Сборник материалов подготовлен под редакцией доктора химических наук, академика Кулажанова К. С. Редакционная коллегия


ҚОНАҚ ҮЙ КЛИЕНТТЕРІН ТІРКЕУШІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ



Pdf көрінісі
бет24/60
Дата03.03.2017
өлшемі7,74 Mb.
#6838
түріСборник
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60

 

ҚОНАҚ ҮЙ КЛИЕНТТЕРІН ТІРКЕУШІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ 

 

Зәуірбеков Н.С., т.ғ.д, профессор., Айтуганова Ж.Т., аға оқытушы, Аманжолова А.Н., студент 

Алматы технологиялық университеті Алматы қ. Қазақстан Республикасы  

 

Кез-келген  жүйені  зерттеу  мен  тұрғызу  және  ендіру  әдістемесінің  негізіне  өзара  бір-бірімен 

қатынаста,  байланыста  болатын,  әрі  бүтіндей  бірлікті  құрайтын  жүйе  элементтерінің  бірігуін 

жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі 

бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде 

қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеуші-

лер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б. [1]. 

Қазіргі  даму  кезеңінің  ажырағысыз  белгісі  жаҺандандыру  және  қоғамды  ақпараттандыру 

болып  табылады.  Қоғам  өмірінің  барлық  салаларын  ақпараттандыру  ақпараттың  және  ақпараттық 

технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. 

Кез  келген  қоғамның  ақпараттандыру  деңгейі  ақпараттық  қызметтің  даму  дәрежесімен  және 

онымен айналысып, қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. 

Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру 

мақсатында  ақпараттық  ресурстарды,  ақпараттық  жүйелерді  ақпараттық  технологияларды  қолдану 

негізінде  құруға  және  дамытуға  бағытталған  ұйымдастырушылық,  әлеуметтік-экономикалық  және 

ғылыми-техникалық үрдіс [2]. 

Ақпараттық  жүйе – экономикалық  объектіні  басқаруға  қажетті  ақпаратты  жинау,  сақтау, 

жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ – ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу 

жүйесінен тұратын күрделі жүйе [3]. 


 

180 

 

Ақпараттық жүйе құрудың негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы 

есептеу  техникасы  жабдықтары  мен  экономика - математикалық  әдістермен  дамыта  түсу. 

Ақпараттық  жүйені  жобалаудың  ерекшелігі  экономикалық  объектіні  басқару  фукциясының  көптеу 

бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. 

Ақпараттық жүйені жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ 

еңбекті  көп  қажет  ететін  кезең.  Құру  кезеңінің  әрқайсысы  бөлек  сатыларға  бөлінеді.  Ол  берілген 

нәтижені алумен аяқталатын және ақпараттық жүйені құру кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің 

бірі.  Құру  кезеңі - бұл  жұмысты  ұтымды  жоспарлау  мен  ұйымдастыру  пікірі  бойынша  бекітілетін 

жалпы сатының бір бөлігі [4].  

Қандай  болмасын  ақпараттық  жүйенің  мақсаты  ақпараттық  жүйені  тұрғызудың  әдісіне, 

техникалық  базасына,  байланыс  ұстап  тұратын  ақпараттарына,  қолдану  саласына  байланыссыз  кез 

келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. 

Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және  мемлекеттік органдарды автоматтандыру 

ісі  бірінші  кезекке  қойылып  отыр.  Ол  шетелдерде  қызмет  еткенмен  біздің  елде  енді-енді  енгізіліп 

жатыр. Ақпарат жүйесін құру және осы жұмыс мақсаты –қонақ үй администраторының  жағдайын 

талдау және автоматтандыру. 

Автоматтандырылған  жұмыс  орны  (АЖО) – ақпараттың  нақты  есеп  шешімдеріне  қатысатын 

және сипатталатын жиыннан, функционалды  басқаруды өңдейтін нақты  қолдану саласы кешенінен 

құрылған жүйе. 

Осы мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді қарастыру қажет: 

 



Қонақтарды қабылдау және орналастыру қызметін ұйымдастыру; 

 



Қонақ үйді басқару әдістері; 

 



Қонақ үйлердегі қызмет түрлеріне сипаттама. 

Қонақ үй клиенттерін тіркеуші мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі қонақ үй шаруашылығын 

жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру өзекті мәселе екені 

белгілі. 

Біз қонақ үй клиенттерін тіркеуші ақпараттық жүйесін жоғарыда айтылған мәселелерді ескере 

отырып және жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып құруды іске асырдық. Ақпараттық 

жүйені  құру  барысында  ақпарат  қорларының  өзара  тиімді  әсерлесуін  өзгертпей  біріктіруге  қол 

жеткізілді.  

Ақпараттық жүйені қолдану алгоритмі:  

 



BDE Administrator – 

ды  ашып,  біздің  мәліметтер  базасына  керекті  драйверді  таңдаймыз 

(STANDART). 

Диалогтық  терезенің  оң  жағында PATH параметріне  құрылған  каталогтың  жолын 

көрсетеміз.  

 



Деректер базасын құру үшін ең алдымен Database Desktop арқылы бізге керекті кестелерді 

құрамыз. Сонымен қатар, бас кестенің қосымша кестелермен байланыстыру үшін бас кестеде екінші 

индекстерді  тағайындау  керек.  Бас  кестені  қосымша  кестелермен  байланыстыру  керек.  Барлық 

құрылған кестелерді BDE Administrator – да көрсетілген каталогқа сақтау керек. 

 

Содан  кейін Delphi – ге  кіріп,  кестелер  және  менюі  бар  жаңа  форманы  жасаймыз, 



сақтаймыз. 

 



Delphi – 

де кестелерді байланыстыру үшін DataModule – ді құрамыз, сақтаймыз. 

 

Әр бір кестеге формаларды жасаймыз, жобада сақтаймыз. 



 

Кестені және SQL тілін пайдаланып, құжаттар мен есеп беруді құрастырамыз. 



 

Жаңа формаларға инструкцины және автор туралы мәліметтерді енгіземіз. 



 

Барлық жасалған формаларды жобаның ішіне сақтаймыз.  



 

Мәліметтер  базасының  көмегін  қолдану  мәліметтерге  қатынаудың  жолын  қысқартады. 

Ақпараттық жүйені үлкен қонақүйлерде, фирмаларда, мекемелерде және т.б көп жерлерде қолдануға 

болады. 

Жұмыстағы  қойылған  мәселені  зерттеу  барысында  «Қазақстан»  қонақ  үйінің  клиенттерінің 

тіркеу үрдістері толығымен қарастырылды, «Қазақстан» қонақ үйінің клиенттерінің тіркеудің негізгі 

шарттарына сәйкес орындалатын операциялар реті және олардың сипаттамалары, ақпараттық жүйеге 

қойылатын  ақпараттық,  программалық,  математикалық,  техникалық  қамтамасыз  ету  талаптары 

анықталған және аталған қонақ үйдің ұйымдастырушылық құрылымы берілді, ақпараттық жүйенің 

концептуалды сызбасы көрсетілді. 



 

181 

 

Қонақ  үйдің  негізгі  қызметі,  есеп  қойылымы,  кіріс  және  шығыс  ақпараттары  анықталған. 

Есептер  кешенін  орындау  үшін  қолданылатын  программалық  құралдардың  сипаттамасы, 

программалық  жабдықтау  құрылымы, «Қазақстан»  қонақ  үйі  клиенттерін  тіркеуші  қызметінің 

ақпараттық жүйесін пайдаланушыларға нұсқау берілген. 

Барлық  ақпарат  мәліметтер  базасында  сақталады,  бұл  жағдай  ақпаратты  іздеуді  жеңілдетеді 

және алдағы көрсеткіштерді  көруге, салыстыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйеге байланысты 

жұмысты тез игеруге  жағдай жасайтын нұсқау пайдаланушы үшін келтірілген. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. 

Смирнова  Г.Н.  и  др.  Проектирование  экономических  информационных  систем.  М:  Финансы  и 

статистика, 2000-352б. 

2. 


Стороженко  Л.А.,  Матвеева  И.А.  Информационно-компьютерные  системы  учета  в  Республике 

Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. - Алматы: Экономика – 1997 г. - с.87-93.  

3. 

Н.Б.Бралиева,  Қ.С.Байшоланова,  Н.Л.Гагарина  “Экономикадағы  ақпараттық  жүйелері”.  Оқу  құралы. 



Алматы, 2001 ж. 

4. 


Н.С.Заурбеков, Н.Л.Гагарина Информационные системы  - Учебное пособие. - Алматы, 2010. –  240 с. 

 

 



УДК.656.25(075). 

 

ЭФФЕКТИВНОСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ СИСТЕМЫ СПУТНИКОВОЙ НАВИГАЦИИ С ЦЕЛЬЮ 

ОБЕСПЕЧЕНИЯ БЕЗОПАСНОСТИ ДВИЖЕНИЯ ПОЕЗДОВ 

 

Аманжулова Ж.А., нау рук., магистр, преподаватель, Жаманбаева А., студент 



Каз АТК имени М.Тынышпаева, г. Алматы, Республика Казахстан  

Е-mail: Zh_askar_88@list.ru 

 

Радикальная перестройка системы управления экономикой – одно из важнейших направлений 

программы  реформ,  проводимых  в  Казахстане.  Особое  значение  эта  проблема  имеет  для 

предприятия,  положение  которого  в  рыночной  экономике  меняется  коренным  образом,  вынуждая 

сформировать  у  себя  систему  управления,  которая  обеспечила  бы  ему  высокую  эффективность  ра-

боты, конкурентноспособность и устойчивость положения на рынке. Это необходимо для доказатель-

ства эффективности построения и реализации собственной модели развития нашего государства.  

В  настоящее  время  на  железнодорожном  транспорте  находят  применение  различные 

технологии  обеспечения  безопасности  движения  поездов.  В  рамках  концепции  многоуровневой 

системы управления и обеспечения безопасности движения поездов для высокоточного определения 

местоположения  железнодорожных  единиц  используют  глобальные  спутниковые  навигационные 

системы ГЛОНАСС и GPS. 

Спутниковые  системы  также  стали  штатным  оборудованием  для  вагонов-путеизмерителей  и 

дефектоскопов.  Устройствами  контроля  безопасности  и  связи  с  использованием  системы 

ГЛОНАСС/GPS  оборудовано  около 100 пассажирских  поездов [1]. Проходит  тестирование 

маневровой и горочной автоматических локомотивных сигнализаций (МАЛС/ГАЛС) со встроенными 

средствами спутниковой навигации, которые помогают определять местоположение локомотивов на 

станции с погрешностью не более 1 м. 

Основными требованиями к глобальным спутниковым радионавигационным системам второго 

поколения являются: 

глобальность навигационно-временного обеспечения потребителей потребитель, находящийся 



в любой точке околоземного пространства, должен иметь возможность определения своих координат; 

непрерывность навигационно-временного обеспечения – возможность определять координаты 



потребителя в любое время суток; 

неограниченность числа потребителей системы; 



высокая  точность  навигационно-временных  определений  (НВО),  под  которыми  понимают 

вычисление трех пространственных координат потребителя, трех составляющих его вектора скорости 

и текущего времени [3]. 

Удовлетворение  первого  требования  обеспечивается  выбором  параметров  орбит 

навигационных спутников (искусственных спутников Земли) и их расположением на орбитах. 



 

182 

 

Для  решения  проблемы  неограниченности  числа  потребителей  системы  используется 

концепция  независимой  навигации,  предусматривающая  выполнение  НВО  непосредственно  в 

аппаратуре  потребителя [8, 9], а  в  рамках  этой  концепции  использован  метод  пассивных 

(

беззапросньгх)  дальномерных  и  доплеровских  измерений  по  сигналам  нескольких  навигационных 



спутников (НС). 

 

 



Рисунок– 2.1Состав аппаратуры спутниковой радионавигационной системы 

 

Подсистема  космическш  аппаратов  СРНС  состоит  из  определенного  числа  навигационных 



спутников  (штатно 24 НС).  Основные  функции  НС – формирование  и  излучение  радиосигналов, 

необходимых  для  навигационных  определений  потребителей  СРНС,  контроля  бортовых  систем 

спутника  подсистемой  контроля  и  управления  СРНС.  В  состав  аппаратуры  НС  включают 

радиотехническое  оборудование  (передатчики  навигационных  сигналов  и  телеметрической  инфор-

мации,  приемники  данных  и  команд  от  ПКУ,  антенны,  блоки  ориентации),  ЭВМ,  бортовой  эталон 

времени  и  частоты  (БЭВЧ),  солнечные  батареи  и  т.  д.  Бортовые  эталоны  времени  и  частоты  обес-

печивают практически синхронное излучение навигационных сигналов всеми спутниками, что необ-

ходимо для реализации режима пассивных дальномерных измерений в аппаратуре потребителей [4]. 

Наземная подсистема контроля н управления выполняет следующие основные задачи [5]: 

эфемеридное и частотно-временное обеспечение НС;  



мониторинг радионавигационного поля;  

радиотелеметрический мониторинг НС; 



командное и программное радиоуправление функционированием НС.  

Под эфемеридным обеспечением понимают определение и прогноз параметров движения всех 

НС  с  помощью  наземных  средств  и  передачу  этой  информации  на  НС  с  целью  ее  последующей 

передачи в навигационном сообщении потребителям. 

Частотно-временное обеспечение означает определение и прогноз отклонений бортовых шкал 

времени  НС  от  системной  шкалы  времени  и  «закладка»  на  борт  НС  частотно-временных  поправок 

(

ЧВП) с целью последующей их передачи в навигационном сообщении потребителям. 



Навигационная  аппаратура  потребителей  (НАП)  предназначена  для  приема  и  обработки 

радиосигналов НС с целью определения необходимой потребителям информации (пространственно-

временных  координат,  направления  и  скорости,  пространственной  ориентации  и  т.  п.).  Обычно 

используют  двухэтапное  решение  задачи  НВО.  На  первом  этапе  формируют  оценки  параметров 

радиосигнала – задержки и доплеровского смешения частоты, и извлекают из сигнала навигационное 

Сегмент 


управления 

Аппаратура 

потребителей 

Космический сегмент 



 

183 

 

сообщение,  содержащее,  в  том  числе,  информацию  о  параметрах  движения  НС.  На  втором  этапе 

рассчитывают координаты потребителя и составляющие его вектора скорости [6]. 

Области использования НАП СРНС неуклонно расширяются и в настоящее время охватывают 

авиацию,  мореплавание,  железнодорожный  и  автомобильный  транспорт,  геодезию  и  картографию, 

геодинамику  и  сейсмологию,  военное  дело,  космонавтику,  сельское  хозяйство,  системы  связи  и 

телекоммуникаций и т.д. [7]. 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 

1. 

Послание  Президента  страны  народу  Казахстана  «Казахстан 2030: процветание,  безопасность  и 



улучшение благосостояния всех казахстанцев». – Астана: Атамура, 1997. – С 32. 

2. 


Указ  Президента  РК.  Стратегия  индустриально-инновационного  развития  Республики  Казахстан  на 

2003-2015 

годы: утв.17.05.2003, №1096. – Астана: Атамура, 2003. – С 41. 

3. 


Указ  Президента  РК.  Транспортная  стратегия  Республики  Казахстан  до 2015 года:  утв. 11.04.2006, 

№86. – Астана: Атамура, 2006. – С 62. 

4. 

Трифанов, В.Н. Инвариантный статистический анализ и управление в транспортных системах / В.Н. 



Трифанов. - СПб.: Элмор,2003. - 192с. 

5. 


Розенберг, В.Е. Применение спутниковой навигации на железнодорожном транспорте / В.Е. Розенберг. 

Электрон, дан. – Ресурс доступа: http://www.zdt-magazine. ru/publik/techsredstva/2008/okt08/kosmos.htm. 



 

 

 



ӘОЖ 622.012.658. 

 

МАССИВТІҢ КЕРНЕУЛІ-ДЕФОРМАЦИЯЛАНҒАН КҮЙІН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ 

 

Абдылдаев Э.К., т.ғ.д.,профессор, Жанәбіл Ұ.Е., Кыдырмолла Г.М., 4-курс студенттері 

  

Пайдалы  қазбаларды  ашық  тәсілмен  игерген  кезде  карьерлердің  жиектерінің  оптималды 

параметрлерін  анықтау  тау-кен  жұмыстарының  қауіпсіздігін,  нысандардың  және  құрылыстардың, 

көлік  және  энергетика  коммуникацияларының,  тау-кен  көлік  жабдығының  сақталуын,  пайдалы 

қазбаның  шығарылуының  толықтығын  және  ақырында,  тау-кен  кәсіпорындарының  жоғары 

экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін қажет.  

Ашық  түрде  жүргізілетін  тау-кен  жұмыстары  карьердің  маңындағы  тау  жыныстары  массивінің 

табиғи  кернеулі  күйін  өзгертеді.  Жиек  маңындағы  массивтерде  кернеулердің  қайта  бөлінуі  белгілі  бір 

жағдайларда шекті деформацияларға және карьер жиектерінің бұзылуына алып келеді. Сондықтан, карьер 

жиектерінің  орнықтылығын  бағалау  және  сақталуын  қамтамасыз  ету  мәселесін  шешу  үшін  тау 

жыныстарының жиек маңындағы массивтерінің кернеулі-деформацияланған күйін зерттеген өте маңызды. 

Еңіс  маңындағы  аймақтың  кернеулі-деформацияланған  күйін  ауқымды  зерттеулер  кернеудің 

ашық  тау-кен  қазбаларының  айналасында  бөлінуінің  негізгі  заңдылықтарын  анықтады.  Атап 

айтқанда,  еңістің  жоғарғы  бөлігінде  горизонталь  созатын  кернеулер  әрекет  етеді,  осылардың 

әсерімен  үзілудің  вертикаль  жарықшақтары  пайда  болады.  Еңістің  орталық  бөлігінде,  контур 

маңындағы  массивте  қысатын  кернеулер  әрекет  етеді.  Еңістің  маңында  максималды  қысатын 

кернеулердің векторы еңістің бет жағына параллель бағытталған[4-8]. 

Карьер  жиегінің  төменгі  бөлігінің  жыныстарында  және  оның  табанында  вертикаль 

кернеулерден  асып  түсетін,  жаратын  және  горизонталь  кернеулердің  шоғырлануы  байқалады.  Бұл 

ретте  кернеулердің  горизонталь  құрамдас  бөлігінің  еңістің  табанына  қарай  артуы  жылжытатын 

массивке  тіректің  жасалуымен  түсіндіріледі.  Ақырында,  кернеулердің  еңістің  төменгі  бөлігінде 

шоғырлануы  көбінесе  жыныстардың  бұзылуына  алып  келеді,  бұл  кертпештердің  және  карьер 

жиектерінің орнықтылығын төмендетеді. 

Өнеркәсіптік  құрылыстардың  табиғи  бөктерлерінің  және  еңістерінің  кернеулі-

деформацияланған  күйін  бағалау  негізінен  алғанда,  кешенді  айнымалы  функция  теориясын 

пайдалана  және  шекаралық  жағдайларды  дәл  қанағаттандыра  отырып,  серпімділік  теориясының 

әдісімен жүргізіледі. Үш шектік есептерді кешенді потенциалдарды пайдалана отырып, серпімділік 

теориясының  әдісімен  шешудің  жалпы  әдістерін  изотропты  орта  үшін  Н.И.Мусхелишвили, 

анизотропты орта үшін С.Г.Лехницкий берген. Есептерді осы әдіспен шешкен кездегі маңызды сәт 

массивтің зерттеліп отырған облыстарын бірлі-жарым шеңберге немесе жартылай жалпақтыққа дәл 

бейнелейтін функцияны анықтау болып табылады.Нәтижелердің тиімділігі және жарамдылығы осы 

функцияны  табуға  және  беруге  байланысты  болып  келеді.Қазіргі  кездебірлі-жарым  кертпештердің 



 

184 

 

де,  олардың  әртүрлі  конфигурациядағы  мерзімдік  жүйелерінің  де  салмақтық  жартылай 

жалпақтықтары және жартылай шексіз облыстары үшін шешімдер алынған[9,10]. 

Қисық сызықты шекараларының салыстырмалы түрдегі кең шеңбері бар біртекті, салмақты тау 

массивтерінің  кернеулі  күйі  қарастырылған.  Қисық  сызықты  шекарасы  бар  төменгі  жартылай 

жазықтықты бейнелейтін функция мынандай түрде қабылданды: 

                                                

 












di

a



z

b

B



C

Z

                                                         (1. 1) 



мұнда d>0, B, a, b – тұрақтышамалар; с>0 – пропорционалдылық коэффициенті. 

Қазбаның табаны және күндізгі бет жақтың учаскелері горизонталь, ал еңістердің контурлары 

тік  сызықты  немесе  белгіленген  пішінге  ие  болған  кезде,  көрсетілген  бейнелейтін  функцияның 

жарамсыздау болатындығын атап кету керек. 

[8] 

жұмыста бейнелейтін функция ретінде, гравитациялық және тектоникалық күштерді ескере 



қаза отырып, кернеулердің жартылай шексіз облыста бөлінуі туралы есептің шешімі қабылданған. 

                                                 

 

1

a



W

Z







,                                                                    (1.2) 

Жоғарыда  баяндалған  әдістің  ортақ  кемшілігі  есептердің  серпімді  қойылымда,  екі  өлшемді 

серпімділік теориясының шеңберінде шешілетіндігі болып табылады. 

Жиек маңындағы массивтің кернеулі қалпын анықтау үшін, жоғарыда қарастырылғаннан өзге, 

шекті  тепе-теңдік  теориясының  әдістері  қолданылады.  Егер  серпімділік  теориясының  есептерінде 

берілген шекаралық жағдайларда бүкіл жыныстық массивте кернеулер алаңы орналасса, онда шекті 

тепе-теңдік теориясының есептерінде берілген жағдайлар, шарттар кезінде осылардың кезінде массив 

шекті күйге көшетін, екінші бір бөліктегі жағдайлар есептеледі. Бұдан өзге, шекті күй облыстарында 

кернеулердің құрамдас бөліктері тепе-теңдік теңдеуінен өзге, тағы 

                                               







,

C

,



n

n

f



                                                                     ( 1.3) 

шартымен байланысқан,мұнда 

,



n

 -n 


нормалі бар алаңдағы шекті және қалыпты кернеу; С – 

ілінісу;  – ішкі үйкеліс бұрышы. 

Жиек  маңындағы  массивте  әлсіреу  (с′  және  ′  беріктік  қасиеттерімен)  бет  жақтары  болған 

жағдайда қосымша арнайы шекті тепе-теңдік шарты пайдаланылады: 

                                               







,

C



f

n

n

                                                             ( 1.4) 

Шекті  тепе-теңдіктің  көрсетілген  теңдеулері  эксперименттік  зерттеулердің  негізінде 

анықталады және әртүрлі функциялармен аппроксимацияланады. 

Шекті  тепе-теңдік  теориясының  әдісінде  екі  түрлі  есептер,  біріншісі – шекті  тепе-теңдік 

шарттары массивтің әлдебір облысының барлық нүктелерінде қанағаттандырылатын есеп, екіншісі - 

шекті тепе-теңдік шарттары тек әлдебір бет жақтың (кеңістікте) және сызықтың (жазықтықта) ұзына 

бойына  ғана  қанағаттандырылатын  есеп  қарастырылады.  Шекті  тепе-теңдік  теориясы  жыныстық 

массивтің  деформацияланған  күйін,  қалпын  зерттеу  қажет  болмайтын  есептерде  және  жағдайларда 

кең қолданысқа ие. Кертпештердің жыныстарының және карьерлердің жиектерінің деформациясы – 

табиғи және тау-техникалық факторлардың әсерімен байланысты және жыныстық массивтің әлдебір 

бөлігінің еңістің табанына жылжуы болып келетін, тау жыныстары массивінің бұзылуының күрделі 

физикалық-механикалық процесі. 

Өнеркәсіптік  құрылыстардың  табиғи  бөктерлерінің  және  еңістерінің  кернеулі-

деформацияланған  күйін  бағалау  негізінен  алғанда,  кешенді  айнымалы  функция  теориясын 

пайдалана  және  шекаралық  жағдайларды  дәл  қанағаттандыра  отырып,  серпімділік  теориясының 

әдісімен жүргізіледі. Үш шектік есептерді кешенді потенциалдарды пайдалана отырып, серпімділік 

теориясының  әдісімен  шешудің  жалпы  әдістерін  изотропты  орта  үшін  Н.И.Мусхелишвили, 

анизотропты орта үшін С.Г.Лехницкий берген. Есептерді осы әдіспен шешкен кездегі маңызды сәт 

массивтің зерттеліп отырған облыстарын бірлі-жарым шеңберге немесе жартылай жалпақтыққа дәл 

бейнелейтін функцияны анықтау болып табылады. Нәтижелердің тиімділігі және жарамдылығы осы 

функцияны табуға және беруге байланысты болып келеді. 

Жыныстардың деформациясының шамасы, сипаты, даму уақыты және таралу тереңдігі әртүрлі 

және нақты тау-геологиялық пен тау-техникалық факторларға байланысты болып келеді. Практикаға 



 

185 

 

карьер  жиектерінің  миллиондаған  текше  метрлермен  өлшенетін  деформацияларының  мысалдары 

белгілі  және,  дәл  сол  кезде,  жартас  жыныстары  бар  карьерлерде  тіптен  тасқорымдардың  дамуы 

бірнеше жылдар бойында қандай да болсын айтарлықтай көлемде көрініс таппайды. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1. 

Ракишев Б.Р., Машанов А. А., Абдылдаев Э. К. Структура массива и деформируемость горных пород. – 

Алматы:, 2011. – 203 с. 

2. 


Баклашов И.В., Картозия Б.А. Механика горных пород. М.: Недра, 1975. -с. 271.  

3

Ржевский В.В., Новик Г.Я. Основы физики горных пород. М., Недра, 1985

4. 


Соколовский В.В. Теория пластичности. -М. -Л.:Академиздат. 1946. -с.360. 

 

 



 

УДК: 543.24+531.724 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет