Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет52/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Айт күндері
Алла Тағаланың мұсылмандар үшін мейрам етіп берген екі
айт күндері бар. Бұл күндер – мейрам болумен қатар, ізгілік
пен сауапты амал жасауға арналған құнды уақыттар.
Алла Елшісі (с.а.с.) хадисте былай дейді: «Алла үшін
күндердің ішіндегі ең абзалы – Құрбан айттың бірінші және екінші
күні».
103
Сонымен қатар бұл айт күндерінің түнінің де қасиеттілігін
ерекшелеп атап өткен төмендегідей хадис бар:
«Бес 
түн 
бар. 
Ол 
түндердегі 
оқылған 
дұғалар 
кері
қайтарылмайды,
(яғни қабыл болады). Олар: ережептің алғашқы
жұма түні, шағбанның он бесінші түні, Жұма түні, Рамазан
айтының түні, Құрбан айтының түні».
104
Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Өйткені бұл
күндер – күнәлар кешірілетін, бірлік пен ынтымақтастық
сезімдері ұштасқан, қуаныш пен шаттық күндері.
Мухаррам айы және Ашура күні
Ислам күнтізбесі бойынша алғашқы ай – мухаррам айы.
Жаңа жыл осы аймен басталады. Мухаррам айы – Құран
Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Бір хадисте былай
делінеді: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – мухаррам айында
ұсталған ораза болып табылады».
105


Мухаррам айының оныншы күні – Ашура күні деп аталады.
Алла Тағала көп дұғаларды Ашура күні қабыл еткен. Әзірет
Адамның тәубесінің қабыл болуы, әзірет Нұхтың топаннан
құтылуы, әзірет Юнустың балықтың қарнынан шығуы, әзірет
Ибраһимнің отта жанбауы, әзірет Идристің тірідей көкке
көтерілуі, әзірет Яқубтың ұлы әзірет Юсуфқа қауышуы, әзірет
Юсуфтың құдықтан шығуы, әзірет Әйюбтың аурудан құтылуы,
әзірет Мұсаның қызыл теңізден өтуі, әзірет Исаның туылуы
және өлімнен құтылып тірідей көкке көтерілуі Ашура күні
болған.
106
Алла Елшісі (с.а.с.) осы Ашура күнінің ерекшелігін ескеріп,
ораза ұстауды әмір еткен. Және көп дұғалар қабыл болып,
күнәлар кешірілетін күн екендігін атап өткен.
107
Мәуліт
Адамзатты қараңғылықтан құтқару үшін жіберілген соңғы
пайғамбар – біздің Пайғамбарымыз әзірет Мұхаммед (с.а.с.)
571 жылы рәбиул-әууәл айының 12-түні туған. Бұл қасиетті
түн «Мәуліт түні» деп аталады. Мәуліт – «туылған уақыт»
дегенді білдіреді.
Ол дүниеге келген шақта жер-жаһанды надандық, зұлымдық
пен арсыздық жайлап, Аллаға деген сенім ұмытылып, адамзат
қорқыныш пен қараңғы түнекке қамалып, өмір сүре
алмайтындай дәрежеге түскен еді.
Пайғамбарымыздың дүниеге келуімен әлем нұрға бөленіп,
халықтың жүрегіне Аллаға деген сенім ұялады. Теңдік, әділет
және бауырмалдық пайда болды. Аллаға сенген халықтар
шын мәнінде қуанышқа кенеледі. Пайғамбар (с.а.с.) туған түн
– адамзаттың қараңғылықтан құтылуы үшін өте қайырлы әрі
берекелі бастама болды.
Пайғамбарымыздың 
туған 
күнінде 
айтылатын 
мәуліт
жырларын құрметпен тыңдау, оның қасиетіне, рухына салауат


айту – халқымыздың Пайғамбарға деген шексіз сүйіспеншілігі
мен терең құрметінің көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет