2-БӨЛІМ
МЕКТЕПТЕРДЕ РЕСУРТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ
Қазақстандық білім жүйесі қатаң орталықтандырылған. Білім беру ресурстарын пайдалануды
басқару ауқымды орталықтандырылған жоспарлауды, нормалардың бөлшектік жүйесін және
әкімшілік басқарудың ең төменгі деңгейлері шешімдерді қабылдау процесінде де және
бюджеттендіруге қатысты анағұрлым жоғары деңгейлерге бағынатын нақты иерархияны
қамтиды. Негізгі қатысушылар Президент және оның Әкімшілігі, Білім және ғылым министрлігі,
Ұлттық экономика министрлігі (ЭБЖМ), ҚМ, облыстар, аудандар және мектептердің өздері
болып табылады. Білім беру саласы шамшыл реформалар (мысалы, 12-жылдық білім беруді
енгізу, мектептерді қаржыландырудың жаңа үлгісі) өткізілетін басым сала болып табылады.
Бұл реформалар «Қазақстан 2050: бір ел, бір халық, бір тағдыр» даму стратегиялары мен ҚР
білім беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
сияқты стратегиялық құжаттарда көрсетілген көрініс арқылы анықталған. Осы реформалар
білімге бөлінетін қаражатты арттыру жөніндегі ниетпен және әлеуетпен және бір оқушыға
арналған шығыстар орта есеппен алғанда ЭЫДҰ бойынша және басқа көрші елдерге қарағанда
төмендеу болып қалатынын түсіне отырып өткізіледі. Ұзақ мерзімді орталықтандырылған
жоспарлау білім беру саласындағы саясаттың реттілігін қамтамасыз етеді, ал нормалардың
кешенді жүйесі мектептерге білім органдарының шешімдеріне қатысты кепілдікті көздейді.
Дегенмен, жеткіліксіз жергілікті және мектеп дербестігі ресурстарды тиімді пайдалануға
кедергі келтіреді, сондай-ақ олардың шарттары мен мәнмәтінін есепке ала отырып, жергілікті
қажеттіліктерге әсер ету қабілеті де шектеулі болып табылады. Бұдан басқа, бюджетаралық
трансферттер жергілікті қажеттіліктер үшін жеткіліксіз және нәтижесінде әр түрлі
өңірлерде, елді мекендерде және мектептерде бір оқушы басына арналған шығындардың
айтарлықтай айырмашылығына әкелетін шағын ғана теңестіруді білдіреді.
48
Осы бөлім мектептегі білім беру жүйесіндегі ресурстардың пайдаланылуын басқару
мәселелеріне арналған. Онда ресурстарды пайдалану тиімділігінің мектепте білім беру жүйесінің
негізгі элементтеріне, мысалы, шешім қабылдау жөніндегі құқықтарды бөлуге, оқыту
құрылымына, ата-аналық таңдау деңгейіне немесе жеке сектор көлеміне әсері талданады. Сондай-
ақ, ол мектептегі білім беру үшін қолда бар ресурстардың деңгейі мен олардың дереккөздері
мәселесіне де қатысты. Бұдан басқа, онда ресурстарды пайдалануды жоспарлау (мысалы,
басымдықтар мен міндеттерді анықтау, ресурстарды пайдалану үшін жауапкершілікті бөлу) және
ресурстардың тиімді пайдаланылуын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру (мысалы, тиісті
мүдделі тараптармен ресуртарды пайдалану туралы консультация және өзара іс-қимыл) мәселелері
талқыланады.
Мәнмәтін және ерекшеліктер
Мектепте ресурстарды пайдалану бойынша жауапкершіліктерді бөлу
Қазақстандық білім жүйесі қатты орталықтандырылған. Мектептердің ресурстарды пайдалану
бойынша міндеттерді бөлу мектептегі білім беру жүйесін басқарудың жалпы жүйесіне сәйкес
келеді, ол 1-бөлімде сипатталған. Қазақстандық білім беру жүйесін басқару құрылымы әкімшілік
басқарудың әр түрлі деңгейлері шешімдер қабылдау құрылымы бөлігінде де және бюджеттік
процесс бөлігінде де анағұрлым жоғары деңгейлерге бағынатын, бұрынғы кеңес үкіметі үлгісіне
өте ұқсас. Мектептердің ресурстарын пайдалану бойынша міндеттерді қатысы бар тараптар
бойынша жалпы бөлу төменде және қызмет саласы бойынша 2.1-кестеде сипатталған:
Президент және Президент Әкімшілігі білім жүйесін дамыту үшін нақты және толық
бағыттарды қамтамасыз етеді, олардың нәтижелері үшін ҚР БҒМ есептілікті және ерекше
маңызы бар бастамалардың мониторингін қамтамасыз етеді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру саласындағы құзырлы орталық орган болып
табылады. ҚР БҒМ білім беру саласында нормативтік-құқықтық актілердің іске
асырылуын, сондай-ақ білім беру бюджеттерінің жобаларын дайындауды қоса алғанда,
білім беру жүйесін стратегиялық жоспарлауды, басқару мен қаржыландыруды
қамтамасыз етеді. Министрлік бірқатар негізгі мәселелерді реттейді: оқу
бағдарламаларын, оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларын, оқушыларды бағалау
жүйесін әзірлеуді ұйымдастыру, кейбір қаржы ресурстарын бөлу және басқару. Өңірлік,
жергілікті деңгейлерде және мектеп деңгейінде қабылданатын шешімдердің көпшілігі
тиісті нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде қабылданады.
ҚР БҒМ адами және қаржылық ресурстарды басқарудағы икемділікті қамтамасыз ету
үшін: мемлекеттік кәсіпорындар (52 дала зерттеулері кезінде), акционерлік компаниялар
(8) және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (1) нысанында өзіне бағынышты
бірнеше мекеме мен ұйым құрды. Осы ұйымдардың көпшілігі соңғы 10 жыл ішінде
құрылды және сапаны қамтамасыз ету, статистика немесе жобаларды басқару сияқты
бағыттарда мамандандырылады. Осылайша, Білім беру статистикасы және бағалау
ұлттық орталығы (БСБҰО) білім беру статистикасы мен бағалаудың кейбір деректерін
жинау мен талдау үшін жауапты болады
4
. Тағы бір, біздің тақырыбымызға қатысты ұйым
– мектептерді қаржыландырудың жаңа үлгісін құруға жауапты Қаржы орталығы.
Ақпараттық-талдау орталығы Министрліктің халықаралық жобаларын іске асырады,
мысалы, ЭЫДҰ өткізетін білім беру жүйесіне шолулар. Біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы («Өрлеу») мектеп мұғалімдері мен басшыларына арналған кәсіптік даму
мүмкіндіктерін әзірлеу мен қамтамасыз етуге жауапты болады. «Назарбаев зияткерлік
мектептері» ДБҰ (НЗМ) педагогикалық шеберлік орталығы НЗМ-де педагогикалық және
институционалдық инновацияларды әзірлеу мен енгізуді, сондай-ақ оларды басқа
мектептерге таратуды қолдайды. Соңында, Ұлттық білім академиясының жанындағы
4
ЭЫДҰ сарапшыларының дала зерттеулерінен кейін 2014 жылғы желтоқсанда «Білім беру статистикасы
және бағалау ұлттық орталығы» РМКК (БСБҰО) жабылып, оның қызметтері «Ақпараттық-талдау
орталығы» АҚ-ға ықпалдастырылды.
49
Шағын жинақталған мектептерді дамыту орталығы шағын жинақталған мектептердің
тиімділігін бақылау және жақсартуларға жәрдемдесу үшін құрылған болатын.
Ұлттық экономика министрлігі (бұрынғы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі) салық-бюджет саясатын әзірлеуге; ұлттық жоспарлаудың тұтас және тиімді
жүйесін құруға; ұсынылатын жылдық бюджетті, бюджеттік жіктемені және бюджеттік
өтінімдерді дайындау мен беру тәртібін әзірлеуге; инвестициялық жобаларды іске асыру
мониторингіне; өңірлік және жергілікті мемлекеттік басқаруды жақсарту жөнінде
ұсыныстар әзірлеуге; орталық, өңірлік және жергілікті органдардың қызметі туралы
есептілік бойынша талаптарды белгілеуге жауапты. Бұдан басқа, ҰЭМ орталық, өңірлік
және жергілікті органдардың қызметін үйлестіреді.
Қаржы министрлігі бюджеттің атқарылуы, республикалық бюджеттің және өз өкілдігі
шегінде, жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен
бюджеттік есептілік саласындағы салааралық үйлестіруді әкімшілендіреді және жүзеге
асырады. ҚМ Қазынашылық комитеті мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылайды
және орталық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде әрекет етеді. Облыстар мен
аудандардың Білім департаменттері ҚМ Қаржылық бақылау инспекциясы тарапынан
тексерілуге жатады. Қаржылық бақылау комитеті ішкі қаржылық бақылау және
мемлекеттік сатып алу, аудит, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі іс-
шаралар мәселелеріне жауап береді.
Есеп комитеті аудиттің жоғары органы, яғни республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау бойынша жоғары өкілеттіліктер берілген орган болып табылады. Есеп комитеті
Президентке тікелей бағынады және оның алдында есеп береді. Өңірлік және жергілікті
деңгейде 2011 жылы бюджетті сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жақсарту
мақсатында аудит бойынша комиссиялар құрылды.
Облыстың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органы техникалық және
кәсіптік білім беруді, мектептерде, арнайы және мамандандырылған мектептерде оқуды
қамтамасыз етеді. Мұғалімдерді жұмыстан үзбей оқытуды қамтамасыз етеді, мектептер
үшін әдістемелік, педагогикалық, психологиялық және медициналық консультациялық
қолдау көрсетеді. Өңірлік олимпиадаларды, өңірлік деңгейдегі конкурстарды
ұйымдастырады. Оқулықтарды таратуды, мектеп инфрақұрылымын қамтамасыз етуді,
оқушылардың нақты санаттары үшін тегін және субсидияландырылған мектепте
тамақтандыруды және жетім оқушыларды қолдауды жүзеге асырады.
Ауданның білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органы, басты түрде, физикалық
ресурстарды үйлестіру мен басқаруға, сыныптар көлемін анықтауға және мектептер үшін
әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуге жауап береді. Бюджет кодексіне сәйкес,
жергілікті билік органдарына мектептерді қаржыландыру, кешкі білім беру мен мектеп-
интернаттар үшін басты жауапкершілік жүктеледі. Ауданның жергілікті атқарушы
органы оқулықтар мен оқу материалдарын сатып алу мен жеткізуді ұйымдастырады,
мектеп олимпиадалары мен жергілікті деңгейдегі конкурстарды ұйымдастыру мен
өткізуді қамтамасыз етеді, оқушылар үшін тегін тамақтануды және мектептерді
ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етеді. Мектеп директорлары ай сайынғы
негізде білім бөлімі бастығының төрағалығымен ұйымдастырылып, әрекет ететін және
нормативтік құжаттарды орындауға және ағымдағы мәселелерді шешуге жәрдемдесуге
арналған аудандық білім бөлімінің жиналыстарына қатысады.
Мектептер кадрлық ресурстар мәселелерін қоспағанда, ЭЫДҰ-ның басқа елдерімен
салыстырғанда, Қазақстандағы мектеп ресурстарының менеджменті саласында шағын
дербестікке ие (2.1-суретті қараңыз). Мектептер, басты түрде, оқушыларды оқытуды
ұйымдастыруға, үлгерімі төмен оқушыларды қолдауға және мұғалімдер контингентін
басқаруға жауапты. PISA-2012 нәтижелеріне сәйкес, 15 жастағы оқушылардың басым
бөлігі оқитын мектептерде директорлар жұмысқа жалдау кезінде мұғалімдерді таңдауды
өткізеді (81%) және мұғалімдерді жұмыстан шығарады (76%) (ЭЫДҰ, 2013a). Алайда,
50
оқушылардың тек аз үлесі ғана мектеп директорлары оқушыларды бағалай отырып
саясатын анықтайтын (34%), олар қолданатын оқулықтарды таңдайтын (16%), оқу
пәндерінің мазмұнын анықтайтын (7%), қандай пәндер бойынша сабақ берілетіні туралы
шешім қабылдайтын (16%), мұғалімдердің бастапқы жалақысын (19%) және жалақының
жоғарылауын (4%) белгілейтін, мектеп бюджетін қалыптастыратын (8%), мектеп ішінде
қаражатты бөлу бойынша шешім қабылдайтын (11%) мектептерде оқиды. Мектептер
директорлары сондай-ақ орынбасарлардың санына да және олардың функцияларына
қатысты өздерінің ұйымдық құрылымын құрай алмайды. Мұғалімдерді «жұмыстан
босатуға» қатысты көп жағдайларда оларға түсірілетін жүктемені азайту
қолданылатынын атап өту қажет.
2.1-
сурет
Қазақстанда және ЭЫДҰ елдерінде мектептердің дербестігі (2012)
Дереккөз
:
ЭЫДҰ
(2013a), PISA-2012
нәтижелері
:
мектептерді
не
сәтті
етеді
(IV
том
):
ресурстар
,
саясат
және
практика
, PISA,
OECD
Publishing,
Париж
,
http://dx.doi.org/10.1787/9789264201156-en
.
Қамқоршылық кеңестер, мектепті басқаруға қатысатын алқа органының ықтимал
нысандарының бірі ретінде, білім беру жүйесінде шешім қабылдау және мектеп
қоғамдастығына мектепті басқаруға қатысу мүмкіндігін беру бойынша өкілеттіліктерді
орталықсыздандыру жөніндегі саясатты іске асырудың мәнмәтінінде 2007 жылы заңды
түрде құрылған болатын. Қамқоршылық кеңес мүшелері педагогикалық қызметкерлер
өкілдерін, ата-аналарды, мектеп түлектерін, жергілікті кәсіпкерлерді және азаматтық
қоғам ұйымдарын қамтиды. 2012-2013 жылдардағы жағдай боынша қамқоршылық
кеңестер 3 259 мектепте (мектептердің 44,1%) құрылған. Алайда, облыстар бойынша
көрініс біркелкі емес. Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында
қамқоршылық кеңестер 400-ден астам мектептерде құрылған болса, Атырау облысында,
Астана мен Алматы қалаларында қамқоршылық кеңестері осы қалалар мен облыстың
әрқайсысында кемінде 10 мектепте ғана құрылған. 2020 жылға қарай қамқоршылық
кеңестер мектептердің 60%-да жұмыс істейді деп күтілуде. Қамқоршылық кеңестердің
негізгі функциялары әлі де әлеуметтік және мәдени шараларды ұйымдастырумен ғана
0
10
20
30
40
50
60
70
80
90
100
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Қ
аз
ақ
ст
ан
ЭЫ
ДҰ
о
рт
а
ес
еп
пе
н
Бағалау
Оқулықтар
Пәннің
мазмұны
Ұсынылатын
пәндер
Жұмысқа
шақыру
Жұмыстан
шығару
Бастапқы
жалақы
Жалақыны
көтеру
Мектеп
бюджетін
қалыптастыру
Бюджетті бөлу
Оқушыларға
қатысты
саясат
Оқу бағдарламасы
Адами ресурстар
Қаржылық ресурстар
О
қушы
лар
пай
ы
зы
«Директорлар және/немесе мұғалімдер» де және «өңірлік және/немесе ұлттық білім беру органдары» да немесе
«мектептің қамқоршылық кеңесі»
Тек қана «директорлар және/немесе мұғалімдер»
51
шектеледі, бірақ олар өсе келе өздеріне мектептің даму стратегияларын айқындау, негізгі
персоналды тағайындау және мектеп қаржыларын қадағалау бойынша міндеттерді
көбірек алады деп болжанады. Мектепті қаржыландырудың жаңа үлгісі (3-бөлімді
қараңыз) оларға мұғалімдер арасында сыйақыны бөлу құқығын береді.
Ата-аналар комитеттері. Бұл мектеп ұйымдастыратын және заңды танылмаған ресми
емес топтар, мектептің ұйымдастырушылық мәселелері жөніндегі кеңес тобы ретінде
жұмыс істейді және мектеп іс-шараларын ұйымдастыруды қолдайды. Ата-аналар
комитеті, әдетте, мектептің ұйымдастырушылық сипаттағы әр түрлі шешімдері бойынша
консультациялық топ ретінде әрекет етеді және мектеп іс-шараларын ұйымдастыруға
көмектеседі. Қамқоршылық кеңестері енгізілгенге дейін мектептер өз қалауынша оларды
қоршаған қоғамдармен әріптестік орнатқан. Әдетте, мұндай әріптестік мектептің жалпы
ата-аналар жиналысымен сайланатын ата-аналар комитетінің нысанын алатын.
2.1-
кесте
Қызмет салалары
бойынша ресурстарды
пайдалану жөніндегі
міндеттерді бөлу
Бағыт
Міндеттерді бөлу
Жүйені жалпы басқару
Стратегиялық
даму
Президент Әкімшілігі білім беру жүйесін дамыту
үшін
бағыттарды қамтамасыз етеді
,
кейін оларды ҚР БҒМ
стратегиялық және операциялық жоспарлар шеңберінде
іске
асырады
.
Оқу
бағдарламасы
ҚР БҒМ
міндетті пәндер
тізбесін, бағдарламалар мен оқу жоспарларын
анықтайтын
орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттрын әзірлеуді ұйымдастырады.
Әр мектеп пәндер бойынша оқу сағаттарын бөліп
және сыныптан тыс іс
-
шараларды
анықтап
өз оқу жоспарын әзірлейді.
Оқушылар
үлгерімін
бағалау
ҚР
БҒМ
Ұлттық
біріңғай
тестілеу
(
ҰБТ
)
мен
оқу
жетістіктерін
сырттай
бағалауды
(
ОЖСБ
)
қоса алғанда
,
оқушыларды
бағалау
жүйесінің
дамуына
жауап
береді
.
Бұл
функция
Білім
және
ғылым
саласындағы
бақылау
комитетіне
және
Ұлттық тестілеу
орталығына
берілген
.
Мектептер үшін
ресурстарды
бөлу
ҚР БҒМ
мектептерді қаржыландырудың ережелері мен әдістемесін әзірлейді. Үкімет
облыстар мен аудандарға мектептер арасында үлестіру үшін қаржыландыруды береді
.
Үкімет
мектеп ұжымының жалақысын белгілейді, ол білім беру саласындағы жергілікті
атқарушы органдардың бюджетімен толықтырылуы мүмкін.
Нысаналы
топтар
Министрлік және басқа орталық органдар ерекше қарауды талап ететін оқушылардың
белгілі бір санаттарын (мысалы, тіл бойынша, дарынды балалар, мүмкіндіктері шектеулі
балалар, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар)
қолдау үшін жауапты
болады
.
Қолдау беру орталық, өңірлік және жергілікті басқару органдарының
жауапкершілігі болуы мүмкін.
Мектептердің
қызметі
Мектептер
желісі
Білім
және
ғылым
саласындағы
бақылау
комитеті
мектептердің
қызметін
жүзеге
асыруға
лицензиялар
беруге
жауапты
,
сондай
-
ақ
мектептерді
жабу
туралы
шешім
қабылдайды
.
Сонай
-
ақ
,
ЖАО
егер
оқушылар
саны
мектептер
қызметін
жүзеге
асырудың
мемлекеттік
қағидаларында
белгіленген
көрсеткішке
жетпесе
немесе
егер
мектеп
қауіпсіздік
пен
денсаулық
сақтау
бойынша
талаптарға
сәйкес
келмесе
,
мектепті
жабу
туралы
шешім
қабылдай
алады
.
Егер
елді
мекенде
қолданыстағы
басқа
мектеп
болмаса
,
ЖАО
оқушылар
үшін
жақындағы
мектепке
дейін
тегін
көлік
ұйымдастыруы
тиіс
.
Мектеп
күнтізбесі
және
оқу
уақыты
ҚР
Денсаулық
сақтау
министрлігінің
бақылауымен
оқушылардың
үзілісі
белгіленеді
,
ҚР
БҒМ
мектеп күнтізбесін
,
пәндер
тізбесін
және
оларға
бөлінетін
сағаттар
санын
,
апта
ішіндегі
оқу
жүктемесін
бөлуді
белгілейді
.
Мектептер
сыныптарды
құрайды
,
пәндер
мұғалімдерінің
жүктемесін
түзейді
және
сабақ
кестесін
құрастырады
.
Сынып көлемі
Сыныптың ең үлкен
көлемін және сынып көлемі ерекшеленуі мүмкін
жағдайларды
орталық органдар анықтайды. Облыстар мен аудандар алдын ала қарастырылған
параметрлер бойынша сынып көлемін өзгерте алады.
Мектептерге
қабылдау және
оқушыларды
топтастыру
Министрлік мектепке қабылдау критерийлерін реттейді. Мектеп директоры оқушыларды
қабылдау туралы шешім қабылдайды.
Үлгерімі нашар
оқушыларды
Оқуда
қиындықтарға
тап
болатын
оқушыларды
қолдау
жөніндегі
стратегияның
түрі
,
кезеңділігі
мен
қарқындылығы
мектептің
толық
қарауы
бойынша
анықталады
.
52
қолдау
Белгілі
ресурстар
Мектеп
әкімшілігі
Мектеп әкімшілігінің құрылымы
да
орталықтан
белгіленеді. Жергілікті билік орындары
мемлекеттік нормативтік
құжаттарға сәйкес мектептер директорларын тарту және
жұмыстан босату үшін
жауап береді. Мектептер директорлары
оқу, әдістемелік, тәрбие
және басқа жұмыс (мектептің түрі мен типіне байланысты) жөніндегі орынбасарларды
тағайындайды. Мектептер директорлары сондай
-
ақ
мектеп жұмысының жоспарын
(мерзімдері мен жауапты тұлғалары көрсетілген
,
мектеп қызметін сипаттайтын құжат)
әзірлеуге де жауапты болады.
Адами
ресурстар
Орталық
органдар
мемлекеттік
білім
беру
ұйымдары
қызметкерлерінің
типтік
штаттарын
және
педагогикалық
қызметкерлер
мен
оларға
теңестірілген
тұлғалардың
лауазымдар
тізбесін
белгілейді
.
Мектеп
директоры
мұғалімдер
мен
қосымша
персоналды
жалдау
мен
тағайындауды
жүзеге
асырады
;
басқару
құрылымын
,
штаттық
кестені
және
қызметкерлердің
лауазымдық
нұсқаулықтарын
бекітеді
;
олардың
кәсіптік
дамуы
үшін
жағдайлар
жасайды
;
педагогикалық
кеңесті басқарады
;
белгіленген
тәртіпте
қызметкерлерді
аттестаттауды
өткізеді
;
қызметкерлерге көтермелеулер
береді
және
жаза
қолданады
;
мұғалімнің
жүктелуі
туралы
шешім
қабылдайды
(
кейбір
жағдайларда
бұл
мұғалімдерді
жұмыстан
шығаруға
әкеледі
).
Физикалық
ресурстар
ҚР
БҒМ
инфрақұрылым
,
жарақтандыру
және
мектептерде
бар
болуға
тиіс
оқу
материалдары
мәселелерін
реттейді
.
ЖАО
олардың
қамтамасыз
етілуіне
жауапты
болады
,
ал
мектептер
оларды
білім
беру
процесінде
пайдалануы
тиіс
.
Мектептер
сондай
-
ақ
өзінің
бюджеті
,
кадрлары
мен
активтері
бойынша
есептілікті
тұрақты
негізде
беру
үшін
жауапты
.
Дереккөздер
:
АТО
материалдары
негізінде
(2014), «Мектептерде
ресурстарды
пайдалану
тиімділігін
арттыру
саясаты
:
Қазақстан
бойынша
елдің
негізгі
есебі» ЭЫДҰ
шолуы
,
Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрлігінің
Ақпараттық
-
талдау
орталығы
,
Астана
,
www.
ЭЫДҰ
.org/edu/school/schoolresourcesreview.htm
қолжетімді.
Білімнің әртүрлі деңгейлері арасындағы үйлестіру ауқымды орталық жоспарлаумен,
нормативтік құжаттардың толық жүйесімен және күшті иерархиямен қамтамасыз етіледі (білім
жүйесі ішінде нормаларды толығырақ түсіну үшін 3-бөлімді қараңыз). 2012 жылы қабылданған
«Қазақстан-2050: бір ел, бір халық, бір тағдыр» даму стратегиясы елдің ұзақ мерзімді келешектегі
жалпы көрінісін айқынайды. Білім беру секторында оны 2010 жылы қабылданған, БДМБ
толықтырады. БДМБ іске асыру үшін өз кезегінде жылдық жопарлар мен білім беру саласындағы
өзге де стратегиялар үшін негіз болған бесжылдық жоспар әзірленген. Қысқа мерзімді келешекке
Президенттің ел халқына жыл сайынғы жолдауы жаңа бастамалар туралы түсінік және олардың
негізінде кейін әдетте стратегиялық салалық құжаттар мен заңдар әзірленетін стратегияларды
қайта құру мүмкіндігін береді. Ұқсас тәртіп бойынша облыстар мен аудандар мемлекеттік және
облыстық жоспарлар негізінде өздерінің әр түрлі кезеңдерге арналған жалпы және салалық
жоспарларын айқындайды.
БДМБ білім беру жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық реформалардың
шамшыл бағдарламасын қамтиды (1-бөлімді қараңыз). Білім беру ресурстарын жоспарлау мен
пайдалануға айтарлықтай әсер ететін үш негізгі бастама басталды: міндетті оқыту кезеңін
11 жылдан 12 жылға дейін ұзарту (12-сыныпты енгізу), шағын жинақталған мектептерді қолдау
үшін ресурстық орталықтар құру және мектептерді қаржыландырудың жаңа моделі.
Мектептегі білім беру жүйесін қаржыландыру
Мемлекеттік кірістер
Қазақстанның мемлекеттік қаржыландыру жүйесі қатаң орталықтандырылған және
мемлекеттік кірістердің жалпы көлемі, көп шамада, орталық деңгейде анықталады. Қосалқы
ұлттық органдардың ағымдағы шығындарының көп бөлігі бөлінген салықтар мен бюджетті
жәрдемқаржылар жүйесі арқылы қаржыландырылады. Елдің 16 өңірі (14 облыс пен
республикалық маңызы бар 2 қала, Астана және Алматы) табыс салығыны және оған байланысты
олардың аумағында алынатын төлемдерді толық алады. Аудандар мен облыстық маңызы бар
қалалар мүлік салығын және кейбір акциз салықтарын толығымен алады. 2013 жылы мектептерді
қаржыландыруға жергілікті бюджеттен білім беруге арналған барлық шығындардың 74%-ы
немесе ЖІӨ-нің 1,8%-ы бөлінді. Сонымен қатар, республикалық бюджет үлесі 2002 жылғы 12%-
53
бен салыстырғанда екі есе өскен 2006 жылдан бастап 25-29% шегінде тұрақты болып қалады
(АТО, 2014). Қаржыландырудың көп бөлігін ЖАО қамтамасыз етсе де, олар мектеп
ресурстарының тиісті деңгейін өз қалауынша қамтамасыз ете алатын салалар шектеулі. ЖАО жер
салығын
5
қоспағанда салық салу базасын немесе ставкасын анықтай алмайды. Салықтарды тікелей
Қаржы министрлігі және жергілікті деңгейдегі қандай да бір орган алдында есеп бермейтін оның
аумақтық бөлімшелері алады. ЖАО тек өңірлік немесе ұлттық органдардан қарыз ала алады, бұл
олардың күрделі шығындарды қаржыландыру қабілетін шектейді (Махмұтова, 2006).
Бюджетаралық трансферттер облыстар мен аудандардың бюджеттерінде маңызды рөл
атқарады. 2011 жылы салық түсімдері жергілікті кірістердің шамамен 36%-ға жуығын құраса,
тікелей трансферттер үлесі 61%-ды құраған (Махмұтова, 2012). Жеке ресурстардың жетіспеушілігі
және мектептер үшін ресурстарды ұсынудың әр аспектісін реттейтін ауқымды нормативтік
құжаттар жүйесі мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарында өз шығындарын іске асыруда
еркіндіктің аз екенін білдіреді. Бюджетаралық трансферттер жүйесі елдің Кеңес Одағынан
бөлінуінен кейін бірнеше рет реформаланған. 2005 жылдан бастап бұл жүйе мыналарды қамтиды
(Махмұтова, 2006):
Жалпы сипаттағы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, дамуға
арналған нысаналы трансферттер. Тек белгілі бір мақсат үшін ғана пайдалануға
болатын нысаналы трансферттерге қарағанда, жалпы сипаттағы трансферттер белгілі бір
сектор үшін арналмаған, сондықтан олар жергілікті атқарушы органдар білім беруді
немесе құзыретіндегі басқа бір қызметті қаржыландыра алатын, олардың жалпы
табысының бөлігі болып табылады. Дамуға арналған нысаналы трансферттер нақты
бюжеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталған. Мысалы, 2011 жылы бөлінген
нысаналы республикалық трансферттердің 98,7 млрд. теңгесінің жартысы (шамамен 640
млн. АҚШ долл.) кейбір жерлердегі білім беру ұйымдарының құрылысына бағытталған
болатын. Қалғаны мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз етуді қоса
алғанда, ағымдағы білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020»
ұлттық бағдарлама шеңберінде кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта
даярлау жөніндегі іс-шараларға және басқаларына бағытталған.
Бюджеттік жәрдемқаржылар және бюджеттік өндіріп алулар өңірлік кірістердегі
(адам басына шаққандағы) айырмашылықтарды теңестіру және басқарудың барлық
деңгейлері өз функцияларын орындау үшін жеткілікті ресурстарға ие болатынын
қамтамасыз ету үшін арналған. Жәрдемқаржылар мен өндіріп алулар жалпы сипаттағы
трансферттер ретінде айқындалады және үшжылдық кезеңге абсолютті мәнде
белгіленеді. 2011 жылы 16 өңірдің 13-і (барлығы, Алматы қаласын, Маңғыстау және
Атырау облыстарын қоспағанда) бюджеттік жәрдемқаржыларды алатын, себебі олардың
күтілген шығындары олардың әлеуетті шығындардан асып кеткен (Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі, 2011). Теңестіру жүйесі нақты критерийлерге немесе
ең төмен стандартқа негізделмеген, осының нәтижесінде бір оқушы немесе науқас басына
қаржыландыру елдің әр түрлі бөліктерінде пропорционалды емес болуы мүмкін
(Махмұтова, 2006); сондай-ақ келіссөздер мен өзара түзетулер үшін едәуір мүмкіндіктер
бар.
Республикалық, өңірлік және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру
Бюджет туралы заң процестің дәл сипаттамасын қамтиды және республикалық, өңірлік және
жергілікті бюджеттерді қалыптастыру күнтізбесін белгілейді (2.2-кестені қараңыз). Жалпы
бюджеттік конвертті анықтау үшін әлеуетті табыстар мен болжамды шығындарға бағалау
жүргізіледі. Мамырдың ортасында аудандар өз кезегінде Министрлікке біріктірілген бюджеттік
өтінімдерді жіберетін облысқа барлық мектептердің бюджеттерін біріктіретін өз бюджеттік
өтінімдерін ұсынуы тиіс. Болжамдардың едәуір кемшіліктері болуы мүмкін, себебі оқушылар,
6
Жер салығы орталықтан белгіленген ставкалар шегінде арттырылуы немесе азайтылуы мүмкін, бірақ әдетте
ол жергілікті бюджеттің өте аз бөлігін құрайды.
54
сыныптар немесе мұғалімдердің толық штаттық бірліктерінің қажетті баламаларының саны кейін
жыл ішінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |