Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
22
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б.
2. Мучник Г.М. Текст в системе художественной коммуникации. – Алматы: Балауса, 1996. – 192 б.
3. Савельева В.В. Психоантропология и современная художественная литература // Художественная
литература и проблемы антропологии. Караганда, 2002.
4. Овсянико-Куликовский Д.Н. Литературно-критические работы в двух томах. Том 1. – Москва:
Художественная литература,1989. – 542 б.
5. Белинский В.Г. Сочинения Александра Пушкина. -Москва: Сов. Россия, 1984. - 96 с.
6. Гиршман М.М. Целостность литературного произведения. В книге Проблемы художественной формы
социалистического реализма. -Т.2. – Москва: Наука, 1971. – 352 с.
7. Аймауытов Ж. Шығармалары. -Алматы: Жазушы, 1989. – 558 б.
Редакцияға 05.12.2011 қабылданды.
Ш.С.ӘБІШЕВА
Ж. АЙМАУЫТОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР
The article concerns with investigation of Kazakh prose and short stories written in the early 20-th century
by famous Kazakh writer Aymautov.
Әңгіме жанрының күрделі табиғаты туралы негізгі ойларды академик З. Қабдолов: «Әңгіме – қиын
жанр. ...Өмір эпизодының шағын көрінісінің өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызықты болу
керек. Сюжетке ене бастағаннан-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін
аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек, ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл
даралана беруге тиіс, кейіпкер тұл көрінбейді, оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол
арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы керек; әлгі адам соның өкілі, типтік тұлға
болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білуімен қабат, шұрайлы сөз байлығын, жіті
байқағыштықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген
жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен
биік мәдениетті талап етеді... Мұның бәрі – күрделі, қиын жұмыс», – деп қаламгердің шеберлігін
шыңдау жолы деп пайымдайды [1,200 б.].
Демек, ғалымның әңгімеге қоятын талап деңгейінен табылып, қиын да күрделі жанрды шебер
туғыза білген Жүсiпбек Аймауытов туындыларындағы көркемдік амалдардың қызметін қарастырудың
мәні өте зор.
Қазақ прозасының ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы идеялық-көркемдік деңгейін, жанрлық-
стильдік құбылыстарын танытатын таңдаулы шығармалары қатарынан Жүсіпбек Аймауытовтың
«Бетім-ау, құдағи ғой!» (1918), «Құсбегі» (1918), «Елес» (1924), «Елеусіз ерлер» (1924), «Тәубе қылды»
(1924), «Мен қалай үйлендім?» (1924), «Жол үстінде» (1925), «Тұмарбай мен қатыны» (1924), «Қара
бақсы» (1925), «Әнші» (1925), «Өзгермесе бұ не?» (1926), «Жаңа өмірге аяқ басты» (1925), «Гәп қол
ағашта» (1926), «Қойшы Тастамақ» (1924), «Жаңабайдың жанындағы трагедия» (1925) т.б. әңгімелері
елеулі орын алады.
«Көркем шығармада адам әйтеуір сөйлеуге тиіс болғандықтан сөйлемеуі керек. Әр сөз жасанды
емес, табиғи түрде айтылып, геройдың мінезін танытып, образын аша түсіп, оны даралап жатуы
керек» [2,218 б]. Сонда ғана туындының өн бойындағы көркемдік амалдар кейіпкер табиғатын тап
басып, шынайы таныта алады.
Қаламгер әңгіме жанрында көркемдік құралдарды пайдалануда белгілі бір мақсатты көздейді.
Оның кейіпкер аузына салған сөзі де, ақ өлең түрінде өрілген баяндауы да, монолог, диалог, полилог,
пейзаж т.б. көркемдік амалдар шығарма құрылымына жігін тауып кірігіп, орайласып жатады.
Жазушы әңгімелерінде өзі өмір сүрген дәуірдің шындығын шынайы бейнелейді. Оларда ел
санасындағы өзгерістер, әлеуметтік теңсіздік, кедейдің теңдікке жетуі, өнер, заман туралы көзқарастары
айқын аңғарылады.
Ж. Аймауытов – даурықпа ұрандар мен саясат ықпалының ығында кете бермейтін, әдебиеттің
эстетикалық мұратын жоғары қойған нағыз суреткер. Ол халық басынан кешірген тарихи оқиғаларға
зерделі оймен қарау арқылы сол кезеңдегі заман шындығын, кезең көрінісін шынайы танытудың
шебер үлгісін көрсетеді.
Split by PDF Splitter
№ 3 (88) 2012
23
Қаламгердің ХХ ғасыр басындағы қазақ әңгімесінің озық үлгісі ретінде танылатын «Елес» әңгімесі
– тұлға жасау, дәуір мәселесін көтеруімен де ерекше, тың көркемдік әдісі тұрғысынан да жоғары бағаға
лайық дүние. Осы орайда ғалым Г.Пірәлиева: «Ж. Аймауытовтың «Елес» атты әңгімесі М.М. Бахтиннің
әдебиеттану ғылымына енгізген миниппея жанрының табиғатын еске салады. Өйткені миниппея
жанрында жазылған б.э.д І ғасырдағы римдік ғалым Варронның «Бимаркус» атты шығармасындағы
кейіпкер Марк пен оның Ары (екінші Марк) арасындағы айтыс, Ж. Аймауытов әңгімесіндегі түс
көруші кейіпкер мен Елестің диалогіне ұқсас. Сонау антиктік жанрда туып, әр кезеңде әдебиетте әр
қилы көркемдік тәсілдермен дамып, жан-жақты байытылған санадағы ішкі диалог, сана айтысы қазақ
әдебиетінде алғаш рет Аймауытовтың «Елес» әңгімесі арқылы айшықталады», – деп пайымдайды
[3,91 б.].
Бір ғана мақала жазу үшін соншалықты ой азабын басынан өткерген кейiпкер бейнесіндегі автордың
өз ұстанымы айқын. Өзіне-өзі көңілі толмау, тынымсыз ой мен сезімнің шарпысуында өмір сүріп, барға
қанағат етпей үнемі жақсылыққа ұмтылу өресі биік адамға ғана тән қасиет әңгімеде психологиялық
өріс алған. Жазушы «Психология» (1924) атты еңбегінде былайша ой қорытындылайды: «Өзімізді
бақылау, сынау үшін қақ жарылуымыз керек. Өзімізді ірі сыншының, ірі сыналатын заттың орнына
қоя білуіміз керек. Қақ жарылып, бір өзін екі кісінің орнына қоя білуге, әрине, дағды, әдет керек.
...Өзін-өзі дұрыс, анық бақылап, жазған жазушылардың шығармаларын оқудың пайдасы зор. Адамның
жан құбылыстарын зерттеп, таныс болу үшін, сол шығармалардағы кейіпкердің (тип) бастан кешірген
халдерін бақылау керек, бұл өзін бақылауға құрал болады», деген қорытындыға келеді [4,239 б.].
Міне, қақ жарылып, өзіне-өзі қарсы келу кемеліне келген тұлғаға ғана тән. Мұнда жазушының өз
сөзімен айтар болсақ: «Менің «мендігімді» тірілтуге өзіммен өзім беттесуім керек» [4,238 б.] дегені.
Яғни, «Елес» әңгімесіндегі жорналшы – заман, қызмет талабы қойып отырған мәселелердің
ықпалында кете бермей, әрбір жазатын шығармасына ой көзімен қарайтын, өз ісіне талап қоя білетін
көркем сөз өкілі. Жазушының айтпақ ойы да: заманның, қоғамның ащы шындығын жазатын кесек
– тұлғалар ғана. Сондықтан да ол кейіпкерін диалог арқылы «өз арымен» беттестіртіп, өзінің, елдің
алдындағы есебін бергізеді. Мұндағы көркемдік амал – ішкі диалог.
Қазақ тарихының қасіретті беттері – аштық нәубетінің ауыр көріністерін шеберлікпен бейнелеуде
Ж. Аймауытов пен Б. Майлиннің еңбектері орасан зор. Ж. Аймауытовтың «Жаңабайдың жанындағы
трагедия» әңгімесінің кейіпкері қиындықтан шығу жолы – көшу деп шешкенімен, қайда барса да
аштық жайлаған өңір, қуаң тартқан тіршілік алдынан шығады. Жазушы аталған туындыда ел
басына түскен ашаршылық зобалаңын бірде өз атынан баяндап берсе, бірде кейіпкерлерін сөйлетіп,
шығарманың идеясын аша түседі. Шағын әңгіменің өн бойындағы пейзаж, монолог, баяндау, ішкі
диалог, авторлық мінездеу мен суреттеу арқылы кейіпкер сырына қанықтырады, қаһарман бойындағы
моральдық-этикалық сапаларды ашуға мүмкіндік береді.
Кейіпкердің ішкі әлемі эмоционалды психологиялық жай-күйін ашуда Ж. Аймауытов ишара-
қимыл, мимика, дауыс ырғағын диалогтерді суреттеу барысында сәтті пайдаланады.
Жазушы өз кейіпкерінің жан дүниесіне үңіліп, сыртқы әсерден туындайтын түңілу, торығу, күйіну,
шошыну секілді ішкі жан-күйлерін көрсету арқылы образды даралай түседі. Адам психологиясына
терең бойлай білген жазушы ел басына түскен зобалаңды жан-жақты көрсетуге тырысады. Ж.
Аймауытовтың шығармалары қоршаған ортаның тіршілік-тынысын өзінің құнарлы тіл өрнегімен
халықтың биік идеясын ту етіп көтеруімен ерекшеленеді. Ғалым Х. Кәрімовтің: «Диалогке
қатысушылар өздерінің репликалары арқылы бір-біріне әсер етіп қана қоймайды, оқушыға да әсер
етеді, оқиғаны шиеленістіріп, оқушыны ынтықтырып отыруға септігін тигізеді» – деген пікірін Ж.
Аймауытов шығармаларынан анық көруге болады [5,42 б.].
Академик З. Қабдоловтың: «Шын мәніндегі көркем сөз ұсталары қашан да болсын, өз өнер
туындысына айналдырып отырған өмір шындығын бетінен қарпымай, тереңнен қамтиды; жалаң
алмайды: ішкі қыртыстарымен қоса, қопара көрсетеді; қолдан бояп, жасандылыққа апармайды, өз
түр-түсімен табиғи қалпында кескіндейді», – деген пікірінің ақиқаттығын Ж. Аймауытовтың осы
әңгімесі дәлелдейді [1,213 б.]
Қаламгердің «Тұмарбай мен қатыны» (1924) әңгімесіндегі диалогтер оқушының езуін тартқызбай
қоймайды. Әңгіме тақырыбы – қолына билік тиген адамның мінезіндегі өзгеріс құбылыстарын ашу.
Өзіне берілген азғана мансапқа мас болып, қармап қалудың жолын ойлаған Тұмарбай мен оның
отбасы тұтастай кесір мінездің сипаты. Шығармада кеңес үкіметінің алғашқы жылдары суреттеледі.
Автор қазақ ауылдарының тыныс-тіршілігін, ел адамдарының елгезек, аңқау мінездерін, сан ғасырлық
Split by PDF Splitter
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
24
қалыптасқан дәстүрін мейлінше мол қамтиды. Әңгіменің тақырыбы – сайлау. Басты кейіпкер –
Тұмарбай. Ол – ұнамсыз, тоғышар тұлға. Автор бұл бейнелерді, олардың іс-әрекеттерін шебер
қолданған диалогтер арқылы көрсетеді.
Бай ауылының көрінісін, сайлаудың алды мен соңындағы қарбалас сәттерді баяндай келе, жазушы
диалогке көшеді. Мысалы:
« – Шәкенжан! Поздраф меня! – деді Тұмарбай орысшалап. Үйткені қалада өскен Шәкенжан
орысшаға да қара жаяу емес еді.
– Құтты болсын, жаным! Немене? – деп түк көрмегенсіп, мойнынан құшақтай алды.
– Енструктор болдым!
– Ә, қойшы!
– Олда, құдай біледі!
– Е, жақсы болды ғой!
– Қай елде десейші!
– Қай елде, жаным?
– Майқа болысына: ең бай ел! Несін сұрайсың!
– Қымыз, көк көп, таза ауа!...» [6,85 б.].
Ремаркалық түсіндірмелерсіз-ақ Тұмарбай мен әйелінің арасындағы диалог әңгіме идеясын
оқырманына жеткізіп тұр. Екі кейіпкерді жете таныстыруды автор міндетіне алмайды. Тұмарбайдың
тоғышарлығы, әйелінің санасының таяздығы авторлық ремаркасыз-ақ диалог жүйесінен айқын
аңғарылады.
Жылпостық мінезімен партияға өтіп кетіп, инструктор болып елге шығуға ілініп кеткені болмаса,
алдағы ісінен де оңды ештеңе шықпайтыны авторлық мінездемеден-ақ көрініп қалады.
Тұмарбай жанындағы арпалыс, жақсылық, ел мүддесі үшін емес, қара басының қамы. Өзінің
инструкторлыққа іліккенін зор мәртебе санап алып-ұшып, әйеліне жеткенше асығуының мәні де
осында.
Шығарма желісінде автор кейіпкердің іс-әрекетіне еркіндік береді және оны өзі қатаң бақылап
отырады. Оның қырағылығы сонда, ол – кейіпкерінің ішкі-сыртқы жан дүниесінде болып жатқан
психологиялық құбылыстарды тап басып көрсетеді. Мәселен:
«Үстел басында қажы-екең отырып, – Шәкеңе сыбыр етті:
– Әй, мұнда келші! – деді Шәкесі. Келді. Әне бір құлақшын киген жігітті «құйыршық» деп естідім,
соны да шығарып жібер, – деп әмір етті. Тұмарбай «құлақшынға» барды.
– Сен кімсің?
– Мен жұмысшымын.
– Шығасың.
– Шықпаймын. Сәбет кедейдікі екені шын болса, мен сайлаудан шықпаймын...» [6,87 б.].
Осы көріністе жазықсыз жала жапқан Тұмарбай қылығына шыдамай төбелесе кеткен жұмысшының
диалогтері жаңа мінездің, жаңаша көзқарас пен әділетсіздікке көнбейтін өр жандардың тұлғасын көз
алдыңа әкеледі.
Ж. Аймауытов диалог көмегімен Тұмарбайдың іс білмейтін надандығын, әйелінің көрсе қызар,
дүниеқоңыздығын кекесінді әжуамен ашады. Осылай өрбіген дау-жанжал соңы ұрыс, төбелеске
айналады.
Жазушы шығармаларында адамдар арасындағы қайшылықты, тартысты осы сияқты көркемдік
амалдар арқылы жиі бейнелейді. Кейде диалогтердің астарында юмор, әжуа қылаң береді.
Көркем шығарма – өмірдің құр ғана сыртқы бейнесі емес, суретті cөз арқылы берілген ішкі мазмұны.
Көркем шығармаларда диалог көп реттерде бірден кейіпкерлер репликаларынан басталмайды. Ең
алдымен, автор диалогке жағдай жасайды: әңгімеге қатысушы кейіпкерлердің аты-жөні, жай-күйі,
шыққан ортасы, ата-тегі, мезгілі, диалогке өзек болып отырған тақырып жайында мағлұмат береді.
Бұл – авторлық баяндаудан диалогке өтудің баспалдағы. Диалогке кіріспе – диалогтің алғышарты,
диалогтің басталуына дайындық іспетті.
Мәселен, «Жидебайдың баяндамасы» (1925) атты әңгімесінде бас кейіпкер Жидебайдың ортасы,
ата-тегі, мінез-құлқынан хабар беріледі. Әңгіме автордың баяндауынан басталып, диалогке жалғасады:
«Бір жылдан кейін, Жидебай кәсіп қылу үшін алыс елге барып, ай жүріп үйіне келіп отыр еді,
шабарман шауып келіп, бір қағазды берді:
– Бүгін сайлау болады, дереу жет! Көпжасар жоқ. Қарап кетіпті. Оның қызметін сен атқарасың! –
деді.
Split by PDF Splitter
№ 3 (88) 2012
25
Жидебай:
– Жаңа келіп отырмын, мен нені білемін? – деп жалынып еді.
– Былшылдама, барасың! – деп шабарман кетіп қалды.
– Мынау бір түйткіл болды. Үлкендерден сөгіс естіп қалам ба? – деген ой Жидебайдың зәресін
ұшырды. – Япыр-ай, мен қалай істеймін? Нені істеймін? Нені білемін? Менің тілімді жұрт ала ма?
Тағы біреуден таяқ жеп қалмасам неғылсын? Әлде менің бір жазығым бар шығар, мені шақырып алып
жауып тастар ма? Мұның ретін білмедім-ау!? Кімнен сұрасам екен?.. [6,108 б.].
Жидебай мен шабарман сөздері ашық диалог ретінде беріледі де, сол әңгіменің әсері Жидебай
үшін үрей, қорқыныш, сана қақтығысын беретін ішкі диалогке ауысқан. Ішкі диалог – жазушы
әңгімелерінде образды тереңірек таныту үшін қызмет атқарады.
Қаламгер әңгімедегі полилогтерде көптің көкейіндегіні, көптің көңіл-күйін, ортақ мүдде, ортақ
әрекеттің жайын көбірек назарда ұстайды. Сөйтіп, біреудің сөзі емес, полилог көбіне көптің пікірі,
көптің үні болып келеді.
Жазушының «Бетім-ау, құдағи ғой!», «Алып ұйқы», «Қара бақсы», «Соп-соп», «Әнші», «Қызыл
отау, Қызылбике» әңгімелеріндегі кейіпкерлердің бітім-болмысы, табиғаты көптің пікірі, байламы
полилогтер негізінде ашылып жатады.
Адам тағдыры, оның іс-әрекетін тұтас алып суреттеуде таза баяндау әдісін «Шажамай», «Кенжем
атты», «Аждаһа», «Оралдан пойыз өткенде», «Қырсықты Сүлей», «Делебесі қозған жігіт», «Мысыққа
ойын, тышқанға өлім», «Боранды болжағыш әулие», «Алып ұйқы», «Жапырақтар», «Мен қалай
үйлендім?» әңгімелерінде де шебер қолдана білген.
Сонымен ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасын әлемдік деңгейдегі классикалық шығармалар
қатарына жеткізген суреткер әңгімелерінде заман талабынан туған шұғыл өзгерістерді қабылдаудағы
кейіпкерлерінің сезім күйлерін жасандылықпен бедерлеуді көздемейді. Санадағы күресті, адамның
рухани әлеміндегі өзгерістерді ретіне орай, көркемдік амалдарды шебер қолдану арқылы жеткізуді
мақсат еткендігі көрінеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 350 б.
2. Қабдолов З. Таңдамалы шығармалары. ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1983. – 456 б.
3. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. – Алматы: Алаш, 2003. – 325 б.
4. Аймауытов Ж. Психология. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1997. – Т. 4. – 443 б.
5. Кәрімов Х. Қанатты тіл. – Алматы: Санат, 1995. – 144 б.
6. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 1997. – Т. 1. – 270 б.
Редакцияға 31.01.2012 қабылданды.
У.М. БАХТИКИРЕЕВА
ТЕКСТЫ Л.Н. ГУМИЛЕВА И ПЕРСПЕКТИВЫ ПОСТСОВЕТСКОГО
ЕВРАЗИЙСКОГО НАУЧНОГО ДИСКУРСА
The article is devoted to comprehension of the methodological guiding principle, implemented by L.N. Gu-
milev in the study of issues (lacuna, gap) of the Eurasian space. The creative heritage of the great scientist
and Eurasian can be used for understanding the reality of the post-Soviet Eurasian space.
В современных науках гуманитарного цикла актуализировались меж- и мультидисциплинарные
исследования. Особо актуальными они представляются в контексте намечающегося перехода
высокоразвитых в технологическом отношении стран к Шестому Технологическому Укладу.
Общецивилизационный кризис рубежа веков, очевидно, так глубок, что впервые в рамках
нового уклада кроме технократических проблем стали выдвигаться проблемы гуманитарные,
но системно переосмысленные и направленные на наступающую реальность нано-био-инфо-
когнитивной революции. Эта революция может изменить природу человека, саму его онтологию.
В складывающихся обстоятельствах становится очевидным, что без учета гуманитарных проблем,
культурных, ценностных и этических измерений грядущий качественный технологический скачок
способен похоронить человечество как вид. Отсюда особую ценность приобретают усилия по
Split by PDF Splitter
Достарыңызбен бөлісу: |