белсенді
ниет
білдіргені
жөн,
себебі
хадисте
де
«Мұсылманның ниеті – амалынан хайырлы» делінген».
266
«Адамға жарасатын нәрсе – уақыттың қадірін біліп, оның әр
сәтін ұтымды пайдалана білу.
Мен адамдардың уақыттарын
сұмдық өлтіретіндіктерін байқадым. Ондай адамдарды батып
бара жатқан кемеде алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған
жолаушыларға ұқсатамын» дейді имам. Оның өміріне көз
жібергенімізде,
расында
да,
уақытты
өте
үнемді
пайдаланғанын байқаймыз. Ол бүкіл
ғұмырын ғылым-білім,
жазу, пәтуамен өткізген. Ғылымның түрлі саласында еңбек
жазып қалдырған. Кейбіреуі 20 томға жететін 340-тан астам
еңбек қалдырған. Күн сайын төрт қалың дәптерлік жазу
жазған. Бір жылда жазғаны 50-60 томға жеткенін байқаймыз.
Ибнул-Жәузидің кітап жазу кезінде ұштаған қалам жаңқалары
ол қайтыс болғанда мәйітін
жуатын суды ысытуға жеткен
екен.
267
Имам Хасан ибн Рушәйк былай дейді:
«Тәфәккур дариясының құлпыларын ашу үшін таңсәріде
ұйқыдан тұрып, іске кірісуден асқан жақсы кілт жоқ. Өйткені
адам сол уақытта сыртқы қатынастардан, дүниенің уайымдары
мен құмарлықтарынан алыс болады. Раббысымен бірге болуға
дайын, денесі тың, ақыл-ойын,
есін жинап, жаңарып,
тыныққан болады. Сондықтан да ауасы кең, самал желдер
жағымды есетін, күндіз бен түннің арасындағы ең ыңғайлы
уақыт – таңсәрі мезгілі.
Өйткені таңсәріде жарық нұр
қараңғының үстін басып келе жатады. Ал ақшам уақыты
мұның керісінше бейнесі, қараңғылық жарықтың үстін басып
келе жатады».
Алла жолында жүрген Рабиғ ибн Хайсәмнің мына халі
уақытты ең пайдалы түрде өткізу
тұрғысында өзін есепке
тартып отырудың жақсы мысалы бола алады:
Рабиғ ибн Хайсәм өз бақшасына қабір қазып қойған екен.
Жүрегі қатайып бара жатқанын сезген уақытында сол қабірге
кіріп, соның ішінде біраз жатады. Кейде дүниемен қош
айтысып, мазарға кіретін және сол кезде бір истиғфар мен
садақаға зар болатынын ойлап, ақыретін уайымдап,
өзін-өзі
есепке тартады екен. Содан соң
«Егер олардың біреуіне
Достарыңызбен бөлісу: