Тарих жəне құқық факультеті ҚР тарихы кафедрасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата03.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#6462
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:  
1. “ Əскер коммунизм саясаты ”– бұл қанадай саясат? 
2.  ЖЭС-экономикалық  бағыты  либерализациялау  Қорытындылар,  Қазақстандағы 
индустриализацияның маңызы неде?. 
3. Ауылдарда əлеуметтік – экономикалық жаңартулар қалай жүрді? 
4. Қазақстан экономикасының лагерлік секторы дегенді қалай түсіндіресің? 
Əдебиет:  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  4-том.  – 
Алматы: «Атамұра», 2010. – 752 бет. 
14 апта   
27, 28 кредит сағат  
№27, 28 дəріс 
Тақырып: Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында. 
Дəрістің мақсаты: Студенттерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның 
экономикасы, майдан мен тылдың бірлігі жөнінде мəліметтер беру. 
Қарастырылатын сұрақтар:  

1.  Тылдағылардың  ерен  еңбегі.  2.  Қазақстанға  соғыс жылдары  көшіріп  əкелінген 
өндіріс орындары. 3 Қостанайлықтардың майданға көмегі. 
Дəрістің мазмұны:   
Биыл  миллиондаған  адамдар  өз  өмірлерін  құрбан  еткен  Ұлы  Жеңіске  65жыл 
толғалы отыр. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы өте маңызды экономикалық 
жəне  саяси  маңызға  ие  болды  оның  себебі.  КСРО-ның  батыс  аймақтарын  гитлерлік 
армияның оккупациялауына байланысты Сібір мен Қазақстанның сол кездегі еліміздің 
маңыздылығын күрт көтеріп жіберген болатын.  
Соғыс  жылдарында  армия  мен  халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуде 
Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы  аса  маңызды  роль  атқарды.  1941-1942  жылдары 
жаудың  қоластында  қалған  аудандардан  1.2  млн.  бас  ірі-қара  мал  айдап  əкелініп 
республикамыздың  жер-жеріне  орналастырылды,  1943  жылдан  бастап  осы  малдар 
жаудан  босатылған  аудандарға  кері  қайтарыла  бастаған.  1943-1944  жылдары  500  мың 
бас малды əкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген.  
Соғыстың  алғашқы  айларында  Қазақстанға  өндірістік  маңызы  бар  мекемелер 
көшірілу  ұйымдастырылды.  Қазақстан  территориясына  қысқа  мерзім  ішінде  142 
мекеме еліміздің батыс аймағынан 532.506 адам көшіріліп əкелінді.  
Олар  Қазақстанның    түрлі  қалаларына  орналастырылды.  Мысалы:  Алматыға, 
Луганск. Ауыр машина жасайтын зауыт т.б. Семейге – Киев, Азовск, Артемов аяқ киім 
фабрикалары  т.б.  Атырауға-мұнай  жабдықтары  т.б.  Ақмолаға-Орехов  мотор  жөндеу 
зауыты  т.б.  Шымкентте-Воронеждегі  станок  құрылысы  зауыты  (прессавтомат)  т.б. 
Ақтөбеге 
рентген 
аппараттар 
зауыты. 
Республикаға 
көшіріліп 
əкелінген 
кəсіпорындардың 107-ші қысқа мерзімде жұмысқа кірісті. Көшіріліп əкелінген басқа да 
кəсіпорындардың,  əсіресе  жеңіл  жəне  тамақ  өнеркəсібі  мекемелерінің  жабдықтары 
жаңадан  құрылып  жатқан  немесе  Республиканың  əр  жерлерінде  жұмыс  істеп  жатқан 
мекемелерге  берілді.  Мысалы,  Ордженекидзедегі  электроцинк  зауыттың  жабдықтары 
жаңадан  Өскемендегі  қорғасын  зауыты  жедел  түрде  іске  қосылды.  Жау  қолында 
уақытша  қалған  аудандар  босатыла  бере  шығысқа  көшіріліп  əкелінген 
кəсіпорындардың  көпшілігі  соғысқа  дейінгі  бұрынғы  орындарына  қайта  қайтарылды. 
КСРОның  жау  қолында  қалған  аудандарының  көшішіріліп  əкелінген  кəсіпорындарды 
орналастырумен  қатар  Қазақстан  өзінің  машина  жасау  кəсіпорындарын  құрып,  ауыр 
өнеркəсібін одан əрі дамыту міндеттерін де шеше бастады. 
Бір  ғана  мысал:  Мемлекеттік  маңызы  бар  мекемелердің  бірі.  Біздің  Қостанай 
аймағында да болды, ол Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға, соның ішінде біздің 
облысымызға  көптеген  кəсіпорындар  көшірілгені  баршамызға  мəлім.  Сол  көшірілген 
кəсіпорындардың  қатарына,  жасырын  түрде,  майданды  арнайы  қорғаныс 
бұйымдарымен  жабдықтаған  №507  жəне  №222  зауыттары  да  кірді.  Эвакуация 
жөніндегі  кеңес  пен  Қорғаныс  комитетінің  1941  жылдың  29  қазанында  қабылдаған 
шешіміне  сəйкес,  Клин  жəне  Каменск  қалаларынан  көшірілген  жасанды  талшықтар 
зауыттарының негізінде Қостанай қаласында №507 зауыты қалпына келтіріле бастады. 
№507  зауытын  көшіру  кезінде  Клин  жəне  Каменск  қалаларынан  барлығы  441 
вагонға  тиелген  құрал  –  сайман  жөнелтілді,  соның  ішінде  Қостанайға  278  вагон 
жеткізілген.  1941  жылдың  желтоқсан  айының  3-12  аралығында  Қостанайға  130  вагон 
құрал – сайманмен бірге 55 монтажник, инженер, техник – химияшылар мен 70 əскери 
өрт  сөндіру  күзетінің  қызметкерлері  келген.  Барлық  келген  адамдар  құрал  – 
саймандарды жөнге келтіру, түгелдеу жəне жинақтау жұмыстарына тартылған. 
Соғыс жағдайына байланысты зауыт өте қысқа мерзімде, дəлірек айтқанда, 1942 
жылдың  бірінші  жарты  жылдығында  пайдалануға  берілуі  тиіс  болған.  Осы  себептен 
көшірілген  зауытты  қолданылып  жүрген  ғимаратта  орналастыру  ұйғарылады.  Бұндай 
орын ретінде НКВД мен мұғалімдер пединститутның ғимараттары таңдап алынады. 

№507  зауыты  майданды  əртүрлі  оқ  –  дəрілермен,  жасанды  жібекпен  қамтамасыз 
етіп, вискоза дəнінен минометке арналған оқ – дəрі жасау мақсатын алға қойады. 
1941 жылдың 15 қарашасынан бастап көшіріле  бастаған Егорьевск қаласының « 
Комсомолец  »  станок  жинау  зауыты  мен  Ухтомский  атындағы  ауыл  шаруашылығы 
машиналарының  Люберецкий  зауытының  бір  цехы  №222  зауытының  негізін  қалады. 
Бұл  зауыт  Қостанай  облысының  Қарабалық  ауданында,  Тоғызақ  темір  жол 
станциясынан 12 км қашықтықта орналасқан астық совхозында орналастырылып, 1942 
жылдың мамырында іске қосылады 
КСРО  Танк  өнеркəсібінің  жүйесіне  қарасты  №222  зауыты  соғыс  машиналарына 
арнап  №41,  №50,  №10  бұйымдарын  шығарумен  айналысқан.  Арнайы  бұйымдарды 
жасау оңай жұмыс болмағандықтан, зауытпен бірге білікті мамандар да келді. Алайда 
көп  кешікпей  бұл  мамандардың  біреулері  Қызыл  əскер  қатарына  шақырылса,  енді 
біреулері  бұрынғы  жұмыс  орындарына  оралды.  Бұл  жағдайды  ескере  отырып,  зауыт 
жас  жұмыскерлерді  өндіріске  оқыту  жұмысына  кіріседі.  1942  жылдың  өзінде  зауытта 
өндірістік жұмысқа оқытылған жастар саны 273 жетті. Зауытта ерлермен қатар əйелдер 
де  тапжылмай  еңбек  етті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  зауыт  ұжымына  қосылған 
əйелдер 30% құрады. Ұзақ уақыт бойы бір ғана əріппен аталып, көпшіліктен жасырын 
болған  бұл  зауыттар  Ұлы  Отан  соғысының  қиында,  қаһарлы  жылдары  майдан 
тапсырысын  орындау  үшін  жұмысшылардың  бар  күш  –  жігерін  жұмылдырып, 
солардың  қажырлы  еңбегімен  қатыгез  ата  жауымызды  жеңіп,  бейбіт  өмір  орнатуға  ат 
салысты.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  экономиканы  соғыс  талабына  сай  лайықтап 
қайта  құру  қажет  болды.  Экономиканы  қайта  құруды  майдандағы  қолайсыз  жағдай 
қиындата түсті. 
Армияны  жабдықтауда  өнеркəсіп  пен  халықтың  мұқтаждарын  қанағаттандыруда 
басқа тылдағы аудандар сияқты, Атырау облысының да ролі едəуір арта түсті. 
Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитеті  Гурьев  мұнай  өңдеу  заводын,  Каспий-Орск 
мұнай құбырын салу үшін. Мұнай өнеркəсібі Халық комиссариатының қуатты құрылыс 
ұйымын жіберді. 
Мақат  –  Қосшағыл  темір  жолы  салынды,  Петровский  атындағы  машина  жасау 
заводының  екінші  кезегі,  Пешной  көлі  –  Ширина  труба  құбыры,  Гурьев  мұнай  өңдеу 
заводы, “ Комсомольский ” кəсіпшілігі іске қосылды. Ембі мұнайшыларына жұмысшы 
тобының еңбегінің символы мемлекеттік қорғаныс комитетінің туы бір жыл ішінде 12 
рет тапсырылды.  
Сол  кездегі  Гурьев  облысының  жайылым  участкелерінің  аудан  орталықтарынан 
жүздеген километр қашық екенін ескере отырып, шаруашылық жəне бұқаралық – саяси 
жұмысты  жақсы  ұйымдастыру  үшін  колхозаралық  тірек  пункттерін  құрды.  Бұл 
пункттерде  мектептер,  қызыл  отаулар  медициналық  жəне  мал  дəрігерлік  учаскілер, 
моншалар сельпо бөлімшелері жұмыс істеді. 
Республика  мал  шаруашылығын  дамытудың  мемлекеттік  жоспарын  орындап 
шықты.атырау  облысының  малшылары  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің  туын 
алтыншы  рет  жеңіп  алды.  Мемлекеттік  Қорғаныс  Комитетінің  шешімімен  ту 
атыраулықтардың мəңгі сақтауына қалдырылды. 
Құлсары  кəсіпшілігімен  сол  кездегі  Гурьев  машина  жасаушыларының  ұжымы 
1943ж.  июньде  ВЦСПС  пен  мұнай  өнеркəсібі  халық  комиссариатының  ауыспалы 
Қызыл  туларын  жеңіп  алды.  Атырау  облысының  еңбекшілері  соғыс  жылдарында 
өндірістің  қай  саласында  болмасын  күш  жігерін  майданға  көмек  көрсетуге  жұмсады. 
Атыраулықтарда  Отан  қорғаушыларды  жауды  жеңу  үшін  не  қажеттінің  бəрімен 
қамтамасыз етуге ұмтылды. 
Атыраулықтар  майданға  қажет  өнімдерді  үздік  жіберіп  отырды.  1942-1943 
жылдары  Мақат  –  Орск  жəне  Ақмола  –  Магнитогорск  темір  жолдары  құрылыстары 

жүйесі  жалғастырылып  аяқталады.  Соғыстың  алғашқы  жылдарынан  бастап 
Қазақстанда танкі самолет жасауға ақша жинау қозғалысы басталды.        
Қазақстандықтар  бұл  қозғалысқа  атсалысты.  Қостанай  жерінен  де  соғысқа  өз 
қаражатына əскери истребитель ұшағын жібергендердің бірі академик М. Қозыбаевтың 
əкесі  Қабаш  Қозыбаев.  Ұлы  Отан  соғысы  басталғанда  Қазақстандық  алғашқылардың 
бірі болып өз қаражатына əскери истребитель – ұшағын жіберген. 
Əріптесіміз  Қостанай  Мемлекеттік  Педагогикалық  Институтының  тарих 
факультеті  Қазақстан  тарихы  кафедрасының  аға  оқытушысы  Бекмағамбетова  Раиса 
Бекмағамбетқызының  атасы  Бекмағамбет  Сұлтанғазыұлы  деген  ақсақал  1899  жылы 
туған  4  кластық  білімі  болған  азамат.  Көп  жылдар  колхоз  басқармасы  болып  қызмет 
атқарған.  Əріптесіміз  Раиса  Бекмағамбетқызының  айтуынша  атасы  1943  жылы  бір 
миллион  сом  жеке  қаражатынан  самолетке  ақша  жіберген.  Бар  жиған-тергенін  сатып 
қаржы жинақтаған екен. Зайыбы Балшекер апай екеуі сол кезде 7 бала тəрбиелеп, өсіріп 
отырған  отбасы  екен.  Апай  енді  жеті  баланы  қалай  асыраймыз  деп  реніш  білдіргенде 
Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы Балшекер апайға алдымен соғыста жеңіске жетейік, сонан 
соң қалғанын көрерміз, алла пендесін ырыздықсыз қалдырмас деп жауап берген  екен. 
Кейіннен самолетке жіберген қаржысы үшін Сталиннің атынан қолы қойылған Жамбыл 
облысының  Сарысу  ауданының  Жайылма  ауылына  Бекмағамбет  Сұлтанғазыұлының 
атына  алғыс  хат  келген  екен.  Ауыл  болып  қуаныпты  дейді.  Кейін  Бекмағамбет 
Сұлтанғазыұлы 1945 жылы посылкамен Қаратаудың фосфоритін Бүркітті жерінен алып 
Алматыға жіберген. Кейін бұл жерге Жаңатас қаласы салынған.  
Геолог  Машкара  келіп  экспедициямен  растаған.  Осындай  елгезек  елдің  қамын 
жеген  абзал  азамат  Бекең  1950  жылы  дүниеден  озған.  Қазақ  жерінен  соғыс  кезіндегі 
жасаған жомарттық пен елдік мысалдарын көптеп келтіруге болады.  
Соғыстың  доноры  іспеттес  болған  қазақ  даласының  экономикасымен  жомарт 
жанды кеңпейіл қазақстандық халықтардың ерен еңбегі мен жеңіске жету үшін қолдан 
келгендерінен  аяндаған  қарапайым  қазақ  халқының  ізгілікті  істерінің  бір-екі 
мысалдарына ғана қамтыдық, осының өзі көп жайдан хабар берері сөзсіз. 
Қорытындылай келе айтпағымыз: Кеңестік дəуірде он бес одақтас республиканың 
бірі болып, Орталық басшылық нұсқауларын Мəскеуден алып жүзеге асырып отырған 
Қазақстанды  Мəскеуді  қорғауда  қаһарман  жауынгерлер  қан  төксе,  тылдағы 
қазақстандықтар неміс фашизімін талқандауға елеулі еңбектегі үлестерін қосу арқылы 
екінші дүниежүзілік соғыстың жоспарының жүзеге асуына тосқауыл болды.  
“Елу  жылда  ел  жаңа,  қырық  жылда  қазан”  деп  халқымыз  айтпақшы,  бүгінде 
бұрынғы  кеңестік  кеңістіктегі  елдер  Ұлы  Отан  соғысының  65  жылдығын  тойлағалы 
отыр.  Бүгінде  сол  кездегі  одақтас  елдердің  көпшілігі  дербес  тəуелсіз  республикалар. 
Соның  бірі  –  Қазақстан.  Қазақстандықтардың  бүгінгі  экономикасы  шүкір,  нығайып 
келеді. Шетелдер компаниялары мен инвестициялары тартылып жатыр. Мұның бəрі де 
қазақтардың  жақсы  пиғылы,  ниетіне  берген  табиғат  сыйы  деп  ойлаймыз.  Тəңір 
жарылқап,  Қазақстан  халқының  ынтымақ  бірлігі  нығайып,  болашағы  баянды  болып, 
экономикасы арта берсін. 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:  
1) Тыл дегенді қалай түсінесің? 
2) Қостанайға соғыс жылдары қандай өндіріс орындары көшіріп əкелінді? 
3) Қостанайлықтар майданға қандай көмек берді? 
Əдебиет:  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  4-том.  – 
Алматы: «Атамұра», 2010. – 752 бет. 
15 апта   
29, 30 кредит сағат  
№29, 30 дəріс 

Тақырып:  Тəуелсіздіктің  жариялануы  жəне  90-жылдардағы  саяси-экономикалық 
өзгерістер. 
Дəрістің  мақсаты:  КСРОның  ыдрауынан  кейінгі  кеңестік  саясаттанған 
экономиканың  дағдарысымен    90-жылдардағы  саяси-экономикалық  өзгерістердің  ел 
экономикасын  қиын  жағдайға  ұрындыруының  саяси  жəне  экономикалық 
заңдылықтарынан туындайтын себеперін ашу. 
Қарастырылатын сұрақтар:  
1)  КСРОның  ыдрауы.  2)  90-жылдардағы  саяси-экономикалық  өзгерістер.  3)  90-
жылдардағы ауыл шаруашылығындағы саяси-экономикалық өзгерістер. 4) 1993 – 1995 
жылдардағы халықтың əлеуметтік тұрмыс жағдайы. 
Дəрістің мазмұны:   
Қазақстан    Республикасы  тəуелсіздік  алғаннан  кейін  əлеуметтік-экономикалық 
байланыстардың  үзілуіне  байланысты  жұмыс  істеп  отырған  кəсіпорындар  бірінен  соң 
бірі  тоқтап  жатты,  соған  орай,  жұмыссыздық  көбейіп  кетті,  тұрмысқа  қажетті 
тауарлардың  жаппай  тапшылығы  үдей  түсті.  Асқынған  инфляция  шарықтап  кетті. 
Мəселен  1991-1993  жылдар  аралығында  еліміздегі  инфляция  деңгейі  2.200  пайызға 
дейін  өскен.Қазақстан  ТМД-ның  басқа  елдері  сияқты,  нарықтық  экономика  жолына 
1992  жылдың  қаңтар  айынан  аяқ  басты.  Алғашқы  кезде  елімізде  өзара  байланысып 
жатқан екі міндетті шешу қажет болды: 
- экономиканы тұрақтандыру жəне дағдарыстан шығару; 
-  нарықтық  қатынастарды  құру  жəне  дамыту.Еліміздің  алғашқы  кездегі 
əлеуметтік-экономикалық  даму  стратегиясы  Президентіміз  Н.Ə.  Назарбаевтың  1992 
жылы  жарияланған  «Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен 
дамуының  стратегиясы»  жəне  1993  жылы  көрген  «Қоғамның  идеялық  бірігуі  - 
Қазақстанның дамуының кепіл» деген еңбектерінде жарияланды. Олар: 
- реформаларды  ойдағыдай  жүзеге  асырудың  сөзсіз  саяси  шарты  ретінде 
тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты қамтамсыз етуі; 
- меншіктің мемлекеттік жəне мемлекетті емес нысандарын қамтитын əлеуметтік 
рыноктың шартты жəне практикалық базасын жасау; 
- өзінің  барлық  азаматтарының  жеткілікті  əл-əуқат  дəрежесін  қамтамасыз  ететін 
қоғам құру; 
- адамның  еркіндігі  мен  құқтарын  сақтау,  дүниежүзілік  экономикада  бекем 
шептерге  ие  болу  негізінде  Қазақстанның  дүние  жүзілік  қауымдастықтағы  лайықты 
беделін қалыптастыру; 
- демократиялық өзгерістерді тереңдету, саясатта алуан пікірлікті қамтамасыз ету; 
- Қазақстанның дамуы үшін шетел инвестициясын тарту жəне пайдалану; 
- Ұлттық валютаны енгізу жəне оның ішкі, сыртқы еркін айналымын қамтамасыз 
ету. 
Сонымен  елімізде  жүргізілген  экономикалық реформаның  алғашқы  кезеңі.  1992-
1993  жылдардың  аралығы  болып  табылады.  Бұл  кезең  экономиканы  түбегейлі  қайта 
құрудан,  яғни  жоспарлы  экономикадан  нарықтық  экономикаға  көшуден  басталып, 
ұлттық  валютамызды  енгізгенге  дейін  аралықты  қамтиды.  Нарықтық  экономиканың 
заңдық  базасы  құрылды.  Сыртқы  экономикалық  қатынас,  оның  ішінде  шетел 
капиталын  тарту,  банкі  саласын  қалыптастыру  шаралары  жүргізілді.Экономикалық 
реформаның  екінші  кезеңі  1993  жылы  қараша  айында  ұлттық  валютамызды  енгізуден 
жəне өзіміздің макроэкономикалық саясатымызды қалыптастырудан басталды. Ұлттық 
теңгеміздің  енгізілуі  еліміздің  экономикалық  жəне  саяси  өміріндегі  үлкен  маңызды 
оқиға  болды.Еліміз  1992  жылдан  бастап  нарықтық  қатынасқа  көшкеннен  кейін 
мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді. Өйткені, жекешеледіру экономикалық 
реформалар  саясатының  басты  бағыттарының  бірі  болды.  Содан  бергі  аралықта 

республика  бойынша  жеке  кəсіпорындардың  үлес  салмағы  80  пайыз,  соның  ішінде 
өнеркəсіпте  –  86,  ауыл  шаруашылығында  –  95,  құрылыста  –  84,  көлікте  –  96 
пайыз.Ұлттық өнім өндірісінің ортақ көлеміндегі жеке сектордың үлесі 50 пайыз, оның 
ішінде өнеркəсіпте – 40, ауыл шаруашылығында - 90  пайызға жуық, құрылыста – 60, 
саудада – 85 пайыз болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып 
отыр.  Сөйтіп,  ел  экономикасында  жеке  сектор  басым  болып  отыр.  Қазіргі  уақытта 
«Жеке  меншік  кəсіпорындарда  4,7  млн.  адам  жұмыс  істейді,  бұл  экономикада  жалпы 
еңбекпен  қамтылғандардың  77  пайызын  құрайды.  Елімізде  миллионға  жуық  азамат 
еңбек  ететін  400  мыңдай  шағын  жəне  орта  бизнес  нысандары  жұмыс 
істейді.Республикамыздың əлеуметтік-экономикалық дамуы, негізінен алғанда шикізат 
кешенінің  даму  бағытын  тікелей  байланысты  болып  отыр.  Олай  дейтініміз  Қазақстан 
əлеміндегі  шикізат  қоры  бай  елдердің  қатарына  жатады  жəне  экономикасы  шикізат 
өндіруге  бағытталған.  Қазақстан  фольфрам,  ванадий,  уран  жəне  барий  қоры  жөнінде 
бірінші орын алса, əлемдік мыс қорының 10 пайызын, қорғасынның – 19, мырыштың – 
13,  темірдің  –  10,  көмірдің  –  9,  марганецтің  –  25,  хромий  кендерінің  –  30  пайызын 
иеленіп  отыр.Тəуелсіз  Қазақстан  Республикасы  экономикалық  дамуда  көптеген 
қиыншылықтарды  басынан  кешіре  отырып,  ілгері  дамып  келеді.  Жетістіктері 
баршылық. Мəселен, 2000 жылы ішкі жалпы өкімінің өсімі 9,6% болды. Өндіріс көлемі 
–  14,6%,  жүк  тасымалдау  –  13,3%,  сыртқы  тауар  айналымы  –  56,7%  өсті.  2000  жылы 
елдің  экономикалық  өсімі  10%-ға  жуық  көтерілді.  2001  жылы  бұл  көрсеткіш  12%-ға 
артты.  Соның  нəтижесінде  əлеуметтік  сала  бойынша  жалақы  мен  зейнетақы  деңгейін 
көтеріп, ТМД елдері арасында алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік туды.Қазақстанның 
ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын жақсартуға негіз қаланды. 
Он  жылдың  ішінде  еліміздің  экономикасына  18,5  млрд.  доллар  көлемінде  тікелей 
шетелдік инвестиция құйылды.  
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:  
1) КСРОның ыдрауының себебі? 
2) 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер туралы неайтасыз? 
3)  90-жылдардағы  ауыл  шаруашылығындағы  саяси-экономикалық  жағдай  қандай 
болды? 
Əдебиет:  Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  5-том.  – 
Алматы: «Атамұра», 2010. – 688 бет. 
 
7. Электрондық оқу құралдары  
1. Асфендиаров С. История Казахстана. – Алматы: Санат, 1998. 
3. Рысбеков Т.З. Менін Қазақстаным. Орал. 2002 г. 
4. Рысбеков Т.З. Диалог с историей. Уральск. 2004 г. 
5. Сдыков М.Н. История населения Западного Казахстана. Алматы. 2004 г. 
 
 
8. Семинар сабақтарының  жоспары жəне əдістемелік нұсқаулар.  
Семинарлықсабақтарға  əдістемелік нұсқаулар 
№1 семинар сабағы 
Тақырып:  Қазақстанның экономикалық тарихы пəніне кіріспе. 
Мақсаты: Студенттерге пəннің мақсаты мен міндеттері, негізгі зерттеу объектісі 
мен ұстанымдары жөнінде мəліметтер бері. 
Негізгі сұрақтар: 
1. Пəннің мақсаты мен міндеттері. 
2. ҚЭТ пəнінің негізгі объектілері мен ұстанымдары.  

Əдістемелік  нұсқаулар:  практикалық  сабақтарының  сұрақтарды  конспектілеу.  
Семинар түрі ашық əңгіме – тақырыптың мазмұнын ашу, жекелеген мəселені зерттеу, 
əртүрлі  көзқарас  пен  концепциялардың  бар  екеніне  назар  аудару,  семинарда 
шығармашылық талқылау жағдайын туғызу. 
Мұғалім  семинар  барысында  студенттердің  жауаптарын  олардың  осы  тақырып 
бойынша  қаншалықты  материал  игергеніне  байланысты  бағалайды.  Семинар  соңында 
оқытушы сабақты қорытындылап, бағаларды жариялайды. 
Əдебиеттер:  Берденова  К.А.,  Общая  и  экономическая  история  Казахстана.    - 
А.,”Экономика”  2000.;  Берденова  А.К.,  Коробков  Б.Т.  и.  др.  Экономическая  история 
Каахстана    (с тестовыми заданиями). - Алматы: “Экономика” 2001. 
№2 семинар сабағы 
Тақырып:  Ежелгі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы. 
Мақсаты: 
Студенттерге  өз  бетімен  ежелгі  Қазақстан  тұрғындарының 
шаруашылығына қатысты өзекті мəселелерді талқылауына жағдай жасау. 
Негізгі сұрақтар: 
1. Терімшілік жəне аңшылық ең алғашқы адамдардың шаруашылығы 
2. Мезолит дəуіріндегі еңбек құралдарының жетілуі. 
3. Неолит төңкерісі. 
Əдістемелік  нұсқаулар:  Дөнгелек  үстел  түрінде.  Кеңейтілген  əңгіме  түрінде 
ұйымдастырып,  ол  дəріс  материалына  негізделуі  керек.  Нақты  фактіге  сүйеніп,  сурет, 
баяндама пайдалану. Өзекті мəселеге кеңінен тоқталу. 
Əдебиет: Қазақстан тарихы «көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. І том. – 
Алматы: «Атамұра», 1996. – 544 бет. 
№3 семинар сабағы 
Тақырып:  Қазақстан қола дəуірінде. 
Мақсаты:  Студенттерге  Қазақстанның  қола  дəуіріндегі  экономикалық  тарихын 
топпен талқылауына, ізденіс жұмыстар істеуіне түрткі болу. 
Негізгі сұрақтар: 
1. Андроновтықтардың шығу тегі мəселесі. 
2. Андронов мəдениетінің зертелу тарихы. 
Əдістемелік  нұсқаулар:  Топтық  сабақ.  Сабақта  басты  тақырып  етіліп  жоғарда 
сұрақтар  алынады.  Топ  екіге  бөлініп,  əр  топтан  бір  студент  мини-докладпен  шығады. 
Тақырыптың  мазмұнын  ашу.  Əр  топқа  өзекті  мəселені  шешуе  байланысты  сұрақ 
беріледі. Əр топ сол мəселені шешудің технологиялық əдісін көрсетуі тиіс. 
Əдебиет: Қазақстан тарихы «көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. І том. – 
Алматы: «Атамұра», 1996. – 544 бет. 
№4 семинар сабағы 
Тақырып:    Ежелгі  Қазақстандағы  алғашқы  қоғамдық  құрылыс  жəне  тайпалық 
одақтар шаруашылығы. 
Мақсаты: 
Студенттерге  ЕТД  тайпалық  одақтар  мен  мемлекеттердің 
экономикалық тарихын дөңгелек үстелде талқылауына түрткі болу. 
Негізгі сұрақтар: 
1. Сақ тайпалары, олардың шаруашылығы 
2. Қаңлы жəне үйсін тайпалары 
3. Ғұндар жəне олардың бейнелеу өнері. 
Əдістемелік  нұсқаулар:  Дөнгелек  үстел  түрінде.  Кеңейтілген  əңгіме  түрінде 
ұйымдастырып,  ол  дəріс  материалына  негізделуі  керек.  Нақты  фактіге  сүйеніп,  сурет, 
доклад пайдалану. Өзекті мəселеге кеңінен тоқталу. 
Əдебиет: Қазақстан тарихы «көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық. І том. – 
Алматы: «Атамұра», 1996. – 544 бет. 

№5 семинар сабағы 
Тақырып:  Көшпелілер өркениеті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет