Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет68/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Түнде тұрудағы мақсат
Түнде ең алдымен құлшылық ету үшін тұру қажет. Яғни,
намаз бен Құран оқу үшін. Түнде тұруды араб тілінде
«қиямул-ләйл» тіркесімен атайды. «Қиям» сөзі Құранда кейбір
жерде намазды білдіру үшін қолданылған.
145 
Олай болса,
мағынасы түнгі намаз дегенге саяды.
Алайда бұл сөзде тек қана ғибадат мағынасымен шектеуге
де болмайды. Мына төмендегі аятта сәжде мен қиям бірге
айтылады:
«Сондай-ақ, олар түннің бір бөлігін Раббыларына
сәжде етумен әрі қиямда тік тұрып өткізетін
жандар»
.
146 
Мұндағы «сәжде» сөзі намазды білдірсе, «қиям»
сөзі «ояу болу» сияқты одан басқа да мағынаға келетінін
айтқан ғалымдар бар. Олай болса, түнде тұрған адам намаз
бен Құран оқумен қатар ғылыми зерттеулермен де айналыса
алады. Бұхари осы мәселеге дәлел болатын риуаяттарды
жинақтап, түнде іліммен айналысу тақырыбына екі бөлім
арнаған.
147
Әзірет Омардан (р.а.) келген бір риуаяттан оның түнде
іліммен шұғылдануды намазға теңестіріп, оған көп көңіл
бөлгендігін көреміз.
148
Бірқатар ғалымдар бұл риуаяттан «Ілім алу үшін түнде ояу
болу нәпіл намаз оқу үшін оянғанмен тең бола алады» деген
үкім шығарған.
149


Тек Алла Елшісі (с.а.с.) мен оның асхабы ғана емес,
артынан қалдырған еңбектері арқылы тарихта аттары мәңгі
қалған белді Ислам ғалымдары түндерін үшке бөлген:
Демалыс,
Ғибадат,
Ілім алу.
Ілім алу бөліміне көбірек уақыт бөлген бұл ұстанымды
түсіндіру үшін белгілі хадис ғалымы табиғин Мухаммед ибн
Шихабиз-Зухри жайында айта кетуге болады. Ол күнделікті
ұстазынан жаңадан үйренген мәліметтерді кейінге қалдырмай
есте сақтап қалу үшін қалайда сол түні қайталап шығатын
болған. Бұл әрекеті жаңадан алған білімін барынша дұрыс әрі
толық үйреніп алуына септігін тигізетін.
Әз-Зухри (124/741 ж.қ.б.) күндіз ұстазынан жаңадан естіген
хадистерін түнде үйіне барғанда әйеліне айтып беріп,
қайталайтын. Бір күні үйіне әдеттегіден кеш оралғандықтан,
әйелі ұйықтап қалған болады. Сонда да әйелін оятып: «Маған
пәленше риуаят етті, оған түгенше риуаят еткен, ал оның
Пайғамбардан естуі бойынша былай деген» деп хадисті енді
жатқа айта бастағанында көзін әрең ашып, уқалап отырған
әйелі «Бұл риуаяттан маған не пайда?» деп наразылығын
білдіреді. Сонда Әз-Зухри былай деп жауап берді: «Білемін,
бұл сенің қажетіңе жарай қоймас, алайда бұл хадисті бүгін
бірінші рет естідім, біреуге айтып беріп, қайталауым қажет».
150
Ілім алу уақытын түннің соңғы бөлігіне, яғни сәресі
уақытына сәйкестендіру кеңес етіледі. Себебі былай делінген:
«Түннің соңғы бөлігінде адамның ұйқысы ашылады. Себебі ол
уақыт – міндеттер мен жақсылықтардың бөлінетін уақыты. Бір
топтың нәсібі аз, бір топтікі көп болады, ал бір топ тіптен
мақұрым қалады».
151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет