Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

 
ӘДЕБИЕТТЕР:  
1. Әбенбаев С.Ш. Ұлттық-эстетикалық мәдениет негіздері. – Алматы: ―Дарын‖, 2001 
2. Есмаханов А.А. Қазақстанның қазіргі бейнелеу ӛнері. – Алматы: Атамұра, 1998 
3. Қазақстан ӛнері: Есімдер достастығы. – Алматы: Атамұра, 2005
 
4.  Оразбекова  К.А.  Жеке  тұлға  ұлттық  тәрбиесінің  ғылыми-педагогикалық  негіздері. 
Монография. - Алматы: ―Комплекс‖, 2000 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл мақалада Қазақстандық қылқалам шеберлерінің  туындылары арқылы кӛркем 
тәрбие бере отырып, патриоттық рухта тәрбиелеудің  жолдары қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В 
статье 
рассматривается 
эффективность 
воспитания 
у 
студентов 
патриотического духа, изучая работы казахстанских художников. 
 
 
 
ӘОЖ 391.9 
ТҤСТІҢ  АДАМҒА ӘСЕР ЕТУ ПСИХОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Умирбекова С.Т. – магистр, оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Ежелден  тұлға  ӛмірінде  түстің  үлкен  роль  ойнайтыны  белгілі.  Эмоциональді 
түрде  сезімдерімізге  әсер  ете  отырып,  ол  қоршаған  ортаны  түгелдей  қабылдауға 
кӛмектеседі. Болашақ костюм мамандары ӛздерінің шығармашылық іс-әрекеттерінде ӛз 
түстерін кӛре білуі керек, олардың нюнсын және бояуын ажырата алуы, киімдегі жаңа 
түсті үйлесімділіктердің құрылуы үшін, түсті гаммасын ұштастыра келістіру қажет. 
Түс-сәнді киімнің жаратылуындағы қажетті элементтердің бірі. Түсі бойынша біз 
оның  -  спорттық,  қыстық,  жаздық  және  т.б.  белгілерін  айыра  аламыз,  ӛйткені  әдетте 
костюм  түсі  белгілі  бір  бағыттылықты  кӛрсетеді:  қыс  үшін  тоқтау  тондар,  жаз  үшін-
ашық, жарқын және т.б. түстер. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
74 
Қыс. Бұл типтегі  адам табиғи бояудың тазалығын, айқындығын  кӛрсетеді. Осы 
типке  жататын  адамдар  кӛбінесе  аппақ,  мұз  тәріздес  кӛгілдір,  лимон  түсті  немесе 
қызыл, қанық кӛк түстер. 
Жаз. Типіне жататын түстер кӛбінесе аралас  түстерден құралады. Оған кӛгілдір, 
изумруд тәрізді жасыл, бӛтелке ашық сары, түстер  гаммасы, яғни жиынтығы кіреді. 
Күз. Типіне жататын адамдардың сыртқы бейнесі қанық (айқын) әрі жылы бояуға 
толып    тұрғандай  күйге  енгізеді.  Бұл  типке  салқын  түстер,  яғни  сұрғылт,  кӛгілдір 
түстер сәйкес келмейді.  
Түстің  әсері  арқылы  адам  организмі  сыртқы  ортаға  қарай  кеңіне  түседі  немесе 
одан жоғалып кетеді және сол жағдайда ӛзіне-ӛзі консентрленеді. Біздің психикамызға 
түстің әсер етуін түсіну үшін, негізгі түстанудың  белгілі заңдарының жалпы бейнесін 
білу қажет /1/. 
Суретшілер  мен  кӛрермендердің  түсті  қабылдауы  арқылы  әртүрлі  реакцияларды 
туғызуы  мүмкін,  бұлардың  барлығы  тұлғаның  эмоциональді  дайындығына  ішкі 
жағдайына байланысты. 
Әр  адамның  түр-түсіті  қабылдау  ерекшелігі  әр  түрлі  екенін,  бұл  қасиет  адам 
мінезіне, жасына, кӛңіл күйіне және басқа да жайларға байланысты. Түр – түсті біз бір-
бірімен  салыстыра  отырып  ажыратамыз.  Олардың  біреулері  адамға  «жылы»  кӛрінсе, 
енді  біреулері  «суық»  болып  кӛрінеді.  Осыған  орай  түстерді  «жылы»  «суық»  деп 
бӛлінеді. 
Сары  түс  адам  бойын  сергітеді,  кӛңілдендіреді,  ол    кӛк  түске  қосылып  жасыл 
реңге  ауысқанда  шалғын  шӛпті,  жасыл  орманды,  салқын  саяны,  табиғаттың  жанға 
жайлы тыныштығын елестетеді. 
Ақ  түс  ежелден  кіршіксіз  тазалықтың  белгісі  болып  саналған,  сонымен  қатар 
халқымыз  оны  адалдық  пен  берекенің  белгісі  деп  есептейді.  Біздің  салт-санамызда, 
әдет-ғұрыптарымызда ақ түске байланысты кӛптеген қоғамдық символика бар. Адамға 
кӛк  немесе  кӛк  жасыл  түске  боялған  бӛленің  температурасы  қызғылт  үске    боялған 
бӛлмеден 3-4 градусқа суықтау болып кӛрінеді /2/. 
Түр-түстердің  ашықтығы  (жарықтығы)  мен  қараңғылығы  (күңгірттігі)  да  адамға 
әр түрлі әсер етеді. Мәселен, қарағы, күңгірт, қою реңкті заттар (тау-тас, орман, тоғай 
т.с.с)  жерде  болса,  жеңіл  де  жарық  заттардың  бәрі  (күн,  ауа,  бұлт  т.б.)  аспада.  Бұл 
заңдылық  үйіміздің  ішкі  бояу  –  нақыштарынан  да  байқалады.  Бӛлменің  тӛбесі  ақ,  
қабырғалары  жарық  реңкті  боялса,  сыртқы  іргетасы,  едені,  әдетте  қоңыр,  күңгірттеу 
түстерге боялады. Ең алдымен адамның кӛңіл  – күйіне, психологиясына, эстетикалық 
талғамына сай болуы керек. Бұдан біз жалпы табиғаттағы үйлесімділік заңы адам мен 
оны қоршаған орта арасында да қатаң сақталуы қажет екендігін аңғарамыз. 
Біз  қай  түс  туралы  айтсақ  та,  оның  суық  немесе  жылы    саналатын  жалпы 
белгілерін  ескереміз,  ӛйткені  түс  жеке  түрде  ешқандай  мағынаға  ие  болмайды.  
Контрастың құбылысы және қоршаған орта бір түстің  екіншісіне деген жақсы қасиетін 
белгілейді /3/. 
Түстің  әсері  арқылы  адам  организмі  сыртқы  ортаға  қарай  кеңіне  түседі  немесе 
одан жоғалып кетеді және сол жағдайда ӛзіне-ӛзі консентрленеді. Біздің психикамызға 
түстің әсер етуін түсіну үшін, негізгі  түстанудың  белгілі заңдарының жалпы бейнесін 
білу қажет. 
Тұлғаның  демалысымен  және  еңбек  шығармашылығы  түспен  байланысты.  Біз 
айналадағы  жағдай  демалуға  және  кӛңіл  бӛлуге  кӛмектескенде  қуанышпен  еңбек 
ететінімізді  білесіз,  сондай-ақ  түсті  гамманың  таңдалынуы,  түс  декоративтілігі 
физикалық және жүйке жүйесінің шаршауын түсіруге кӛмектеседі. 
Суретшілер  мен  кӛрермендердің  түсті  қабылдауы  арқылы  әртүрлі  реакцияларды 
туғызуы  мүмкін,  бұлардың  барлығы  тұлғаның  эмоциональді  дайындығына  ішкі  
жағдайына байланысты. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
75 
Түстер  жиі  әр  қилы  формалармен  дауыспен,  қозғалыспен  байланысады.  Сол 
сияқты музыкалық елестің түсті музыкалық туындаушы әкеп соқты. 
Болашақ  костюм  мамандары  ӛздерінің  кәсіби  шығармашылығында    зерттеулер  
мен тәжірибенің нәтижесінде қорытылған заңдар мен ережелерді ескеру қажет. 
1.
 
Қосымша  немесе  контрасты  түстер-жасылдың  қызылға,кӛктің  қызғылт  сары 
түске,  сияның  сарыға  және  т.б.  үйлесімі  арқылы  ӛзінің  интенсивтілігін  және 
ашықтығын кӛтереді, қосымша түстердің үйлесімі арқылы контрасты түстер алынады. 
2.
 
Түстер  жылы  және  суық  болып  бӛлінеді.  Сары  түстің  қосылуынан  жылы 
түстер, ал кӛк түстің  қосылуынан суық түстер алынады. 
Біз қай түс туралы айтсақта, оның суық немесе жылы саналатын жалпы белгілерін 
ескереміз,  ӛйткені  түс  жеке  түрде  ешқандай  мағынаға  есе  болмайды.Контрастың 
құбылысы және  қоршаған орта бір түстің екіншісіне деген жақсы қасиетін белгілейді. 
Негізгі түстер тіпті нейтральді (түссіз) болуы мүмкін, және түс қандайда бір түске 
қарай «жылжыса» (сарыға немесе  кӛкке) біз оның кӛрінетін ерекшеліктері жайлы сӛз 
етеміз. Мысалы, қызыл түс суық та жылыда бола алады. Егер оған кӛк қоссақ, суықтау 
түс аламыз, ал сары қоссақ, жылырағын аламыз. 
3.
 
Түстің  мінездемесін  анықтай  отырып,  оның  түсті  тонын,  ашықтығын    және  
қанықтығын ескереміз. 
Тұлғаның  демалысымен  және  еңбек  шығармашылығы  түспен  байланысты.  Біз 
айналымдағы  жағдай  демалуға  және  кӛңіл  бӛлуге  кӛмектескенде  қуанышпен  еңбек 
ететінімізді  білеміз,  сондай-ақ  түсті  гамманың  таңдалынуы,  түс  декоративтілігі 
физикалық және жүйке жүйесінің шаршауын түсіруге кӛмектеседі.  
Жеке  жұмыс  орнының  жабдықталуын  жобалай  отырып,  суретші  –  дизайнерлер 
түстердің  бірігуіне,  бүкіл  композицияның  ұйымдастырылуына  шектелмеген  
мүмкіндіктер  қолдана,  жалпы  ғимараттан  немесе  ӛндірістік  орынның  толықтай  ойып   
жаратуға тырысады.  
Эмоциональді-  психологиялық  ортаның  жаратылуы,  тек  қана  ӛндірісте  және 
қолданысқа  емес,  сондай-ақ  кез  –  келген  қоршаған  жағдайда  қажет.  Кӛп  мүмкіндікті 
кештерді,  мерекелерді,  кӛрсетілімдерді  безендіруде  және  т.б.  таңдап  алынған  әрбір 
кеңістік ерекше түрде ұйымдастырылған оқиға мен үйлесуі керек. 
Әр түрлі түстің керемет ғажайып күшін, әсерін барлық жерден байқауға болады. 
Түс әрқашан да жай, қарапайым немесе күрделі сигналдарды, белгілерді, ал біз оларға 
іштей  реакция  жасаймыз.  Түс  ӛзіне    тартады  немесе  жеркеніш    туғызды, 
тыныштандырып, қызықтырады немесе сезіміңізді қоздырады. 
Түстердің  барлық реңктері беретін сигнал, белгілерін түсінгенде, оларға реакция 
жасап қана қоймайсыз, сонымен бірге оларды саналықпен пайдалана алатын боласыз. 
Түстер беретін сигналдарды белгілі бір әсерді қалыптастыру үшін, соған орай қалаған 
реакцияны қабылдауды үйренесіз. 
Қызыл - спектр түстерінің ішіндегі қызыл түс ӛте күшті физиологиялық реакция - 
жүрек  соғуының  жиілеуін  -  береді  екен,  қызыл  түстің  жанынан  оған  назар  аудармай 
ӛтуге  болмайды,  ол  түс  бірден  ӛзіне  назар  аудартады  және  адамды  ӛзіне  тартады. 
Қызыл  түс-негізгі  түс.  Кейде  ол  адамда  жылулық  сезімін  тудырады.Қызыл  түсті    кӛп 
пайдалансаңыз, ол басқаларды шаршатып, ашуландыруы мүмкін. 
Сары  түс  -  сары  түс  спектрдің  басты  негізгі  түстерінің  ішінде  ӛте  ашық 
болғандықтан, адамды алаңдатады және ӛзіне назар аудартады.   
Бұл түс адам алдымен аңғарады. Сары түске қара бояумен жазылған жазуды оқу 
да  жеңіл  болады.  Сары  түс  әрқашан  жаңалық  әкелуші,  ерекше,  айырықша,  қызық 
туралы  белгі  береді.  Егер  сіз  айналаңыздағы  адамдардың  кӛңілін  кӛтеріп,  таң 
қалдырғыңыз келсе, сары түсті пайдаланыңыз. 
Жасыл  түс - әр алуан белгілерді жібереді. Егер бұл түсте сары түс басым болса, 
ол адамды қоздырады  да, кӛк түс басым болса., адамды тыныштандырады. Қоңырқай 
жасыл түс босаңсуға кӛмектеседі. Ол беріктілік пен сенімділік сезімін орнықтырады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
76 
Көк  түстер  -  суық  түске  жатады,  қызыл  және  жасыл  түске  қарағанда  ӛзінен 
адамның назарын бірден басқа жаққа аудартып әкету күші бар.  
Көгілдір және көк түстер- кӛгілдір түс адам үшін ӛте қолайлы, тыныштаңдырып, 
жанын жай таптырады. Ол түс – аман-саулықтық белгісі. Бұл түс тұрақтылық пен ойға 
шамуды,  берілген  адалдық,  намыспен  байланысты.  Ашық  кобальт  -  кӛк  және  қызыл 
түстің үйлесімі, ӛте терең, адамды қызықтыратын түс болып саналады. Кӛгілдір аспан 
бізге ӛте әдемі, тамаша кӛрінеді, ал кӛк теңіз - тыныштандырып, кӛзді қуантатын түсті 
болады.  Ал  кӛк  түске  шамалы  ақ  түстен  қоссаңыз,  романтикалық  кӛгілдір  түске  қол 
жеткізесіз. Қызыл түстен қосаныз - ғажап, керемет, бай, таңдаулы реңк аласыз. Кӛк түс 
басым болғандықтан, үлкен кеңістікке ӛте келмейді.  
Күлгін  түс  -  қызыл  түстің  энергиясы  мен  кӛк  түстің  әдемілік,  кербездігінің 
қосындысы. Мұндай реңк сіздің әдеттен тыс, сирек кездесетін қабілетіңізді айырықша 
кӛрсетеді. Бұл  түспен шаадан тыс әуестенудің қажеті жоқ, сіздің ӛзіңіз де  жасандылық 
танытып,  табиғилығыңызды  жоғалтқандай  кӛрінесіз. 
Ақ  түс-  ақ  түс  немесе  пигментті  дақтардың  толығымен  болмауы,  әдете 
тазалықпен,  жаңалықпен,  тыныштықпен,  жоғары  қабілеттіліктермен  байланысты.Егер 
сіз  қарапайымдылықты,  тазалықты  және  күшке  ерекше  кӛңіл  аударғыңыз  келсе,  ақ 
түсті пайдаланыңыз. 
Сұр  түс-    классикалық  бейтарап  түс.  Сұр  түс  барлық  түстерді  бейнелейді,  ол 
түсте    ешқандай    түске  басымдық  берілмейді.  Бұл  фон  жасау  үшін  таптырайтын  түс. 
Сұр түс ескі, іш пыстырарлық, қызықсыз болып кӛрінуі  мүмкін. Бірақ  басқа бейтарап 
немесе ашық түстерен үйлесін тапса, сұр түс күшті, қуатты, әдемі және ерекше болып 
кӛрінеді. 
Қара  түс  -  сырбаздықты,  кербездікті,  әдемілікпен  байланысты.  Бұл  түс  қазіргі 
заманға қала әйелдерінің басты түсі болып табылады.Әйелдер іскери кездесулерге қара 
костюм  киеді.  Қара  түс  басқа  түстермен  керемет  үйлеседі,  сонымен  қатар  сіздің 
сыбатыңызды ерекше бӛліп кӛрсетеді. Қара түс әрқашан күш, қуат, билік және жоғары, 
биік талғамды білдіреді. 
Қоңыр  түс-  күшті  және  қуатты  түс  саналған,  бірақ  қара  немесе  ақ  түс  сияқты 
мықты  емес.  Қоңыр  түс  ақ  пен  қараға  қарағанда  анағұрлым  бейресми  болып  келеді. 
Егер  сіз  батыл,  толық  сенімде  болғыңыз  келсе,  қоңыр  түсті  пайдаланыңыз.Қоңыр 
түстер  адамды  тыныштандырып,  кӛкірегіне  сенім  орнатады.Анағұрлым  ашық 
түстермен сәйкестендіріп қолдану керек. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
А. Василевская. Cпециальное рисование. 1989. 
2.
 
С.А. Жолдасбекова. Костюм композициясының практикумы. 2005 ж. 
3.
 
Ивенс Р.М. «Введение в теорию цвета» Мир, Москва – 1964 г. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада    түстің  адамға  әсер  ету  психологиясының  зерттелуі  жайында 
қарастырлған. 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  исследование  психологического  влияния  цвета  на 
человека.  
 
 
 
 
Қ Ұ Қ Ы Қ   Ж Ә Н Е  Б А С Қ А Р У  Н Е Г І З Д Е Р І 
 
ӘОК 338.781 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
77 
Ж 69 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ 
«БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ» АТТЫ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҦҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҤЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Айнакулов С.Ж. – аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Елбасы  елімізді  демократиялық-құқықтық  мемлекет  ретінде  дамытып 
қалыптастыруда аянбай еңбек етуде. Биылғы жолдауда да бұл мәселе тыс қалған жоқ. 
Соңғы бес жылда ғана құқық қорғау органдарына 160 миллиард теңгеден астам қаржы 
бӛлініп  ,  олардың  әлеуметтік  қамтамасыз  етілуі  екі  есе  ӛскен.  Президент  тапсырмасы 
бойынша құқық қорғау жүйесін реформалау жӛніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. 
Ол  үлкен  жұмыстар  атқарды.  Әлеуетті  құрылымдардың  жұмысына  қызметтік  талдау 
жасалып,  проблемалар  мен  олқылықтар  анықталды.  Ауқымды  әлемдік  тәжірибе 
зерттелді.  Құқық  қорғау  органдарының  қазіргі  бар  құрылымы,  бірқатар  функциялар 
мен ӛкілеттіктер қоғамда қалыптасқан нарықтық қатынастарға сай келмейтінін айтқан 
жӛн.  Құқық  қорғау  органдарының  қызметі  басқару  жүйесінің  ебедейсіз  үлкендігімен, 
қызметтердің  қайталануымен  және  астасуымен  сипатталады.  Сапалық  кӛрсеткіштерді 
сандық  кӛрсеткіштермен  алмастыру  орын  алған.  Қазіргі  бар  бағалау  ӛлшемдері  олар-
дың  қызметтік  міндеттерін  шешуге  бағытталуына  жәрдемдеспейді.  Осының  бәрі 
халықтың  құқық  қорғау  органдарына,  ал  солар  арқылы  тұтастай  билікке  деген  сенім 
деңгейіне салқынын тигізуде. Үстіміздегі жылы Президент Әкімшілігіне түскен азамат-
тардың  хат-хабарларының  үштен  бірі  құқық  қорғау  органдары  мен  соттардың  іс-
әрекетіне  шағымдар  болған.  Реформалаудың  бұған  дейінгі  барлық  әрекеттері  күткен 
нәтиже  бермеді.  Реформаның  шынайы  мақсаттары  науқаншылдықпен  алмастырылып, 
соған теңдестірілді. Тар ведомствошылдық мүдделер, бұрынғы, кӛп ретте әлі кеңестік 
тәртіпті сақтап қалу тілегі жалпы мемлекеттік мүдделерден асып түсіп жатты.  
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Үкіметке,  Президент  Әкімшілігіне,  құқық  қорғау 
органдары  мен  соттарға  мынадай  негізгі  бағыттар  бойынша  шаралар  жүргізуге  дереу 
кіріскендері жӛн екендігін атап кӛрсетті. 
Бірінші.  Реформаның  шешуші  мәселелерінің  бірі  құқық  қорғау  органдарының 
құзыретін  айқын  шектеу  және  оларды  сай  емес  қызметтерден  босату,  қылмыстық 
істерді  тергеу  жүйесін  оңтайландыру  және  құқық  қорғау  органдарының  тиімділігін 
арттыру  болып  табылады.  Осыған  орай  ІІМ-нің  медициналық  айықтырғыштарға 
қатысты  қызметтер  мен  ӛкілеттіктері  Денсаулық  сақтау  министрлігіне,  кәмелетке 
толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары Білім және ғы-
лым министрлігіне, кӛлік құралдарын техникалық тексеру жүргізу бәсекелестік ортаға, 
ал  оны  ӛткізуді  бақылау  жӛніндегі  ӛкілеттіктер  Кӛлік  және  коммуникация 
министрлігіне,  ІІМ-нің  күзет  қызметі  саласындағы  ӛкілеттігі,  айрықша  маңызды 
стратегиялық нысандарды күзеттен басқалары, бәсекелестік ортаға беріледі. Ішкі істер 
министрлігі  мен  Бас  прокуратура  олардағы  бар  үш  ӛңірлік  кӛлік  құрылымдарын  осы 
органдардың  орталық  аппаратына  кіретін  бір  құрылымға  біріктіргендері  жӛн.  Үкімет 
кӛші-қон  үдерістерін  мемлекеттік  реттеудің  тиімділігін  арттыру,  кӛші-қон  ағымдарын 
бақылауды  қатаңдандыру  үшін  ІІМ  құрылымында  Кӛші-қон  полициясы  комитетін 
құруы тиіс. Есірткіге салынушылықпен және есірткі бизнесімен күресті күшейту үшін 
ІІМ-нің Есірткі бизнесімен күрес жӛніндегі комитетіне осы мәселені жүзеге асыратын 
ӛңірлік  бӛлімшелер  тікелей  бағыныстылығына  беріледі.  Ішкі  істер  министрлігі 
әкімшілік  тұтқындауды  атқару  жӛніндегі  қызметті  кезең-кезеңмен  Әділет 
министрлігіне  ӛткізеді.  Осылайша  ішкі  істер  органдары  оларға  тән  емес  қызметтерді 
атқарудан босатылады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
78 
Бізге аса маңызды жүйелік қадам жасауға – Криминалдық полиция комитеті мен 
Тергеу комитетін қосу арқылы ІІМ-нің Тергеу жӛніндегі комитетін құруға тура келеді, 
деді Елбасы. Осындай біріктірудің нәтижесінде қылмысты тергеу тиімділігі артуы тиіс. 
Осының  бәрін  атқармастан  бұрын  облыстардың  бірінде  қанатқақты  жобаны  іске  асы-
руға болады. Алайда мұны жасауға тиіспіз, ӛйткені бұл – әлемдік тәжірибе. 
Трансұлттық  есірткі  қылмыстарынан  басқа  барлық  есірткі  қылмыстарын  тергеу 
ІІМ-ге  беріледі,  ал  экономикалық  және  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарды  толықтай 
Қаржы  полициясы  тергейтін  болады.  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  тікелей  ұлттық 
қауіпсіздікке  байланысты  қатерлер  мен  қылмыстарды  тергеуге  шоғырландырылады. 
Жоғарғы  Сот  жанындағы  Сот  әкімшілігі  комитеті  жойылып,  оның  негізінде  Жоғарғы 
Сот жанындағы Сот қызметін қамтамасыз ету жӛніндегі департамент құрылады. 
Екінші.  Құқық  қорғау  реформасының  басқа  бір  маңызды  бағыты  құқық  қорғау 
органдарының аппараттарын оңтайландыру болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін 
Үкіметке  штаттық  бірліктердің  оңтайланған  санын  есептеп,  оңтайландыру  жӛнінде 
нақты ұсыныстар енгізу қажет. Орталық және облыстық буындағы басқару аппаратта-
рын  қысқарту  есебінен  құқық  қорғау  органдарының  қалалық  және  аудандық  бӛлім-
шелерін нығайтқан жӛн. 
Үшінші.  Үкіметке  Парламентпен  бірлесіп  заңнамалық  базаны  жетілдіру,  оны 
түзету  жӛнінде  кӛп  жұмыс  істеуге  тура  келеді.  Бәрінен  бұрын,  –  деді  Елбасы,  – 
қылмыстық  саясатты  ізгілендіру  мәселелерінде  табанды  түрде  ілгерілеу  керек.  Құқық 
қорғау  органдары  тарапынан  болатын  қыспақтан  бизнесті  қорғау  және  бизнестің  да-
муын  ынталандыру  үшін  экономикалық  саладағы  қылмыстарға  айрықша  назар  ауда-
рылады.  Рейдерліктің,  ӛзгенің  меншігін  басып  алудың  жолына  тосқауыл  қойылады. 
Кәсіпкерлерді  тексеру  құқығы  бар  мемлекеттік  органдар  тізімі  қысқартылады.  Осы 
шаралардың  бәрі  бизнестің  мемлекетке  деген  сенімін  нығайтуға  мүмкіндік  беріп, 
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыратын болады. 
Құқық  қорғау  қызметін  ӛтудің  бірыңғай  құқықтық  қалыптары  және  қызметкер-
лерді әлеуметтік қорғаудың бірыңғай  ұстанымдары, сондай-ақ судьялар мен судьялық 
қызметке кандидаттарға жоғары критерийлер енгізіледі. Құқық қорғау жүйесін бейми-
литаризациялау жӛніндегі жұмыстан бастаған жӛн. Мыңдаған адамдар іс жүзінде қос-
алқы және қызмет кӛрсету функцияларын атқара жүріп, погон тағады. Погонды әр ве-
домствода  негізгі  функцияларды  атқаратындар  ғана  тағуы  тиіс,  деп  атап  ӛтті  Прези-
дент. Келесі кезекте біз әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, бұл мәселені қарастыра-
тын боламыз. Бұл ретте қызметкерлердің мүдделерін ескеріп, олардың жалақыларының 
және кадр құрамы сапасының тӛмендеуіне жол бермеу қажет. 
Тӛртінші. Мүдделі мемлекеттік органдарға республикада жеке детективтік қызмет 
институтын ендіру мәселесін әзірлеп, бұл жӛнінде ұсыныс енгізілуі керек. 
Бесінші.  Жергілікті  атқару  органдары  (әкімдіктер)  реформадан  тыс  қалмайды, 
оларға құқық  бұзушылықтың алдын алу және құқық тәртібін қамтамасыз ету жӛнінде 
жоғары жауапкершілік жүктеледі. 
Алтыншы. Мемлекеттік комиссия ӛз жұмысын жалғастырып, аталған Жарлықтың 
іске асырылуын қисынды аяқталуға дейін жеткізуі керек. 
Осылайша  Қазақстанда  тұңғыш  рет  жеке  детективтік  қызмет  институты,  яғни 
адамдардың  құқықтары  мен  бостандықтарына  байланысты  қызмет  атқаратын 
жекеменшік  сала  құрылатын  болды.  Бұл  -  мемлекеттік  органдармен  қатар,  жеке 
азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  етуге  ӛте  қажетті  қызмет. 
Ӛйткені бүкіл әлемнің алып елдерінде осы бағыт дамыған. Бұл қызмет міндетті түрде 
мемлекеттік  тіркеуден  ӛтеді  және  мемлекеттік  қадағалауда  болуы  тиіс.  Себебі  бұл 
жерде  азаматтардың  құқықтарына  ешқандай  шектеулер  қойылмауы  керек.  Егер  де 
азаматтардың жеке басының, отбасының құпиялары жарияланатын болса, онда мұндай 
детективтік  қызмет  біздің  қоғамға  жақсылық  әкелмейді.  Бұл  арада  «Жеке  детективтік 
қызмет туралы» заң қабылдап, оның қызметін нақты белгілеуіміз керек. Бұл қызметтің 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
79 
қоғамға  қажеттілігі  ерекше  сезіліп  тұр.  Азаматтардың  барлығы  құқық  қорғау 
органдарына шағымдану арқылы ӛзінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын кӛп 
жағдайда  қалпына  келтіре  алмайды.  Сондықтан  мұндай  жекеменшік  детективтік 
мекемелер  мен  ұйымдар  құрылса,  бұл  жалпы  азаматтармен  қатар,  құқық  қорғау 
органдарының  жұмысына  белгілі  бір  жеңілдіктер  әкелуі  мүмкін.  Бүгінде  кӛптеген 
азаматтар құқық қорғау органдарына кӛп мәселелер бойынша шағымданбайтыны тағы 
рас.  Ал  азаматтар  детективтік  мекемелер  ӛкілдерімен  белгілі  бір  шартқа  тұру  арқылы 
ӛздерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп алуына мүмкіндік туады. Сондықтан 
детективтік мекемелер тәуелсіз, ӛз бетінше қызмет атқара алатындай деңгейде құрылуы 
тиіс. Оның үстіне олардың қажетті мағлұматтарды алуға мүмкіншіліктері болуы керек. 
Бұған  барынша  мүмкіндік  берумен  қатар,  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін 
айқындап беруіміз тиіс. Сонда ғана детективтік мекемелердің қызметі алға басады.  
Жалпы, бұл мәселенің қоғамда талқыланып жүргеніне біраз болды. Осыдан тӛрт-
бес  жыл  бұрын  тиісті  заң  жобасы  әзірленіп,  Парламент  Сенатынан  ӛтпей  қалған  еді. 
Ӛзінің  ресми  тарихын  Алан  Пинкертон  деген  шотландиялық  із  кесушінің  1819  жылы 
құрған жеке детектив агенттігінен бастау алатын бұл қызметтің қоғамға қажеттілігі мен 
тиімділігін  әлемдік  тәжірибе  кӛрсетіп  отыр.  Мысалы,  АҚШ-та  жеке  детективтер 
азаматтарға  іздестіру  қызметін  кӛрсетумен  қатар  қылмыскерлерді  тұтқындауға,  тінту 
жүргізуге, арнайы электронды құралдарды пайдалануға құқылы. Сонымен қатар, олар 
қоғамға қауіпті  қылмыстар жӛнінде мәліметтер жинап, құзырлы органдарды хабардар 
ете алады. Құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша күдіктіге қарсы дәлелдер 
жинау  мүмкіндігі  де  бар,  жеңіл  қылмыстар  бойынша  тергеу  жүргізе  алады. 
Ұлыбритания  мен  бірқатар  Еуропа  елдерінде  жеке  детективтердің  алаяқтық,  ұрлық, 
кәсіпорындарда ұшырасатын ӛнеркәсіптік тыңшылық сияқты қылмыстарды тергеу мен 
ашуда  кәсіби  біліктілігі  соншалық,  іс  адамдары  мен  кәсіпкерлер  мемлекеттік 
полициядан гӛрі детективтерге кӛбірек сенім артады екен. Оның себебі  – мемлекеттік 
органдарға  тән  бюрократия  шырмауығымен  және  сылбырлықпен  қатар,  қылмыстық 
оқиғаның орын алғаны туралы жағымсыз ақпараттың таратылып кету қаупі де бар. Ал, 
егер  кәсіпорынның  беделіне  нұқсан  келсе,  ол  қылмыстың  зардабынан  да  артық 
шығынға  алып  келуі  әбден  мүмкін.  Бұл  тұрғыдан  жеке  детективтердің  қызметі  толық 
құпиялылыққа негізделген. Олардың қызметіне деген сұраныс Германияда жеке із кесу-
шілердің санының мемлекеттік полиция қызметкерлерінен екі есе артуына алып келген. 
Жапонияда  жеке  із  кесушілер  жеңіл  қылмыстарды  ашумен  қатар  лаңкестікпен  және 
ұйымдасқан  қылмыспен  күрес  жүргізуге  де  қатысады.  Францияда  ресми  300-ге  жуық 
жеке  детективтік  бюро  тіркелген.  Кӛріп  отырғаныңыздай,  жеке  детективтер  ресми 
құқық  қорғау  органдарына  бәсеке  болатындай  деңгейге  жеткен.  Біздің  құқық  қорғау 
саласындағы  тәжірибемізге  қарасақ,  бүгінгі  күні  азаматтардың  құқықтары  мен 
мүдделерін  қорғауда  бәсекеге  негізделген  тиімді  жүйені  қалыптастыру  мақсатында 
жеке адвокаттық қызмет пен құқықтық кеңестер, жеке нотариустар институты енгізіліп
олар  бұл  күнде  халыққа  қызмет  етуде.  Бұған  қоса  экономикалық  дауларды  шешудің 
мемлекеттік  емес  баламалы  түрлері  –  аралық  және  тӛрелік  соттар  жұмыс  істейді,  кӛп 
ұзамай  медиация  институты  енгізілмекші.  Жеке  сот  орындаушылары  туралы  заң 
қабылданып,  жақын  арада  қолданысқа  енеді.  Яғни,  азаматтың  ӛз  еркіне  сай  таңдау 
құқығы болуы шарт, тегін мемлекеттік қызметті, әлде ақылы жеке қызметті пайдалана 
ма,  оны  ӛзі  шешеді.  Әрине,  мұны  мемлекет  қамтамасыз  етуге  тиіс.  Бұл  тұрғыдан 
алғанда жеке із кесушілердің қызметіне де рұқсат беретін мезгіл жетті.  
Жеке  детективтік  қызметті  енгізудің  ең  басты  шарты  –  Конституциямен  қор-
ғалатын  азаматтардың  жеке  ӛмірі  құпиясына  қол  сұқпауды  қамтамасыз  ету. 
Детективтік қызметті адам құқықтарының сақталуымен шебер ұштастыра білген жӛн.  
Тағы да бір кӛтеріліп отырған басты мәселелердің бірі – ол медиация институтын 
дамыту.  Қазақстанда  медиация,  яғни  қайта  қалпына  келтіруге  бағытталған  әділ  сот 
жүйесін  енгізу  еліміздің  қылмыспен  күрес  саласындағы  саясатты  ізгілендірумен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
80 
байланысты қолға алынып отырған шара. 
Медиация - дәнекерлік, ол дегеніміз шиеленіс 
тараптарына оны соттық, немесе соттан тыс кезекте шешуде ӛзара тиімді жағдайларға 
қол жеткізуге қолдау кӛрсетеді. 
Медиацияны енгізуде бірінші кезекте ескеретін мәселе, 
ол  -  әділ  сот  қалыптастыруға  бағытталған  ӛте  кең  кӛлемді  мәселелерді  қамтитын 
күрделі  жүйе.  Сондықтан  оған  байланысты  қабылданған  шешімдер  де  жан-жақты 
сараланған  әрі  салмақты  болуы  тиіс.  Аталмыш  жүйенің  орнын  Қазақстанда  бұрын 
билер  институты  атқарып  келген.  Яғни,  оның  тарихи  алғышарттары  бар.  Қорыта 
айтқанда,  медиация  бүгінде  сот  процесінде  болып  жатқан  кӛптеген  мәселелердің 
оңтайлы  шешімін  табуына  ықпал  етеді.  Сондықтан  да  оның  болашағынан  күтілетін 
үміт зор. 
Ойымызды  қорытындылай  келгенде  құқық  қорғау  жүйесін  реформалау 
барысында  қылмыстық  заңнама  тұрақтандырылып,  қоғамға  үлкен  қауіп  туғызбайтын 
қылмыстар,  оның  ішінде  экономика  саласындағы  қылмыстар  әкімшілік  құқық-
бұзушылық  санатына  ауыстырылады  және  оны  жасағаны  үшін  әкімшілік 
жауапкершілікті,  оның  ішінде  әкімшілік  прюдицияны  енгізу  жолымен  күшейте 
отырып,  қылмыстық  сипаттан  арылады.  Сондай-ақ,  жазаларды  жұмсарту  арқылы 
жекелеген қылмыстардың ауырлық дәрежесі қайта бағаланады.  
Қылмыстық  сот  ісін  жүргізуде  бітімгерлік  рәсімдерді  кеңейтуге,  оның  ішінде 
медиация  институтын  дамытуға  бағытталған  жұмыстар  атқарылады.  Сонымен  бірге, 
жеке және ашық  айыптаудың қылмыстық  істерінің санаты кеңейеді. Мемлекетке зиян 
келген  жағдайда,  тараптардың  бітімге  келуіне  байланысты  адамдарды  қылмыстық 
жауапкершіліктен  босату  тәртібін  реттеу  әрі  онша  ауыр  емес  және  ауырлығы  орташа 
экономикалық  қылмыс  жасаған  адамдарға  қамауға  алу  түріндегі  шара  қолдануды 
шектеу,  сондай-ақ,  келтірген  зиянды  ӛз  еркімен  ӛтеген  жағдайда  оларды  қылмыстық 
жауапкершіліктен  босату  жайы  да  кӛзделген.  Реформа  барысында  азаматтардың  және 
ұйымдардың,  сондай-ақ,  мемлекеттің  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  жедел  және 
әділ қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сот ісін жүргізуді жетілдіру мен оңайлатуға, 
сотқа  дейінгі  іс  жүргізуде  соттың  бақылау  шегін  кеңейтуге  бағытталған  іс-шаралар 
жүргізіледі.  
Сот  тӛрелігін  іске  асырудың  негізгі  принциптерін  сақтай  отырып,  соттарға  сот 
талқылауының  дайындық  сатыларында  сотқа  дейінгі  іс  жүргізудің  олқылықтарын 
толтыру жӛніндегі қосымша ӛкілеттіктер беріледі, азаматтық-құқықтық дауларды сотқа 
дейін  реттеу  саласы  және  оларды  шешудің  балама  тәсілдері  кеңейтіледі.  
Реформаның  кӛздеп  отырған  мақсаты  –  мемлекетімізде  заңның  үстемдігін  орнату, 
заңдылықты  қатаң  сақтау,  азаматтардың  құқықтарының  қорғалуына  сенімділігін 
нығайту болып отыр. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
жолдауы. 28.01.2011жыл 
2.
 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  Республикасында  құқық 
қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жӛніндегі шаралар туралы» 2010 
жылдың 17 тамыздағы  №1039  жарлығы 
3.
 
«Құқық  қорғау  жүйесін  реформалау  біздің  азаматтарымыздың  құқығын  әділ 
және шынайы қорғауды қамтамасыз етуге тиіс» Егеменді Қазақстан 18 тамыз 2010 жыл 
 
 
 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
81 
Мақалада  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашақтың 
іргесін  бірге  қалаймыз»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауы  негізінде  Қазақстандағы 
құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассмаириваются  проблемы  реформирования  правоохранительной 
системы  в  Казахстане  на  основе  послания  президента  Республики  Казахстан  Н.А. 
Назарбаева «Построим будущее вместе!» 
 
 
 
ӘӚК 378. 147. А 32 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет