31.05.2014ж. №21 /7697/
А ќ ќ у ‰ н і
7
Мәслихат ауданның бюджетін облыстық бюджетті бекіту
туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан
кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.
29. Мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті жылға арналған
жергілікті бюджетті нақтылауға қатысты
жоспардан
тыс
мәселелерді
енгізу
барысында
материалдарды ұсыну бюджеттік заңнамамен көзделген
мерзімдерде жүзеге асырылады.
30. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында аудан бюджетін
нақтылау барысында сессияны шақыру туралы шешім
қабылдаған күннен бастап екі күн ішінде тұрақты (уақытша)
комиссияларда бюджет жобасын қарау бойынша жұмыстар
жүргізіледі.
3. Есептерді тыңдау тәртібі
31. Мәслихат Лебяжі ауданы әкімінің есеп беруін тыңдау
жолымен жергілікті бюджеттің, аумақтарды дамыту
бағдарламаларының
орындалуын
бақылауды
жүзеге
асырады.
32. Мәслихат Қазақстан Республикасы Президентінің 2006
жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында
есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес сессияда
Лебяжі ауданы әкімінің есебін тыңдайды.
Әкімнің (оның міндеттерін атқарушы тұлғаның) өзіне
жүктелген міндеттер мен функцияларды орындалуы туралы
есебі және ол бойынша шешім жобасы мәслихаттың тұрақты
комиссияларының қарауына тиісті сессиядан үш апта бұрын
енгізіледі.
Әкіммен ұсынылған аумақтарды дамыту жоспарларының,
экономикалық
және
әлеуметтік
бағдарламаларының
орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы
есептердің мәслихатпен екі рет бекітілмеуі ҚР Заңының 24-
бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәслихаттың
мәселе қарауы үшін негіз болып табылады.
33. Мәслихат мәслихат хатшысының, мәслихаттың тұрақты
комиссияларының және өзге де органдары төрағаларының
есептерін тыңдайды.
Мәслихат хатшысы жылына кемінде бір рет мәслихаттың
кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру
бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен
депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың
өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар,
мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де
органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының
қызметі туралы есеп береді.
Мәслихат
сессиясының,
мәслихаттың
тұрақты
комиссияларының және өзге де органдарының төрағалары
жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында
жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы
туралы есеп береді.
34. Павлодар облысының тексеру комиссиясының
бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын
қарайды.
35.
Мәслихат
жылына
кемінде
бір
рет
халық
алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты
комиссияларының қызметі туралы есеп береді.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық
округ тұрғындарын мәслихаттың есебімен жергілікті
қоғамдастықтың жиындарында мәслихаттың хатшысы,
тұрақты комиссиялардың төрағалары басқаратын депутаттар
тобы таныстырады.
4. Депутаттардың сауалдарын қарау
тәртібі
36. Мәслихат депутаты мәслихаттың құзыретіне жататын
сұрақтар бойынша ресми жазбаша сауалмен әкімге, аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшесіне, прокурорға
және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық
мемлекеттік
органдардың
аумақтық
бөлімшелерінің,
атқарушы органдардың лауазымдық тұлғаларына жүгінеді.
37. Сессия басталғанға дейін енгізілетін сауалдар
сессияның төрағасына, мәслихат хатшысына беріледі және
оларды сессияның күн тәртібіне енгізу туралы мәселе
шешілген жағдайда оның отырысында қаралады. Сауал
бағытталған органға немесе лауазымды адамға мәслихаттың
хатшысы оның көшірмесін жолдайды. Сессияны өткізу
барысында енгізілетін сауалдар төрағалық етушіге отырыста
беріледі.
38. Сессияда қаралуға тиіс басқа мәселелерге байланысы
жоқ сауал күн тәртібіне жеке мәселе ретінде енгізіледі не
сессия жұмысының соңында бұл үшін арнайы бөлінген
уақытта қаралады. Мәслихат сессияның күн тәртібін
сауалдармен және сұрақтармен жұмыс істеуге уақыт резерві
көзделетіндей етіп айқындайды. Сессияда шешілуге тиіс
басқа мәселелермен байланысты сауалдар күн тәртібіне
енгізілмейді және төрағалық етуші оларды сессияда тиісті
мәселе бойынша жарыссөздер басталғанға дейін жария
етеді.
39. Мәслихат сауалды қарауды басқа сессияға ауыстыра
алады. Сауалдарды енгізген депутаттар сессияның күн тәртібі
бекітілгенге дейін оларды кері қайтарып ала алады. Күн
тәртібі бекітілгеннен кейін сауалды қараудан алып тастау
мәслихаттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жазбаша
түрде берілген сауалдар сессияның хаттамасына тіркеледі.
40. Депутаттық сауалға жауап бір айдан кешіктірілмейтін
мерзімде жазбаша нысанда берілуі тиіс.
Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге
құқылы. Прокурорға жолданған сауалдар қылмыстық
қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауы тиіс.
5. Мәслихаттың лауазымды тұлғалары,
тұрақты комиссиялары және өзге де
органдары, мәслихаттың депутаттық
бірлестіктері
5.1. Мәслихат сессиясының төрағасы
41.
Мәслихаттың
кезектi
сессиясының
төрағасы
мәслихаттың алдыңғы сессиясында оның депутаттарының
арасынан ашық дауыспен сайланады.
Кандидатураларды
енгізгеннен
кейін
мәслихат
депутаттары ашық дауыс беруді жүргізеді. Егер кандидатқа
депутаттардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, ол
сайланды деп есептеледі.
Мәслихат депутаты күнтiзбелiк бір жыл iшiнде мәслихат
сессиясының төрағасы болып екi реттен артық сайлана
алмайды.
Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн
мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
42. Мәслихат сессиясының төрағасы:
1)
мәслихат
сессиясын
шақыру
туралы
шешiм
қабылдайды;
2) мәслихат сессиясын дайындауға басшылық жасауды
жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргiзедi, мәслихат
регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген
мәслихат шешiмдерiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол
қояды.
Мәслихат сессиясының төрағасы өз функцияларын басқа
жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
43. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде
депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат
сессиясының
төрағасы
шешушi
дауыс
құқығын
пайдаланады.
5.2. Мәслихат хатшысы
44. Бірінші сессияда мәслихат депутаттар арасынан
мәслихаттың хатшысын сайлайды, ол тұрақты негізде жұмыс
істейтін және мәслихатқа есеп беретін лауазымды адам
болып табылады. Мәслихат хатшысы мәслихат өкілеттігінің
мерзіміне сайланады.
Мәслихат хатшысы өкілеттіктерін Заңға және осы
регламентке сәйкес жүзеге асырады.
45. Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураларды
мәслихаттың
депутаттары
мәслихаттың
сессиясында
ұсынады. Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек
қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің
үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе
жасырын дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының
жалпы санының көпшілік даусын алса, кандидат мәслихаттың
хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледі.
Егер мәслихат хатшысының лауазымына екіден көп
кандидат ұсынылған болса және олардың бірде-бірі сайлану
үшін талап етілетін дауыс санын ала алмаса, неғұрлым көп
дауыс алған екі кандидатура бойынша қайтадан дауыс беру
жүргізіледі.
Егер қайтадан дауыс беру кезінде осы кандидаттардың
бірде-бірі депутаттардың жалпы санының жартысынан
астам даусын ала алмаса, қайтадан сайлау өткізіледі.
46. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты
комиссияларының құрамына кіруге құқығы жоқ. Мәслихат
хатшысының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған
жағдайда, жаңа хатшыны сайлау Заңда және осы регламентте
белгіленген тәртіппен өткізіледі.
5.3. Мәслихаттың тұрақты және уақытша
комиссиялары
47. Мәслихат өз өкілеттігінің мерзіміне бірінші сессияда
депутаттар қатарынан мәслихаттың қарауына жататын
мәселелерді алдын ала қарау және дайындау, оның шешімдерін
жүзеге асыруға ықпал ету, өз құзыреті шегінде бақылау
функцияларын жүзеге асыру үшін тұрақты комиссиялар
құрады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін
депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы мәслихат
сайлайды.
Әрбір тұрақты комиссияның тізбесі, саны және құрамы
жеке-жеке дауысқа салынады. Олардың сандық және дербес
құрамы сессия төрағасының, мәслихат хатшысының ұсынысы
бойынша айқындалады.
Тұрақты комиссиялардың саны жетіден аспауға тиіс.
Мәслихаттардың тұрақты комиссиялары төрағаларының
кандидатуралары тұрақты комиссиялардың отырыстарына
шығарылады. Кандидатуралардың санына шек қойылмайды.
Мәслихат отырысында төрағалардың кандидатураларын
талқылау әр комиссия бойынша жеке-жеке өткізіледі.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарын құра алады.
48. Тұрақты комиссиялардың қызметін ұйымдастыру,
функциялары мен өкілеттіктері Заңмен айқындалады.
49. Мәслихаттың қарауына жатқызылған жекелеген
мәселелерді сессияларда қарауға дайындау мақсатында
мәслихат не мәслихаттың хатшысы уақытша комиссиялар
құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын,
міндеттерін, өкілеттік мерзімдері мен құқықтарын оны құрған
кезде мәслихат не мәслихаттың хатшысы айқындайды.
50. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихат
шешімі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізе алады.
Көпшілік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар,
жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен
осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары нысанында
тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте
маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау
мақсатында өткізіледі.
Көпшілік тыңдаулар өткізу үшін депутаттар қатарынан
жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшін
өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары
жұмылдырылуы мүмкін.
Тұрақты комиссия алда болатын көпшілік тыңдаулардың
тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың
назарына жеткізеді.
Көпшілік
тыңдауларға
тұрақты
комиссия
мүдделі
мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Көпшілік
тыңдауларда мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларының
депутаттары қатыса алады.
51. Қаралатын мәселелер «Мемлекеттік құпиялар туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік
немесе қызметтік құпияға жатқызылған жағдайларды
қоспағанда, тұрақты комиссиялардың отырыстары, әдетте,
ашық болады.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары қажеттiлiгiне қарай
шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн
депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса,
заңды болып есептеледi.
Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерiнің
жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде
депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты
комиссияның
төрағасы
шешушi
дауыс
құқығын
пайдаланады.
Тұрақты
комиссияның
қаулысы
мен
отырыстың
хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты
комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi
комиссиялардың төрағалары қол қояды.
5.4. Сайлау комиссияларын құрудың тәртібі
52. Мәслихат ашық дауыс беру арқылы депутаттар
қатарынан құрамы тақ санды құрайтын есеп және редакциялық
комиссияларын
сайлайды.
Есеп
және
редакциялық
комиссияларының құрамына мәслихат аппаратының және
басқа мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері енгізілуі
мүмкін.
53. Редакциялық комиссияның құрамы қаралатын
мәселенің ерекшелігі, комиссия мүшелерінің мамандықтары,
біліктіліктері мен жұмыс тәжірибелері ескеріле отырып
қалыптастырылады.
Редакциялық комиссия кезекті сессияға да сайлануы
мүмкін.
54. Ашық дауыс беру өткізілгенде есеп комиссиясы
дауыс беру және оның қорытындысын шығару процесін
ұйымдастырады.
Есеп комиссиясы өз құрамынан төраға мен комиссия
хатшысын сайлайды, оның шешімдері ашық дауыс беру
арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Ашық дауыс беру басталмас бұрын сессия төрағасы
дауысқа түскен ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың
мазмұнын оқиды.
Жасырын дауыс берудің уақыты мен орнын, оны өткізудің
тәртібін есеп комиссиясы мәслихат регламентінің негізінде
белгілейді және есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды.
Бюллетеньдер беру тікелей дауыс беру алдында жүргізіледі,
олар есеп комиссиясы белгілеген нысанда оның бақылауымен,
отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең
мөлшерде жасалады және есеп комиссиясының төрағасы қол
қояды. Белгіленген нысанға сәйкес келмейтін бюллетеньдер
санақта есепке алынбайды.
5.5. Мәслихаттардағы депутаттық
бірлестіктер
55.
Мәслихат
депутаттары
саяси
партиялардың
фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық
топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құра алады. Мәслихат
хатшысы депутаттық бірлестіктерге кірмейді. Депутаттың
тек бiр ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
56. Депутаттық фракциялар мен топтарды тіркеу мәслихат
сессиясында жүзеге асырылады, келіп тіркелу тәртібімен
жүргізіледі және тек ақпараттық сипатта болады.
57. Депутаттық бірлестіктердің мүшелері:
1) мәслихаттың күн тәртібі, талқыланатын мәселелерді
қарау тәртібі және олардың мәні бойынша ескертулер мен
ұсыныстар енгізуі;
2) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды
адамдардың кандидатуралары бойынша пікірлерін айтуы;
3) мәслихат шешімдерінің жобаларына түзетулер ұсынуы;
4) депутаттық бірлестіктің қызметі үшін қажетті
материалдар мен құжаттарды сұратуы мүмкін.
58. Саяси партияның фракциясы өз қызметінде саяси
партияның басшы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды,
сондай-ақ саяси партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің
жұмысына қатысады. Фракция мәслихаттың кемiнде бес
депутатын бiрiктiруге тиiс. Депутаттық топтың құрамында
мәслихаттың кемiнде бес депутаты болуға тиiс.
6. Депутаттық этика
59. Мәслихат депутаттары:
1) бір-біріне және мәслихат сессияларының, мәслихат
комиссиялары мен оның жұмыс органдарының жұмысына
қатысатын барлық басқа да тұлғаларға құрметпен қарауға
тиіс;
2) өздері сөз сөйлегенде дәлелсіз айыптауларды, мәслихат
депутаттарының және басқа тұлғалардың ар-намысы мен
абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, жәбірлейтін сөздерді
қолданбауға тиіс;
3) заңсыз және зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырмауға
тиіс;
4) мәслихаттың, мәслихаттың тұрақты комиссияларының
және өзге де органдарының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі
келтірмеуге тиіс;
5) сөйлеушілердің сөзін бөлмеуге тиіс.
60. Көпшілік іс-шараларды өткізген кезде бұқаралық ақпарат
құралдарында сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдардың,
лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметіне пікір
білдіргенде депутат дәлелденген, тексерілген фактілерді ғана
пайдалануы тиіс.
61. Депутат мемлекеттік органдармен және ұйымдармен,
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынастарда өзінің
депутаттық мәртебесінің артықшылығын жеке мүддесі үшін
пайдаланбауға тиіс.
62. Мәслихат депутаты өзіне депутаттық өкілеттігін
жүзеге асыру барысында белгілі болған мәліметтерді,
егер бұл мәліметтер сессиялардың, мәслихаттың тұрақты
комиссиялары мен оның өзге де органдарының жабық
отырыстарында қаралған мәселелерге қатысты болса, жария
ете алмайды.
63. Мәслихат атынан өкілдік етуге арнайы өкілеттігі
жоқ мәслихат депутаты мемлекеттік органдармен және
ұйымдармен тек қана өз атынан байланысқа түсе алады.
64. Мәслихат депутатына өз міндеттерін орындамағаны
және (немесе) тиісінше орындамағаны, сондай-ақ мәслихат
регламентінде белгіленген депутаттық этика қағидаларын
бұзғаны үшін Заңның 21-бабына сәйкес жазалау шаралары
қолданылуы мүмкін.
7. Мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыру
65. Мәслихат пен оның органдарының қызметін
ақпараттық-талдамалық,
ұйымдық-құқықтық
және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға
өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсету үшін
мәслихат аппараты құрылады.
Мәслихат
аппараты
жергiлiктi
бюджет
есебiнен
қамтылатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
Мәслихат аппараты туралы ережені мәслихат бекітеді.
66. Мәслихат Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген штат саны мен бөлінген қаражат лимитi шегiнде
мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi, оны қамтуға
және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған
шығыстарды айқындайды.
67. Мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң
қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады.
Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда, мәслихат
өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның
депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда,
мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң
қызметi тоқтатылмайды.
/ Басы 4 бетте./