Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз
байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке
тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында
жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие —
имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
Эстетика терминінің бертін
келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем
дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың
өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген
құбылыстарын сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында
белгілі бір кеңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну,
елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек еткен. Әрі сол
күйлердің әлемге деген таза танымдық қатынастан өзінің сезімдік тебіреніс сипатымен
ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-толқулар неліктен
пайда болады деген сұраққа
жауап іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан.
Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық",
"мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" және "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер
қалыптасады. Эстетикалық ойдың даму тарихына философиялық ғылымдардың пайда
болған жері Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік
мәдениеттің құрамдас бөлігі. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі - оның
космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдіктің адамзат әлемінен
орын алғандығы туралы баяндайтын көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше,
ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық,
үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен, яғни әз қолынан жасап
шығарған заттардан да табуға тырысады. Адамның өнері макроғарыштың, үлкен ғарышқа
ұқсап бағуынан, еліктеуінен, яғни мимезистен (грек тілінде "мимесші - "еліктеу") туады.
Осылайша грек ойшылдарының көбі өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған. Грек
эстетикасын грек мәдениетінің архаикалық немесе гомерлік (Гомердің "Илиада",
"Одиссеясы" дүниеге келген уакыт) кезеңінен басталады. Антикалык эстетиканың
орталық категориясының бірі "гармония" ұғымы Гомердің "Одиссеясында" өзінің
бастапқы нақты заттық мағынасында беріледі. Онда "гармония" деп қайық жасалған ағаш
кесінділерін біріктіруші қыстырғышты, шегені айтатын болған. Ал "Илиадада" "гармония"
қосымша
мағынаға ие болып, адамдар арасындағы келісім, тыныштык, бейбітшілікті
білдіретін болған. Осылай бастапқыда тікелей әлеуметтік өмірдің ортасынан алынған сөз
бірте-бірте философиялық, эстетикалық категория деңгейіне дейін көтерілген.
Эстетикалық категория тұрғысындағы "гармония" ұғымын тұңғыш Пифагор мен оның
мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан сан тікелей
гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері ілімінде әсіресе музыка
өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімділікті танытады.
Өнер адамзат өмірқамының ертедегі формаларының бірі болып табылады. Өнер
еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары
тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.
Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең
және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында
өнер адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада
өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып табылады.
Әсіресе осы мағынасында
ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминінен
аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да
білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын
барлық нәрселер «poiesisia» - адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған
табиғи салаға – «physis’y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі
формалардағы көркем
шығармашылық нәтижелері, үдерістері (бейнелеу өнері, музыка,
поэзия және т.б ) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып
табылады және біз де оны осы мәнде қарастыра отырып, философия мен өнер арасындағы
ұштастықтар мен айырмашылықтарды көрсетеміз.
Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субьекттің рухани күш-жігерін пайдалану
негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеберлігін игеру нәтижесінде де
құралады. Халық күйі – философиясы терең, мәдени танымы жоғары музыкалық
шығарма. «Қазақ халқында жүйеленген философия жоқ, Оның философиясы жай
қарапайым философия дәстүрінде» -деп филосов Кішібеков Досмұхамед айтқандай, күй
өнері оның саз сырыны ырғағының дамуымен үндескен қарапайым философиялық таным.
Бұл
философиялық таным, саздың мәнін ашатын мына құралдарымен, атап айтқанда үн
жүйесімен, саздық сарын және ырғақпен қағыстағы ерекшелікпен, орындаудың
экспрессиялылығынмен тығыз байланысады.
Өнер
адамзат
өмірқамының
ең
ертедегі
формаларының
бірі
болып
табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді.
Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет
түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып
алу қажет. Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі
мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында
өнер адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада
өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана болып табылады. Әсіресе осы мағынасында
ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство» деген терминінен
аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да
білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын
барлық нәрселер «poiesisia»- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған
табиғи салаға – « physis’y» қарсы қойылады. Өзінің тар мағынасында өнер әр түрлі
формалардағы көркем шығармашылық нәтижелері , үдерістері (бейнелеу өнері, музыка,
поэзия және т.б ) болып табылады. Дәл осы мағынасы қазіргі әлемде негізгі болып
табылады және біз де оны осы мәнде қарастыра отырып, философия мен өнер арасындағы
ұштастықтар мен айырмашылықтарды көрсетемін.
Достарыңызбен бөлісу: