Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресі қазақстан тарихы: инновациялық ТҰжырымдамалар мен дәуірлеу


ОРАЗОВ Р.Е. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы  Тарих және этнология институтының  ғылыми қызметкері СЫЗДЫҚ СҰЛТАН АЗАТТЫҚ КҮРЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ



Pdf көрінісі
бет24/39
Дата03.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#6455
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39

ОРАЗОВ Р.Е.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы 
Тарих және этнология институтының 
ғылыми қызметкері
СЫЗДЫҚ СҰЛТАН АЗАТТЫҚ КҮРЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Көп томдық «Қазақстан тарихының» академиялық басылымының 2000 жылы жарық көрген 3 то-
мында  Сыздық  сұлтанның  Оңтүстік  Қазақстанды  Ресей  басқыншыларынан  қорғап  күрескен  кезеңі 
1860-1864 жылдар аралығы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Сыздық сұлтан бастаған күресті ұлт-азаттық 
күрестердің заңды жалғасы екендігі назардан тыс қалған. Кезінде мерзімді баспасөз бетінде филология 
ғылымының кандидаты Әсілхан Оспанұлы «Тарихымыздан Сыздық сұлтанды таппадық» деген атпен 
сын мақаласын жазған болатын [1]. Аталған кезеңді жазған И.В. Ерофеева орыс әскерлерінің Оңтүстік 
өлкені  басып  алудағы  әскери  шеберлігін  ерлікке  балап,  олардың  жаулап  алуына  қарсы  күрескен 
Сыздық сұлтан сияқты ұлт батырларын жазуға ұлттық намысы бармағаны томды парақтаған адамға 
бірден көрініп тұр.
Аталған кезеңде Оңтүстік Қазақстан аймағының Ресей империясы тарапынан жаулап алу процесінің 
жүріп жатқан уақыты еді. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары Шымкент бекінісінің географиялық орналасуы 
деңіз деңгейінен 1650 фут биіктікте, Бадам өзенінің бойында еді. Қала атауының мәні қабырғаларының 
шымнан тұрғызылуына байланысты шым-кент (қала) деп аталды яғни Шымнан тұрғызылған қала де-
ген  атауды  беретін.  Орыс  деректерінде  Шымкент  атауы  1735  жылы  Шимина  деген  атаумен  алғаш 
рет  аталғаны  кездеседі.  ХІХ  ғасыр  басында  Шымкент  бекінісі  Ташкент  билеушісі  Жүніс-хожаның 
билігіне  бағынатын.  1813  жылы  жаз  айында  Филип  Назаров  Шымкент  бекінісін  былай  суреттейді 
«Шымкент Бадам өзенінің бойында биіктеу жерде орналасқан, сайға қараған жері биік қабырғамен 
қаланған. Өзен жағынан қалаға кірер жол ені тар бір атты адам сыйатындай,  өзеннен тартылған арық 
қала қабырғасынан өткеннен кейін, көптеген тармақтарға бөлініп, қала ішндегі дирмендерге жеткізіл-
ген. Қала үйлері шикі кірпіштерден терезесіз салынған күннің көзі түсу үшін есіктерін ашып қойғаны 
алыстан көзге түседі. Қала әйелдері сымбатты, сыпайы және ер адамдардан беттерін жасырмайды» 
- деп жазады [2, с.182-183.]. 
1821 жылы Тентек төре бастаған қазақтар Шымкенті, Түркістанды және Әулиеатаны жанындағы 
елді мекендермен қоса қоқан билігінен босатуға талпынды бірақ бұл әрекет сәтсіз аяқталады. 1856 
жылы Ташкенттің бектер бегі Мырза Ахмедтің бұйрығымен Шымкенте базар салынады. Сол жылы 
Мырза Ахмедтің үкімімен Шымкенттің әкімі болып Сайд-Хожа сайланады.
Шымкен  аймағының  негізгі  халқы  қазақтар  мен  сарттардан  тұрды.  Сарттар  өлкенің  байырғы 
тұрғындары.  Олар  жеті  қалада  қоныстанды:  Шымкент,  Сайрам,  Манкент,  Қарабұлақ,  Қарамұрт, 
Сұлтанрабат, Шолаққорған және Түркістан. Ерте кезде олар соғды атауымен белгілі болған. Ал өлкенің 
негізгі халқын Ұлы жүз қазақтары мен Орта және кіші жүздің аздаған бөліктері  құрап осы жерлерді 
мекендеп көшіп қонып жүрді. Ұлы жүз қазақтары Оңтүстік және оңтүстік шығыста орналасып, тір-
шілік етсе, арғын мен найман тайпалары Сайрамның айналасында 200 түтіндейі қоныстанса, қыпшақ 
және жағалбайлы тайпалары Шымкент бекінісінің айналасында орналасты [3, с.756-757.]. 
Шымкент қаласын орыс әскері басып алғанға дейін онда көптеген мешіттер мен медреселер болды. 
Ташкент билеушісі Мырза-Ахмед қалада үлкен мешіт пен медресе онда оқитын оқушылар тұратын 

162
үйлер салғызған. Осы уақытта Шымкентте 16 мешіт, 8 медресе, ал Сайрамда 15 мешіт, 10 медресе 
болған [4, с.161.]. ХІХ ғасыр ортасында Шымкент Ресей мен Орта Азияны жалғайтын сауда жолының 
орталығы болды. Қалаға ташкенттік, қоқандық және қашқарлық саудагерлер жібек маталары мен қағаз 
тауарларын жеткізіп, оны тек Ресейге ғана емес қазақ даласына шығарып көшпенділерге малға айыр-
бастап отырды.
Шымкеттегі халық саны туралы алғашқы мәліметті 1865 жылы 29 қазандағы қала басшысының мін-
детін атқарушысының жазбаларынан білуге болады. Онда жинақталған мәліметтер бойынша Шымкент 
қаласының тұрғындары: ері 1485, әйелі 1354, барлығы 2839 адам деп көрсетіледі [4, с.160.].
1863  жылы  21  қарашадағы  орыс  тыңшыларының  мәліметтеріне  зер  салсақ  «Қоқан  басшысының 
берген тапсырмасын ойдағыдай орындап, Арқабай өзімен бірге Сыздық Кенесарыұлын  және найман 
руының Әжібай биін және сонымен қатар мырза Дәулетке зекет төлеуге дайын 19 адамды ерте келді. 
Сондай-ақ Сыздық сұлтан бекке өзімен бірге ала келген 9 жылқыны сыйға тартты. Созақ бекінісінің 
бегі болып, Сыздық Кенесарыұлы тағайындалып, Арқабаймен және найман руының биі Әжібаймен 
бірге Сыздық Созақтан шығып Сібір басшылығына қарасты наймандардан зекет жинауға аттанғанын 
жазады» [5, 166-167 пп.].
Осы уақыт аралығында Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен елді мекендеріндегі халықтың саны 
төмендегіше болды: [6, 14 п.].
1864 ж. 20 қазандағы отырықшы халықтар
Әулиеата қаласы
5 мың адам
2
Шолақ қорған
2 мың адам 
3
Шымкент қаласы
8 мың адам (756 үй)
4
Сайрам
10 мың адам
5
Жанкент
4 мың адам
6
Қара-бұлақ
4 мың адам
7
Қарнақ елді мекені
3мың адам
8
Сұлтанрабат
1Ң мың адам
9
Қара-мұрт
1Ң мың адам
0
Жанғалық
1Ң мың адам
11
Шілік
2 мың адам
12
Иқан
1 мың адам
13
Түркістан қаласы
10 мың адам (958 үй)
14
Созақ
7 мың адам
барлығы
60 500 адам
1864  жылы  сәуірде  Орынбор  корпус  командирінің  Әскери  Министрге  жазған  құпия  хатында 
аймақтағы саяси жағдай жөнінде былай деп хабарлады: «Қазір Қоқан үкіметі анағұрлым күшті, біз-
ге көктемге қарай Бұхар әмірінің Қоқанға қарсы соғысатыны жөнінде хабар жетті. Бұл Сібір әскері 
үшін өте оңтайлы, өйткені Бұхар әмірінің шабуылына байланысты Ташкент Әулиеатаға әскери көмек 
көрсете алмайды. Түркістан бегі Мырза Дәулет те Бұхар әмірін қолдаушылардың бірі, сондықтан ол 
Қоқаннан көмек сұрамайды. Түркістан бекінісін алып Сібір шебі мең Орынбор әскерін бір басшылыққа 
бағындырамыз және салық түсімі көбейіп, шекараны қорғау анағұрлым қолайлы болады. Петропавл, 
Троицкіден келетін сауда керуенін тонау да тоқтайды» - деп жазды [7, 179 п.]. Жоғарыдағы құпия хат 
мазмұны  Ресейдің  аймақта  жаулауда  Қоқанның  Бұхарамен  шиеленісті  қарым-қатынасы  мен  Мырза 
Дәулеттің Бұхар әмірін қолдау саясатын ұтымды пайдалану арқылы Әулиеата, Түркістан бекіністеріне 
қарсы жаулау операцияларын жүргізгендігін айғақтайды.
1864 жылы 7 шілдеде М.Г. Черняев 1298 адамнан тұратын, 2 ракеталық станокпен, 10 зеңбірекпен 
қаруланған  әскермен  Әулиеатадан  Шымкентке  қарай  шығады.  10  шілдеде  әскер  Шымкенттен  50 
шақырым  жерде  Арыс  бойындағы  Ескі  Шу  деген  жерге  жетеді.М.Г.  Черняев  мұндағы  халықтың 
қоқандықтыр  жағына  шығып,  өздеріне  қарсы  тұрғанын  байқаған  соң,  полковник    Веревкиннен 
Шымкентті алу үшін қосымша отряд жіберуді сұрайды. Н.А. Веревкин М.Г. Черняевқа көмекке капитан 
Мейер бастаған 400 адамдық 3 зеңбірегі, 2 ракеталық станогы бар отрядты Түркістаннан Шымкентке 
қарай аттандырады [7, 319 п.].
Әлімқұл  Шымкентке  батыс  жақтан  келе  жатқан  Мейер  отрядын  М.Г.  Черняев  отрядымен 
жолықтырмай, жойып жіберуге әрекет қылады. Әлімқұл әскері құрамында қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік  

163
жігіттері бар еді. Олардың арасында зеңбіректі пайдалану ісінің шебері Кабулдық ауған Жамадар  да 
болды. Ұлы жүздің бестамғалы руының Шоқай биі өзге руластарына жазған хатында Әлімқұлдың  60 
зеңбірекпен Шымкентке жақындап келе жатқанын мәлімдейді [8, с.127; 101 п.].
Әлімқұл  мен Мейер отряды Шымкенттен 12 шақырымдай болатын Ақбұлақ деген жерде 13 шілде 
күні кешке жақын кездесіп,  14 шілде күні таңғы сағат 8-де кескілескен шайқас басталып, арпалыс 16 
шілдеге  дейін  жалғасады.  Ақбұлақ  шайқасында  Әлімқұлмен  иық  тіресе  ерлікпен  күрескен  Сыздық 
сұлтан Кенесарыұлы еді.  Мейер отрядына қарсы алғашында Сыздық төре жігіттері аттандырылады. 
Сыздық төре Кенесарыұлы бастаған 10 мыңдай атты жігіттерді Әлімқұл аттан түсіріп, жаяу шабуылға 
шығарады. Ақбұлақ шайқасындағы Сыздық сұлтан бастаған қолдың сәтсіздікке ұшырағанын, бірақ 
оларды бастап шыққан Сыздықтың көзсіз ерлігін  А. Кенесарин былайша суреттеп жазды: «Ту ұстаған 
Сыздық сұлтан жігіттерін өзі бастап жүз қадам жерге келгенде орыстар үш жүз мылтықтан оқ жаудыр-
ды. Біріне бірі тығылып келе жатқан жігіттердің алдынғылары жаппай құлады, кейінгілері үрейлері 
ұшып, жерге жата қалды. Он мың адамның біреуі басын көтеруге жарамады. Тек Сыздық сұлтан ту 
ұстаған күйі, солдаттардан жүз қадам жерде, бір сағаттай тік тұрды. Солдаттар оны өршелене атқанда 
тудың шүберегі шұрқ-шұрқ тесіліп, сау жері қалмаған еді. Бірақ Сыздықты құдай сақтады. Бір сағаттан 
кейін Әлімқұл молда адам жіберіп, оны кейін шақырып алды. Сыздық кейін қайтқанда, жер бауырлап 
жатқан жігіттердің бәрі бастарын көтеріп, онымен бірге қайтты. Осы ұрыста мың адам қаза тапты, 
олардың өліктері кешке дейін жинап алынды [9, 25-б.].  
14 шілдеде Мейер отрядын  Мыңбай датқаның қолы қоршауға алады. Мыңбай әскерлері  оқты дәл 
тигізіп, орыстардың зәре-құтын қашырады. Алғашқы кездесуде Әлімқұл зеңбіректі іске қоспай,  жаяу 
әскерді шабуылға шығарады. Әлімқұл орыс отрядын зеңбірексіз алудың мүмкін еместігін байқаған 
соң, 14 шілде күні түс ауа   зеңбіректерін алдырып, орыс солдаттарын атқылауға кіріседі. Қоқандық 
зеңбірекшілерді ауғандық зеңбірек атудың шебері Жамедар басқарды [10, c.345.]. Мейердің айтуынша,  
Мыңбайдың сарбаздарының зеңбірек оқтары да нысанаға дәл тиюімен ерекшеленген. Орыс әскерлері 
оқ тиіп өлген түйелер мен аттардың, тіпті өлген жауынгерлерінің өліктерін үйіп қойып бас сауғалап, 
қорғануға мәжбүр болады. Мейердің өзі мойындағанындай, «Сырдария шебінің орыс әскерлері мұндай 
қуатты  қарсыласты  әлі  кездестірмеген  еді»  [11,  c.63.].  15  шілде  күні  Қоқан  әскерлерін  жақыннан 
көрген капитан Мейер бірдей және әдемі киінген, 4 төс белгі таққан, дұрыс ұйымдасқан, әрі барынша 
жаттыққан 500-дей сарбазды  көрген орыс әскерлерінің қатты сасқанын да жасырмайды. 
14-нен 15 қараған түні штаб капитан Мейер, Черняевқа хат жолдайды. Онда өзінің Ақбұлақта екен-
дігін және  жағдайының өте ауырлығын баяндап көмек сұрайды. Черняев көмекке старшина Катанаев 
басқарған 125 атты әскерді жібереді. Катанаевтың соңынан зеңберекпен қаруланған 25 казак пен 30 
адамнан тұратын қазақ жасағын қоса аттандырады. Көмекке келген Катанаев әскеріде үлкен қарсылыққа 
тап болады. Ұрыс кезінде Катанаев әскерінен 12 казак қаза тауып осыншасы жараланады [12, с.22]. 
М.Г. Черняев алдыға зорлықпен қосып алған қазақ, қырғыздарды  салып, өздері олардың соңынан жүре 
отырып, артилерияның күшімен Катанаев отрядын құтқарып қалады. Капитан Мейер артқа шегінген  
жолда подполковник Лерхе отрядына  кездесіп, соған қосылады. Орыстар жақтан Ақбұлақ шайқасында 
13 кісі өліп, 67  кісі жараланды. Ақбұлақ шайқасы  орыстардың  жеңілісімен аяқталды [13, c.17.].
1864 жылғы 17 шілдедегі капитан Мейердің мәліметінде былай көрсетілген: «Бір жарым күннен 
кейін қоқандықтар үш зеңберекті биік жар үстіне орнатып, біздің лагерге қарай дәлдеп ата бастады. 
Оқтары  біз  бекінген  жерге  дәл  тиіп  жатты.  Сырдария  әскерлері  бұрын-соңды  мұндай  оқиғаға  тап 
болмап еді. Кеш бата артиллериялық шабуыл тоқтады. Біздің жақтан үлкен шығын болды. Түнімен 
әскерлер  дем  алмай  күрек  пен  мылтықтың  найзаларымен  ор  қазды.  Таң  ата  кішкентай  лагер  үлкен 
бекініске айналды» [14, с.30-31.].
Шымкент түбіндегі алғашқы шайқасқа шанышқылы руынан Қатты батыр, Саза датқа, сіргеліден 
Шүкәлі датқа, Құралбай датқа, қаңлыдан Алашбай батыр, Бұдабай батыр қатысып, қазақ батырларының 
басшысы  Мұхамммед-Қарауылбек  болды.  Сонымен  бірге,  бұрынғы  Түркістан  бегі  Мырза-Дәулет, 
Календар батыр, Худоярбек, Кенекес, Темір датқа, Исламқұл датқа, Анарбай датқа, Күшік молда да 
қатысты деп көрсетіледі. Олар 3 күн тоқтаусыз шайқасқанда, алдыңғы легінде қазақтар, кейін қыпшақ, 
қырғыз, сарттар тұрған [15, с.14.].
М.Г.  Черняев  Шымкентке  барлау  жұмыстарын  жүргізіп  қалаға  жақындай  түсті.  Деректерде 
қоқандықтардың 8 зеңбіректен аса дәлдікпен атылған оқпен қарсылық көрсетеді. Ол қалаға екі рет 
шабуыл жасап  кері шегінуге  мәжбүр болған.  Н.А.  Веселовскийдің  мәліметі бойынша  шанышқылы, 
қаңлы рулары орыстардың орталық қанатына шабуыл жасаған. Орыс әскері Қосдиірмен мен Бадамға 
шоғырланған  болатын.  Әлімқұл,  Мыңбай  басқарған  қоқандық  әскер  Қосдиірменге  жақындағанда, 
орыс әскері зеңбірек пен мортирден оқ жаудырды. М.Г. Черняев пен Әлімқұл қарама-қарсы туларын 

164
тігіп, шанышқылы, қаңлылар орыс әскеріне ашық шабуылға шықты. Шайқас кезінде Бадам өзенінің 
суы қанға айналып, Мыңбай батыр дінсіздердің басын бірінен кейін бірін шабады. Келесі күні қайта 
басталған ұрыста Мыңбай жараланып, Қошқарата маңына жерленеді[15, с.14-15.]. Оның мәліметтерінен 
Шымкент  түбінде  Әлімқұл,  Мыңбай,  Сыздық  төре  басқарған  қазақ,  қырғыз,  сарт  әскерінің  аянбай 
соғысқанын  және  шайқаста  қаңлы,  шанышқылы,  сіргелі  руларының  ерлігін  көреміз.  Шайқас  орыс 
әскеріне Әлімқұлдың осал жау еместігін көрсетті. 
Шайқаста Черняев әскерінің құрамында болған капитан Г. Сярковский 1891 жылғы өзінің естелігінде 
«Көпке созылған атысулардан нәтиже шықпады. Қаланы басып алу мүмкіншілігін сезген қолбасшымыз 
амалсыз шегінуімізге бұйрық берді» - деп жазды [16, с. 372-373.].
Әлімқұл  Шымкент  қаласындағы  жеңіс  күнінің  ертесінде  әскер  басшыларымен  болған  кеңесте 
тәуелсіздік үшін күрес жолында қаза тапқандарға дұға оқып, келесі шайқастың үлкен болатынын ескерте 
отырып, қорғанысты нығайту мүмкіншілігін қарастырып, әскер басыларға нақты нұсқауларын берді. 
Шымкент бекінісін қорғау Ташкенттің бектербегі Мырза Ахметке тапсырылды. Ал сұлтан Сыздыққа 
Шымкент пен Ташкент аралығындағы бекіністерді нығайту мен жаңа күштерді топтастыру міндеттері 
жүктелді. Әлімқұлдың өзі үлкен күштерді жинау мақсатында Қоқанға кетеді. Сондай-ақ ол Бұхар, Хиуа 
хандықтарын біріктіру арқылы Ресейге қарсы соғыс Одағын құруға күш салды. Ағылшын үкіметінің 
де  басты  көздеген  мақсаты  Қоқан,  Бұхар  және  Хиуа  хандықтарын  біріккен  одағы  құрылып,  Ресей 
империясына қарсы тұрса, онда өздерінің Ауғанстан мен Индиядағы биліктеріне қауіпті болмайтынын 
сезді. Егер бұл одақ құрылса, Ресей мен Ағылшын отарларының аралығындағы сенімді қабырға болады 
деп есептеді [17, с. 213.]. Бірақ Ресей империясы мұндай одақтың құрылуына мүмкіндік тудырмады. 
М.Г. Черняев Әулиеатаға қайтар жолда Шымкент түбіндегі шілдедегі шайқастарда Әлімқұл әскеріне 
белсенді  түрде  жәрдем  берген,  орыс  почтасын  талқандап  отырған  Ұлы  жүздің  сіргелі  руы  ауылда-
ры қонған Арыстың оң жағалауын бойлай жоғары өрлей жүреді. Ондағы мақсаты сіргелілерге қыр 
көрсету, әрі қажетті мәліметтер жинай кету  болатын.
Шымкентке жасалған алғашқы шабуылда орыс әскерінің зеңберектерінің оғының алысқа ұшуы мен 
дәл тиуі қоқандық зеңберектерге қарағанда төмен еді. Бұл кезде қоқан әскері соңғы үлгідегі ағылшын 
зеңберектеріне  қол  жеткізген  болатын.  Міне  осылайша,  генерал  Черняевтың  Шымкенттке  жасаған 
алғашқы шабуылына Сыздық бастаған сарбаздар тойтарыс бере білді.
Шымкент түбіндегі алғашқы жеңіліс Сырдария әскери шебі мен М.Г. Черняев басқарған әскерді 
біріктіру  қажеттігін  көрсетті.  Билікті  бір  қолға  біріктіру  мақсатында  Жаңа  Қоқан  шебі  құрылды. 
Шеп  Шу  өзенінен  Жаңақорған  бекінісіне  дейінгі  аймақты  алып  жатты,  оны  басқару  генерал-майор 
М.Г.Чернявке жүктелді. Жаңа Қоқан шебінің құрамы 13 рота жаяу әскер, 5 казак жүздігінен тұрды және 
24 зеңбірек, 14 мортир мен ракеталық станокпен қаруланды. Бұл шеп уақытша Батыс Сібір құрамында 
болды [12, с.26.].
Шымкент түбіндегі орыс әскерінің жеңілісінен кейінгі алғашқы мәліметтерге сүйенсек, қоқандықтар 
бекініс  түбінен  орыс  әскеріне  шабуыл  жасап  отырған.  Шабуылдардың  негізгі  бөлігінде  Сыздық 
төренің аты аталады. Мысалы, тамызда Арыстанды өзенінің бойында Сыздық тұрды деп келтірілсе, 
келесі деректе, оның Шілік бекінісіне аттандырған 70 адамы сотник Ливкинмен шайқасып, шайқаста 
қоқандықтардың  18-і  қаза  тауып,  олардың  басшысы  Өтеген  қолға  түскен  деген  ақпарат  кездеседі. 
Ендігі бір деректе ол қазақтарды Қоқан әскерімен біріге отырып соғысуға шақырды деп келтіріледі 
[12, с.28.].
Мұрағат  мәліметтерінде  Сыздық  сұлтан  Бестамғалы  мен  Қоңырат  руларын  орыс  әскеріне  қарсы 
күресте өзін қолдауын өтінеді. Бірақ бұл рулардың кейбір топтары Сыздықтың өтінішінен бас тартып, 
Бестамғалы руының үлкен бөлігі Әулиеата бағытына көшсе, ал Қоңырат рулары Перовск бағытына 
көшеді [12, с.30.].
Шымкентті орыс әскері басып алардың алдында Қоқан хандығының өз ішінде екі саяси топ құрылады. 
Біріншісі қыпшақ партиясы орыс отарлауына қарсы тұрса, ал екінші сарт партиясы орыстармен бейбіт 
келісімге келіп, экономикалық және саяси байланысты нығайтуға күш салған сауда қолөнершілер еді 
[12, с.76.].
Осындай саяси қайшылықтарды жансыздар (тыңшылар) арқылы білген Черняев барлық күштерін 
топтап, Әлімқұлдың қайтып келуіне дейін Шымкентті басып алу жоспарын жасайды. 1864 жылдыњ 19 
қыркүйегінде Черняев әскері мен подполковник Лерхе бастаған екі отряд Шымкент түбінде қосылып, 
жергілікті жердің жағдайын барлап алғаннан кейін, 20 қыркүйекке қараған түні қалаға шабуыл жа-
сау үшін батареялар тұрғызуға кірісті. Черняевтің қалаға жасаған алғашқы артиллериялық шабуылы 
нәтижесіз  болды.  Қаланың  дуалының  қатты  болуы  және  қоқан  әскері  қарсылығының  күшті  болуы 
Черняев әскерін абыржытты.

165
Осы абыржыту қоқан әскерін жігерлендіре түсіп, ашық айқасқа көшті. Міне осы жағдайды под-
полковник  Лерхе  дер  кезінде  пайдалана  білді.  Лерхе  капитан  Сярковскийді  өз  тобымен  дуалдың 
сол жағымен жылжытуға, ал капитан Мрочекқа оң жағымен жедел қала қақпасына қарай жылжуға 
бұйрық береді. Лерхе қалған әскермен тіке қала қақпасына қарай шабуылдады. Осылайша Лерхе ашық 
айқасқа шыққан қоқан әскерін өкшелей отырып, бекініс қақпасына жеткен олар қала қақпасын алып, 
қалаға басып кіреді. Черняев Лерхеге көмекке 2 рота мен артиллериялық взводты қосымша жібереді. 
Қоқандықтардың абыржуын пайдаланған Черняев өз отрядымен қаланың қамалына басып кіреді. Қала 
халқын  аяусыз  қырғынға  ұшыратқан  Черняев  әскері  қаланы  толықтай  басып  алды.  Орыс  әскерінің 
Шымкентті басып алуы кезінде 6 адамы қаза тауып, 41 адамы жараланады [12, с.108.]. Ресми дерек-
терде Шымкент бекінісі 22 қыркүйекте орыс отаршыларының қолына өткендігі айтылады. Шымкентті 
басып алып, оның халқын аяусыз қыруда аты шыққан Черняев Шымкент арқылы Орта Азияға қақпа 
ашылды деп есептеді.
Черняев отрядының Сайрамға шабуылы кезінде де орыс отрядына ілескен қазақтар мен қырғыздар 
шабуылға бірінші болып кіргізілді. Солардың арасында қазақ, қырғызға танымал   Сұраншы  батыр, 
Сарыбай  би,    Жайнақ  би  де  бар  еді.  Сайрамды  алуда    қазақ,  қырғыздан  арасында  Сұраншы  батыр 
да бар 10 кісі қаза тауып, Сарыбай би сияқты көптеген адамдар ауыр жарақат алды [18, 4-п.].  1864 
жылы 27 қыркүйекте Ташкент қаласына қарай М.Г. Черняев орыс әскерлерін бастап жүріп кетті. 4 
қазанда  ташкенттіктердің  қатты  қарсылығына  ұшырап,  қаланы  ала  алмай,    70-80  адамынан  айры-
лып,  Шымкентке  қайтып  келеді.  1864  жылдың  1  қазанынан  4-не  дейін  Ташкентті  қоршауға  алған  
М.Г. Черняев бұл жолы да жалған ақпарат беріп, Ташкент түбінде орыстардан 18 адам ғана өлді деп 
орталыққа мәлімдеме түсіреді [19, 145-б.].
1864  жылы  Әлімқұл  орыстардың  қол  астына  өткен  Түркістан  қаласын  олардын  тартып  алу 
мақсатында  аттанғанда,  орыс  әскері  мен  қоқандықтар  арасындағы  Иқан  түбіндегі  болған  шайқаста 
Сыздық  Кенесарыұлы  Әлімқұлдың  оң  қолы  болған.  Бұл  кезде  Иқан  ауылы  көлемі  жағынан  200-ге 
жуық үйден тұрды. Мұнда тұратын адамдар диқаншылықпен айналысты [20].
Иқан селосының түбінде болған шайқаста Сырдария шебінін шыққан әскерді орал казактарының 
есауылы В.Р.Серов басқарды. Осы ұрыста Әлімқұлға Сыздық сұлтан 800 әскерімен көмек көрсетеді. 
1864 ж. 4-6 желтоқсанда Иқан түбіндегі ұрыста Сыздық бекіністегі орыс әскеріне шабуылдауда әкесі 
Кенесарының Ақтау бекінісіне жасаған соғыс тәсілін қолданады. 
Сыздық сұлтан есаул Серовқа Түркістаннан көмекке жіберілген подпоручик Сукорко мен Степанов 
бастаған, 2 зеңбірек сүйреткен, 220 адамнан құралған отрядты  Түркістан жолындағы Сасықбұлақ де-
ген  жерде  қарсы  алып,  шайқасқа  түседі.  Осы  ұрыста  Сыздық  сұлтанның  аты  оққа  ұшып,  17  жігіті 
жараланады. Жазық жерде отрядқа жақындап келіп соғысу мүмкін болмай, Сыздық қолы атыса жүріп, 
Иқан жолымен шегінеді. Сыздық сұлтан орыс әскерлерін адастырып, кері қайтаруды ойлап, жігіттерін 
ертіп,  Түркістанға  қарай  бұрылады.  Оның  жігіттері  Түркістан  маңындағы  Әли  қожа  бағына  кіріп, 
тоқтағанда, орыс отряды  есаул Серов отряды талқандалған екен ғой деп ойлап, Түркістанға қайтып 
кетеді. Солдаттардан, осылайша, із жасырып үлгерген Сыздық сұлтан қайта Әлімқұлға жәрдем беруге  
келеді. Олар әлі Серов отрядымен соғысып жатқанын көріп, бекініп алған солдаттарға әкесі Кенесары 
сияқты қамыс, жусанды орып, соларды оқ өтпейтіндей қалың етіп буып, бау жасауды, содан соң, сол  
бауды қалқа қылып, домалатып барып, жақындап алып, ұрыс салуды ұсынады. Әлімқұл Сыздықтың 
бұл айласын құп алады. Есаул Серов та өз  естелігінде қоқандықтардың қамыстан, шөптен бау жасап 
және екі дөңгелекті арбаға қалқан орнатып, жақындап келіп, ұрыс салғандарын көрсеткен [21, c. 81].
«Орыстар  көп  өлді,  мұсылмандар  да  көп  шейіт  болды.  Ақыры  бауды  домалатып  жүгірді,  –  деп 
әңгімелейді    Иқан  шайқасы  жөнінде  Мирзоолим  Мушриф,  –  Орыстың  зеңбірегі  мен  мылтығының 
оғы баудан өтпеді. Жақын барып, «Аллаху акбар» деп орға кіріп, қоян-қолтық араласып, ұрыс сал-
ды. Қырғыздар қатты айқасты. Ұрыс кезінде байқатпай, бірнеше орыс қашып шығып кетті. Олардың 
соңдарына түскен батырлар қуалап, Түркістанға дейін барды [22, 71-б.].
Ұрыс алаңын тастап,  өлгендер мен жаралыларына қарамай,  бас сауғалап, 30 шақты аман қалған 
солдаттарымен қашып шыққан есаул Серов болатын. Сыздық сұлтан оларды қуып жетіп, бітімге ке-
луді ұсынады. Бірақ Сыздықтың келіссөз бастағалы тұрғанын білмеген өзбек сарбаздары бірнеше орыс 
солдатын ту сырттарынан келіп,  қылышпен шауып, өлтіріп кетеді. Бұдан соң, тағы қызу ұрыс баста-
лып кетеді. Осы кезде тағы да Түркістаннан 300 солдат келіп қалып, Серовты қалған адамдарымен 
құтқарып қалады.
 Иқан шайқасында Сыздық сұлтанның атына 5 жерден оқ тиіп, өліп, өзінің де аяғына оқ тиіп, жа-
раланады. Аттан құлаған Сыздықты казактар қоршауға алғанда, Әлімқұл  дереу жәрдемге ұмтылып,  
15  атты  казакты  өлтіріп,  өзінің  көреген  қазақ  қолбасшысын  құтқарып  алып,    қазақ  пен  қырғыздың 

166
бауырластығын  тағы  бір  паш  етеді.  Осылайша,  Әлімқұл  молда  мен  қазақтың  текті  ұлы  Сыздық 
сұлтан бастаған түркі-мұсылман әскері Иқан шайқасында ерліктің тамаша үлгісін көрсетті және орыс 
басқыншыларына  қарсы  жан  аямай  күресті.  Еуропалық  әскери  тарихшылар  Иқан  шайқасын  әскери 
өнердің тамаша үлгісі ретінде жоғары бағалады [13, c.17].
1865 жылы мамыр айында генерал Черняев басшылығындағы патша әскерлері үлкен дайындықтан 
кейін,  Ташкент  қаласын  басып  алу  үшін  келіп,  қаланы  қоршауға  алады.  Ең  үлкен  шайқастың  бірі 
Сарытөбеде болды. Әлімқұл бұл жерде ауыр жарадар болып, көп кешікпей қайтыс болады. Сыздық 
сұлтан  оны  қадірлеп  Шайхантаур  мазарына  қойдырады.  Ташкентті  қорғау  басшылығына  Сыздық 
тағайындалады.  Ол  Ташкент  қаласының  бас  қазысы  молло  Сәлімбек  пен  Хаким-Ходжа  және  тағы 
да  басқа  басшылармен  кеңес  өткізеді.  Ташкент  қаласының  он  екі  қақпаларын  топырақпен  бекітуді 
тапсырады. Арыстанбек, Бекбау датқаларға қаланың қақпаларын нығайту міндеттерін жүктейді. Үш 
күн, үш түн орыс әскерлерінің шабуылдарына тойтарыс беріп отырды. Төртінші күні генерал Черняв 
қала  қақпасына  жақын  жерлерден  оқ  боратты.  Генерал  Черняев  Ташкенттіктердің  табандылықпен 
қарсыласуына  таң  қалып,  «Әлімқұл  қайтыс  болған  болса,  бұл  қарсыласуды  кім  басқарды?  «  –  деп 
таңданғанда, «Әлімқұлдың орнына Сыздық сұлтан басшылық жасауда» деген хабарды естиді. Сонда ол 
«Бұл қолбасшы Әлімқұлдан да күшті екен» деп, оның қорғану әдісіне мән берген. Ташкент қаласының 
қорғанысының  ұзындығы  24  шақырым  болып,  оның  200  мың  халқы  бар  еді.  Жаудан  қорғануға  30 
мың  кісі  қатысты  [23].  22  мамыр  күнгі  шайқас  қаланың  сусыз  қалуы  мен  азық-түліктің  жетіспеуі-
нен жағдайды ауырлатып жіберді. Бірақ қала халқы бұған мойымай берік қорғанысты күшейте түсті. 
Мұны Сыздықтың тапқыр басқаруымен байланыстыруға болады. Ішкі өзара билік үшін күрес ақыры 
Ташкентті орыстар қолына өтуіне әкеліп соқтырды. Сыздық сұлтан Бұхар хандығының жеріне кетеді.
«Қонысты орыс алғаны» атты жырында Майлықожа ақын Иқан шайқасындағы Сыздық ерлігін бы-
лайша жырға қосты:
Қоқан қорықты ұрысты көре-көре
Әр кілтін қорғанның бере-бере,
Иқанның бір ұрысында ерлік қылды,
Баласы Кене ханның Сыздық төре
Хандығы Әлімқұлдың кие болды,
Сыздықтың сол ерлігі жүйе болды
Орыс барып Ташкенді алар жылы
Қайтқан баққа бес-алты ай ие болды»[24].
Сыздық сұлтан мен Черняев әскері арасындағы Жизақ соғысында Черняев әскері Сырдарияға қарай 
шегінеді. Одан кейінгі шайқас Шардарада болады. Сыздық өзімен бірге Арсыланбек, Бекбай датқаларды 
алып, Шардараға қарай бет алып келе жатқанда  генерал Черняевтің 400-ге жақын әскерлері жергілікті 
Шардара  халқын  қырып,  малдарын  тонау  кезінде,  тұтқиылдан  шабуыл  жасап,  жергілікті  халықтың 
аман қалуына көмектеседі. Жергілікті халық Сыздық сұлтанға дән риза болып, Сырдария бойындағы 
жаудың кемесіне шабуыл жасауына көмектеседі.
«1867 жылдың 4 мамырында есаул Ончаков бастаған 70-ке жуық Орынбор казак әскерін Қазалы 
фортының маңындағы Сары Шығанақта Сыздық Кенесарыұлы 2 мыңдай адаммен 3 күн, яғни 7,8,9 ма-
мыр күндері қоршауда ұстап, аптап ыстықта сусыз қалдырып үлкен шығынға ұшыратады. Нәтижесінде 
Орынбор казактарының 20 адамы қаза тауып, 5-уі жараланады. Бұдан кейін Сыздық Сырдарияның оң 
жағалауына өтіп, бірінші және екінші форт аралығындағы байланысты үзіп, орыс билігін мойындаушы 
қазақ ауылдарына шабуыл жасаған. Сондай-ақ  бірінші фортқа жақын жерде осы топ біздің сауда керу-
ендерімізге шабуыл жасап, тауарларын тонап алды» -деп жазады  [25]. 
Жалпы  қорыта  айтқанда,  патшалық  Ресейдің  экспансиялық  саясатына  қарсыластық  барысында 
Сыздық сұлтанның орта азия халықтарымен күш біріктіріп, бірлесе әрекет етуге талпынды. Патшалық 
Ресейдің мұндай бірлескен қимылды қазақтар мен орта азия халықтарын бір-біріне айдап салу арқылы 
бұзуға  деген  талпынысы  нәтижелі  бола  қоймады.  Мұны  Түркістанда  өрбіген  азаттық  қозғалыстағы  
қазақтар  мен  түркі  мұсылман  халықтарының  байланыстарының    алдағы  уақыттарда    да    үзілмеуі 
аңғартады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет