Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет13/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Самойлович А.Н. К истории литературного среднеазиатского турецкого языка 
//Мир-Али-Шир. Сборник к 500-летию со дня рождения. - Л., 1928. - С. 21. 
33
Мусабаев Г. Об изучении истории казахского языка... // Вестник АН КазССР. 
- 1951. - № 9. - С. 82. 
34
Кеңесбаев I. Абай – основоположник казахского литературного языка // 
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - 124-б. 


33
біріне ресми түрде жазысқан әр алуан қағаздарының (про-
шение, донесение, письмо, уведомление т.т.) тілін де кейбір 
зерттеушілер не жазба әдеби тіл үлгісі деп немесе соның бір 
стилі деп табады. Сөйтіп, бұл екі-үш мәселенің басын ашып 
алуға тура келеді. Ең алдымен, таза шағатай тілінде жазылған 
әдебиет өткен ғасырда, қазақ даласында да таралғанын, оны 
мұсылманша сауаты барлардың түсініп пайдалана алғандығын 
мойындай отырып, бірақ бұл тіл дәл біз әңгіме етіп отырған ке-
зенде қаз-қалпында тұрып, қазақ жазба әдеби тілінің қызметін 
де толық атқарды деп тануға, біздіңше, болмайтын тәрізді. Сөз 
жоқ, бұл жазба әдеби тіл өзінің бастапқы дәуірлерінде (XV-
XVI ғасырларда) жеке этникалық единица (халық) ретінде 
құрала бастаған көптеген түркі халықтарына, оның ішінде 
қазақ халқына да тән болғанын жоққа шығаруға болмай-
ды. Бірақ кейінгі ғасырларда сан түрлі тарихи факторларға 
орай, жазба әдеби тіл кейбір түркі халықтарында үзілмей да-
мып, тіпті, көркем әдебиетке ықпалын тигізіп, қызмет сфе-
расын кеңейткен де, енді біреулерінде, оның ішінде қазақ 
өмірінде, хат-хабар, кеңсе қағаздарының мүддесін өтейтін 
тар аяда қалып қойғанға ұқсайды. Қазақша көркем әдебиет 
тілі әуел бастан-ақ бұл жазба әдеби тілден бөлек дамыған да, 
ғасыр өткен сайын қазақ халқының ұлттық белгілерін айы-
рып көрсете түсетін сипатта болған. Қазақ қоғамы дамуының 
әртүрлі жағдайларына байланысты кейінгі ғасырларда әдеби 
тіліміздің көркем әдебиеттен өзге стильдері, әсіресе, публици-
стика, ғылыми баяндау тәрізді прозалық стильдері дамымағаны 
көрінеді. Көркем әдебиеттің өзі негізінен ауызша таралу, 
ауызша сақталу сипатында өрбігендіктен, қазақ өміріндегі 
жазба әдеби тіл мен көркем әдеби тіл бірі стандартталып, 
нормаларын сақтап, екіншісі ғасыр өткен сайын халықтың 
ауызекі сөйлеу тілі нормаларына қарай икемделіп, өзгеріп, 
екеуі екі бөлек тармақтар сипатына ие болғаны байқалады. 
Жазба әдеби тіл – хат жазу (күні кешеге дейін қазақ тілінде 
жеке адамдарға жазылатын хаттардың «қадірлі уа құрметті, 
өзгеден артық көруші пәленшеге түгеншеден дұғай сәлем» 
деген сияқты штамп кіріспеден басталғандығы бәрімізге аян), 


34
билеуші органдардың ресми документтері (хаттар, арыздар, 
мәлімдемелер, бұйрық-жарлықтар т.т.) тәрізді жазу үлгілеріне 
қызмет ететін прозалық-эпистолярлық стиль болып кеткен де, 
көркем әдебиет – халықтық әдеби тіл стилін танытатын 
тармаққа айналған. Ал XIX ғасырдың орта тұсынан бастап, 
тағы да қазақ қоғамының тарихи даму факторларына байланы-
сты жазба әдеби тіл мұқтаждығы күшейеді. Ол тілді екі жер-
ден іздеу керек болады: не бұрыннан қолданылып келе жатқан, 
бірақ қазақ мәдениетінде қызмет сферасы бұ кезде тарылған 
ортаазиялық жазба әдеби тілді пайдаланып, соны жандандыру 
немесе жаңа жазба әдеби тілдің іргетасын қалау.
«Тіл құрылысы» (языковое строительство) деп аталатын 
іс-әрекетке әлеуметтік күштердің саналы түрде араласуы тек 
кеңес тұсында ғана болғандығы тағы мәлім. Сондықтан XIX 
ғасырдағы қазақ қоғамы жазба әдеби тіл формасын қазіргідей 
тәртіппен келісе отырып іздеп тауып, қолайлысын ресми түрде 
қабылдау сияқты актілерді жүргізе алмаған. Сол себептен 
стихиялы түрде түркі халықтарына ортақ болып келе жатқан 
бұрынғы жазу дәстүрін көркем әдебиеттің тек эпистолярлық 
жанрында емес, өзге жанрларда да пайдалану әрекеті ба-
сталады. Бірақ бұл пайдалану деген сөзді қолдану деп, яғни 
«ортаазиялық жазба әдеби нормаларын бұлжытпай түгелімен 
қолдану» деп түсінуге болмайды. Зерттеуші Ә.Құрышжанов 
атап көрсеткендей, шағатай тілі, яғни ортаазиялық түркі жазба 
тілі мен қазақ даласында қолданылған кітаби тіл деген – бір 
категория емес
35
. Қазақ жазуы шағатай тілін өзінше «сынды-
рып» пайдаланды. Сондықтан шағатай тілінің лексикалық, 
грамматикалық нормалары бір үлгілерде мол, екіншілерінде 
аз немесе біреулерінде лексикалық белгілері басым, енді 
біреулерінде грамматикалық сипаты да едәуір білінген болып 
келеді. Мысалы, ресми документтерде лексика жағынан да, 
грамматика жағынан да ескі жазба әдеби тіл дәстүрі қатаңырақ 
сақталған. Сондықтан бұларда қазақтың халық тіліне жат 
араб- парсы сөздерімен қатар өзге түркі (огуз) тілдік сөздер де, 
35


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет