Тайм-менеджмент


Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу



Pdf көрінісі
бет36/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Өзіңе қатысы жоқ істен аулақ болу
Тайм-менеджмент сарапшысы Стивен Ковидің The seven
habits of highly effective people (Жоғары нәтижелі адамдардың
жеті әдеті) атты кітабында «әсер ету шеңбері» және «уайымдау
шеңбері» деген екі түсінік бар. Адамдарда көбіне уайымдау
шеңбері әсер ету шеңберіне қарағандай ауқымды болып
келеді. Алайда сіздің өміріңізге ешбір әсері болмаған әрі
сіздің де оған әсер етуіңіз мүмкін емес жайттар жайында
уайымдаудың, тіпті білудің не қажеті бар?
Өмір қазынасы өте аз. Маңызды істер өте көп. Бір-бірінің ішінде
орналасқан шеңберлер тәрізді әрбір адамның жүрегі мен асқазаны
шеңберінен, тәні мен үйі шеңберінен, аудан мен қала шеңберінен, отан мен
мемлекет шеңберінен және Жер шары мен адамзат шеңберінен бастап
күллі жаратылыс пен дүние шеңберіне дейін бір-бірінің ішінде орналасқан
шеңберлер бар. Әрбір шеңберде әр адамның белгілі бір жауапкершілігі болуы
мүмкін. Алайда ең кіші шеңберде ең үлкен әрі маңызды әрі үздіксіз
жалғасатын міндеті мен жауапкершілігі болады. Ал ең үлкен шеңберде ең
аз әрі уақытша әрі кейде ғана кездесетін міндеті болуы мүмкін. Осылайша
шеңбер үлкейген сайын керісінше міндеттер азая түседі. Алайда үлкен
шеңбердегі жайттардың адамды қызықтыруынан негізгі міндетін
ығыстырып қойып, пайдасыз, мағынасыз әрі қажетсіз істермен уақыт
өткізеді. Өмір деген құнды қазынасын босқа сарп етеді. Соншалықты
құнды өмірін құны көк тиын болатын нәрселерге жұмсайды.
Жоғарыдағы 
түсіндірмеде 
адамның 
өміріндегі 
істер
маңыздылығына қарай сараланып көрсетілген. Адам баласы
өзі үшін маңызды болған әрі тікелей міндеті мен
жауапкершілігіндегі істерді алғашқы кезекте орындап, соған
көбірек уақытын жұмсап, маңызы жоқтың қасы болатын
артық істерге қайран уақытын шығындамауы қажет.


Адам тіпті дүние тіршілігі үшін деп ғибадатқа уақыт таба
алмадым деген күннің өзінде көбіне өзіне қатысы жоқ артық
істермен айналысады. Ең қажетті істерін тастап, мың жылдап
өмір сүретіндей ешбір қажеті жоқ мәліметтерді білумен уақыт
өткізеді.
Танымал әртістің өмірінен хабардар болу мен шет елдегі
дауылдың қаншалықты шығынға ұшыратқанын білу сияқты
артық мәліметтерден бас тарту оңайға соқпаған кезде әлемде
мағлұматтардың аса үлкен жылдамдықпен артып жатқанын
және бәрін біліп үлгере алмайтыныңызды ескеріп, өзіңізді
жұбатыңыз.
Осы тақырыпта мына мысалды да ой саларлық көріп
отырмыз: бір еліне танымал дана кісі өз елінің әдеті бойынша
неке жүзігін оң қолына тағып жүріп, кенеттен сол қолына
тағуды 
бастайды. 
Оны 
көрген 
таныстары, 
сыйлайтын
адамдары мұның мәнісін сұраумен болады. Бір жолы
солардың біреуі бұл ісінің қандай да бір хикметі бар-жоғын
білгісі келгенде әлгі дана кісі «Адамдардың арасындағы бос
істермен айналысушыларды анықтағым келді» деп жауап
берген екен. Иә, расында да адамдардың осындай қажетсіз,
өзіне қатысы жоқ бос істермен шұғылданып уақыт кетіретін
кездері аз емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет