Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет11/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

дәптер» (Ақан, 272) дегеніне және басқаларының да (Дулат, 
Шортанбай, Майлы) өлеңді айтып шығардым демей, жаздым 
деп келетіндігіне қарағанда, бұлар шығармаларын дәптерге 


29
түсіріп, тіпті одан басқалары көшіріп, «ақыл дәптер» жасап 
таратқанға ұқсайды. Абай тарихын жете білген М.Әуезовтің 
жазғандарына қарағанда, ақын шығармалары да, әсіресе, «Қара 
сөздері» қолжазба түрінде кең таралған. Мысалы, Абайдың 
қызы болып, баурында өскен немересі – Уасиланың Абай ту-
ралы естелігінен мынадай қызық фактіні оқимыз: «Әлі есімде, 
бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Әдеттегідей 
бәріміз орындарымыздан тұрдық. Әкем айнала қарады да: 
«Отырыңдар!» – деді. Біз отырып жайласқан соң, молдаға 
қарап: «Балаларға мына бір кітапты әкелдім, осыны көшіріп 
көбейтіп, бала басына бір-бірден таратып бер. Бүгіннен ба-
стап осы кітапты қоса оқыт!»– деді. Біз қуанып кеттік. Әкем 
үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас жағын 
оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи 
бастадық... Кейіннен байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» 
атты қара сөзбен жазылған кітабы екен. Біздің молдадан бұл 
кітапты естіген басқа молдалар да келіп көшіртіп алып, өз 
шәкірттеріне оқытып жүрді»
27
.
Әсіресе, XIX ғасырдың II жартысында өмір сүрген ақын- 
дардың өз тұсында баспа бетін көрмеген ұзақ-ұзақ шығар-
маларының бізге түгел жетуі, сөз жоқ, жазу арқылы болды. Ол 
жазу, әрине, тек қолжазба түрінде болғаны даусыз. Тіпті өздері 
жазып шығармай, импровизациямен ауызша туғандар да кейін 
жазылып алынып, кейбіреулері сол арқылы баспаға берілгені 
белгілі. Мысалы, атақты Біржан мен Сараның айтысы – о баста, 
ауызша қолма-қол туған дүниелер. XIX ғасырда жарық көрген 
бұл асыл мұра әуелі қолжазба түрінде ел ішіне тараған. Сол 
сияқты кең байтақ қазақ даласының қиыр батысын мекенде-
ген Шернияз өлеңдерінің Шығыс аудандарға, Жетісуға мәлім 
болғандығына қарағанда, тек ауызша жатталып таралуы аздық 
ететін сияқты, әр өлкеге көптеп болмаса да, бір-екі қолжазба 
келіп, содан қалың елге ауызша тарап кетуі әбден қисынды.
Бұл да жазба әдеби тілдің дәл өзі демегенмен, оның 
элементі бар деп айтуға мүмкіндік беретін тәрізді. Сөйтіп, 
өзге түркі халықтарына (өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, татар т.б.) 
27
Абай туралы есте қалғандар. Қолжазба. Қазақ ССР Ғылым академиясының 
Орталық кітапханасының қолжазбалар қоры.


30
қарағанда, қазақтың әдеби тілі о бастан көркем поэзия сала-
сына қызмет етіп, жалпыхалықтық қазақ тілі негізінде дамып 
келіп, жазба әдеби тілдің жаңа этапын бастаған Абай, Ыбырай 
тілдеріне ұласқан. Ол жол-жолай ортаазиялық әдеби тілмен 
де («түркімен» немесе «шағатаймен»), ауызекі сөйлеу тілімен 
де тағдырлас, замандас, үзеңгілес болып отырғанымен, өз ше-
карасын айқындап жеке дамыған. Сөз жоқ, үзеңгілестерінің 
ықпал-әсерін де алып отырған, әсіресе, халық ауыз әдебиеті 
тілін қайнар бұлағы, үлгі алар «ағасы» ретінде тұтқан, бірақ 
өз «паспортын» сақтаған. Сондықтан қазір «тарихи қазақ 
әдебиеті» немесе «авторы мәлім қазақ әдебиеті» я болмаса 
«Абайға дейінгі қазақ әдебиеті» деп жеке атау алып, оның тілі 
де ауызекі сөйлеу тіліне де, «кітаби тілге де», фольклор тіліне 
де, қазіргі жазба әдеби тіліне де жатқызылмай, өз алдына сөз 
болып келеді.
Міне, Абай тірек еткен, иек артқан, барын дамытып, жоғын 
толықтырған қазақ әдеби тілінің сыр-сипаты, атақ-лауазымы 
осындай болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет