Білім алушының ӛзіндік жҧмысы (әрі қарай - БӚЖ) – белгілі бір тақырыптар
бойынша ӛз бетімен оқуға берілетін, оқу-әдістемелік әдебиеттер және ұсыныстармен
қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп
түрінде тексерілетін жұмыстар.
Білім алушылардың санатына сай олар студенттің ӛзіндік жұмысы (әрі қарай -
СӚЖ), магистранттың ӛзіндік жұмысы (әрі қарай - МӚЖ) болып бӛлінеді. БӚЖ толық
кӛлемі білім алушыдан күнделікті ӛзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен
дәлелденеді.
Оқытушының жетекшілігімен білім алушының ӛзіндік жҧмысы (әрі қарай -
Екінші басылым
–
издание второе
17
ОБӚЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім
алушылардың аудиториядан тыс ӛзіндік жұмысы. Білім алушылардың санатына сай олар
оқытушының жетекшілігімен студенттің ӛзіндік жұмысы (әрі қарай - ОСӚЖ),
оқытушының жетекшілігімен магистранттың ӛзіндік жұмысы (әрі қарай - ОМӚЖ) болып
бӛлінеді.
СӚЖ (МӚЖ) – белгіленген тақырыптарды ӛз бетімен оқып үйрену және оқытушы
ұсынған оқу-әдістемелік әдебиеттер мен бағдарламаларға сәйкес, оларға берілген тиісті
тапсырмаларды орындау.
Білім алушылардың ӛзіндік жұмыстарды орындауы, олардың дәріс сабақтарында
алған теориялық материалдарды тереңірек игеруге мүмкіндік бере отырып, дайындық
деңгейін жоғарылатады.
Ӛзіндік жұмыстарды орындау үшін әр пән бойынша маңыздылық деңгейін ескере
отырып, нақты тақырыптар бойынша тапсырмалар құрастырылады. СӚЖ (МӚЖ)-дің
барлық тапсырмалары оқытылатын пәндердің силлабустарында беріледі.
СӚЖ (МӚЖ) бойынша орындалған тапсырмаларды белгіленген уақытта оқытушы
тексеріп, нәтижелері білім алушыға жеткізіледі және пән бойынша білімдері ағымды
бақылауда ескеріледі.
ОСӚЖ (ОМӚЖ) – Білім алушының ӛзіндік жұмыстары шеңберінде пәннің
жекелеген бӛлімдерін оқуға, аудиторлық сабақтарда оқылған тақырыптар бойынша
білімдерін бекітуге және кеңейтуге, СӚЖ (МӚЖ)-дің жекелеген тапсырмаларын орындау
үшін (білім алушылардың бастамаларымен) кеңес беруге, білім алушылардың пән
бӛлімдерін игеру деңгейін тексеруге арналған аудиторлық сабақ түрлерінің бірі.
Кеңес беру – бұл оқу үдерісінде оқытушылардың білім алушыларға кӛмек кӛрсету
түрі. Олар лекті, топтық, жекелей болуы мүмкін. Кеңестің басты міндеті - оқу-танымдық,
алайда олар бақылау міндеттерін де атқарады.
Кеңес беру кезінде білім алушылар қажетті оқу-ғылыми әдебиеттер, ӛзіндік
жұмыстарды орындау әдістері, реферат, баяндама, жазбаша немесе сызба жұмыстарына
қойылатын талаптар туралы, яғни, білім алушылар ӛздеріне қиындық туғызатын барлық
сұрақтар бойынша деректерді ала алады.
Тәжірибе – теориялық оқыту үдерісінде білім алушылардың алған білімдерін
бекітуді және таңдаған мамандығының бағыты бойынша ӛндірісте ӛзіндік жұмыста дағды
игертуді қарастыратын оқу жұмысының түрі.
Тәжірибенің мазмұны игерілетін мамандықтың ерекшелігімен анықталады.
11.2. Білім алушыларды пән бойынша тіркеу тәртібі
Білім беру бағдарламаларын игеру үшін білім алушының жекеленген оқу жоспары
(әрі қарай - ЖОЖ) жасақталады. ЖОЖ типтік оқу жоспарының міндетті компоненті мен
элективті пәндер каталогінің (әрі қарай - ЭПК) таңдау бойынша пәндер негізінде
құрастырылады.
ЭПК білім алушылардың пәндерді таңдауына арналған және барлық мамандықтар
бойынша оқуға ұсынылатын пәндердің толық тізімдемесі түрінде кӛрініс табады.
Міндетті және таңдау бойынша пәндер ЭПК-де әр мамандық және оқуға түсудің әр
жылы бойынша беріледі.
Білім алушылар оқу пәндеріне семестр басталғанға дейін, академиялық күнтізбеде
бекітілген мерзімге сәйкес әр оқу жылына жазылуы тиіс.
Оқу пәндеріне тіркелу эдвайзердің жәрдемімен іске асырылады.
Оқу пәндеріне тіркелу үшін білім алушылар ТБ басшысының атына ағымдағы оқу
жылының екі семестріне барлық таңдаған пәндерін кӛрсетіп, ӛтініш жазады. Факультет
деканы қол қойған ӛтініш ТБ-не тапсырылады.
Білім алушының ӛтініші мен типтік оқу жоспары негізінде ТБ-де білім алушының
ЖОЖ толтырылып, соған сәйкес оқу пәндері игеріледі.
Факультет деканы бекіткен ЖОЖ таңдаған пәндерді оқыту үшін академиялық лек
Екінші басылым
–
издание второе
18
пен топтарды жасақтау үшін ТБ-не жіберіледі.
Семестр шеңберінде пәндер бойынша кредит саны 22 кредиттен аспай тіркелуі тиіс.
Білім алушы оқудың барлық кезеңінде кем дегенде 129 кредитті игеруі тиіс.
11.3. Білім алушылардың білімін тексеруді ҧйымдастыру
Білім алушылардың жетістігін бақылау келесі түрлерге бӛлінеді:
1)
1 және 2 межелік бақылаулардың рұқсат алу рейтингілік бағаны есепке ала
отырып, ағымдық және межелік бақылаулар;
2)
қорытынды бақылау (пән бойынша емтихан).
Білім алушылардың үлгерімі бақылаудың барлық түрлері бойынша баллдық-
рейтингті әріптік жүйе бойынша 1-кестеге сәйкес бағаланады.
1-кесте
Пайыздықмазмұны
Әріптік жүйе
бойыншабағасы
Балдың сандықэкви-
валенті
Дәстүрлі баға
95-100
А
4,0
ӛте жақсы
90-94
А-
3,67
85-89
В+
3,33
жақсы
80-84
В
3,0
75-79
В-
2,67
70-74
С+
2,33
қанағаттанарлық
65-69
С
2,0
60-64
С-
1,67
55-59
Д +
1,33
50-54
Д
1,0
0-49
Ғ
0
қанағаттанарлықсыз
Ағымдық бақылау (АБ) – оқу бағдарламасына сәйкес білім алушының білімін
жүйелі түрде тексеру. Академиялық кезең барысында оқытушы АБ-ды аудиториялық және
аудиториялардан тыс сабақтарда ӛткізеді.
Ағымдық бақылауда білім алушылардың оқу жетістіктері әр орындалған тапсырма
үлгеріміне сәйкес 100 баллдық шкаламен бағаланады (ағымды сабақтардағы жауап, үй
тапсырмаларын тапсыру, СӚЖ, аралық бақылау) және ағымдық бақылаудың қорытынды
нәтижесі академиялық кезең бойы алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық
жиынтығы есебінен анықталады.
Бағалаудың осы тәсілі аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім
алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда да қолданады.
Сырттай оқыту бӛлімінде оқитын білім алушылардың ағымдық бақылау үлгерімі
академиялық күнтізбеге сәйкес ӛткізілетін оқу-емтихандық сессияға дейін және де оның
барысында жүргізіледі.
Сырттай оқыту бӛлімінде білім алушылар оқу-емтихандық сессияға дейін бақылау
мен есептік-сызба жұмыстарының барлық түрлерін, курстық жұмыстарды (жобаларды)
сонымен қатар, пәннің оқу бағдарламасына сәйкес үй тапсырмаларының жекелеген
түрлерін, СӚЖ, аралық бақылауды тапсырады.
Межелік бақылау (МБ) – оқу пәнінің ірі бӛлімін (модулін) аяқтағанда білім
алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.
Бір академиялық кезеңде бір оқу пәнінің шеңберінде кем дегенде екі рет жүргізіледі.
Рейтингтік бақылауда ағымды және межелік бақылаудың бағалары есептелінеді. Межелік
бақылауда білім алушылардың оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
Екінші басылым
–
издание второе
19
Межелік бақылау қорытындысы бойынша рҧқсат алу рейтінгілік баға (РР) (білімді
бағалаудың кӛпбаллды жүйесінде үлгерімнің 50 пайызынан кем емес) аныкталады.
РРМБ1-дің және МБ2-нің орташа есебін құрайды және келесі формула бойынша % -
бен есептелінеді:
2
2
1 МБ
MБ
PP
Білім алушылар сессияға рұқсат алу үшін РР 50% кем болмауы керек.
Білім алушылардың аралық аттестаттауға (АА) (емтихандық сессия) жіберіліуі екі
кезеңмен жүргізіледі:
1) бірінші кезеңде факультет деканының ӛкімімен оқу ақысы, пререквизиттер
бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделу-
де жүрмеген білім алушылар емтихандық сессияға жіберіледі;
2) екінші кезеңде үлгерімнің ағымдық және межелік бақылау нәтижелері бойынша
анықталатын РР негізінде пән бойынша автоматты түрде емтиханға жіберілуге рұқсат
беріледі. Бұл рұқсат емтихандық ведомость бойынша әр білім алушының тегінің жанына
ТБ тиісті белгі қоюмен жүзеге асырылады.
Пән бойынша білім алушының РРтӛмен болған жағдайда, ол осы пән бойынша
қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Оқу және жекеленген жоспарда қарастырылған курстық жұмысты (жобаны) тап-
сырмаған білім алушытиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
Факультет деканы кейбір жекелеген жағдайларда (ауырған, отбасылық жәнеқызмет-
ке байланысты жағдайларда) білім алушыға емтихандық сессияны жеке кесте бойынша
тапсыруға рұқсат береді.
Факультет деканының ұсынысына сәйкесбілім алушының ауырғаны, бала тууы,
жақын туыстарының қайтыс болуы туралы, оның қызметтік немесе оқу іссапарын растай-
тын құжаттар негізінде ТБ жекеленген кестені рәсімдейді.
Аралық аттестаттау (АА) (емтихандық сессия)
АА жазғы және қысқы сессия шеңберінде жылына екі рет жүргізіледі.
АА оқу және жекеленген жоспарларда қарастырылған барлық пәндер бойынша
ауызша, жазбаша емтихан немесе университеттің білім беру порталында компьютерлік тест
түрінде жүргізіледі.
Емтиханға келгенде білім алушының ӛзімен бірге сынақ кітапшасының болуы тиіс.
Емтихандағы білім алушының үлгерімібілімді бағалаудың баллдық-рейтингті
әріптік жүйесімен бағаланады. «Ӛте жақсы»(А-, А), «жақсы» (В-, В, В+), «қанағаттанар-
лық» (Д-, Д+, С-, С, С+) бағалары оқу пәнінің емтихандық ведомосына және білім
алушының сынақ кітапшасына кредиттер санын кӛрсету арқылы жазылады. «Қанағатта-
нарлықсыз» (F) бағасы тек емтихандық ведомостқа ғана жазылады.
Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейінбілім алушыға оның оқудағы жетістігі
болып табылатын қорытынды бағасы қойылады.
Пән бойынша қорытынды бағағаРРжәне қорытынды бақылаудың бағалары кіреді.
Үлгерімнің ағымды бақылау бағасы (РР) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының60
%, ал емтихан бағасы 40 % құрайды.
Қорытынды баға Қ келесі формула бойынша %анықталады:
4
,
0
6
,
0
E
РP
Егер, пән бағдарламасын толық орындағанбілім алушы, емтиханға келмеген
жағдайда, емтихандық ведомоста оныңтегінің қатарына «келмеді»деген белгі қойылады.
Келмегендігі дәлелді себеппен болған жағдайда факультет деканының ұсынысы негізінде
ТБ осы білім алушыға емтихан тапсыру үшін жеке кесте белгілейді. Білім алушының
дәлелді себебі болмаған жағдайда емтиханға келмеуі «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға
теңеледі, емтихан ақылы негізде қайта тапсырылады.
Екінші басылым
–
издание второе
20
Академиялық қарызды («қанағаттанарлықсыз» бағаны) жою келесі академиялық
кезеңде немесе жазғы семестрде жүзеге асырылады. Осы жағдайдабілім алушы оқу пәніне
жазылу рәсімін қайталайды, пәннің кредиттері бойыншаоқу ақысының құнын тӛлейді, осы
нақты пәннің жұмыс оқу жоспарында қарастырылған оқу сабақтарының барлық түріне
қатысады,РР алып қорытынды бақылауды тапсырады.
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау (ҚМА)
ҚМА мамандықтардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім берустандарттарына
сәйкес (МЖМБС) мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны)
қорғау түрінде жүргізіледі.
ҚМА келесі реттілікпен жүзеге асырылады:
1) 129 кредиттерді игеруді орындау;
2) мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыру;
3) дипломдық жұмысты (жобаны) тақырыптарын бекіту және ғылыми жетекшілерін
тағайындау (оқу жылының басында рәсімделеді);
4) МЖМБС талаптарына сәйкес диплом алды тәжірибесінен ӛту;
5) дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау.
Мемлекеттік емтихандар, МЖМБС-ға сәйкес мамандықтардың жұмыс оқу жоспар-
лары қарастырған мамандықтар пәндері бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік емтихандарды қабылдаудымемлекеттік аттестаттау комиссиясы (МАК)
жүзеге асырады
Мемлекеттік емтихандарды қабылдау ауызша немесе жазбаша түрде, билеттер
бойынша жүзеге асырылады.
Жақсы бағаға ӛзгерту мақсатында мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға
рұқсат етілмейді.
Мемлекеттік емтихандар бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар,
дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеуге жіберілмейді және университеттен оқудан
шығарылады.
Қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар, мемлекеттік емтиханды қайта тап-
сыруды қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың алдағы келесі кезеңінде жүзеге асырады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау барысында білім алушылар диплом алды
тәжірибеден ӛтеді.
Диплом алды тәжірибенің мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен
анықталады. Диплом алды тәжірибенің жетекшілері дипломдық жұмыстың (жобаның) же-
текшілері болып табылады. Диплом алды тәжірибе аяқталғаннан кейін оның қорытындысы
бойынша есеп беріледі.
Диплом алды тәжірибені ӛтіп, мемлекеттік емтиханды табысты тапсырғаннан кейін
білім алушы дипломдық жұмысын (жобаны) қорғауға жіберіледі.
11.4. Курстық жҧмысты (жобаны) орындауға қойылатын талаптар
Білім алушылардың пән бойынша жұмысты (жобаны) орындауы келесі мақсаттарда
жүргізіледі:
1)
жалпы кәсіби және арнайы пәндер бойынша алған теориялық білімдері мен
тәжірибелік білік, дағды-машықтарын жүйелеу және бекіту;
2)
берілген тақырыпқа сәйкес теориялық білімдерін тереңдету;
3)
қойылған мәселелерді (тапсырмаларды) шешуде теориялық білімдерін қолдана
білуді қалыптастыру;
4)
анықтамалық, нормативті және құқықтық құжаттарды қолдана білуді
қалыптастыру;
5)
шығармашылық
бастамашылдықты,
дербестікті,
жауапкершілік
пен
жинақылықты дамыту.
Пән бойынша курстық жұмыс (жоба) мамандықтың оқу жоспары бойынша
белгіленген мерзімде орындалады.
Екінші басылым
–
издание второе
21
Курстық жұмыстың (жобаның) орындалуын бақылау мен жалпы жетекшілік
жасауды сәйкес пәннің оқытушысы жүзеге асырады.
Курстық жұмыстың (жобаның) орындалуы білім алушының оқытушының
жетекшілігімен орындалатын ӛзіндік жұмысы менкеңес беру кестесіне сай жүзеге
асырылады. Кеңес беру, жұмыс оқу жоспарындағы кеңес беру мен ОСӚЖ (ОМӚЖ)-ге
берілген уақыт кӛлемі есебінен жүргізіледі.
Білім алушы курстық жұмыстың (жобаның) бітіргеннен кейін оқытушы орындалған
жұмысты тексеріп, жазбаша ескертулер жасайды. Жазылған ескертпелерді ескере отырып,
барлық жұмысын аяқтағаннан кейін білім алушы курстық жұмысын (жобасын) бағаға
қорғайды, алған баға аралық аттестаттауға жіберілуге рұқсат беретін баға деп есептелінеді.
11.5. Жазғы семестр
Академиялық күнтізбеге сәйкес университетте студенттердің қосымша оқу
қажеттіліктерін
қанағаттандыру
үшін,
оқу
жоспарларындағы
академиялық
айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттері ӛз ЖОО-да
міндетті түрде қайта есепке алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену
үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) кӛтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр
(бітіруші курстан ӛзге курстарда) қарастырылған.
Жазғы семестре пәндерді оқыту ақылы түрде жүргізіледі, пәндерге жазылу жазғы
семестр басталмастан 2 апта бұрын ӛткізіледі.
11.6. Пәнді қайталап оқу
Пәнді қайта оқу ақылы түрде жүзеге асырылады:
1)
академиялық қарызы болған жағдайда (рұқсат алу рейтінгілік бағасы немесе
қорытындыбағалаудың бағасы «қанағаттанарлықсыз» болғанда;
2) курс бағдарламасын толық орындаған, бірақ белгіленген кӛшірме балын жинақтай
алмаған білім алушыға, үлгерімінің орташа балын (GPA) жоғарылату мақсатында жазғы
семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға (мемлекеттік емтихан тапсыратын
«Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) мүмкіндік беріледі.
Ол үшін білім алушы оқу пәніне қайта жазылу рәсімдерінен ӛтеді, кредит бойынша
осы пәннің оқу ақысын тӛлейді, пәннің жұмыс оқу жоспары бойынша қарастырылған
сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, рұқсат алып, қорытынды бақылауды
тапсырады.
Емтиханды қайталап жақсы бағаға тапсырғанда қорытынды баға қайта есептелінеді.
Үлгерімінің орташа балын есептегенде оқу пәнінен алған соңғы бағалары
есептелінеді.
11.7. Қайта оқу
Жазғы семестр кезінде ӛту балының ең аз деңгейін (GPA) жинақтай алмаған білім
алушы курсты ақылы негізде қайталап оқу үшін жаңа келісім-шартқа отырып, қайтаоқуға
қалады.
Оқудың қайталау курсына қалдырылған білім алушыбұрын бекітілген ЖОЖ
бойынша немесе жаңадан қайта жасақталған ЖОЖ бойынша білім алуына болады.
Екі жағдайда да білім алушы ЖОЖ-дың барлық пәндерін қайтадан оқиды.
11.8. Бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысу тәртібі
Білім алушылардың бір мамандықтан екіншісіне ауысуға мүмкіндігі бар. Ауысу
туралы ӛтініш тек қана жазғы немесе қысқы демалыс кездеріндеакадемиялық кезеңге
Екінші басылым
–
издание второе
22
дейнгі бес күн жұмыс ішінде, ал сырттай оқу түрінде білім алушылардың ӛтініші кезекті
емтихандық сессияның басталуына бір ай қалғанға дейін қарастырылады.
ЖОЖ-ға сәйкес 15 кредиттен кем емес алғашқы академиялық кезеңнің оқу
жоспарын толық орындау ауысудың міндетті шарты болып табылады.
Ауысу кезінде білім алушы алдыңғы академиялық кезеңдерде оқыған оқу
жоспарлары ішіндегі пән айырмашылықтары анықталады. Оқу жоспарындағы пән
бойынша академиялық айырмашылықтар оқу карточканың кӛшірмесінде, транскрипте
немесе оқуын толық аяқтамағаны туралы анықтамада кӛрсетілген оқылған пәндер тізімі
арқылы, олардың бағдарламалары және академиялық сағатта немесе кредитте
кӛрсетілгенкӛлемі арқылы анықталады.
Нақты сол курсқа ауысу, егер, оқу жоспарындағы пәндер айырмашылығы
бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес пәнінен аспаған жағдайдағана жүзеге
асырылады.
Оқу жоспарындағы пәндер айырмашылығын жою үшін білім алушы академиялық
кезеңде оқу жоспарымен қарастырылған оқу сабақтарының барлық түріне қатысады,
ағымдық және аралық бақылауларды тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілуге рұқсат
алады.
Белгіленген
мерзімде
жойылмаған
жұмыс
оқу
жоспарындағы
пәндерайырмашылығы, әрі қарай академиялық қарыз ретінде есептеледі.
Білім алушылардың бір мамандықтан екіншісіне ауысуы, келісім-шартты қайта
рәсімдеуге сәйкес, тек қана ақылы негізде болады.
11.9.Курстан курсқа ауысу тәртібі
Оқу жылының (емтихандық сессиялардың) қорытындысы бойынша, жазғы семестр
қорытындысын ескере отырып, ТБ білім алушының оқу үлгерімінің орташа балы(GРА),
білім алушының оқу үлгерімінің таразыланған орташа білімі ретінде есептейді.
Келесі курсқа кӛшірубалының белгіленген деңгейін жинаған білім алушы келесі
курсқа кӛшіріледі. Курс бағдарламасын толық орындаған, бірақ ӛту балының ең тӛменгі
деңгейін жинақтай алмаған білім алушы, үлгерімінің орташа балын (GPA) жоғарылату
мақсатында жазғы семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға («Қазақстан
тарихы» пәнінен басқа) және сол пәндер бойынша емтихандарды қайта тапсыруға
мүмкіндігі бар.
Білім алушыларды курстан курсқа кӛшіру 1 қыркҥйекке дейін жҥзеге
асырылады.
Жазғы
семестр
қорытындысын
есептегенде
оқу
жылының
қорытындысы бойынша ӛту балын жинай алмаған білім алушылар курсты қайта
оқуға қалдырылады.
Курсты қайта оқуға қалдырылған мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын
білім алушылар, оқудың келесі кезеңінде мемлекеттік білім беру грантын иелену
қҧқығынан айрылады.
11.10. Басқа оқу орнына ауысу тәртібі
ЖОЖ-ға сәйкес алғашқы академиялық кезеңнің оқу жоспарын толық орындау
ауысудың міндетті шарты болып табылады.
Ауысу туралы ӛтініш тек қана жазғы немесе қысқы демалыс кездерінде
академиялық кезеңге дейнгі бес күн жұмыс ішінде, ал сырттай оқу түрінде білім
алушылардың ӛтініші кезекті емтихандық сессияның басталуына бір ай қалғанға дейін
қарастырылады.
Күндізгі оқу бӛлімінде оқитын білім алушылардың ауысу туралы ӛтініші тек қана
жазғы немесе қысқы демалыс кезеңдерінде қарастырылады.
Сырттай оқу бӛлімінде оқитын білім алушылардың ӛтініші кезекті емтихандық
сессияның басталуына дейін қарастырылады.
Екінші басылым
–
издание второе
23
Білім алушының бір жоғары оқу орынан басқа оқу орнына ауысу рәсімдері келесі
тәртіпте жүргізіледі:
1) басқа оқу орнына ауысқысы келетін білім алушы КМТИУ ректорының атына
ауысу туралы ӛтініш жазады, ауысуғамӛр басылған жазбаша келісім алып, ӛзі қызыққан
ЖОО басшысына жолығады;
2) қабылдайтын ЖОО басшысының атына ауысу туралы ӛтінішке қоса келесі
құжаттар бірге берілуі тиіс: оқу және ғылыми жұмыс проректоры және ТБ бастығы
қолқойған, мӛр басылған транскриптің кӛшірмесі; ұлттық бірыңғай тестілеу немесе
кешенді тестілеуді тапсырғаны жайында сертификат; білім гранты (егер болған жағдайда)
иегерінің куәлігі; ӛзі оқыған КМТИУ ректорының атына жазылған ӛтініштің (басшының
бұрыштамасы бар және мӛр қойылған) кӛшірмесі.
Қабылдайтын ЖОО тапсырылған құжаттарға сәйкес оқу жоспарындағы білім
алушыоқыған
пәндер
арасындағы
айырмашылықтарды
анықтайды,
менгерген
пререквизиттерге сәйкес оқу курсы анықтайды. Оқу жоспарындағы пәндер арасындағы
айырмашылықты жою үшін білім алушы академиялық кезеңде оқу жоспарымен
қарастырылған оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдық және аралық
бақылауды тапсырады, қорытынды бақылауға рұқсат алады.
Белгіленген
уақытта
жойылмаған
жұмыс
оқу
жоспарындағы
пәндер
айырмашылығы, әрі қарай академиялық қарыз ретінде есептеледі.
Нақты ӛзі оқитын курсқа ауысу үшін, оқу жоспарындағы пәндер аралық
айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес пәнінен аспаған жағдайда ғана
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |