Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет35/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Ой шашыраңқылығы
Уақытты қажетсіз істерге жұмсаудан туындап, ары қарай
уақытты жоғалтуға алып келетін зиянды жайттардың бірі – ой
шашыраңқылығы.
Осы күні қайда қарасақ та мен мұндалап тұратын жарнама
тақталары, дүкен терезелері, ілінген суреттер, түрлі-түсті
кітапшалар, журналдар, теледидар, кинотеатр және интернет
беттеріндегі көріністерден және құлағымызды еріксіз жаулап
алған дауыстардан туындайтын ой шашыраңқылығы белең
алуда.
Мұның барлығы кейде өз еркімізбен, кейде еркімізден тыс
осындай жайттарға уақыт бөліп, көңіл қойып, мән беріп,
өмірімізден орын алуға рұқсат бергендігіміз үшін туындауда.
Асыл уақытымызды осындай қажетсіз әрі зиянды дүниелерге
сарп етуіміз мидың шаршауы, зейін шашыраңқылығы мен
ұмытшақтыққа алып келіп отыр.
Зейін адам баласының түсіну, қабылдау, үйрену, есте сақтау
және жаттау секілді қызметтеріне жауап береді. Ал зейін
шашыраңқылығы орын алатын болса, аталған қызметтер өз
қалпында дұрыс жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылады.
Солайша 
адамда 
ұмытшақтық, 
қалжырау 
және 
зейін
шоғырландыру қиыншылығы туындайды. Ой шашыраңқылығы
басқа ағзалардың да жұмысына кері әсерін тигізіп, есте
сақтау қабілетін баяулатып, жүйені толықтай істен шығаратын
компьютер вирусы іспетті әрекет етеді.
Адам теледидар көруге, радио тыңдауға, интернетке,
әлеуметтік желілерге, газет-журнал қарауға қажеттен тыс көп
уақытын жұмсайтын болса, тек уақытын ысырап етіп қана
қоймай, 
миын 
шаршатып, 
өзін 
ой 
мен 
зейін
шашыраңқылығына душар етеді. Ал мұндай жағдаймен бетпе-
бет келген қызметкер жұмысын атқару барысында, тәлімгер
болса білім алу жолында қажетті мәселелерге зейінін
шоғырландыруда көптеген келеңсіздікке тап болады. Солайша


ол адамның қанша тырысып баққанымен, ісін өнімді атқаруы
мен жаңа мәліметтер үйреніп пайдалы білім алуы өте қиынға
соғады әрі көп уақыт талап ететін болады.
Аталған жайтқа көз жеткізе түсу үшін қазіргі заманның
адамы мен өмірлері тарих сахнасында қалған бұрынғы өткен
кісілердің білім алу, есте сақтау және жұмыс атқару сапасын
салыстырып қарай аламыз. Өткеннің адамы күніміздегі
адамның жұмысы мен білім алуын жеңілдете алатын
технологиялар, заманауи жүйелер мен түрлі мүмкіндіктерге ие
болмай-ақ замандастарымызға қарағанда анағұрлым көп
жетістікке жете білген.
Мысалы, әлемге әйгілі тіл білгірі Джузеппе Гаспаро
Меццофанти 38 тіл және 50 диалектте мүдірмей сөйлейтін
болған.
Осындай 
ой 
шашыраңқылығынан 
ада 
болған
Пайғамбарымыздың 
сахабалары 
мен 
Ислам 
ғалымдары
мыңдаған хадистерді және Құранды жаттап, ұрпақтан ұрпаққа
жеткізе алған. Мысалы, Әбу Һурайра (р.а.) 5374 хадис,
Абдулла ибн Омар (р.а.) 2630 хадис және Әнәс ибн Мәлик
2286 хадис риуаят еткен. Мұның барлығы да – сау ақыл
мен дұрыс зейін қоя білудің, ой шашыраңқылығынан амал
болудың жемісі.
Ал бүгінгі күні үлкендер мен жастар ғана емес, бесіктен
белі шықпаған бүлдіршіндердің өзі компьютер және телефон
ойындары, теледидар мен интернетке шамадан тыс байланып
отырғаны үшін бір шумақ өлең жаттауы қиынға соғатын
болған. Балалардың жаңа технологияларды үлкендерден
жақсы меңгергеніне қуанып, алданып отыра бермей, оларға
зиянын тигізіп жатқан тұстарын анықтап, одан барынша
алшақтатып, тек пайдалы нәрселерді ғана бере білуіміз қажет.
Өткеннің адамының мұндай таңқаларлық жетістігінен үлгі
алып, «болмасаң да ұқсап бақ» деп біз де соған қарай бой
түзеуге тырысуымыз қажет. Ол үшін уақытымыз барында
миымызды шаршататын, санамызды жаулап алатын, жадымызды
толтыратын 
қажетсіз 
нәрселерге 
уақыт 
шығындамауды
үйренуіміз керек. Заманауи технологиялардың тек пайдалы


тұсын қолданып, зиянды жағынан барынша аулақ болғанымыз
жөн. Солайша маңызды істерімізге зейінімізді толықтай
шоғырландыруды үйреніп, жұмысымызды дұрыс орындап,
өнімділігімізді арттырып, қысқа уақытта да орасан зор
жетістіктерге жету мүмкіндігіне ие бола алмақпыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет