Анықтамалық-жолсілтегіші (екінші басылым) справочник-путеводитель обучающегося



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,91 Mb.
#6432
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 

Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

10 



 

 

7. УНИВЕРСИТЕТ  МАМАНДЫҚТАРЫ 

 

7.1. «Жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық дайындық» факультеті 

 

1) 


5В011400-Тарих 

2) 


5В011800-Орыс тілі және әдебиеті 

3) 


5В020800-Археология және этнология 

4) 


5В011100-Информатика 

 

7.2. «Мҧнай және газ» факультеті 

 

1) 


5В060800-Экология 

2) 


5В070600-Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау 

3) 


5В070800-Мұнай-газ ісі 

4) 


5В071200-Машина жасау 

5) 


5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 

6) 


5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы 

7) 


5В072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар 

8) 


5В073100-Қоршаған ортаны қорғау және ӛмір тіршілігінің қауіпсіздігі 

9) 


5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология   

 

7.3. «Педагогика» факультеті 

 

1) 


5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 

2) 


5В010200- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 

3) 


5В010300-Педагогика және психология 

4) 


5В010800-Дене шынықтыру және спорт 

5) 


5В 010900-Математика 

6) 


5В 011000-Физика 

7) 


5В011200-Химия 

8) 


5В011300-Биология 

9) 


5В011600-География 

10) 


5В011700-Қазақ тілі және әдебиеті 

11) 


5В011900-Шет тілі: екі шетел тілі 

12) 


5В020700-Аударма ісі 

 

7.4. «Кӛлік және қҧрылыс» факультеті 

 

1) 



5В070300-Ақпараттық жүйелер 

2) 


5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 

3) 


5В071800-Электр энергетикасы 

4) 


5В071300-Кӛлік, кӛлік техникасы және технологиялары 

5) 


5В071500-Теңіз техникасы және технологиялары 

6) 


5В071700-Жылу энергетикасы 

7) 


5В072900-Құрылыс 

8) 


5В090100-Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және кӛлікті 

пайдалану 

9) 

5В090300-Жерге орналастыру 



10) 

5В090700-Кадастр 



 

7.5. «Экономика және қҧқық» факультеті 

 

Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

11 



 

1) 


5В020200-Халықаралық қатынастар 

2) 


5В030100-Құқықтану 

3) 


5В050600-Экономика 

4) 


5В050700-Менеджмент 

5) 


5В050800-Есеп және аудит 

6) 


5В050900-Қаржы 

7) 


5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару 

8) 


5В090200-Туризм 

 

 

8. Ш. ЕСЕНОВ атындағы КМТИУ 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ 

 

КМТИУ-да  білім  алушы  жоғары  білім  беру  жҥйесінің  басты  мақсатын,  яғни 

кәсіби  және  мәдени  хабардар,  дүниетанымдық  әлеуеті  мол,  шығармашылық  ойлау 

қабілетіне ие, мамандық бойынша тұрақты біліктерді меңгерген жеке тұлғаны дайындауды  

жүзеге асырудағы ӛз жауапкершілігін ұғына отырып, және бірлескен басқару принциптерін 

нығайту  мен    әрі  қарай  дамытуды  ӛзінің  борышы  деп  санай  отырып,  Қазақстан 

Республикасы  жоғары  оқу  орындары  білім  алушыларының  осы  нақты  ар-намыс 



Кодексін қабылдайды және оны мүлтіксіз орындауға міндеттенеді. 

КМТИУ-да білім алушы: 

1)  Қазақстан  Республикасының  беделді  азаматы,  таңдаған  мамандығының  кәсіби 

шебері  болуға,  ӛз  бойында  шығармашыл  тұлғаның  ең  жақсы  қасиеттерін  дамытуға 

ұмтылады; 

2)  жасы  үлкен  кісілерге  ізетпен  қарайды,  маңайындағыларға  дӛрекі  мінез 

кӛрсетпейді  және  әлеуметтік  жағдайы  қорғалмаған  жандарға  жанашырлықпен  қарап, 

мүмкіндігіне қарай оларға қамқорлық кӛрсетеді; 

3) адалдық, инабаттылық, мәдениеттілік пен адамгершіліктің үлгісі, жат қылықтарға 

тӛзбейді  және  жыныстық,  ұлттық  белгілері  немесе  діни  наным-сенімдері  бойынша 

адамдарды кемсітіп, бӛлмейді; 

4) салауатты ӛмір салтын сақтайды және жаман әдеттерден толықтай бас тартады; 

5) 

КМТИУ  дәстүрлерін  сыйлайды,  оның  мүлкін  сақтайды,  cтуденттер 



жатақханасындағы тазалық пен тәртіпті қадағалайды; 

6)  шығармашылық  белсенділікті  дамытуға  (ғылыми,  білім  беру,  спорттық,  кӛркем-

ӛнер және т.б.), бірлескен мәдениетті және ЖОО беделін арттыруға бағытталған әртүрлі іс-

әрекеттердің қажетілігін және пайдалылығын мойындайды; 

7)  университеттен  сырт жерде  ӛзінің  жоғары оқу орнының ӛкілі екенін  еш  уақытта 

есінен шығармайды және де оның намысы мен беделін түсірмеуге күш салады; 

8) университеттегі әртүрлі жат, лайықсыз қылықтармен күресуді ӛзінің борышы деп 

санайды, яғни тӛменде кӛрсетілген лайықсыз қылықтардың барлық түрлерін Қазақстанның 

болашақ  экономикалық,  саяси  және  басқарушы  элитасына  лайық  сапалы  және  бәсекеге 

қабілетті білім алумен үйлеспеушілік ретінде  қарастырады:  

8.1) біреуден кӛшіріп алу немесе білімді тексеру рәсімдерін ӛткеруде басқа тұлғадан 

кӛмектесуін сұрау;  

8.2)  кезкелген  кӛлемдегі  дайын  оқу  материалдарын  (рефераттар,  курстық,  бақылау, 

дипломдық  және  басқа  жұмыстарды),  Интернет-ресурстарды  қоса  алғанда,  ӛз  еңбегінің 

нәтижесі ретінде ұсыну;  

8.3) жоғарырақ баға алу үшін туыстық және қызметтік байланыстарын пайдалану;  

8.4) сабаққа себепсіз келмей қалу, сабаққа кешігіп келу. 

 

 



 

 


Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

12 



 

9. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ 

 

1.  Университеттегі  оқу  ҥдерісіне  қатысты  барлық  қызметтің  жҧмыс  тәртібі  – 

сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін, ал басқа қызметтерде - 09:00-ден 18:00-ге дейін. Тҥскі ҥзіліс 

– сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. 

Сабақтар сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі. Бірінші сабақ сағат 8:30-да басталады. 

Оқу ғимараттарына қатаң түрде білім алушы билеті арқылы ғана кіреді. 

Сабақ  уақытында  барлық  дәрісханаларда  тыныштық  пен  тәртіп  қамтамасыз  етілуі 

тиіс. Қоңырау соғылғаннан кейін білім алушылардың аудиторияға кіруіне тиым салынады. 

Университет  ғимараты  ішінде  сыртқы  және  бас  киіммен  жүруге,  қатты  сӛйлеуге, 

шулауға,  сабақ  уақытында  дәлізде  жүруге,  шылым  шегуге,  спирттік  ішімдіктер  ішуге, 

есірткілік заттарды қолдануға және басқа да қоғамға жат іс-әрекеттерге тиым салынған. 

2. Білім алушылардың қҧқықтары: 

1)

 



мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттары шеңберінде  білім алу; 

2)

 



жеке траектория шеңберінде оқу; 

3)

 



ӛзінің  қабілеті  мен  қажеттігіне  сай  қосымша  білім  беру  қызметтерін  пайдала-

нуға, оқу жоспарына сәйкес балама курстарды таңдау; 

4)

 

заңмен  бекітілген  тәртіпке  сәйкес  оқуға  қайта  қабылдануға,  бір  оқу  орнынан 



басқа оқу орнына немесе бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысу; 

5)

 



КМТИУ-дың  кітапханасы  мен  техникалық  орталықтарының  ақпараттық  ресур-

старын тегін пайдалану; 

6)

 

барлық оқытылатын пәндер бойынша силлабустарды тегін пайдалану; 



7)

 

ӛзінің кӛзқарасы мен пікірін еркін білдіру. 



3. Білім алушылардың міндеттері: 

1)

 



таңдаған мамандық бағыттары бойынша теориялық біліммен тәжірибелік білікті 

меңгеру; 

2)

 

жеке оқу жоспарын ӛз уақытында жасау; 



3)

 

оқу пәндері бойынша білім алушының ӛзіндік жұмысын (БӚЖ) орындау; 



4)

 

сабақтарға күнделікті қатысу; 



5)

 

сабаққа  ауырып  қалғанның  әсерінде  қатыспаған  жағдайда,  анықтаманы 



уақытында әкелу; 

6)

 



сабаққа кешікпеу; 

7)

 



оқу-әдістемелік әдебиеттер мен мүліктерге ұқыпты қарау; 

8)

 



КМТИУ-дың ішкі тәртіп ережелерін ұстану; 

9)

 



ұқыпты, мұқият және міндетті болу; 

10)


 

оқытушылармен, әріптестерімен және т.б. жақсы қарым-қатынаста болу; 

11)

 

сабаққа лайықты, іскери киіммен келу; 



12)

 

сабақ уақытында ұялы телефондарды ӛшіру; 



13)  ӛз  денсаулығының  қамын  ойлау,  рухани  және  тәннің  саулығын    жетілдіруге 

ұмтылу.  

 

10.БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҤДЕРІСІН ҦЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖӘНЕ  

ОҚУ МЕН ТҦРМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ БАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕРДІ  

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУШІ БӚЛІМДЕР 

 

10.1. Факультеттер деканаттары: 

 

Білім алушылар тиісті деканаттарына келесі мәселелер бойынша хабарласа алады: 



1)

 

білім алушы билетін және сынақ кітапшасын алуға; 



2)

 

эдвайзердің  кеңесінен кейін элективті пәндерді таңдауға ӛтініш жазуға; 



3)

 

тиісті оқу жылына сәйкес жеке оқу жоспарын алуға; 



4)

 

студенттер жатақханасында тұру үшін ордер алуға; 



5)

 

басқа ЖОО-на, басқа мамандыққа ауысуға, оқудан шығуға; 



Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

13 



 

6)

 



әлеуметтік қоржынға сәйкес жеңілдіктерді пайдалануға ӛтініш беруге; 

7)

 



босаған  білім  грантын  (бос  орын  болған  жағдайда)  бӛлу  бойынша  конкурсқа 

қатысу туралы ӛтініш беруге; 

8)

 

тиісті анықтамасы бар болған жағдайда  сессияның мерзімін ұзартуға (ӛзгертуге) 



рұқсат алуға.  

 

10.2. Тіркеу бӛлімі 



 

Тіркеу  бӛлімі  (әрі  қарай  -  ТБ)  оқу  үдерісін,  білімді  тексерудің  барлық  түрлерін, 

академиялық  рейтинг  есебін  (GPA)  және  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  тіркеуді 

ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. 



Білім алушылар ТБ-не келесі сҧрақтар бойынша хабарласа алады: 

1) транскрипт алуға; 

2) оқуға келісім-шарт және/немесе келісім-шартқа қосымша жасауға;  

3)  факультет  деканының  рұқсаты  бар  болған  жағдайда  емтихан  сессиясының  жеке 

кестесін алуға;  

4) білім алушылардың қатарына қайта алынуға ӛтініш жазуға; 

5) қажетті құжаттары болған жағдайда академиялық демалыс алуға ӛтініш жазуға; 

6)  босаған  мемлекеттік  оқу  гранттарын  алу  үшін  конкурсқа  қатысу  үшін  ӛтініш 

(сәйкес құжаттармен) беруге; 

7) оқу және т.б. туралы анықтама алуға;  

8) қайта оқуға ӛтініш беруге;  

9) оқу жоспарындағы айырмашылықты немесе академиялық қарыздарын жою үшін 

жаздық семестрді ӛтуге жазылуға; 

10) ӛз қалауы бойынша оқудан шығуға ӛтініш беруге;  

11) оқудан шығарылған жағдайда кету қағазын алуға;  

12) білімі туралы құжаттарды (кету қағазына қол қойылғаннан кейін) алуға; 

13) академиялық ұтқырлық туралы ақпараттар алуға; 

14) екі дипломды білім алу бойынша ақпараттарды алу. 

 

Білім алушыларды қабылдау уақыты: кҥн сайын сағат 14:30-дан басталады. 



 

10.3. Оқу бӛлімі 

 

Білім  алушылар  сабақтың  ӛтілуінің,  емтихан  сесссиясының,  жазғы  семестрдің 

кестесін анықтау сұрағы бойынша оқу бӛліміне хабарласа алады.

 

 



10.4. Кітапхана 

 

Білім алушылар кітапханаға келесі сҧрақтар бойынша хабарласа алады: 

1) мамандықтар бойынша оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді алуға;  

2)  оқу  залында  оқу,  оқу-әдістемелік  әдебиеттермен,  энциклопедия,  сӛздік, 

монография, диссертация, авторефераттармен дайындалуға; 

3) мерзімдік басылымдардан (газет, журнал) ақпараттарды алуға; 

4)  «Кабис»  автоматтандырылған  кітапханалық  бағдарламаның  электронды  ката-

логіне еніп, қажетті әдебиеттерге 

http://lib-kguti.kz

 сілтеме бойынша тапсырыс беруге; 

5)  интернеттен,  университеттің  электронды  кітапханасынан  курстық  және  ди-

пломдық жұмыстар үшін ақпараттар алуға; 

6) rmeb.kz сайтына  кіру  арқылы Республикалық  ЖОО-аралық  электронды кітапха-

насынан оқу құралдарының  электронды нұсқаларын тегін алуға. 

 

№ 



Бӛлімшелер 

Жҧмыс уақыты

 

Мекен жайы 

Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

14 



 

Абонемент 



9.00 - 19.00 

32 ықшам ауданы,  

БҒ, 0 этаж 

№ 1 оқу залы 



9.00 - 19.00 

24 ықшам ауданы,  

№ 2 ОҒ, 2 этаж 

№ 2 оқу залы 



9.00 - 19.00 

32ықшам ауданы,  

БҒ, 1 этаж 

№ 3 оқу залы және 



кӛркем әдебиеттер 

абонементі  

13.00 - 21.00 

Сенбі және жексенбі 

кҥндері: 

11.00-19.00 

27 ықшам ауданы, № 2 

студенттер жатақханасы,  

1 этаж 



№4 оқу залы 



15.00 - 22.00 

32 ықшам ауданы,  

№ 3 студенттер 

жатақханасы, 4 этаж 

Электрондық кітапхана 



9.00 - 18.00 

32 ықшам ауданы,  

БҒ, 2 этаж 

 

Демалыс кҥндері: 



сенбі, жексенбі 

 

 



10.5. Бухгалтерия 

 

Білім алушылар бухгалтерияға келесі сҧрақтар бойынша хабарласа алады: 

1)  кету  қағазын  толтыру  барысында  оқу  ақысын  және  студенттер  жатақханасында 

тұру ақысын тӛлегені туралы  белгі қоюға; 

2)  академиялық  анықтаманы  беру  туралы  ӛтінішіне  оқу  және  студенттер 

жатақханасында тұру ақысын тӛлегені жӛнінде белгі қоюға; 

3)  кәсіпорын  есебінен  оқитын  білім  алушыларға  шотты,  шот-фактураны,  ақылы 

білім беру қызметін кӛрсету туралы орындалған жұмыстар актісін алуға;  

4)  оқу  ақысын  тӛлеу  және  студенттер  жатақханасында  тұруда  туындаған  даулы 

мәселелерді, ӛсімді анықтауға;  

5) оқу ақысының сомасын қайтаруға немесе тӛлеу мерзімін ауыстыруға (ректордың 

атына ӛтініш берген білім алушылар ғана). 

Білім алушыларды қабылдау уақыты кҥн сайын сағат15:00-ден. 

 

10.6. Ғылыми жҧмыс және қарым-қатынас бӛлімі 

 

Білім алушылар ғылыми жҧмыс және қарым-қатынас бӛліміне келесі сҧрақтар 



бойынша хабарласа алады: 

1)  министрліктер,  мемлекеттік  және  жеке  ұйымдар  мен  компаниялар  жариялаған 

ғылыми конкурстарға қатысуға; 

2)  ӛзінің  ғылыми  зерттеулерінің  негізгі  жағдайларын  ҚР  басылымдарында 

жариялауға; 

3)  білім  алу  бағытына  сәйкес  жұмыс  мамандықтары  бойынша  курстарда  оқу 

мүмкіндіктері туралы; 

4) Қазақстанда, сонымен қатар шетелдерде білім берудің басқа ұйымдары ӛткізетін 

ғылыми конференция, форум және семинарлар туралы ақпараттарды алу үшін; 

5)  халықаралық  білім  беру  бағдарламалары,  гранттар  және  стипендиялар  туралы 

ақпараттар алуға; 

6)  ғылыми  тағылымдамадан  ӛтуге  жолдама  алу  туралы  (магистратурада  білім 

алушыларға арналған); 

7) шетелге шығу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу туралы. 

 

10.7. Тәжірибе және жҧмысқа орналастыру бӛлімі 

 


Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

15 



 

Білім алушылар тәжірибе және жҧмысқа орналастыру бӛліміне келесі сҧрақтар 

бойынша хабарласа алады: 

1) жұмысқа жолдама алуға; 

2) бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру жӛнінде; 

3) тәжірибе ӛту мәселелері туралы. 

 

Білім алушыларды қабылдау уақыты: кҥн сайын сағат 15:00-ден басталады. 



 

10.8. Тәрбие және әлеуметтік жҧмыс бӛлімі 

 

Білім  алушылар  тәрбие  және  әлеуметтік  жҧмыс  бӛліміне  келесі  сҧрақтар 

бойынша хабарласа алады: 

1) білім алушыларды әлеуметтік қорғау туралы; 

2) медициналық қызмет кӛрсету туралы;  

3) студенттер жатақханасындатұру туралы; 

4) қызығушылықтары бойынша үйірмелерге жазылуға. 

 

Білім алушыларды қабылдау уақыты: кҥн сайын сағат 15:00-ден басталады. 



 

10.9. Жастар ісі комитеті 

 

Білім  алушылар  жастар  ісі  комитетіне  келесі  сҧрақтар  бойынша  хабарласа 

алады: 

1) кӛркемӛнер шығармашылық үйірмелеріне жазылуға; 

2) республика, қала, аудан аумағындағы кӛркемӛнерпаздар конкурстарына қатысуға. 

 

Білім алушыларды қабылдау уақыты: күн сайын сағат 15:00-ден басталады. 



 

11. ОҚУ ҤДЕРІСІН ҦЙЫМДАСТЫРУ 

 

11.1. Негізгі жағдайлар 

 

Оқу  жылы  1  қыркүйекте  басталып,  36  аптаны  құрайды,  оның  ішінде  30  апта  – 

теориялық  оқу,  6  апта  –  аралық  аттестаттау  (сессия),  мамандықтар  бойынша  тәжірибелер 

және каникулдар – академиялық күнтізбеге сәйкес.  

Оқу  жылы  2  семестрге  бӛлінеді  және  бір  оқу  семестрінің  ұзақтығы  15  аптаны 

құрайды. 

Оқу  кредиттік  технология  бойынша  іске  асырылады,  бір  кредиттің  академиялық 

кӛлемі  45  сағатты  құрайды.  Университеттегі  оқу  сабақтары,  оқу  жоспарлары  мен 

бағдарламаларға сәйкес, сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.  

Бір оқу сабағының ұзақтығы 50 минутты құрайды. 

Оқу  сабақтарының  арасында  10  минуттық  үзіліс  беріледі.  Оқу  сабақтарының 

басталуы  мен  аяқталуын  оқытушылар  мен  білім  алушыларға  қоңырау  соғылу  арқылы 

білдіреді.  Оқу  шеберханаларында,  компьютерлік  кластарда  және  зертханада  зертханалық 

сабақтарды жүргізгенде әр топ шағын топтарға бӛлінеді.  

Әр  топта  факультеттердің  декандары  білім  алушылардың  арасынан  оқу  үлгерімі 

неғұрлым  үздік,  тәртіпті,  белсенді  білім  алушылардан  староста  тағайындайды.  Староста 

оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысулары бойынша білім алушылардың жеке есебін 

жүргізеді. 

Білім алушылар оқытылатын пәндерді  табысты меңгеру үшін, семестрде оқылатын 

әр  пән  бойынша  силлабустарын  алып,  онда  кӛрсетілген  ұсыныстар  мен  жүйелі  реттілікті 

ұстануы қажет. 


Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

16 



 

Білім  беру  бағдарламалары,  әрқайсысы  міндетті  және  таңдау  бойынша  пәндерге 

бӛлінетін,  жалпы  білім  беру,  базалық  және  бейінді  компоненттерден  тұрады.  Білім  беру 

бағдарламалары оқытудың қосымша түрлерін (тәжірибе, дипломдық жоба немесе жұмысты 

жазу және қорғау) қамтиды. 

Білім алушылардың жалпы оқу жүктемесі  аптасына 54 сағаттан  аспайды. Міндетті 

аудиторлық сабақтардың кӛлемі теориялық білім беру кезеңінде, орташа есеппен аптасына 

36 сағаттан аспауы керек (бұл ретте, белгіленген кӛлемге дене шынықтыру пәні бойынша 

жүргізілетін міндетті сабақтар енбейді).  

Білім  алушылардың  оқуы  барысында  әр  пән  бойынша,  оқу  жұмысының  сіңірілген 

еңбек  кӛлемін  білдіретін  және  оқу  үдерісі  құрамдастарының  барлық  жиынтығы  ретінде 

кӛрініс табатын белгілі мӛлшердегі кредиттер (сынақтық бірлік) есептеледі.  

Пәннің кредиттерін есепке алу барысында, оған жұмсалатын еңбекке аудиториялық 

жұмыс,  білім  алушының  ӛзіндік  жұмысы,  курстық  жұмыстар,  емтихандарға  дайындық 

және  оларды  тапсыру,  сонымен  қатар,  тәжірибелер,  білім  алушының  ғылыми-зерттеу 

жұмысы, бітіру біліктілік жұмыстарын жазу және т.б. есептелінеді. 

Оқу  сабақтары  дәріс,  тәжірибелік  (семинар)  сабақтар  мен  зертханалық  жұмыстар 

түрінде жүргізіледі. 



Дәріс – күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес оқу материалдарын (қандай да бір 

сұрақты,  ғылыми  мәселені)  кӛпшілік  алдында,  соңынан  тыңдаушылар  қойған  сұрақтарға 

берілетін жауаптарды қоса, жүйелі түрде баяндау.  

Білім алушыларға дәрістің тиімділігі барынша мол болу үшін, олар алдын ала, дәріс 

ӛткізуден  бұрын,  ӛз  бетімен  оқу  бағдарламасында  (силлабус)  ұсынылған  әдебиеттер 

бойынша тақырыпқа сәйкес теориялық материалдармен танысулары қажет. 



Тәжірибелік  (семинар)  сабағы  –  білім  алушылар  дәрістерде  алған  білімін 

тереңдетін,  пысықтайтын  және  ӛзіндік  жұмыс  нәтижесінде  терминдерді  меңгеріп,  нақты 

материалдарға еркін сүйене отырып ӛз кӛзқарасын қорғауға үйренетін сабақтың теориялық 

түрі. 


Семинарларды  жүргізу  түрлері  –  сұрақ-жауапты  семинар,  жоспар  бойынша  кең 

түрде  әңгімелесу,  ауызша  баяндамалар,  білім  алушының  талқылауға  салынатын 

хабарламасы, жазбаша рефераттарды талқылау, семинар-пікір сайыстар. 

Зертханалық  сабақ  –  зертханалық  құрал-жабдықтарды  қолдану  арқылы  дәрістік  

материалдарды  тәжірибелік  және  теориялық  тұрғыдан  пысықтау.  Зертханалық  және 

тәжірибелік  сабақтар  білім  алушылардың  ойлау  қабілетін  ынталандырады,  теорияны  

тәжірибемен ұштастыруға, алған білімін баянды етуге септеседі. 

Білім алушы зертханалық сабақтарды келесі жағдайларда табысты орындайды: 

1)

 



жұмыстың мақсаты мен міндетін түсінгенде; 

2)

 



алдын  ала  дайындалған  жағдайда  (қажетті  әдебиеттерді  оқығанда,  тиісті 

ӛлшемдерді жүзеге асырғанда және т.б.); 

3)

 

жұмыстың  орындалу  барысын  жоспарлағанда  және  ӛзін-ӛзі  бақылау  кезеңдерін  



алдын ала белгілеп алғанда; 

4)

 



жұмыстың орындалу барысы мен нәтижелерін белгілеп қойғанда; 

5)

 



жұмыс  аяқталғаннан  кейін  оның  нәтижесінің  дұрыстығын  тексеріп  және  ол 

жұмысты барынша қалай тиімдірек орындауға болатынын ойланып, ойша бастапқыға қайта 

оралып, сарапқа салғанда. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет