Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
50
соғыстың болмағанын тілеймін. Біз қазақтар мәңгі біргеміз! Бұл біздің ең
басты қаруымыз және байлығымыз!
Мен соғысты жек көрем! Соғыс тек қайғы, қасірет пен жоқшылықты
әкеледі, соғыс қаншама адамдардың өмірін жалмап, сан миллиондаған
жастарды қыршынынан қиды.
1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Қазақстан
әлемнің саяси картасынан ойып тұрып орын алды. Кеңес халқының Ұлы
Отан соғысындағы ерлігі бүкіл әлемді таң қалдырып, мойындатты. Оған ата-
бабаларымыздың қосқан үлесін, қаһармандық ерлігін – біз мақтан тұта айта
аламыз. Олардың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты, яғни бізді
Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жаугершілікке, елін қорғауға әзір
болу рухын сіңіреді.
Ер есімі-ел есінде мәңгі сақталады. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын
қашан да қастерлеп, құрмет тұтады. Біз өз ата-бабаларымызды мақтан
тұтамыз, себебі олар біз үшін алты малтаны ас етіп, толарсақтан қан кеше
жүріп, етігімен су кешіп, қасық қандары қалғанша күресіп, бізге Жеңіс
сыйлады. Бұл жеңістің басты себебі халқымыздың Отанға деген
сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі, ерлігі және көпұлтты халықтардың
достығы мен бірлігі себепкер.
Ұлы Жеңіс он бес ортақ мемлекеттердің мерей тойы. Бізге жарқын
болашақ пен бақытты ғұмыр сыйлаған асыл кісілердің есімі мәңгі сақталады.
Сол кісілердің арқасында бейбіт өмірімізге нұр шашылуда. Біздің жарқын
өмір сүруімізге жағдай жасаған офицерлер мен солдаттардың үмітін
ақтауымыз керек. Біз, қазіргі ұрпақ, ата-бабаларымыздың алдында тағзым
етіп, құрметтеуіміз адамгершіліктің белгісі болып саналады.
Келесі ұрпаққа жарқын болашақ сыйлау, өз қолымызда. Менің ойымша
Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесіп, кездеспегеннің өзінде газет-
журналдардан оқып, сол кездегі фильмдерді көріп жайбарақат отыра
алмайды деген ойдамын. Бұл соғыс бізге Отанымызды құрметтеуді,
қастерлеуді, тіліміз бен дінімізді жоғалтпауға, жерімізді сақтауға, туған-туыс
ағайынды, достарымызды бағалай біліп, біздің өмірімізде маңызды роль
атқара отырып, жоғалтсақ жанымызға жара түсіретінін көрсетті. Соғысқа
қатысқан Қазақстан жауынгерлерінің саны сол кездері бір миллион алты жүз
мың болса, ал қазіргі уақытта олардың саны күннен күнге азаюда.
Қарттардың қазіргі қоғамдағы рөлі ерекше. Оған жарқын мысал,
жастардың ардагерлерге деген құрметі мен сыйластығы, аянбай көмек қолын
созуы. Мемлекет те ардагерлерге бар жағдайларын жасауға тырысып бағуда.
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең-атаң қымбат.
Туып-өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерін қымбат
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
51
Қаз дауысты Қазыбек атамыз өте дұрыс айтты. Әрбір адамға туып өскен
Отаны қымбат. Менің Отаным маған өте ыстық. Мен жырақта жүрсем,
көруге асығамын, сағынамын. Мен өз Отанымды өте қатты жақсы көремін!
Отанымды көркейтіп, өркендету үшін сабағымды жақсы оқып, көп
еңбектеніп, өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын. Мен ата-бабаның, ата-
анамның, ата-анамның, туған-туысымның, дос-жарамның үмітін ақтағым
келеді. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күш – жігерімді салып, уәдемді
орындаймын. Мұндай іске біздер, Қазақстанның азаматтары бір-бірімізге
көмектесеміз деп ойлаймын. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күш-
жігерімді салып, уәдемді орындаймын және еліміздің барлық жастарын
шақырамын.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
52
Қожабек Аяна
9 сынып, Т.Тоқтаров орта мектебі
Ақсу ауд., Сағабүйен ауылы
Жетекшісі: Махсат Н.М.
Ұлы Жеңіске 71 жыл!
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс – барды жоқ ететін, тауды
жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап,
жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал
материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта
бізге жеткізді.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың
алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін
көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне ,
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр,
- деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз
құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.
Біз Ұлы Отан соғысында қайсар ерлікпен жеңіске жеттік. Бұл жеңістің
басты себебі, әрине халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі, қайтпас
қайсар ерлігі, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. Екіншіден, ортақ жауға
қарсы күрестегі көп ұлтты КСРО халықтарының ынтымағы мен достығы. Бұл
соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан бас, бір жеңнен
қол шығарып Отанын қорғады. Қаншама халық бір туың астына бірігіп,
күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің
ортақ мерейтойы. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап
Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр
өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер
көрсетті.
Қазақ – ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық.
Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың
қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал,
айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының
батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Соның ішінде біздің мектепке аты
берілген Төлеген Тоқтаровтың жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін
жойғандығын, батыл да бекем қимылдайтын автоматшы болғандығын және
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
53
жуынгерлерді сан рет жауға бастап шыққандығын ешқашан ұмытпаймыз! Ер
есімі – ел есінде мәңгі сақталады! Біз үшін, Отан үшін қасық қандары
қалғанша күресіп, бізге жеңіс сыйлаған ата-апаларымды мақтан тұтамын!
Ұлы Отан соғысына Қазақстан одақтық мемлекет – КСРО-ның субьектісі
ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында ол қомақты адами және стратегиялық
маңызы бар аса мол табиғи ресурстарға иелік ететін еді. Мейлінше бүлінген
күйде болса да, социализм тұсында Қазақстанда таптық және ұлттық езгі,
сауатсыздық пен ортағасырлық арттақалушылық жойылды, әйелдердің
теңдігі жарияланда, ұлттық татулық пен келісім ұраны көтерілді. Бұл
жетістіктерге жету жолында патриоттық дәстүрлерінің маңызы зор болды.
Қазақ халқы ғасырлар бойы өзінің ұлан-ғайыр даласын мүмкін болар
агрессиядан қорғай білді.
Жауынгер ерлігіктері ешқашанда ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста
батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі
таныған, әлем мойындағын мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш,
жетістік.
Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге,
елінің, жерінің адал потриоттары ретінде достық пен бірлік туралы түсінік
беру арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүние
жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы,
елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың таныштықта
бейбіт өмір сүріп келе жатуы тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың адал да ұтымды тактикасының, үлкен парасат пен биік
талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ
елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!
«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар», - дегендей Ұлы Жеңістің 71
жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде Отан үшін,
біздің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап,
жадымызда ұстаймыз! Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек
түкпірінде сақтаймыз!
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
54
Құрманғали Назерке
7 сынып, №38 мектеп-гимназия
Іле ауданы
Жетекшісі:Есенғұлова Ғ.М.
Соғыс арифметикасына үңілсек...
Адамзат тарихында айрықша орын алатын Ұлы Отан соғысының
аяқталғанына 71 жыл толғалы отыр. Ұлы Отан соғысы! Ұлы Жеңіс! Осы екі
сөз бір-бірінен ажырағысыз. Қазір кім қалай десе де Кеңес Одағы
бақайшағына дейін қаруланған фашистік Германияны тізе бүктіріп,тек
өздерін ғана емес бүкіл әлемді құлдық бұғаудан құтқарып қалды. Ұлы Жеңіс
бізге оңайға түскен жоқ. Оған 35 миллиондай адам қатысып, соның 20
миллионнан астамы опат болды.Қазақстандықтар бұл сында қаһармандық
көрсетті.
Кеңес әскері шайқастың алғашқы күндері тәулігіне 24 мыңдай адамнан
ажырап отырды. Сөйтіп алты ай ішінде шығын 3 миллион 138 мыңға жетті.
Офицерлер құрамы Қазақстанда даярланған кадрлар есебінен толықтырылып
отырылды. Елімізге уақытша көшірілген оқу орындары түлектерін қоса
есептегенде орта есеппен 60 мыңдай офицер мен 25 мыңдай сержант
бізде,әзірленіп шықты.
Елімізде 12 атқыштар дивизиясы,7 атқыштар бригадасы мен 4 атты
әскерлер дивизиясы жасақталды. Сондай-ақ 2 артиллерия,4 миномет, 3
авиаполк,14 арнаулы батальон мен рота құрылған.
Соғыс жылдары майданға 13131 жүк автокөлігі,мыңға тарта жеңіл
мәшине, 1538 шынжыр табанды трактор,110428 сәйгүлік және 16125 жүк
тартатын аттар жіберілді.
Қазақстандықтар тылда да аянбай еңбек етті. «Бәрі де майдан үшін,Жеңіс
үшін» деп күні-түні жұмыс істеген тыл еңбеккерлері бүкілхалықтық
қорғаныс қорына 4 миллиард сомнан астам қаржы аударған. Алғы шепке
1600 вагон сәлемдеме мен сый -сияпат жіберген. Соғыс жылдары елімізге
эвакуациямен келген зауыт-фабриктер жұмыс істеп,майданға қажетті қару-
жарақ пен тауарлар жіберген.
Ұлы Отан үшін қар төсеніп мұз жастанған,әр төбе үшін алысқан,жауды
жеңуге жарысқан,серттен таймаған,сырын жатқа жаймаған талай боздақ
мәңгі қайтпас сапарға аттанған бұл соғыста.Соғыс алдында Қазақстанда 6,2
миллион халық тұрса,одан 1 миллион 700 мың боздақ әскерге аттанып, 700
мың сарбаз еңбек армиясына жіберілген. Деректер мен дәйектерге сүйенсек
әрбір төртінші қазақстандық мылтық асынса,оның жартысына жуығы соғыс
даласында ерлікпен қаза тапты,елге оралмады,шаһид болды. Елге
оралғандардың көбі майдан даласында өзінің бір мүшесін қалдырып, қол-
аяғын беріп келді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
55
Осылай туған топырағына бір мүшесінен айырылып оралған батыр ұлды
ақын атамыз Әбу Сәрсенбаев былай суреттейді:
«Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым?Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолында аяғын!».
Ұлы Отан соғысы тарихының тағы бір ащщы беті бар. Сол жылдары
Қазақстанға
361
мың
Волга
бойының
немістері,507
мың
балқарлар,чешендер мен ингуштар,110 мың месхеті түріктер,180 мың қырым
татарлары жер аударылды.Еш кінәсі жоқ бұл адамдарды қазақтар құшақ жая
қарсы алып, соңғы үзім нанымен бөлісіп,майдан үшін қосыла еңбек етті.
Бұл зұлматтың зілбатпан жүгін,оның жүйкеге түсірген ауыр салмағын,
қан жұтқызған қасіретін,көл боп аққан көз жасын, аяқ-қолы тілім-тілім
болған тылдағы адамдардың еңбегін қарапайым сандар ақылы не пайыздық
көрсеткішпен болжау, санап жеткізу, жазып тауысу мүмкін емес. Ұлы Жеңіс
мерекесі қарсаңында отты жылдары Отан үшін от кешкен боздақтар рухына
бас иіп,олар көрсеткен ерліктің сипаты мен мәні туралы ойлану,пайымдау-
біздің адами парызымыз деп білемін. Бұл соғыста біздің аға ұрпақ ежелден
еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш
етті.Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті.
Қазақ ССР-інде құрылған көптеген әскери құрамалар ұлы шайқастың
жылнамасына даңқты беттер жазып қалдырды.316-(Панфилов атындағы 8-
гвардияшылар дивизиясы),238-(30-гвардияшы) және 312-атқыштар диви-
зияларының Москва түбінде болған шайқастарда,29-(72-гвардияшы)және 38-
(73-гвардияшы) дивизиялардың Сталинград түбінде,Курск доғасында, Днепр
өзенінен өткен кезде,310 және 314-дивизиялардың Ленинград қаласы үшін
болған ұрыстарда даңқы шықты.
Қазақстандық 500-дей солдат пен офицер,оның ішінде 111-і қазақ Совет
Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болды.Оның 280-і орыс
қалғандары басқа ұлт өкілдері.
Бауыржан Момышұлы,Бақтораз Бейсекбаев аталарымыз бен Хиуаз
Доспанова апамызға да осындай даңқты атақтар бейбіт кезеңде берілді.
Олардың бәрі де Отанын шексіз сүйіп,көпшілігі Отан үшін өмірін құрбан
етті.
Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте-бірте
алыстап барады.Бірақ ,адамзат дүние жүзін фашистік құлдықтан азат еткен
халықтың ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес Аға ұрпақтың даңқты
жолы оттан ыстық Отанды бар жан-тәніңмен сүюдің шын үлгісі дегім келеді.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
56
Лазгиева Милана
8 сынып, Н.Әлімқұлов атындағы орта мектеп
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
Жетекшісі: Алишева А.У.
Өмірі - ұрпаққа өнеге
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген
мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын
шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда
болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда
орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан
қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937
жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік
Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың
басталуына алып келді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап
алуымен басталды. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен,
батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз
мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды,
Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны
жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция
Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға
мәжбүр болды.
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі.
“Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді.
Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған
Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік”
тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу
жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы”
Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған
“Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның
Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген.
Осы
мақсатпен
Атлантикадан
Сібірге
дейін
біртұтас
Герман
этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян
халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді.
Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды,
Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік
Германия Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына
тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
57
соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды.
Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан, соғыс
қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың
алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап
алды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест
қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест
шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына
А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов,
Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық
жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7
атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар
жасақталып,
майданға
аттандырылды.
Қазақстан
территориясында
жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап,
жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста
қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі
жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған
316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен
теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері
жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады.
Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г.Клочков басқарған
бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан
ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ
беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат
еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста
ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан
талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфи“Барбаросса” жоспары
жүзеге аспағаннан кейін, 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу
мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі
күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен
Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау”
деген ат қойды.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия,
тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында
болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп
өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен
бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен
Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы
батыры атағына ие болды.
Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных
заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию
начала Великой Отечественной войны, 2016 г.
58
Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына
байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан
оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350
мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза
тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста
қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны
көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл
пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған
орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста
қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін
қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден
астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алу Отанын қорғауда қазақ
ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан
соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып
барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен,
күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған
жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып,
туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы
ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да
бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап,
аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып
оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та
тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы.
"Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр
сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті
рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы жеңіс
құтты болсын, ардақты халқым менің!
|