Конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#6695
1   2   3   4   5   6   7   8

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

59 



 

Нүсіпжанова Ажар 

11 сынып, №1 мектеп-гимназия, 

Сарқан қ., 

Жетекшісі: Кажиева А.М. 

  

Ұлы Отан соғысына 71 жыл 

 

1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бір 



жыл  бұрын осы  күні  Ұлы  отан  соғысы  басталды.  Таң  қылаң  бере  фашистік 

Германия  Кеңес  Одағына  тұтқиылдан  шабуыл  жасады.  Кеше  ғана  мектеп 

партасында  қалам  ұстап  отырған  оқушылар  мен  студенттер  қаламдарын 

қаруға ауыстырып, қан майданға аттанды. 

Соғысты  бірінші  болып  қарсы  алғандардың  қатарында  Кеңес  Одағының 

батыс шебін күзеткен ондаған мың адам қазақстандық шекарашылар болды. 

Атақты  Брест  гарнизонының  өзінде  1941  жылдың  көктемінде  біздің  3 

мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден 

елге  қайтарылуы  керек  болған.  Бірақ  жаудың  шабуылы  олардың  бұл 

жоспарларын  күл-талқан  етті.  Соғыс  өрті  ішке  қарай  тез  еніп,  Брест 

қамалының  тірі  қалған  қорғаушылары  партизандар  қозғалысына  қосылды. 

Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі 

сол беларусь жерінде қалып қалған. 

Соғыс  кенеттен  басталғанымен,  Қазақстан,  бүкіл  Кеңес  Одағы  сияқты 

алғашқы  күннен-ақ  жұдырықтай  жұмылып,  бір  адамдай  қызмет  етті. 

Республиканың түкпір-түкпірінен әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. 

1939  жылдың  дерегі  бойынша,  біздің  республикамызда  6,2  миллион  адам 

тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 

мың  қазақ  шақырылған.  20-дан  астам  атқыштар  дивизиясы  мен  басқа  да 

әскери құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқаста 328-ші, 310-

шы,  312-ші,  314-ші,  316-шы,  387-ші,  391-ші,  8-ші,  29-шы,  102-ші,  405-ші 

атқыштар  дивизиясы,  100-ші  және  101-ші  ұлттық,  81-ші,  105-ші,  106-шы 

кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-

шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші 

авияциялық  полктер  ерекше  көзге  түсті.  Майданға  14 100  жүк  және  жеңіл 

автокөлік,  1500  шынжыр  табанды  трактор,  110 400  жылқы,  16  200  арба 

жөнелтілді.  Қазақстан  армия  мен  флот  үшін  офицерлік  кадрлар  және 

резервтік  күштер  дайындауға  да  лайықты  үлес  қосты.  1941-1945  жылдар 

әскери  оқу  орындарына  42  мыңнан  астам  жас  қазақстандық  жолданды.  Ал 

Қазақстан  аумағында  сол  жылдары  жұмыс  істеген  27  әскери  оқу  орыны 

толық  емес  мәлімет  бойынша  16  мыңдай  офицер  дайындап  шығарған 

көрінеді. Соғыста жеңуге қазақтардың үлесі жоғары деуге негіз бар. Себебі, 

жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен 

марапатталса,  500-дей  адам  Кеңес  Одағының  батыры,  100-ден  аса  адам 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

60 



 

«Даңқ»  орденінің  толықтай  иегері  атанған.  Төрт  қазақстандық  екі  мәрте 

Кеңес  одағының  батыры  атанды.  Олар:  Т.Бигелдинов,  С.Луганский, 

И.Павлов және Л.Беда.  

Кеңес  Одағы  батырларының  арасында  шығыстың  қос  шынары-  мерген 

Ә.Молдағұлова  мен  пулеметші  М.Мәметова  бар.  Жеңіс  туын  фашистердің 

биігіне  қадаған  да  қазақ-  Р.Қошқарбаев.  Жаудың  тылында,  партизандардың 

қатарында  да  қазақ  жауынгерлер  бар.  Солардың  бірі-  Қ.Қайсенов.  Ал 

танымал  қолбасшы,  әскери  жазушы  Бауыржан  Момыщұлын,  28 

панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.  

Соғыс кезінде тыл еңбекшілерінің қызметі де өте жауапты жұмыс болған. 

Соғысқа  қап-қап  астық,  ет,  киім-кешек  жіберіп  отырған  дәл  осы  тыл 

қызметкерлері.  Тылда  тіпті  мектеп  жасындағы  және  оданда  кіші  балалар 

көмек  көрсетті.  Барлығы  арып-ашып,  қабырғалары  қайысса  да,  «Барлығы 

майдан  үшін!  Барлығы  Жеңіс  үшін!»  деп  ұрандатып  жан  аямай  еңбек  етті. 

Онымен қоса 10 оқтың тоғызы қазақстанда жасалған деген құнды дерек бар. 

Яғни осыған қарағада қазақ жерінде тіпті металлургия да дамылдамаған.  

Ұлы  Отан  соғысы  4  жылға  созылды.  Майдан  даласында  600  мыңнан 

астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандар туралы мәлімет бүкіл 

әлемді  дүр  сілкіндіргені  анық.  Жекелеген  мәліметтер  бойынша,  адамзат 

тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының 

өмірін  қиған.  1710  қала  70  мыңнан  астам  село-деревнялар,  31850 

кәсіпорындар, 65 мың шақырым теміржол, 4100 теміржол стациясы, 36 мың 

пощта-телеграф  мекемесі,  телефон  станциясы  және  басқа  да  байланыс 

бекеттері  жермен  жексен  болған  немесе  жартылай  қираған.  40  мыңдай 

аурухана, 74 мыңдай оқу орындары, 42 мың кітапхана және басқа да көптеген 

нысандар жойылып жіберілген кейбіреулері тоналған. 

Міне,  осылай  Кеңес  халқы  мен  оның  Қарулы  күштері  бұдан  71 жыл 

бұрын  адам  баласының  қас  жауы  фашизмді  осылай  талқандады.  КСРО-ның 

Ұлы  Отан  соғысында  өз елінің  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғап  қалды, 

Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық 

атанды.  Өткен  азапты  жолдың  ауыр  сабақтарын  халық  ешқашан 

да ұмытпайды.  Оның  ауыр  сабақтары  біздің  санамызға  ұялап,  қазіргі 

ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға 

әрдайым  дайын  тұруға  шақырады.  9  мамыр  күні  Қазақстанның  барлық 

қалаларында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға құрмет көрсетіліп, Жеңіс 

мерекесі  тойланады.  Біз  бұл  күнді  мәңгілік  тойлаймыз.  Себебі,  ешкім  де, 

ешнәрсе де ұмытылмақ емес. 

 

 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

61 



 

Сағынғали Нұрай 

10 сынып,Алтын ауыл орта мектебі 

Қарасай ауданы,Қаскелең қ. 

 Жетекшісі:Абдирова Р.М. 

 

Менің халқымның өміріндегі соғыс тауқыметі 

 

Бiздiң  жүрегiмiз  темiр  емес.  Бiрақ 

бiздiң кек  отымыз қандай темiрдi болса 

да ерiтiп, күйдiрiп  жiбере алады. Бiздiң 

үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, 

ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. 

Бауыржан Момышұлы 

 

Өмірі - ұрпаққа өнеге. 



Соғыстың аты соғыс қой, 

Жалмады талай арысты. 

Мылтықтың оғы босқа ұшпай, 

Өлiм мен өмiр алысты. 

 

 Ешкім  де,  ешнәрсе  де  ұмытылмақ  емес!  Соғыс  –  күйретуші  күш!  Дәл 



солай!  Барды  жоқ  ететін,  тауды  жер  ететін.  Жер  бетіндегі  тіршілік 

атаулының  бәрін  жалмап  жұтатын  тажал.  Сол  қанды  кезеңді  еске  түсіріп, 

елестететін  газет-журнал  материалдары  немесе  радио-телехабарлар, 

кинолар:аталар  ерлігін  мақтаныш  тұта  бізге  жеткізді.Иә,  содан  бері  70 

жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. 

 Ұлы  Отан  соғысы...  Бұл  сол  кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі  мен 

төзімділіктерін  паш  ететін,  тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың 

алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін 

көрсеткен ардагерлер тойлайды. 

 

Неменеңе жетістің бала батыр, 



Қариялар азайып бара жатыр, 

Бірі мініп,келместің кемесіне, 

Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр,  

 

-  деп  тебіренген  Мұқағали  мұңында  жұмырбасты  пенде  үшін  теңдессіз 



құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. 

 Қариялар  азайып  бара  жатқанын,әсіресе  олардың  ортасында  Ұлы  Отан 

соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 

барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 

күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

62 



 

жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 

туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы 

ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл 

Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман 

оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап,қамқор болып оралған арттағы 

қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. 

Ол - өмір заңы. 

 Біз  Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  ештеңеге  теңеспейтін  ғажап 

күшпен жеттік. Ол  күш  - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына 

бірігіп  күштерін  бір  арнаға  салды.Ұлы  Жеңіс  он  бес  одақтас  болған 

мемлекеттердің ортақ мерейтойы. 

 

Москва, сенің іргеңді 



Ел, ер болып сақтаймыз. 

Сенен аяр жан да жоқ, 

Барлығы да сен үшін, 

Саған қауіп төнгенде, 

Жау таянып келгенде, 

Қамсыз тыныш жатпаймыз. 

Алпыс ұлттың адамы

Қол ұстасып үн қосып, 

Қорғауға сені дайынбыз,  

 

- деп  жазған  Нұрпейіс  Байғаниннің  өлеңінен  халқымыздың  Мәскеу 



қаласына деген ерекше құрметі байқалады. 

Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап, 

жеңіске  жету  ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты  үлесін  қосты. 

Қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап,Берлинге  дейін  барды. 

Олар  Сталинград  түбіндегі  шайқаста,  Днепр  өткелінде,  Москва  мен 

Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. 

Қазақ  ел  басына  күн  туғанда  толарсақтан  саз  кешетін-жауынгер  халық. 

Ұлы  Отан  соғысының  қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ,  қазақтардың 

қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. 

 «Өз  халқын  құрметтеп,  сүймеген  адам  –  опасыз,  оңбаған  адам»,-  деп 

Бауыржан  Момышұлы  айтқандай,  Отан  үшін  өз  басын  өлімге  байлап, 

ажалмен  алысып,  өз  ұрпақтарының,  өз  халқының  намысын  қорғағаны  өз 

халқын шын сүйетіндігінен болса керек. 

Сондай  қиыншылық  жағдайда  дұшпанның  қаптаған  қарақұрым  күшіне 

төтеп  беріп,  олармен  табан  тіресе  шайқасқан  аталарымыздың  ерлігі  біздің 

көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады. 

 «Ерсiз  ел  болмайды,  елсiз  ер  болмайды»,-  дейдi  батыр  бабамыз 

Бауыржан  Момышұлы.  Ұлы  Отан  соғысында  ел  күйреп,  талай  адам  ажал 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

63 



 

құшты.  Сол  соғыста  өзiнiң  қайсар  ерлiгiмен,  қайратты  мiнезiмен 

жауынгерлерге  жiгер  берген  бабаларға  мың  алғыс.  Осы  ержүрек  бабалар 

қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп 

ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге 

байлап,  ажалмен  алысып,  жеңiс  туын  тiктi.  Бауыржан  ата  бiр  естелiгiнде: 

«Мен  –  өзге  ұлттарды  құрметтеушi,  өз  ұлтын  сүюшi  адаммын»,-  дейдi. 

Батырдың  әр  қазақтың  жүрегiнде  сақталуының  себебi  де,  ұлтын 

сүйгендiгiнен шығар. 

Бауыржан  Момышұлының  тұлғасы  маған  қашанда  мұзарт  шыңның 

басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 

жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен, әлемдi дүр 

сiлкiндiрген қазақстандық 316 - атқыштар дивизиясының батальон командирi 

ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты  әлемге 

аңыз  болып,  батыр  қолбасшы  атанды.Жеңiстiң  70  жылдық  мерейтойы 

қарсаңында  қаһармандық  пен  өшпес  ерлiгі  үшін  Мәскеу  халқы  құрметтеп, 

үлкен  сый  жасады.  Мәскеу  қаласынан  ұлан  -  ғайыр,  ұзын  көше,  зәулiм 

мектепке  батыр  атамыздың  есiмi  берілдi.  Бұл  Бауыржан  ерлiгiн  мойындау 

және бүкiл қазақ халқына деген құрметі едi. Оның:  

 

Ежелден ер тiлегi – ел тiлегi,  



Адал ұл ер боп туса – ел тiрегi 

 

- деген өсиетiнің өмiрде орындалғанын көрiп қуандық.Ержүрек батырдың 



кiтаптарын оқып отырып, терең ойға қалам. Отанға деген сүйiспеншiлiгiнен, 

халқына деген махаббатынан, ұлттық биiк рухынан қуат аламын. 

Бауыржан  атаның  қаламынан  шыққан  «Москва  үшiн  шайқас»,  «Қанмен 

жазылған  кiтап»,  «Ұшқан  ұя»,  т.  б.  шығармаларын  оқып  шықтым.  Оның 

шебер суреткерлiгiне, адам психологиясын танып  - бiлудегi сезiмталдығына 

таң  қаламын.  Шығармаларында  әр  кейiпкер  өзгеше  бiр  әлем...  Әр  сөйлемде 

тұнып  тұрған  сыр  жатыр.  Бұларды  оқып  қана  қоймай,  жаттап,  үлгi  өнеге 

алуымыз керек. 

Оның бiзге қалдырған мәңгiлiк өшпес, ғасырдан ғасырға жетер мұралары 

үшiн  ұрпақтары  мәңгi  қарыздар.  Бақытты  болашақ,  Тәуелсiз  ел  -  аңсаған 

арманы  едi.  Бүгiн  сiздiң  арманыңыз  –  ұлттық  тiлдiң,  дәстүрдiң,  салт  - 

сананың  мызғымас  тiрегi,  күшi,  алтын  дiңгегi  –  халықтың  бақ  жұлдызы, 

жарқырап жанған күн. 

 Сiздiң тағлымыңызды зер сала оқып - үйрену бүгiн де, ертең де келешек 

ұрпақ үлесiнде. Ұлт болашағының негiзiн жасайтын жастар санасы өркениет 

деңгейiне сай болуы шарт. Осыны ойлаған кезде сiздiң: «Жаудан да, даудан 

да қорықпаған қазақ едiм, ендi қорқынышым көбейiп жүр. Балаларын бесiкке 

бөлемеген, бесiгi жоқ елден қорқам. Екiншi, немересiне ертегi айтып беретiн 

әжелердің азаюынан қорқам. Үшiншi, дәмдi, дәстүрдi сыйламайтын балалар 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

64 



 

өсiп  келедi.  Оның  қолына  қылыш  берсең,  кiмдi  де  болса  шауып  тастауға 

даяр. Қолына кiтап алмайды. Үйренiп жатқан бала жоқ, үйретiп жатқан әже, 

әке  жоқ»,  –  деген  өсиетiңiз  ойға  оралады.Бұл  –  үлкен  алаңдаушылық.  Өзiн 

халықтан бөлiп қарай алмайтын тұлғаның алаңы. Бұл үн бүгiнгi дәуiрмен де 

үндесiп жатыр. 

Жеңіс  күні  соғыстан  оралмай  қалған  ерлеріміздің  рухына  бас  иіп, 

арамызда  жүрген  соғыс  ардагерлеріне  құрметпен  қарап,  олардың 

қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?! 

 Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев:  «Ұлы  Жеңіс  –  Қазақстан 

тарихының  жарқын  беттерінің  бірі.  Бұл  –  қан  майданда  от  кешкен  соғыс 

ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, 

құлақтары  жастыққа  тимеген  тыл  ардагерлерінің  мейрамы»-деп  атап  өткен 

болатын.  Табан  ет,  маңдай  термен  келген  осы  Ұлы  Жеңіске  қаруымен  де, 

қаламымен 

де 


үлес 

қосқан, 


аты 

аңызға 


айналған 

қаһарман 

жазушыларымыздың  бірі  де,  бірегейі  -  Бауыржан  Момышұлының 

қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын. 

  

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

65 



 

Садықова Айнұр 

7 сынып,№38 мектеп-гимназия 

Іле ауд. 

 Жетекшісі:Есенғұлова Ғ.М. 



 

Болашаққа аманат 

 

Біз,бүгінгі  мектеп  оқушылары  Ұлы  Отан  соғысы  жайында  оқыған 



кітаптардан,тарихи  фильмдерден  ғана  білеміз.  Соғыстың  адамзат  үшін  

әкелген  қасіреті  жайлы  жан  түршіктіретін  деректерге  көз  жүгіртер  болсақ,  

«Советтер  одағы»  деп  аталатын  алып  империяның  құрамында  болған  менің 

елім де қаһарлы жылдардың ауыр жүгін өзге халықтармен теңдей көтерісті. 

Асыраушы  азаматтары  майданға  кеткен  отбастарындағы  аналар  мен  

балалардың,қарттардың көрген азабын,шеккен қасіретін тіпті ғасырлар бойы 

айтып та, жазып та түгесу әсте мүмкін емес .  

Майданға 1 миллион 700 мыңдай сарбаз аттандырып,тылда қалған аналар  

мен  қарттар,балалар  өз  ошақтарының  отын  өшірмей,түтінін  түзу  түтетіп  , 

соғысқа  кеткен  азаматтарын  соңғы  демі  біткенше  зарығып  күтумен  болды. 

Басқа 

түскен 


қиындықтарға 

олар 


ешбір 

жасымады. 

Керісінше, 

майдангерлерге  материалдық  та,рухани  да  қолдау  көрсетіп,Ұлы  Жеңісті  

жақындатуға  бар  күш  -жігерлерін  салды.Үлкен  үмітпен  батыс  жаққа  

елеңдеген  көздер,жасқа  толы  жанарлар,  сағыныштан  езілген  жүректер, 

аштық  пен  жалаңаштықтың  бетін  бүркей  жүріп,күні  –түні  егіс  басында, 

қырманда, азын-аулақ мал соңында тырбанған қарттар мен буыны бекімеген 

балалар сол зұлмат жылдардың мен оқып білген бейнелері. Майдангер ақын 

Сырбай атамыз сол кезді былай суреттейді: 

 

Жаутаңдап қарап дала тұр, 



Көз жасын сүртіп жаңа бір. 

 Хабарсыз ұлын сұрауға 

 Жолыңды тосып ана жүр. 

 Қанша үйдің ұрлап адамын, 

 Қанша үйде сөніп қалды оттар. 

 Көрдің бе ұлын ананың

 Соғыстан қайтқан солдаттар? 

 

Кешікпей жарым келер деп, 



 Төрінен сайлап орынды. 

 Батысқа қарап елеңдеп, 

 Ару жүр тосып жолыңды. 

 Көтерді бәрін ауырдың 

 Азамат болып арды ақтар. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

66 



 

 Көрдің бе жарын арудың, 

 Соғыстан қайтқан солдаттар? 

 

 Кетерде солдат жарының



 Ішінде қалған ана жыл, 

 Көкемді айтпай танырмын, 

 Деп бір сәби бала жүр. 

 Қайрылмай қалай кетесің, 

 Хабарсыз қалай ол тоқтар. 

 Көрдің бе оның көкесін, 

 Соғыстан қайтқан солдаттар? 

 

Осы  өлеңді  оқығанда  көмейім  тығылып,көзіме  еріксіз  жас  толады.  Өз 



әжеме,анама,әкеме, атама қарап , бар жан дүниеммен тым қорқынышты  күй 

кешемін.  Ұзақ  уақыт  өздеріне  ең  жақын,  жаныңдай  жақсы  көретін    жанды 

отбасы  түгел  үздіге  күтіп,жолын  тосады.Жас  бала  болса  көкесін  айнытпай 

танитынына  сондай  сенеді,өзгелердің  де  оған  сенгенін  қалайды.  Иә,сенеді. 

Мен де сол баланың көкесінің майданнан оралып келетініне сендім.Сол сенім 

сол  бір  қаһарлы  жылдарда  жанға  қуат,көңілге  демеу    болған  құдіретті  күш 

еді.Сол  сенім,сол  адалдық,сол  тазалық,сол  бір  аңғал    пейілдер  әр  ошақ 

басындаүстемдік  құрды.Олар  мойымады.Қиындық  атаулының  бәрін  көре 

тұра  жол  тосумен  болды.Майдангер  ұлдан,әкеден,    жардан  хат 

күтті,келетініне сенді.Күте тұра өзге бір жаманат хабардан қорқып,тайсақтап 

та жүрді. 

 

 Қиын еді,қиындыққа көнуші ек, 



 Көне жүре жеңіске біз сенуші ек. 

 Хат тасушы қартты асыға күтсек те, 

 Көрген жерден тайқып шыға келуші ек! 

 Жалпағынан басып майдан жалғанды, 

 Жаралы жұрт үмітпенен алданды. 

 Хат тасушы жеткізген жат хабардан 

 Ұнатушы ек хабарсыз-ақ қалғанды. 

 

- деп суреттейді бұл бір дәрменсіз сәттерді Қадыр ақын. 



 Иә, сенімнің,үміттің ақбоз атын ерттеп мініп, ерекше төзім мен сабырды 

азық еткен ақжүрек ,ақ тілеулі сол бір жандар отты жылдардың ауыр жүгін 

артқа  тастап,  тарихты  дүр  сілкіндірген  Ұлы  Жеңісті  де  көзбен  көрді.    1481 

күн  мен  түнге  созылған  қаһарлы  соғыс  аға  ұрпақтың  даңқты  жеңісімен 

аяқталды. Бақайшағына дейін қаруланған фашистік Германия жеңілді. 

Сөйтіп  миллиондаған  боздақтың  өмірін  қиған  екінші  дүниежүзілік 

сұрапыл соғыстың тамырына балта шабылғанына биыл міне,71 жыл! 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

67 



 

Ұлы  Жеңіс-аға  ұрпақтың  қанымен,  тылда  қалған  аналар  мен  жас 

балалардың  төгілген  көз  жасымен  келген  басты  құндылығымыз  .Олардың 

ерлігіне  тағзым  етіп,  бас  июмен  бірге  болашаққа  аманттау  біздің  мәңгілік 

парызымыз деп білемін.  

 

 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и средних учебных 

заведений на патриотическую тему, посвященную 71 годовщине Победы и 75-летию 

начала Великой Отечественной войны, 2016 г. 

 

68 



 

Сәкен Еркін 

  5 сынып, Жалаулы орта мектебі 

Раймбек ауданы, Жалаулы ауылы 

Жетекшісі: Бектурған А.Б. 

 

Болмасын соғыс, болмасын! 

 

 Жыл  сайын  мамыр  айы  туғанда  әрбір  адамзат  ерекше  күрсініспен  еске 

алатын, сондай – ақ ерекше толқыныспен атап өтетін бір күн бар. Ол – Жеңіс 

күні!  Биыл  міне  батыр  бабамыз  Рақымжан  Қошқарбаев  Рейхстагқа  Жеңіс 

туын  тіккелі  жетпіс  бір  жыл  өтті.  Алайда,  жер  әлемді  дүр  сілкінткен,  әрбір 

бейбіт  тұрғынның  санасын  сансыратқан  «Бүгін,  1941  жылдың  22  маусымы, 

таңғы  сағат  төртте  Германияның  қарулы  күштері  соғыс  жөнінде  ешбір 

ескертпе  жасамастан  Кеңес  Одағының  шекарасын  шабуылдады»  деген 

хабарлама күні бүгінге дейін кеудеге үрей мен қорқыныш ұялатады. 1418 күн 

мен түн бойы Отан үшін сұрапыл соғыс жүрді. Соғысқа алынған әрбір сарбаз 

басын бәйгеге тігіп, ажалмен бетпе – бет келіп, жауына қасқайып қарсы тұра 

білді,  ақтық  демі  таусылғанша  айқастан  тартынбады.  Жеңіс  жолында  бірі 

бақытты  балалығын,  бірі  жігерлі  жастығын,  бірі  денсаулығын,  енді  бірі 

өмірін  құрбан  етті,  талай  жас  қыршынынан  қиылды,  көптеген  отбасы  қара 

жамылып қалды. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін «Бәрі де 

майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қолынан келгенше тылда 

тыным  таппастан  еңбек  етті.  Нәзік  жанды  әйелдер  бір  –  ақ  сәтте 

қайраттанып,  балалар  бір  –  ақ  сәтте  есейіп  кетті.  Сұм  соғыс  зардабын 

тигізбеген бірде - бір отбасы, жанына жазылмас жара салынбаған бірде – бір 

пенде жоқ. Жеңіс жолы қиын, азапты да ауыр болды. Бұл сұрапыл тек 1945 

жылдың  9  мамырында  аяқталды.  Көгілдір  көктеммен  бірге,  көптен  күткен 

Жеңіс  те  жетті!  Жүректерге  үрей,  жанарларға  жас  ұялатқан  Жеңістің  дәмі 

ащы болды.  

 Осы  жалынды  Жеңістің  жолында  менің  атамның  да  еңбегі  бар.  Атам 

Сыдықов  Қасейін  Алматы  облысы,  Кеген  ауданы,  Жалаулы  елді  мекенінде 

дүниеге  келген.  1930  жылдан  Албанда,  Айт  –  Бозым  руында  алғаш  мектеп 

ашқан  Бозым  баба  атасынан  оқыған,  кейіннен  Майлы  Орманұлының 

Жалаулыда ашқан мектебінен дәріс алып, сауатын ашады. 

 1941  жылы  атам да  өзге  ер  –  азаматтар  секілді  майданға  аттанады.  Ұлы 

Отан  үшін  болған  қанқұйлы  соғыста  575  –  Атқыштар  дивизиясының 

қатарында Сталинград қаласы үшін шайқасты. 1943 жылы қатты жараланған 

атам  елге  қайтады.  Содан  соң  өмір  бойы  Ұзынбұлақ  асыл  тұқымды  қой 

совхозында  еңбек  етті.  1954  жылы  Алматыдағы  есеп  –  қисап  техникумына 

сырттай  оқуға  түсіп,  «бухгалтерлік»  мамандығын  игереді.  Атам  ауыл 

ақсақалдарының төрағасы болып, ел ішінде тентектік жасағандарды тәртіпке 

шақырып,  жолға  салды.  Ол  артынан  ерген  ұрпақтарына  еңбек  еткен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет