Р. Сыздык 1-том indd


Кітаби тілдік (шағатайша) морфологиялық тәсілдер



Pdf көрінісі
бет138/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Кітаби тілдік (шағатайша) морфологиялық тәсілдер
Абайдың, негізінен, прозасының тілінде оның өлеңдерінде 
қолданылмаған, тегі, сол кездегі қазақтың жалпыхалықтық 
тіліне тән емес, өзге түркі тілдеріне жататын бірнеше морфо- 
логиялық тұлға-тәсілдерді кездестіреміз. Олар: есімше туды-
ратын -мыш жұрнағы, кәмілдікті білдіретін дүр форманты, 
етістіктің III жақ көпше түріне -лар жалғауының қосылуы 
(бардылар) және III жақ бұйрық рай тұлғасының үшін шылау-
ымен тіркесі (барсын үшін).
Оғыз тілдерінде өткен шақтың бір түрін жасайтын verbum 
ретіндегі -мыш аффиксті тұлға
220 
өткен ғасырдағы кейбір 
қазақша прозалық нұсқаларда (баспасөзде, Абайдың «Қара 
сөздерінде» және кітаби тілде жазылған үлгілерде) ара-тұра 
infinitum (есімше, етістіктен болған есім) ретінде жұмсалған. 
Онда да етістіктің тура түбір тұлғасына емес, тек -ыл жұрнақты 
ырықсыз етіс тұлғасына тіркелген түрінде ұшырасады
(айтылмыш, жазылмыш, көрсетілміш т.б.) да көбінесе айық- 
тауыш болып келеді (оғыз тілдеріндегідей жіктелмейді). 
Бұл тұлға Абайда негізінен 38-сөзінде айтылмыш, жазыл- 
мыш түрлерінде бірнеше реттен ұшырайды: «Бұл айтыл-
мыш үш хисләттің иелерінің алды – пайғамбарлар» (II, 202); 
«Бұл сөзіме ғақлия дәлелім – жоғарыдағы жазылмыш Алла 
тағаланың есімдері» (II, 199). Бұл тұлғаны қазақтың ауыз 
әдебиеті үлгілерінен де (тіпті олардың қара сөзбен берілген 
бөліктерінен де), Алтынсарин шығармаларынан да, орыс 
ғалымдары мен ағартушылары жинаған немесе өздері құрас- 
220
Дмитриев Н. К. К вопросу о значении основной глагольной формы на «мыш». - 
ЭКВ - Т. 2. - Вып. 1. - 1926. - С. 91; Кононов А.Н. Турецкая глагольная форма на «мыш» 
// Ученые записки ЛГУ. - Серия филологическая. - 1939. - № 20. - С. 34.


284
тырған (Васильевтердің текстері) материалдардан да таба ал-
маймыз. Керісінше, «Дала уалаяты газеті» әсіресе өзінің «Рес-
ми бөлімінде» кейбір ырықсыз етістерге -мыш жұрнағын 
жалғауға бейім тұрады: Жаңадан шығарылмыш газет шығып 
тұрады жұма сайын бір мәртебе... ұлықтар өздеріне тапсырыл-
мыш уалаятының хал-ахуалын анық біліп... (1889. № 1). Сол 
айтылмыш жобалары төменде мағлұм етіледүр (1893. №15) т.б.
Өткен ғасырдағы қазақ баспасөзінің ресми бөлімінде және 
ішінара Абай прозасында қолданылған -мыш аффиксті тұлға 
кітаби тілден («шағатай» тілінен) ауысқан. Ал «шағатай» 
тілінде бұл форма көбінесе verbum infinitum(есімше) ретінде 
қолданылған
221
.
Өзге де кітаби тіл элементтері сияқты, -мыш аффиксті 
тұлғаны да Абай өлеңдерінде және «Қара сөздерінің» көпші- 
лігінде мүлде қолданбай, негізінен, бір-ақ шығармасында 
(38-сөзінде) стильдік мақсатпен пайдаланған.
Талдап өткен тұлғаға қарағанда, дүр формантының қазақ 
тіліндегі мән-жайы сәл өзгешелеу. Бұл тұлғаның көне заман-
дарда қазақ тілінде де қолданылып, реликт ретінде кейбір 
ескі үлгілерде сақталып қалғанын зерттеушілер көрсеткен 
болатын. Біздіңше, бұл қалдық екі ситуацияда көрінеді: бірі 
– етістікке (оның -а, -е, -й жұрнақты көсемше тұлғасына) 
жалғанып, бастауыш пен баяндауышты қиыстыратын III жақ 
көрсеткіші ретінде. Мысалы: «Бұл Тарғын қамалға кірген 
соң, Ақшаханның әскерлері мұның Тарғын екенін білмесе 
де, айтадүр біздің ноғайымыздың бір батыры ғой деп» («Ер 
Тарғын», 1898). «Куәлікке жүредүрміз» (халық әдебиетінен).
Абайда дүр формантының етістікпен келгені Алла туралы 
өлеңдерінің бірінде, бір-ақ жерде:
Ақыл мен хауас барлығын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет