Тайм-менеджмент


Жалқаулық зынданына түсуіміздің себебі не?



Pdf көрінісі
бет38/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Жалқаулық зынданына түсуіміздің себебі не?
Адам өмірі іс-әрекеттен тұрады. Ынта-жігері мен талпынысы
– адамның сенімді көлігі. Бар талпынысымен ынталанып өмір
майданына шыққанда ең қауіпті дұшпаны үмітсіздік кесе-
көлденең алдынан шығады. Сөйтіп, оның күш-қуаты әлсірейді.
Алайда адам баласы үмітсіздің тек шайтан екенін біліп,
Алладан үміт үзбеу керектігін есінде ұстап, бұл жауға қарсы
тұра білуі қажет.
Одан кейін әділдіктің орнын оңай тартып алатын
мансапқорлық бас көтеріп, талпынысты тоқтатып тастайды. Ал
Алланың құлы болған адам баласы барлық ісін мансап-атақ
үшін емес, Ұлы Жаратушысы үшін атқаруы тиіс.
Содан соң асығыстық атты жау шығып, қаз-қатар
байланысып жатқан реттіліктен секіртіп, талпыныстың аяғын
тайдырады. Алайда асығыстықтың да шайтаннан екендігін
ұмытпай, сабырлы қалыптан таймай, іс-әрекетін байыпты
түрде әрі тұрақты орындауға тырысқан жөн болмақ.
Келесі кезекте өз құқын қорғайтын және басқалардың да
құқын сақтауға міндетті, жаратылысынан ибалы пенденің
арманын сан-саққа жүгіртіп басқалардан өзгешелену және
өзімшілдік сезімі қарсы шығады. Мұндай дұшпанға қарсы
адамдардың ең абзалының басқаларға ең көп жәрдемі тиетіні
екендігін біле отырып, қарақан бастың қамын ойлап
өзімшілдікке салынбай, айналасындағыларға көмек қолын
созған дұрыс екендігін алға тарту қажет.
Одан соң басқаның еріншектігі мен жалқаулығын пайдалану
әдеті шабуылға шығады. Алайда адам өз ісін атқаратын тұста


басқалардың жұмысын жасаған-жасамағанына қарамастан, тек
Аллаға тәуекел ете отырып, өз жауапкершілігіндегі істерді
барынша толыққанды орындауы тиіс.
Содан кейін әлсіздік пен өзіне сенімсіздіктен пайда болатын
және істі атқаруды бір-біріне сілтеу деп аталатын салғырттық
дұшпаны кезігеді. Бірақ мұсылман жан керісінше өзінің ісін
дұрыс атқарып, басқаларға сілтеп қоюдан аулақ болуы тиіс.
Себебі адам өзі тура жолда болса, адасқандар оған кесірін
тигізе алмақ емес.
Ендігі кезекте Алланың ісіне араласу дейтін дінсіз, имансыз
дұшпан шығып, талпынысты көр етеді. Мұндай дінсіздік пен
имансыздыққа қарсы тұру үшін Алла Тағала бұйырғандай тура
болып, Оған қарсы шықпау қажет болмақ.
Мұнан кейін бүкіл машақаттың қайнар көзі, күллі
азғындықтың 
ұясы 
рақатқұмарлық 
келеді. 
Адамның
талпынысын тұсаулап, пақырлық зынданына құлатады. Алайда
адам баласы керісінше рақатқа еңбек ету арқылы қол
жеткізілетінін ескеруі қажет. Себебі адамға өз еңбегінің ғана
қарымтасы беріледі. Адамның жан рақаты машақаттың ішінде.
Табиғаты тынымсыз адам баласының рақаты тек еңбек пен
бейнетте.

БОС УАҚЫТТЫ БОС ӨТКІЗБЕУ
Адам баласының немқұрайлылығы мен ұмытшақтығы себепті
көп жасайтын қателіктерінің бірі – уақытты ысырап ету. Өмір
– Алла Тағаланың әрбір жаратылыс иесіне тек бір рет
қолдану үшін ғана берген және белгілі бір уақытпен шектеген


өте құнды нығметі. Сондықтан уақытты оның құнына сай
амалдарға жұмсау шарт.
Технологияның өмірімізде ойып орын алған заманында бос
уақытымыздың артуы себепті Исламның бұл мәселедегі ақыл-
кеңестері мен бағыт-бағдарларының маңызы арта түскеніне
сенеміз. Жалған дүниенің ләззатына берілген адамзаттың жан
тыныштығынан айырылуы бос уақыттарын қалай өткізгеніне
байланысты туындап отырғанында дау жоқ. Себебі қолы бос
адам бірден өзіне пайдалы іс таба қоймаса, уайымға
салынып, күйзеліске ұшырайды және одан арылу үшін зиянды
істермен айналысып, ойып-сауыққа беріледі. Ойын-сауық
болса, адамды бірте-бірте азғындыққа жетелейді. Сондықтан
уайым-қайғы азғындыққа жол ашушы болып табылады. Олай
болса, дініміздің бұл мәселе төңірегінде де адамзатқа айтары
бар екендігі талассыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет