ҦЛТТЫҚ ОЮ-ӚРНЕКТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бәкірова Л Ш – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Ұлттық ою-ӛрнектер халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық
талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан
мағлұматтар берді. Қазақ халқы ӛзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен
араласып, әр кезеңде түрлі қарым-қатынаста болғандығы мәлім, ғасырлар бойы ӛзбек,
ұйғыр, қырғыз, ноғай, қалмақ халықтарымен, араб, парсы елдерімен, сондай-ақ бүгінге
дейін орыс халқымен ұдайы мәдени байланыста. Сондықтан қазақ халқының негізін
құрайтын ою-ӛрнектерді кӛршілес елдердің бәрінен кездестіруге болады. Жалпы қазақ
пен қырғыз халықтарының оюларының ұқсастықпен қатар айырмашылықтары да бар.
Қазақ ою-ӛрнегін зерттеген Еуропа, орыс ғалымдары қате пікірлер айтып осы ӛнердің
дамуына, қағазға түсіруіне кедергі туғызды. Қазақ қолӛнерін зерттей келе ою-ӛрнек
ӛнерін жоғары деңгейде дамып қана қоймай кӛршілес елдердің қолӛнерінде үлкен әсер
еткізгеніне кӛз жеткіздік. Қазақ ғалымдары ою-ӛрнекті орыс, еуропа ғалымдары сияқты
терең зерттеген жоқ, яғни бұл тақырып бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болмай
отыр /1/. Ғасырлар бойы қазақ қолӛнерінде ою-ӛрнек тек қосалқы рӛл атқарып қана
қоймай, олардың ежелден тотемдік және символдық мәні болған қазақ ою-ӛрнегін
алғаш зерттеген қазақ ғалымы Т.Бәсенов қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып
табылатын - ою-ӛрнекті түбегейлі зерттеп кӛптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ
оюларының араб, иран, византия оюларынан басты айырмашылығы - ою-ӛрнектің әрбір
элементі жеке дара күйінде бейнеленуі, оның әрбір элементі дара тұрады. Кеңес
дәуіріне дейін қазақ қолӛнер туындыларын қырғыз ою-ӛрнектері деп атап келген. Қазақ
ғалымдары тәуелсіздік алғанға дейін бұл мәселенің шындық негізін айта алмады.
Тілеубай Бейсенов негізінен ел арасынан жиналған қолӛнер туындыларын альбом етіп
шығарып, ӛсімдік тектес ою-ӛрнектердің даму тарихын және оншақты ою нұсқасын
қалдырды. Қазіргі кезде ел арасында қолӛнер ӛнерінің ең негізі болып табылытын ою
атаулары мен үлгісі ұмыт бола бастады жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерінің
жаңаша жаңғыртудамыз. Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретінде, біз қолданып
жүрген ою-ӛрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі, рәміздері ретінде саяси-
әлеуметтік қызмет атқарғаны белгілі. Туымыздан орын алған ою-ӛрнек те осының
айғағы /2/.
Руғани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаттылығымыздың
нышаны - кӛк байрағымызды да кӛріктендіріп тұрған ою. Кӛп жағдайда халықтың тілін
мәдениетін білмесек те қолӛнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қасынасы
екенін танып білеміз, ӛйткені ою-ӛрнек әр халықтың табысы, сол елдің қолӛнерінің
кӛнеден келе жатқан мәдениеті. Кеңес ӛкіметі кезінде ертеден жеткен қол ӛнер
туындылары мұражайларда ғана сақталды. Кӛбнесе бұл ӛнер туындыларына ескінің
сарқыншағы ретінде қарады. Қазір егеменді елдің қолӛнер туындылары басқа қырынан
жаңаша кӛрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.
Қоғамның дамуы адамдардың ой санасының, мінез-құлқының ӛзгеруімен қоса
сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ықпал етуде. Қазіргі заман киім, бұйымдарда
ою-ӛрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған
мәселелердің бірі деуге болады.
Ежелден келе жатқан кәсіп қол ӛнер халықтың ӛмірімен тұрмысымен бірге
дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Қолӛнер шеберлері ою мен танылады.
Орнамент - әсемдеу, сәндеу деген ұғымды білдіретін латын сӛзі. Қазақ тілінде бүл
термин ою-ӛрнек болып алынып жүр. Бүл сӛздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп
алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып
бедер түсіру деген мағына жатады. Ою-ӛрнек, әшекей жасау шеберлігі
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
31
бейнелеуӛнерінің бір түрі. Ою-ӛрнектің бір түрі, ою белгілі бір затты ою (тас, темір,
ағаш) кесу (ағаш, сүйек) тілу (былғары, тері) қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге
асады. Ою-ӛрнек түрлері бүгінгі күнге дейін түбегейлі жүйеленген жоқ. Қолӛнер
шеберлері ертеден ою-ӛрнек атауларын екі топқа бӛліп қарастырады, бірінші топ ою-
ӛрнектердің тікелей ӛзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою-
ӛрнекті теориялық жағынан негіздеу. Ою-ӛрнек тарихы, халық тарихымен жасасып
келе жатқаны белгілі. Қазақ тіл білімінде ою-ӛрнектерді бұрын зерттемей енді қолға
алып келе жатырмыз. Қазақ ою-ӛрнегінің ӛзіне тән даму жолымен ерекшелігі бар /3/.
Ою-ӛрнек ӛнері табиғатында поэзияға ӛлеңдерге ұқсамайтын ӛнер түрі, соған
қарамастан ырғақ заңдылықтарына бағынады. Ою-ӛрнек ісі ерте заманнан бастап-ақ
қолӛнердің барлық түріне ортақ, әсемдеп әшікейлеудің негізі болып келеді. Қолӛнер
саласында ою-ӛрнек негізгі роль атқарады.
Ғылымда ою-ӛрнекті хайуанаттың кӛгӛріс, геометриялық деп үш топқа бӛлу
немесе бұған ғарыштық деп тӛртінші топты қосуға болады. Келесі бір ғалымдар тобы
барлық ою-ӛрнек түрлерін физикоморфтық және биоморфтық деп екі топқа бӛліп
қарастырады.Ою-ӛрнек қазақ халқында кең тараған, қазақ ою-ӛрнегінің ӛзіне тән даму
жолымен тарихы бар, сонау кӛне замандардан сақ, Андронов мәдениетінен басталады.
Біздің заманымыздан бұрынғы ҮІІ-ХІ ғасырларда сақ негізінен Оңтүстік Шығыс және
Орталық Қазақстан жерін мекендеген. Қола дәуірінде саз балшықтан жасалған
құмыраларда геометриялық ою-ӛрнектермен әрлеген. Қола дәуірінде аң аулаумен
айналысқандықтан ою түрлері аңдарға байланысты болған. Және де Андронов, сақ
мәдинеті дәуіріндегі бұйымдарда бейнеленген жуан, жіңішке жолақтар мидай жазық
даладағы шексіздікке ұласқан жолдар символы. Мұндай сызықтарды түнде аспаннан
жұлдыздар ағып түскенде байқауға болады. Алғашқы оюлардың кӛпшілігі ғарыш әлемі
жӛніндегі түсініктерінен туады. Мысалы: арқардың мүйізіне қарап Қошқар мүйіз оюын
бейнелеген. Бұрынғы кезде кӛне заманннан бастап қолӛнерде пайдаланған жануарлар
аңдар стилі зооморфтық стиль тәсілі қолданылған. Осы дәлелдерге қарағанда біздің
ата-бабаларымыздың қолӛнерінің ішіндегі ою-ӛрнектің дамып бізге жеткені дәлел.
Қошқар мүйіз туралы халқымыздың сүйікті ақын қызы Ф.Оңғарсынова былай деп
жазыпты:
Түрін-ай текемкеттің, асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой қошақаным ӛзіме деп,
Әжем кеп сыйпағандай шашымнан жәй.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана кӛңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан,
Қазақтың қошқармүйіз ӛрнектері.
Халқымыздың қай қолӛнер саласын алсақта, ою-ӛрнектер ӛзіндік ерекшелігін
сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын кӛреміз /4/. Оюлардың ежелден
келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап
тұратыны белгілі. Ою-ӛрнектің мағынасын, логикалық күшін түсіне отырып, оюдың әр
элементін кӛркем туынды ретінде қабырғаға әсемдік үшін ілетін болған. Әр оюдың
ӛзіндік мән- мағынасы бар, ӛйткені ғасырлар бойы ―тұмар‖, «ұмай», ‖қошқар мүйіз‖,
ою-ӛрнегінің магиялық күші бар деп сенген ата-баба дәстүрінің әлі де ашылмай жатқан
құпия сыры бар.Сонымен қатар әр оюдың мазмұны бар. Мысалы: ай, күн, жұлдыз,
аспан - аспан әлеміне байланысты:малдың дене мүшелеріне, ізіне байланысты ою-
ӛрнектер аңның ізіне, түр-тұрпатына байланысты ӛсімдіктерге байланысты; қару-
құралдарға байланысты болып бӛлінеді. Оюлардың бояуларының да ӛз сыры болады.
Мысалы ол ашық, анық емес бояумен жазылса онда ол құпия жазу. Ою-ӛрнектің
жасырын тілін түсіну қиын емес, ою-ӛрнек ӛнері бір елдің тілімен жазылған мәдени
шежіре десе де болады. Қолданбалы ӛнер түрлерінің ішінде бір жүйеге келтірілгені
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
32
ою-ӛрнек. Ӛрнектің жай немесе күрделі элементтері бірнеше рет қайталанса да
симметрия заңы берік сақталады. Кӛне дәуірдегі қолӛнершілер ―егіз‖ ӛрнегін егіз аңды
жануарды бейнелегенде ӛмірде бейбітшілік пен тепе–теңдікті сақтау ғылымын
білдірген.Ою-ӛрнек ӛнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктері сол
халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық
қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Ежелгі адамдар геометриялық ою-
ӛрнектердің магиялық және символдық мәні бар деп сенген.Қазақта торсықтың бірнеше
түрлері бар, торсық жасаушының ӛзімен алып жүретін ең қажетті бұйымының бірі,
торсық бетіндегі бедерленген ою-ӛрнектер жолаушыға қатысты күн ашық болсын,
береке болсын деген ниетпен тілек ұғымын білдіреді.
Ою-ӛрнек үлгілерін жасаушы шеберлер ӛз ӛрнектерінде ойлаған затының не
сюжетінің сыр-сипатын ӛзінше танып, оның дәлме-дәлдігінен гӛрі кӛркем, әшекейлі
болу жағына баса назар аударып отырған. Мәселен, қошқор мүйіз, сыңар мүйіз, ӛсімдік
тектес, ұшқан құс бейнесіне ұқсас оюларды сүйектен ойып, сәндеп, үй жиһазының
беттеріне кӛркемдеп, әшекейлеген. Оюшы да шебер ісмерлермен қостар аталып,
құрметтелетін ӛнерде ӛзіндік орны бар адам. Ол ӛзіне дейінгі ою-ӛнерінің бүкіл сырын
толық меңгеріп, оны одан әрі дамытушы, сондай-ақ ол барлық оюды ӛз бетінше қия
алғанда және ӛз тарапынан қиялынан халықтың нұсқауларымен ӛзектес, салалас,
сабақтас ою түрлерін ұсынғанда сүйтіп ою-ӛнерінің дамуына ӛз үлесін қосқанда ғана
оюшы атала алады. Нағыз оюшы ӛзін қоршаған ортаны үнемі бақылап, табиғат
сырларын тануға, жан-жануарлар әлемін, ӛсімдіктер дүниесін терең білуге ұмтылады.
Оның байқағыштығы, сезімталдығы, талғампаздығы, ісмерлігі қатар жетілсе ғана
шеберлік шыңына кӛтеріле алады. Әбден машықтанған оюшы тӛкпе ақын секілді табан
астында мағынасы мен құрылымы сәтті үйлескен ою үлгісін ӛз қимылынан шығарып
сол сәтте қиып бере алады. Халқымыздың бізге жеткен ою-ӛрнек үлгілері – бай мұра,
сарқылмас қазына. Ою-ӛрнек тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін
қолданатын нақыш, ӛрнек. Шеберлер жаңа ою-ӛрнектерін тұрмыс тіршілігіне, ӛз
дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған мысалы, халқымыздың кӛне
бұйымдарындағы ою-ӛрнектер сәнділігімен қатар, сол бұйымдардың жеңіл әрі берік
болу жағын қарастырған. Оның үстіне әрбір жануар мен заттың ӛз бойындағы
қасиеттеріне қарай тақырыптың мағынасы, композициясы, симметриясы мен
ассиметриясы, колориті мен ритмі, сондай-ақ оған арналған филссофиялық мәні де
байқалады.
Ою-ӛрнектің қолданылу орнына, заттың материалы мен түр-түсіне қарай түрленіп
отырады. Мысалы, басты белгісіне қарай гүлді ӛрнек, торлы ӛрнек, ӛрнекті таспа болып
үшке бӛлінеді. Сан ғасырлар бойы халық арасында аталған ӛрнектің элементтері
ӛзгеріп немесе түп нұсқасы пайдаланылып келеді. Кейде ою-ӛрнектердің бай мазмұнға
ие болып шарықтау шегін байқасақ, енді бірде тоқырау кезеңдерін кӛруге болады.
Қалай болғанда да ою-ӛрнек халық ӛмірінен мүлдем жоғалып кетпеген, ғасырдан-
ғасырға жалғасып отыр /5/.
Ӛрнек үшін симметриялық да маңызы зор, оның ені жағының бірдей болуы-
симметрия заңы симметрия кез-келген ою-ӛрнекте болады. Ою-ӛрнектердегі бояу
түрлерінің бір–бірімен үндесіп, жарасым табуын колорит дейді. Колорит кӛп болуы ою-
ӛрнектерде жиі кездеседі.
Ендігі міндет ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы ӛнер саласын заман
талабына сай жетілдіріп кӛркем рухани қазына ретінде пайдалана білу. Қазақ
қолӛнерінің күрделі саласы ою-ӛрнек әлі де ғылыми тұғыдан тереңірек зерттей түсу
қажет, ӛйткені ою-ӛрнек ӛнері осы уақытқа дейін белгі бір жүйеге келтірілген жоқ.
Қорыта айтқанда ою-ӛрнек дегеніміз - дәлдік, есеп, теңдік, теңдеу, үйлесім,
жарасым, сәндік, кӛркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық,
зеректік, кӛңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке,
икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
33
Ою-ӛрнек ӛнерге деген махаббат, сұлулыққа деген құштарлық жиынтығы. Ою
ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
А. Марғұлан Казахское народное-прикладное искусство. Алматы 1986ж.
2.
«Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы, Рауан 2000
3.
С.Тӛленбаев, М.Ӛмірбеков. Қазақтың ұлттық ою-ӛрнектерінің жасалу жолдары.
Алматы. 1993 ж.
4.
Ф.Әбиева « Мектептегі технология» Алматы 2008 ж
5.
Энциклопедия.
Қазақтын
ою-ӛрнектері
Т.Х.Ғабитов,
И.Н.Тасмағанбетов,
Р.Н.Нұрғали, И.С Тӛлендиев, Ә.А.Асқаров, Ғ.Есім, Б.Сағындықұлы. Алматы кітап
ЖШС 2005
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада халық шеберлерінің қолынан шыққан ою-ӛрнек ӛнері арқылы жас
ұрпақтың ұлттық мәдениетін қалыптастыру қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются вопросы формирования национальной культуры
молодого поколения на основе изделий орнамента прикладного искусства.
ӘОК 741.744
КЕСКІНДЕМЕДЕГІ (ЖИВОПИСЬ) МАЙЛЫ БОЯУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН
СТУДЕНТТЕРГЕ ҤЙРЕТУ
Бекбергенова А.С. - аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Ӛнер - ӛмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Ӛнерді, оның қоғамдағы тәрбиелік
мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт.
Сондықтан біз студенттерге айнала қоршаған әсемдікті, сұлулықты жете түсіндіріп,
ӛмірдің тылсым ғажайып сырларын ашып, үйретуіміз қажет /1/. ХV ғасырдың басында
Нидерландыда әлемнің жаңа кӛркемдік тануымен қатар оны жүзеге асырудың жаңа
тәсілі пайда болды - майлы бояулар мен кескіндеме. Ӛсімдік майларынан бояуларды
жасау ертеректе пайда болған. ХV ғасырға дейін бұл тәсілі кескіндемеде дербес рӛлді
ойнамайды. Суреттерді ағаш тақтаға жазған суретшілер мұндай бояуларды ӛте сирек
қолданды: шикі ӛсімдік майы ӛте баяу кепті. Сондықтан дасуретші бірнеше күндер
бойы күнде кептіруге тура келді. Содан бояулар қанық болмай, ағып кететін болды.
Майлы тәсілі таралуы Нидерландық кескіндемеші Ян Ван Эйктің жасаған жаңа
енгізуінің арқасында мүмкін болды. Ол майлы бояуларды жетілдіріп, содан барып май
жалпы танымға ие болды. Ян Ван Эйк ерекше шығармашылық талантқа ие болған
адам. Жас кезінде суретші бояулар үшін байланыстырушы заттарды іздеуге кӛп күш
салды. Оның қатарында май да бар. Ол кезде май жұмыс үшін ыңғайлы болды. 1410
жылы ол брюктік лактағы қайнатылған және тазартылған зығыр майын ерітуді жӛн
кӛрді. Оған пигментті қосып, тіпті кӛлеңкеде жеңіл кебетін массаны алды. Жаңа
бояулар ӛзгеде жақсы қаси еттерге ие болды: олардан әртүрлі түстерді ала отырып,
палитрада араластыруға болатын болды; біреуінің үстіне екінші бояу қабатын жағуға
мүмкіндік туды, жұмыс барысында ӛзгерістер енгізуге болатын болды; жаңа бояулар
түстес болды /2/. ХV ғасырда майлы техника Германияға, Францияға кӛшіп, ол жақтан
Италияға жетті.Майлы бояулармен негізінен екі жағдайда жазады: сырлау арқылы
немесе сырлаусыз. Алғашқы тәсіл натураға кӛп оралуды талап етеді және кескіндеме
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
34
үшін негізді күрделі дайындауға оралуды талап етеді. Екінші тәсіл кеңінен
қолданылады. Онда кӛп сеанысты этюдтар жазуға болады. А-ля прима тәсілідерін (бір
қабатпен сурет салу). Бұл тәсілдегі кескіндеме әдетте, тюбикті бояулармен олардың
қоспасынсыз жүргізіледі. Осыған орай әдетте жұмыс «шикі» бойынша жүреді.
Бояуларды қалай болса солай жақпау үшін ӛзінің алдына таза кенепті алады. Мотивтің
ерекшелігін анықтап алуға тырысады. Одан барып кескінді үлгіні ӛзінің түсінуінде
қалыптастырады. Егерде бұл бір сеансты этюдте жұмыс жасауға қажет болса, онда ұзақ
этюд үшін алғашқы нобайлары қалыптасып, оның түстік композициясы табылғанда
ғана жұмысқа кіріседі. Бұл тәсілінде түстік гаммалардың құрылым жүйесі кенептің
бірнеше жерлердегі негізгі түстес қатынастарында бірден жасалады. Пейзаж хатында,
бір-екі маз тасталады. Ол түсі бойынша ӛте түсінікті дақ байқалған жерге жағылады.
Осы жерде бірден-екі үш жағылым аспан, ағаш, шӛп құрылысы бар кӛрініске
жағылады. Басқаша айтқанда түс пейзаждағы барлық элементтерді ашады. Ол барлық
кенеп бойынша жекелеген соққылар арқылы жүреді. Ірі жағылған жағымдарды
салыстырып, нақтылап алған соң жаңа түстерді жағады. Этюдтің ары қарайғы жұқа
үлгіленуі суретшінің ӛзінің жұмысының барысындағы міндетіне байланысты.
Алғашқыда жылы және ашық түстерді жазуы сирек емес. Яғни, кӛмескі түстерде
этюдтің жалпы гаммасын сақтайды. Әдетте, ең күшті түстік дыбыстар соңғы сәтке
қалдырылады. Ол кезде жұмыс аяқ жағынан таяп қалады. Бұл жерде пасталық
жағылымдармен шешуші және энергетикалық жағулар орынды болып табылады. Түс
пен кӛлеңкенің анық жағылған қарама-қарсылығы кезінде мотивтерді шешу үшін ең
кӛмескі түстерден ашық түстерді пайдаланады. Ашық және қараңғы түстердің
қарсылығын анықтауды үйрену қажет. Салыстыру әдістемесі арқылы түстердің бояуы
бойынша түс пен кӛлеңкені табу керек. Кейбір шеберлер а-ля прима техниксының ӛзге
тәсілдерін пайдаланады /3/. Олар алғашқы да кенепті кеңінен жауып, бояуды
скипидармен қыздыра отырып, оларды акварельге жағып, кенеп бойынша құйылуымен
ерекшеленген болатын. Бірқатар шеберлер алғашқы жазбаны майлы бояумен емес,
акварель немесе темперамен (егер грунт эмульциялы болса) жасайды. Бұл майлы
бояудың қабаттарының тегіс жағылуын болғызбайды. Осы жерде форманың
кӛлемділігі үлгіленбейді, ӛйткені алғашқы және жұқа қабатты жазбаның мақсаты
мотивтің жалпы түстілік массасының (дақтарының) негізгі түстік қатынастарын
анықтауға мүмкіндік береді. Колорит – кескіндемедегі кӛркемдік бейнелеудің
эмоционалдық айқындылығының маңызды құралы болып табылады. Бұл белгілі бір
біртұтастықты қалыптастыратын, түстік бояулар мен олардың түстенудің қатынасының
жүйесі. Форманы үлгілей отырып, ерекше назарды фон кӛрініс пен заттың арасындағы
түстік қайшылыққа аудару қажет. Форманы үлгілеу этюдті жалпылаудың сатысымен
аяқталады. Кескіндемеге дайындала отырып, К.Юонның сӛзіне құлақ асу керек:
«Жұмыс барысында суретші сезімі сыртқы ортаны қабылдауға ғана емес, сондай-ақ ол
ӛндірістің материалдары мен құралдарының сапасы мен қасиеттерін түсінуге алып
келеді. Жұмыстың талап етілген бӛлігін қандай қылқаламмен істедің - сол маңызды.
Ӛйткені хирург үшін пинцет немесе қандай да бір пышақ маңызды болса, қылқалам
кескіндемеші үшін сондай маңызды. Полотноның матасының сапасы мен қасиеті
грунттың құрамы және оның фактурасы, бояулар ӛздерінің химиялық қоспасында,
олардың қатысы қалыңдығымен немесе кӛрнекілігімен, мастихин темірінің
мықтылығы, қылқалам талшықтарының жабысқақтығы, ағаш және рама жиегі,
кескіндемені байланыстырушы заттар лактар мен кескіндемелер үшін барлық қажетті
заттар күрделі және кӛп жақты ғылымды қалыптастырады. Ол кӛркемдік
материалдардың технологиясы ӛзіне аса назар аудартады. Кескіндеме сапасы, оның
түсі мен түстің күші кескіндемелік материалдарға тікелей байланысты болып табылады
/4/. Көп қабатты кескіндеме – бұл бірнеше бояулы қабаттардың қабатына негізделген
техникасы. «Шикі бойынша» жазу техникасынан ең алдымен әрбір бояу қабатының
келесі қабатты жағу алдында нақты кебумен ерекшеленеді. Кӛп қабатты техникасында
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
35
жұмыс істеу барысы келесі негізгі сатылардан тұрады: сырлау, пастозды жағылымдар,
одан барып осы жағуларды топырақтау. Осылайша, кескіндеменің міндеттері бірнеше
сатыға бӛлінумен ерекшеленеді. Сырлау. Кӛпқабатты сырлау тәсілі ол басқа бағытта
болады. Ол а-ля приманың екінші тәсілдегі жұқа қабатты жазбаға қарағанда : кенептің
түсінің ашылуына негіз болады. Сондықтан да сырлау кӛбінесе екі бояумен–ақ немесе
қандайда бір қараңғы бояумен жасалады. Сырлаудың барлық түрі екінші жазбада
этюдты бояудың аз ғана бӛлігімен соңына дейін жеткізу есебімен жасалады. Жалпы
бояуға жылы түсті жағу кезінде жазба одан сайын жылы болады, ал суық түске жылы
түсті жаққан кезде оның әлсірейтіндігін ескеру қажет. Майлы бояулармен сырлау а-ля
приманың алғашқы жазбасындай жұқа қабатты немесе пасталық, ол кӛбінесе грунттың
қажетіне байланысты. Екінші жазба сырлауды кептірген соң жазу басталады. Түсті
сырлау кезінде ол жартылай жазумен жүреді. Егер де сырлау гризайльмен жасалса,
онда екінші жазбаны жартылай жазумен жасау дұрыс. Оны жергілікті түстермен, одан
этюдті бітіріп, кӛлеңке түсіне сәйкес етіп ағартқыштың кӛп мӛлшері арқылы жасау
керек. Лессирлеу –бұл негізінен кепкен басқа жерге жағылатын бояудың жұқа қабаты.
Лессирлеу әсерін түсті әйнек жапсырудан алынған жасыл түс, сары мен кӛк түсті
араластырғаннан пайда болған түске қарағанда күрделі болады. Мұндай құбылыстар
лессирлеу кезінде де байқалады. Одан ӛтетін түстің айшығы тӛменгі ӛтетін бояу
қабатына шағылысады. Лессирлеу майлы кескіндеудің барлық түрлерінде
қолданылады. Ашық лессирлеу суретшіге бірінші жоспарды орындауға мүмкіндік
береді. Ӛйткені олардың түстері корпустық жазбаға анағұлым кӛрнекті болып кӛрінеді.
Кӛбіне жартылай лессирлеу қолданылады. Егер де бояуды кепкен бояулы қабатқа
жақсақ онда жартылай түсті беруге болады. Жартылай түстер суық түстерді береді.
Фактура - кескіндеменің бояулы қабаттарының сипаттарына назар қоя отырып зерттеу
суретшіге кескіндеменің ӛзге де тәсілдерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Ескі
суреттерге жылтыр бет беретін мұражайлық лактардың қабатында ӛте әртүрлі
фактуралы дайындықтың кескіндемесі жатыр. Ұлы Рембранд мысалы: рельефті
сырлауды қолданған. К.Юон кенептің фактурасының жасауы жӛнінде былай деп
жазған: «Кескіндемелік тәсіл тікелей және тар мағынада полотно бойынша қылқаламда
жүргізумен байланысты. Кескіндеменің кӛремдік қабылдануы үшін фактура онда басты
рӛлді алады. Кескіндемелік фактуралардың диапазоны күнделікті тәсілінде Тицианның
ұстамды тәсіліның пластикалық немесе Валаскестің есепті соққыларына дейін
жазылады. Фактура мен шеберлік ажырамас заттар. Фактура автордың
темпераментімен тығыз байланысты. Онда автор туралы кӛптеген нәрсені білуге
болады. Фактураның осындай автобиографиялық қасиеттерінен соң ол түстің
қарқындылығы мен түстің күштілігіне жету маңызды болып табылады...». Ешбір
жағудың қатаң рецептісінің жоқ екендігін есте ұстаған жӛн. Фактураны жағудың
сипатын бейнелейтін натураның ерекшелігі мен ӛзінің орындау қандай да бір орындау
тәсіліне бейімділігіне байланысты іздеу қажет. Бір сӛзбен айтқанда кескіндемедегі
тәжірибеден басқа тағы да фактураны құрудың әртүрлі нұсқаларын іздеп, үнемі
кеңейтіп отыру керек. Ӛйткені, жағу сипаты мен фактура этюдтің бояу қабатын құруда
зор болып табылады. Композициялық бейнелеуді шешкен кезде әртүрлі техникалық
тәсілдерді орындай білу қажет. «Техникалық түрде ойластырылған әрбір жұмыста
қылқаламмен әрбір соққысы, әрбір түсі мазмұнының кӛрінісі болуы керек», К.Юон.
Сурет жасалатын материал негіз деп аталады. Маймен кенепте жазған дұрыс.
Формасын келтіре отырып, пластикалық мазьді жағуға мүмкіндік беретін қылқалам
күшімен оны реттуге болатын кенеп кеңінен қолданылады. Кенеп кескіндеме үшін
зығырлы және кӛбікті болуы керек. Кенептің дәнді фактурасы кескіндеме үшін ӛте
ыңғайлы, бояу қабатын әртүрлі етіп жасауға мүмкіндік береді. Бірақ кенеп жіптердің
қалыңдығын сурет кӛлемімен ӛлшеу қажет. Ұсақ дәнді кенеп «кленкалы» ыңғайсыз
фактураны болғыза отырып, бояумен тез толтырылып қалады. Кенепті таңдаған соң
рамалар жиегін жасау қажет, олардың басты бағыты - кенепті тартылған жағдайда
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
36
ұстап тұру. Кенеп ӛзінің қасиетін ол дұрыс тартылған жағдайда ғана таныта алады.
Кенеп ақ қайыңнан жасалған рама жиегіне тартылады. Оның мӛлшері 5-7 градус ішкері
болады. Олай болмаған күнде рама жиегінен кенептің ойысқан жерінде кенеп
деформацияға ұшырап, ал грунт және бояулы қабат ажырайды. Раманың үлкен
жиектерінің мықтылығы олардың ұзындығына байланысты, қалыңдығы мен биіктігін
анықтауға да байланысты болып келеді. Картина үшін рама жиегі 0.5 метр квадрат
болуы шарт, олардың қиылысу жері 4х1 см немесе 5х2 болуы керек.
Кенепті тарту. Кенепті тарту ӛте қажет, ӛйткені ол жеткілікті дәрежеде мықты
болу үшін және де қылқаламнан ақпауы тиіс. Оның тартуы мен бекітуі бұрышқа қарай
екі жағына ортасынан тікелей жүргізіледі. Кенептің талшығы рама жиегінің
параллельді жақтарында қалып қоюы қажет.
Кенепті жапсыру. Кескіндеме үшін жақсы жапсырылған кенеп қажет. Бұл
жұмыстың алғашқы сатысы жапсыру болып табылады. Ол кенепті майдың
зақымдануынан сақтайды, ол грунттың құрамына кіреді.
Жапсырғыш құралды жаққаннан бұрын кенепті пульверизатордан әрлеу қажет.
Ол жапсыруды жеңілдетіп, желімнің кенептің ішкі жағына ӛтуіне мүмкіндік береді.
Алғашқы жапсырудан кейін кенепті бӛлмелік жай температурада құрғату қажет. Онан
соң кенептің беткейін пензаның бӛлігімен сүрту қажет. Осыдан соң екінші жапсыруды
жүргіземіз. Жапсыру үшін желімді дұрыстап алу керек. Желімді пайдалану үшін
столярлы, желатинді желімді пайдаланады. Желатинді желім-грунттау үшін ӛте
таптырмас зат, оны пайдалана отырып , жоғары сапалы ӛнім алуға болады. Желатинді
алдымен суға араластырып, 1:15 және бір сағатқа ісу үшін қояды. Одан барып оны су
ваннасында қыздырады. Желімді ерітіндіні қайнатуға болмайды. Оны суытып, кенепке
жағады.
Кенеп форматы және бейнелеу мөлшері. Суреттің композициялық құрылымының
маңызды міндеті болып кенептің форматын таңдау мен ӛзіндік бейненің кӛлемі
табылады.
Жоғарғы тартылған тік бұрышты формат бейнеден монументальді әсерді
ұлғайтады. Кӛлденеңнен тік бұрышты кенеп бойынша ӛте қатты тартылған кенеп
бейнеленген объектіні тӛмендетеді.
Сурет кӛлемі оның мазмұнына да байланысты. Рамкаға барлық сюжет сия
бермейді. Әрбір сюжет үшін сәйкес мӛлшер табылуы керек.
Суреттің композициясы үшін,сюжеттік орталықты бӛлу үшін кенептің
тегістілігіндегі сол бейненің кӛлемі маңызды болып табылады. Ірі бейнелеу барлық
уақытта суреттің тегістілігінен шығады. Ӛте шағын бейнелеу суреттің тегістігінен алыс
тұрады. Сәтті композиция кӛрген кезде кенептің жиектерін ӛзгертуге тілегі болмаған
кезде, оның масштабын ӛзгертуге тілегі бар.
Композициялық орталықтың ерекшеленуі және кескіндегі кӛру әсерін құру түс
кӛлеңкесіне , фигуралардың кӛлеміне , фигуралардың арасындағы аралықта қол
жеткізеді. Суретші кескінде басты затты түспен, ондағы детальдардың ерекшелігімен
ажырата алады.
Кенепті грунттау. Екінші жапсырма кепкеннен кейін кенепке грунт жағады.
Грунт - кенеп пен бояу арасындағы біріктіргіш звено болып табылады, грунтталмаған
кенепке жазуға болмайды. Егер грунт нашар жасалса, онда ол майды «тартып», оған
қылқаламмен жазу қиынға соғады. Бояулары әлсізденіп, ӛзінің сапасын жоғалтады.
Кескіндеменің қарайып кету қаупі де жоққа шығарылмайды. Кенеп рама жиегіне
тартылған полотно бойынша тырнақпен қол жүргізген кезде шытырламуы қажет.
Кенептің фактурасы грунттаумен толықтырылмауы керек. Осындай кенептерде жазу
жеңіл әрі ыңғайлы болады.
Барынша күрделі және қарапайым грунтты жасау, бұл-желімді грунтты жасау
болып табылады. Ол ПВА желімінің қоймалжыңынан және ақ су имульциялық
бояуынан жасалады. Оған су қосылады. Грунт массасын жақсы араластыру қажет, ол
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
37
қоймалжыңды қою емес қаймаққа ұқсас болуы қажет. Грунттың алынған массасын
кенепке жағады. Кепкен соң, оның беткейін пемзамен толықтырады.
Майлы бояу живопись салуға арналған картонды басқа әдіспен: оның бет жағына
арнайы ерітіндімен (скипидардың 5 бӛлшегіне балауыздың 1 бӛлшегі) жағылып, содан
кейін зығыр майымен сүртілген чертеж немесе сурет қағазын желімдеу әдісімен де
дайындауға болады. Этюдтер үшін олифпен, живопись майымен майланған немесе
желім жағылған қағазды пайдалануға болады. Оның ӛзінде кепкен кезде қағаздың
бүрісуінен аулақ болу үшін оны тақта бетіне кнопкалардың кӛмегімен теріп тастайды
/3/. Этюд салу үстіндегі жұмыстың мақсаты - ӛмір мен табиғаттың құбылыстарына жіті
кӛз тастап, шынайы беру, бұл құбылыстар сурет салушының бойында тудыратын
сезімдерді айқында дәлме-дәл білдіру. Н.Рерих табиғатта кӛргенді бейнелей білу
маңызды, бірақ бейнелегің келгенді кӛре білу одан да маңызды деген болады. Ӛнер
біздің қоғамда адамдарды, оның ішінде әсіресе жастарды рухани – эстетикалық
тәрбиелеуде сенімді, күшті құрал болып табылады. Жастарды кӛркем ӛнерді сүюге,
адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді. Олардың шығармашылық
қабілеттерін, техникалық ой-ӛрістерін дамытуға үлес қосуымыз керек.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Б.Әлмұхамбетов, Ж.Баукенов «Сурет салу және бояумен жұмыс әдістері» Алматы,
1987ж.
2. Е.Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай?» Алматы «Ӛнер», 1981ж.
3. Қазақстан бейнелеу ӛнері ХХ ғасырда. Алматы, 2001ж.
4. Қ.Болатбаев, О.Ибрагимов. «Бейнелеу ӛнері» Оқу әдістемесі. Алматы, «Атамұра»
2001ж.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада кескіндемедегі (живопись) майлы бояу әдіс-тәсілдерің қыр-сырын
студенттерге үйрету әдістері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается изучение методов работы в живописи со студентами.
ӘОК 745.5
Достарыңызбен бөлісу: |