Тайм-менеджмент


Бір уақытта бір іспен ғана айналысу



Pdf көрінісі
бет18/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Бір уақытта бір іспен ғана айналысу


Құранда Алла Тағала «Алла бірде-бір адамның көкірек
қуысында екі бірдей жүрек жаратпаған»
28
деу арқылы
адам баласының бір уақытта екі түрлі іске толықтай көңіл
қойып, зейінін шоғырландыра алмайтындығын ескертеді.
Адамды өзінен жақсы білетін Жаратушысы оны әу баста
солай жаратқан.
Жұмыс уақытында әртүрлі адамдармен қарым-қатынас
жасауға тура келген уақытта бірнеше жұмысты қатар
орындауға болмайтынын есте ұстаған жөн. Әр уақытта дәл
сол уақыт үшін ең маңызды болған бір іспен шұғылдану
қажет.
Ереже 
бойынша, 
бір 
жұмыспен 
айналысуға 
шешім
қабылдағанда сіз басқа істен бас тартқан болып саналасыз.
Осыны дұрыс ұғыну қажет. Әйтпесе, адамдар көбіне маңызы
әлдеқайда жоғары істен бас тартып, артынан сан соғып
қалып жатады.
Әр уақыттың өзіне тиесілі бір ісі болады. Дәл қазір
орындалу үстінде болған маңызды бір іске барлық зейініңізді
шоғырландыруды, 
бар 
ойыңыз 
бен 
күшіңізді 
арнауды
үйреніңіз. Сонда ол істің орындалуы жылдам әрі сапасы
жоғары бола алады. Сондықтан бір мезетте бірнеше іс
атқарып үлгеремін деп өзіңізді алдап, «екі кеменің басын
ұстап суға кетіп» қалмау үшін ол жұмысты аяқтамастан басқа
артық істерге алаңдамаңыз. Бұл табандылық пен күш-жігерді
талап етеді. Алайда қол жеткізген жетістіктеріңіз барлық
ауыртпалықтарды ұмыттыра алады.
80/20
Сіз 
өз 
істеріңізді 
маңыздылығына 
қарай 
рет-ретімен
орналастыра аласыз. Олардың арасындағы ең маңыздысы
қайсысы? Екінші кезектегі қандай іс? Осылайша жалғасын
тауып кете береді.


Ал осы мақсаттар мен істерді рет-ретімен қоюға арналған
Парето қағидасын да атап өткен орынды болар. Оған сәйкес,
ең алдымен себептер мен нәтижелердің, шығын мен
табыстың, күш салу мен жетістіктің арасында айтарлықтай
қарама-қайшылықтар 
бар. 
Бұл 
қарама-қайшылықтардың
негізінде 80/20 арақатынасы жатады. Ереже бойынша,
жұмсалған қаржының 20%-ы табыстың 80%-ын алып келеді,
80% нәтиже 20% әрекеттен орын алады, 20% күш 80%
жетістікке жеткізеді. Мысалы, бизнесте 80/20 қағидасы
әрдайым дәлелденуде: сатылымның 20%-ы табыстың 80%-ына
қол жеткізеді, тұтынушылардың 20%-ы кірістің 80%-ын алып
келеді т.б. Сіз де өзіңіздің басты істеріңізді (қалауларыңыз бен
мақсаттарыңызға жеткізетін істердің тізімінің арасындағы
жұмыстардың 20%-ын) тауып, күнделікті 24 сағаттың 20%
уақытын соған жұмсауыңыз керек. Бұл, әрине, оңай шаруа
болмауы мүмкін. Алайда осылай ету арқылы ыңғайлы уақытта
және күш-қуатыңыз толы болып тұрған кезде басты ісіңізге
ұзақ уақыт зейініңізді шоғырландыра білу сізді таңғажайып
нәтижелер мен жетістіктерге жеткізеді.
Ең 
басты 
бір 
әрекетіңіз 
80% 
жетістікке 
жеткізіп,
мақсатыңыздың жолындағы ең негізгі қадамға айналуы мүмкін.
Жұмыстарыңызды маңыздылығына қарай рет-ретімен тізіп
жазып, іс-әрекет жоспарыңызды жасауыңыз қажет. Егер сізде
қағаз бетіне түсірілген жоспар болатын болса, сіз олай
жоспар құрмайтын әлемнің 97% халқынан бір саты ілгері
жылжи алған боласыз. Осылайша мақсатыңызға жылдам қадам
басып, көрген жан таңданысын жасыра алмайтындай
дәрежеде жетістікке жете алмақсыз.
29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет