Малов С.К. К истории казахского языка // Известия АН СССР. - 1941. - № 3.
- С. 99-100.
38
Мұсабаев Ғ. Об изучении истории казахского языка... // Вестник АН КазССР. -
1951. - № 9. - С. 83-84; Аманжолов С.А. Қазақтың әдеби тілі. - Алматы, 1949. - 211-б.:
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1962. - 175-б.
39
Құрышжанов Ө. «Кітаби тіл» материалдарынан // Қазақ тілінің тарихы мен
диалектологиясының мәселелері. - Алматы, 1960. - 2-шығ. - 73-б.
37
тіліндегі» кітаптары бұзылған, шұбарланған жаргон болып,
«Салсал», «Кербаланың шөлінде», «Сейітбаттал» т.б. касталық
(діни) әдеби стиль т.б. болып көрінеді. Біздіңше, шындығында
да солай тануымыз керек. «Кітаби тілде жазылды» де-
ген үлгілердің, біріншіден, бәрі бірдей құбыжық еместігін,
екіншіден, бұлардың ішінде іске татымайтын не әдеби, не
тілдік құны жоқ, тілі жаргондық сипаттан аса алмағандарының
да бар екендігін мойындасақ керек. Ал бұлардың дәл
қайсылары қай топқа жататынын осы үлгілердің бәрінің
тіліне жан-жақты лингвистикалық талдау жасап барып айы-
рып, орындарын көрсету – келешектегі міндеттеріміздің бірі.
Бірақ ХІХ ғасырдың II жартысында қазақ мәдени дүниесінде
өмір сүрген кітаби тілдік үлгілердің қайсысын қандай сипатта
(әдеби ме, жаргон ба); қандай дәрежеде (жеке тілдік пе, әлде
оның бір стилі ме?), қандай құрамда (қай жанрларға жатады?)
екендіктерін әзірге жете айырып тани алмасақ та, бізге қазір
екі нәрсе даусыз аян: бірі – қазақ мәдени дүниесінде осы кітаби
тілге жататын жазу нұсқаларының болған фактісі, екінші –
осы нұсқаларды біріктіретін, бір-біріне жақындастыратын
белгілердің болу фактісі. Ол белгілер қандай? Біздіңше, мы-
надай:
1) лексикалық белгісі, яғни кітаби тілдік үлгілердің құ-
рамында қазақ тіліндегілерге қарағанда, араб-парсы сөздері
сан жағынан әлдеқайда көп болып келуі және халық тіліне ен-
беген бейтаныс шығыс сөздерінің болуы.
Бұл сөздер тематикалық сипаты жағынан діни лексика
да, діни емес те болып келеді, бірақ кітаби тілде жазылған
қазақша шығармалардың көпшілігінің діни мазмұнына лайық,
араб-парсылық сөз қабаты да, көбінесе, дінге қатыстылардан
тұрады. Осы салада бір алуан абстракт ұғым атаулары да
шығыс сөздері арқылы берілгені байқалады. Араб- парсы
сөздерінен басқа огуз тілдеріне тән және татар тіліне жата-
тын жеке сөздердің ұшырасуы жазылған үлгінің кітаби тілдік
сипатын танытатын белгінің бірі болады (осы тұрғыдан
жоғарыдағы С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев және басқалары
көрсеткен татарша нұсқаларды да кітаби тілдік жазбалар то-
бына қосып жіберіп жүрміз).
38
2) Грамматикалық белгісі. Оған қазақтың жалпы халықтың
тіліне тән емес кейбір морфологиялық тұлғалардың актив
қолданылуы жатады. Мысалы, өткен шақ есімшенің анық-
тауыштық қызметте көбінесе -мыш жұрнағы арқылы жаса-
луы, етістіктің III жағының - дүр формантын, көпшелікте -лар
жалғауын тіркеуі; бірлән, уа, һәм тәрізді өзге тілдік шылау-
лардың қолданылуы; кейде (өте сирек) құрмалас сөйлемнің ки
(кім) конструкциялы болып келуі т.б.
3) Орфографиялық белгісі. Бұл – қазақ сөздерінің сингар-
мониялық заңға байланысты фонетикалық вариантгарын
ескермей, жалғау-жұрнақтарды бір-ақ вариантта жазу (ат-
лар, қазлар, балалар, атны, қазны, баланы, атлық, қазлық,
балалықт.т.); сөз басындағы ж-ның орнына й жазу (йас, йах-
шы, иігірма); сөз ортасына ғ әрпін қосып жазу (йігірма,
ұғлы, ұруғы – руы т.т.), араб-парсы сөздерін оригиналдағыша
жазу. Соңғының салдарынан қазақ тіліне еніп, бұрыннан
«қазақыланып» кеткен кейбір сөздерді қайтадан «арабылан-
дырып», «парсыландырып» жазу дәстүрі пайда бола бастаған:
Достарыңызбен бөлісу: |