С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата03.03.2017
өлшемі1,88 Mb.
#6502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Ключевые  слова:  терминов  родства,  транслитерация,  лексикография, 
лингвокультура, лингвосемантика, терминология. 
Annotation.  For  a  long  time  it  was  felt  among  linguists  that  translates 
national and ethnic structure found only in the material and the actual form. This is 
proof  works  of  scientists  dedicated  to  the  study  of  translation  issues  of  national 
ethnic flavor. Thinking peculiarities of each nation are reflected in the language of 
the people . National linguistic reflection involved in the process of understanding 
the  world  ,  represents  and  interprets  the  perceived  phenomena  .  Understanding 
shown in the language of the ethnic group phenomena and concepts , their transfer 
from  one  language  to  the  second  ,  in  compliance  with  the  original  features  ,  is 
considered one of the most effective kinds of translation . 
Currently  transfer  ethnological  features  in  translation  studies  is  one  of  the 
most pressing problems. 
Related  discipline,  as  the  theory  and  practice  of  translation  and  cultural 
linguistics  caused  the  exact  translation  of  traditional  and  kinship  relations  in  the 
texts.  The  presence  of  equivalent  terms  in  the  target  language  in  the  translation 
process  is  evidence  of  a  general  "  lingvosemanticheskogo  space"  in  the  language 
semantics  .  Culture  of  each  nation  determines  nationwide  and  ethno-national 
features, and language of the people portrayed in the national and peculiar features. 
Keywords:  kinship  terms,  transliteration,  lexicography,  linguistic  culture, 
lingvosemantika, terminology. 
 
Түрлі  мәдениет өкілдері іс-әрекет субъектісі мен оның объектілері-зат 
пен  қасиетті  және  уақыт  пен  кеңістікті  ажыратып,  тануды  қажет  етеді.Сол 

 
46 
сияқты  адамдар  бір-бірімен  табысып,  туыстық  қатынасқа  түсіп,  айрықша 
статусқа/мәртебеге ие болады. Сондықтан, мақалада қазақ тіліндегі туыстық 
терминологияның теорииялық және практикалық жақтары қарастырылады. 
Қазақстан  көп  ұлтты  мемлекет.  Ресми  мәліметтер  бойынша, 
Қазақстанда  120-140  ұлт  өкілдері  тұрады.          Туыстық-қазақ  қоғамы  және 
қазақ мәденитетіндегі әлеуметтік институтты құрайтын негізгі құбылыс. 
Қазақ  туыстық  терминдері  еуропа  тілдеріне  қарағанда  бейтарап 
стилистикалық  реңді  және  тұрақты  болып  келеді.Қазақ  туыстық  атауларды 
Ш.Ш. Сарыбаев,  М.Ш. Сарыбаева  және  тағы  басқалардың  еңбектерінде 
салыстырмалы  түрде  зерттелді.  С.Бизақов  «Қазақ  тілінің  түсіндірме 
сөздігінде»  қазақ  туыстық  терминдердің  лексикографиялық  рәсімделуін 
қарастырды.  Еуропа,  соның  ішінде  ағылшын  тіліндегі  туыстық  атауларды 
зерттеу  мәселелері  Ф. Бопп  еңбегінде  көрініс  табады.  Америка  зерттеушісі-
этнограф  Л.Г.  Морган«Системы  родства  и  свойства»  кітабында  туыстық 
терминдерді зерттеудің қажеттілігін жазады. Кейін «Древнее общество» атты 
еңбегінде туыстық атауларды аударудағы ерекшеліктер туралы айтады. 
М.Ш. Сарыбаеваның  зерттеуі  бойынша,  қазақ  тіліндегі  туыстық 
терминінің  жалпы  саны  36    атауды  құрайды[1,128].  Қазақ  тілінде  отбасы 
мүшелерінің 
статусы/мәртебесіне 
байланысты 
өз 
атаулары 
мен 
анықтамалары бар. Рулық қауым мүшелері рулық генеологиялық шежіредегі 
иерархиялық  жүйеде  орналасуы  және    әйел  немесе  ері  жағына  сәйкес 
атаулары  болады.  Еуропалық  туыстық  атаулар  саны  қазақ  тіліне  қарағанда 
айтарлықтай аз (21 атау). 
Қазақ  тіліндегі  мысалдарды  қарастырайық:  қайын  –  күйеудің  інілері 
жеңгесіне қайыны болады  (младшие братья мужа по отношению к его жене), 
жезде – апасының күйеуі (муж старшей сестры по отношению к ее младшей 
сестре). 
Анасы  жағынан  туыстық  атауларға  мысал  ретінде,  келесі  сөйлемді 
қарастыралық:  
Toнтeкeңнiң  жиенi  мiндeптұp  ғой!  –  десіп,  Абайдың  нағашыларын 
eсінe aлысты [2,12б.].  
Аудармасы: “Why, of course, there’s Shanshar blood in his veins! One can 
see at once that he’s the grandson of  Tonteken!” [4, р. 32]. 
«Нағашылар» термині ана жағынан туыстық атауды білдірсе, Шаншар-
ру  атауы  және  ол  қай  руға  жататындығын  нақтылайды.Оның  үстіне 
«нағашылар»  термині  тек  ана  жағынан  туыстық  атауды  білдіріп  қоймай, 
дәстүрлі  мінез-құлық  ережесін,  моралдық  ұстанымдылық,  кей  жағдайларда 
немере  жиен  алдындағы  борышты  білдіретін  лингвистикалық  ұғым.  Қазақ 
тіліндегі  сөйлемді  ағылшын  тіліне  аударғанда  сөйлемде  грамматикалық 
трансформацияны байқауға болады:  түпнұсқадағы жай сөйлем, аудармада 2 
сөйлемге  бөлінді.  Жалпы,  қазақ    және  ағылшын  тілдеріндегі  сөздердің 
көпшілігі    абсолютті  мағынаға  ие.  Мысалы:  әке-  father  сөзі  тек  балалардың 
әкесі  ғана    емес,  сонымен  қатар  жалпы  балалы  әке.Немесе:  Ана  1. 
Өзбаласыныңтуғаншешесі.  2.  Балалыәйел (мать  своего  ребенка  и  женщина, 
имеющая  детей).Кейбір  туыстық  атаулардың  қатыстық  емес  мағыналы.  

 
47 
(father  –  әке,  mother  –  шеше,  grandmother  –  әже,  grandfather  –  ата), 
айтарлықтай  сөздер  қатысты  мағыналы:(son  – ұл,  daughter  –қыз,  grandson  – 
немере және т.б.) 
Қазақ  тілдік  мәдениетінде  шартты  туыстық  атаулар  (әкелес  іні 
‘младший  единокровный  брат’)  немесе  жасанды  туыстық  атаулар  кеңінен 
таралған  (өкіл  күйеу,  кіндік  бала,  бесік  құда)  [2,  112  б.].  Қазақ  салт-
дәстүрінде  жаңа  туған  нәрестенің    кіндік  ата-анасы  болса,  ол  баланы  
«өкілбала»  –  крестник  және  тиісінше  «кіндік  ата-ана».Ағылшын  тілінде 
өкілбала«godchild»  дәлме-дәл  аудармасы  «құдайдың  баласы»,  ал  кіндік  ата-
ана godparents.  
Кейбір  туыстық  атаулардың  қатыстылығын  ажырату  өте  қиын. 
Терминдер  туыстық  қарым-қатынастың  2  түрін  білдіруде  қолданылады: 
нақты шынайы мағынадағы (когнационды)туыстық қатынасты (генетикалық 
туыстық)  және  нақты  (матримоналды)  некелік  туыстық  қатынасты  (заңды 
тіркелген  некелік  қатынастық  туыстық).  Осы  тәрізді  генетикалық  және 
некелік  қатынастық  туыстық  атаулар  аударма  барысында  қиындықтар 
туғызады.  Ағылшын  тілінде    күйеуінің  үлкен  ағасы  (қайын  аға),  күйеуінің 
інісі  (балдыз)  ,әйелінің  апасының  күйеуі  (жезде),  үлкен  апасының  күйеуі 
(жезде) және сіңлісінің күйеуі (күйеу бала) «brother-in-law» атауын білдіреді 
(дәлме-дәл аудармасы заңды аға/іні). «Іn-law» постфиксі әйелінің және оның 
ата-анасына қатысты атауларға да жалғанады. Ағылшын тіліндегі «brother-in-
law»  сияқты  атау  қайынбике/балдызға  қатысты  -«sister-in-law»  термні 
қолданылады.  «Балдыз»  термині  қазақ  тілінде  әйел  және  ер  жынысына  да 
қатысты  айтыла  береді.  Жеңге  терминіне  ағылшын  тіліндегі  «sister-in-law» 
атауы  қазақ  тіліндегі  нұсқасына  аса  сәйкес  келмейді.  Өйткені  қазақ  тілінде 
жекеше  түрде  «жеңге»    үлкен  ағасының  әйеліне  немесе  басқа  да  туысқан 
үлкен ағасының әйеліне қатысты айтылады,  ал ағылшын тіліндегі   «sister-in-
law» тек белгілі бір отбасы мүшесіне қатысты айтылады[4, р. 225]. 
Көшпенділер  мәдениетінде  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  полигамия 
атаулары  ерекше  зерттеуді  қажет  етеді.Бұл  жағдайда  қазақ  және  ағылшын 
тілдерінде  сәйкстіктер  табу  қиындық  тудырады.  «Бәйбіше»  лексемасы  орыс 
тіліне  «старшая  жена»  деп  аударылады:  «бәй»  -  первая,  главная,  «біше»  - 
жена,  супруга.  Қалың  мал  беріп,  алатын  екінші  әйел  «тоқал»  -«младшая 
жена»  атауымен  беріледі.  Тоқал  отбасында  барлық  үй  шаруашылығын 
атқаратын,  мәртебесі  төмен  тұрады.  Сонымен  қатар  «тоқал»  сөзі 
көшпенділер тілінде уақ малды-ешкі мен қойға да қолданылған. 
Жанама  туыстық  қатынасты  бідіретін  атаулар  «brother»,  sister, 
uncle,aunt,  nephew,  niece»  ұрпақтар  жалғасын  табады,  яғни  ағалы-інілі 
туыстарды  балалары  ,  немере,  шөбересі  де  бір-біріне  аға-іні  болып  келе 
береді.  Ағылшын  тілінде  «great»,  «second»  және  «grand»  приставкалары 
жалғанады.  Ал  қазақ  тілінде  әрқайсысы  түрліше  аталады:  аға,  нeмeрe  іні, 
шөбeрe ұл. 
Қазақ  туыстық  терминдерді  талдауды  қорытындылай  келе,  қазақ 
тіліндегі атауларды ағылшы тіліне түсіндірме аударма тәсілі арқылы беруге 

 
48 
болады  дейміз.  Ұлттық  мәдениетті  үстір  қана  білу  –арнайы  ұлттық 
ерекшеліктерді аудару барысында қателіктерге әкелуі мүмкін. 
Мысалы: : «-Уaй, қaтын, қaзaн көтeр мынa қoнaққa! – дeп бұйрық eтті» 
[2, 107 б.]. «Эй, хатын, ставь котел гостям! – приказал он» [5, б. 132].«Khatin, 
prepare something for the guests!» [4,р. 182]. 
Берілген  сөйлемді  талдасақ:  «қатын»  сөзі  транслитерация  арқылы 
берілген.  Алайда,  сөздікте  «жена,  wife»  баламалары  бар.  «Қазан  көтеру» 
тіркесі «готовить пищу» болып аударылу керек еді.  
Қорытындылай  келе,  жоғарыдағы  сөйлемнен  аударма  тілдегі  сөз 
семантикалық, 
стилистикалық, 
прагматикалық 
нормаға 
сай 
және 
сигнификатты  ақпаратың  көлемі  мен  лингвокультуремаға  сәйкес  аударылу 
қажет екендігін көреміз.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Сарыбаева  М.Ш.  Система  обозначения  родства  в  английском, 
русском и казахском языках: дисс. к.филол.н.: – Алма-Ата, 1991. –  214 с. 
2.
 
Әуезов  М.  «Абай  жолы»:  роман-эпопея.  –  Алматы:  «Жазушы», 
1989. Біріншікітап,  – 608 бет. 
3.
 
Ауэзов  М.  Путь  Абая:  роман-эпопея  /  Авторизованный  перевод 
А.Никольской, Т.Нуртазиной, Л.Соболева. – Алма-Ата: «Жазушы», 1977. – Т. 
1. – 600 с. 
4.
 
Auezov  M.  Abai.  A  novel,  book  one.Foreign  Languages  Publishing 
House.-  Moscow,  Library  of  Selected  Soviet  Literature(Translated  from  the 
Russian by L.Navrozov). – 449 p. 
5.
 
Ауэзов М. Путь Абая / пер.А.Кима. – Алматы: ИД «Жибекжолы». 
6.
 
Ожегов  С.И.,  Шведова  Н.Ю.  Толковый  словарь  русского  языка, 
4-е изд. 
7.
 
Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі  қазақ  /  Ред.  Ыскаков  А.Ы.    – 
Алматы, 1959.  – 398б. 
 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  об  особенностях  перевода 
терминов  родства  на  примере  казахского  и    английского  языков.  Также 
рассматривается  теоретические  и  практические  аспекты  терминов  родства  в 
казахском языке.  
Summary  
This  article  discusses  about  the  features  of  the  translation  of  kinship  terms 
for  example,  Kazakh  and  English  languages.  Also  considered  the  theoretical  and 
practical aspects of kinship terms in the Kazakh language. 
 
 
 
 
 

 
49 
ӘОЖ 7.03(= 512.122) 
 
ЖАСТАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ 
ДӘСТҮРЛІ ЖОЛДАРЫ 
 
Акимбаева Ғалия Төлеутайқызы 
 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Саясаттану 
және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының Мәдениеттану 
мамандығының 2 курс магистранты 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) 
akimbaeva@mail.ru
 
 
Аңдатпа.  Қазақ  этномәдениетінде  әр    әлеуметтік  топтың  қоғамдағы  
рөлі  арнайы  қарастырылған.  Жастар  қарым-қатынасын  қалыптастыру  мен 
дамыту қандайда  дәстүрлі мәдени әрекеттері арқылы атқарылады. Халықтың 
рухани байлығы - ұлттық мәдениетті қалпына келтіру оны тәуелсіз Қазақстан 
Республикасының  азаматтарының  игілігіне  асыру,  адам  өміріндегі 
мәдениетің  маңызын  көтеріп,  соған  сәйкес  қоғам  мәдениетінің  өркендеуіне 
жағдай  жасап,  өркениеттілікке  кірігу  процесінде  әрбір  тұлғаның  жалпы 
адамзаттық- мәдени құндылықтарды меңгеруіне жол ашу. 
Кілт  сөздер:  мәдениет,  салт-дәстүр,  ойын-сауық,    қарым-қатынас, 
қарым-катынас мәдениеті, т.б. 
Аннотация.    Рассмотрен  специальные  роли  в  обществе  социальной 
группы  на  казахском  этнокультурном  облике.  Формирование  связи  и 
развивание молодежи исполняется через традиционные культурные попытки. 
Народное духовное богатство – это восстанавливать национальную культуру, 
превосходить  за  благополучие  гражданство  независимый  Республики 
Казахстана,  развивать  культуру  в  человеческой  жизни,  и  поднять  важность 
общественную  культуру,  дать  возможности  усваивать  общую  человеческо-
курльтурную ценность 
Ключевые  слова:  культура,  традиции,обычаи,  представление, 
взаимосвязь, культурная взаимосвязь и.т.д. 
Annotation.  Considered    a    special    role    social    groups  in    the  Kazakh  
ethnic-cultural  appearance.    The  formation    of    communication    and    fluttering 
youth executed through  traditional cultural attempt.  National  spiritual  wealth  is  
to  restore  national  culture,  to  exceed  the  welfare  of    the    citizenship  of  the  
independent Republic  of  Kazakhstan, to develop  a  culture  in  human life, and  
to raise the importance  of  public  culture, to give a possibility to absorb  the total  
human-cultural  value. 
Keywords: culture, tradition,  customs,  representation, relationship, cultural 
bonds. 
 
       Өз  егемендігіміз  өзімізге  тиіп,  іргелі  ел,  тәуелсіз  мемлекетке  айналған 
кезде  қазақ  халқы  мәдениетінің  шынайы  рухани  қазыналарын  ашып 

 
50 
көрсетуге 
негіз 
қаланды. 
Білім, 
ғылым, 
мәдениет 
саласындағы 
«ақтандықтардың»  бетін  ашып,  көне  мәденитімізге  тереңірек  үңілу,  өткен 
уақыттың  рухани  мұрасын  саралау,  талдау,  оны  бүгінгі  ұрпақтың  рухани 
жемісіне, қажеттілігіне айналдыру мәселесі қазіргі уақыттың талабы. 
Біздің  халқымыз  –  әсемшіл  халық,  рухани    мәдениет  жасауды  басты 
міндеттерінің  бірі  деп  санайтын  халық.  Сол  үшін  жаңа  өмірдің  жарқын 
сипатын,  сұлу  сымбатын,  жаңа  қоғамның  моралдық  қасиетін  уағыздауымыз 
керек.    Әлеуметтік,  шаруашылық  тіршілігіне  сай  қазақ  руларының  әр  кезде 
өзіндік  мәдениеті болған. Қазақ сахарасында күй де, жыр да,  ән де елімен 
етене болып кеткен.[1] 
Осы  орайда,    Қазақстан  үкiметi  қабылдаған  “Бiлiм  туралы”  заңның  Бiлiм 
жүйесi  деп  аталатын  екiншi  бөлiмiнде  Бiлiм  жүйесiнiң  басты  мiндеттерi: 
«Қазақстан  Республикасына  шын  берiлген,  адал  патриот  азамат  даярлау… 
Олар  мемлекеттiк  белгiлердiң  мәнi  мен  маңызын  терең  түсiнген,  халықтық 
дәстүрлердi  қастерлейтiн…  Халықтар  достығының  негiзiнде  тәрбиеленген,  
Отан,  отбасы  алдындағы  жеке  бастың  мiндеттерi  мен  құқықтарын  терең 
сезiнген… Қазақстанда тiршiлiк етушi халықтардың негiзiн қалаушы – Қазақ 
халқы мен басқа халықтардың тiлiн, тарихын, салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпын 
қадiр  тұтып,  оны  игеруге  кепiлдi  азамат  болуы  керек  -  дей  келе,  Еліміздің 
бүгінгі  таңдағы    экономикалық  және  әлеуметтік  дамуы  жағдайында,  ел 
өмірінде  рухани  байланыстың  рөлі  арта  бастаған  тұста,  жеке  тұлғаның 
қалыптасуы  мен  дамуын,    оның  ұлттық  мәдениетін  қалыптастырусыз 
елестету  мүмкін  емес.  Біздің  халық  мәдениетінде  жаңа  құндылықтардың 
пайда  болуы  жастардың  ұлттық  дәстүрлерге  қастерлі  көзқарасын 
қалыптастыруды  қажет  етеді.  Халық  шығармашылығы  өскелең  ұрпақты 
рухани  дамытудың,  жастардың  дүниетанымы  мен  көркем-эстетикалық 
мәдениетін қалыптастырудың аса маңызды құралы болып табылады» [2] 
      «Қазақ халқының музыкалық қазынасы үшінші мыңжылдықтың алғашқы 
кезеңіне дейін өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, ұлы дала 
өркениетінің  рухани  эстетикалық  талғамдарына    сәйкес  ұлттық 
менталитетіміздің    сарқылмас  бұлағына  айналуда.  Көне  музыкалық-
поэтикалық  үлгілер-бабалардың  ұмытылмас  даналығы,  ғасырлардың  өшпес 
үні. Теңдесі жоқ рухани байлығымыз ауызекі түрде қалыптастып,  әр заманда 
сұрыпталып,    тек  өзіне  тән  сұлу  да  сүйкімді  әуенімен,  қайталанбас  ұлттық 
ерекшеліктерімен,  сан-түрлі  колорит-бояуларымен  ХХІ  ғасырда  да  өз 
жалғасын  табуда»,  -  делінген  «Мәдени  мұра»  бағдарламасына  сәйкес  
құрастырылған. [3] 
         Педагогикалык  энциклопедиялық  сөздiкте:  “Халық  педагогикасы 
дегенiмiз  -  ұлттар  мен  ұлыстардың  әлденеше  ғасырға  созылған  ұрпақ 
тәрбиесiндегi  ұлттық  әдет-ғұрыптары  мен  дәстүрлерiнiң,  мәдени  ойлау 
процесiнiң  эмпирикалық  негiздегi  озық  үлгiлерiнiң  жиынтығы.  Халық 
педагогикасының  негiзгi  түйiнi  —  еңбек  тәрбиесi  және  өндiрiстiк  бiлiм, 
дағды,  шеберлiктердi  жас  ұрпақтың  бойына  дарытып,  адамгершiлiк, 
имандылық рухында тәрбие беру”,— деген анықтама берiлген. [4] 

 
51 
Ал  академик  А.К.Конның  басшылығымен  1983  ж.  “Педагогика” 
баспасынан  шыққан  этикалық  сөздiкте  “әдет-ғұрып  дегенiмiз  белгiлi  бiр 
қоғамда немесе коллективте белгiлi бiр тарихи жағдайға байланысты адамдар 
арасында  қалыптасқан  коғамдық  тәртiптiң  түрi.  Ол  әлеуметтiк  өмiрдiң  әр 
түрлiлiгiне  және  күрделiлiгiне  қарамастан,  белгiлi  ұқсастық  жағдайда 
адамдардың  бiркелкi  әрекет  етуiн  қалайды.  Яғни  бiр  қоғам  iшiндегi 
адамдардың  еңбек  ету  тәсiлдерi  мен  әдiстерiнiң  жалпыға  ортақ  болуын, 
отардың  саяси-қоғамдық  iс-әрекетiнiң  және  күнделiктi  тұрмыстағы  қарым-
катынасында  немесе  көзқарасында  бiрыңғайлылық  әрекеттiң  болуын  талап 
етедi.  Осының  бәрi  әдет-ғұрыптың,  салттың  жиынтық  көрiнiсi  болып 
табылады,”- деп тұжырымдаса, қазақстандық зертеушілер  “дәстүр дегенiмiз 
-  әдет-ғұрыптың  өмiрдегi  өсiп  жетiлген  әр  түрлi  формасы.  Ол  адамдардың 
белгiлi  бiр  бағыттағы  тұрақты  iс-әрекетi  мен  мiнез-құлқының  ұрпақтан-
ұрпаққа белгiлi формада ауысып берiлетiн түрi”,- деген анықтама берген.[5] 
       Әр  халықтың    ұлттық  мәдениеті  ертеден  келе  жатқан  өзіне  тән  өнері, 
әдет-ғұрпы,  тұрмыстық  салт-дәстүрлері  негізінде  жетілетіні  белгілі.  Олай 
болса,  ғасырлар  сынынан  еленіп,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан 
халықтың  дәсүрлі  көркем  мәдениетінің    түрлерін  жинақтап  зерделеудің, 
оның    тәлім-тәрбиелік  мол  тәжірибесі  негізінде  жастарды  тәрбиелеудің 
қажеттілігі мол және оны жүзеге асыруда өзінің жемісін берері сөзсіз.  
     Халықтың  көркем  шығармашылығында  және  музыкалық  мұраларында 
үлкен  тарихи  ақиқат  шындық.  Сондықтан  да,  осы  бай  тарихын,  мәдени 
құбылыстарының  сан  қилы  өзіндік  ерекшеліктерін  білмей,  бүгінгі  ұлттың 
тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Бүгінгі білім жүйесіндегі өнердің 
басты  мақсаты:  -  Ол  адам  баласының  барлық  іс-әрекетіндегі  сергек 
сезімталдықты,  әдемілік  пен  әсемдікті,  мәдениетті  тәрбиелеу,  қалыптастыру 
болып табылады. 
         Мәдениет  пен  өнердің  даму  процесінің  заңдылықтарын    зерттеумен 
байланысты  мәселелер  кешенінде  халықтың  қоғамдық  санасының  көркем-
бейнелі  көрінісі  ретінде,  халықтық-музыкалық  шығармашылығын  зерттеу 
айтарлықтай орын алады. 
          Жалпы  болашақ  тәрбие  саласының    мамандарда  қарым-қатынас 
мәдениеттілікті  қалыптастыру  мәселесі,    "қарым-қатынас".  "қарым-катынас 
мәдениеті",  ұғымдарының  бірлігі  мен  ерекшеліктерін  қарастырумен  тығыз 
байланысты.  Жеке  тұлғаның  мәдениетін  қалыптастыру  және  оны  дамыту 
үшін оның ғылыми әдебиеттерде айтылып жүргендей қайнар көздерін, түпкі 
нәтижелерін  анықтау  қажет  екені  байқалды.  Философиялық  ұғымда 
"мәдениет  -  сана  мен  болмыста  адамзаттың  әлеуметтік  мазмұнына  қарай 
адамның әлеуметтік индивид ретінде дамуы; оның таным, қарым-қатынас, іс-
әрекет  субъектісі  ретінде  өмір  сүру  әдісі;  жекелік,  шығармашылық, 
әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық жетілуі" - деп белгіленеді. 
       Мәдениет  компоненті  ретінде  -  білім  өз  кезегінде  мәдениеттің 
тасымалдаушысы, оның өмір сүруінің, сақталуының, кеңеюінің басты шарты. 
Этикалық  түсінікте  мәдениет  рухани  өмірдің  барлық  формаларын  біріктіру 
деген мағынаны білдіреді. 

 
52 
         Мәдениеттің  қалыптасуына  философ,  ғалым  зерттеуші  В.С.Библер 
ерекше мән береді. Оның пікірінше, мәдениет - адамдардың қарым-қатынасы 
мен  бір  кезеңдегі  болмысы,  санасының,  ойлауының  формасы,  қайта 
жаратылу жолдары.  
Мәдениет  иесі  деп  танылатын  тұлғаның  өзегі  оның  руханилығы  болып 
есептеледі.  Рухани  даму  негізінде  адамдарға  қызмет  ету,  жақсылық  жасау, 
өзін-өзі  тұрақты  жетілдіріп  отыру  арқылы  объектіден  субъектіге  айналуға 
деген  қажеттілік  жатыр.  Сондықтан  жоғары  мәдениетті  мұғалімнің  ерекше 
сапасы  -  оның  өзін-өзі  дамыту  қабілеттілігінде  жатыр.  Оған  қолы  жеткізген 
педагог,  өз студенттерінің  шығармашылықпен өзін-өзі дамыту стратегиясын 
болжай, түзете алады. 
         «Мәдениетті 
адам»  ұғымы  педагогикалық  тұрғыдан  алғанда, 
адамдардың  абыройын  жоғары  ұстау,  өзін-өзі  сыйлау,  өз  күшіне,  өзі  сену, 
жалтақтамау,  сондай-ақ  басқалардың  пікірін  сыйлау  секілді  бір-бірімен 
байланысты қасиеттерді тәрбиелеу деп түсінуге болады. 
     Қоғамдық  құбылыс  ретінде  мәдениет  ұрпақтан  ұрпаққа  мирас  болып 
қалатын құндылық. Сол себепті мәдениетті игеру - өзара бағыттаушы үрдіс. 
Мәдениет дайын ақпаратты жай қабылдау барысында емес, тұлғамен қарым-
қатынас орнату немесе сөйлеу кезінде беріледі. 
        Мәдениет  -  қашанда  ынтымақтастықтағы  шығармашылық,  мәдениетті 
жеткізу құралы - қайталанбас тұлға және тұлғалық қарым-қатынас субъекті. 
Мәдениет  және  іс-әрекет  тарихи  қалыптасқан  қатынас  категориясы. 
Мәдениет  «іс-әрекеттің  әмбебап  сипаттамасы»,  бағыттылықпен  приоритетті 
түрлерді  айқындап,  бейне  тудыру  мен  тірегі,  ал  адам  ондағы  субъект. 
Ғалымдардың  пікірінше  мәдениет  адамның  өзгеруі  мен  шығармашыл  тұлға 
ретінде қалыптасуы (Е.М.Бабасов және т.б.). 
           Басқаша  айтқанда  мәдениет  тұжырымдамасы  көркемдеу  эмоциялау 
тәсілдері  мен  жолдарын  анықтап,  саналы  да  бағытты  әрекеттер 
заңдылықтарын  айқындап,  оқыту  мен  тәрбие  беру  үрдісін  танытады  да 
тұлғалық іс-әрекетті дамыта отырып, өнердегі шығармашылықтың бастамасы 
болмақ [6]. 
       Қазақ  этномәдениетінде  әр  әлеуметтік  топтың  қоғамдағы  ролі    арнайы 
қарастырылып,  олардың  өмірдегі  өз  орнын  табуға,  жеке  тұлға  болып 
қалыптасуға,  әлеуметтанулық  әрекеттреге  дүниеге  келген  кезден  бастап 
қайтыс болғанға дейін араластыру арқылы мән берген. 
Қазақ  -  ойын-сауықшыл  халық.  Ойын  -  сауық  халықтың  өмiр  сүру 
салтынан,  өмiр  сүру  үшiн  күресiнен  туындаған  қажеттiлiктiң  бiрi.  Ойын-
сауық  еңбектiң  мазмұны  мен  құралына  орай  түрленген,  жетiлген.  Бүгiнде 
қазақтың  100  ден  аса  ойын  түрлерi  белгілі  болып  отыр.  Қазақ  “баланы 
жастан”  дегенде,  ойын-сауық  арқылы  жасөспiрiммен  тәрбиелiк  жұмысты 
ертерек  және  жас  ерекшелiктерiне  қарай  жүргiзудi  пайымдайды.  Ойынсыз 
ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Ойын-сауық 
қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен. 
Ойындарда өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-
сауық  -  жеке  адамның  даму  қажеттiлiгiн  арттырады,  қарсыласпен  татуласу 

 
53 
немесе  оны  жеңу  жолдарын  iздестiредi.  Шаруашылықтағы  қимыл-әрекеттi 
осы  биiк  мақсатқа  көтердi.  Ойын  -  адам  ойлану  және  дене  қабiлетiнiң 
бәсекесi, қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты - жеңiске жету, ойындағы 
адамның қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу. 
      Әлеуметтік  қарым-қатынас    үрдісінің  бірі,  жастарға  деген  қамқорлық. 
Оларға  тек  қоғамдық  мінез  -  құлық  нормаларын  үйрету  ғана  емес,  еңбекке 
баулу  –  тиянақты  кәсіп  игеру:  атбелгілік,  құсбелгілік,  мал  бағу,  қолөнер 
шеберлігі,  ісмерлік,  өнер,  билік  жасау,  отбасының  иесі  болу  т.б.  өмірлік 
қажеттіліктерге  бейімделіп,  дағды  қалыптастырған  сонымен  қатар  аталған 
жағдайдан негізгілерінің бірі жастар әуелі өз ортасында, реті келгенде көрші 
ауыл  мен  бөтен  адамдар  арасында  да  тапқырлығын,  ептілігін,  күші  мен 
қайратын, өнерлілігін ойын-сауқтар мен жастар жиынында көрсете білу. Сол 
себебтен, жастар қарым-қатынасын дамытудың үш кезеңі қалыптасса керек. 
Біріншіден,  бойжеткен  мен  бозбалалық  шақта  жастар  ойын  -  сауығының  
көрермені  рентінде  ой  түйіп,  ұтысты  жолдарды  жадында  сақтап  үйрену 
кезеңінен өтеді. Екіншіден, өз отбасындағы және ауыл-аймақтағы қонақ күту, 
жастар  ойын-сауықтарына  араласу  барысында  бар  мүмкіндіктерін  сынап, 
тәжірибе жинақтау, бейім байқату сатысынан өтеді. Үшіншіден, өздігінен топ 
бастап,  күш-қайратын  түрлі  сайыстарда,  шешендігін  айтыстар  мен  жастар 
жиынында,  азаматтығын  қатарластары  арасындағы  беделділігін  танытатын, 
қарым-қатынас  мәдениеттілігін  мойындата  алады.  Жастардың    бос  уақытта 
айналысатын  мәдени  әрекеттерінің  көбі  ойын-сауықтық  формада  болса, 
олардың ұйымдастырылу тәсілі жарыс-сайысқа негізделеді.  
       Мәдениеттану  саласында  ойын  теориясын  терең  зерттеген  Голланд 
мәдениеттанушысы  Йохан  Хейзинга.    Оның  ойын  теориясы    мәдениеттің 
ойындық бастауларының  генезисі мен мәнін терең және толық талдануының 
арқасында  қазіргі  ғылымдағы  назар  аударарлық  ойын  теориясының 
негіздерінің  бірі  болып  отыр.  Й.Хейзинга  ойынның  мәдениет  үшін 
маңыздылығын өзінше дәлелдеп қана қоймайды, сонымен қатар мәдениеттің 
өзі  ойынның  бір  түрі  деп  тұжырымдайды.  «Мен  үшін  басты  мәселе 
мәдениттің  басқа  да  құбылыстарының  ішінде  ойынның  алатын  орнын 
анықтау емес, мәселе мәдениеттің ойындық сипатын анықтау еді. Мен үшін 
маңыздысы  мәденит  пен  ойынның  өзара  байланысын,  ойын-  мәдениет- 
қайсысының басымдырақ екенін анықтау», - деген ұстанымын белгілейді. 
     Ұлт ойындары әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып 
дамығанына, сан-салалы мәдени қалыптасуына ықпал еткені қазақ халқының 
ұлттық  ойындарымен  таныса  отырып  көзіміз  анық  жетті.  Олай  дейтініміз 
қазақ халқының тарихи  көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының 
қай-қайсысын  алып  қарасақ  та,  олардың  өз  бойынан  халықтың  ұлттық 
ойындарының,  сайыстардың,  әдет-ғұрып  салттарының  алуан  түрлерін  
кездестіреміз. 
     Қазақтың әрбір ойыны болса да айтыс, өлең  жырмен өріліп, көрермендер 
мен  тыңдаушыларға  өнерлі  өнеге  беріп  қатты  әсер  етеді.  Ойын  –  шешендік 
өнерді  қалыптастырып,  дамытатын  құбылыс.  Ұлт  ойындары,  тіл  меңгерудің 
негізгі  құралдарының  бірі  болып  табылады.  Ойындарды  өткізу  үстінде 

 
54 
қатысушылар тілдің ішкі иірімдерін халықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану 
әдістерін,  сөйлеу  дәстүрлерін,    тілдік  психологиялық  ерекшеліктерін  жете 
түсініп еркін білуге мүмкіншілік алады.  
       Ойын-сауықтың  басты  мақсаты-  көппен  араласу  психологиясын 
қалыптастыруға  негіз  қалайтындығын  халқымыз  жақсы  түсінген.Ұлттық 
ойындарымыздың  үш  түріне  тоқталып  өтсек.  Сейілдік,  өнерлік,  еркіндік 
ойын-сауық түрлері. 
     Сейілдік  дегеніміз-  көш  кезінде,  Наурызда,  жазғы  мезгілде  жастардың 
қырға  шығып  бой  жазып,  сейілдеп  жүргенде  ойналатын  ойындар.  Мысалы 
Ә.Диваев  жазып  қалдырған  «Қыз  ойнақ»,    «Жігіт  қуу»,  «Қыз  қуу»  т.б. 
ойындарды жатқызуға болады. 
     Ал  өнерлік  дегеніміз  –  өнер  жарысын  мақсат  тұтатын    ойын-сауық  түрі. 
Мұның  фольклорлық  дәстүрі  басым  келеді.  Фольклор  араласып,  соның 
үлгісінде  өтетін  ойын-сауықтың бірі-  айтыс  осыған  жатады.  Олар  орындалу 
ерешеліктері,  пішіні  бойынша  әдет-ғұрып,  салтпен  байланысты  айтыстарға 
(бәдік, жар-жар, қайым айтыс) жақын. Дегенмен, айтыс ойындарының өзіндік 
белгілері де жоқ емес. Бұларда табан астында  жанынан өлең шығарып айту 
жоқтың  қасы,  негізінен  мәтіні  жаттамалы,  тұрақты  болып  келеді.  Сыртқы 
ұқсастығы  болмаса,  айтыс    ойындары  суырып-салмалық  ақындық  өнерден 
гөрі, жаттап алған драмалық фольклорға өте жақын. 
      Нағыз  өнерлік  ойын-сауықтың  келесі  бір  түрі  –  «Алтыбақан».  Мұны 
негізінен  ән  өнерінің  жарысы  деуге  болатын  ең  бір  асыл  ойынның  бірі. 
Алтыбақанға тербетіліп тұрып, ал көне кезде музыкалық аспапқа сүйеніп ән 
айту  оңай  емес.  Ол  шеберлікті  талап  ететін,  биік  өнер  жарысы.  Сонымен 
бірге  Алтыбақан  басына  тек  белгілі  таныстар  ортасы  ған  емес,  бейтаныс 
адамдар    келіп,  ән  жарысқа  қатынасып,  алтыбақанға  қатынасып,  өнері 
арқылы бойжеткен көзіне түсуді мақсат еткен жігіттер де қатынаса алған. Ал 
олар  өз  ортасының  өнерін  тарту  етіп,  әндердің  ұнағандарды  сол  жерде 
қайталанып  айтылу  арқылы  жатталып,  тыңдаушылар  арасында  тараған. 
Сонымен  «Алтыбақан»  ойыны  өнер  шыңдауынан  өтуге  ықпал  ете  алатын 
шығармашылық  сахнасы,  ән  тарату  мектебі,  жастардың  өнер  арқылы 
табысып,  рухани  құндылығы  арқылы  сыңга  түсу  және  қарым-қатынас 
мәдениетін қалыптастыратын орта екен. 
       Ал  үшінші  түрі  -  шартты  түрде  еркіндік  деп  аталатын  ойын-сауықтар. 
Бұл  ел  көзінен  тасада  бозбалалар  мен  бойжеткендердің  еркін  сырласуына, 
сезім  күйлерін  шертісуіне  ыңғайлы  ойындар  болып  табылады.    Бұларға 
«Ақсүйек», «Серек құлақ»,  «Хан жақсы ма?»  т.б. ойын түрлері жатады.   
Жоғарыда көрсетілгендей сейілдік, еркіндік, өнерлік ойындар үлгісі болса 
келесі  тоқталатынымыз  бұрын  соңды  қазақ  әдебиетінде  кең  орын  алмаған  
түрі - әскери ойындар туралы болмақ. Ойындар қатарынан олардың даралану 
себебі  мазмұны  мен  құрылымына  еркіндік  пен  өнерлік  ойындар  сипатын 
жинақтау.    Қазақ  әскери  шеберлікті  ойын  деп  айтқаны  туралы  пікірді    көне 
жырлардан  табамыз.  «Ер  Тарғында»:    ойын  соғыс,  ұрыс  мағынасында 
айтылғанын 
«Толып жатқан қалмаққа, 

 
55 
Тарғын салды ойынды», - деген жолдардан табамыз.  
Мәдени  мұра  бағдарламасы  бойынша  жарық  көріп  отырған  әдебиеттен 
анықтағанымыз  қазақ  батырлары  өз  жасақтарымен    әскери  шыңдау 
шараларын  өткізгені  туралы  мәлімет  табылды.  А.  Янушкевич    еңбегінде 
келтірілген  мәліметке қарасақ,  ондай іс-шара үлкен жиындарда көрсетілген 
көрінеді.  Толыққанды  мәдени  іс-шара    ретінде  оның  ұйымдастырушылық 
жұмысы,  өткізілу  тәртібі,  ресми  бөлімі,  арнайы  рәсімдік  амалдары,  
шарықтау шегі, қорытындылау сәті болған екен.  Оның мақсат-міндеті саяси-
әлеуметтік  іс-шараға  тән  қазақ  халқының  тұрақты  әскері  болмаса  да,  ерлік 
пен  ептілік,  әскери  айла  білдіре  алатын  қауқары  барын  көрсету  екені  де 
айқын. 
      Басқа ойындармен салыстырғанда араларында негізгі ерекшелік – арнайы 
дайындықты  қажет  етпейтін,  жалпы  ережені  білу  негізінде  еркіндік  пен 
шеберлік  байқата  білу  қабілеттілігіне  сүйенуінде.  Бұдан  шығатын 
қорытынды - қазақ ойыны таным мен талғамды, тапқырлық пен шеберлікті, 
жағдаятқа  қарай  тиімді  әрекет  жасай  білетін  шығармашылық  қабілеттілікті 
қажеттілік екені белгілі болып отыр. Ойынды тамашалаушы да, қатынасушы 
да  осы  мәдени  қажеттілікті  игеруі  арқылы  тынықу  әрекетін    мәдени-рухани 
баю  амалына  айналдырып  отырған.  Оны  игере    алмау  -  қабілетсіздікті 
таныту, мәдени айналым ортасынан тыс қалу. 
Қорыта келгенде,  ойын - ұрпақтар өмiрiн үйлестiрудiң дәстүрлi ән-бимен 
өрнектелген  сауық  түрi.  Оған  қатысушылар  тамаша  құратын  орынды, 
уақытты,  ортаны  өз  ерiктерiмен  iрiктейдi,  оны  өткiзудiң  рәсiм-салтын 
икемдейдi. Осыдан орын мен ортаға деген әуесқойлық күшеедi. Ойыншылар 
тағдырластарымен, өзiмен жақындастарымен кездесiп, өзара сырласуға және 
жарысуға  мүмкiндiк  алады.  Бұдан  ашық  мiнездiң,  жарқын  жүздiлiктiң  лебi 
естiп,  ән-күйдiң  тоғысы
 
жаңарып  жатады.  Ойыншылар  —  көптiң  көңiлiн 
аулайтын  өнерлiлер,  өзiнiң  мәртебесiн  көтермелейтiн  өнегелiлер.  Ойын    үй 
мен даланың төрiнде өттi, ойыншылар - елдiң  көз алдында, көңiлiнен құрмет 
тапты. 
       Қазақтың ойын-сауығы достық пен қонақжайлықтың белгiсi және көптiң 
басын бiрiктiрудiң кепiлдiгi, сүйкiмдi әншi мен әңгiмешiлерге мұқтаждықтың 
айғағы.  Ойын-сауықта  жалғыздық  сезiм,  арам  ниет  адамды  билей  алмады, 
ойыншы  үнемi  iзденiсте  болады.  Ондағы  құдiрет  -өнерпаздық,  өзара 
түсiнiстiк және келiсiмге жол табу. 
Ойын  -  адамның  қабiлет-қасиетiн  ширататын,  шымырлататын  жүйелi  iс-
әрекеттiң көрiнiсi. 
Ойын-сауықта  кiсiлiк  қасиет  шыңдалады,  адам  қабiлетiнiң  құндылығы 
артады. Ұлттық ойын-сауықтар - ұрпақ пен елдiктiң елшiлiгi, халықтың әдет-
ғұрпының  көрiгi,  әр  перзенттiң  жүрегiндегi  оттығы.  Мұндай  өтiмдi 
құндылықтар ойын-сауықтың ортақ сақтық қорын, жарқын дүниенi демейтiн 
әдеттiң қайнар көзiн құрайды. 
    Ойын-сауық  адамның  талдау,  таңдау  қабiлетiн  шыңдайды,  ортамен  тiл 
табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұнды етуге, жеңiске 

 
56 
жетудiң  ең  тиiмдi  түрлерiн  қарастыруға,  адамның  бойындағы  қасиеттi 
әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi. [7] 
       Демек,  бүгінгі таңда  Қазақстан  Республикасының  алдында  тұрған  басты 
мақсат  -  халықтың  рухани  байлығы  -  ұлттық  мәдениетті  қалпына  келтіру, 
оны  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  азаматтарының  игілігіне  асыру, 
адам  өміріндегі  мәдениетің  маңызын  көтеріп,  соған  сәйкес  қоғам 
мәдениетінің  өркендеуіне  жағдай  жасап,  өркениеттілікке  кірігу  процесінде 
әрбір  тұлғаның  жалпы  адамзаттық-  мәдени  құндылықтарды  меңгеруіне  жол 
ашу. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет