Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#6396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Ұзақ  мерзімді    перспективаға:  2012  жылы  қабылданған  «Қазақстан-2050:  бір  ел,  бір 
халық, бір тағдыр»  стратегиясы 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясын 
алмастырады және алдағы жылдары елдің көрінісін қамтиды.  

 
Орташа мерзімді перспективаға: бірнеше стратегиялық құжаттар, атап айтқанда БДМБ 
(2010 жылы қабылданған) және Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 және 2014-
2018  (2014  жылғы)  жылдарға  арналған  Стратегиялық  жоспары  қабылданды.  Сонымен 
қатар,  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі    іс-қимылдың 
2012-2016  жылдарға  ұлттық  жоспары  (2012  жылғы),  Орта  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты (2012 жылғы) қабылданды. 

 
Қысқа  мерзімді  перспективаға:  Президенттің  Қазақстан  халқына  жыл  сайынғы 
жолдауы  жаңа  бастамалар  мен  жаңа  стратегияларды  қабылдауға  мүкіндік  береді,  содан 
кейін  олар,  әдетте,    стратегиялық  салалық  құжаттар  мен  заңдар  шеңберінде  әзірленеді. 
Министрліктер,  ҚР  БҒМ қоса  алғанда,  әр жылға  арналған  ағымдағы  жеке жоспарларын 
әзірлейді.  
Стратегиялар  тиісті  мемлекеттік  органдарға  арналған  есептілікте  тұрақты  түрде 
қадағаланатын  және  көрсетілетін,  іске  асыру  барысын  өлшеуге  арналған  белгілі  бір  нысаналы 
индикаторлар  мен  көрсеткіштерді  қамтиды.  Жоспарлау  жүйесі  ұйымдастырушылық  иерархия 
негізінде  жұмыс  істейді.  Облыстар  және,  сәйкесінше,  аудандар  да  ұлттық  стратегиялық 
мақсаттарды  нақты  өңірлік  және  жергілікті  іске  асыру  жоспарларына  өзгертіп  және  нысаналы 
мәндерді  қызмет  саласындағы  мониторинг  индикаторларына  тұжырымдай  отырып,  білім  беру 
жөніндегі  өз  стратегиялары  мен  жоспарлық  құжаттарын  әзірлейді.  Стратегиялық  жоспарлаудың 
мұндай  тәсілі  алысқа  бағытталған  стратегиялық  мақсаттардың  көрсеткіштер  қатарына  барабар 
бөліне  алады  және  жергілікті  және  өңірлік  органдар  олардың  басты  құралы  ретінде  осы 
көрсеткіштер арқылы нәтижелерді бақылай алады деген болжамға негізделген.  
Мектептегі білім беру жүйесінің құрылымы мен негізгі сипаттамалары 
Қазақстандағы білім беру мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және 
орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімді қоса алғанда), орта білімнен кейінгі, жоғары 
білімге (1.А2 қосымшасындағы білім беру жүйесінің құрылымын қараңыз) бөлінеді. Осы есептегі  
«мектептегі  білім  беру»  термині  бастауыш  білімді  (1-4  сыныптар),  негізгі  орта  білімді                        
(5-9  сыныптар)  және  жалпы  орта  білімді  (10-11  және  12
3
  сыныптар)  білдіреді.  Конституцияға 
сәйкес,  білім  берудің  осы  деңгейлері  ммлекеттік  білім  беру  ұйымдарында  міндетті  және  тегін 
болып табылады. 
                                                      
Бұл  баяндамадағы  талдау  аймағы  мектептегі  білім  беру  ресурстарын  пайдаланумен  шектелгенін  атап  өту 
қажет (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім). 

33 
Білім беру жүйесінің құрылымы  
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту  
Мемлекеттік  бөбекжайлар  мен  балабақшалар  желісі  0-ден  6  жасқа  дейінгі  балаларды 
мектепке  дейінгі  тәрбиелеумен  және  оқытумен  қамтамасыз  етеді.  Мектепке  дейінгі  білім  беру 
ұйымдарымен  қамту  мектептегі  білім  беруде  байқалатын  қамтудың  жоғары  деңгейлерінен  артта 
қалған.  1990-жылдардың  басында,  әсіресе  ауылды  жерлерде,  мектепке  дейінгі  білім  беру 
ұйымдарының  70%-ы  жабылып  қалғн,  осының  нәтижесінде  балалардың  көпшілігінде  мектепке 
дейінгі білімге қол жетімділігі болмады. Қазақстанда 2005-2010 жылдар аралығындағы кезеңде ел 
бойынша мектепке дейінгі біліммен қамту коэффиценттері еке есе артқан (2005 жылғы  23%-дан 
2010 жылғы 42%-ға дейін), осы ретте ауылды жерлердегі бұл өсу алты есе болған (6,7%-дан 35%-
ға  дейін)  (ЭЫДҰ,  2014a).  Мектепке  дейінгі  білім  беру  Қазақстан  мектептерінде  ресурстарды 
пайдалану  тиімділігін  жақсарту  жөніндегі  саясатты  шолудың  мазмұнына  қосылмаған,  бірақ 
ЭЫДҰ-ның жеке шолуының мәні болып табылады (Литенс және басқаларын қараңыз, жариялауға 
дайындалуда).  
Мектептегі білім беру  
Бастауыш білім алты-жеті жастан басталады және төрт жылға созылады. Негізгі орта білімнің 
ұзақтығы бес жылды құрайды, содан кейін жалпы орта білімнің екі жылы немесе техникалық және 
кәсіптік  орта білімнің  екі-төрт жылы бар. 2011 жылы тоғызыншы сынып түлектерінің үштен  екі 
бөлігіне  жуығы  орта  мектептің  жоғары  сыныптарына  өтсе,  үштен  бір  бөлігі  техникалық  және 
кәсіптік білім беру ұйымдарына түскен (АТО, 2014). Жалпы орта білімді сәтті аяқтаған оқушылар 
техникалық  және  кәсіптік  білімнің  (ТжКБ)  қысқартылған  (екі-үш  жыл)  бағдарламаларына  түсе 
алады немесе оқуды жоғарғы оқу орындарында жалғастыра алады (ЭЫДҰ, 2014a). 
Техникалық және кәсіптік орта білім колледждерде (бұрын «кәсіптік лицейлер» деп аталатын) 
және  жоғарғы  техникалық  мектептерде  беріледі.  Техникалық  және  орта  кәсіптік  білім  беру 
Қазақстан  мектептерінде  ресурстарды  пайдалану  тиімділігін  жақсарту  жөніндегі  саясатты 
шолудың  мазмұнына  енгізілмеген,  бірақ  ЭЫДҰ-ның  басқа  шолуының  мәні  болды  (Алварез-
Галван,  2014  қараңыз).  Сондай-ақ,  орта  білімді  аяқтамай,  мектепті  тастап  кеткен  жастарға 
арналған кешкі мектептер саны да өсіп келе жатыр.  
Орта білімнен кейінгі және үшінші білім    
 2011 жылы барлығы 146 университет, академия, институт, консерватория, жоғары мектептер 
мен жоғары колледждер орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын ұсынды. 
Түлектер  кем  дегенде  төрт  жыл  оқығаннан  кейін  Бакалавр  академиялық  дәрежесін  ала  алады. 
Қабылдау  жалпы  орта  білімді  бітіру  емтиханы  мен  жоғары  оқу  орнына  түсу  тестін  біріктіретін,     
11-сыныпты  (немесе  12-сыныпты)  бітіргеннен кейін  өткізілетін  Ұлттық бірыңғай  тестілеу  (бұдан 
әрі – ҰБТ) нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Болонск  процесіне 2010 жылы 
қосылды. Орта білімнен кейінгі білім академиялық (ұзақтығы - екі жыл) немесе техникалық және 
кәсіптік мамандықтар (ұзақтығы - бір жылдан кем емес) бойынша беріледі (ЭЫДҰ, 2014a). 
Негізгі сипаттамалар  
Қазақстанда орта білім міндетті болып табылады және оқушылар мемлекеттік мектепке тегін 
баруға  құқылы.  Оқушылар  барғысы  келетін  мектептерін  таңдай  алады,  осы  ретте  мектепке 
бекітілген  ауданда  тұратын  өтініш  берушілерге  басымдық  беріледі.  Қазақстанда  2013-2014  оқу 
жылдарында  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  деңгейлеріндегі  бағдарламаларды 
жүзеге  асыратын  7 648  мектеп  2 571 989  оқушыға  білім  берді.  Білім  беру  ұйымдарының  жүйесі  
мектептердің  әр  түрлі  типтері  мен  түрлерін  қамтиды,  олардың  көпшілігі  (95,5%)  мемлекеттік 
болып  табылады  және  ҚР  БҒМ  ведомствосына  қарайды  (1.1-кестені  қараңыз).  Соңғы  он  жылда 
мемлекеттік  емес  мектептер  саны  өсті,  бірақ  олар  елдегі  барлық  мектептердің  1,4%-ын  ғана 
құрайды,  оларда  оқушылардың  0,8%-ы  оқиды.  2013-2014  оқу  жылдарында  елде  жұмыс  істеген                       
107  мемлекеттік  емес  мектептің  жартысына  жуығы  Алматы  және  Астана  қалаларында  болған 
(АТО  ,  2014).  Мемлекеттік  емес  мектептер,  әдетте,  халықаралық  тәжірибені  ескере  отырып 

34 
әзірленген оқу бағдарламаларын ұсынады, оқу үшін төлемді өздері белгілейді және қандай да бір 
мемлекеттік қаржыланыру алмайды.  
Мектептердің көлемі мен орналасқан орны қазақстандық мектептер желісінің ерекшеленетін 
маңызды  сипаттамалары  болып  табылады.  Қала  мектептерінде,  әдетте,  оқушы  орындарының 
жетіспеушілігі  байқалады  және  оларға  бірнеше  ауысымда  жұмыс  істеуге  тура  келеді. 
2009-2010  оқу  жылында  мектептердің    66%-ында  оқыту  екі-үш  ауысымда  жүзеге  асырылған. 
Алайда,  халықтың  тығыздығының  төмендігі  және  жалпыға  бірдей  қол  жетімділікке  әсер  ететін 
саясат  оқушылар  санының  аздығымен  және  оқушы-мұғалім  қатынасының  төмендігімен 
сипатталатын  шағын  жинақталған  мектептер  санының  өсуіне  әкелді.  Шағын  жинақталған 
мектептер  қазақстандық  заңнамада  мектептердің  ерекше  тобы  болып  танылды,  осы  мектептерде 
сабақты  аралас  сыныптарда  жүргізуге  рұқсат  етіледі.  Қазақстандағы  ең  кішкентай  елді 
мекендердің  өзінде,  міндетті  мектеп  жасындағы  балалардың  кемінде  бесеуі  тұрған  жағдайда, 
мектептің болуына құқығы бар.  Мектептердің шамамен 50%-ға жуығы шағын жинақталған болып 
саналады,  бірақ  оларда  оқушылардың  11%-ы  ғана  оқытылады  (1.1-кестені  қараңыз).  Кейбір 
өңірлерде,  әсіресе  Солтүстік  Қазақстан  (86%),  Ақмола  (81%),  Қостанай  (76%)  және  Батыс 
Қазақстан  (74%)  облыстарында  мектептердің  басым  көпшілігі  шағын  жинақталған  мектептер 
болып  табылады.    2010  жылы  бастауыш  мектептерде  оқушылардың  орташа  саны  бір  мектепке  
12  оқушыны,  негізгі  мектепте  -  45  оқушыны,  жоғары  мектепте  -  146  оқушыны  құрады.  Шағын 
жинақталған  мектептер  сыныптар  көлемінің  кішкентай  болуы,  дамымаған  инфрақұрылым, 
кадрлардың  жетіспеушілігі  және  жиі  білім  берудің  төмен  сапасы  сияқты  ерекше  проблемаларға 
кездеседі.  Қабылданатын  мемлекеттік саясат  шаралары  осы  мектептердің  әлеуетін  арттыру  үшін 
ресурстық орталықтар құруға және баламалы мектеп- интернаттар мен көлікпен қамтамасыз етуді 
қолдауға  бағытталған.  
1.1-
кесте
 
Қазақстан және ЭЫДҰ
-
ның негізгі білім беру статистикасы, 2012
-2013 
Қазақстан (2013)
 
 
 
Мектеп
-
тер саны 
 
 

 
Оқушылар 
саны 
 
 

 
Жалпы білім беретін орта мектептер 
 
7648 
100.0 
 
2571989 
100.0 
 
 
олардың ішінде

 
 
 
 
 
 
Мемлекеттік мектептер
 
7307 
95.5 
 
2525047 
98.2 
 
Жекеменшік мектептер
 
107 
1.4 
 
19579 
0.8 
 
Кешкі мектептер
 
81 
1.1 
 
12661 
0.5 
 
Назарбаев зияткерлік мектептері (НЗМ)
 
15 
0.2 
 
9700 
0.4 
 
Басқа мектептер 
1
 
138 
1.8 
 
5002 
0.2 
 
Жалпы білім беретін орта мектептер 
 
7307 
100.0 
 
2525047 
100.0 
 
олардың ішінде

 
 
 
 
 
 
Қазақ тілінде оқитын
2
 
3796 
52.0 
 
1607509 
61.9   
Орыс тілінде оқитын
 
1349 
18.5 
 
894658 
34.4 
 
Басқа тілде оқитын
 
76 
1.0 
 
95339 
3.7 
 
Оқыту
 
бір
 
тілден
 
артық
 
тілде
 
жүргізілетін
 
мектептер
 
2086 
28.5 
 
n/a 
n/a 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қала мектептері
 
1605 
22.0 
 
1403377 
55.6 
 
 
Ауыл мектептері
 
5702 
78.0 
 
1121670 
44.4 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шағын жинақталған мектептер 
 
3639 
49.8 
 
284267 
11.3 
 
Қазақстан (2013) орташа ЭЫДҰ
-
мен салыстырғанда
 (2012)  
 
Қазақстан
 
(2013) 
 
Орташа ЭЫДҰ
 
(2012) 
 

35 
Мемлекеттік
 
шығындар
 
ЖІӨ
3
-
ден
  %-
бен
 
 
 
 
 
 
 
Білім берудің барлық шығындары 
 
3.8 
 
 
5.6 
 
 
Бастауыш және орта білім 
 
2.1 
 
 
3.6 
 
 
Қамтудың таза  коэффициенті
 
 
 
 
 
 
 
Бастауыш
 
және
 
негізгі
 
орта
 
білім
 (6-14 
жас

99 
 
 
98 
 
 
Жалпы орта білім
 (15-19 
жас

86 
 
 
83 
 
 
Сыныптың орташа көлемі 
 
 
 
 
 
 
 
Бастауыш
 
және
 
негізгі
 
орта
 
білім
 
23 
 
 
21 
 
 
Орта білім
 
18 
 
 
24 
 
 
Оқушы
-
мұғалім қатынасы
5
 
 
 
 
 
 
 
Бастауыш
 
және
 
негізгі
 
орта
 
білім
 
17 
 
 
15 
 
 
Орта білім
 

 
 
13 
 
 
Оқыту нәтижелері
 
 
 
 
 
 
 
PISA 2012 
математика

орташа балл
 
432 
 
 
494 
 
 
PISA 
2012 математика, % 
2-
деңгейден төмен 
 
45 
 
 
23 
 
 
Ескерту
:
 
1: 
Арнайы
 
түзету
 
мектептерін

республикалық
 
мектептері
 
және
 
басқа
 
мектептерді
 
қамтиды
.  
2: 
Оқушылар саны 2012 жылғы деректерге негізделген.
 
3: ЭЫДҰ үшін
 
2011 жылғы деректерге
 
негізделген .
 
4: Қазақстан
 
үшін
  
2012 жылғы деректерге
 
негізделеген.
 
5: Есептерде Қазақстан үшін мұғалімдердің нақты саны

ЭЫДҰ
 
үшін
 
мұғалімдер санының толық штаттық бірлігінің баламасы
 
пайдаланылған .
 
Дереккөздер

ҰББСБО
 
(2014) және ЭЫДҰ (2014
b). 
Әр  мектепте  берілетін  білім  деңгейі  мен  оқыту  тілі  ерекшеленеді.  Көптеген  мектептер 
балалар  1-ден  11-сыныпқа  немесе  12-сыныпқа  дейін  оқитын  жалпы  білім  беретін  күндізгі 
мектептерге  жатады;  күндізгі  мектептердің  13%-ы  оқытуды  бастауыш  сыныптарда  ғана,  1-ден          
4-ші  сыныпқа  дейін  жүзеге  асырады;  мектептердің  15%-ы  оқытуды  тек  5-9  сыныптарда  ғана 
жүзеге асырады. Жалпы білім беретін күндізгі мектептердің жартысынан көбі (52%) оқуды қазақ 
тілінде,  19%-ы  орыс  тілінде  ұсынады,  мектептердің  29%-ы  «аралас  тілде»  білім  беретін 
мектептерге жатады; бұдан басқа, тәжік тілінде оқытатын екі мектеп, ұйғыр тілінде оқытатын 14 
мектеп, өзбек тілінде оқытатын 60 мектеп бар (АТО , 2014).  
Дарынды  балаларға  арналған  мектептерде  және  пәндерді  тереңдете  оқытатын  мектептерде 
(мысалы,  математика,  жаратылыстану  ғылымдары,  әлеуметтік  ғылымдар,  гуманитарлық  пәндер, 
музыка,  өнер)  оқитын  оқушылар  құрамы  өсіп  келеді.  Гимназиялар  мен  лицейлер  пәндерді 
тереңдетіп оқытатын мектептердің ең көп таралған мысалы болып табылады. Алайда, жаңа білім 
беру  практикаларын  дамыту  үшін  Президенттің  бастамасы  бойынша  құрылған  Назарбаев 
зияткерлік  мектептері  (НЗМ)  ең  беделді  мектеп  болып  саналады  (3-бөлімдегі  3.1-ендірмені 
қараңыз).  
Ерекше  қажеттіліктері  бар  және  мүмкіндіктері  шектеулі  оқушылар  жеке  «түзету» 
мектептерінде,  кәдімгі  мектептердің  жеке  сыныптарында,  немесе  үйінде  оқытылады.  Кәдімгі 
мектептерде оқитын, ерекше қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі оқушылар құрамын 
арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат шаралары қабылдануда (3-бөлімді қараңыз). 
Қамту, тиімділік және жетістіктер  
 Қазақстанда бастауыш және орта білімге қол жетімділік жүз пайыз деуге болады. 2013 жылы 
қамтудың  таза  коэффициенті  (ресми  белгіленген  мектеп  жасына  сәйкес  келетін  халық  үлесінде 
көрінетін ресми белгіленген мектеп жасындағы балаларды қамту) бастауыш білімде  99%-ды және 
негізгі орта білімде 86%-ды құрады (1.1-кестені қараңыз). Қазақстан баршаға арналған бастауыш 
және орта біліммен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізе алды, бірақ географиялық орналасуы, 
әлеуметтік-экономикалық  сипаттамалары  және  жыныстық  тиесілілігі  бойынша  қамтуда  аздаған 

36 
өзгешеліктер бар. Қыз балалар мен ер балалар, ауылдық жерлер мен қалалар, жоғары және төмен 
табыс  деңгейі  бар  отбасылар  арасындағы  қамтудағы  айырмашылық  бастауыш  білімдегі  бір 
пайыздық тармақтан кем (ЮНИСЕФ, 2012). Бұл айырмашылықтар табыс деңгейі ең төмен халық 
санатына  жататын  балаларды  қоспағанда,  орта  білімде  де  байқалады.  Мектепті  тастап  кеткен 
балалардың  шамамен  90%-ға  жуығы  –  бұл  аз  қамтамасыз  етілген  және  төмен  отбасылардан 
шыққан балалар (Сингх, 2012). Білім алуға тең қол жетімділікке қарамастан, мектептер бір-бірінен 
ресурстарының саны және сапасы бойынша едәуір ерекшеленеді (3-бөлімді қараңыз). Бұдан басқа, 
әсіресе  ауылды  жерлерде  мектепке  дейінгі  біліммен  қамтудың  төмен  деңгейі  оқушылардың 
мектепке  түсу  кезінде  әр  түрлі  бастауыш  мүмкіндіктеріне  әкеледі.  Қазақстанда  мектепке  дейінгі 
білім  беру  ұйымына  бір  жылдан  артық  уақыт  барған  балалардың  пайыздық  үлесі  (24%)  PISA 
бағдарламасына қатысқан елдерде ең төмендерінің бірі  болып табылады (ЭЫДҰ, 2013b). 
Халықтың  білім  деңгейі  өте  жоғары:  25  жастан  жоғары  ересек  адамдардың  төрттен  бір 
бөлігінің жоғары білімі бар, 30% - орта білімнен кейінгі білімі бар, 40% жалпы орта білім алған  
(АТО, 2014). Әйелдер арасында білім деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: әйелдердің 28%-ы ерлер 
арасындағы  23%-бен  салыстырғанда  жоғары  білім  алған  және  әйелдердің  33%-ы  ерлер 
арасындағы  29%-бен  салыстырғанда  орта  білімнен  кейінгі  білім  алған  (АТО,  2014).  Ресми  емес 
деректер  оқушылардың  сұрыпталғаннан  қалған  пайызының  өсу  қарқынын  көрсетіп  отыр,  себебі 
мемлекеттік оқу бағдарламасы қазіргі заманғы еңбек нарығына сәйкес келмейді деп қабылданады, 
алайда, осы мәселе бойынша ресми деректер жоқ (ЮНИСЕФ, 2012). 
Қазақстанда  соңғы  жылдар  ішінде  оқушылардың  үлгерімі  туралы  ақпаратты  бағалаудың 
халықаралық  бағдарламаларының  нәтижелері  береді.  2007  жылдан  бастап  Қазақстан  Оқу 
жетістіктерін  бағалау  жөніндегі  халықаралық  қауымдастық өткізетін (IEA)  Математикалық және 
жаратылыстану-ғылыми  білім  сапасын  халықаралық  салыстырмалы  мониторингтік  зерттеуге 
(TIMSS)  және  2009  жылдан  бастап  Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық 
бағдарламасына қатысады (PISA). TIMSS 4 және 8-сынып оқушылары арасындағы математикалық 
және  жаратылыстану-ғылыми  пәндер  бойынша  оқу  жетістіктері  туралы  ақпарат  береді  және  әр 
төрт жыл сайын өткізіледі. PISA 15 жастағы арасында оқу, математика мен жаратлыстану-ғылыми 
пәндер бойынша оқу жетістіктерін халықаралық салыстырмалы зерттеу болып табылады және үш 
жылда бір рет өткізіледі. 
TIMSS    зерттеуінде  2007  жылы  4-сынып  оқушылары  математикадан  549  балл  және 
жаратылыстанудан  533  балл  жинады,  бұл  Қазақстанға  36  елдің  ішінде  5-ші  және  11-ші  орынды 
иеленуге мүмкіндік берді (Муллис және басқалары 2008, Мартин және басқалары 2008).  Жүйенің 
нәтижелері TIMSS-2011  келесі  кезеңінде  шамамен  орташа  деңгейге дейін төмендеді.  2011 жылы  
4-сынып  оқушылары  математикадан  501  балл  және  жаратылыстанудан  495  балл  жинады,  бұл 
Қазақстанды  Жаңа  Зеландия,  Норвегия  және  Швециямен  қатар  рейтингтің  ортасына 
орналастырды.  Ел  50  елдің  ішінде  4-сынып  оқушылары  арасында  математикадан  27-орынды,                 
4-сынып  оқушылары  арасында  жарытылыстанудан  32-орынды  алды  (Мартин  және  басқалары, 
Муллис  және  басқалары).  Оған  қоса,  2011  жылы  8-сынып  оқушыларын  бағалау  нәтижелері  де               
4 жыл бұрын 4-сынып оқушылары бола отырып тест тапсырған балалардың нәтижелерінен төмен 
болды  (математикадан  487  балл  және  жаратылыстанудан  490  балл).  2011  жылы  TIMSS-2011 
нәтижелері  төртінші  сынып  және  сегізінші  сынып  оқушыларының  жартысынан  астамы 
математикадан  да  (62%  және  57%)  және  жаратылыстанудан  да  (58%  және  58%)  «орташа 
көрсеткіш»  деңгейіне  жеткенін  көрсетті,  бұл  ЭЫДҰ  елдерінің  нәтижелеріне  балама  және  осы  
тестілер бойынша орташа халықаралық деңгейден жоғары болды.  
PISA 2012 жылы қазақстандық оқушылар орта есеппен математикадан 432 балл (бағалаудың 
басты  аясы),  оқудан  393  балл  және  жаратылыстанудан  425  балл  алған,  ал  ЭЫДҰ  елдерінің 
оқушылары  орта  есеппен  сәйкесінше  494,  496  және  501  балл  алған  (ЭЫДҰ,  2014с)  (1.3-суретті 
қараңыз).  Математика  бойынша  нәтижелердің  орташа  деңгейіндегі  айырмашылық  қазақстандық 
15  жастағы    оқушылардың  орта  есеппен  ЭЫДҰ  елдеріндегі  өздерінің  жастастарынан  екі  жылға 
артта  қалып  отырғанан  көрсетеді.  Шамамен  қазақстандық  15  жасар  оқушылардың  45%-ы 
математикадан төмен нәтижелер көрсетеді, олар бір дереккөзден тиісті ақпаратты шығара алады 
және тұтастай салдармен міндеттерді шешу үшін негізгі алгоритмдерді, формулаларды, рәсімдерді 
немесе ережелерді қолдана алады. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ бойынша орташа көрсеткіштен біршама 

37 
жоғары  (23%).  Оқушылардың  шамамен  0,9%-ға  жуығы  математикадан  ең  жоғары  нәтижелерді 
көрсетеді,  олар  күрделі  жағдайлар  бойынша  модельдер  әзірлеп,  олармен  жұмыс  істей  алады,  
ойлау  мен  пайымдаудың  ауқымды,  жақсы  дамыған  дағдыларын  қолдана  отырып,  стратегиялық 
жұмыс  істей  алады.  Бұл  көрсеткіш  ЭЫДҰ  елдеріне  қарағанда  орта  есеппен  төменірек  (13%). 
Балдардың  таралуы  үлкен  емес  және  жоғарғы  және  төменгілер  арасында  математикадан 
балдардағы айырмашылық 10% пайыз оқушыларда  PISA қатысқан елдер арасында шағын болып 
келеді.  
1.3-
сурет
 PISA-
2012 оқу
 
бойынша оқушылардың жетістік деңгейлері
 
 
 
Дереккөз:  ЭЫДҰ  (2014с),  PISA  2012  нәтижелері:    оқушылар
 
нені  жасай
 
алады
 
және
 
біледі  (
1-
том,  қайта
 
қаралған
 
редакция

2014  жылғы  ақпан
): 
Оқушылардың  математика,  оқу
 
және  ғылымдар
 
бойынша  нәтижелері
,  PISA,  OECD, 
Publishing, Париж, 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264208780-en

Қазақстанда,  PISA  зерттеу  нәтижелеріне  сәйкес,  мектептерді  оқыту  тілі,  мектептердің 
орналасуы,  оқушылар  мен  мектептердің  әлеуметтік-экономикалық  сипаттамалары  оқушылардың 
нәтижелеріне  әсер  етеді.  Алайда,  елеулі  гендерлік  айырмашылық  байқалмайды.  Қазақ  тілінде 
оқитын  мектеп  оқушылары  орыс  тілді  мектеп  оқушыларына  қарағанда  анағұрлым  төмен 
нәтижелер  көрсетті,  PISA-2012,  осы  ретте  оқу  мен  математика  бойынша  нәтижелердегі 
айырмашылық оқудың шамамен бір  жылына  тең  (Дүниежүзілік  банк,  2014).  Бұл  вариациялар  әр 
түрлі 
мектептерге 
баратын 
оқушылардың 
әлеуметтік-экономикалық 
мәртебесіндегі 
айырмашылықты немесе осы мектептердің оқушыларында бар ресурстарындағы айырмашылықты 
көрсетуі  мүмкін.  Дүниежүзілік  банк  жүргізген  талдау  мектеп  ресурстарының  2009  және  2012 
жылдар  арасындағы  PISA  орта  балдарын  жақсартуға  оқушылардың  әлеуметтік  жағдайы  сияқты 
әсер  еткенін  көрсетті.  Математика  бойынша  мектеп  ресурстары  үлгерімі  жақсы  оқушылардың 
нәтижелерін жақсартуға көбірек әсер етсе, оқу сауаты бойынша олар үлгерімі орташа және төмен 
балаларға  көбірек  әсер  етеді  (Дүниежүзілік  банк,  2014).  Ауылды  жерлерде  (халқы  3000  адамнан 
кем)  немесе  кенттер  мен  шағын  қалаларда  (халқы  3000-нан  100 000  адамға  дейін)  орналасқан 
мектептердің оқушылары арасындағы айырмашылық елеулі болған жоқ, бірақ қалалардағы (халқы 
100 000  мыңнан  астам)  мектептердің  оқушылары  PISA-2012  анағұрлым  жоғары  нәтижелерді 
көрсетті (ЭЫДҰ, 2013b). Алайда, ауылды жердің мектептеріндегі оқушылардың нәтижелері PISA 
2009  салыстырғанда  бір  оқу  жылына  жақсарса,  қала  мектептеріндегі  олардың  жастастарының 
нәтижелері  оқудың  жарты  жылына  жақсарған.  Экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  мәртебе 
көрсеткіштері  бойынша  төмен  ширекке  жататын  оқушылар  жоғарғы  ширек  оқушыларына 
қарағанда  анағұрлым  төмен  нәтижелер  көрсетті,  осы  ретте  математика  бойынша  айырмашылық  
оқытудың  бір  жылдан  астам  уақытына  баламалы  (ЭЫДҰ,  2013b).  Қазақстанда  оқушылардың 
математикадан  нәтижелеріндегі  айырмашылықтардың  8%-ы  оқушылардың  әлеуметтік-
экономикалық  мәртебесіндегі  айырмашылықтар  есебіне  жатады  (ЭЫДҰ  елдеріндегі  15%-бен 
100
80
60
40
20
0
20
40
60
80
100
Қ
АЗА
Қ
СТ
АН
 
М
ек
си
ка
  
Чи
ли
 
Сло
ва
ки
я  
 
Из
ра
иль
 
Ш
ве
ци
я 
 
Гр
ец
ия
  
Люк
се
мб
ур
г 
Тү
рк
ия
 
Сло
ве
ни
я 
 
Исла
нди
я 
 
Ве
нг
ри
я 
 
Ит
али
я 
Авст
ри
я 
Ф
ра
нц
ия
  
По
рт
уг
али
я 
 
Эст
они
я 
ЭЫД
Ұ, 
ор
та
ш
а 
Че
хи
я 
 
Ұлы
бр
ит
ани
я 
АҚ
Ш
 
Жа
ңа
 З
ела
нди
я 
 
Но
рве
ги
я 
 
Бе
ль
ги
я 
 
Да
ни
я 
Ге
рма
ни
я 
Авст
ра
ли
я 
Ни
де
рла
нды
  
Ш
ве
йц
ар
ия
 
Ф
инля
нди
я 
 
Ка
на
да
 
По
ль
ш
а 
Жа
по
ни
я 
Ирла
нди
я 
Эст
они
я 
Ко
ре
я 
Оқу
ш
ы
л
ар
д
ы
ң 
пайыз
д
ы
қ 
үл
есі
 
  
1b деңгейінен төмен 
1b деңгейі 
1a деңгейі 
2 деңгейі 
3 деңгейі 
4 деңгейі 
5 деңгейі 
6 деңгейі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет