Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ. 
 
А.Е. Жолдыбаева  - аға оқытушы (Алматы қ, ҚазмемқызПУ) 
 
Бүгiнгi  әлемдiк  экономикада  Қазақстан  Республикасының  ӛзiндiк  орны 
айқындалып  қалды.  Бұл  мәселенiң  ӛзектiлiгi  әлемдiк  экономикалық  қауымдастықта 
елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз 
атап  кӛрсеткенiндей  ―мемлекетiмiз  әлем  таныған,  алдыңғы  қатарлы  елдер  қатарына 
қосылуы  керек‖,  сондықтанда  болар  бүгiнгi  күнi  экономикалық  дамудың  тиiмдi 
жолдарын  табу  туралы  мәселелi  сұрақтар  кең  түрде  талқылауға  түсiп  отыр. 
Жетiстiктерге  жетуiмiз  жер  қойнауымыздағы  минералды  қорымыздың  бай  болуымен 
және  соңғы  жылдары  мұнай  және  металл  бағасының  ӛсуiмен  тiкелей  байланысты. 
Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. 
Ал дамыған елдердiң қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық ӛндiрiстен сервистiк-
технологиялық  ӛндiрiске  ӛтiп,  индустриялы-инновациялы  дамуға  бет  алған.  Ал 
шикiзаттық  ӛндiрiспен  даму  жағынан  артта  қалған  және  дамушы  елдер  ғана 
айналысады екен.  
Елбасы  атап  ӛткендей,  экономикамыз  шикiзаттық  ӛндiрiске  тiкелей  байланысты 
емес  тұрақты  экономикалық  ӛсу  үшiн  және  елiмiз  жоғары  дамыған  елдер  қатарына 
қосылу  үшiн  бүгiнде  инновациялық  саясатты  тиiмдi  жүргiзiп,  әлемдегi  дамыған 
елдердiң  қатарына  қосылуымыз  керек,  сонымен  қатар  реформалар  жүргiзiп  және  ұзақ 
мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде қажет.  
Қазақстан  Республикасының  инновациялық  мәселелерге  қызығуы  XXI  ғ-дың 
әлеуметтiк-экономикалық  дамуында  ең  бiрiншi  ғылыми  техникалық  дамумен 
байланысты.  Елдiң  негiзгi  экономикалық  дамуына,  яғни  ӛндiрiс  пен  ғылыми-
техникалық  ресурстарды  жоспарлау  үшiн  қажеттiсi  инновациялық  қызмет.  Бүгiнде 
елiмiздің  экономикасының  дамуының  негiзгi  бағыты  инновациялық  қызмет  болып 
отыр.  Себебi,    елiмiз  осы  мәселелердi  шешiп  жоғары  бәсекеге  қабiлеттi  алдынғы 
қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, экологиялық тиiмдi ӛндiрiстi  қамтамасыз ету 
және  тұрақты  экономикалық  ӛсу  мақсатында  ―Қазақстан  Республикасының 
Индустриялы-инновациялық  дамуының  2003-2015  жылдарға  арналған  ұзақ  мерзiмдi 
стратегиясын  қабылдады  және  ол  алғашқы  кезден  бастап  ақ  оң  нәтижелер  бере 
бастады. 
Отандық  ӛнеркәсіптің  еңбек  ӛнімділігі  мен  бәсекеге  қабілетін  арттырудағы 
табыстың  айқындаушы  факторы  инновациялық  қызмет,  отандық  және  шетелдік 
ғылыми-техникалық  және  технологиялық  әлеуетті  пайдалану  әрі  оның  негізінде 
бәсекеге қабілетті ӛндіріс құру болып табылады. Жалпы ―Инновация‖ терминi XV ғ. 1-
шi  жартысында  пайда  бола  бастады.  Бұл  ағылшын  сӛзi  ―innovation‖  яғни  ―жандану‖ 
немесе ―заттар ӛндiрудегi жаңа технологиялар‖ деген мағынаны бiлдiредi.  
Барлық  ӛндiрiстердi  инвестиция  тарту  арқылы  iске  қосу,  кәсiпкерлiктi  дамыту, 
әсiресе  шағын  бизнестi  мемлекеттiк  қолдау,  ғылыми-техникалық  еңбектерге  және 
инновациялық қызметтерге мемлекеттiк салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды 
ынталандыру,  елдегi  халықтың  бiлiм  деңгейiн  реформалау  және  жоғары  дәрежелi 
мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарда тиiмдi 
саясат  жүргiзу  елiмiздiң  басты  мiндеттерi  болып  отыр.  Инновацияны  жүзеге  асыру 
үшiн  оны  мемлекеттiк  қолдайтын  құқықтық  актiлер,  инновациялық  қызметтердiң  iске 
асуы үшiн оны қамтамасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге 
асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.  
Инновациялық қызмет ӛз кезегiнде сыртқы ортамен ылғида қарым қатынаста 
болып отырады. (Сурет 1)   
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
99 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 - Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарам-қатынасы 
 
1-ші  суреттен  кӛрiп  отырғанымыздай  инновациялық  процестi  дамытуда  сыртқы 
орталармен  тығыз  байланыста.  Сондықтан  инновацияны  дамыту  үшiн  осы  сыртқы 
орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. 
Сондай-ақ  ӛнеркәсiп  саласын  дамыту  барысында  кластерлiк  желiлердi  дамыту  керек. 
Кластерлер  таяу  орналасқан  кәсiпорындарды  бiр  орталыққа  шоғырландыра  отырып, 
тiзбектелген  технология  бойынша  соңғы  ӛнiм  шығаруға  қол  жеткiзудiң  бiрегей 
тәжiрибесi болып табылады.   
Тек  жаңа  технологиялар  ғана  Қазақстанның  ӛндірістік  саласының  тұрақты 
дамуына  және  ел  экономикасының  әлемдік  экономикалық  жүйеге  интеграциялануына 
мүмкіндік  береді.  Экономикалық  ӛсу,  ЖҰӚ-дегі  шикізатты  кӛп  қажет  ететін  ӛнімді 
жоғары  технологиялық  және  экспорттауға  бағытталған  ӛніммен  алмастыру,  елдің 
ғылыми-техникалық 
әлеуетін 
тиімді 
түрде 
пайдалану 
―Қазақстан-2030‖ 
стратегиясының  маңызды  мәселелерінің  бірі.  Қазiргi  уақытта  Қазақстанда  негізiнен 
шетелдiк капиталдың қатысуымен iрi корпорацияларда, ұлттық компанияларда, екiншi 
деңгейлi  банктерде,  қаржылық-ӛнеркәсiптiк  топтарда  менеджменттiң  жоғарғы  деңгейi 
бар.  Сонымен  қатар,  технологияларды,  теорияларды  және  құқықтық  қорғаудың 
тәжiрибесiн  және  зияткерлiк  меншiктi  пайдалануды  коммерциялизациялаудың  iскери 
қағидаттарын  кәсiби  меңгерген,  инновациялық  және  жоғарғы  технологиялық 
жобаларды  басқара  алатын  кәсiби  инновациялық  менеджерлер  -  мамандардың 
институты  мүлдем  жоқ.  Кез  келген  елде  және  бизнестiң  кез  келген  түрiндегi 
инвестордың  негiзгi  тәуекелi  барабар  емес  менеджментпен  байланысты  болғандықтан 
бұл тәуекелдi барынша азайту басқару және кәсiпкерлiк мәдениеттi кӛтерумен, барлық 
деңгейдегi  менеджерлердi  сапалы  оқытумен  және  қайта  даярлаумен,  оларды  қажетті 
қолдаумен (консалтинг және ақпараттық) қамтамасыз етумен қол жеткізіледі. 
Қазіргі  таңда  ел  экономикасы  дамуының  шешуші  факторлары  -  ғылым  мен 
инновациялық  технологиялар  екеніне  күннен-күнге  кӛз  жеткізіп  келеміз.  Әрбір  ел 
дүниежүзілік  рынокта  ӛз  орнын  тауып,  үлесінен  айрылмауға  тырысады.  Бұл  тікелей 
инновацияларға қатысты екені мәлім. 
Қазақстан  Республикасының  экономикасын  инновациялық  дамытудың  негізгі 
бағыттары және орын алып тұрған мәселелерді шешу іргелі және қолданбалы ғылыми 
зерттеулерді  жеткілікті  деңгейде  қаржыландыруда  кӛрініс  табады,  сондай-ақ  ғылым 
мен  ӛндіріс  арасындағы  байланысты  қалыптастыру  үшін  технологияларды 
коммерциализациялау  бойынша  арнайы  құрылымдарды  құру  керек.  Ӛкінішке  орай, 
бүгінгі күні мұндай тәжірибе жетіспейді. Жыл сайын 15 мың қазақстандық ғалымдарға 
бір-екі  халықаралық  патент  қана  тіркеледі.  Тұрақты  экономикалық  ӛсімнің  қазіргі 
заманғы  түрін  қалыптастырудың  негізгі  әлемдік  тенденциясы  шикізаттық  және 
индустриалдық экономикадан инновациялық экономикаға ӛту болып табылады.  
Инновациялық  экономика  –  бұл  интеллектуалдық  ресурстарға,  ғылым  сыйымды 
және  ақпараттық  технологияларға,  ӛндірістің  барлық  факторларының  тиімді  қолдану 
Экономикалық, 
технологиялық 
Ұйымды  
басқару 
Құқықтық және 
саяси жағдай 
Әлеуметтiк, психологиялық 
және мәдени жағынан 
Инновациялық процесс 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
100 
мен  сапалы  жетілдіруге  негізделген  экономика.  Қазақстан  экономикасының  дамудың 
инновациялық  түріне  ӛту  «Қазақстан-2030»  Стратегиясында  жарияланған  шикізаттық 
компонентті  кезең-кезеңмен  ғылым  сыйымды  және  жоғары  технологиялы  ӛнімге 
ауыстыру негізінде экономикалық ӛсімге қол жеткізу басымдығына сәйкес мемлекеттік 
инновациялық саясатының басты мақсаты болып табылады. 
Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның  ―Инновациялық 
қызмет‖ туралы Заңынан кӛрумізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей: 
1.
 
Инновацияның  басым  бағыттарын  анықтап,  инновациялық  бағдарламарды 
жасау. 
2.
 
 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны 
жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау. 
3.
 
Инновациялық инфрақұрылымды құру. 
4.
 
 Мемлекеттік  бюджеттен  инновациялық  бағдарламалар  мен  жобаларды 
мақсатты қаржыландыру 
5.
 
Бәсекеге жарамды ӛндірісті құруға мемлекеттің араласуы. 
6.
 
Мемлекеттік  тапсырыспен  орындалатын  инновацияларды  міндетті  түрде 
рынокпен қаматамасыз ету. 
7.
 
Отандық инновацияларды шетелге шығару.  
Ғылыми-техникалық  инновациялық  бағдарламаларды  дамыту  үшін  елімізде 
арнайы даму институтары құрылған. Оның ішінде 2 қызмет кӛрсету және  
3 қаржылық институтары бар. Отандық және әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi 
бойынша  тұрақты  экономикалық  ӛсуге  қол  жеткiзу  инновациялық  қызметсiз  жүзеге 
аспайды. Осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген кӛзқарас ӛзгердi. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  Ұлттық  акедемия  ғалымдарымен  кездесуiнде  атап 
ӛткендей,  елiмiзде  ұлттық  инновациялық  жүйе  құратын  уақыт  жеттi  деп  атап 
кӛрсеттi.  
Отанымыз  Қазақстан  Республикасы  алдағы  кезеңде  тиiмдi  реформалар  жүргiзу 
арқылы және индустриялы-инновациялы саясатты iске асырып тұрақты экономикалық 
ӛсу  арқылы  әлем  таныған,  алдынғы  қатарлы  дамыған  елдер  қатарына  ―Азия  барысы‖ 
деген  атаумен қосылатындығына сенiмiм мол. Ол үшiн әрбiр Қазақстандық азамат осы 
шара үшiн аянбай еңбек етуi керек. 
Инновация – экономикалық ӛсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ҧлттық 
инновациялық жҥйе 
Қаржылық 
институттар 
Банктер, инвестициялық, сақтандыру және зейнетақы 
компаниялары, инновациялық қорлар, инновациялық 
банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, 
экспортты сақтандыру жӛнiндегi корпорация және Даму 
банкi. 
 
Ғылыми зерттеу 
институттары, 
ғылыми 
конференциялар, 
тәжiрибе 
құрастырушылық 
орталықтар, ЖОО-
дары, кәсiпорындар,  
фирмалар және 
шағын кәсiпкерлiк. 
 
Заңдар, 
Жарлықтар, салық 
және несие 
жеңiлдiктерi, 
лизингтiң дамуы, 
қысқа және ұзақ
 
мерзiмдi  
стратегиялар
 
ҒЗТКЖ  
ҧйымдары 
 
Мемлекеттiк реттеудiң 
тiкелей және жанама 
қҧралдары 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
101 
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық  актiлер, 
инновациялық  қызметтердiң  iске  асуы  үшiн  оны  қамтамаасыз  ететiн  қаржылық 
институттар  және  оны  нақты  түрде  жүзеге  асыратын  мекемелер,  ҒЗТКЖ  ұйымдарын 
қалыптастыруымыз  керек.  Елiмiздiң  ұлттық  инновациялық  жүйесiн  2-шi  суреттен 
кӛруге болады: (Сурет 2 )  
Әлемдік ӛркендеудің алдыңғы елулігіне ену – кемел келешектің маңызды сатысы. 
Елулік  –  бүгінгі  меже.  Ал  басты  мақсаттың  одан  да  биік  болуы  заңдылық.  Межені 
бағындыру,  негізгі  мақсатқа  барынша  жақындай  түсу  бағытындағы  жұмыстар 
ӛміріміздің  барлық  саласында  бірдей  күнделікті  атқарылып  жатуы  қажет.  Бұл  жағдай 
ғылым мен инновацияға тікелей қатысты. Ғылыми инновацияның ӛркендеуіне кең ӛріс 
ашылмайынша, толыққанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес. 
Дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын зерттеп, олардың 
ұлттық  экономикамызға  тиiмдi  жақтарын  ала  бiлуiмiз  қажет.  Бiздiң  елiмiзге  әсiресе 
Оңтүстiк Азияның бiрнеше жаңа индустриялы елдерiнiң ұстанған саясаты ыңғайлы. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030  Қазақстан халқына Жолдауы. 
2.
 
 Статистика  1991-2001 десят лет независима Казахстана.  Алматы. - 2002г. 
3.
 
 Шумпетер Й. Теория экономическая развития.– Москва: Прогресс.1998.-454 с. 
4.
 
 Купешова  Сауле  Телеухановна  /Теория  и  практика  инновационного  процесса  в 
переходной экономике Республике Казахстан. – автореферат Алматы, 2002г. 
5.
 
Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова.  – Алматы: 
Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.  
6.
 
 Есентугелов  А.    Долгосрочная  стратегия  развития  экономики  и  размещение 
производительных сил в РК  //  Аль-Пари, -  №6. - 2000 г. 
7.
 
 Ю. К. Шокоманов  Состояние и перспективы экономического развития Казахстана 
в переходной период //Вестник КазНУ, Серия  экономическая.- №4.- 2001 г. 
8.
 
 Стратегия  /  ―Қазақстан  Республикасының  Индустриялы-инновациялы  дамуының 
2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы‖ – Алматы, 2003 ж.  
9.
 
  Н.  А.  Назарбаев.  Задача  науки  –  способствовать  развитию  экономики  // 
Казахстанская правда, 16 апрель, 2002 г. 
10.
 
  Әбдiжапар  Сапарбаев    Инновация  –  негiзгi  қозғаушы  күш//  Егемен  Қазсқстан,  24 
наурыз.-  2004 ж. 
11.
 
  Н.  Ә.  Назарбаев.    Бәсеке  қабiлеттi  Қазақстан,  Бәсекеқабiлеттi  экономика  және 
Бәсекеқабiлеттi  халық  деген  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  //  Егемен  Қазақстан,  19 
наурыз. - 2004 ж. 
12.
 
 Қуат Бораш  Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай //  Егемен 
Қазақстан, 23 ақпан. -  2004 ж. 
13.
 
 Бердашкевич  А.П  Оподдержке  инновационной  деятельности  в  Японии  // 
Инновации №7. -  2002 г. 
14.
 
Купешова  С.Т.  Ғылыми-технологиялық  және  инновациялық  саладағы  мемлекеттің 
орны //Саясат . - №2. -  2001 г. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  еліміздегі  инновациялық  қызметтің  дамуы-ел  экономикасы  дамуының 
шешуші факторы ғылыми және инновациялық технология екені жайлы айтылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматриваются  развитие  инновационной  деятельности  РК  –  как 
решающий фактор научной и инновационной технологии в экономике
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
102 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА 
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ 
 
Касенова А.С. –  магистр, оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
 Қазақстан  экономикалық  жүйесінің  нарықтық  қатынастарға  ӛту  кезеңінде 
шаруашылық    түрлерінің  әртүрлi  меншікке  негізделген  формаларын  ұйымдастыруда 
шағын кәсiпкерлiк ролі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты 
жүйелі    қалыптастыруда,  ірі  ӛнім  ӛндірушілер  монополиясын  шектеуде  және 
бәсекелестiктi  дамытуда,  тауар  және  қызмет  сұранысын  қанағаттандыруда, 
жұмыссыздық  мәселесiн  тежеуде  және  жаңа  технологияларды  енгiзуде  шағын  және 
орта бизнестің әлеуметтік – экономикалық мәні зор екені белгілі. Ӛйткенi ол қоғамның 
алға  жылжуының  бiрден-бiр  тетігі  болып  табылатыны  сӛзсiз.  Шағын  бизнес  iрi 
бизнеске  қарағанда  нарыққа  тез  бейiмдi,  ӛзгермелi  жағдайларға  байланысты  икемдi, 
жаңадан жұмыс істеп тұрған ӛндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi. 
2010  жылғы  29  –  шы  қаңтарда  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  ӛрлеу  –  Қазақсатанның 
жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауы  «Кәсіпкерлік  –  жаңа 
экономиканың  қозғаушы  күші  тармағында  -  әртараптандырудың  ӛзегі  кәсіпкерлік 
болады.  Біз  тәуекелдерді  ӛз  мойнына  алуға,  жаңа  рыноктарды  игеруге,  инновациялар 
ендіруге  дайын  қуатты  кәсіпкерлер  табын  кӛргіміз  келеді.  Нақ  осы  кәсіпкерлер 
экономиканы  жаңғыртудың  қозғаушы  күші  болып  табылады  делiнген.  Осыған 
байланысты  Үкімет  2010  жылдан  бастап  ӛңірлерде  кәсіпкерлікті  дамыту  жӛнінде 
бірыңғай  бюджеттік  бағдарлама  енгізіп,оны  “Бизнестің  жол  картасы-2020”  деп 
айтылған. Бұл бағдарламаның мақсаты ӛңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын 
және  орта  бизнестің  жаңа  тобын  дамыту  есебінен  тұрақты  жұмыс  орындарын  ашу 
болады.  
Бұл  бағдарлама  қаражатын  пайдалану  мынадай  бағыттар  бойынша  жүзеге  асы-
рылуы тиіс:  
-
 
несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау; 
-
 
шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру
-
 
бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру; 
-
 
кадрларды  қайта  даярлау  және  біліктілігін  арттыру,  жастар 
практикасы; 
және әлеуметтік жұмыс орындары. 
―Бизнестің  жол  картасы-2020‖  кәсіпкерлер  үшін  де,  сол  секілді  банктер  мен 
инвесторлар  үшін  де  шикізаттық  емес  жобаларды  қаржыландыру  жӛнінен  жаңа 
мүмкіндіктер ашады. Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық 
экономикалық  теорияға,  неоклассикалық  теорияға,  кейнсианстік,  необерализмге  және 
қазіргі  заманғы  экономикалық  ілімдерге  негізделген  әр  түрлі  бағыттар  тән.  Ғылыми 
термин  түсінігінде  «кәсіпкер»  экономика  теориясына  тұңғыш  рет  VIII  ғасырдағы 
атақты  ағылшын  экономисті,  банкир  Ричард  Кантильон  енгізді.  «Кәсіпкер  -  бағаның 
тұрақсыздығы  мен  сату  болашағын  болжауға  болмайтын  жағдайда  тауарларды  сатып 
алу  мен  сату  процесстеріне  қатысатын,  бірақ  кірістерінің  жалпы  сомасын  біле 
бермейтін адамдар.  Ең басты ерекшелік – тәуекелділік»-деген.  
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  Ұлттық  Банкінің  және  Қаржы  нарығы  мен 
қаржы  ұйымдарын  реттеу  және  қадағалау  агенттігінің  Экономиканы  және  қаржы 
жүйесін  тұрақтандыру  жӛніндегі  2009  –  2010  жылдарға  арналған  бірлескен  іс-қимыл 
жоспарында, экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың 
қысқаруы  жағдайында  шағын  және  орта  бизнеске  кӛмек  кӛрсету  жалғасатын  болады. 
Мемлекеттік  қолдау  олардың  салалық  тиістілігіне  қарамастан,  шағын  және  орта 
бизнестің  барлық  субъектілеріне  кӛрсетілетін  болады.  Біріншіден,  осы  мақсаттарға 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
103 
«Самұрық-Қазына» қорынан 2009 жылы қосымша 1 млрд.  АҚШ  долларын (120 млрд. 
теңге)  бӛлінді.  Бӛлінген  қаражат  шеңберінде  70%  ағымдағы  жобаларды  қайта 
қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған болатын. Екінші 
деңгейдегі  банктер  шағын  және  орта  бизнеске  кредит  беру  бойынша  барлық 
бағдарламалардың  операторлары  болды.  «Самұрық-Қазына»  қоры  бӛлетін  қаражат 
шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына 
дейін ӛсті. 
Үкімет  «Самұрық-Қазына»  қорымен  бірлесіп  шағын  және  орта  бизнес  үшін  сыйақы 
ставкасын  тұрақтандыру  бойынша  дағдарысқа  дейінгі  деңгейге  дейін  (14%-дан 
аспайтын) шара қабылданды.  
Кәсіпорынды  дамыту  қоры  шағын  және  орта  бизнеске  берілетін  кредиттерге 
кепілдік  беру  тетігін  енгізетін  болады.  Екіншіден,  «Самұрық-Қазына»  қоры  ауылдық 
жерде  шағын  кредит  берудің,  оның  ішінде  ауылдық  кәсіпкерлерге  кредит  берудің 
бағдарламасын  әзірлейді.  Үшіншіден,  шағын  және  орта  бизнес  субъектілерін  тұрақты 
тапсырыстармен қамтамасыз ету  мақсатында  оларға  «Мемлекеттік сатып алу туралы» 
жаңа  заңның  қолданылуы  шеңберінде  мемлекеттік  органдардың,  мемлекеттік 
холдингтер  мен  ұлттық  компаниялардың  мемлекеттік  тапсырыстарына  қол  жеткізуі 
ұсынылатын болады.  
Жер 
қойнауын 
пайдаланушылармен 
және 
сервистік 
компаниялармен 
қазақстандық 
қатысуды 
ұлғайту 
бойынша 
жұмыс 
күшейтілетін 
болады.  
Төртіншіден, Үкімет кәсіпорынті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді тӛмендету және 
рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады.  
Ӛткен  жылмен  салыстырғанда,  корпоративтік  табыс  салығы  биылғы  жылдың 
ӛзінде үштен бірге тӛмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. 
ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін тӛмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті 
шкаласының орнына 11 пайыз кӛлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды 
жүзеге  асыратын  кәсіпорындар  үшін  салық  преференциялары  кӛзделген.Осының  бәрі 
экономиканың  шикізаттық  емес  секторын,  шағын  және  орта  кәсіпорынды  дамытудың 
аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды. 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi  Даму 
стратегиясын  одан  әрi  iске  асыру  жӛнiндегi  шаралар  туралы  "  2000  жылғы  17 
ақпандағы  N  344    Жарлығындағы  негізгі  мақсат  «шағын  кәсiпкерлiктiң    ӛндiрiстiк  
саласының серпiндi дамуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiру. 
Стратегияның  негізгі  мiндеттерi  «бағдарлама  мақсатын  іске  асыру  үшiн  мынандай 
мiндеттердi шешу кӛзделiп отыр: 
-
 
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; 
-
 
қоғамдық ұйымдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау мәселелерiндегi 
рӛлiн күшейту; 
-
 
шағын кәсiпкерлiктiң ӛндiрiстiк секторын басымдықты дамыту; 
-
 
шағын  кәсiпкерлiктi  ақпараттық  қамтамасыз  ету  жүйесiн  жетiлдiру  және 
дамыту. 
Бағдарламаны  iске асырудың  негiзгi  бағыттары: 
-
 
шағын  кәсiпкерлiк  саласындағы  нормативтiк  құқықтық  актілердi  жетiлдiру 
және олардың  орындалуына бақылау жасауды күшейту;  шағын кәсiпкерлiктi 
қолдау  мен  қорғаудың  құрылатын  инфрақұрылымын    пайдаланудың 
тиiмдiлігiн арттыру; 
-
 
шағын  кәсiпкерлiктi  кадрлық,  ғылыми  -  әдістемелік  және  ақпараттық 
қамтамасыз ету; 
-
 
шағын  кәсiпкерлiктi  қаржылық  -  несиелiк  және  инвестициялық  тұрғыдан 
қолдау  саясатының  тетiктерiн  жетiлдiру
-
 
шағын кәсiпкерлiктi аймақтық дамыту.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
104 
Қаржыландыру  кӛздерi  
шағын 
кәсiпкерлiктi 
мемлекеттiк 
қолдауды 
қаржылық  қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 
кӛрсетiлген  мақсаттарға  жыл  сайын  кӛзделетiн  қаржының,сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасы алатын мақсатты  заемдардың, мемлекеттiк заттай гранттардың шегiнде 
жүзеге асырылады.   
Бағдарламаны   іске асырудан  күтiлетiн түпкi нәтиже  2002 жылдың аяғына дейiн 
шағын 
кәсiпкерлiк  субъектiлерi 
санының 
500 
мыңға 
дейiн 
ӛсуi,олардың 
ӛндiрiстiк,қаржылық,ғылыми-технологиялық,сауда-делдалдық  және  басқа  салалардағы 
ұтымды  арақатынасына  қол  жеткiзу  жаңа  жұмыс  орындарының  құрылуы  мен  шағын 
бизнес саласында жұмыспен қамтылған адамдар санының артуы.2007 - 2009 жылдары 
шағын  және  орта  бизнестi  дамытудың  басты  мақсаты  кәсiпкерлiктi  мемлекеттiк 
қолдауды  қамтамасыз  ету  негiзiнде  шағын  және  орта  бизнес  ұстанымдарын  кеңейту 
және  нығайту  болып  табылады.Қойылған  мақсаттарға  қол  жеткiзу  үшiн  мынадай 
мiндеттердi шешу қажет:  
-
 
бизнес пен мемлекеттiң әрiптестiгiн нығайту; 
-
 
шағын және орта кәсiпкерлiктi жедел дамыту үшiн жағдайлар жасау; 
-
 
жеке кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң тиiмдi ӛзара iс-қимылы; 
-
 
жеке  кәсiпкерлiктi  мемлекеттік  қолдауды  қалыптастыруға  жаңа  ұстанымдар 
әзiрлеу. 
 Кәсiпкерлiкке  қысымды  қысқарту  және  әкiмшiлiк  тосқауылдарды  жою  үшiн 
ұйымдық, құрылымдық және кешендi ұстаным қажет, ол мынаны кӛздейді: 
-
 
орталық  мемлекеттiк  және  "жергiлiктi  атқарушы  органдар  жанынан  құрылатын 
кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша сараптамалық кеңес құру; 
-
 
кредиттер  беру  рәсiмдерiн  оңайлату,  кредит  беру  мерзiмдерiн  және  пайыздық 
ставкаларды тӛмендету мәселелерiне қатысты ӛндiрiстiк және инновациялық бейiндегi 
шағын  және  орта  кәсiпорындарды  одан  әрi  ынталандыруға  бағытталған,  шағын 
кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау шараларын әзiрлеу
-
 
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан  Республикасының   Заңын   қабылдауға 
байланысты 
кесiмдердiң 
күшiн 
жоюды 
негiздеу 
мақсатында 
кәсiпкерлер 
бiрлестiктерiнiң  мiндеттi  қатысуымен    нормативтiк  құқықтық  кесiмдерге  тексеру 
жүргiзу; 
-
 
кәсiпкерлiк  пен  мемлекеттiк  органдар  арасындағы  ӛзара  iс-қимыл  тетiгiн 
оңайлату,  мемлекеттiк  әкiмшiлендiру  тетiктерiнiң  тиiмдiлiгiн,  ақпараттық  ашықтығын 
қамтамасыз ету; 
-
 
лицензиялау жүйесiн жетiлдiру шеңберiнде Қазақстанның бiрыңғай лицензиялық 
палатасын құру орындылығын қарау; 
-
 
барлық  ӛңiрлерде  кәсiпкерлiк  пен  инновациялық  қызмет  инфрақұрылым 
объектiлерiн  құру; 
-
 
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамның ӛкiлдiк желiсiн құру 
және  ӛңiрлерде  ақпараттық-талдамалық,  консалтингiлiк  және  оқу-әдiстемелiк 
қызметтердi ұсыну мәселелерi бойынша жұмысты күшейту; 
"Кӛлеңкелi" ӛндiрiс және "қапшықтық" импортпен бiрге заңды тауар ӛндiрушiлер 
үшiн iшкi нарықта тең жағдай жасау. Сонымен, қорыта айтқанда, шағын кәсіпорынды 
дамыту – ел экономикасының дамуының негізгі тұтқасы. 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық ӛрлеу – Қазақсатанның жаңа мүмкіндіктері» 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
жолдауы 2010 жылғы 29 – шы қаңтар 
2.Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің,  Ұлттық  Банкінің  және  Қаржы  нарығы  мен 
қаржы  ұйымдарын  реттеу  және  қадағалау  агенттігінің  Экономиканы  және  қаржы 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
105 
жүйесінтұрақтандыружӛніндегі  2009  –  2010  жылдарға  арналған  бірлескен  іс-қимыл 
жоспары («5 батыл қадам» экономиканы тұрақтандыру жӛніндегі іс – қимыл жоспары).  
3.―Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жӛнiндегi одан 
арғы шаралар туралы‖ ҚР Президентiнiң Жарлығына түсiнiктеме 
4.
Мамыров  Н.К.,  Смагулова  Н.Т.  и  др.  Основы  предпринимательства.  –  Алматы: 
Экономика, - 1997. – 66 с.
 
5.Жеке  кәсіпкерлік  туралы. 
Қазақстан  Республикасының  Заңы.  Егемен  Қазақстан,  - 
2006 жыл 7 – ақпан.
 
6.«Самұрық-Қазына»  қоры  даму  институттарының  басты  мақсаты  -  экономиканы 
әртараптандыруға 
ықпал 
ететін 
жобаларды 
қаржыландыру 
«ҚазАқпарат» 
агенттігі. 24.05.2010 (Баспа сӛз орталығы) 
7.Бизнестің жол картасы 2020 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы « 13 » 
сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген 
8.Қазақстан Республикасының Статистика Агенттiгi Астана 2009  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет