48
Мұнда біз ХІХ ғасыр басындағы ғашықтық лирикасының
интимді-патетикалық дискурсының ХХ ғасыр соңындағы пост-
модернистік ирониялық-"атрагикалық" дискурспен кездесуін
көреміз. Үйреншікті, жастайыңнан жаттап алған өлең жолдары-
ның бірінің сол дағдылы күйінде қалып, ал келесісінің мүлдем
басқаша түрөзгеріске ұшырауы бастапқыда идентификациялық
конфуз тудырғанымен, соңыра жаңа мағыналы мəтін ретінде
қабыл алынары сөзсіз.
Келтірілген өлең жолдары нағыз профанациялау поэтикасы –
киелі сөзді "періште, ғашықтық" пафосын салтанатты патетика-
лық тілден қарабайыр күнделікті адам тіліне аудару. Солай
жасап отырған И. Бродский кезінде ақынды тіл құралымен
салыстырған. Əлгіде сөз болған тілге, мəтінге, интермəтінділік-
ке қатысты айтылған ойлардың постмодернистік философияның
шоқтығы биік тұсы деуге болады.
К. Леви-Стростың пікірінше, мəдениет дегеніміз айрықша
коммуникативтік код немесе күрделі құрылымды "мəтін". Мəтін
өзінің байланыстарымен, түрөзгерістерімен, “ойынымен” мəде-
ниет моделін жасайды. Ол өз бойына бəрін сіңіретін мəдениет-
тің айнасы əрі қылжақбасы, пародиясы жəне беделін түсірушісі,
сөйте тұра, ол алдындағы мағыналар құраған қиял-елестерден
ажыратушы да. Бір сөзбен айтқанда, Хайдеггердің дефистік хат
тəсілінің əлеуеттілігін пайдаланар болсақ,
мəдениет дегеніміз
Достарыңызбен бөлісу: