Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет101/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

нәпсісіне ауыр көрінген нәрселермен, тозақ адамға жағымды
көрінген нәрселермен көмкерілген»
278
екендігін білуі қажет.
Сонымен қатар Алла Тағаланың «Қайдан білесіңдер,
бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін
қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселерің түбінде
өздерің үшін зиянды болып шығуы бек мүмкін.
Ақиқатын Алла біледі, сендер білмейсіңдер»
279
деген
ескертуін есте ұстап, бастапқыда жағымсыз әрі қажытатын
ауыр тапсырма болып көрінгеніне қарамастан, бұл әдетті
үйренудің соңында тек жақсылыққа жеткізетінін әу бастан
санасына құйып алып, алға ұмтылғаны жөн.
Негізі, мұсылман адам үшін нағыз бақыт ақыретте болмақ.
Дегенмен бұл жалғанда бақытты өмір сүруге болмайды деген
тыйым жоқ. Адам уақытын тиімді пайдаланатын болса,
«уақытты босқа өлтіріп жатырмын» деген ұждан азабынан
арылып, бақытқа жетуі жеңілдей түседі.
Біз болып жатқан жайттарға оң көзқараспен қарағанда ғана
өмірдің рақатын сезіне аламыз. Алайда адам баласы ең
алдымен қауіпті әрі жағымсыз дүниелерге назар аударады.
Құдды бір қара нүкте қойылған ақ парақтан бірінші қара
нүктесін көретіні тәрізді. Ертеректе адамзаттың өмірін сақтап
қалуы үшін мұндай қорғаныштың көмегі тигені рас. Дегенмен
қазір бұл айналамызға оң көзқарас танытуға және бақытты
болуға кедергі жасауда. Сондықтан ақырындап болса да, оң
көзқарас қалыптастыруды үйренген жөн.
Уақытты адам өмірі деп білген Имам Ғазали былай дейді:
«Балам! Бүгін өлдім деп ойла. Өміріңді ғапылдықпен өткізген
сәттеріңе қаншалықты өкінесің. «Шіркін-ай, қайран өмірім-ай!»
дейсің, бірақ амалың қанша?!»
Әр мүмін таң намазын оқыған соң өзіне мынаны ескертуі
керек:
«Менің бар қазынам – өмірім. Өмірім таусылса, қазынам да
таусылады, оны қайта табуға мүмкіншілік те қалмайды. Бүгін


жаңа бір күн басталып келе жатыр. Алла Тағала бүгін де
маған өмір сыйлады. Егер жанымды алғанында, әлбетте, бір
күнге болса да бұл дүниеге қайтарылып, ізгі амалдар істеуді
өтінер едім ғой. Олай болса, қазір өлдім, сосын дүниеге
қайтуыма бір күн мұрсат берілді деп ойла. Бүгін күнәлі
істердің маңына жуыма, уақытыңның бір сәтін де босқа
өткізбе. Өйткені әр алып-шығарған тынысың – баға жетпес
нығмет!»
280
Өмір бір дем алумен басталып, келесі бір дем шығарумен
аяқталмақ. Жаратушымызға қауышу үшін алғаш алған демімізді
қайта ақтық деміміз ретінде шығарудың кезегін күтудеміз.
Бұл дүние – еңбектенудің, ақырет – жемісін көрудің мекені.
Ақыретте бір нәрсе табу немесе жоғалту деген болмайды.
Осы тұрғыдан бұл дүниедегі уақыттың құны тым жоғары. Ол
– бес күндік жалғандағы шектеулі уақытта шексіз рақатқа қол
жеткізудің мүмкіндігі.
Ақыреттік іс, дүниелік іс деп бөліп жармай, әрбір ісімізде
ақыреттік табысты көздеуге тырысайық. Барлығын Алла
разылығы үшін, сүннетке сай жасауға тырыссақ, мал табу ісі,
демалу мен тамақтануға дейін сауапты амалға айнала алады.
Ақыретке иманы жоқ тек бұл дүниеде шектеулі уақыт өмір
сүретінін ойлайтын батыстықтар сол уақытын барынша тиімді
пайдаланып, өмірде көптеген жетістіктерге жетіп қалуға
ұмтылып жатқанда осы дүниедегі әрбір сәтіміз ақыреттегі
мәңгі 
өміріміздің 
сапасын 
белгілейтінін 
білетін 
біз,
мұсылмандар, уақыт мәселесінде олардан да мұқият болуымыз
қажет емес пе?
Алла Тағаланың әділдігімен олар уақытты дұрыс пайдалана
отырып, бағындыруға тырысқан шыңдарына жетіп, жетістік
пен жеңістің дәмін татып отыр. Ал мұсылман баласы уақытын
тиімді пайдаланса, екі дүниеде де орасан зор жетістікке жете
алмақ. Осы жолда әрекетін жасап тырысып бағу мен ісінің
жеңілдігін тілеп Алладан дұға етуді қатар алып жүретін болса,
әрбір мұсылман жан мұрат еткен шыңдарын бағындыра
алады.


Жетістікке жету үшін өз уақытыңыз бен қабілетіңізді
басқаша қолдануыңызға тура келеді. Уақытыңызды сондай
дәрежеде тиімді пайдаланыңыз. Тіпті «Ертең өлесің!» деген
хабар жетсе де, күнделікті іс-амалдарыңызға ештеңе алып-
қосудың қажеттілігі сезілмейтіндей болсын!
Уақытты барынша тиімді өткізу үшін, ең алдымен, «ерік-
жігер» қуатын ең жақсы түрде қолдана білу керек. Өйткені
адамның бойындағы ерік-жігер өзге рухани қуаттардан
жоғары болады. Ерік-жігер қуатының әрекетке көшуі үшін өз
білгендерін амалға асыратындай «тірі» иман керек. Сонымен
қатар уақыттың ең лайықты түрде пайдаға асуы көңілдерде
орныққан 
Алланы 
тану 
мен 
жауапкершілік 
сезіміне
байланысты.
«Нағыз ақылды – әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, ізгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет