50
Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Мəтін дегеніміз не? Оның атқаратын қызметтері қандай?
2. Интермəтін дегенімізді қалай түсіндіресің?
3. Дискурс ұғымын енгізген кім?
4. Дискурстық талдау дегенді қалай түсінесіз?
5. Семиология нені зерттейді?
6. Семиотика ғылымына анықтама бер жəне оның негізін қалаушылар
жайында тоқталып өт.
Реферат тақырыптары:
1. Ақпарат жəне оның мəдениетте алатын орны.
2. Ақпараттық үдеріс принципіндегі мəдени-əлеуметтік динамика.
3. Мəдениет ақпараттық жүйе ретінде: семиотика жəне семиология.
4. Мəдениеттегі интермəтінділік мəселесі
3.3 Ақпараттық қоғам жəне оның
қалыптасу кезеңдері
Əлемде ақпаратқа негізделген технологиялық революция,
төңкеріліс туралы алғаш пайда бола бастаған хабарламалар
Д.Белл, Ж.-Ж. Серван-Шрайбер, Т.Умесао, Ф. Махлуптардың
1960 жылдардағы зерттеулерінде кезігеді . Ф.Махлуп «ақпарат-
тық қоғам» терминін ғылыми қолданысқа енгізген ғалым.
«Ақпараттық революция» терминінің авторларының бірі болып
табылатын осы саладағы ірі маман Д.Белл: «40-шы жылдардан
бастап ақпараттық теория, кибернетика, шешім қабылдау
теориясы, ойын теориясы, стохакстикалық процесстер теория-
сымен байланысты ғылыми білімнің жаңа салалары қарқынды
дамыды» деген болатын.
1981 жылы көпшілікке арналған тұңғыш компьютер жасап
шығарылғалы бері ғылыми-техникалық революция ақпараттық-
технологиялық революция санатына өтті. Соның нəтижесінде
51
ақпарат қоғамдық дамудың маңызды қор көзіне айналды.
Ақпарат енді мұнай, газ, көмір жəне тағы да басқа дəстүрлі қор
көздерінің қатарына кіреді. «Кез келген басқа революциялардан
біздің қазіргі басымыздан өткеріп отырған трансформация-
ларымыздың орталық ядросы ақпаратты өңдеу жəне коммуника-
ция технологияларымен тығыз байланысты. Осы аталған рево-
люция үшін ақпараттық технология индустриалды қоғам үшін
қуаттың жаңа көздері қандай маңызды болса дəл сондай
маңыздылыққа ие.» (М. Кастельс. Информационная эпоха. М.,
2000. 50-51 бб.).
Ақпараттық қоғамға қатысты Ж.-Ж. Серван-Шрайбердің
«Американдық талап» деген 1967 жылы Парижде жарық көрген
кітабында келтірілген мына жолдарға назар аударалық. Оның
айтуы бойынша, бұдан былайғы жерде ел мен елдің арасындағы
айырмашылық оның табиғат байлығына, оның индустриясына
тікелей тəуелді болмайды, оның адами қор көзіне тəуелді
болады. «Ақыл-ойдың қиялдау, ішкі түйсік, шығармашылық
идеялар сынды қасиеттері ЭЕМ (электронды есептеуші машина-
ларға) тəн жады мен есеп-қисапқа деген артық қабілетпен
қосыла отырып, өзіне керемет əріптес табады. Осы əріптестік
интеллектің бұрындары болмаған даму дəрежесіне жеткізіп,
бұған дейін көрмеген өзіндік əлемді жасақтайды» (Ж.-Ж.
Серван-Шрайбер. Американский вызов. М., 1970. 112-113 бб.).
Сол кездің өзінде-ақ кітап авторы көрегенділікпен бұл
əлемде енді ешбір мемлекет, тіпті, АҚШ-тың өзі де толықтай
тəуелсізбін дей алмайды деген екен. Тұтынушылар дəуірінен
соң ақпараттық қоғам келеді деген негізгі қорытындыны да Ж.-
Ж. Серван-Шрайбер сол кезде айтқан көрінеді. Осы тақырыпқа
арналған ізденістер ХХ ғасырдың 80-ші жылдары көптеп жарық
көргендігі белгілі. Оған А. Тоффлердің «Үшінші толқынын», У.
Драйзардтың «Ақпараттық қоғам беталысы», Т. Стоуньердың
«Ақпараттық байлық: постиндустриалдық экономиканың
мамандану саласы», Д. Беллдың «Ақпараттық қоғамның əлеу-
меттік шектері» деген жəне тағы да басқа кітаптарды жатқызуға
болады.
52
Осы соңғы келтірілген Д.Беллдың кітабында алдағы онжыл-
дықтарда экономикалық жəне əлеуметтік өмір үшін телекомму-
никацияға негізделген жаңа əлеуметтік тəртіп маңызды болады
деп көрсетілген. Ол жаңа ақпараттық қоғамның 3 негізгі қырын
ашып көрсетті. Біріншіден, индустриалды тұтыну қоғамы
қызмет көрсету қоғамына, «сервистік қоғамға» айналады.
Екіншіден, технологиялық инновацияларға қол жеткізу үшін
«кодқа айналдырылған теориялық білімнің» маңызы артады.
Үшіншіден, «санаткерлік технологиясы» жүйелік талдау мен
шешім қабылдау теориясының орталық діңгегіне айналады.
Сонымен, білім негізгі өндіруші күшке айналған шақ та келіп
жетті. Ақпарат пен теориялық білім постиндустриалдық қоғам-
ның стратегиялық қоры. Олар адамзат тарихының түбегейлі
өзгерістеріне бастайтын жол болуы мүмкін. Зерттеушілердің
айтуы бойынша, қазіргі уақытта жаһандық ақпараттық қоғам-
ның қалыптасу кезеңі жүзеге асып отыр. Мысалы, қазіргі
заманның саясаты қара күшпен емес, «білекті бірді жығады,
білімді мыңды жығады» демекші, ғылым-білімнің, ақпараттық
технологиялардың жөнімен жүретін кез. Интерненттің пайда
болуы қай салада болсын: ақпарат таратуға келсек те, қарым-
қатынас мəселесіне келсек те, жарнама ісіне келсек те, банк
қызметіне жəне т.б. бұрын естімеген мүмкіндіктер ала келді.
«Ақпарат кімнің қолында болса билік те соның қолында»
деген ести-ести жауыр болып кеткен сөз тіркесі де алдыңғы
айтылғандардан туатын қорытынды. Қазіргі шетелдік ақпарат
жүйесінде бұқаралық ақпарат құралдары биліктің қайнар көзі
ретінде қарастырылады. Француз зерттеушісі Жозе Фрэштің
айтуы бойынша, оның пəрменділігі өзінің əсер етуі жағынан
ядролық қарудан асып түспесе, кем түспейтін көрінеді. Шын
мəнінде осындай ақпараттық «соғыс» қазір де жүріп жатыр. Ол
космостық телевизия байланыстары, спутниктік жүйелер көмегі-
мен жүргізіліп, хабарлары радио-теледидар бағдарламалары
арқылы таратылады.
Қазіргі заманда БАҚ өте маңызды рөл атқаруда, өйткені
бүгінде адам БАҚ-тан тек ақпарат (жаңалықтар ретін) алып қана
қоймайды, сонымен қатар, одан мінез-құлықтық стереотиптерін
53
де, құндылықтарды да, идеалдарды да жəне т.б. өз бойына
дарытады десек қателеспейміз. «Ақпараттық қоғамда», бейнелеп
айтқанда, ақпарат құралдары өнеркəсіптің бір саласы іспетті.
Себебі, қалың көпшілікті идеологиялық «өңдеуден» өткізу үшін
шығарылатын ақпараттық өнім негізінен өнеркəсіпке тəн
əдіспен дайындалады. Бүгінгі таңда ақпараттардың таралуы
дүниетанымның қалыптасуына əсер етуші факторлардың
арасында алдыңғы қатарға шықты.
Ақпарат «көпқабатты» субстанция. Ақпаратты қабылдаған
əр қолданушы артында көптеген кодтар бар. Демек, алынған
ақпаратты сол кодтардың əрқайсысында əртүрлі тану, көру
мүмкіндігі бар деген сөз. Ол да бір компьютерде шрифтардың
сəйкес келмеуіне байланысты жіберілген мəтіннің түсініксіз
айдақ-сайдаққа айналғандығы да əлде бір мəтіннің түрлі шрифте
түрліше кескінделетіні де бір. Кез келген əлеуметтік «жалпы-
ақпараттық кеңістік (алаңқай)» өзін əу бастан жанама мағына-
лармен толықтырып отыратын əмбебап «гипермəтінді» біл-
діреді. Бұл еш күмəнсіз ақиқат нəрсе.
«Жалпыақпараттық алаңқай» өзгеше «виртуалды қауымдас-
тыққа» немесе «виртуалəлеуметке» қызмет етеді. Онда əрине
шын адамдар тұрмайды. Онда адамдардың виртуалды көлеңке-
лері жүр деп бейнелі түсіндірсе де болады. Онда əлдекімдер
əлдеқашан өтіп кеткен жастық шағын сағына іздейді («Одно-
классники.ру»), енді бірі басқаларға өз əлемін таныстырғысы
келеді («Мой мир»), əлдебіреу ертеңгіні аңсайды, əлдекім
əділеттілік пен ақиқатты іздейді жəне т.с.с.
Бүгінгі «виртуалды əлеуметте» көзге бірден түсетін ең ірі үш
«виртуалтоптар» бар: «жүйенің əкімшілері» («сисадмин»),
«алдыңғы қатарлы қолданушылар» («көзі ашық юзерлер») жəне
«шайнектер». «Əкімшілер» мен «көзі ашық юзерлерге» дəл
қазіргі сəтте «өмір сүру үшін» қажетті «виртуалкеңістіктен»
қажетті нəрселердің бəрін оңай аулап алуына болады. Сол
себептен де оларды «виртуалбеделділер» деп атауға болады.
«Шайнектерге» қатысты айтар болсақ «шайнектерге» қашанда
қиын болатындығы белгілі.
54
«Ақпарат» ұғымын ХХ ғасырдың ортасынан бастап мазасыз
Клод Шеннон таза техникалық мағынасында өзінің байланыс
(кодтарды тасымалдау) теориясы шеңберінде оңды-солды
пайдалана бастағаннан біраз кейін Норберт Винер əріптесінің
тапқан терминін табиғаттың, адам мен қоғамның бар екендігін
анықтайтын іргелі ұғым ретінде түсіндіреді. Онда табиғаттағы
мақсатқа бағытталғандық, мүдделілік тұрғысынан алғандағы
ақпарат өркениеттің мағыналық мəнін анықтайды. Ең маңызды
орынға ғалым басқаруды қояды, ал «басқарушылық əсері», оның
ойынша, толығымен ақпаратты алу жəне оны сараптау сапасына
байланысты.
Кейіннен Рон Хаббард басқару-манипуляциялаудың мынадай
бір ұстанымын шығарды: «Шындық дегеніміз заттардың көзге
көрінетін реті. Шындық – көрінетіннің түпмəні. Шындықпен
əлдене жасау үшін сол көрінетіннің негізінде не жататынын
анықтау қажет»...
Достарыңызбен бөлісу: |