
Тү
рк
ия
Сло
ве
ни
я
Исла
нди
я
Ве
нг
ри
я
Ит
али
я
Авст
ри
я
Ф
ра
нц
ия
По
рт
уг
али
я
Эст
они
я
ЭЫД
Ұ,
ор
та
ш
а
Че
хи
я
Ұлы
бр
ит
ани
я
АҚ
Ш
Жа
ңа
З
ела
нди
я
Но
рве
ги
я
Бе
ль
ги
я
Да
ни
я
Ге
рма
ни
я
Авст
ра
ли
я
Ни
де
рла
нды
Ш
ве
йц
ар
ия
Ф
инля
нди
я
Ка
на
да
По
ль
ш
а
Жа
по
ни
я
Ирла
нди
я
Эст
они
я
Ко
ре
я
Оқу
ш
ы
л
ар
д
ы
ң
пайыз
д
ы
қ
үл
есі
1b деңгейінен төмен
1b деңгейі
1a деңгейі
2 деңгейі
3 деңгейі
4 деңгейі
5 деңгейі
6 деңгейі
Достарыңызбен бөлісу: |