Анықтамалық-жолсілтегіші (екінші басылым) справочник-путеводитель обучающегося


 Білім алушыларды университеттен шығару тәртібі



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,91 Mb.
#6432
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

11.11. Білім алушыларды университеттен шығару тәртібі 

 

Шығарылу келесі жағдайларда жүзеге асырылады: 



1)  ЖОЖ  толық  орындап,  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  қорғап,  оқуды  бітірген 

жағдайда; 

2) университетпен байланыс үзілген жағдайда (емтихандық сессияларға келмеу); 

3)  білім  беру  қызметін  кӛрсетуге  жасалған  келісім-шарттарын  (тӛлем  бойынша) 

орындамағанда; 

4) білім алушының жеке қалауы бойынша; 

5) басқа жоғары оқу орнына ауысқан жағдайда.  

Басқа  жоғары  оқу  орнына  ауысқан  жағдайда  шығарылу  туралы  бұйрық, 

қабылдаушы ЖОО-нан ауысушы білім алушының жеке іс қағазына сұраныс алғаннан кейін 

шығарылады. 

Білім  алушы  КМТИУ-ден  шығарылған  жағдайда  шығарылу  себебіне  тәуелсіз, 

сабақтарда  болуы-болмауына,  емтихандық  сессияларға  қатысуы-қатыспауына  қарамастан, 

оның білім алушылардың тізімінде болған толық айлары үшін (оқу кезеңі), соның ішінде, 

шығарылған айын қоса алғанда, КМТИУ-дің шығындарын ӛтейтін болады. 

 

11.12.  Білім алушылардың қатарына қайта қабылдану тәртібі 

 

Егер білім алушылар жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының 



бірінші  академиялық  кезеңін  толық  аяқтаса,  олар  оқудан  шығарылғаннан  кейін  қайта 

қабылдана алады. 

Қайта  қабылдау  туралы  ӛтініш  тек  қана  жазғы  немесе  қысқы  демалыс  кездерінде 

академиялық  кезеңге  дейнгі  бес  күн  жұмыс  ішінде,  ал  сырттай  оқу  түрінде  білім 

алушылардың  ӛтініші  кезекті  емтихандық  сессияның  басталуына  бір  ай  қалғанға  дейін 

қарастырылады. 

Білім  алушы  қайта  қабылданғанда  оның  алдыңғы  академиялық  кезеңнің  оқу 

жоспарындағы оқыған пәндерінің айырмашылықтары анықталады. 



Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

24 



 

Сәйкес  курсқа  қайта  қабылдану,оқу  жоспарларындағы  пәндердегі  айырмашылық 

бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес пәнінен, ал магистратура – үш пәннен аспаған 

жағдайда жүзеге асырылады. 

Оқу  жоспарындағы  пәндер  арасындағы  айырмашылықты  жою  үшін  білім  алушы 

академиялық  кезеңде  оқу  жоспарымен  қарастырылған  оқу  сабақтарының  барлық  түріне 

қатысады,  ағымдық  және  аралық  бақылауды  тапсырады,  қорытынды  бақылауға  рұқсат 

алады. 


Күндізгі оқу түрінде оқитын білім алушылардың қайта қабылдау туралы ӛтініші тек 

қана жазғы немесе қысқы демалыс кезінде қарастырылады. 

Сырттай  оқу  түрінде  оқитын  білім  алушылардың  ӛтініші  кезекті  емтихандық 

сессияның басталуына дейін қарастырылады. 

Белгіленген  уақытта  жойылмаған  жұмыс  оқу  жоспарындағы  пәндердің 

айырмашылығы, әрі қарай академиялық қарыз ретінде есептеледі. 



 

11.13. Ҥздік диплом алудың тәртібі 

 

             Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А  - «ӛте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» 

деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең 

мемлекеттік  емтихан  мен  диплом  жұмысын  (жобасын)  «ӛте  жақсы»  деген  бағаға 

тапсырған  білім  алушыға  үздік  диплом  (әскери  даярлығы  бойынша  бағасын 

ескермегенде)беріледі. 

       150.  Оқу  кезеңінде  емтихандарды  қайта  немесе  қайталап  тапсыру  жағдайы  болған 

студент жоғарыдағы талаптарды орындағанына қарамастан үздік диплом алу құқығынан 

айырылады. 

 

12. СТИПЕНДИЯЛАР ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ 

 

12.1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  белгілеген  стипендияларды 

тағайындау тәртібі 

 

1. Стипендия: 

1) 

білім 


алушылардың 

ғылыми-зерттеу 

және 

оқу-танымдық 



қызметін 

ынталандыруға; 

2) анағұрлым талантты және дарынды білім алушыларды қолдауға; 

3) интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. 

2.  Стипендия  қүндізігі  оқу  нысаны  бойынша  оқитын  3  курстан  бастап, 

магистранттарға екінші оқу жылынан бастап мемлекетттік білім беру тапсырысы бойынша 

және ақылы негізде тек «ӛте жақсы» (А, А-) оқитын білім алушыларға беріледі. 

3. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады: 

1) 

республикалық  және  халықаралық  олимпиадалардың,  шығармашылық 



конкурстардың, 

спорттық 

жарыстардың, 

фестивальдардың 

жеңімпаздары 

немесежаңалықавторлары; 

2)  ғылыми  еңбектер  жинақтарында,  республикалық  және  халықаралық  ғылыми 

журналдарда жарияланымдары бар; 

3)  табыстары  дипломдармен,  грамоталармен,  сертификаттармен,  куәліктермен 

расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар; 

4)  білім  беру  ұйымдарының  қоғамдық,  мәдени  және  спорттық  ӛміріне  белсене 

араласатындар. 

Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады. 

Стипендия бір тұлғаға бірнеше рет тағайындалуы мүмкін. 

Стипендияларды  тағайындау  кезінде  үміткерлерді  іріктеу  осы  Ереженің  2  және  3 

тармақтарында  жазылған  ӛлшемдер  тәртібінде  жүзеге  асырылады.  Тең  жағдайда 

басымдық: 


Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

25 



 

1) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 

2) бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі. 

 

12.2. Атаулы стипендияларды тағайындау тәртібі  

 

Ғылым,  техника  және  мәдениеттің  кӛрнекті  қайраткерлері  атындағы  стипендиялар 



әдетте  жоғары  курста  үздік  оқитін  студенттерге  КМТИУ  ғылыми  кеңесінің  шешімі 

негізінде тағайындалады. 



 

12.3. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау тәртібі  

 

Мемлекеттік  стипендия  мемлекеттік  білім  беру  грант  иегерлеріне,  олар  аралық 



аттестаттау қорытындысы (емтихандық сессия) бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», 

«В+», «В», «В-» бағаларға тапсырған жағдайда тӛленеді. 

Стипендия  ай  сайын  емтихандық  сессиядан  кейінгі  айдың  алғашқы  күндерінде 

келесі емтихандық сессия басталғанға дейін тағайындалады.  



 

12.4. Босаған мемлекеттік білім гранттарын беру тәртібі  

 

Ақылы  негізде  оқитын  білім  алушылар,  оқу  үдерісі  барысында  босаған  білім 

гранттарынбӛлу бойынша ӛткізілетін конкурсқа құжаттарын тапсыруға мүмкіндіктері бар. 

Жоғары білім алу барысында босаған  білім гранттарын бӛлу бойынша қысқы және 

жазғы  каникул  кезенінде  босаған  вакантты  орындарға  сәйкес  ӛткізілетін  конкурс  келесі 

тәртіппен жүзеге асырылады: 

1) білім алушы босаған білім грантын алу үшін КМТИУ Ректорының атына ӛтініш 

жазады; 


2)  ӛтініш  сәйкесдеканаттарда  оқу  үлгеріміне  байланысты  конкурс  негізінде 

қарастырылып КМТИУ-дың ғылыми кеңесіне жіберіледі;  

3)  КМТИУ-дың  ғылыми  кеңесі  ӛтініштерді  конкурс  негізінде  қарастырып,  жоғары 

орташа  үлгерімібалдары  бар  білім  алушыларды  босаған  білім  гранттарына  ауыстыру 

жӛнінде  шешімді  5  тамызға  және  15  қаңтарға  дейін  білім  саласындағы  белгіленген 

органдарға шешім қабылдау үшін жібереді. 

Білім  алушының  ӛтінішіне  қосымша  ғылыми  кеңестің  шешімімен  бірге  сынақ 

кітапшасының  немесе  транскрипттің  кӛшірмесі,  жеке  тұлғасын  растайтын  құжаттың 

кӛшірмесі және ЖОО-нан шығарылған білім алушының  білім грантының иеленуші куәлігі 

(түпнұсқа) жіберіледі; 

4)  білім  саласындағы  органдар  тапсырылған  құжаттарды  мамандық  бойынша, 

түскен  уақытына  байланысты  оқу  мезгілі  мен  түріне  сәйкес  қарастырып,болымды 

шешімқабылданған жағдайда білім гранттарын тағайындаутуралы бұйрық шығарады; 

5)  бұйрыққа  сәйкес,  білім  саласындағы  органдар  білім  грантының  куәлігін 

толтырады; 

6)  білім  грантының  куәлігіне  сәйкес  КМТИУ  білім  гранты  негізінде  білім  алу 

туралы бұйрық шығарады. 

Қҧжаттар  тек  босаған  білім  гранттары  бар  мамандықтар  бойынша 

ҧсынылады. 

Босаған  білім  гранттарын  алуғаүміткерлердің  құжаттары  ағымды  жылдың  10 



қаңтары  мен  10  шілдесіне  дейін  ұсынылады,  кӛрсетілген  уақыттан  соң  берілген 

ӛтініштер қарастырылмайды.  

 

 

 

 

 

Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

26 



 

13.АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫСТАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ 

 

13.1. Жалпы ережелері 

 

Академиялық демалыс - білім алушының (студенттер, магистранттар, докторанттар) 

денсаулық жағдайына, тууына байланысты, ӛзінің оқуын уақытша үзетін мерзім. 

Академиялық  демалысты  рәсімдеуге  білім  берушінің  берген  ӛтініші,  дер  кезінде, 

аралық аттестаттаудан бұрын қарастырылады. 

Мемлекеттік  білім  тапсырысы  негізінде  білім  алатын  тұлғаға  академиялық 

демалысты  бергенде,  оның  мемлекеттік  білім  тапсырысы  негізінде  білім  алу  құқығы 

сақталады және оқуын қаржыландыру академиялық демалыс алу кезеңінде тоқтатылады да, 

ол  аяқталғаннан  кейін  қайта  басталады  (дәрігерлік-кеңес  беру  комиссиясының 

қорытындысы негізінде академиялық демалыстағы грант иегерлеріне белгіленген тәртіпте 

тӛлеу қарастырылған шығындарды қаржыландырудан басқасы). 

Ақылы  негізде  оқитын  білім  алушыларға  академиялық  демалыс  берілген  кезде, 

академиялық демалыс уақытында олардың оқу ақысын тӛлеуі тоқтатылады. 

 

 



13.2. Академиялық демалыстарды беру мерзімі мен тәртібі 

 

1. Білім алушыға академиялық демалыс мынадай негізде: 

1)  амбулаториялық-емханалық  ұйым  жанындағы  дәрігерлік-консультациялық 

комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы бойынша сырқатына байланысты ұзақтығы 

6 айдан 12 айға дейін; 

2)  туберкулезбен  ауырған  жағдайда  туберкулезге  қарсы  медициналық  ұйымның 

жанындағы  орталық  дәрігерлік-консультациялық  комиссияның  қорытындысы  бойынша 

беріледі. 

Сондай-ақ білім алушыға академиялық демалыс мынадай негіздерде: 

1)  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  әскери  қызметке  шақыру  қағазы 

болғанда; 

2)  босанғанда,  ұл  немесе  қыз  бала  асырап  алғанда  -  заңнамада  белгіленген 

жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін; 

3) заңнамада кӛзделген ӛзге де жағдайларда берілуі мүмкін. 

Академиялық  демалысты  рәсімдеу  үшін  білім  алушы  университет  Ректорының 

атына  ӛтініш  жазып,  ДКК  немесе  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  күштер  қатарына 

шақырылуы туралы әскери комиссариаттың анықтамасын ұсынады. 

Оңшешім  қабылдаған  жағдайда  университет  Ректоры  үш  жұмыс  күнінің  ішінде 

білім  алушыға,  басталу  мен  аяқталу  мерзімі  кӛрсетілген  академиялық  демалысты  беру 

туралы бұйрық шығарады.  

Жұқпалы  бактерия  бӛлгіш  туберкулезбен  ауырған  білім  алушыларғаакадемиялық 

демалысты беру, оның емделу нәтижесіне байланысты, ДКК қорытындысы бойынша 1-ден 

2 жылға дейін мерзімге беріледі. 

Кезекті  академиялық  кезеңге  дейін  академиялық  демалыстан  қайтаоралған  білім 

алушы  университет  Ректорының  атына  академиялық  демалыстан  оралуыжӛнінде  ӛтініш 

жазады  және  әскери  билетіннемесе  бақылауында  болған  емдеу  мекемесінен  ауруы 

жайында  ДКК  берген  анықтамасын  ұсынады.  Осының  негізінде  университет  Ректоры  үш 

жұмыс  күнінің  ішінде  білім  алушының  академиялық  демалыстан  оралуы  туралы 

мамандығы, курсы және тобы кӛрсетілген  бұйрық шығарады. 

Егер,  академиялық  демалыстан  оралуы  немесе  кету  күндері  академиялық  кезеңнің 

басталуы  мен  аяқталу  күндеріне  сәйкес  келмесе,  онда  білім  алушыжеке  кесте  бойынша 


Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

27 



 

барлық  оқу  тапсырмаларын  орындауға,рұқсат  рейтингке  қажетті  ӛту  балын  жинауға 

міндетті немесе айырмашылықтары бар пәндер бойынша жазғы семестрге жазылуы қажет. 

Академиялық  демалыстан  оралған  білім  алушы  жұмыс  оқу  жоспарындағы  пән 

бойынша айырмашылықтарды,болған жағдайда, жоюға міндетті. 

Білім  алушы  ағымдық  оқу  сабақтарымен  қатар,  академиялық  кезеңде  жұмыс  оқу 

жоспарындағы  пән  бойынша  айырмашылықтарды  жою  үшін  оқу  сабақтарының  барлық 

түрлеріне қатысады, жұмыс оқу жоспарында қарастырылған ағымдық бақылаудың барлық 

түрлерін тапсырып, аралық  аттестаттауға рұқсатын алады. 

Академиялық  демалыстан  оралған  білім  алушы  жұмыс  оқу  жоспарындағы  пән 

бойынша айырмашылықтарды белгіленген тәртіппен аралық  аттестаттау кезеңінде немесе 

жазғы семестрде тапсырады. 

  

 

14. КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ 

 

14.1. Кітапханаға жазылу тәртібі 

 

Кітапханаға жазылу ТБ-дан берілген білім алушылардың тізіміне сәйкес жүргізіледі. 



Кітапхананы  пайдалануға  құқық  беретін  құжат  болып  білім  алушының  билеті 

табылады. 

Оқырмандарға  кітап  беру  және  қайтару  есебін  жүргізү  үшін  оқырман  формуляры 

толтырылады.  Оқырмандар  жыл  сайын  бұрын  алған  әдебиеттерді  тапсыруға  немесе  оның 

қолдану мерзімін ұзартуға міндетті.  

 

14.2. Абонементті қолдану тәртібі 

 

Абонементке келген оқырмандар басылымдарға тапсырыс беру және алу үшін білім 



алушының билетін кӛрсетуге міндетті. 

Әдебиеттерге  тапсырыс  беру  кітапханада  белгіленген  ережелерге  сәйкес  оқырман 

толтырған талаптар парағы бойынша жүзеге асырылады. 

Алынған басылымның әр данасы үшін оқырман формулярға қолын қойып растайды. 

Оқырман кітапты қайтарғанда, кітапханашы білім алушының қатысуымен оқырман 

формулярына  ӛзінің  аты-жӛнін,  қызметін  және  тапсырған  кітапты  қабылдаған  күнін 

жазады. 

Абонементте әдебиет келесі мерзімдерге беріледі: 

1) оқу және әдістемелік әдебиеттерді белгіленген мерзімде міндетті қайта тіркеуден 

ӛткізу арқылы тиісті пәндерді оқу мерзіміне беріледі; 

2) ғылыми әдебиетттер, кітаптың берілу саны үшке дейін, 30 күнге беріледі; 

3) кӛркем әдебиеттер, кітаптың берілу саны беске дейін, 30 күнге беріледі. 

Әдебиетті  пайдалану  мерзімі,  егер  оқырмандар  жағынан  сұраныс  болмаған 

жағдайда, ұзартылуы мүмкін.  

Сырттай  бӛлімінде  білім  алушылар  сессия  аралық  кезеңде  қажетті  кітаптармен 

қамтамасыз етіледі. 

Абонементтен топта жүргізілетін сабақтар үшін әдебиеттер кітапхана директорының 

атына  жазылған  қызметтік  хат  бойынша  беріледі  және  оқытушыдан  қолхат  алу  арқылы 

тіркеу журналына рәсімделеді.  

Топтық сабақтарға алынған әдебиеттер үшін жауапкершілік оқытушыға жүктеледі. 



 

14.3. Оқу залын пайдалану тәртібі 

 

Оқу  залына  білім  алушы  кіргенде,  басылымға  тапсырыс  беру  және  алу  үшін 



оқырман билетін кӛрсетуге міндетті. 

Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

28 



 

Әдебиеттерге  тапсырыс,  кітапханада  белгіленген  ережелерге  сәйкес,  білім  алушы 

толтырған оқырман талаптары парақшасы бойынша жүзеге асырылады. 

Энциклопедиялар,  анықтамалықтар,  ағымды  басылымдар,  сирек  және  бағалы 

кітаптар тек қана оқу залында пайдалануға беріледі. 

Оқу залына берілетін басылымдар санына шектеу қойылмайды. 

Оқу  залына  жеке  ӛзінің  және  кітапхана  кітаптары,  журналдар,  газеттер, 

басылымдардан  алынған  кесінділер  және  басқа  да  баспа  материалдарын  әкелуге  тиым 

салынады.  

Оқу  залынан  әдебиеттерді  шығаруға  қатаң  тиым  салынады.  Бұл  талапты  бұзған 

жағдайда оқырмандар оқу залын пайдалану құқығынан 1 ай мерзімге дейін шеттетіледі. 

 

15. СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫНДА ТҦРУ ТӘРТІБІ 

 

15.1. Жалпы қағидалар 

 

Осы  Ережелер  басқа  қаладан  келген  білім  алушылар  университеттің  студенттер 



жатақханасына орналастыру және одан шығару, сонымен бірге, тұру ақысын тӛлеу тәртібін 

анықтайды.

 

Университеттің  студенттер  жатақханасындағы  орындар  оқу  үрдісінің  кестесіне 



сәйкес бір оқу жылына беріледі. 

Студенттер  жатақханасында  тұру  құқығына  ие  болған  білім  алушылар  берілген 

бӛлмеде университеттегі оқуы аяқталғанға дейін тұра алады. 

Білім  алушылардың  берілген  бӛлмеден  басқа  бӛлмеге  факультет  деканының 

жазбаша рұқсатынсыз ауысуына тиым салынады. 

Студенттер  жатақханасын  мамандықтар  еншісіне  бӛлу  және  бакалавриат  пен 

магистратура  білім  алушыларын  орналастыру  квотасын  бекіту  университет  Ректорының 

бұйрығымен жүзеге асырылады.  

Университет  білім  алушыларын  студенттер  жатақханасына  орналастыру  келесі 

ретпен жүзеге асырылады: 

1) тұлдыр жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 

2) «Алтын белгі» немесе ерекше үлгідегі аттестат иегерлері; 

3) мемлекеттік білім гранты негізінде оқитын бірінші курс білім алушылары; 

4) ақылы негізде оқитын бірінші курс білім алушылары; 

5) университеттің қоғамдық ӛміріне белсенді қатысатын білім алушылар; 

6) мемлекеттік білім гранты негізінде оқитын 2-4 курс білім алушылары; 

7) ақылы негізде оқитын 2-4 курс білім алушылары.  

 

15.2. Білім алушыларды орналастыру тәртібі 



 

Студенттер жатақханасында тұруға рұқсатты: 

1)  оқу  жылы  ішінде  оқу  үрдісінің  кестесіне  сәйкес  –  тиісті  факультеттің  деканы 

береді; 


2) қаржы-шаруашылық қызмет жӛніндегі проректор: 

–  оқу  үрдісінің  кестесіне  сәйкес  білім  алушыларға  жазғы  семестр  мен  Ақтау 

қаласындағы  тәжірибеден ӛту мерзіміне факультет деканының ұсынымы негізінде береді; 

– Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дың түлектері магистратураға түсу үшін емтиханға 

дайындалу  және  тапсыру  мерзіміне  университеттің  қабылдау  комиссиясының  жауапты 

хатшысының ұсынымы негізінде береді. 

Білім  алушылардың  студенттер  жатақханасынан  орын  бӛлу  туралы  ӛтінішін  осы 

Ереженің  2.1  тармағына  сәйкес  тиісті  лауазымдық  тұлға  (факультеттің  деканы  немесе 

қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы) атына ұсынады. 

Факультет деканы немесе қаржы-шаруашылық қызметі жӛніндегі проректоры: 

1) қоныстануға бӛлмені анықтайды; 


Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

29 



 

2) студенттер жатақханасында қоныстануға Келісім-шартты рәсімдейді; 

3) орналасу үшін ордерді және бекітілген үлгідегі рұқсаттама құжатын береді. 

Білім алушылар студенттер жатақханасында тұру үшін студенттер жатақханасының 

меңгерушісіне келесі құжаттарды ұсынады:  

1) тұруға арналған ордер; 

2) тұрудың тӛлем ақысы тӛленген түбіртектің кӛшірмесі;  

            3)  флюрографиялық  түсірменің  нәтижесімен  бірге  денсаулық  жағдайы  туралы 

анықтама; 

Студенттер жатақханасының меңгерушісі: 

1) білім алушыны ордерде кӛрсетілген бӛлмеге орналастырады және қажетті құрал-

жабдықтарды береді; 

2) бӛлмені және құрал-жабдықтарды қабылдау-ӛткізу актісін жасайды. 

 

15.3. Студенттер жатақханасында тҧратын білім алушыларды сыннан ӛткізу 

 

Студенттер жатақханасында тұратын білім алушылар оқу жылы аяқталғанда сыннан 



ӛткізіледі, оның мақсаты: 

1) білім алушылардың келісім-шарт міндеттерін орындауын бақылауды күшейту; 

2)  студенттер  жатақханасындағы  мүліктердің  күй-жағдайына  тұрғындардың 

жауапкершілігін жоғарылату; 

3) білім алушылардың келесі оқу жылына студенттер жатақханасында тұру құқығын 

растау. 


Сынақ  жүргізу  алдында  студенттер  жатақханасының  меңгерушісі  студенттік  кеңес 

мүшелері  және  қабаттардың  старосталарымен  бірлесе  отырып  осы  Ереженің 

қосымшасында  келтірілген формада білім алушыны сыннан ӛткізу картасын толтырады. 

Білім алушыны сыннан ӛткізу картасы келесі мінездемелерді қарастырады: 

1)  білім  алушының  келісім-шарт  міндеттерін,  тұру  ережесін,  ӛрт  сӛндіру 

қауіпсіздігін және ішкі тәртіпті сақтауы; 

2)  студенттер  жатақханасының,  факультеттің,  университеттің  қоғамдық  ӛміріне 

қатысуы; 

3)  тұратын  бӛлмені,  жалпы  пайдалану  орындарды  (дәліздер,  әжетхана,  жуынатын 

және тұрмыс бӛлмелері) тазалықта және ретте ұстауы; 

4)  студенттер  жатақханасындағы  ӛзіне-ӛзі  қызмет  ету  жұмыстарының  (студенттер 

жатақханасындағы  кезекшілік,  ғимараттың  санитарлық  жинауларына  қатысу,  аумақты 

тазалықта ұстау, сенбіліктерге қатысу) барлық түрлеріне қатысуы; 

5) студенттер жатақханасының мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етуі. 

Сынау  қорытындылары  факультет  комиссиясының  отырысында  факультет 

деканының  тӛрағалығымен  тұжырымдалады.  Комиссия  құрамына  факультет  деканының 

орынбасары,  студенттер  жатақханасының  меңгерушiсi,  қабаттардың  старосталары, 

студенттер жатақханасының студенттiк кеңес мүшелері кiредi. 

Факультет  комиссиясы  сынау  нәтижелерінің  қорытындысы  бойынша  білім 

алушының  келесi  оқу  жылына  студенттер  жатақханасында  тұру  құқығын  ұзарту  немесе 

ӛтінішін қабыл алмау туралы шешiм қабылдайды. 

Білім  алушының  сынақтан  ӛтуі  үшін  қажетті  ең  тӛмен  балл  -  30,  осы  деңгейден 

тӛмен балл алған білімгер студенттер жатақханасында тұру құқығынан айырылады. 

Сынақтан  ӛтпеген  білім  алушы  оқу  жылы  аяқталғаннан  кейiн  студенттер 

жатақханасын үш күн iшiнде босатуға тиісті. 

 

15.4. Студенттер жатақханасында тҧрғаны ҥшін ақы тӛлеу және университеттің 



дҥние-мҥлкіне тигізілген залалды ӛтеу тәртібі 

 

Студенттер жатақханасында тұрғаны үшін ақы тӛленеді: 



1. ағымдағы оқу жылына бекiтiлген айлық тарифтер бойынша:  

Екінші басылым 

– 

издание второе



 

 

30 



 

1)  студенттер  жатақханасында  тұру  үшін  Келісім-шартқа  отырған  күні  –  бірден 

ағымдағы  оқу  семестрінің  аяқталуына  дейінгі  мерзімге  (1  ақпанға  немесе  1  маусымға 

дейін); 


2)  оқу  жылының  кӛктемгі  семестріне  (күзгі  семестрде  орналасқан  жағдайда)  -  1 

ақпаннан кешіктірілмей тӛрт айға (ақпан айынан мамыр айына дейін);  

3) жазғы семестр мен Ақтау қаласында іс-тәжірибеден ӛту мерзіміне; 

2. ағымдағы оқу жылына бекiтiлген тәуліктік тарифтер бойынша

1)  сырттай  оқу  бӛлімінің  білім  алушысы  (студенттер  жатақханасында  бос  орын 

болған  жағдайда)  емтихандық  сессия  мерзімінде  студенттер  жатақханасында  тұруға 

Келісім-шарт жасаған күні – бірден оқу үрдісінің кестесіне сәйкес рұқсат етілген мерзімге 

тӛлейді; 

2)  магистратураға  түсуші  талапкер  Ш.  Есенов  атындағы  КМТИУ-дың  түлектері 

магистратура  емтихандарына  дайындалу  және  тапсыру  мерзіміне 

студенттер 

жатақханасында тұру Келісім-шартына отырған күні тӛлейді. 

Студенттер жатақханасында тұру ақысын толық оқу жылына тӛлеуге болады. 

Білім  алушы  берілген  бӛлмеге  және  дүние  мүлікке  толықтай  материалды 

жауапкершiлiкті қабылдайды.  

Білім  алушы  берілген  дүние  мүлікті  қасақана  немесе  байқаусыздықтан  бүлдірген 

немесе  жойған кезде, инженерлiк коммуникацияларды саптан шығарған жағдайда мүлікті 

толық қалпына келтіреді немесе ақшалай орнын толтырады. 

Қаржы-шаруашылық 

қызметі 


жӛніндегі 

проректор 

бекіткен, 

студенттер 

жатақханасының  меңгерушiсі  енгізген  және    факультет  деканы,  студенттер 

жатақханасының  кеңес  мүшелерінің    қолы  қойылған  акт  негізінде  білімгер  университет 

дүние мүлігіне келтірілген залалдың орнын толтырады. 

Университеттің  дүние-мүлкіне  келтірілген  залалды  ӛтеу  барысын  бақылауды 

студенттер жатақханасының меңгерушісі және тиiстi факультеттiң деканы жүзеге асырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет