«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет103/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   134

ЖОЛДАРЫ 

 

Такирова Кази Уахиткызы 

№ 102 Айсұлу» балабақшасы, КМҚК, Қарағанды қаласы 

 

Бүгінгі  күннің  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  мен  білім  берудің 



жаңаша сапалық деңгейін көтеру. Ол үшін ең алдымен адам баласына тән; өмірге аса қажетті 

қасиеттердің  негізі  отбасы  мен  балабақшадағы  үзіліссіз  тәрбиеден  бастау  алу  арқылы 

қаланатынына баса назар аударған жөн. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  жан-жақты  қалыптастырудың  негізгі  бір  саласы  – 

ақыл-ой  тәрбиесі.  Тәрбиелік  тәлімді  бала  бойына  сіңірудің  дер  кезі,  нақты  мезгілі  өткізіп 

алынса, онда одан кейінгі берілетін өнегенің ақылдың санаға қонуы қиын да күрделі. Абай 

атамыз  айтқандай  «қолымды  мезгілінен  кеш  сермедімнің»  кері  болмасы  үшін,  қазақтың 

халық даналығына сүйеніп, «баланы үйрет, үйретейін кезінде» деп келіп айтқан әмірлі сөзін 

әрқашан ойда ұстауға тиістіміз.  

Бала – балғын тал да, үлкендер – бағбан болуы барлық халықтың ғасырдан  – ғасырға 

жалғасын тауып келе жатқан қағидасы десек, сәби жанын небір білім нәрімен суару – оны 

өсіруші,  тәрбиелеуші  әрбір  үлкеннің  өмірлік  мұраты.  Бала  тәрбиесімен  шұғылданатын 

ұстаздар  оның  жан  дүниесін,  психикалық  көңіл-күйін  аңғарып,  тәрбиені  соған  қарай 

бағыттауы  қажет.  5  –  6  жастағы  балалардың  ойы-қиялы  өте  жүйрік,  есте  сақтау  қабілеті 

жоғары  келеді.  Осыған  орай  оқу  –  тәрбие  жұмыстарын  баланың  жас  ерекшелігіне  қарай 

жүргізу қажет. 

Орта  топтың  балалардың  ойлау  әрекетін  оқу  материалының  мазмұны  арқылы, 

балалардың  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  құралы  мен  тәсілдері  арқылы  жүзеге  асары 

сөзсіз[1]. 

Ойлау  –  сынау  емес,  шындалған  ойлау.  Ойлау  орта  адамдарға,  жоғарғы  оқу 

орындарының  оқушыларына  немесе  мектеп  оқушыларына  ғана  тән  деп  ойлау  аса  дұрыс 

түсінік  емес.  Бүлдіршіндердің  де  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму 

деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жетері  сөзсіз.  Сабақтар,  түрлі 

тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Қазір бұл мәселе тіпті мемлекеттік деңгейге дейін 

көтеріліп  отыр.  Болашақ  ұрпақтың  санасын,  ақыл-ойын  дамытуға  жан-жақты  атсалысу 

қажет. Әсіресе бүлдіршіндерді балабақшада тәрбиелеу жұмысында жүзеге асыру керек. 

Сана жоғары болмаса, сапа болмайтындығы ақиқат. Сондықтан біз, ұрпақ тәрбиешілері 

болашақта ұландарымыздың зерделі, саналы, ақыл-ойы мол азамат болуы үшін жауаптымыз. 

Дамыған  елдерге  тәуелді  болып  қалмау  ақпараттандыру  мен  жаһандау  дәуірінде 

саналы көзқарасқа, ділге және ақпараттық даму деңгейіне байланысты. Бүкіл дүние жүзі 

ортақ  ақпараттық  кеңістікте  өмір  сүруде,  сонымен  бірге  әлем  халықтары  өміріне 

ғаламдастыру процесі келді. Ғаламдық даму көшкінінен қалыспас үшін білім үнемі озық 

жүруі  тиіс.    Білімді  реформалау  жағдайында,  аса  маңызды  шешуді  қажет  ететін  міндет 

білім сапасын жетілдіру, тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Осы себептен де білім 

берудегі  жеке  тұлғаға  зейін  қою  проблемасы  ұлғаюда,  яғни  олардың  білімді  игеруі  мен 

біліктілігін, дағдысын қалыптастыру, белсенділігін көтеруге баса назар аудару керек.

 

Өркениетті  қоғам  мен  құқылы  мемлекеттің  қалыптасуы  өскелең  ұрпақтың  рухани 



байлығы мен мәдинеттілігі, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылықты, кәсіби біліктігі мен 

бейімділігі  қажет  етіледі.  Бұл  жөніндегі:  мектеп  жасындағы  балаларды  тәрбие 

тұжырымдамасында:  “Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  үздіксіз  және  күрделі  процесс.  Әр  бір 

балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекеті, қабілеті бар 

екенін ескере отырып, төмендегі міндеттерді жүктейді[2]: 

-

 



балалардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру; 

-

 



олардың ақыл-қабілетін, дидактикалық дүние танымын қалыптастыру; 

754 

 

754 



 

-

 



өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке бастарының қабілеттерін дамытып, оның 

қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу; 

-

 

балалардың қабілетін арттыруға жан-жақты жағдай жасау – көрсетілген. 



Күллі адамзаттың жаратқан иесінің ең негізгі еншісі – ақыл. Сондықтан оның байлығын, 

ерлігі  мен өнерін, жүріс-тұрысын, көзімен қолын, аяғы мен басын,  - бәрін де ақыл билеуі 

керек. 

Педагогикалық  ойлар  қазақ  халқының  рухани  –  мәдени  мұрасының  бір  бөлігі  ретінде 



көне ғасырдан бері қалыптасып келіп, педагогиканың ғылыми дәрежесіне жетті. Қазақ халқы 

үшін педагогикалық ойлардың дамуының бетбұрыстық сипат алып биікке көтерілуі үлкен 

беделдік  емеспе.  Ақыл-ой  тәрбиесінің  дамуына  еңбегін  сіңірген,  маңызды  үлес  қосқан 

педагогтың бірі  Абай Құнанбаев. Ұлы ойшыл  – бала тәрбиесіндегі ақылдылық, қабілеттік 

ойлампаздық қасиеттерінің маңызын ашып көрсетті. 

Оқыту кезінде ақыл-ойды дамыту керек екендігін, онсыз білім алуға болмайтындығын 

өте дұрыс көрсетеді. Ойлау мен қиялдауды дамыту айырмашылығы  дүниені, құбылыстар 

мен  заттарды  жан  –  жақты  терең  танып  білуге  мүмкіндік  береді.  Ақылды  адам  заттармен 

құбылыстардың  сырын  ашып,  одан  дұрыс  ой  қортындыларын  жасай  алады.  Бала  болсын, 

үлкен болсын өзінің “білім сақтайтын сауыты” болып табылатын өз еркін тәрбиелеуге тиіс.  

Ақыл-ойдың  дамуы  дегеніміз  –  баланың  жасына  байланысты  оқыту  мен  тәрбиелеу 

әсерінен, тәжірбие жинақтауынан оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық 

өзгерістердің  жиынтығы.  Ақыл-ойды  дамытудың  шарты  –  балалардың  сан-  қилы  іс-

әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым-қатынасы, 

тілді меңгеруі, қабылдауымен түсінуі, берілетін білім сапасы. Міне, осылардың бәрі баланың 

жан-жақты жетілуіне мүмкіндік береді. 

Сонымен ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз балаға мақсат көздей ықпал етіп, оның айналадағы 

дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға, адамдарға 

дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру. 

Орта топтың балалары күн сайын жаңа құбылыстармен, заттармен кезігеді, айнала өмірді 

бақылап,  өздігінен  игерген  білімі  мен  түсініктері  жүйесіз,  кейде  таяз,  қате  болады.  Сол 

себептен педагогтың міндеті – баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте-бірте, ретпен 

жүйелі жинақталуына көмектеседі. Бала айналадағы заттар оның сапасы /түсі, түрі,көлемі/, 

қолданылатын  орны,  қасиеттері  /сынуы,  жыртылуы,  қаттылығы,  жұмсақтағы,  бұзылуы/ 

қандай  заттан  жасалатындығы  жайлы  нақты  түсінік  алу  керек.  Сондай-ақ  кейбір  табиғат 

құбылыстары  туралы,  олардың  өзара  байланысы,  заңдылықтары,  өсімдіктердің, 

жәндіктердің  ,  жануарлардың  дамуы  танып-білу,  бақылау  және  түйсінгеніне  жеңіл  тиетін 

қоғамдық құбылыстармен оқиғаларымен, адамдардың еңбегімен, мерекелерімен, республика 

астанасы Астанамен т.б. таныстыру арқылы балалардың дүние, қоғам, табиғат, отан туралы 

түсініктері қалыптасады.  

Орта  топтағы  балаларға  қойылатын  талаптар  бұдан  да  күрделірек.  Балаларды  жалпы 

әңгімеге қатысуға, көрген-білгенін байланыстыра әңгімелесуге баулу ұсынылған тақырыпқа 

әңгіме құрастыра білу, сөйлесуде, әңгімелесуде грамматикалық тұлғаларды дұрыс қолдауға 

үйретеді. Балалар тәуліктің бөліктерін, аптаның күндерін, жыл-мезгілдерін, оның өзгеруін, 

құбылыстарын  түсінеді.  Балалардың  сөздік  қорында  заттың  сыр-сипатын  танытатын 

жалпылағыш сөздер де орын ала бастайды[3]. 

Заттың атын үйретумен қатар қандай материалдан жасалғанын кімнің қалай істігенін де 

түсінеді. Балалардың есі мен ойының дамуына байланысты шығармашылық қиялы дамиды. 

Бұл  жастағы  балаларға  нақты  және  бейнелі  ойлау  тән.  Осының  негізінде  абстракциялық 

ойлауын  дамыту  керек.  Тәрбиеші  балалардың  құбылыстарды  терең  түсінуіне,  мәнді 

жақтарын  ажырата  білуіне  мүмкіндік  тудыратын  талап  жинақтап  ойлау  әрекетін 

қалыптастырады.  

Балабақшадағы жиі пайдаланатын екі түрлі педагогикалық тәсіл бар:  

- үйрету мен ойланту – тәрбие әдістерінің негізін құрайтындығын бәріміз жақсы білеміз. 

Әсіресе,  бала  тәрбиесіндегі  ойланту  маңызының  маңызы  ерекше.  Мектепке  дейінгі  бала 


755 

 

755 



 

тәрбиесімен айналысатын тәрбиешілер мен педагогтар, ата-аналар балалармен жылдың қай 

мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда ойланту әдісіне 

баса  көңіл  бөлулері  қажет.  Жас  ұрпақтың  түйсік,  қабылдау,  ес,  қиял,  ой  және  тіл  сияқты 

танымдық психикалық процестерін дамыту – ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. 

Ақыл-ой  тәрбиесінің  басты  мақсатының  бірі  –  жас  ұрпаққа  мақсат  көздей  отырып,  оның 

айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін, білім негіздерін қамтамасыз 

ету, табиғатқа қоғамға, адамдарға деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.  

Орта бала айналасындағы заттарды атайды, не үшін қажет екенін ой қорытындысынан 

өткізеді. Көбіне үш жастан былай бала дамылсыз «Мынау не?, Бұл неге жарайды?, Мынау іс 

не үшін былай істеледі?» деген сияқты сұрауларды қоя береді. Міне, осы сұраулар балаларда 

ойлау  қабілетінің  болатынын  көрсетеді.  Бірақ,  балаланың  ойлауы  терең  ойлау  емес.  Бала 

дидукция  бойынша  жалпыдан  жалқыға,  ал  индукция  бойынша  жалқыдан  жалпыға  ой 

жүгіртуді білмейді. Бала аналогия бойынша ойлайды. Ойлау жанның өте бір қиын ісі. Ойлау 

балаларға  өте  ауыр  болады.  Сондықтан  тәрбиеші  балаланың  ойлауын  өркендеткенде 

сақтықпен, басқыштап іс істеуі керек.  

1. Балаланың жанында дұрыс әсерленулер және ашық суреттердің көп болуына жағдай 

жасау қажет. Бала суреттеулер  бойынша ойлайды. 

2. Бала заттарды, көрістерді  ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Яғни, 

оны жеңіден ауырға үйрету әдісі арқылы іске асыруға болады.  

3. Орта бала көріністердің, ойлардың аралығындағы байлавмды және олардың қайсысы-

қайсысына себеп екенін біліп үйренсін.  

Адам жанының ақылы арқылы баланың жалпы ақыл-есіне көз салсақ, ақыл-ісі біртіндеп 

басқыштап өркендейді. Орта топ балаларының ойлауын дамыту материалын талдау негізінде 

жүзеге  аспақ.  Ойлаудың  дұрыс  дамуында  көрнекілік  құралдардың  әсері  басым  болады. 

Мұнда  балалар  нақтылы  заттарға  немесе  оның  дәл  баламаларына  бейімделуге  сүйенеді. 

Мұндай  талдауды  кейде  практикалық  әсерлі  немесе  сезімді  деп  атайды.  Балалардың  ой-

қорытулары  көрнекі  алғы  шарттарға,  практикалық  қабылдау  деректеріне  сүйенеді. 

Қорытынды  жасау  логикалық  дәлелдеулер  негізінде  емес  пісірілудің  қабылдаған 

мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асады. Балалар фактілерді  бақылап, балалар 

тиісті қортындылар жасай алады.  

Ақыл-ой  тәрбиесі  арқылы  балалардың  қоғамдық  өмірге,  табиғатқа  жалпы  көзқарасы 

дамиды.  Ақыл-ой  әрекеті  толық  цикілінің  проблемалық  пайда  болуынан  проблеманың 

шешілуіне дейін мынадай кезеңдері болады: 

-

 

Проблемалық ситуацияның пайда болуы; 



-

 

Проблеманы – сұрақты қою және оны қиыншылық мәніне жете түсіну; 



Проблеманы  оқыту  процесінде  тәрбиеші  сұрақ  қояды,  түрлі  тапсырмалар  беріледі. 

Бұлардың  барлығы  проблеалық  ситуацияны  туғызады.  Осының  нәтижесінде  бала  сұраққа 

жауап беруге немесе проблеманы шешуге тырысады. Ойлау мәнінің өзі елеулі және жалпы 

белгілерді  бөле  білуде.  Бұл  жалпы  және  елеулі  белгілерді  бөле  отырып  дәл  осы  сәтте 

қабылданатын жеке заттың  дара өзгешелігі болып табылатын кездейсоқтық, оның ерекше 

көлемі,  ойлау  келешекте  баланың  оқиғаларды  зерттеуіне  мүмкіндік  береді.  Бұрын  естіген 

әңгіме,  көрген  мультфильмдер  ой  елегінен  өтеді.  Сөйтіп,  бала  бұрын  елемеген 

байланыстарды  байқайды.  Ал  сұрақтар  қоя  білу,  қиялдаудың  ең  жоғарғы  сипаты  және  ол 

нәтижелі  ойлауда  негізгі  роль  атқарады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ақыл-ойын 

дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше.  



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1 Oйлауды дамытудың дидактикалық ерекшеліктері //Қазақстан мектебі.  – Алматы, 

2008, №10.  б.73-76 

2 Аглакова Ә «Ақыл – ой тәрбиесінің ерекшеліктері»//Отбасы және балабақша. 

№1,2008 


756 

 

756 



 

3 Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы ойлауын дамыту// 

Рауан 1992. 

 

 



ОРЫС ТОПТАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 

 

Бейсекеева Раушан Карабаевна  

КММ «№ 56 Негізгі орта мектебі»,  

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 



 

Сабақ  мақсатын  және  онда  жүзеге  асатын  басты  мәселелерді  ғылыми  түрде  нақты 

жоспарлау – оқытушылар жұмысындағы, оқу үрдісіндегі ең негізгі, ең күрделі мәселелердің 

бірі екені белгілі. Тіл үйренуші жоғары оқу орнының қабырғасында мектепте алған білімін 

жетілдіруге және сөздік қорын көбейтуге үлкен мүмкіншілігі бар екені белгілі. 

Қазақ тілі сабағында кез келген оқытушы студенттердің дүниетанымын, тіл байлығын, 

ақыл-ой  өрісі  мен  танымдық  қабілетін  жетілдіруді  көздейді.  Қазақ  тілін  орыс  топтарында 

оқытуда қолданылатын әдістердіңде басқаша болатынын да бұл жерде ескеру керек. Қазақ 

тілін  өзге  ұлт  өкілдеріне  оқытуда  қазақ  тілі  пәнінің  міңдеті  біріншіден,  студенттің 

сауаттылығын,  ойлау  қабілетін  дамыту  барысында  жаттығу  жұ-мыстарымен  бекіту. 

Екіншіден, қазақ тілі пәнінде мамандыққа арналған мәтіндер мен терминдерді беру арқылы 

студенттердің  еркін  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру  бо-лып  табылады.  Студенттің  тілін 

дамыту мақсатында өз бетімен жұмыс істеуге, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру қажет. 

Демек, өзге ұлт өкілдері қазақша түсіне бі-луге, сөйлей білуге, мазмұндай білуге, өз ойын 

анық айта білуге, жаза білуге үйрету – басты мақсаттардың – бірі болып табылады. 

Аталған мақсаттарды іске асыру үшін алға қойылатын негізгі міндеттер ол: 

- Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауға дағдыландыру; 

-  Оларды  өз  бетінше  ізденуге,  қазақша  тыңдаған  ақпарат  бойынша  ойын  қорытып, 

ұққан материалын мазмұндауға дағдыландыру; 

- Сөздіктің көмегімен көркем шығармалардан үзінділер оқи білу; 

- Публицистикалық және ғылыми лексиканың дұрыс қолданылуын тануға үйрету. 

Жоғары оқу орындарында студенттер тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін 

қолдануға,  тілдің  фонетикалық,  лексикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  құрылымын, 

стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық тұрғыдан жүйелеп, өз бетінше әрекет 

етуге дағдылы керек. 

Қазақ  тілін  үйретуде  осы  мақсат-міндеттерге  қол  жеткізуде  білім  берудің  нәтижелік 

тұжырымына баса мән берілуі керек. Оқу мақсатының жүзеге асуы – жаңаша оқу формалары, 

тиімді әдіс-тәсілдермен тығыз байланысты екені белгілі. 

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың әдістемесі дамуының басты шарты болып – 

әдістемелік  зерттеулерді  әрі  қарай  дамыту,  жетілдіру,  эксперименттік  тәжірибелер  жасау, 

оған жаңа фактілерді қосу, әдістеме ғылымындағы жаңалықтар мен жетістіктерді пайдалану, 

психологиялық  әдістерге  де  көңіл  бөлу.  Сондай-ақ  оқытушының  жан-жақты  әдістемелік 

ізденістерін  дамыта  отырып,  шығармашылықпен  сабақ  беруіне  көмектесу  жолдарын 

қарастыру  негізгі  мәселелердің  бірі  болып  саналады.  Қазіргі  заманда  оқытушының 

педагогика, психология ғылымдары жаңалықтарын біліп отыруы аса қажет болып тұр, себебі 

онсыз оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру мүмкін емес. 

Жаңа ғасырға – жаңа технологиялар. Қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне тілді меңгерту 

үшін  педагог  ғалымдар  көптеген  технологиялар  мен  әдіс-тәсілдерді  ұсынып  отырғаны 

белгілі. Біз солардың тиімді деп есептелінетін кейбіреулеріне тоқталғымыз келеді. 

Жаңа  ғасырда  ақпараттармен  алмасу  –  бұл  тек  монитор  мен  пернетақта  ғана  емес. 

Әлемдік интерактивті технологиялардың ең алғаш кең тараған саласы  – білім беру жүйесі 

екені  белгілі.  Көптеген  оқытушылар  қауымы  да,  тілді  үйренушілер  де  интерактивті 

технологияларды оқу үрдісінде қолданудың артықшылығы мен септігінің өте жоғары екенін 


757 

 

757 



 

байқады.  Бүгінгі  күні  еліміздің  бірқатар  әртүрлі  оқу  орындарының  оқу  дәрісханалары 

интерактивті  тақтамен  жабдықталған.  Біріншіден,  жалпы  білім  беру  мектептеріндегі  оқу 

үрдістері  қызықты  да  көрнекті  болды,  ал  орта  және  жоғары  білім  беру  мектептері  кәсіби 

білімін тереңдете түсуге үлкен мүмкіндіктер алды. Интерактивті технологияларды дамыту 

арқылы біз өз уақытымызды және күшімізді үнемдеу мүмкіндігіне ие боламыз. Интерактивті 

технологиялар білім беру жүйесінде оқытушының жұмысын жеңілдетіп қана қоймайды, оқу 

үрдісінде терең де сапалы білім беруге жол ашып, ерекше орын алып отыр. 

Біздің алдымыздан интерактивті тақ-та мен кіріктірілген тест жүйелері сияқты мүлде 

жаңа  өлшемді  технологиялар  ашылады.  Интерактивті  тақтамен  және  проектормен  жұмыс 

кезінде бейне слайдтар және компьютерлік анимациялар жасауға мүмкіндік аламыз, сонымен 

қатар, тақта алдындағы жұмысыңыз бормен жұмыс істеп отырған секілді қарапайым да жеңіл 

болады.  Аға  буын  өкілдері  үшін  кітап  қандай  маңызды  орын  алса,  бүгінгі  және  болашақ 

ұрпақ үшін ғаламдық дамыған технологиялар сондай маңызға ие. 

Ең алдымен интерактивті деген сөздің мәнісін ұғып алайық: inter – «бірге, өза-ра», act 

– «әрекет ету, іс-қимыл» деген мағынаны білдіреді. Оқытудың интерактивті технологиялары 

–  бұл  оқушылардың  топпен  бірге  әрекет  етуіне  негізделген,  өзара  іс-қимылға,  бір-бірін 

толықтыруға  бағытталған,  оқушының  бұл  үрдістен  тыс  қалуына  мүмкіндік  бермейтін  оқу 

формасын ұйымдастырудың тиімді жолы деп есептейміз. Оқыту үрдісінде бұл әдісті қолдану 

үшін оқытушы тіл үйренушілердің ұжымдық, жұптық топтарға бөліп, өзара қарым – қатынас 

жасауға  ықпал  етеді  және  жағдай  жасайды.  «Интерактивті  оқыту»  әдісі  1990  жылдары 

интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. 

Бүгінгі  күні  интерактивті  өзара  іс-әрекет  –  бұл  компьютермен  жұмыс  істеуді  толық 

меңгеру, яғни, электронды пошта, электронды хабарландыру тақтасы, онлайн тақырыптық 

пікір  алмасулар,  аудиоконференциялар,  видеоконференциялар,  ақпараттармен  және 

файлдармен алмасу, бірыңғай желілік жүйе және т.б. болып табылады. 

«Интерактивті құралдардың көмегімен материалдарды беруде қандай мүмкіндіктерге 

қол жеткіземіз? 

-  Тұсаукесер  (презентация),  баяндамашының  өз  баяндамасын  толық  жеткізуіне 

мүмкіндік; 

-  Оқу  материалын  көрсету,  экран  суреттермен  қоса  жазбаша  мәліметтер  бере  алу 

мүмкіндігі; 

- Дәріс кезінде интерактивті тақтада берілген оқу материалын жазып алып, бірнеше рет 

пайдалана алу мүмкіндігі; 

- Интерактивті тақтаға жазылған барлық мәліметтерді сақтап, басып, электронды пошта 

арқылы жіберу мүмкіндігі. 

Интерактивті тақтаның артықшылығына тоқталатын болсақ: 

- Арнайы бейнекамераларды пайдалана аламыз; 

-  Мәтіндермен,  объектілермен  жұмыс  істей  аламыз,  кез  келген  ақпараттарды  сақ-тай 

Еlluminate  live  бағдарламасы  бойынша  әлемнің  әр  мемлекеттеріндегі  серіктестерге 

тұсаукесер өткізіп, өз жұмысымызға оңай және тез пікірлер ала аламыз; 

-  Интерактивті  тақтамен  жұмыс  істеу  барысында  тыңдаушылардың  зейін  ауда-руын 

жақсартады, оқу материалы төте меңгеріледі, нәтижесінде әр тыңдаушының оқу үлгерімдері 

артады; 


-  Activate  көмегімен  тест  өткізіп,  нәтижесін  экранға  шығарып  оқушылар  назарына 

ұсына аламыз. 

Интерактивті технологиялардың алдына қойған негізгі міндеттері мыналар: 

- Тыңдаушылардың білім алуға деген берік уәждемесін қалыптастыру; 

- Тыңдаушылардың шығармашылық шешімдерінің көмегімен білімді меңгерудің жаңа 

формалары мен құралдарын іздеу» . 

Оқытудың  интерактивті  жүйелерін  мектептерде  қолдану  бұл  білім  берудің  жаңа 

ұстанымы  –  «Білім  алуды  қарқындату».  Оқытудың  интерактивті  технологиялары  мен 

әдістері  арқылы  интенсивті  білім  беру  жүйесіне  оқушылар  жай  тыңдаушы  ғана  емес, 


758 

 

758 



 

белсенді  қатысушы  және  серіктес  ре-тінде  қатысуына  қол  жеткізе  аламыз.  Интерактивті 

электронды тақталарды қолдану білім сапасын арттыруға септігін тигізеді. 

Интерактивті әдістерді қазақ тілін оқытуда тіл үйренушілерге үйретуде интерактивті 

әдістердің ойын сияқты кейбір түріне тоқталып өтейік. 

Тіл  үйренушінің  ойлау  мен  сөйлеу  дағдыларын  дамытудың  бір  түрі  сабақты  ойын 

түрінде ұйымдастырып, олардың тілдерін жетілдіру. Ойын арқылы тіл үйренушілерді оқыту 

интерактивті  оқыту  әдісінің  түрі  болып  есептелінеді.  Себебі  тек  ойын  үстінде  ғана  тіл 

үйренуші мен оқытушы арасында байланыс пайда болып, олардың топпен жұмыс істеуіне 

мүмкіндік  пайда  болады.  Ойын  тіл  үйренушінің  сабаққа  деген  қызығушылығын, 

белсенділігін  арттырумен  бірге  олардың  танымдық  қабілетін  жетілдіріп,  шығармашылық 

белсенділікке деген қажеттілігін қанағаттандырады. Кез келген қажеттілікті қанағаттандыру 

жағымды эмоциямен, көңіл – күймен байланысты. Сабақтың немесе әдістің тіл үйренушінің 

қажеттілігі  мен мүмкіншілігіне сәйкестігі  оның көңіл  – күйінен көрінеді. Тіл  үйренушінің 

шығармашылық  қабілетін  арттыратын  ойын  түріндегі  тапсырмалар  тіл  үйренушінің 

«үйренсем» деген қызығушылығын тудырады. Қазіргі кезде тіл үйренушілердің белгілі бір 

тақырып көлемінде біліммен қамтамасыз ету жеткіліксіз, оларды білім алуға, оқуға үйретуге 

көп мән беруге, яғни психологиялық тұрғыдан оларды «білім алғым келеді, оқығым келеді» 

деуге  үйрету.  Егер  сабақты  ойын  түрінде  ұйымдастырсақ,  тіл  үйренушінің  тілді  үйрену 

дәрежесі  жоғары  болады  деп  ойлаймыз.  Баланы  күшпен,  мәжбүрмін  оқыту  мүмкін  емес. 

Сондықтан да білім беру үдерісін ойын түрінде ұйымдастырудың маңызы ерекше, сондықтан 

оқытушымен, балалармен бірігіп орындаған жұмыс қана қызығушылықты арттырады. 

Ойын – үйрету әдісінің ерекше бір түрі. Ойын үйренуді мәжбүр етпейді, тілді үйреткен 

кезде  түлі  үйренушінің  өз  еркімен,  ынтасымен  барлық  жұмыстар  атқарылады.  Сабақты 

ойында  арқылы  ұйымдастырғанда  тіл  үйренушілердің  барлығы  бірдей,  яғни  «жақсы»  не 

«нашар» білетін деп бөлінбейді, бір – бірін олар тек ойыншылар ретінде қабылдайды. Қазақ 

тілі  сабақтарында  тіл  үйренушіні  жазбаша  байланыстырып  сөйлеуге  ойын  арқылы  үйрету 

мынадай  бағытта  жүргізіледі:  үйретудегі  оқушының  міндеті  ойын  арқылы  шешіледі; 

байланыстырып  сөйлеу  әрекеті  ойын  ережелеріне  бағындырылады;  байланыстырып 

сөйлеуге үйрететін қажетті оқу материалы ойынның құралы ретінде пайдаланылады; үйрету 

де,  үйрену  де,  ойын  –  жарыс  түрінде  орындалады;  мәселені  шешу  тетігін  іздейді, 

шығармашылық ойлауы қалыптасады. 

Шығармашылық ойлау тіл үйренушілерді  сөйлеуге, сөздерді  дұрыс  таңдауға,  сөйлеу 

барысында  көркем  әдеби  сөздерді  қолдануға  көмектеседі.  Ойын  кезінде  ойлануға,  ойын 

байланыстырып  жазуға,  айтуға,  шығармашылықпен  айналысуға,  топта  бір  –  біріне 

көмектесуге  мүмкіндік  пайда  болады.  Р.  Базарбекова  «Интерактивті  оқытудың  ойын 

түріндегі әдісі» атты мақаласында, қазақ тілі сабағында тіл дамытуға қатысты жүргізілетін 

ойын  қызметі  мынандай  міндеттерді  шешуге  тиіс  дейді:  «Біріншіден,  оқушының  тілін 

дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету сабақтың басты мақсаты болса, ойын осы мақсатқа 

жетуге деген оқушының эмоциялық қатынасын, ықыласын арттыруға; екіншіден, ойынның 

шарты, түрі, тәсілі міндетті түрде оқушыны дұрыс сөйлеуге, өз ойын байланыстырып жазуға, 

логикалық және шығармашылық мүмкіншілігін ашуға; үшіншіден, ойынды сабақтың талдау, 

бекіту,  қайталау  кезеңдерінде  жүйелі  түрде  қолдану  оқушының  жазбаша  сөйлеу  қабілетін 

қалыптастырып, сөз сөйлеу шеберлігін ұштауға жағдай жасайды». Мысалы, олардың сөздік 

қорын,  сөздерді  дұрыс  таңдауға  дағдыландыру  үшін  олармен  «Сөз  тізбек»  ойынын 

ұйымдастыруға болады.Тіл үйренушілерді топқа бөліп, оларға қандайда бір сөзді айтып, сол 

сөздің соңғы әрпі келесі сөздің бірінші әрпі болады. Олар белгілі бір уақыт мөлшеріне дейін 

жалғастыру керек. Мысалы, оқытушы «Қазақстан» десе топтағы тіл үйренушілер «Н» әрпіне 

«Нан», «Нарық», «Қияр», «Раушан» және тағыда басқа сөздерді атап осылай ойын белгілі бір 

уақыт мөлшеріне дейін жалғаса береді. 

Интерактивті  әдіс  арқылы  тіл  үйренушілерді  оқытуда  «Ойға  шабуыл»  әдісі  жиі 

қолданылатын  әдістердің  бірі  болып  саналады.  «Ойға  шабуыл»  әдісі  белгілі  қандайда  бір 

мәселені шешу үшін белгілі шектелген уақыт мөлшерінде жауап қайтара білуге көмектеседі. 


759 

 

759 



 

Бұл  әдісті  шешімін  табуды  қажет  ететін  кез  келген  жағдайда,  тіл  үйренушілердің  тілін 

жаттықтыруға, жылдам ойлауға дағдыландырады. 

«Ойға  шабуыл»  әдісін  қолдану  үш  кезеңге  бөлінеді:  ұсыныстар  жинау;  жиналған 

ұсыныстарды бағалау немесе талдау; ұсыныстарды мәселені шешуде пайдалану. 

«Ойға  шабуыл»  әдісінің  негізгі  ережелерінің  бірі  болып,  айтылған  пікірлер  сынға 

ұшырамайды. Айтылған көзқарастар қателігіне, дұрыстығына қарамастан қабылданады. 

«Ойға  шабуылды»  жүргізуші  (оқытушы)  мен  оған  қатысушылар  (тіл  үйренушілер) 

әрекеті  алтыға  бөлінеді  олар:  1)  Жүргізушінің  қандай  мәселе  көтерілетінін  көрсету;  2) 

Аталмыш тақырыптың маңыздылығы; 3) Ойға шабуылдың ұстанымдарын түсіндіру; 4) Ой – 

пікірлерді ұсыну және жазу; 5) Сұрақтар мен оларға түсінік беру; 6) Ой – пікірлерді талдау 

және баға-лау. 

Алайда,  оқу  үрдісінің  қарқындылығын  арттыруда  оқытушылардың  ақпараттық 

коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  құзыреттіктері  қалыптасқан  ба  және  оқу, 

тұрмыстық, кәсіби міндеттерін ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану 

арқылы шешу қабілеті бар ма деген сұрақ туындайды. Себебі білім беру саласындағы негізгі 

тұлға  –  оқытушылармен  бен  оқушылар.  Әрбір  білім  беру  мекемелеріне  жан  беріп,  оны 

қозғалысқа келтіретін, әр оқушыны келешекке жетелейтін – оқытушы. Сондықтан да бүгінгі 

күні білім беру ісінде оқытудың тиімді де жаңа технологияларын кеңінен таратып, күнделікті 

қолданысқа ендіретін оқытушыларымыздың шеберлігі ең маңызды мәселе болып табылады. 

Оқытушылардың  ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  меңгеруі  –  білім 

беру  саласын  ақпараттандырудағы  артықшылық  және  анықтаушы  бағыт  болып  саналады. 

Педагогтардың ақпараттар коммуникациялық технологияларды пайдалану құзыреттіктерін 

қалыптастыру деңгейінің өлшемдері қандай? 

Бұл оқытушыларымыздың: 

- Ақпараттық кеңістік туралы толық хабардар болуы; 

- Ақпараттық (компьютерлік) сауаттылығы; 

- Өз қызметін АКТ-ні пайдалана оты-рып ұйымдастыра білуі. 

АКТ  құзыреттілігі  дегеніміз  бұл  –  ақпараттарды  іздеу,  ақпараттарды  тұтыну, 

ақпараттарды құру, ақпараттарды сұрыптау, ақпараттарды таңдау, ақпараттарды пайдалану, 

ақпараттарды  жіберу,  яғни,  кез  кел-ген  ұстаздың  аталған  үдерістерді  меңгере  алуы,  өз 

қызметінде пайдалана алуы. 

«Оқытушының  АКТ  құзыреттігін  қалыптастыруда  төмендегідей  педагогикалық 

мүмкіндіктерді  жүзеге  асыру  қажеттілігі  туындайтыны  белгілі.  Ал  бұл  қажеттілікті  іске 

асыруда  оқытушылардың  біліктілігін  көтеру  институттарында  төмендегідей  мәселелер 

міндетті түрде ескерулі қажет: 

- Тәжірибеде АКТ-ні пайдалану мүмкіндігін меңгеруде және жаңа материалды игеруде 

оқытушының дайындық деңгейін ескере отырып оқытуды ұйымдастыру; 

-  Оқытудың жеке әдістері  мен формаларын, сонымен қатар, оқытудың прогрессивтік 

әдістерін пайдалану проблемасын шешуде қазіргі заманға оқу әдістерін пайдалана отырып, 

оқытудың классикалық әдістерін жетілдіру; 

- АКТ құралдарын, интерактивті тех-нологияларды қарқынды пайдалану ар-қылы оқу 

үдерісінің материалдық-тех-никалық базасын жетілдіру». 

Интерактивті  технологияларды  әр  оқытушы  өз  сабақтарында  пайдалана  алса, 

интеллектуалдық  қабілеті  дамыған  комму-никативтік  дағдылары  қалыптасқан,  алған 

білімдері практикада пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз 

деп есептейміз. 

Қорытындылай  келетін  болсақ,  тіл  үйренушілердің  пәнге  деген  қызығушы-лығын, 

оқуға деген ынтасын арттыру мақ-сатында интерактивті әдісті қолдану тиімді деп санаймыз. 

Егер сабақ барысында ойын-ның көптеген қызықты түрлерін қолдансақ, тіл үйренушілердің 

тілді тез меңгеруге және сөздік қорларының дамуына, тілдік дағдыларының қалыптасуына, 

есте сақтау қабілетінің артуына көмектеседі. Яғни, педагогтардың ақпараттық-коммуника-



760 

 

760 



 

циялық технологияларды меңгеруін қам-тамасыз ету – бүгінгі күннің басты талабы болып 

саналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет