болыстылар»
223
; «һәр ауылдан ірімшік, құрт алып екеуі де
ақырындап жолға түстілер» (1883, № 11).
Бұл тәсілді қазақ текстерін жариялаған орыс ғалымдары
да ара-тұра хатқа түсіріп отырған: «Сондықтан қасындағы үш
жолдасы ...[Тарғынды] алдарына өңгеріп, екі айда Ханзада
ханға алып келділер» (Радлов. Образцы... III, 134); «Балалар
айрылып екі бұрышқа отырдылар» (Алекторов. Киргизская
хрестоматия, 34). Бұл – Я.Лютш текстерінде де бар. Тіпті ол
ауыз әдебиеті нұсқаларының проза бөліктеріне де еніп кеткен:
«Әлқисса, сонда Алпамыс батыр көп шаһарды, қалмақларны
қырып, көңілдері тынып, қалмақдарның белі сынып, хүкіміне
көніп тұрдылар» («Қисса Алпамыш», 1901).
Етістіктің III жағының көпше түрін морфологиялық көр-
сеткішпен беру – біз әңгіме етіп отырған кезеңде (және одан
көп бұрын да) қазақтың жалпыхалықтық тіліне тән емес. Оған
ауыз әдебиеті үлгілері мен жеке ақындар шығармаларының
тілі куә. Дегенмен XIX ғасырдың II жартысында (тіпті XX
ғасырдың басында) етістікке көпше -лар жалғануы едәуір
етек алғанын байқаймыз. Оның себебін біз мына жайттар-
дан іздейміз: біріншіден, XIX ғасырдың II жартысы мен
XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақтың жазба
әдеби тілінде, әсіресе оның прозалық стильдерінде етістіктің
III жақтағы көпше мағынасын белгілі бір морфологиялық
формамен білдіру тенденциясы болған. Бірде бұған ортақ
етіс тұлғасын ұсынса, бірде өзге түркі тілдеріндік тәсіл -лар
аффиксін жалғауды қол көреді. Тіпті бұл тенденцияның
күштілігі сондай, осы кезде шыққан грамматикаларда бұл
норма ретінде ұсынылады. Мысалы, Ильминскийде бұйрық
райдың жіктелу үлгісі: II жақта жаз, жазыңыз, жазыңдар,
III жақта жазсын, жазсыңдар. Ашық райда етістіктің жіктелу
үлгісі: жазып отырмын, жазып отырсың, жазып отыр; жа-
зып отырмыз, жазып отырсыз, жазып отырлар
224
.
223
Бұл жерде көптік мағына екі көрсеткішпен қатар берілген: бірі – ортақ етіс
жұрнағы, екіншісі –-лар жұрнағы.
224
Ильминский Н. И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861.
- С. 34.
288
М. Терентьевте:
Жазады – пишет,
жазалар – пишут.
Отыр – сидит, отырлар – сидят,
Жазды – написал,
жаздылар – написали,
Жазар – жазарлар,
жазса – жазсалар
225
.
1898 жылғы грамматикада да алсындар, келсіндер
226
де-
ген үлгілерді көреміз. Тек П.М.Мелиоранский ғана етістіктің
жіктелу үлгілерін III жақта -лар жалғауынсыз береді
227
. Соңғы
автордан өзгелерінің бұл мәселеде қателескені сөзсіз. Сірә,
бұларға сол кезде грамматикалық құрылысы едәуір толық,
жақсы баяндалып қалған өзге түркі тілдері (шағатай, түрік,
татар т.б.) туралы жазылған материалдар әсер еткен болу ке-
рек. Онан соң Терентьев, Старчевский сияқты авторлар көп
жайларда өздеріне дейінгі материалдарды ешбір түзеусіз
қайталап пайдаланып отырған. Бұл фактінің де салқыны тигені
байқалады. Сөйтіп, етістіктің III жағына -лар жалғануы –
қазақ тілі үшін кірме құбылыс, ол, бір жағынан, кітаби тілдің
әсерімен, екінші жағынан, грамматиканы суреттеген орыс
ғалымдарының жаңылысуынан, үшінші жағынан, мүмкін,
татар әдеби тілінің (әсіресе Орынбор, Қазандарда басылған
кітаптарда) де ықпалынан пайда болған болу керек.
Сөйтіп, қазақтың жалпыхалықтық тіліне норма емес бұл
грамматикалық тәсілді Абай 38-сөз тәрізді өзгеше стильде
жазылған шығармасында болмаса, тұтас тілінде қолданбаған.
Бұл Ыбырай текстерінде мүлде кездеспейді.
Абай прозасының текстерінде бұдан басқа өзге түркі тіл-
дік тағы бір тәсіл кездеседі. Ол III жақтың бұйрық рай
тұлғасының үшін шылауымен тіркесі: «...Ол көз нәзіктігінен
керегіне қарай ашып, жауып тұру үшін қабақ беріпті» (II, 182);
«...Бұларының бәрі жұрт болсын, өссін, өнсін үшін» (II, 182)...
Бұл тәсіл бір ғана шығармасында, 27-сөзінде келеді.
III жақтың бұйрық рай тұлғасының үшін шылауымен
тіркесі – қазіргі өзбек тілінде мақсат мағынасын білдіретін
225
Терентьев М. Грамматика турецкая... - СПб., 1875. - Кн. 1. - С. 146-147.
226
Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис. - Оренбург,
1898. - С.124.
227
Мелиоранский П. М. Краткая грамматика қазақ-киргизского языка. - СПб., 1894.
- Ч. 1. - С. 51-52.
289
өнімді тәсіл
228
. Бұл тәсіл ішінара түрік тілінде де
229
, қарақалпақ
тілінде де бар
230
. Қазақ тілі үшін мүлде жат бұл тіркес Абай
тіліне шағатай әдебиетінің әсерінен енген болу керек. Сірә,
27-сөз шағатай әдебиетінен аударма болуы да мүмкін, туы-
стас тілдегі тексті аудару немесе қазақша баяндау үстінде
оригиналдағы ұқсас тәсілдер еріксіз тілге оралып, қолданылып
кетуі де ықтимал. Сөйтіп, Абай тіліне, қазақтың жаңа жазба
әдеби тіліне ортаазиялық түркі әдеби тілінің (шағатай тілінің)
грамматика саласындағы ықпал-әсеріне келсек, талдаулары-
мызды былайша қорытындылауға болады:
Абай тілінде шағатай тілдік морфологиялық кейбір көр-
сеткіштердің бары хақ, бірақ олардың қолданылуында белгілі
бір принципті мотив бар. Бұл жерде біз Абайдың 13-19 жаста-
рында шағатайшылап жазған үш өлеңінде («Иузи – рәушан,
көзі – гәуһар», «Фзули, Шәмси, Сәйхали», «Әлиф дек ай йузіңе
ғибрат еттім») кездесетін шағатайша тұлғаларды талдамадық,
өйткені бұлар – балаң ақынның нағыз шағатайша жазған (не-
месе жазбақ болған) шығармалары, демек, тіл жағынан бұл
үш өлең Абайдың өзге шығармаларынан, тіпті 13, 38-сөз
тәрізді прозалық дүниелерінен де оқшау тұрады. Олардағы
шағатайша жеке сөздер мен грамматикалық тұлға-тәсілдер
қазақша жазған Абай тілінің сипаттамасына кіре алмайды.
Сондықтан бұлардағы қазақша -дай орнына -дек жұрнағы
жұмсалуын (әліфдек ай йузі – әліптей ай жүзі; лағилдек бет
– лағылдай бет), барыс септіктің -ға жалғауының орнына -а
көрсеткішінің келуін (гузәлләра раһбар – гузәлләрге раһбар
– сұлуларға жолбасшы), оғузша септелген есімдіктерді
(сәңә – саған) т.б. Абайдың қазақша тіліндегі шағатай эле-
менттері дегеннен гөрі, Абайдың шағатайша тіліндегі шағатай
элементтері деп тану керек. Ал қазақша тіліндегі шағатай
элементтерін Абайдың қалған тұтас творчествосынан, оның
ішінде тіпті едәуір кітабиланған 13, 38-қара сөздерінен де
іздестіруге тиіспіз. Олар морфология саласында: есімшенің
228
Кононов А.Н. Послелоги в современном узбекском языке. - Ташкент, 1951. - С.
15; Хозирги заман узбек тили. - Тошкент, 1957. - 420, 496-6.
229
Кононов А. II. Грамматика современного турецкого литературного языка. - М.,
1956. - С.317.
230 Баскаков Н. А. Қаракалпакский язык. - М., 1952. - С. 450.
290
-мыш жұрнақты түрі, дүр форманты, III жақтағы етістіктің
көпше түріне -лар көрсеткішінің жалғануы, парсы изафеті және
III жақтағы бұйрық рай тұлғасының үшін шылауымен тіркесі.
Бұлар негізінен белгілі бір шығармаларында ғана шоғыр-
ланған. Өлеңдерінің тілінде мүлде қолданылмаған. Бұл кітаби
тұлғалар прозалық шығармаларының басым көпшілігінде
жоққа тән, негізінен, атақты 38-сөзінде қолданылған. Оның
себебі, жоғарыда айттық, бұл шығарманың әдейі «кітабишы-
ланып» жазылуында. Бірақ ішінде тек морфологиялық емес,
лексикалық та шағатай элементтері толы бұл шығарманы
жоғарғы үш өлең тобына, яғни Абайдың «шағатайша» мұрасына
қосуға және болмайды, өйткені «кітабишылап» жазу таза
шағатай тілінде жазу емес, 38-сөздің де негізі, сүйегі – қазақша.
Сондықтан бұл да Абайдың «қазақы» тіліндік мұрасына жа-
тады. Бірақ дін, мораль, этика, білім-ғылым, қысқасы, адам
баласының рухани дүниесі туралы: шығыс философиясы-
мен, теологиясымен хабардар оқырмандарға бағыштаған
бұл шығармасында жазушы шағатай элементтерін әдейі
пайдаланған. Демек, бұлар стильдік мотивпен қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |