277
жоғарыдағы Махамбет өлеңдері мен фольклорлық нұсқаларда
кездесетін кейбір жолдарға қарап айтылған болу керек.
Бұлардағы серт, ашу, қайсарлылық мән жалғыз сөз етіп
отырған тұлғаға байланысты емес, бір жағынан, шығарманың
жалпы сарынына, мазмұнына қатысты болса, екіншіден
-ар
жұрнақты есімшенің өзінде де осы реңк жоқ емес. Ал бірақ
-ар
жұрнақты болымды немесе
-ма+н жұрнақты ықшам болымсыз
тұлғаларда әрдайым серт беру, айбын көрсету тәрізді модальдік
мән бола бермейді. Мысалы, Абайдың: «Қылығыңда жоқ ағат,
Қарап
тойман жүз қабат» (I, 104) деген жолдарында қандай
серт, ашу мәні бар? Немесе: «Сонда жауап
бере алман мен би-
шара» (
і, 223) дегенінде тіпті дәрменсіздік реңкі бар сөйлемді
көреміз.
Абай бұл тұлғаны да едәуір актив пайдаланған. Әсіресе
емес көмекшісінің
емен түрін өлеңдерінде еркін қолданады:
«Разы
емен осындай ат мінбесем» (I, 48). Бұл тұлғалардың,
жоғарыда айтқандай, автордың өзіне өзі берген серті, талабы,
шарты тәрізді реңк беретін сәттері де, мұндай реңк бермейтін
сәттері де бар. Мысалы: «Ескі бише
отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін
тұрман зарлап» (I, 67) дегенді
ақынның өзіне қойған шарты, серті деп ұғынуға болатын бол-
са, «Қылығына жете
алман, Қаншалық тілмен айтқанмен»
(I, 191) деген тәрізді сөйлемдерінде ешқандай модальдік реңк
жоқ. Соңғыша сөз етіп отырған тұлға –
жете алмаспын деген
тәсілдің грамматикалық дублеті ғана.
Ықшам тұлғаның дублеттілік қызметте жұмсалғанын:
«Бай
емен, батыр
емен, хан
емеспін» (I, 265) деген жолда-
ры айқын дәлелдейді. Мұнда бірыңғай конструкциялардың
алдыңғы екеуі ықшам болса, соңғысы толық. Бірақ ықшам
тұлғаны қолданудың өзі мотивсіз емес. Біздіңше, бұл – өлең
шарттарына, оның ішінде буын өлшеміне орай қолданылған
тәсіл. Бұрын талданған
-тұғын ~ -тын, менен ~ мен, -дайын
Достарыңызбен бөлісу: