ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ТОПОНИМИЯЛЫҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ
ҦЛТТЫҚ НЕГІЗ (Катонқарағай ауданында болған ономастикалық
экспедиция материалдары негізінде)
Ш.Б. Сейітова
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті, гуманитарлық факультетінің
деканы, филология ғылымдарының докторы, Аймауытов кӛшесі, 84 ҥй, 19- пәтер, Семей,
Қазақстан
Тел.: +7(705) 144-81-82 E-mailадресі:seitovashinar@mail.ru
Тҥйіндеме
Қазақ тілінің бай ономастикалық қорының топожҥйесінде қазақ этносына қатысты орасан
мол этнотанымдық ақпарат жинақталған. Ҿңірлік топонимдер этнотанымдық, лингвотарихи,
этномҽдени тҧрғыдан сол аймаққа қатысты ғана емес, сонымен қатар жалпы қазақ
топожҥйесіне қатысты да мол материал кҿзі. Бҧл топтағы атаулар аталған ҿңірдегі жергілікті
тҧрғындардың ҿмір тіршілігінен, тарихи-ҽлеуметтік, тарихи-лингвистикалық тҧрғыда мол
деректер береді.
Кілтсҿздер: ономастика; топоним; кҿші-қон атаулары; ҧлттық бірегейлік; хабарламашы;
географиялық нысан.
1. Кіріспе
Қазақ тіліндегі топонимдік аталымдар біраз ғалымдардың зерттеу тақырыбының аясында
қарастырылған. Кез келген жанды, жансыз заттарды, қҧбылыстарды даралап бейнелейтін тіл
білімінің саласы ономастика ҽр кезеңдегі жалқы есімдер қҧрамы қҧрылымының бет-бейнесін
айқындайды. Қазақ ономастикасының қҧрамдас бҿлігі қазақ тіліндегі жер-су атаулары да
қазақ халқының ғасырлар бойы жҥріп ҿткен жолының небір қҧндылықтарын бойына
сіңірген тілдік жҽдігері. Себебі кҥнделікті ҿмірде мыңдаған топонимдер тілдік қолданыс
барысында қарым-қатынасқа тҥсіп, ҽрбір адамның ҿмірінде белгілі дҽрежеде қызмет
атқарады.
Қазақ тіліндегі топонимдік аталымдар кҿптеген ғалымдар еңбегінің зерттеу нысаны ретінде
де алынып, болмаса зерттеу тақырыбының аясында бірнеше аспектіде қарастырылып
келеді. Қазақтың географиялық атауларын қарастарған Г.К. Қонқашпаевтың, Т.
Жанҧзақовтың орындауында жарық кҿрген айтулы еңбектің бірі – 300 топонимнің мҽн-
мағынасын ашып, тҥсініктерін, этимологиялық негіздерін кҿрсеткен кҿлемді «Атажҧрт»
атты еңбегін; Кҿкшетау ҿңірі топонимдерін лингвистикалық тҧрғыдан саралаған О.А.
Сҧлтаньяевтың; Оңтҥстік Қазақстан топонимдерін тарихи-лингвистикалық тҧрғыдан
зерттеген Қ. Рысбергенованың, Шығыс Қазақстанның оңтҥстік ҿңіріндегі тау аттарының
тілдік, экстралингвистикалық, этномҽдени сырларын ашып, талдаған Б. Бияровтың, сондай-
ақ Қазақстан топонимикасын іргелі тҥрде зерттеген, кандидаттық, докторлық
диссертациялар, сҿздіктер монографиялар дайындаған топонимдерді шығуы мен дамуы,
қалыптасуы тарихынан жҽне этимологиялық аспектіде қарастырған Ҽ. Абдрахмановтың
жҽне т.б. ғалымдардың еңбектерін халықтың тарихи жадынан ҿлшеусіз мҽлімет беретін
қайнар кҿз екендігін атап ҿтуге болады. Дегенмен, Шығыс Қазақстан аймағындағы
топонимдерді арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырған Б. Бияровтың еңбегінен басқа
зерттеу жҧмысы жоқтың қасы.
VI Халықаралық конференция
146
2. Шығыс Қазақстан ҿңірі Катонқарағай ауданы топонимдерінің тілдік табиғаты
Халқымыздың, ҿскелең ҧрпақтың елжандылығын, еліне деген ҧлттық мақтанышын
білдіретін тҽрбиелік, рухани, мҽдени маңызы зор факторлардың бірі - ҧлттық ономастика
мҽселесімен шҧғылдану кезек кҥттірмейтін мҽселелердің бірі. Мысалы, Шығыс Қазақстан
облысының «Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогі» кітабындағы 15638 нысанның
5212 і топоним болса, соның 1026 атауының ежелгі эндоним атаулары орыс тілінде
жазғанда бҧрмаланып кеткен. Мысалы, Жаңа Ҽулие Матабай – Матобай Святой Новый,
Жолдыбайдың Сілемдері- Жолдыбаевские Отложки, Қоңыржон- Листвяга, Сатек Жырасайы
- Сатеков Лог т.б. [1, 48б.]. Қазіргі таңда ҧлт мҽдениетін жаңғыртып тануда, тарих
қойнауынан тіл арқылы жеткен мҽдениеттің мҽйегін таразылау, салмақтысын, сапалысын
сол ҧлттың рухани арқауы ету «Мҽңгі ел» идеясымен ҿзектес.
Ҽрбір ауылға, ауданға қарасты елді мекендердің атауларын, ең бастысы о бастағы тарихи
атауларын термелеп шығып, олардың қаншасы сақталған, қаншасы ҿзгертілген жҽне қай
кезде, қандай мақсатпен ҿзгертілгендігі туралы мҽліметтерді жинастырып, ҿткен
ғасырлардың сан қилы оқиғасынан сыр шертетін бағзы атаулардың тізбесін жасай алсақ та
тарихтың талай қазбасы ашылып, інжу маржандары тарих арқауын тарқатуға себепкер де
болар ма еді. Себебі, ҥстіміздегі жылдың мамыр айында Катонқарағай ауданының он ҥш елді
мекеніне ономастикалық (топонимиялық) экспедиция қҧрамымен барғанымызда, кҿптеген
топонимиялық атаулардың негізгі, бастапқы, тым болмаса қазақы атауының тҧрғындар
есінде қалмауы, ҽрі ондай мысалдарды ондап келтіруге болатындығы, кеңес ҿкіметі кезіндегі
идеологияның ел есін басқа арнаға бҧрып, тарихи есін кҿмескілендіруге себепші
болғандығын кҿруге болатын еді. Бірнеше ғасырлар бҧрынғы атаулар, кҿбінесе,
хабарламашылар жадында сақталмаған.
2013 жылдың маусым айында Шҽкҽрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
магистранттары мен студенттері жҥргізген топонимиялық экспедиция барысында жергілікті
жер тҧрғындарынан ауызба ауыз диктофонға тҥсірілген материалды тасқа тҥсіру арқылы
тҥзілген болашақта ҧжымдық тҥрде қарастырылатын сҿздік жобада берілген 1050-ге тарта
сҿздің 110-ы таза орыс тілінде берілген. Мысалы, Язовая, Ульба – Громатуха, Ульяновский,
Уранхай, Усть-Нарым, Усть-Нарын қорымдары, Фыкалка, Хайрузовка, Хрустальный,
Сенокосный, Сенное, Середчиха, Солдатов, Солнечный қарлы тҿбешігі, Солоновка,
Строитель т.б. [2]
Бҧл ресми картадағы, ҽкімшілік-аумақтық бҿлініс желісі бойынша емес, кезінде малды жон,
жайлауға, кҥзеуге, кҿктеуге апарып, малдың отығуына қарай жерін ауыстырып, малын
қоңды қылуға бар білімін сарқа жҧмсаған жергілікті халықтан, қазақтың малшы, аңшы
тҽрізді жер жағдайын жақсы біледі деген хабарламашыларынан жазылып алынған атаулар.
Жер жағдайын, ел ішінің ҽңгімесін сол кісілердей білетін адам болуы мҥмкін емес. Сонымен
қатар ҿңірлік жазушылардың шығармаларының біразы қаралып, жазушылар
шығармаларында берілген жер- су атаулары, «Арай» газетінің 1976-1996 жылдар арасында
шыққан сандарынан газет бетінде жазылған атаулар да қарастырылды. Катонқарағай
ауданына қарасты жер- су атауларының барлығы тізбеге тҥсті деп айта алмаймыз. Атаулар
ҽлі де жинастыра тҥсуді қажет ететіні сҿзсіз. Бҧл еңбекте Катонқарағай ауданының
ҽкімшілік-аумақтық бҿлініс негізіндегі елді мекендер ғана емес, сонымен қатар кҿші-қон,
яғни қазақтың жаз жайлауы, кҥз кҥзеуі, қыс қыстауының атауларын кҿбірек қамтуға
тырыстық. Себебі ондай атаулар халық жадында ғана сақталып, арнайы тізбеге тҥсіру ҥнемі
VI Халықаралық конференция
147
кейінге ысырылып келе жатқан мҽселелердің бірі. Ал ресмилендірілген қҧжаттардағы,
карталардағы ала-қҧлалықтан арылу бірер кҥндік шаруамен шешіле қоймайтыны анық.
Ономастикалық экспедиция кезінде тҥзілген жоба сҿздік тарихи, этимологиялық, тілдік,
этнолингвистикалық тҧрғыдан жан жақты талданып, Катонқарағай мемлекеттік ҧлттық
табиғи парк қызметкерлерінің қолындағы карталарда берілген атаулармен
идентификациялауды қажет етеді. Себебі, ресми орындар тізбесіндегі карталарда жергілікті
атаулар еленбей, ескерілмей, жер жағдайын, ел жағдайын біле бермейтін, тіпті білуге
талаптанбаған, кҿбінесе, патша ҿкіметі кезіндегі ҽскери адамдар қағазға тҥсірген жазбалар
негізінде бір картадан екінші картаға ҽйтеуір кҿшіріле берген атаулардан арылып, тарихи
жады жаңғыртатын уақыт келді. Оны бҥгіннен қолға алмасақ, тарихи, халықтық атауларды
білетін адам ел ішінде қалмай да қалуы мҥмкін.
Отаршылдық одан кейінгі кеңестік бҧрмалаудың екпінімен жергілікті жер тҧрғындарымен
есептеспей ҿзгертілген, дыбыстық ҿзгеріске ҧшырап қате жазылып кеткен жер-су
атауларының тарихи атауларын қайтаруды кешенді, ҧжымдық, жҥйелі тҥрде қолға алып,
тізбеге тҥсірмесе бір ғасыр бҧрынғы атаулардың ҿзінен кҿз жазып қалатындығымыз анық.
Ҽйтсе де себеп-салдардың тҥп-тҿркіні басқада, ономастика мен топонимиканы зерттейтін
ғылым мен оның қорытындыларын тарихи атауларды қайтарудың қҧралы ретінде
пайдалануға лайықты идеологияның жоқтығында. Елбасы Нҧрсылтан Назарбаевтың жер
атауларының сҿздігін жасап, қай атау қандай жағдайда, қандай мағынада қойылғанын, ол
сҿздің тҥпкі мҽні қандай болғанын айқындау жҽне қалпына келтіру жҿніндегі тапсырмасы
кҿздеген мҥддеге жете алмай отыр. Бҧған басты себеп – осы аса маңызды міндетпен тікелей
айналысатын қызметтер дайын емес еді. Қазақстан географиялық атуларды ономастиканың
мҽселелерін зерттейтін қҧрылымдар мен заңнама бойынша да дамыған елдерден нақтылай
тҥссек, кейбір ТМД елдерінен кейін қалып отыр. Мысалы, АҚШ-та жер-су атаулары
мҽселесімен «Георграфиялық атаулар бюросы», Канадада «Географиялық атаулардың
тҧрақты комитеті», Германия мен Украинада «Географиялық атаулардың ҧлттық комитеті»,
Англияда Британия география қоғамының «Географиялық атаулардың тҧрақты комиссиясы»
дербес айналысады. Ресейде ҥш бірдей қҧрылым: «геодезия», «Аэрофототҥсіру»,
«Картография» бас басқармалары шҧғылданады. Бҧлардың бҽріне географиялық атауларды
дҧрыс пайдалануды бақылап, тҥзетіп отыру ҥшін заңдық қҧқықтар берілген.
Ресейдің осы ыңғайдағы тҽжірибесіне қысқаша тоқталсақ, онда 1997 жылы «Географиялық
объктілерді атау туралы» федералды заң қабылданды. Сол заң бойынша атаулар жҿніндегі
мемлекеттік жҽне жеке меншік ҧйымдардың барлық ҧсыныстары ономастикамен
айналысатын қызметтердің: аудан, облыс, қала атқару биліктерімен сайланбалы
органдарының жоғарыда айтылған басқармаларының сараптауынан ҿткізіледі. Тек содан
кейін ғана шешім қабылданады. Бҧл жҥйе орыс жҧртына географиялық атаулар арқылы
ҿзінің тарихын қастерлеп, ҧлттық мҥддесін қорғауға мҥмкіндік беріп отыр. Біздің елде
онамастика мҽселесіне тҧтас арналған заң жоқ. Елімізде бҧл сала «Қазақстан
Республикасының кейбір заңамалық актілеріне ономастика мҽселелері бойынша ҿзгерістер
мен толықтылулар енгізу туралы» Заңымен реттелуде. Қалай десек те, алдағы уақытта
ономастика туралы жеке заңның керек екендігі анықтығын жазушы Алдан Смайыл
кҿрсетілген мақаласында атап айтады. [3] Бҧл мҽселе де ҿз кезегінде шешімін таба жатар ҽрі
ол заң қазақ ҧлтының келісімінен тыс ҿзгертілген барлық тарихи атауларды міндетті тҥрде
қайтаратын қҧдіретке ие болуға тиіс.
VI Халықаралық конференция
148
Топонимикалық атаулардың кейбіреулері белгілі алқапты мекен еткен халықтың ҿмір
дерегінен хабардар ететінін сҿзге тиек етуге болады. Атап айтқанда, жерінің ерекшелігіне
орайлас, қойылған, мысалы: Қызылқайың, Бҧлғындысай, Маралды, Мойылды, Таскҥрке,
Талдыбҧлақ т.б. Антропонимикалық атаулардың кейбіреулері, мысалы: Бҿгенбай асуы,
Дҽулет кҿңі, Мҽметек жайлауы, Шоңмҧрын қыстағы, Ҽбдікҽрім жайлауы т.б. о баста ру
атаулары болған, содан кісі атауларына ауысқан, керісінше де яғни жеке адам есімдерінің ру
атауларына ауысу фактілері де тілде орын алған. Катонқарағай ауданына қарасты кҿші-қон
атауларын жинастыру барысында да кейбір топонимдердің кісі аттарынан ешбір
қосымшасыз жасалғандығын бағамдауға болады. Бҧл тҽсілдер арқылы қазақ тілінде кҿбіне
микротопонимдер пайда болады. Ал, кісі аттарының топонимдерге, топонимдердің кісі
аттарына ауысу ҥдерісі ежелден келе жатқан лингвистикалық жҽне тарихи-этнографиялық
қҧбылыс. Мысалы, Аяған жалағы,Ҽбдікҽрім жайлауы, Ҽби Ҽубҽкір,Ҽкіми ҥңгірі.
Катонқарағай ауданына қарасты топонимдер ішінде басқа ҿңірлерде кездесе бермейтін
«дара», «кҿң» сҿзімен берілген атаулар бар. Дара сҿзін жергілікті тҧрғындар (Кісекин А.,
Нҧқсара А.) «жеке», «дара» мағынасымен сҽйкестендіреді, яғни табиғи қора, табиғи қоршау
ҽрі бҧл сҿз атауды анықтап тҧрған сҿз ретінде мағынасын дҽл бере алған. Мысалы, Масабай
кҿңі, Ысқақ кҿңі, Кҽлім кҿңі, Шоңмҧрын кҿңі,Нияз дарасы, Тайшы дара, Шолақ дара,
Мҧстафа дарасы, Темірбек дарасы, Тҥменбай дарасы жҽне т.б. [2, 5 б.]
Бҧл топтағы атаулар аталған ҿңірдегі жергілікті тҧрғындардың ҿмір тіршілігінен, тарихи-
ҽлеуметтік, тарихи-лингвистикалық тҧрғыда мол деректер береді. Атап айтқанда, кісі аты
арқылы уҽжденген географиялық атаулар белгілі бір тайпа, ру, ҧлттың ежелгі қоныс
мекендері, кҿш жолдары туралы мҽлімет алудың бірден-бір дереккҿзі.
Ономастика оның ішінде топонимика мҽселесіне мемлекеттік тҧрғыда кҿңіл бҿлініп, ҽрбір
ауданға экспедиция жасақталу қажеттігі кезек кҥттірмейтін мҽселенің бірі. Облыстың он
тҿрт ауданына барып, ҽрбір елді мекеннің атауларын жинастырып, ол материалды мҧрағат
материалдарымен салыстыра қарай отырып, негіздеп барып реестр жасалмаса, тарихи
жадыға ҥлкен нҧқсан келері анық. Мысалы, Аршаты ауылды мекеніне кіре берісте оң қол
жақта ҽсем, сҧсты, биік бейнесімен ерекше назар аудартатын бҥгінде «Хрустальная гора»
деп аталатын таудың қазақы атауы халық жадынан шыққан. Тек Ҿрел ауылынан жҥз
жастағы қария ғана ол таудың қазақы атын айта алды. Сол сияқты Березовка (Нарынға
келіп қҧятын басты ҿзен), Бобровка (Шорнауа сельсоветіне қарайтын село), Богда (Ҥкҿктің
оңтҥстік жағын қоршай кҿсілген асқақ Алтайдың шың-қыраттарының бірі),
Большенарым,Быструха («Жаңа жерлерге мекендеген поляктар енді ақырындап Кеңді Алтай
аумағына қоныстана бастады, жаңа ауылдар пайда болды. 1787 жылы Малая Убинка ауылы,
1790 жылы - Быструха, 1799 жылы- Черемшанка ауылдары дҥниеге келді»). [4, 127 б.],
Верхкатунь ( елді мекен, Катонқарағай ауданы. «Жоғарғы Қатын ҿзені») [3, 125 б.],
Владимировка [5], Волков бҧлағы - [5], Ворошилов ( колхоз. («Жаңа жылдың, 1956 жылдың
басында Ворошилов атына бірлескен 4 колхозға ауыстым: Новоберезовка, Ҥштҿбе,
Майемер, Жарқала – Яры аталған бҧрынғы колхозды ауылдар»). [6, 18 б. ], Высокогор
(«Жігіт Қоңыр аттың жаралағанын елге айтпайды. Жігіт аяғы қағына жабысып, кҥп болып
ісіп, аяғының ауруынан кҥні-тҥні зарлайды. Аяғынан шерленіп ақыры ҿліпті. Жер атауы
Высокогор совхозының орталығы Шердіаяқ деп сонан аталса керек»). [6, 190 б.] т.б. елді
мекен атауларының уҽжі кҿпшілікке тҥсініксіз. Кҿрсетілген мысалдар тек «Б», «В»
дыбыстарына қатысты ғана алынды. Жинақталған жеті жҥзден аса жер –су атауларының
ішінде халықтық атаулар жҥйесіне сҽйкес келмейтін атаулардың аталу уҽждерін қарастыру
болашақ зерттеулердің алар межесі.
VI Халықаралық конференция
149
Қазақ халқы ежелден кҿшпелі мал шаруашылығына бейімделіп, мал тҧяғына ере отырып,
жер жағдайын мал ыңғайына қарай таңдай отырып, сол жердің ерекшелігін баса кҿрсететін
ат қоюы, жер су атауларының ерекше маңызды факторға айналғанының кҿрінісі. Ҽр атауда
ҧлттық болмыс, дҥниетаным, салт дҽстҥрдің кумулятивті жинақталуы нҽтижесінде қонысты,
жҧртты, жайлау, кҥзеу, қыстау ерекшелігін дҽлдікпен бере алғандықтан да тарихи атаулар
ҧлттық бірегейлестіру ретінде қҧнды. Мысалы, Ақтҥйе – Таутекелдің арғы жағындағы тау.
Кҿрінісіне байланысты жеке тҥйеге ҧқсап кҿрініп тҧрғандықтан «Ақтҥйе» деп
аталған.[Хабарлаушы: Омаров Манарбек, Аршаты ауылы], сол сияқты Ақшоқы қыстағы –
шоқы тҥсіне байланысты, Алтын қазған жайлауы - алтыны бар ҿзен. Кезінде байлар
ҿзеннен алтын сҥзіп отырған. [7]
Топонимикалық атаулар ҿзінің семантикалық мҽнін белгілі бір жҥйеде ғана айшықтай алады.
А.А.Абдрахманов В.Семенов-Тяньшанскийдің: «Лингвистический анализ одинокого
топонима, вызванного из всей совокупности географических названий того или иного
района, без привлечения сравнительного материала из топонимики других районов – не
надежный метод...»- деп кҿрсетеді. [8, 33б.] Топонимдерді семантикалық тҧрғыдан
қарастырғандар ол тілдің лексикалық ҧқсастықтарына, ҽр аймақтағы географиялық
объектілердің аталу принциптерінің ҧқсастықтарына назар аударып тілдің заңдылығына
сҥйенудің қажеттігіне мегзейді. Сондықтан тіл білімінің заңдылықтарына, тілдік жҥйеге сай
берілген атаулар екіҧдай немесе екіжақты пікір тудырмай, белгілі бір уҽжге қаратыла
жасалғандығы байқалып тҧрады. Мысалы Қаба, Аққаба, Қарақаба, Арасанқаба, Айланба,
Айыркезең, Ақбҧлқақ, Айнабҧлақ, Айыртас, Арыаққан, Беріаққан т.б., яғни географиялық
нысанның ҿзіне тҽн белгілерін, ерекшелігін білдіретін атаулар.
Жалпы Шығыс Қазақстан ҿңірі топонимдері мҥлдем зерттелмеді деп айтуға болмас,
дегенмен жҥйелі тҥрде зерттеу тақырыбына айналған емес. Сондықтан алдағы уақыттарда
ресми орындар бола ма, жоғары оқу орны бола ма арнайы осы мҽселені ғылыми жоба
ретінде ала отырып, экспедициялық жҧмыстар жҥргізіліп, жинақталған материалдарды
ғылыми тҧрғыдан талдай отырып, тарихпен байланыстыра зерттеу арқылы «Шығыс
Қазақстан ҿңірінің жер-су атаулары» тақырыбында этнолингвистикалық сҿздік шығару
ҧжымдық тҥрде орындалар жҧмыстың бірі.Ономастикалық атаулар қалыпты сҿздер тҽрізді
белгілі ҧғым, дербес лексикалық мағына білдірмегенмен, оның берер мағлҧматы мол.
Халықтың ҿткендегі ҿмірі, мекен еткен жері, тҽуелсіздігі ҥшін кҥресі, елін сырт жаулардан
қорғауда ерлікпен қаза тапқан ҧл қыздары жайлы қҧнды дерек береді. Осы мҽнде
ономастикалық атаулардың тілдің лексикасында алатын орны, танытарлық, тҽрбиелік мҽні
зор ҽрі қазақтың қанымен суарылған ата баба жерінің ҽрбір бҧрышының аты қалпына
келтіріліп, сол атаудан туындайтын аңыз ҽңгіме де қоса жиналып, хатталуы тиіс жҽне
атаулар тарихын жаңғырта отырып, жерге деген, елге деген сҥйіспеншілікті бейсанаға сіңіру
біраз еңбек етуді қажет етеді.
Зерттеулерге дҽйек болатын кез келген халықтың ерекшелігі, менталитеті тілінен кҿрініс
тауып, оның барлық деңгейлерінен байқалатыны мҽлім. Осы тҧрғыдан мазмҧны ҧлттық,
тҧлғасы сан алуан топонимдердің кҥрделі табиғатын толық біліп, жете тҥсіну, оның толып
жатқан сан-салалы мҽселесін ҽлі де жан-жақты зерттей тҥсудің мҽні ерекше.
Қорытынды
VI Халықаралық конференция
150
Қорыта келгенде, ономастика, топонимика саласында жҥргізіліп отырған тілдік саясат
мемлекетті нығайту, мемлекеттік сҽйкестікті қалыптастыру сияқты міндеттерді жҥзеге
асырудағы басымдықтардың бірі;
- қазақ тілінің бай ономастикалық қорының топожҥйесінде қазақ этносына қатысты орасан
мол этнотанымдық ақпарат жинақталған;
- аймақтық топонимияны тілдік жҥйе ретінде қалыптастыратын тарихи жҽне этномҽдени
факторлар ҽрі ол этнотанымдық маңызы бар мҽселе;
- ҿңірлік топонимдер этнотанымдық, лингвотарихи, этномҽдени тҧрғыдан сол аймаққа
қатысты ғана емес, сонымен қатар жалпы қазақ топожҥйесіне қатысты да мол материал кҿзі;
- мазмҧны ҧлттық, тҧлғасы сан алуан топонимдердің кҥрделі табиғатын толық біліп, жете
тҥсіну ҥшін, оның толып жатқан сан-салалы мҽселесін ҽлі де жан-жақты зерттей тҥсу қажет.
Ҿңірлік топонимдерді жан-жақты қарастыра келе, мынадай тҧжырымдамаға тоқталған жҿн:
- ҿңірлік топонимдерді бірегейлестіру, сол аймақтың тарихын айшықтауға негіз болады;
- ҿңірлік топонимдерді, соның ішінде кҿші-қон атауларын тізбеге тҥсіру барысында, қазақ
тілінің бай ономастикалық қоры анықталады;
- аймақтық топонимдер, кҿші-қон атаулары жергілікті халықтың санасында қалыптасқан
танымнан ақпарат береді.
Әдебиеттер тізімі
1 Ҽбдірахманов С.Ҽ. Искаженные эндонимные называния географических объектов
Восточного Казахстана. «Ҿңірлердегі ономастика мҽселелері: кҿше атаулары жазылған
тақтайшаларды безендіру». Республикалық дҿңгелек ҥстел материалдарының жинағы. –
Астана, 2012. -84б.
2 Сейітова Ш.Б., Ҽскерханова А.Қ. «Шығыс Қазақстан ономастикалық кеңістігіндегі ҧлттық
негіз. (Катонқарағай ауданында болған ономастикалық экспедиция материалдары
бойынша)».- Семей:Тенгри. 2013ж. – 76 б.
3 Алдан Смайыл. Жер –су атаулары: тарихы мен тағдыры. //Егемен Қазақстан. 2013 жыл 6
желтоқсан.
4 Федорова Р. С. Основы исторического краеведения и музееведения. Часть третья. Выпуск
второй: Краеведение советского и современного Казахстана с некоторыми допалнительными
материалами по истории Восточного Казахстана (от древности включая современность).–
Учебное пособие – Усть-Каменогорск, 2009. – 400 бет.
5 Хабарлаушы: Кісекен Амантай Яваданҧлы 69 жас, Нҧқсара Амажан 70 жас, Шыңғыстай
ауылы
6 Кітапбаев Б. Айта-айта Алтайды, Бошай ата да қартайды (толықтырылып, екінші
басылым). - Ҿскемен: Рекламный Дайджест, 2013. - 500б.
7 Хабарлаушы: Ақтай ата 71 жас, Жаңаҥлгі ауылы
8 Мурзаев Э.М.Основные направления топонимистических исследований // Принципы
топонимики. –Москва:Наука. -1964.
VI Халықаралық конференция
151
ПСИХОЛИНГВИСТИЧЕСКОЕ НАПРАВЛЕНИЕ
АКСИОЛОГИЧЕСКОЙ ЛИНГВИСТИКИ: ПРОБЛЕМЫ И
ПЕРСПЕКТИВЫ
Джамбаева Жанар Абинсериковна
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева Республика Казахстан
Abstract
The report deals with the psycholinguistic direction of axiological linguistics, which mission is to
study the value of language and communication. The values are learned through the study of
estimation from a linguistic position. The development of psycholinguistic direction of axiological
linguistics, based on the use of data association experiment, makes it possible to identify what the
value attitude of representatives of different ethnic groups to a particular object, phenomenon, how
it is presented in relation to the linguistic consciousness of how people perceive and evaluate one or
another piece the phenomenon.
Key words: axiological linguistics; language consciousness; psycholinguistic direction;
psycholinguistic experiments; values and evaluation; concept.
Резюме
В статье говорится о психолингвистическом направлении аксиологической лингвистики, в
задачу которой входит изучение ценности в языке и общении. С лингвистической позиции
ценности изучаются через исследование оценок. Разработка психолингвистического
направления аксиологической лингвистики, ориентированного на использование данных
ассоциативного эксперимента, дает возможность выявить, каково ценностное отношение
представителей разных этносов к тому или иному предмету, явлению, каким образом это
отношение представлено в их языковом сознании.
Достарыңызбен бөлісу: |