бір көмекші құрал бола алады. Ең бастысы, осынау заманауи
құрылғыларды ақылмен қолдануды әдетке айналдырмақ керек.
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі
жеті фактор
1. Телефон, электрондық пошта, СМС
Уақытты жоғалтудың ең бірінші әрі басты себебі – телефон,
электрондық пошта, смс секілді күнделікті кедергілер.
Бұлардың барлығы сіздің көңіліңізді
негізгі жұмысыңыздан
басқа жаққа аударып, маңызды жайттарды ойлануда миыңызда
іркіліс пайда болуына әкеліп соғады. Тіпті телефонды қойып,
поштаны жапқаннан соң да жұмысқа қайта кірісу қиындап,
бірқатар уақыт алады.
Мұндай кедергілермен күресудің жеті жолы бар:
Телефон мен пошта секілді хабарласу құралдарын тек
жұмыс бабымен ғана пайдаланыңыз.
Қызмет барысында
қажет болған жағдайда да жұмысын барынша тезірек
бітіруге тырысу керек. Жұмыс уақытында жеке мәселелерді
талқыламаңыз. Жұмыс уақытында байланыс құралдары тек
қана қызмет бабымен пайдаланылатындығына бойыңызды
үйретіңіз. Қазіргі таңда бұл жайт әсіресе смартфондарға
қатысты екені белгілі.
Электрондық хабарламаларды
маңыздылығына қарай
саралап қойыңыз. Телефон соққан адаммен сөйлеспес
бұрын кім екенін анықтап алыңыз. Белгісіз қоңырауларға
жауап берерде қызығушылығыңызды баса тұрып, қандай
мақсатпен қоңырау соққанын сұрап біліңіз.
Күнделікті жоспарыңызда
сізді ешкім мазаламауы қажет
уақыт
арнап
қойыңыз.
Смартфон
мен
байланыс
құралдарының құлына айналмаңыз! Олардың дыбыстарына
елеңдей бермеңіз. Дұрысы, ондай ескертпе дыбыстарды
мүлде өшіріп тастаңыз.
Егер өзіңіз хабарласқан не хат жіберген болсаңыз, сізге
қайта хабарласа алатын немесе жауабыңызды ала алатын
уақытыңызды алдын-ала ескертіңіз.
Сөйлесу мен
хат жазуға арнайы уақыт бөліп, барлығын
бірден бітіріп алуға тырысыңыз. Күні бойы ол істермен
айналысып отырмаңыз.
Телефон қоңырауларын алдын-ала жоспарлаңыз. Қызметтік
кездесудегідей
талқыланатын
тақырыптарды
алдын-ала
белгілеп қойыңыз.
Телефонда талқыланған жайттарды қағаз бетіне түсіріп
отырыңыз. Сонда қайта сұрауға қажеттілік болмай, уақыт
үнемдейсіз.
Достарыңызбен бөлісу: