Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет21/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

Интермəтінділік тақырыбы – бір мəтіннің өзге мəтінге 
енгізілуі, мəтіндердің кірігуі соңғы кездегі мəдениеттанулық 
ізденістерде көптеп айтылып жүр. Интермəтінділік құбылысы 
бүкіл мəдениетті қамтиды. Мəтін – қашанда басқа мəтіндер 
пермутациясы, интермəтінділік. Қандай да болмасын мəтін өзге 
мəтіндерден өндіріледі əрі өзге мəтіндерге қатысты өндіріледі. 
Бұл ұғымды постмодернизмнің орталық ұғымы ретінде əдеби 
мəтінді М. Бахтиннің ықпалымен полифониялық құрылым 
ретінде қарастырған Ю. Кристева енгізгендігін алдында айтып 
өттік.
Ю. Кристева үшін интермəтін дегеніміз мəтіндер мен 
таңбалардың өзгеріске түскен нұсқасы. Интермəтінділік мəтін 
шекарасын жаңаша пайымдауға жол ашады. Интермəтінділіктің 
негізгі қасиеті – ішкі əртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы. 


47 
Мəтіннің қайнар көздері тек мəтіннен бұрын ғана емес, одан 
кейін де тірлік етеді. Бұл тұрғыда кез келген мəтін өзге мəтіндер 
кеңестігінде жанданып, қосымша мағынаға ие болады деген сөз. 
Ал мəтінді интермəтінділік деп түсіну мəтінді белгілі бір қоғам 
жəне тарих шеңберінде түсіну деген сөз. Интермəтінділік 
концепциясының мəні мынада: əрбір жазып отырған адам үнемі 
бөтен контекстер ықпалында болады (əлеуметтік, ғылыми, 
тұрмыстық, саяси, əдеби жəне т.т.), сөйтіп, оның мəтіні автор 
қаласын-қаламасын көптеген дискурстар қиылысқан тұсқа 
айналады. 
Ю. Кристева интермəтіннің пайда болуын "оқу-хат" деп 
атайды. Өйткені интермəтін өзге дискурстарды оқу барысында 
пайда болады. Сондықтан "əрбір сөз (мəтін) оның ар жағында, 
ең кем дегенде, тағы бір сөз (мəтін) оқылатындай қиылысу 
нүктесінде орналасады" (Кристева Ю. Исследования по 
семанализу// Избранные труды: Разрушение поэтики. М., 2004. 
289-290 бб.). Мəтін қашанда, Ж. Деррида айтпақшы, "басқа 
мəтін үстіне жазылғандай", көне терминді пайдалансақ, 
палимпсест сынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет