Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет19/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

қа жақындау жолы болып табылатындығы белгілі. Олар 
қашанда салыстырмалы дүниелер. Олар шындықты категория-
лық торға түсіруге тырысатындай болып көрінеді маған. Сол 
сияқты, философияның болсын, мəдениеттанудың болсын лин-
гвистиканың ғылыми əдістемесін өз мəселесін шешу барысында 
пайдалануы шындықтың тағы бір қырына жақындау барысында 


43 
зор рөл атқарады. Көтерілген бір мəселе төңірегінде алуан түрлі 
ой толғаныстар, дəлелді тұжырымдар шығатындығы белгілі. 
Соның дəлелі ретінде Ф. де Соссюрдың концепциясының лин-
гвистикадағы маңыздылығына нұқсан келтірмейтін, бірақ оның 
кейбір тұстарын сынға алатын ізденістер жетіп артыларлық. Ол 
туралы осының алдында да бірер сөз айтылған еді. 
Ксенофонт герменейя – тілдік қабілет – құдай сыйы деп айт-
қан екен. Қазірде сол түбірден тараған герменевтика – сөзге 
қатысы бар ғылыми пəндердің барлығына ортақ тəсілдеме. Ол 
басқа тəсілдемелерді жоққа шығармайды, бірақ, əсіресе, жоғары 
материялар туралы толғанған философия үшін, мəдениеттану 
үшін таптырмас түсіну жолы. Сөйлесу құдіреті бізге туа беріл-
ген, біз бірдеңелерді дыбыстап айта аламыз. Дегенмен, тіл 
құдіреті туа берілмеген. Тіл өзін ойлауға ашты, сөйтіп ойлаудың 
өзін өзгертті. Əйтпесе тілді ойлау өзінің көмекші құралы ғана 
деп түсініп келді емес пе? Ойлауға ашылған тіл бізді біраз 
трансценденталды ой кезулерден кейін өзіміздің бастапқы мəні-
мізге, өзіміздің "болмыс үйіне" (Хайдеггер), өз "босағамызға", өз 
"болмысымызға" қайтарды. 
Структурализм идеяларының қарқынды дамуы барысында 
постструктуралистік деп аталатын көршілес көзқарастар пайда 
бола бастады. Бірақ постструктурализмнің дүниеге келуі струк-
турализмді жоққа шығарды деуге тағы да болмайды. Өзінің аты 
айтып тұрғандай-ақ, постструктурализм біртұтас жүйе ретінде 
структурализмнің орнын басты, сөйтіп, оның дүниетанымдық 
көзқарастарының бір тобын жалғастырды. Постструктурализмді 
структурализмнің заңды жалғасы, трансформацияланған түрі 
деуге толық негіз бар. Постструктурализм өкілдеріне Ж. 
Деррида, М. Фуко, Р. Барт, Ж. Делез, Ф. Гваттари, Ю. Кристева-
ларды жатқызамыз. 
Постструктурализм өкілдері структурализм идеяларын жəне 
белгіге қатысты дəстүрлі концепцияны сынға алады. Логика мен 
математикалық формулаларға, түсіндірмелік кестелер мен 
таблицаларға көп қызығушылық танытатын структурализммен 
салыстырғанда, постструктурализм қатаң ғылымилықтан ат-
тонын ала қашып, батыстық логоцентристік дəстүрді сынайды. 


44 
Логоцентристік дəстүр деп постструктуралистер не нəрседен 
болмасын бастапқы себепті, қатал тəртіптілік пен мағына 
іздеушілікті түсінеді. Постструктурализм мен постмодернизмнің 
ара жігін ажырату қиынның қиыны. Постмодернді күй, жағдай 
ретінде алар болсақ, онда арнайы бағыт ретінде қалыптасқан 
постструктуралистер постмодерн күйіне ұшыраған еді дерміз. 
Постструктурализм философиясы негізінде концептуализа-
цияланған жаңа дəуір адамының ерен өмірлік сезімі, дүниеге 
деген көзқарасын білдіретін бағыт атауы – постмодернизм 
терминінің тарихы ұзақ. Ол сөз тұңғыш рет 1914 ж. Рудольф 
Панвицтің “Еуропалық мəдениет дағдарысы” деген кітабында 
пайдаланылады. Постмодернизм ұғымына жалпылама, уақыттан 
тысқары түсініктеме беретін болсақ, онда, Умберто Эко айтпақ-
шы, "əр мəдени кезеңнің өз постмодерні бар", демек, ол мəдени 
кезеңдердің түбегейлі өзгеріске ұшырауының қай-қайсысын 
болмасын атайтын көрінеді. Ал дəл мағынасында, ол – модерн-
нен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. “Қазіргі заман” 
ұғымының нақты бір анықтамасы жоқ. Жаңа дəуір рациона-
лизмі, Ағартушылық дəуірінің ағымы, сондай-ақ, ХІХ ғ. екінші 
жартысы, ХХ ғ. басындағы авангард та қазіргі заман ретінде 
қаралуы мүмкін. Сол себепті, осы дəуірден кейінгінің бəрін 
постмодернизм деп атайды. 
Постмодернизм термині 1914 жылдан бастап қолданысқа 
енгенімен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 60-70-ші жыл-
дардан басталады. 1979 жылдан бастап, Ж.-Ф. Лиотардың 
“Постмодерн күйі” деген еңбегінен кейін постмодерн филосо-
фиялық категория мəртебесіне көтерілді. Қарап отырсақ, 
постмодерн қазіргі дəуірдің менталдық ерекшелігін бекіткен 
өзіндік категория болып шықты. Философиялық шығармалар 
тұрғысынан анықталған постмодернистік мəтінтудырушылар 
классиктеріне Р. Барт, М. Бланшо, Ж. Бодрийяр, Дж. Виттимо, 
П. Вирилио, Ж. Делез, Фр. Джеймсон, Ф. Гваттари, Ю. Кристева 
жəне т.б. жатқызамыз. 
Философияда постмодернизм онтология мүмкіндіктерінің 
сарқылғандығын түсіну ретінде қалыптасады. Ал мəдениеттану-
да постмодернистік эстетиканың принциптері – лабиринт пен 


45 
ризома принциптерінің жемісі болып табылады. Постмодернизм 
Батыста индустриалдық қоғамның орнына келген, жаңа 
постиндустриалдық қоғамның серігіне, соның идеологиясына 
айналды деу ақиқат. 
Постмодернистік теория түсінігінде "мəтіннен тысқары 
ештеңе жоқ" (Ж. Деррида) бұл əлемде адамның өзі туралы жəне 
айнала қоршаған ортасы – əлем туралы білімі толығымен тілде 
шоғырланған. Ендеше, "Мəдениет мəтіні" (Ю. Лотман), "Өмір 
мəтіні" (Р. Барт) деуге де толық қақымыз бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет