Конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#6695
1   2   3   4   5   6   7   8

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

69 



 

азаматтың  есікте  отырмайтынын  қарапайым  тіршілігімен  дәлелдеген.  Осы 

үлгісін  құрметтеген  елі  Жалаулыдағы  орта  мектептен  Қасейін  Сыдықовтың 

атына,  яғни  менің  атамның  атына  сынып  ашты.  Өкінішке  орай,  атам  2007 

жылы шілденің бірінші жұлдызында дүниеден озды.  

 Атам  Отаны  үшін  болған  айқаста  «Бірінші  дәрежелі  Даңқ»  орденімен 

марапатталған. Ол кісі өмірден өткенге дейін ауыл ғана емес, ауданда өткен 

барлық салтанатты жиындар мен айтулы күндерден қалыс қалған емес, қайда 

барса да үлкен құрмет пен зор қошеметке бөленді. Мен атамның ерен ерлігін 

бүгінде өзімнің сыныптастарым мен достарыма мақтана айтамын.  

 Жақында  Ұлы  Жеңістің  жетпіс  бір  жылдығын  атап  өтеміз.  Бірақ,  бұл 

Жеңістің біздерге қандай жолмен келгенін жадымыздан шығармауға тиіспіз. 

Сол кезде бар – жоғы он жетіде болған жалынды жігіт қазіргі таңда сексеннің 

сеңгіріне  шыққан  қарт  атанды.  Өкінішке  орай,  жыл  сайын  Жеңіс  сыйлаған 

ерлеріміз  бен  тылда  тынымсыз  еңбек  еткен  жандар  қатары  кеміп  келеді. 

Біздер, Отан үшін от кешкен сол батыр бабаларымыздың есімдерін ешқашан 

ұмытпауымыз  керек.  Мен  өз  халқымның  ержүрек  ерлерімен,  ерен 

еңбеккерлерімен  мақтанамын!  Бүгінгі  бейбіт  күн  үшін,  бақытты 

балалығымыз үшін, арайлап атқан әрбір таң үшін, күлімдеп батқан әрбір күн 

үшін алғысымыз шексіз сіздерге, аяулы Ардагерлер! 

 

 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

70 



 

Светхоалық Еркежан 

9 сынып,Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектеп 

Ақсу ауданы,Қапал ауылы 

Жетекшісі:Досымбекова Г. С. 

 

«Күркіреп өткен бір соғыс» 



 

Біздің жүрегіміз темір емес, 

Бірақ  біздің  кек  отымыз  қандай  темірді 

болса да ерітіп ,күйдіріп жібере алады. 

Біздің  үрейді  жеңетін  ең  күшті  қаруымыз 

бар,ол –Отанға деген сүйспеншілік. 

Бауыржан Момышұлы 

 

Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмақ емес!Соғыс-күйретуші күш!Барды жоқ 



ететін,тауды  жер  ететін.Жер  бетіндегі  тіршілік  атаулының  бәрін  жалмап 

жұтатын 


ажал.Соғыс-атауы 

құлаққа 


жағымсыз,тіршілікті 

қан 


жылататын,асты қайғы-қасіретке толы қаралы сөз.Осыдан 71-жыл бұрын жер 

бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді.Неміс фашистерінің аңсап 

келген  арманына  батырларымыз  4  жыл  ішінде  қажымас  ерліктерімен 

тосқауыл  берді.Фашистер  мақсаты  жер  бетін  отарлап  алу  еді.Өзара  одақ 

құрып  бүкіл  әлемді  өздеріне  қаратпақ  болды.Тынышымен  өмір  кешкелі 

жүрген  халықтың  берекесін  қашырды.Бұл  соғысқа  61  мемлекет  жан-жақтан 

атсалысты  Р.Қошқарбаев  атамыздың  ерлігі  тарихта  өз  ізін  қалдырды.  Әлия 

Молдағұлова,Мәншүк 

Мәметова,Талғат 

Бигельдинов 

секілді 

батырларымыздың  ерлігі  арқасында  тату  өмірімізге,бейбіт  заманымызға, 

қуанышты  күнімізге  жеттік.Сол  батырларымыздың  тағы  бірі  Бауыржан 

Момышұлы. 

Кеңес  одағының  батыры,жазушы,Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  даңқты 

жауынгері.Ол  207  рет  ұрысқа  қатысты.  «Қызыл  Жұлдыз»орденімен 

марапатталды. 

 

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы 



Адамзатты алға бастар Ар заңы! 

Мір оғындай Момышұлы Бауыржан 

Туа біткен туралықтың тарланы. 

 

«Бауыржан  жұлдызды  болған  күн-қазақтың  жұлдызы  жанған  күн»  -деп 



Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  оны  халықпен  бірге  болғанын 

толғана,тебірене  айтады.Ел  басымыз  елі  үшін  жанын  пида  қылғандарды 

ешқашан назардан тыс қалдырмайды. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

71 



 

Қолдан  келген  көмегін  аямай  ардагер  аталарымызға  жағдай  жасап 

отыр.Бұл Ұлы Жеңіс-Қазақстан тарихының жарқын беттері. 

 Биыл-Ұлы  Отан  соғысының  басталғанына  71-жыл:қазақстандықтардың 

майдан  даласындағы  ерліктері  мен  тылдағы  табандылықтары  ешқашан 

ұмытылмайды!  Біздің  жерлестеріміз  майдан  даласында  елі  үшін,жері  үшін, 

отаны  үшін  ерлікпен  шайқасқан  болатын.Жаудың  қолына  бермеу  үшін 

соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға 

көшіріле  бастады.Жеңіске  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы  да  өз  үлесін 

қосты.Республиканың  барлық  экономикасы  өзгерді.Ер  азаматтарымыз 

армияда  болғандықтан,  ауыр  жұмыстарды  әйелдер,қариялар  істеуге  тура 

келді.Бүкіл  ел  «Бәрі  де  майдан  үшін,бәрі  де  Жеңіс  үшін!»деген  ұранмен 

еңбек  етті.Ұлы  Отан  соғысының  зардабы  еліміздегі  әрбір  адамға,әрбір 

отбасына  тиді  десек  қателеспейміз.Сонын  бәріне,қандай  қиындық  болса  да 

көнген  халқымызға  бас  иеміз!Олар  бізге  бейбіт  өмірді,  шуақты  күнді 

сыйлады. 

 Бейбіт  өмірдегі  батырлық  пен  соғыс  кезіндегі  батырлық  екеуі  екі  басқа. 

Олар  біреуді  соққыға  жығып  немесе  өлтіріп  сияқты  түрлі  зұлымдық 

жасайды.Сол кезде ержүрек адам келіп,оны құтқарып,тіпті өзіне қауіп төніп 

тұрса  да  сол  адамды  құтқарып  алды.Бірақ  оған  еш  мойымайды.Мұндай 

батырлық 

жасау 


әркімнін 

қолынан 


келе 

бермейді.Сондықтан 

ержүрек,елі,жері  үшін  қандай  жағдай  болмасын  тұратын  батырларымызды 

құрметтеуіміз 

керек!Ел 

алдындағы 

борыштарын 

өтеп,еліміздің 

амандығын,жеріміздің 

тұтастығын 

қорғап 

қалған 


ерлерге 

тағзым 


етеміз.Ардагерлер  арқасында  біз  осы  күнге  жеттік.Біздің  өз  қалауымызбен 

еркін  өмір  сүріп,мектепте  алаңсыз  білім  алып  жатқанымыз,  шаттана 

күлгеніміз,  жайраңдап  жүргеніміз-бәрі  де  сол  Ұлы  Отан  соғысы  Жеңісінің 

жемісі.Әрине,  соғыс  болмасын!Біздер  соғысқа  қатысып  батыр болмайық.Біз 

бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық.Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім 

алып, өз жеріміздің патриоттары болуға талпынуымыз керек! 

 

Отан үшін жанымызды береміз, 



Отан үшін барлығына көнеміз. 

Отанның да,ананың да алдында, 

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз. 

 

 Отан  алдында  парызын  өтеу  үшін,қазақтың  қайсар  да  батыл  жігіттері 



әскер  қатарына  барады.Ел  алдындағы  борышын  орындайды.  Кейбір  нәзік 

жандыларымызда  отан  алдындағы  парызын  өтейді.Егер  ер  азаматтарымыз 

Отан  алдындағы  парызын  өтемесе  жігіт  атына  сын  болар  еді.Отан  үшін 

ерлікпен  қаза  тапқандарды  ел  әр  уақытта  есінде  сақтайды.  Өйткені  олар 

біздің 

бақытымызды 



қорғады.Отан 

үшін,ел 


үшін 

құрбан 


болады.Отанымыздың  даңқы-ерлік  пен  қаһармандықтың  даңқы.Біз  оның 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

72 



 

жүріп  өткен  ерлікке  толы  жолдарын,азаттық  үшін  күрескен  ерлері  мен 

батырларын  ешқашан  ұмытпаймыз.Қарттарды,майдангерлерді  қадірлейік! 

Олардың  есімі  ел  есінде  мәңгі  сақталады.Ұмытылмас  тұлғалардың  бейнесі 

біздің көкейімізде ұялап, мәңгі қала бермек. 

 Сол  бір  кезеңдегі  күркіреп  өткен  соғыстың  қара  бұлты  сейілді.Біз  қазір 

ұлан-ғайыр,қазақ  елінде  өмір  сүреміз.Біздің  осылай  ойнап,күліп  жүргеніміз 

сол  батыр  бабаларымыздың  арқасында.Ел  үшін  талай-талай  қиындықтарға 

шыдап,бізге  осындай  тәуелсізде  ұлан-байтақ  қазақ  жерін  қалдырып 

кетті.Бізде  аманатқа  қиянат  жасамай  қазақ  елінің  абыройын  асқақтата 

беруіміз керек.Ел басымыз айтқандай бәріде жастардың қолында.  

 

Сен неткен Отан-анам,ғажап едің 



Әспеттеп көркем тілмен жазар едім. 

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін, 

Жайнай бер,Ұлы Отаным-қазақ елім. 

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

73 



 

Серікбай Арнур 

3 сынып, В.Г.Белинский атындағы орта мектеп 

Каскелен қ. 

Жетекші: Мамбетова К.А. 

 

Ардагер атама хат! 

 

Біз  жеңімпаздар  ұрпағымен  мақтанамыз. 



Бүгінгі  Отан  қорғаушылары,  біздер  үшін 

олардың  соғыс  жылдарында  көрсеткен  жан 

қиярлық  ерлігі  –  Отанға  қызмет  ету  ісінде 

мәңгілік өнеге. 

Н.Ә.Назарбаев 

 

Сәлеметсіз бе, ардагер атам! 



Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 71жыл толды! Яғни, мен 71 

жыл  бойы  бейбіт  өмір  сүріп  жатқан,  ғылым  мен  техниканың  белең  алған 

заманының түлегі, сіздердің қан мен теріңізді төгіп, жаныңызды қалқан етіп 

әперген  бейбіт  заманның  бақытты  ұрпағы  атынан  хат  жазып  отырмын. 

Сіздердің 

алдарыңызда 

тізе 

бүгіп, 


балалық 

пәк 


жүрегіммен 

амандықтарыңызды тілеймін. 

Мен  және  достарым  әр  таңда  күннің  нұрына  шомылып,  ата-анамызға 

еркелеп,  кең,  дархан  қазақ  елінде  туып,  жарқын  болашаққа  сеніммен 

қарауымыз – сіздердің арқаларыңызда.  

Соғыс!  Сұрапыл  соғыс!  Қасірет!  Қаншама  ата-ана  перзентінен, 

қаракөздер  сүйіктісінен  айырылып,  бүлдіршіндер  жетімдіктің  азабына 

бесіктен белі шықпай жатып-ақ түсті. 

1941 жылы жер жүзін өзіне бағындырғысы келген Германия баса көктеп 

кіргенде, сіздер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өлім мен өмірдің 

арасына  түстіңіздер.  Қардай  бораған  оқ,  көл  болып  аққан  қан,  нөсердей 

құйылған бомба мен мина, аштық пен суық ызғармен арпалысып қажытса да 

Отанға  деген  махаббат,  қаза  тапқан  жолдастарыңызға  деген  кек 

қажырландыра  түсті.  Отан  үшін  кеуделеріңізді  оққа  тосып,  жауды  туған 

жеріміздің  маңына  да  жолатпадыңыздар.  «Батыр  майданда  шынығады» 

демекші ауыр жарақат алып, отбасына деген сағыныш жаныңызды күйдірсе 

де бұл майданнан жеңіссіз шықпадыңыздар. Себебі сіздердің мақсаттарыңыз 

–  жеңіс  болды.  Ел  қорғауға  ер  намысымен  аттанған  ардагерлер,  қасықтай 

қандарыңыз  қалғанша  күресіп,  Отан  алдындағы  борыштарыңызды 

ақтадыңыздар.  Егер  сол  соғыста  жеңіске  жетпесек,  бәлкім,  қазіргі 

жағдайымыз  басқаша  болар  ма  еді?  Тіліміздің,  мәдениетіміздің,  дініміздің, 

өркениетіміздің  сақталуы  да  үлкен  жұмбақ  болып  қалар  еді.  Сондықтан, 

туған  жерге  деген  албырт  сезім  қолыңызға  қару,  бойыңызға  қуат  беріп, 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

74 



 

өзіміздің  көрікті  Арқамызды,  сұлу  Шығысымызды,  қонақжай  халқымызды 

«қорға!» деген бұйрық берді.  

Жеңіс!  Міне,  төрт  жыл  бойы  аңсаған  армандарыңыз  ақиқатқа  айналды. 

Дүйім  жұрт  бейбіт  өмірге  қадам  басып,  күллі  әлемде  Жеңіс  туы  желбіреді. 

Ал  біз  болашақ  ұрпақ  ,  Жеңіс  туын  Еркіндік  туына  айналдырып,  азат  елде 

еркін  өмір  сүрудеміз.  Халқымыз  жеңіс  тойын  тойлауда.  Қанды  шайқас 

төрінде  күрескен  батырлардың  жеңісі.  Күш  беріп  мейірлене  қараған 

күлімсіреген  көздеріңіз  қазақ  халқын  жеңіс  тағдырына  жеткізді,  көк  түтінге 

оранған аспанымыз ашылды.  

Енді  оның  бәрі  де  өткеннің  еншісінде  қалды.  Осы  күні  Ұлы  Жеңіске 

жеткенімізге  71  жыл  толыпты.  Осы  уақытта  Қазақстан  жаңа  бағытқа  бет 

бұрды. Еліміз тәуелсіз мемлекет болды. Өзінің Әнұраны, Туы, Елтаңбасына 

ие болды.  

Мен  Еуропаның  жүйрік  көлігіне  мініп,  әр  күн  мектепке  келемін.  Зәулім 

де,  ыңғайлы  үйде  тұрамын.  Жарық  кең  мектепте  оқимын.  Онда 

әрқайсысымызда  жеке  компьютер  бар,  сыныбымыз  техниканың  соңғы 

құрылғыларымен  жабдықталған.  Демалыста  жеріміздің  әсем  табиғатын 

тамашалауға шығамын. Қазақстанның осындай жетістіктерге жетуі тек сіздер 

сияқты батырлардың арқасында! 

Біз – батыр аталардың ұрпағы. Біз – сіздер қорғап қалған елдің болашағы. 

Бұл жеңістің қадірін бәріміз де біліп өсуіміз керек. 

 

Он сегізде соғыс атты от кешкен 



Жараланып, жас денесін оқ тескен. 

Ардагер аталарым аман болшы, 

Зейнетін көр бейнетіңнің мол кешкен! 

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

75 



 

Темірғали Айдана  

7 сынып, Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп  

Кербұлақ ауданы  

Жетекшісі: Арыстанова Ш.М. 



 

Халқының ардақты азаматы 

 

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. 71 жылдан бері байтақ Отанымыздың 

бейбіт  аспаны  аясында  талай  ұрпақтар  өсіп,  ер  жетті.  Әрине,  Жеңіс 

оңайлықпен келген жоқ. Соғыс жалыны біздің елімізге ауыр қасіретімен енді. 

Бірақ  фашизм  оты  қанша  жалынды  болғанымен,  жауынгерлердің  Отанға 

деген  сүйіспеншіліктері  оттай  ыстық  болып,  асыл  азаматтарымыздың 

қайтпас қайсарлықтарының арқасында жау жеңіліс тапты. Ұлы Отан соғысы 

Ұлы Жеңіспен аяқталды. Елі, жері үшін жанын пида етіп, ерен ерлік көрсете 

білген ерлеріміз Егеменді ел болған Қазақстан жерінде де көптеп табылады. 

Солардың  бірі  -  болмысынан  әділ,  шыншыл,  Ұлы  Отан  соғысының  даңқты 

жауынгері,  жазушы  Бауыржан  Момышұлы.  Бүгінгі  жеткіншектер  Б. 

Момышұлы  жайлы  сырларды  қариялардың  естелігінен,  жазушылар 

шығармаларынан  және де  өзінің  төл  туындылары  арқылы жақсы  білеміз.  Б. 

Момышұлы  Ұлы  Отан  соғысы  басталысымен  даңқты  генерал-  майор 

И.В.Панфиловтың  басшылығымен  Алматы  маңында  жаңадан  жасақталған 

316-атқыштар  (  8-  гвардия  )  дивизиясының  құрамына  алынып,  батальон 

командирі болған.  

И.В. Панфилов оның ерекше ержүректілігін, әскери тәжірибесін және де 

шыншылдық  қасиетін  жоғары  бағалаған.  Өр,  өз  дегенінен  қайтпайтын 

Бауыржан Момышұлы үшін жас жауынгерлерге майдан тәртібін үйрету оңай 

емес еді. Бірақ жас жауынгерлерде әскери білік-дағдысы болмаған, Отанына, 

сүйген  халқына  деген  сүйіспеншіліктері  шексіз  жатқан  теңіздей  еді.  Олар 

Бауыржан  Момышұлының  темірдей  тәртіп,  қатаң  талапшылдығы  мен  мол 

тәрбиесінің  нәтижесінде  өз  Отанын  қорғап,  жаудың  бетін  қайтара  білді.  Ол 

жауынгерлеріне:  "  Ұрыс  кезінде  адамның  бойында  екі  сезім:  ел  алдындағы 

перзенттік парыз және жеке бас амандығын сақтау түйсігі айқасады. Осыған 

үшінші  күш  тәртіптілік  араласқанда,  парызды  ұғыну  жеңіп  шығады  "  -  деп 

айтудан  жалықпаған.  Темірдей  берік,  қатал  тәртіппен  қаруланған  Б. 

Момышұлының  сарбаздары  Москва  түбіндегі  алапат  ұрыста  гитлерлік 

қанішерлерді жер құштарғанын тарих бетінен жақсы білеміз.  

Бауыржан  Момышұлы  !  Орыс  жазушысы  Александр  Бектің  шабытпен 

жазылған  "Панфиловшылар  алғы  шепте"  ,  "  Волоколамск  тас  жолы" 

кітаптарының  аты  аңызға  айналған  жау  жүрек  кейіпкері.  Ұлы  Отан 

соғысының  шешуші  ұрыстарында  ерлік  пен  табандылық  көрсеткен 

жауынгерлердің шайқасы туралы жазылған бұл повесть керемет маңызға ие 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

76 



 

болды.  Жауынгерлер  бұл  кітаптарды  жорық,  демалыс  кездерінде  де 

қолдарынан түсірмей оқып, өздерін дұшпанға қарсы жігерлендірді.  

Соғыстан  кейін  аты  аңызға  айналған  даңқты  Панфиловшы,  кеңес 

жазушысы  Б.Момышұлының  қаламынан  да  өз  туындылары  туды.  Оның 

"Артымызда  Москва"  ,  "Майдандағы  кездесулер"  кітаптарын  біздің 

сыныптың оқушылары қолдан-қолға түсірмей қызыға оқиды.  

Егеменді  тәуелсіз  елдің  "Халық  батыры"  атағын  алған  Б.  Момышұлы 

өмірде  қандай  биік  болса,  (оған  бұйырылған)  ол  қойылған  зиратта  сондай 

биік  те!  Сонау  Алматы  қырқаларының  төріндегі  биік  тұғырда  еңгезердей 

қола  тұлғасы  көрінеді.  Бұлттары  бойын  созған  зор  мүсін  аспанмен  тілдесіп 

тұрғандай. Батып бара жатқан күннің сәулесі мүсін Б.Момышұлының жүзін 

нұрландырып, батырдың алыс болашаққа қадалған жанарына түсіп тұр. 

Бүгінгі жас ұрпақтар "Халық батыры" Б.Момышұлының ерлік істері мен 

есімін үнемі өзімізбен бірге жүрегімізде алып жүреміз. Қорыта келгенде, мен 

шығармамды мынандай өлең жолдарымен аяқтаймын. 

 

 Жаралғандай жалыннан, 



 Жайсаң батыр Бауыржан. 

 Естігенде есімін, 

 Жау есінен жаңылған. 

 Бұзып-жарып қамалды, 

 Жолсыз жерден жол салды. 

 Достар түгіл ерлігін, 

 Қасы да естіп тамсанды. 

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

77 



 

Тулендинова Айжан 

10 сынып, 24 лицей 

Талдықорған қ. 

Жетекшісі : Нұрғожаева Б.Д. 

 

Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы 

 

Соғыс  жаңғырығы  жылдан-жылға  алыстап  барады...  Бұл  соғыс  кезінде 



әрбір  бесінші  қазақ  ұлы  майданға  аттанды.  Ұлы  Отан  соғысы  адамзат  үшін 

өте  көп  қасірет  әкелген.  Соғыс  –  күйретуші  күш.  Барды  жоқ  ететін,  тауды 

жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жылмап жұтатын тажал. 

Ұлы  Отан  соғысы  сол  кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі  мен 

төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың 

алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін 

көрсеткен ардагерлер тойлап, қазіргі таңда еліміздің мақтанышына айналған 

Ұлы тұлғалардың бірі. Сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, 

сағаттап  сарыла  түскен  соғыстың  алғашқы  кезінен-ақ  Кеңес  халқы  жан-

тәнімен  Отанын  қорғады.  Кеңес  азаматтары  аянбай  шайқасты,  жеңіс 

жолында Отан үшін азаматтар мерт болды.  

Жеңіс  күнінің  толғағы  ащы  болса  да,  туғаны  бар  жыл  үшін  қуанышы 

болған  күн.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман 

оралған  ардагер  аталарымыздың  үмітін  ақтауымыз  керек.  Біз  Ұлы  Отан 

соғысындағы Ұлы жеңіске еш нәрсемен тең келмейтін ғажап күшпен жеттік. 

Ол күш – бірлік. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды 

талқандап,  жеңіске  жету  жолына  қазақ  халқы,  қазақ  батырлары  Брест 

қамалын,  Берлин,  Сталинград  тағы  да  басқа  шайқастарда  да  өзінің  үлесін 

қосты.  Солардың  бірі  Рахымжан  Қошқарбаев,  Бауыржан  Момышұлы, 

Мәншүк  Мәметова.  Тылда  қалған  қарт  аналар  бесіктен  белі  шықпаған 

балаларының  соғыстың  қайғы-қасіретін  арқалай  жүріп,  тынбай  еңбек  етті. 

Жүз  мыңдаған  қарт  аналар,  отандастырымыз  соғыстың  алғашқы  сәтінде-ақ 

майданға аттанып, жеңіс туын желбіретті. 

71 жыл бұрын болған, адамзаттың тарихта қалдырған ізін ұмытпау керек, 

ол тек соғыс пен өлім ғана емес, онымен қоса жігерліктің, адам баласының өз 

елі,  жері,  жанұясы  үшін  өзінің  жанын  оққа  тіреген  қазақ  батырларын  үлгі 

етуіміз  керек.  Елімізде  бейбіт  күн  кешіп,  тәуелсіздік  туының  астында  өмір 

сүріп жатқанымыз, қазақ батырларының құрбандығы, қанмен, термен келген 

ұзақ  әрі  қиын  еңбегі.  Әр  ұлттың  майданда  оққа  қарсы  жүгіретін  ержүрек 

жауынгерлері  мен  күн  мен  түннің  айырмашылығын  ұмытып,  ұйқыдан 

айырылып  бар  күшін  салған  майталмандарымыздың  ерен  еңбегі  айқын 

көрінбек. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтыннан қымбат 

емес пе? Әрбір жасұлан өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған 

жерін мақтан етуі тиіс. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

78 



 

 

Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы, 



Адам асыл арманды алға жолдайды. 

Бейбіт күнін аталардың әкелген, 

Бүгін міне, ұрпақтары жолдайды. 

 

«Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»  -  дейді,  дана  халқымыз.  Әрбір  адамзат 



баласының өмір бойғы жиған ілім-білімі мектеп қабырғасынан бастау алады. 

Дулығалы  ата-бабаларымыз  кең  даласын,  асқар  тауын,  сарқырап  аққан  көк 

теңізін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. 9 мамыр – бұл мереке 

ғана  емес,  бұл  ауыр  еңбек,  бұл  халықтың  батырлығы.  Жауынгер  ерлігі  мен 

жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің  ерліктері  ұмытылмайды.  Торқалы 

тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ.  



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет