Тайм-менеджмент


Демалыс пен тынығуға қажеттілік



Pdf көрінісі
бет70/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Демалыс пен тынығуға қажеттілік
Алдымен дініміздің мереке мен демалыс түсінігі қате
ұғынылмауы үшін Исламда адамның шаршайтындығын ескеріп,
тынығуға қажеттілігін қабылдайтынын айта кету қажет. Алла
Елшісі (с.а.с.) «Жүректі ара-арасында тынықтырып тұрыңдар»
157
деген болатын.
Бір мәртесінде саңлақ сахабалардан Ханзала мен Әбу Бәкір
(р.а.) Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Ханзала
мұнафық болды. Сенің жаныңда сезінгенімді сырт жүргенде
сезе алмаймын, дүниелік істерге араласқанда сенің қасыңдағы
толайым күшті сақтап қала алмаймын», – деп өкінішпен мұңын
шағады. «Бірде бұлай, бірде олай... – деп, пендеге тән
құбылма мінезге түсіністікпен қараған Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сөзін жалғап былай дейді: – Егер үнемі менің жанымдағыдай
және ғибадат үстіндегідей қалыптарыңды сақтай алсаңдар,


періштелер жолдарыңа қанаттарын төсеп, тіпті сендермен қол
алысып амандасар еді».
158
Бұл хадис адам баласының пайдалы іс болған күннің өзінде,
ешқашан бір жұмыспен үздіксіз айналыса алмайтындығын,
қалайда шаршап-шалдығатындығын ескертіп отыр. Әзірет
Әлидің де «Жүректеріңді демалдырыңдар, ол да тәндерің
секілді шаршайды»
159 
дегені бар.
Жан тыныштығына арналған уақыт
Мүлгіген тыныштықта жалғыз өзіңіз өткізетін уақыт сіздің
өміріңізде маңызды орын алады. Бұл ерекше кезеңді рухани
дамуға, Жаратқан мен жаратылыс жайлы ой жүгіртуге арнау
қажет. Мұндай кезеңдердің тұрақты түрде өміріңізде орын
алуының көмегімен сіз өз өміріңізді түбегейлі өзгерте аласыз.
Қай заманда болмасын, адам баласының ең үлкен мұраты
жан тыныштығына қол жеткізу болатын. Барлық діндердің
басты мақсаты адамдарға жол көрсету арқылы рухани
тыныштық пен бақыттың шыңына шығуға жағдай жасауға
келіп тіреледі. Дәл сол секілді саф алтындай таза болған ата
дініміз де адам рухының осы қажеттілігіне баса мән береді.
Тіпті құлшылықтар соған негізделген десе де болады.
Құлшылық ету арқылы Алламен оңаша қалып, оған жақындай
түсіп, рух өз қалауына жетіп, жүрек орнығып, көңіл жай
тауып, жан тынышталмақ.
Пайғамбарымыздың тек қана Алламен байланысқа арнаған
уақыты болатын. Пайғамбарлыққа дейін де Хира үңгіріне
барып, оңашаланып, Жаратқанмен байланыс құратын болған.
Пайғамбарлықтан кейін өзіне міндет болған түнгі ғибадат
уақытында барлығы ұйқыда болған мүлгіген тыныштық кезеңде


Алла 
Тағалаға 
құлшылығын 
жасап, 
дұғасын 
айтып
жалбарынып, байланыстың жібін мықтай түскен.
Тақуа әрі ғалым әйелдерден болған Рабия Адауия түнгі
құлшылыққа тұрып, Жаратқанға былай деп тіл қататын:
«Барлық жан баласы өзінің сүйіктісінің жанында тәтті ұйқыда
жатыр. Ал мен өзімнің сүйіктім болған Саған келдім, Сенімен
оңаша болуды қаладым». Осылайша Алламен байланысқа
уақытын арнап, жан тыныштығына кенелетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет