кезіндегі әндер тыңдатылды.
еңбеккерлері туралы қызықты мәліметтер айтты.
ұлыстардың өкілдерін құрбан етті.
мәліметтер келтірілген.
бүгінгі күннің бедерін сызғыламауға сабақ болуы тиіс.
ешқашан ұмытылмайды.
31.05.2014ж. №21 /7697/
А ќ ќ у ‰ н і
6
Павлодар облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 22
мамырда
3818 нөмірі арқылы тіркелді
Лебяжі аудандық мәслихаттың
ШЕШІМІ
(V сайланған ХXXII (кезектен тыс) сессиясы)
Аққу ауылы № 2/32 2014 жылғы 06 мамыр
Лебяжі аудандық мәслихатының
регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару
және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 8 – бабы 3 - тармағының
5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013
жылғы 3 желтоқсандағы «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту
туралы» № 704 Жарлығына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты
ШЕШIМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Лебяжі аудандық мәслихатының
регламенті бекiтiлсiн.
2. Лебяжі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы
(V сайланған ХXV сессиясы) «Лебяжі аудандық мәслихатының
регламентін бекіту туралы» № 4/25 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат
аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім бірінші ресми жариялануынан кейін он күнтізбелік
күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы Қ. Тлеуғабыл
Лебяжі аудандық мәслихатының
(V сайланған ХXXII (кезектен тыс)
сессиясы) 2014 жылғы 06 мамырдағы
№ 2/32 шешімімен бекітілген
Лебяжі аудандық мәслихатының
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы Лебяжі аудандық мәслихатының регламенті
(бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және
мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын
өткізу, оларға сұрақтар енгізу және қарау тәртібін,
мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі
туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарылған
жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі
туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын
қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің
өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс
беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсімдік
және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.
2. Лебяжі аудандық мәслихаты (жергілікті өкілді орган)
– ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін
және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын
және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы
орган. Лебяжі аудандық мәслихаты заңды тұлғаның
құқықтарымен иеленбейді.
3. Лебяжі аудандық мәслихатының қызметі Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, Заңмен және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
атілерімен реттеледі.
2. Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі
2.1. Мәслихат сессиялары
4. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып
табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдары
бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер
шешіледі.
Егер мәслихаттың сессиясына мәслихат депутаттарының
жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды.
Сессия пленарлық мәжіліс түрінде өтеді.
Мәслихаттың шешімі бойынша сессия жұмысында
мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын
үзіліс жариялануы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат
белгілейді.
Мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып
отырған депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижесін
сессияның төрағасы отырыс басталардан бұрын жария
етеді.
Мәслихаттың сессиясы, әдетте, ашық түрде өтеді. Жабық
сессияларды өткізу мәслихат сессиясы төрағасының
немесе мәслихаттың сессиясына қатысып отырған
депутаттар санының үштен бір бөлігінің ұсынысы
бойынша қабылданатын мәслихаттың шешімімен рұқсат
етіледі, егер бұл үшін қатысып отырған жалпы депутаттар
санынан көпшілігі дауыс берсе.
5. Жаңадан сайланған Лебяжі аудандық мәслихатының
бірінші сессиясы депутаттардың осы мәслихат үшін
белгіленген жалпы санынан кем дегенде төрттен үш
бөлігі болған кезде мәслихат депутаттары тіркелген
күннен бастап отыз күндік мерзімнен кешіктірмей Лебяжі
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасымен
шақырылады.
6. Мәслихатың бірінші сессиясын сайлау комиссиясының
төрағасы ашады және оны мәслихат сессиясының
төрағасын сайлауына дейін жүргізеді.
Сайлау комиссиясының төрағасы депутаттарға ашық
дауыс беру түрінде өткізілетін сессия төрағасының
кандидатурасын енгізуді ұсынады. Депутаттардың жалпы
санының көпшілік дауысын жинаған кандидат сайланған
болып есептеледі.
7. Мәслихатың кезекті сессиясы жылына төрт реттен
жиі шақырылмайды және оны мәслихат сессиясының
төрағасы жүргізеді.
8. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы осы мәслихатқа
сайланған депутаттар санының кем дегенде үштен
бір бөлігінің, сондай-ақ Лебяжі ауданы әкімінің
ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасымен
шақырылады және жүрізіледі.
Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім
қабылданған күннен бастап бес күндік мерзімнен
кешіктірмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны
шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
9. Мәслихаттың хатшысы мәслихаттың сессиясын
шақыру уақыты мен оның өткізілу орны, сондай-ақ,
сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы
депутаттарға, халыққа және аудан әкіміне сессияға дейін
он күн бұрын, кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда,
үш күн бұрын хабарлайды.
Сессия қарауына енгізілетін сұрақтар бойынша қажетті
материалдар аудан әкіміне және депутаттарға сессияға
дейін бес күн бұрын, кезектен тыс сессия шақырылған
жағдайда үш күн бұрын мәслихаттың хатшысымен
ұсынылады.
10. Регламентпен белгіленген тәртіппен мәслихат
сессияларды, мәслихаттың тұрақты комиссияларының
және өзге де органдарының отырыстарын өткізу
кезінде депутат қызметтік міндеттерін орындаудан
босатылады, оған жергілікті бюджетің қаражаты есебінен
негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы, бірақ
көрсетілген қызметте 1 жылға дейінгі жұмыс өтілі
бар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппарат
басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол
жүру уақыты ескеріліп, мәслихаттың сессиялары, тұрақты
комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары
өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеледі.
11. Сессияның күн тәртібі сессия төрағасымен
мәслихаттың
перспективалық
жұмыс
жоспарының
негізінде,
мәслихаттың
хатшысымен,
тұрақты
комиссиялармен және мәслихаттың басқа органдарымен,
депутаттар топтарымен және депутаттармен, Лебяжі
ауданының әкімімен ұсынылатын мәселелер негізінде
қалыптасады.
Сессияның күн тәртібіне енгізілетін ұсыныстар
жергілікті қоғамдастықтар жиналыстарымен, қоғамдық
бірлестіктермен сессия төрағасына ұсынылуы мүмкін.
Сессияның күн тәртібі талқылану барысында өзгертілуі
және толықтырылуы мүмкін. Сессияның күн тәртібін
бекіту туралы мәслихат шешім қабылдайды.
Күн тәртібін бекіту үшін әр сұрақ бойынша жеке
дауыс беріледі. Егер мәселеге мәслихат депутаттарының
көпшілігі дауыс берсе, ол күн тәртібіне енгізілді деп
есептеледі.
12. Сессияға енгізілетін мәселелерді сапалы дайындау
үшін мәслихаттың хатшысы аудан әкімімен келісу
бойынша сессия төрағасымен бекітілетін сессияны
дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді
уақытында ұйымдастырады.
13. Аудандық мәслихаттың сессияларына мәслихаттың
қарауына жататын мәселелер бойынша ақпарат жасау
үшін аудан әкімі, ұйымдардың басшылары және өзге
лауазымдық тұлғалары шақырылады. Сессияларға сессия
төрағасының (мәслихат хатшысының) шақыруымен
бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар мен
қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуына жол беріледі.
14. Мәслихаттың отырысына шақырылған тұлғалар үшін
мәжіліс залында арнайы орындар бөлінеді. Шақырылған
тұлғалардың
мәслихат
сессиясының
жұмысына
араласуына,
мәслихат
сессиясының
шешімдерін
қолдайтынын немесе қолдамайтынын білдіруіне жол
берілмейді.
Шақырылған тұлға тәртіпті шексіз бұзған жағдайда,
сессия төрағасының шешімі немесе сессияға қатысып
отырған депутаттардың көпшілігінің талабы бойынша
мәжіліс залынан шығарылуы мүмкін.
15. Мәслихаттың отырыстары мәслихат айқындаған
уақытта өткізіледі.
Сессия төрағасы өз бастамасы бойынша немесе
депутаттардың дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер
жариялай алады. Жалпы отырыстың соңында депутаттарға
қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін
уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз ашылмайды.
16. Мәслихаттың отырыстарында сөз сөйлеу регламенті
баяндамалар үшін уақыт – 30 минуттан, қосымша
баяндама үшін – 15 минуттан аспауы тиіс. Жарыссөзге
қатысатындарға 5 минутке дейін, қорытынды сөз үшін
– 5 минутке дейін уақыт беріледі. Дауыс берудің себебі,
отырысты өткізудің тәртібі бойынша, өтініштер, сұрақтар,
ұсыныстар, анықтамалар, ақпараттар үшін – 3 минут
уақыт беріледі.
Егер баяндаушы берілген уақыттың шегінен асып
кетсе, сессия төрағасы оның баяндамасын үзіп тоқтатады
немесе отырысқа қатысып отырған депутаттар санының
көпшілік дауысымен сөз сөйлеушілер үшін берілетін
уақытты ұзартады.
Мәслихат депутаты бір мәселе бойынша екі реттен
артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі депутаттық
сауалдар, түсіндірме және сұрақтарға жауап беру үшін
сөйлеу сөз сөйлеу болып саналмайды. Басқа депутатқа
сөз сөйлеу құқығын беруге жол берілмейді.
Жарыссөз сессияға қатысып отырған депутаттардың
көпшілігімен ашық дауыс беруімен тоқтатылады.
Жарыссөзді тоқтату туралы мәселесін қою барысында
сессия төрағасы сөз сөйлеуге жазылған және сөз сөйлеген
депутаттардың саны туралы хабарлайды, кімнің сөз алуды
талап ететіндігін анықтайды.
17. Отырысты жүргізу тәртібі бойынша сөз депутатқа
сөз сөйлеп тұрған адамның сөзі аяқталған соң кезектен
тыс беріледі. Сессия төрағасы анықтама, депутаттық
сауал, сұраққа жауап және талқыланып отырған мәселе
бойынша түсіндірме беру үшін кезектен тыс сөз бере
алады.
Баяндаушыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша
түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар сессия төрағасына
беріледі және мәслихат отырысында жария етіледі.
2.2. Мәслихат актілерін қабылдау тәртібі
18. Мәслихат өз құзыретіне жататын мәселелер
бойынша мәслихат депутаттарының жалпы санының
көпшілік дауысымен шешімдер қабылдайды, егер өзгесі
заңмен белгіленбеген болса.
19. Шешімдердің жобалары сессия төрағасына немесе
мәслихаттың хатшысына беріледі.
Сессия төрағасы немесе мәслихаттың хатшысы қарауға
қабылданған шешімдердің жобаларын барлық қажетті
материалдарымен бірге тұрақты комиссияларға қарастыру
және ұсыныстар дайындау үшін жолдайды. Тұрақты
комиссиялардың біріне бір мезгілде мәслихат актісінің
жобасы бойынша қорытынды, сессияға қосымша баяндама
дайындау, қосымша ақпарат жинау мен талдау жүргізу
жүктелуы мүмкін.
Шешімдердің жобаларымен жұмыс істеу және басқа
мәселелерді дайындау үшін тұрақты комиссиялар жұмыс
топтарын құра алады. Қажет болған жағдайда жұмыс
тобының құрамына басқа тұрақты комиссиялардың
депутаттары тартылуы мүмкін. Жұмыс тобының жұмысына
кез келген депутат қатыса алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда, тиісті атқарушы органның ұсынысы бойынша
мәслихат онымен бірлескен шешім қабылдайды.
20. Мәслихаттың жалпыға міндетті маңызы бар,
азаматтардың құқығына, еркіндігі мен міндеттеріне
қатысты шешімдері Әділет министрлігінің аумақтық
органдарында мемлекеттік тіркелуге және Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
жариялануға тиіс.
21. Шешімдердің баламалы жобаларын мәслихат
және оның органдары негізгі жобамен бірге қарайды.
Сессияға
мәселе
дайындауға
қатысушы
тұрақты
комиссиялар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда,
комиссиялардың төрағалары және сессия төрағасы
оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, қалған
келіспеушіліктер мәслихаттың назарына жеткізіледі.
22. Мәселені сессияда қарастыру барысында баяндама,
қажет болған жағдайда тұрақты комиссиялардың және
уақытша
комиссиялардың
қосымша
баяндамалары
тыңдалады.
Комиссияның
баяндамасында
жобаға
енгізілген
және қайтарылған ұсыныстар көрсетіледі, түзетулерді
қабылдаудың немесе қайтарудың себептері дәлелденеді.
Қосымша баяндаманың ережелерімен немесе шешімнің
жобасы бойынша қорытындылармен келіспейтін тұрақты
комиссиялар, комиссиялардың және жұмыс топтарының
жекелеген мүшелері өз пікірлерін қаралатын мәселе
бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін баяндай
алады.
23. Шешімнің жобасын талқылау тармақтар бойынша
жүргізіледі. Жобаларға түзетулер ұсынылып отырған
өзгерістер немесе толықтырулар нақты тұжырымдалып,
олардың
шешім
жобасының
мәтініндегі
орны
көрсетіліп, жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарды
қанағаттандырмайтын түзетулер қарауға қабылданбайды.
24. Мәслихат сессиясы күн тәртібінің әрбір сұрағы
бойынша шешім қабылдайды. Бір сұрақ бойынша
шешімдердің бірнеше нұсқаларын енгізу барысында
олардың әрқайсысы сессияға қатысып отырған депутаттарға
беріледі.
Мәслихаттың уақытша комиссиясы болып табылатын
редакциялық
комиссия
шешімдердің
ұсынылған
нұсқаларын қабылдау немесе кері қайтару туралы өзінің
пікірін жеткізеді және дәлелдейді.
Шешімдердің енгізілген барлық жобалары дауысқа
салынады. Жобалардың бірі негізге алынғаннан кейін
депутаттар оған түзетулер қабылдау рәсіміне кіріседі.
25. Мәслихат шешімінің жобасына енгізілетін түзетулер
болған жағдайда, дауыс беру келесі ретпен жүзеге
асырылады:
1) мәслихат шешімінің ұсынылған (пысықталған) жобасы
негізге алынады, ол кері қайтарылған жағдайда, түзетулер
бойынша одан әрі дауыс беру тоқтатылады;
2) негізге алынған жобаға кірмеген барлық түзетулер
кезек бойынша дауыс беруге қойылады;
3) сессия шешімі қабылданған түзетулерді ескере
отырып, тұтастай дауысқа салынады. Шешімдердің
қабылданбаған жобалары және оларға түзетулер бойынша
ағымдағы сессияда қайта дауыс беруге жол берілмейді.
26. Реті төрағалық етушімен анықталатын түзетулер
дауыс беруге жеке-жеке қойылады. Өзара қарама-қайшы
келетін түзетулер бойынша дауыс беру алдында соңғысын
төрағалық етуші оқиды. Түзету авторларының олардың
мәні бойынша түсінік беріп немесе оларды талқылаудан
алып тастау туралы ұсынысымен сөз сөйлеуге рұқсат
етіледі.
Мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер оларды қабылдау
үшін белгіленген тәртіпте енгізіледі.
Сессиялардың хаттамалары сессиядан кейін бір айдан
кешіктірмей басылып, заңнамада белгіленген тәртіппен
сақталады.
27. Жоспарлардың, аумақтарды экономикалық-әлеуметтік
дамыту бағдарламаларының және олардың орындалуы
туралы есеп берулердің, аумақтарды басқару сұлбаларының
жобалары
және
мәслихат
сессиясының
қарауына
шығарылатын басқа да мәселелер, сондай-ақ олар бойынша
шешімдердің тиістілігіне қарай келісу бұрыштамалары
қойылған, барлық қажетті материалдары қоса берілген
қазақ және орыс тілдеріндегі жобалары мәслихатқа кезекті
сессияға дейін үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты
комиссияларының қарауына енгізіледі.
28. Лебяжі ауданы бюджетінің жобасы мәслихаттың
тұрақты
комиссияларында
қаралады.
Мәслихаттың
хатшысы құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері,
жергілікті атқарушы органдар өкілдері кіре алатын бюджет
жобасын қарастыру бойынша уақытша депутаттық жұмыс
тобын құрады.
Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін
ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен
аудандық бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар
әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинау мен аудандық
бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге
асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті
орган сессия басталуынан кемінде екі апта бұрын сессия
төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажетті
материалдармен бірге бюджет туралы шешім жобасының
түпкілікті нұсқасын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: