«Менің жұмыс кеңістігім» ӛрісінің кӛмегімен мұражай
қызметкерлері қандай экспонаттарды кӛпшілікке кӛрсетуге, ал
қай экспонаттарды жұмыста ғана қолдануға болатынын шешеді.
Бағдарлама жалпы қолданбалы форматтар, бірыңғай әдістеме
қолдану арқылы мұражайлар мен мәдени мекемелер арасындағы
мәліметтердің алмасуына әсер етеді.
Бұл жүйе мұражайдың жұмысына еніп, нақты бір мұражайдың
спецификасы мен дәстүріне максималды сәйкес келуі қажет.
Музеолог – жұртшылықтың еркін пайдалануын ұйымдастырып,
жаңа ақпараттық және коммуникациондық технологияларды
пайдаланып, мұражай топтамаларын кӛпшілікке керсетудегі
мұражайдың рӛлін түсіну мүмкіндігі.
Музеолог бағдарламалық жасақтама білім беру үрдісіндегі жаңа
әдістерді ғаламдық білім жүйесіне мұражай білімдерін біріктіру
арқылы, мектеп және университеттердегі компьютерлерлерді,
ұялы телефондар мен жаңа әдіснамалық материалдарды қоса
отырып,
жаңа
заманымыздағы
ақпараттық
тасымалдауыштардың кӛмегімен мәдени мұраны сақтай отырып
қалыптастыруға ықпалдасады.
Мұражайды каталогтандырудың басты себебі – мәдени
мұраларды заңсыз пайдалануға әсер ету. Бұл Object ID
стандарты ретінде жүзеге асырылды. Object ID стандарты
ЮНЕСКО Музеолог бағдарламалық жасақтамадағы мұражай
40
объектілерінің материалданған сауалнамасына, ұсыныстарына
сәйкес.
Бұл сонымен қатар, қауымға Музеолог ӛнімдері жайлы ақпарат
беру, қоғам игілігі болып табылатын ашық каталогты жариялау
жолымен мұражай мекемелеріндегі жемқорлықтың тӛмендеуіне
әсер етеді.
«Мұражай қорының Электрондық каталогының» мәліметтер
дерекқорының жасалуының зерттеудегі, отандық тарих пен
мәдениетті сақтау мен оның кӛпшілікке тарату тәжірибелік мәні
зор.
Музеолог бағдарламалық жасақтаманы енгізудің қор
көздері
Музеологты қайдан жүктейді және қалай
орнатады?
Бағдарламалық жасақтаманы мына адрес бойынша кӛре аламыз:
http://www.unesco.kz/museolog/download/museolog-4.7.4tj-
win-bundle.zip
Windows XP операциялық жүйемен
NTFS бӛлімінің
форматталған түбіріне жүктелген файлды архивтен шығару
керек.
Тек USB-тасымалдаушымен ғана жұмыс жасауға болады.
Музеолог жұмыс директориясы пайда болады. Соған кіріңіз.
41
Бағдарламаны қалай қосады? Қалай аяқтайды?
1-сурет. Музеологты қосу/тоқтату
start.bat – берілген файлды екі рет шертіп, іске қосыңыз.
Қолданушы аты: admin, құпия сӛз: 1
stop.bat – тоқтату, қорларды жабу және мәліметтерді сақтау
скриптін іске қосыңыз.
2-сурет. Музеологтың серверлік бӛліктерін іске қосу мен
Windows қорғаныс жүйесінің хабарлауы
42
Windows қорғаныс жүйесінің хабарлануы. Java(TM) Platform SE
binary бағдарламасының блокқа түсіп қалуы: «Блоктан шығару»
түймесін басамыз. (2-суретке қараңыз).
Ескерту. Музеолог бағдарламасының іске қосылуынан кейін
Аpache Tomcat веб-серверімен және PostgreSQL серверлік
бӛліктері іске қосылады.
Музеолог сандық каталогының іске қосылуы
Бағдарламаны іске қосу үшін Internet Explorer немесе Mozilla
браузерлерінде мына адрестерді тереміз.
Мұражайда орнатылған Музеолог сервері:
http://localhost:8080/museolog
немесе
http://127.0.0.1:8080/museolog
.
ЮНЕСКО-да орнатылған орталық сервер:
http://www.unesco.kz/museolog
.
3-сурет. Музеолог серверінің адресі
Ескерту. Сонымен қоса Музеолог NTFS
үшін форматталған
флеш-картадан іске қосыла алады.
Музеолог бағдарламасын stop.bat командасы арқылы аяқтамай
флэш-жинақтауышты шығармаңыз.
43
«Оқу» тәртібі
4-сурет. Музеолог БҚ- ның бірінші беті
Ашылған терезеден (4-суретті қараңыз) біз тәртіптердің біреуін
таңдауға болатынын кӛреміз:
– «Оқу» тәртібі
– «Қолданушы тәртібі»
«Оқу» тәртібі Интернеттің кез-келген қолданушысына қол
жеткізерлік, бұл тәртіп сұраныстарды инвентарлық нӛмірден
басқа барлық санаттар бойынша орындай алады. Яғни, «оқу»
тәртібінде қолданушыда тек қана әкімшінің (жазбаны жасаушы)
растаған ӛрістердің сиппаттамасы бар экспонаттарды кӛре алу
құқығы ғана бар.
Сонымен қатар, «оқу» тәртібі арқылы шақырылған жазбада
кӛпшілікке кӛрсетуге ғана болатын ғана ақпарат немесе ӛрістер
болады.
44
«Оқу» тәртібінде сіз артефакттерді әртүрлі критерийлер
бойынша іздеп, олар жайлы ақпаратты кӛре аласыз.
Қолданушы тәртібі
5-сурет. Музеологқа кіру
Дерекқорға жазбаларды еңгізу тіркелген қолданушылар
(мұражай қызметкерлері) арқылы жүзеге асыралады, олар
бағдарламаға «қолданушы тәртібі» терезесі арқылы ӛз аты мен
паролін жүйелі теріп, кіре алады.
Мысалы: Қолданушы аты:
admin
, пароль:
1
(5-сурет).
Әкімшінің «Бас мәзірінде» (6-сурет) келесі тармақтар бар:
«Басқа артефактілер» – «Артефактілер» типті
артефактілер бойынша жаңа жазба қосу;
«Археология» – «Археология» типті артефактілер
бойынша жаңа жазба қосу;
45
«Жаратылыстану ғылымдары» – «Жаратылыстану
ғылымдары» типті артефактілер бойынша жаңа жазба
қосу;
«Жазбаларды экспорттау» – кейіннен «Жазбаларды
импорттау» тармағы кӛмегімен импорттауға болатын
zip-дерекқорының барлық жазбалары бар файлды
кӛшіріп алу;
«Жазбаларды импортау» – дерекқорына «Жазбаларды
экспорттау»
кӛмегімен
XML-файлдан
алынған
жазбаларды қосу. Zip-файлды алдын-ала ашу керек;
«Жұмыс кеңістігі» – ӛз «Жұмыс кеңістігіне» кіру
керек. Сіз «Жұмыс кеңістігіне» ӛту арқылы бұл не
екендігі туралы анықтаманы оқи аласыз;
6-сурет. Әкімші бас мәзірінің интерфейсі
46
«Тезаурусты импорттау» – Сіз мәзірдің бұл тармағы
кӛмегімен
тезаурусты
рәсімделген
файлдардан
тұратын дерекқорына импорттай аласыз;
Тізімді импорттау» – сіз мәзірдің бұл тармағы
кӛмегімен авторланған(тіркелген) тізімдерді арнайы
рәсімделген
файлдардан
тұратын
дерекқорына
импорттай аласыз
«Басқару» – қолданушыларды басқару, сіз жаңа
қолданушыны қоса аласыз, оны ӛшіріп және оның
тіркеу ақпаратын ӛзгерте аласыз;
«Парольді ӛзгерту» – ӛз пароліңізді ӛзгерту;
«Сессиялар» – бұл тармақтың кӛмегімен сіз осы уақыт
мезетінде дерекқормен қандай авторланған(тіркелген)
қолданушы жұмыс істеп жатқанын біле аласыз;
«Байланыстан ажырату» – Музеолог жұмысын аяқтау.
Жұмысты браузердің терезесін жай жабу арқылы ғана
емес, мәзірдегі осы бұйрықтың кӛмегімен дұрыс
аяқтауға тырысыңыз.
Каталог құрылымы
Сандық инвентарлық каталогта әр пән немесе пәндер тобы
келесі мәліметтермен беріледі:
құрылымданған
жазба,
дәстүрлі
инвентарлы
кәртішкенің сандық эквиваленті;
сандық кескіндер;
библиографиялық мағлұматтар.
47
Тӛменде осы түрлі мәліметтердің сипаттамасы берілген.
Пәндер, пәндер тобы. Каталог құрамында жеке пәндер де,
пәндер тобы да болады. Пәндер тобы каталогына қосылудың екі
нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа – әрбір элемент жеке сипаттаманы қажет ететін
топ. Егер, мысал ретінде триптихті алсақ, онда әрбір панноға
каталогтың жеке жазбасы меншіктеледі. Триптих сипаттамасы
жеке беріледі. Әрбір үш панноның жазбасында триптих
жазбасына сілтеме болуы керек, және керісінше, триптих
жазбасында әр панно жазбасына сілтеме болуы керек. Жеке
идентификациялық топ номерлері мен оны құраушы
бӛлшектердің болуы топтың кез-келген бӛлігін не топты
толықтай басқару (орын ауыстыру, қайта жӛндеу және т.б.)
бойынша операциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, топ белгілі бір жағдайларда ажыратылымды болып
келеді.
Екінші нұсқа – құраушы бӛліктері жекелеген сипаттаманы
қажет етпейтін топ. Жиынның сипаттамасы жеке бӛлшектердің
санын, олардың біркелкі пайда болуын кӛрсетуі қажет. Осындай
жағдайларда топ ажырамас біртұтас ретінде орын ауыстырады,
басқарылады, үнемі қарастырылады.
Құрылымдалған жазбалар
Артефактілерді (бейнелеу, декоративті, халық ӛнері мен
дәстүрі, этнологиялық жинақтар, кӛліктендіру), археологиялық
затар немесе ғылыми-жаратылыстану жинақтар заттарын
сиппаттауға байланысты жазбалардың түрлі құрылымы болады.
Заттардың үш үлкен топқа жіктелуі мына себептермен
түсіндіріледі, заттың шығу тегін анықтау мынаған байланысты:
биотоп немесе геологиялық формациядан алынған табиғи шығу
заты туралы немесе археологиялық артефакт, тарихи заманның
артефактісі туралы сӛз болса.
48
Әрбір жазбада ондаған сипаттама ӛрісі болады. Олардың
кейбіреуінде
факультативті,
басқаларында
міндетті
ерекшеліктер болады, яғни сипаттама ӛрісінің болуы жазбаны
толықтығына қажет.
Сипаттама ӛрістері топтарға бӛлінген, олардың әрқайсысы
каталогтың негізгі функцияларының біреуімен (жиынтықты
басқару, ғылыми және кӛркем сипат, сақтау және т.б.)
байланысқан мәліметтерге сәйкес келеді.
Толық жазбаны кӛрген жағдайда мәліметтер осы топтарға
бӛлінген түрде ұсынылады. Жазбаның әр түрінің келесі топ
түрлері бар:
Артефакттерді жазу:
жинақтарды басқару – бұл топта жинақты басқаруға
қажетті мәліметтер бар: заттың сәйкестендірілген
нӛмірі, қазіргі орны, зат иесінің есімі, алынған
әдістері, т.с.с;
белгіленуі – зат немесе санат атауы, аты (атау бар
туынды үшін), жинаққа қатысты болған жағдайда,
жинақ немесе оның құраушы бӛліктерінің нӛмірі;
сипаты
–
заттың
физикалық,
эстетикалық,
этнологиялық сиппаттамасы;
консервация – заттың физикалық жағдайы туралы,
қайта жӛнделуі мен консервациясына қатысты амалдар
жайлы мәліметтер;
тарихи
анықтама
–
заттың
тарихы
жайлы
мәліметтердің жиынтығы: авторы белгілі болса, шығу
мерзімі немесе кезеңі, шыққан орны;
49
құжаттарды басқару – бұл топта түгендеуге алынған
заттар емес каталог жазбасына және оған сәйкес
сандық суреттерге қатысты мәліметтер бар.
библиография – библиографиялық мәліметтер;
Археологиялық заттардың жазбасы:
жинақты басқару;
белгілену;
сипаттау;
кертартпа;
пайда
болуы
(зат
табылған
археологиялық
қазбалардың нақты географиялық орны);
мерзімдеу (мәдени кезеңі (егер белгілі болса),
мерзімдеудің техникалық әдісі);
библиография;
жинақты басқару.
Ғылыми-жаратылыстану заттардың жазбасы:
жинақты басқару;
пайда болуы (заттың табылған орны жайлы
мәліметтер);
анықтама мен сипаттама (бұл санаттың ӛрістері
құрылған, әрине, табиғи обьектілер сипатының
есептемелеріне байланысты);
кертартпа;
құжаттарды басқару.
Жинақты басқару тобы заттың санатына қарамастан, барлық
жазбаларда болуы туралы айта кеткен жӛн.
Бұл топтың ӛрістері барлық санатқа ортақ бола тұра
артефактлерді, ғылыми-жаратылыстану және археологиялық
заттарды біріктіруші кӛпжоспарлы жинақтармен басқаруға
мүмкіндік береді.
50
Жазбаны өңдеу. Дерекқорға енгізілген жазбаны ӛңдеу үшін бас
мәзірден «Менің жұмыс кеңістігім» тармағын таңдау керек.
Онда дерекқорға ӛзінің паролімен кіретін қолданушылардың
барлық жазбалары орналасқан. Жазбаны таңдап, «Ӛзгерту»
тәртібін таңдаймыз. Қайта шыққан терезеде мәтінді түзетіп,
«Ӛзгерту» бұйрығын орындаймыз. Егер біз мәтінді ӛзгертпестен
кескінді ғана қоссақ, онда «Ӛзгерту» бұйрығымен кескін ғана
қосылады.
«Менің жұмыс кеңістігім» – «Жұмыс үстелі», мұнда:
сіз енгізіп, бірақ бекітпеген жазбалар (яғни жазба
авторы);
жазба импортының нәтижелері;
бейне импортының нәтижелері;
жазба экспортының файлы;
кескіндер жинақтарының экспортының файлы.
«Менің жұмыс кеңістігім» терезесінде қолданушының барлық
жазбалары орналасқан. Оларды «Ӛзгертуге», «Кӛруге», жалпы
каталогтың дайын сипаттамасын «Бекітуге» және «Жоюға»
болады. Дерекқорға қолданушы енгізген жазбаларға қатысты
кез-келген әрекетті қолдану құқығы тек сол құпиясӛзбен кіре
алатын қолданушыда ғана бар.
«Оқу» тәртібінде Музеолог жүйесіне кірушілерге жазбаның
қолжетімді болуы үшін «Менің жұмыс кеңістігім» мәзірінде
жазбаны бекіту керек.
Музеологқа кіруші жазбаны ӛзгерте не болмаса жоя алмайды,
себебі оның әкімшілік (мұражай қызметкері) бекіткен сипаттама
ӛрісі бар экспонаттарды кӛруге ғана құқығы бар («оқу» тәртібі).
Дерекқорға жазба енгізу үшін қолданушыларды тек басқарушы
ғана қоса алады.
51
Жазбаны жасау
Жаңа жазбаны жасау үшін «*» белгісі бар міндетті ӛрістерді
толтырып, «жасау» батырмасын басамыз (7-суретті қараңыз).
Жаңадан жазба пайда болғаннан кейін қалған ӛрістерді
толтырып (жазбаны түзетеміз), «ӛзгерту» бұйрығын басамыз.
Жазбаны ӛңдеу тәртібінде «ӛзгерту» батырмасы «құжатты
сақтау» бұйрығын орындайды.
7-сурет. Жазбаны жасау.
Жазбаны іздеу
8-сурет. Мәдени мұра санаттары. Жазбаны іздеу.
52
«Қолданушы тәртібінде» сіз артефакттерді әртүрлі санат
бойынша іздеп, ақпаратты ӛзгертіп, кӛріп, орналастырып немесе
жоя аласыз (8-сурет).
«Артефакт» бӛлімінде мысал үшін енгізілген жеке мұражай
заттарын іздеу бірнеше параметрлер бойынша орындалады:
атауы;
тақырыбы
(баспалар
мен
кӛркемӛнер
шығармашылығы үшін);
негізгі инвентарлық нӛмір;
санаттар (тезаурустан таңдау – пәндік класификатор);
білім саласы (тезаурус);
орындау техникасы (тезаурус);
материал (тезаурус);
кескін;
мерзімдеу.
Бас мәзірден сіз «іздеу» жолын таңдағаннан соң басқа терезе
пайда болады. Онда жазбаны бір немесе бірнеше параметрлер
бойынша іздей аласыз (атауы, материал, мерзімдеу және т.с.с).
Мысалы, сіз экспонаттың тек атын немесе инвентарлық нӛмірін
білесіз делік. Сіз ӛзіңізге белгілі мәліметті сәйкес ӛріске жазып,
бекітесіз. Келесі терезеден ӛзіңіз іздеуге берген экспонаттың
кәртішкесін аласыз. Жалпы мәліметтер бойынша тізімдеп іздеу:
түскен жылы, материал, техника, табылғандар
және т.б.
Жазба экспорты
1. Дерекқорға бірнеше экспонат енгізілгеннен соң нұсқаны
сақтаған жӛн. Бұл үшін бас мәзірден «Жазба экспорты»
бұйрығын таңдаймыз (9-суретті қараңыз). Экспорт айтарлықтай
ұзақ болады (уақыт мәліметтер дерекқорындағы жазбалар
санына шамалас), сондықтан «сыртқы тәртіпте» орындалады.
2. «Менің жұмыс кеңістігім»: «жазбаны экспорттаудың
нәтижесі» жолын таңдаймыз.
53
9-сурет. Жазба экспорты
3. «Жазбаларды экспорттаудың нәтижесі»: «экспорт файлын
кӛшіріп алу» жолын басамыз.
4. «Файлды жүктеу» терезесі: «Сақтау» батырмасын басамыз.
5. Сұхбаттық терезеден архивті жайлды сақтауға арналған
папканы таңдап, атын енгіземіз: «Сақтау» батырмасын басамыз
(10-сурет).
Ескерту. Үнемі пайдалануға (дерекқор мен сандық кескіндерді
жазу) арналған сандық каталог архивін жасау қажеттілік болып
табылады.
Сандық каталог – мұражай жадысы. Оны жасап шығару бірнеше
жылдық еңбекті талап етеді. Сондықтан әрдайым архив
жасауды ұмытпаңыз.
54
10-сурет. Жазбаны эксорттаудың нәтижесі
Жазбаны импорттау
1. «Кӛру» батырмасын басу арқылы (11-сурет) Экспортталынған
жазбалары (export.zip) бар файлдың жолын кӛрсетеміз.
Экспортталынған файл Музеолог 4.3 және одан жоғарғы
нұсқаларымен жасалғанын қадағалаңыз.
2. «Файлды таңдау» терезесіндегі «Қалта» жолында (export.zip)
файлына жолды кӛрсетеміз.
Мысалы, E:\museolog\backup_CSMRK\export.zip.
3. «Жазбаны импорттау» терезесіндегі «Файлды таңдау»
жолына E:\museolog\backup_CSMRK\export.zip жолын жазып,
«импорт» батырмасын басамыз. «Жазбаны импорттау іске
қосылды». Импорттау үрдісі аяқталғаннан соң сіз импорттау
нәтижесін ӛз жұмыс кеңістігіңізде кӛре аласыз.
Ескерту. Импорттау барысы ұзаққа созылады (уақыт
дерекқорындағы жазбалар санына шамалас).
55
11-сурет. Жазбаны импорттау
4. Жазбаны импорттау нәтижесін кӛру үшін «Менің жұмыс
кеңістігім» терезесіндегі «Жазбаны импорттау кезіндегі
қателіктер» жолын басамыз.
Жазбаны импорттаудың нәтижесі (12-сурет).
12-сурет. Импортталынған жазбалар
56
Жазбаны жою
Бас мәзірден «Менің жұмыс кеңістігім» тармағын таңдаймыз.
Бұл мәзірден экспонат санатын және оған сәйкес жазбаны
таңдаймыз. Тізімде, әр жазбадан соң «Жою» бұйрығы тұрады.
Жойылуы керек жазбаны таңдап, «Жою» батырмасын басамыз.
Содан соң жазбаны жойылуы туралы құптау шығады.
Кескіндермен жұмыс
Мұражай жинағына кіретін барлық заттар сүретке түсірілуі
керек. Зат қажетті мӛлшерде суретке түсіріліп, нӛмірленген
түрде архивке енгізіліп және оған сәйкес жазба толық
толтырылса ғана мүлік ретінде қарастырылады.
Сандық кескіндер топтаманы сақтап қалу үшін маңызды: зат
зақымданған жағдайда суреттер бағаланбас кӛмек кӛрсетеді.
Зат ұрланып не болмаса жоғалған жағдайда полиция немесе
кеден қызметіне суреттің берілуі оның шекарадан алып
шығуында, сатылуында танылу ықтималдылығын жоғарлатады.
Мәдени мекемелер мен кӛрмелер ұйымы (уақытша қолданысқа
арналған заттарды таңдау) арасындағы әріптестік үшін маңызы
зор.
Әрбір зат суретінің саны заттың түріне байланысты: жоспар
түріндегі сандарға (кесте, қолжазбалар, суреттер), әдетте, 1
сурет жеткілікті.
Екі сурет екіжақты заттарға қажет, мысалы, медальдар,
тиындар.
Үш ӛлшемді заттарды айтатын болсақ, суреттердің саны
ғылыми құжаттану мен заттың сәйкестендіруінің талаптарына
байланысты.
57
Каталогтың сандық кескіндерін жасау және олармен жұмыс
істеу тӛмендегі жағдайларды қарастырады:
сандық суретке түсіру;
компьютерге аудару;
кескінді индекстеу;
архивті жасау;
кескінді импорттау.
1. «Кӛру» түймесін басу арқылы экспортталған кескіні
(image.zip) бар файлдың жолын кӛрсетеміз (13-сурет).
2. «Файлды таңдау» терезесіндегі «Қалта» жолынан файл
(image.zip) жолын кӛрсетеміз.
13-сурет. Кескінді импорттау
58
Мысалы, E:\MUSEOLOG\backup_CSMRK\images.zip.
«Ашу» әмірін орындаймыз.
3. «Жазбаны импорттау» терезесіндегі «Файлды таңдау»
жолына
E:\MUSEOLOG\backup_CSMRK\images.zip
жазып,
«Импорт» батырмасын басамыз. «Кескінді импорттау іске
қосылды».
Импорттаудың нәтижесін сіз импорттау аяқталғаннан кейін
ӛзіңіздің жұмыс кеңістігіңізде кӛре аласыз.
4. «Менің жұмыс кеңістігім» терезесінде кескіндерді
импорттаудың нәтижесін кӛру үшін «кескіндерді импорттау
кезіндегі қателіктер» жолын басамыз.
5. Кескіндерді импорттаудың нәтижесі (14-сурет).
14-сурет. Импортталған кескіндер
59
Кескіндерді қосу
15-сурет. Кескіндерді қосу
1. «Кӛру» батырмасын басу арқылы дискіңіздегі файлға жол
кӛрсетеміз. (15 сурет).
2. «Файлды таңдау» терезесіндегі «Қалта» жолынан файл
(image.zip) жолын кӛрсетеміз.
Мысалы,
C:\Documents
and
Settings\Басқарушы\Менің
құжатым\Менің суретім\CSMRK_KP_047.jpg
«Ашу» әмірін орындаймыз.
3. «Кескіндерді қосу» терезесіндегі «файлды таңдау» жолына
C:\Documents and Settings\Басқарушы\Менің құжатым\Менің
суретім\CSMRK_KP_047.jpg
жазып,
«қосу»
батырмасын
басамыз.
«Кескін топтамаға қосылды»: Нәтижені сіз «Кескіндерді
басқару» бұйрығын басу арқылы кӛре аласыз.
60
4. «Кескіндерді басқару» терезесінде кескіндерді қосудың
нәтижесі
кӛрінеді.
Сонымен
қатар
суреттің
ӛзін
«CSMRK_KP_047» жолын басқаннан соң кӛресіз. Бұнда
сәйкесінше суреттерді кӛріп, сонымен қоса, керегі жоқ
кескіндерді «жою» батырмасы арқылы жоя аласыз (16-сурет).
16-сурет. Кескіндерді басқару
Достарыңызбен бөлісу: |