Магауин М. М. Казахские акыны и жырау XV-XVIII вв. - Автореф. канд. дисс.
- Алма-Ата, 1966.
23
Аристов Н.А. XIX ғасырдың аяқ кезінде қазақтар арасында хатқа түсірілген
өлең, аңыз әңгіме, эпостық жырлардың бар екенін айтады // Живая старина. - 1894.
- Вып. III-IV. - 394-б.
24
Мағауин М. Әдебиетіміздің тарихы әріде жатыр // Жұлдыз. - 1966. - № 1.
26
Мұны: «Шалкиіз өзінің әміршісі – Ноғай ордасының князі
Темір биге ашуланып айтқаны еді», – дейді. Осы тексті (азын-
аулақ өзгерісі бар) өзінің хрестоматиясына Ыбырай да кіргізеді.
Ол бұл өлеңді: «бір ханға бір бидің жамандардан қорлық
көргенде айтқан сөзі», – дейді («Киргизская хрестоматия».
- 1879. - 70-б.). Осы тексті (тағы да азын-аулақ өзгерісімен)
Т.Кәкішев «Махамбеттің жаңа жолдары» деп «Қазақ әдебиеті»
газетінің 1956 жылғы 46-нөмірінде жариялады. Бұл тексті
ол «Жаңа мектеп» журналының 1927 жылғы 7-8-нөмірінен
алыпты. Мұнда Махамбет бұл сөздерді ашуланып Жәңгір
ханға айтқан болып шығады. Біз текстология жайындағы бір
мақаламызда ішіндегі Еділ, құба тал (Жағасына біткен құба
тал – ал жоғары екеуінде қыршын біткен тал) деген жеке
сөздеріне, өлең ұйқастыру тәсіліне, метрикалық ерекшелігіне
және Тәңірден, Құдайдан көру сияқты тұжырымына қарап
(Махамбеттің өзге өлеңдеріндегі: «Тәңірім білер жігіттер, Ажа-
лымыз қайдан-ды», «Таңдансақ тағы болар ма, Тәңірдің салған
бұл іске», «Аман барда хан шаппай, Тәңірі қылды не амал
бар?» дегендерге назар аударып), бұл шумақ Махамбеттікі бо-
лып қалар деп шамалағанбыз
25
.
Сөйтіп, бұл текст кімдікі, тіпті қай ғасырдікі? Тілі жағынан,
әрине, бертінгі, XIX ғасырдікі деуге болады, бірақ XV-XVI
ғасырдан бізге ауызша жеткен өзге текстердің тілдік белгілері
сақталған ба? Жоқ. Рас, XV-XVIII ғасыр ақын-жырауларының
аузынан шыққан деген текстердің ішінде бір алуан бейтаныс
сөздер бар, бұлар «көненің көзі», ілініп жүрген реликтілер
(қалдықтар) болуы да әбден ықтимал, мүмкін, тіпті кейде осы
сақталып қалған бірер көне сөзіне, тұлғасына қарап та текстің
көнелігін, ертеректегі қазақ әдеби тілі үлгісіне жататындығын
дәлелдеуге болар.
Дәл осы жерде, осы сәтте бізге ең қажеті – XV ғасырдан бері
келе жатқан қазақ әдебиетінің текстері емес, сол әдебиеттің
болған фактісі мен тілінің негізінен халықтық сөйлеу тілі
болғанын білуіміз, яғни бізге қажеті – Абайдың алдында неше
ғасыр бойы қазақтың тума әдебиетінің халықтық тіл негізінде
өмір сүріп, дамып келгендігі. Бұл – Абайдың тіл тандауында
шешуші рөл атқарған күштің бірі.
25
Сыздықова Р. Текстология мәселелері // Жұлдыз. - 1965. - № 5.
27
Бұл әдебиеттің тілін біз «Абай, Ыбырайға дейінгі қазақ
әдеби тілі» деп атадық. Әдеби деп атауға толық правомыз бар,
өйткені бұл – барлық саласында да белгілі бір нормалары бар,
ол нормалары көпке ортақ, дұрыс деп танылған, үлгілі тіл.
Әрберден соң, әдеби тіл дегенді қазіргі білім дәрежемізден та-
нитын анықтама
26
тұрғысынан алсақ та, қазақтың ертеректен
келе жатқан, Абай, Ыбырайға дейінгі және олармен тұстас
көркем поэзия тілін (жеке ақын-жыраулар творчествосының
тілін) нағыз әдеби тіл категориясына әбден жатқызуға бола-
ды. Мұнда көркемдеу тәсілдерінің едәуір дәстүрлілігін бы-
лай қойғанда, лексика-фразеология саласындағы тұрақты
нормаларды, грамматикалық тұлға-тәсілдердің басты-басты-
ларының стандартталып, біркелкі жүйеге түскенін көреміз.
Фонетикалық құрылымы жағынан да өткендегі қазақ әдеби
тілінде алшақтықтардан гөрі, бірдейлік басым, демек,
жалпыға тәнділік сипаты күшті. Бұл жақтарынан алғанда,
бұл тіл тек әдеби емес, тіпті жазба әдеби тіл категориясына
да едәуір жуықтайды. Бірақ біз басы ертеректен (біздіңше,
XVIII ғасырдан да көпбұрын) басталған қазақтың жеке ақын-
жыраулары творчествосының тіліне шын мәніндегі «жазба
әдеби тіл»деген терминді тели алмадық, өйткені осы күнгі та-
нылып жүрген ұғым бойынша, жазба әдеби тіл болу үшін жазу
дәстүрі, жазуы болуы қажет (О.Ахманова сөздігінің 532-бетін
қараңыз). Ал бұл әдебиет негізінен жазу арқылы емес, ауыз-
ша таралып, ауызша формада қызмет еткені мәлім. Дегенмен
біз бұл әдеби тілде жазба әдеби тіл элементтері басым дегенді
баса көрсетеміз. Өйткені жазба әдеби тілдің белгісі тек жазба
түрінде қызмет ететіндігі емес, оның жоғарыдағыдай норма-
лану, тұрақталу, стандартталу, көпшілікке ортақтану белгілері
де жазба әдеби тілге тән болуы. Жазу – осы белгілерді дүниеге
келтіретін, жүзеге асыратын құрал (форма). Ал ертедегі қазақ
әдеби тілінің бұл белгілерді орнықтырған құралы формальдық
жағынан өзгелеу болды: бұл мұралар кітап болып таралмады,
ауызша «басылып» таралды, әрбір таратушыны (жырлаушы-
26
Язык литературный (язык стандартный) – образцовый, нормализованный
язык, нормы которого воспринимаются как правильные и общеобязательные и
который противопоставляется диалектам и просторечию ( Аханова О.С. Словарь
лингвистических терминов. - М., 1966. - С.532).
28
ны) осы күнгі магнитофон лентасына ұқсатсақ та болар ма еді
(кім біледі, келешекте әдеби мұралар кітап (жазу) арқылы емес,
ленталар арқылы да таралып, өмір сүруі мүмкін). Демек, жазу
– әдебиетті сақтап, таратудың сыртқы формасы. Ал ішкі мәні
– әдебилігі, көпке ортақтығы, нормалылығы – қалай тараса да
(кітап арқылы, ауызша немесе лента арқылы), табылатын бол-
са, ол тіл – әдеби тіл. Және Абайға дейінгі қазақ әдеби тілінің
жазба деген лауазымға «құрық сала алатын», біздіңше, тағы
бір себебі бар, ол – қолжазба түрінде (бізге олар жетпесе де)
таралу белгісі. Бұл фактінің қазақ қоғамында, әсіресе, соңғы
ғасырларда бар болғандығына ден қоюымыз қажет.
Қазақ ақындары шығармаларының өткенде (тіпті үстіміздегі
ғасырдың 20-жылдарына шейін) қолжазба түрде таралуы жай-
ында түбегейлі әңгіме болмай келеді. Оған басты себептердің
бірі – сол қолжазбалардың өздерінің көп сақталмауы. Бір
жағынан, қағаз жинауға машықтанбай, салақтық жасап жойып
жібергендіктерінен, екінші жағынан, қолжазбаларды сақтап,
жинап отыратын мәдениет орталықтарының (кітапхана, ар-
хив т.б.) болмағандығынан, қазір біздің қолымызда өткен
ғасырларда жазылған қолжазба дәптерлер көп емес. Деген-
мен олардың бар екенін Мәшһүр Жүсіп дәптерлері (бірақ
елге тарату мақсатымен емес, жинау мақсатымен жазылған),
Мүрсейіт, Жандыбаев, Оразке дәптерлері (бұлар бертінде,
үстіміздегі ғасырда жазылған), сондай-ақ Қазақ ССР Ғылым
академиясы Орталық кітапханасында жиналған бірқатар
дәптерлер дәлелдейді. Ал әдеби тіліміздің тарихын зерттеу
үшін мұндай дәптерлердің құны орасан зор болмақ. Сондықтан
қазақ ақындары мұраларының өткен ғасырда жазылған
қолжазбаларын (мейлі автограф болсын, мейлі өзгелер жазған
болсын) жинап, зерттеу объектісіне айналдыру мәселесі кезек-
те тұр деп санаймыз.
Сөйтіп, өткенде, әсіресе, XIX ғасырдың соңғы ширегінде
жеке ақындар үлгілерін қолжазба арқылы тарату дәстүрі
болғаны хақ. Ақан серінің «Азғантай мен жазайын ақыл
Достарыңызбен бөлісу: |