Тайм-менеджмент


Күнделікті жұмыс істейтін уақыт мөлшері



Pdf көрінісі
бет16/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Күнделікті жұмыс істейтін уақыт мөлшері
Капиталистік өлшемдер бойынша «күнделікті сегіз сағаттан
артық жұмыс істеу жұмыс өнімділігін төмендетеді» деген
түсінікті бірден қабылдап алмай, мұқият ой елегінен өткізу
қажет-ақ. Себебі уақытты тиімді пайдаланып, барлық
уақытымызды нәтижелі етіп, ешбір сәтімізді босқа өткізіп
алмас үшін аталған сегіз сағаттың тысындағы уақыттарды да
пайдалы істермен шұғылданып өткізген жөн. Ал одан артық
жұмыс 
істеу 
«адамның 
жұмыс 
істеу 
өнімділігін
төмендететіндігіне» келер болсақ, адам ұзақ уақыт бойы бір
іспен шұғылданар болса, ми шаршап, жұмыс өнімділігі содан
төмендемек. Олай болса, адам істерінің арасында үзіліс
жасап, басқа жұмыстармен де кезектестіріп айналысып
отырса, 
сегіз 
сағаттан 
кейін 
де 
жұмыс 
өнімділігі
төмендемейтіндігін айтуға болады.
Дініміздегі намаздың орны да осындай қызмет атқара алады.
Түскі намаз түске дейін жұмыс істеп шаршаған жанды
сергітіп, жұмысына жаңа серпінмен қайта кірісуіне жағдай
жасайды. Одан соң адамның миы мен денесі шаршады-ау
деген уақытта екінті намазы тағы сергектік сыйлауға келеді.
Кешке қарай адам ұзақ күннің жұмысынан қажыған кезінде
ақшам намазы кешкі уақытқа ширақтық сыйламақ. Солайша


одан кейінгі уақытта да қосымша істерімен, үй шаруаларымен
айналысуға күш-қуат табады.
Ал сегіз сағаттан артық жұмыс істемей, басқа уақыттарын
қол қусырумен өткізу Ислам дінінің уақытты бос өткізбеу
қағидасына қарама-қайшы болмақ. Сондықтан мұсылман жан
уақытын барынша тиімді пайдаланып, жоспарлы өмір сүріп,
уақыттың бос өтуіне жол бермеуі қажет.
Бүгінгі біздің қоғамдағы жұмыс орындарында күнделікті
жұмыс уақыты көбіне сегіз сағат екені белгілі. Соған орай
әрбір мұсылман баласы өзінің жұмыс істейтін мекемесіндегі
тәртіпке бағына алады. Алайда осы уақытпен шектеліп қана
қоймай, одан кейінгі бос уақыттарын пайдалы іспен, білім
алумен, қосымша ғибадатпен, өз-өзін дамытумен, отбасына
қолғабыс етумен айналысқаны нағыз мұсылмандыққа сай
болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет