Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет139/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Білмейдүр жүрек, сезедүр.
Мүтәкәллимин мәнтиқин
Бекер босқа езедүр (I, 214).
Екінші тобы – дүр формантының есімдермен келуі. Бұның 
халық тіліндегі қалдығы куә дүрміз, куә дүрміз дегендер мен 
221
Щербак А. М. К истории узбекского литературного языка древнего периода // 
Акад. Гордлевскому к его 75-летию. - М., 1953. - С.321. 


285
Мен, мен дүрмін, мен дүрмін деген батырлар монологының ай-
бынды жолдарындағы көрінісі. Есіммен келгенде дүр форман-
тында шақтық көрсеткіш сипаты жоқ. Мұнда дүр өзі тіркескен 
сөзіне дәлдік, кәмілдік мағынасын береді де модальдық шы-
лау ретінде жұмсалады. Бұл – қазақ тілінде сирек болса да 
қолданылып келген тәсіл
222
. Мысалы, Бұқарда: «Айтар сөзім 
осы дүр» (47). Шортанбайда: «Бұл дүние арман емес дүр, Бір 
кезек дәурен сүргенге» (147). Мағлұм дүр Құдаға пенденің 
қылған күнәсі (142). Эпостарда: «Құдіретіне Алланың Бенденің 
жоқ дүр көнбесі» («Қыз Жібек», 1963. 85). Кім бай дүр, кім 
жарлы дүр Тәңірге аян («Айман-Шолпан», 1957. 11). Көбінесе 
бұл форманттың Құдай, Тәңір туралы жолдарда келетіндігі – 
сірә, Құдай тағала ісінің кәмілдігі жөніндегі халық сеніміне 
байланысты болу керек.
Бірақ қайткен күнде де бұл тәсіл Абай кезеңінен көп 
бұрын-ақ қазақтың жалпыхалықтық тілінде, оның ішінде 
әдеби тілінде өнімсіз амалға айналған немесе біздің бір жора-
малымыз бойынша -ды (-ты) тұлғасына көшкен. Кәмілдікті, 
дәлдікті білдіретін модальдық сипат осы күнгі (және өткен 
нұсқалардағы) -ды, -ты формантында бар. Бұл формант 
көбінесе есімшенің өткен шақ тұлғасы мен (болған- ды, барған-
ды) керек, емес тәрізді бейтарап сөздерге тіркесіп келеді. Кей-
де есімдерге де тіркеседі. Революциядан бұрын жарияланған 
қазақ мақалдарының бір жинағында «Жақсылыққа жақсылық 
– әр кісінің ісі-ді, Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі-ді» 
деген мәтел бар. Мұндағы -ді-лердің орнына дүр форман-
ты сұранып тұрғандай. Сондай-ақ Абайдағы: «Сабырлық 
қылсақ керек-ті» деп аяқталатын жолдардағы -ті – көрсетілген 
қызметтегі модальдық формант. Ат бұл – қазірге дейін өнімді, 
тірі тәсіл.
Абайдағы дүр тұлғасы прозасында ылғи дерлік есімдермен 
келген: «Ғылым – Алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған 
ғашықтық өзі де хақдық һәм адамдық дүр» (II, 195); «Бұлардың 
һәммасы Алла тағаланың затия сүбұтия уа фиғлия сипат-
тары дүр» (II, 197); «Бәлки ғадаләт барша езгуліктің анасы 
дүр» (II, 201); «Ол жанның жибили қуаты дүр» (II, 216) т.б. 
222
Біз кандидаттық диссертациямызда дүр формантынын осы қызметінде 
жұмсалуы қазақ тіліне ертеде тән бола қойды ма екен деген күдік айтқан болатынбыз. 
Соңғы ізденулеріміз бұл күдігімізді жоққа шығаратын тәрізді.


286
Бұлардың көпшілігі – 38-сөзінің тексінде. Және дүр келген
бұл сөйлемдердің көпшілігінің мазмұны дінге, Аллаға қатысты 
болып келеді. Мұның себебін біз тұспалдап екі нәрседен 
іздейміз. Жоғарыда айтқандай, адамдардың Құдай тағаланың 
құдіретті күшіне, күллі ісіне шек келтірмей кәміл сенушілік 
психологиясы халық тілінде соның грамматикалық көрінісі 
ретінде көне дүр формантымен білдіруді ғасырлар бойы 
дәстүрге айналдыруы мүмкін. Абай осы дәстүрді ұстанып, ау-
зына Алланы алған жерде кәміл сендірушілік қызметін (зна-
чение категоричности) дүр модаль элементіне артуы мүмкін. 
Немесе екінші жорамалымыз – Абай дүр-ді кітаби тілге тән 
морфологиялық тұлға ретінде әдейі қолдануы да мүмкін. 
Өйткені 38-сөзінде және тақырыбы Алла болып келген 1-2 
өлеңінде бұдан басқа да кітаби тілдік элементтер, халық 
тіліне енбеген араб-парсы сөздері стилистік мақсатпен әдейі 
қолданылғанын білеміз.
Қысқасы, дүр форманты Абай тұсында да өте мардым-
сыз қолданылған. Тіпті іс-әрекетке не ой-тұжырымға кәміл 
сенушілік, сөзсіз қуаттаушылық рсңкі қажет сөйлемдердің 
өзінде бұл тәсіл әрдайым пайдаланыла бермеген. Қазірде бұл – 
мүлде тіл тәжірибесінен шығып қалған тұлға-тәсіл. 
Абайдың кейбір «Қара сөздерін» (мысалы, 38-сөзді) қазіргі 
оқушыға тілі жағынан жаттау етіп көрсететін тұлғалардың
бірі – етістіктің III жағына жалғанған -лар аффиксі: «[Әулие- 
лер] бәлки хисапқа алмадылар» (II, 202). «Бұл жолдағылар... 
сабырмен бір қарар тұрамын дегені болып кетселер керек»
(II, 203).
Абайда бұл тәсіл – аса көп емес және барлығы да 
38-сөзінде. Ал бірақ осы тәсіл XIX ғасырдағы Абайдан өзге 
жазба нұсқаларда (прозада) әлдеқайда көбірек орын алған. 
Мысалы, бұл амалды әсіресе ресми корреспонденцияларында 
«Дала уалаяты газеті» көбірек қолданған: «Солайша қылып, 
қырдың нені қылып, қалайша болса тәуір болатыны турасында 
білдіріп тұрсалар» (189.9, № 1); «...Есебі жатақтардың халін 
екі жақтан білмекке жатырлар» (1889, ? 51). Ресми емес ма-
териалдар тілінде де III жақтағы етістіктің көпше мағынасын 
-лар-ды жалғау арқылы білдіру тенденциясы бар. Мысалы, 
«Рас пен қисық» деген ертегі тексінен: «Күнлерде бір күн бұл 


287
екеуі ауылдан алысырақ барып кеңес құрыстылар. Ақырында 
ойласып-ойласып өзге тарафқа барысып, бағын сынаспақдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет